Аңдатпа
Мақалада Қазақстанның экономикалық өсу жағдайына эсер ететін кедейшілік себептері қарастырылған. Осы себептер бойынша талдау негізінде әлеуметтік және экономикалық қайта құрулар арқылы кедейлікпен күрес жүргізу және оның механизмы жетілдіру туралы ұсынымдар беріледі. Осы міндеттерді шешу халықтың басым көпшілігінің мүддесі үшін жүзеге асырылатын әлеуметтік-экономикалық қайта құруларды аясында мемлекеттік басқару сапасын арттыруды көздейді.
ҚР-ғы мемлекеттік ресурсгарға бағытталған әлеуметтік - экономикалық саясат әр еңбекке қабілетті азаматтың еңбек және шаруашылық белсенділігін тұрақтандыру арқылы (өз еңбектерін, кәсіпкерлік қабілеттіліктерін, білімін, т.с.с.). Экономикалық өсуді арттырады, ал еңбекке қабілетсіз жандарға және аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетіледі. Осы мақсатта халықгы әлеуметтік қорғау жүйесі әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, қалыптасу қажет, сонымен қатар сол өңірдің әлеуметтік - экономикалық даму деңгейін де ескеру қажет. Соңғы кездері жүргізіліп отырған әлеуметтік - экономикалық саясат қиын жағдайда қалған азаматттар мен жанұяларды әлеуметтік қорғауға бағытталған [1].
Сондықтанда тек қана мемлекет шешім қабылдайды. Сонымен қатар, 2012 жылы Еңбекті және әлеуметтік қорғау Министрлігімен Тұжырымдамалар қарастырылды. Заң жүзінде бекітілген құжаттарға сәйкес, ҚР-да әлеуметтік қорғау жүйесінің келесі бағыттары қарастырылды:1. Жанұяны, ананы және балалық шақты қолдау жүйесі (туылған сәбиге берілетін бір реттік жәрдемақы, бала күтіміне байланысты 1 жасқа дейін берілетін жәрдемақы).
- Әлеуметтік тәуекелділік туындаған жағдайда әлеуметтік қолдау жүйесі және әлеуметтік қызмет көрсету.
- Әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топқа (көп балалы жанұя, жұмыс істеу қабілеті жоқ) қолдау көрсету.
- Зейнетақы жүйесі.
- Ақысыз білім беруге (жалпы және кәсіби) қол жетімділікті қамтамасыз ету жүйесі.
- Міндетті медициналық көмек көрсету кепілдемесінің жүйесі.
- Мемлекеттік қызметкерлерді, бюджеттік сала қызметкерлерін және жас отбасыларды үймен қамтамасыз ету жүйесі.
1 сурет - Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік қолдау жүйесі
Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік қорғау объектілері: балалар, көп балалы аналар, мүгедектер, жұмыссыздар, аз қамтылған азаматтар. Ақшалай формадағы мемлекеттік әлеуметтік төлемдер жүйесі келесі элементтерден тұрады (2 сурет).
Айта кету қажет, ҚР-ның барлық азаматтарын медицина мен білім беру қызметіне қол жеткізу тұрғындарының тепе - теңдікке өмір сүруіне жағдай жасайды.
Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік көмек беру жүйесі 3 деңгейден тұрады: бастапқы, міндетті және еркін түрде. Мемлекет базалық деңгейде минималды деңгейдегі жәрдемақымен қамтамасыз етеді. An міндетті деңгейде мемлекеттік қордан әлеуметтік сақтандыру, өмірді сақтандыру бойынша сақтандыру төлемдері, зейнетақы қорынан төленетін төлемдер жүзеге асырылады. Еркін деңгейде еркін түрдегі салымдар негізінде жинақталған төлемдер төленеді.
І.Барлық азаматтарға бірдей деңгейде мемлекеттік бюджеттен қаржы құралдарын төлеу. Құрамы:
- Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар: мүгедектігі бойынша, асыраушыларынан айырылған жағдайда, жасы бойынша;
ә) Мемлекеттік арнайы жәрдемақылар: жер астында жұмыс жасайтындар мен тау үстінде жұмыс жасайтындар;
- Арнайы мемлекеттік төлемдер: СССР батырлары, әлеуметтік еңбек батырлары, Ұлы Оган соғысының қатысушылары, ҰОС-ң мүгедектері, бала мүгедектер мен мүгедектер, көп балалы аналар, саяси қуғын - сүргін құрбандары.
2. Әлеуметтік көмек. Жергілікті бюджеттен тұрғындардың аз қамтылған бөлігін қорғау үшін бөлінеді. Әлеуметтік көмек арнайы әлеуметтік көмектен, тұрғын үй бойынша көмек, жасы 18-ге келгенге дейін балаларға берілетін жәрдемақы.
3. Балалы отбасыларға жәрдемақылар: бала күтіміне байланысты бір реттік жәрдемақы, бала жасқа толғанға дейін төленетін жәрдемақы, ата- аналарға, асыраушыларға, мүгедек балаларды асыраушыларға берілетін жәрдемақы.
2 сурет - Қазақстандағы мемлекеттік әлеуметтік төлемдер
Қиын жағдайда қалған тұлғаларға ақысыз әлеуметтік төлем көлемін ұсыну тұрмыстық, медициналық, психологиялық, педагогикалық, еңбек, мәдени, экономикалық, құқықтық қызметтерден тұрады. Әлеуметтік қорғау жүйесі арқылы құндылықтар қайта бөлінеді және тұрғындардың әлсіз топтарына қолдау көрсетуге мүмкіндік береді. Мысалы, аз қамтылған отбасылар, жұмысқа қабілетсіздер - балалар, зейнеткерлер, студенттер. Осындай топтың барлығын қамту елдегі кедейшілік деңгейін азайтады.
ҚР-дағы әлеуметтік топтарды зерттеу барысында тұрғындардың 34% көмекке зәру екендігі байқалды. Бұл қоғамға мемлекеттің араласу қажет екендігін көрсетті.
ҚР Статистика бойынша Агенттігінің мәліметтерін сүйенсек мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек материалдық жағдайды арттыруға бағытталғанымен, үй шаруашылығының иелерінің 60,8% зейнетақы көлемін, жалақы көлемін арттыру, 5,1% - оқуға немесе қайта оқуға арналған қаржы деп түсінеді [2]. ҚР-да әлеуметтік саланы қаржыландырудың негізгі көзі - мемлекеттік бюджет. Әлеуметтік мәселелерге жұмсалған мемлекеттік шығындар өсудің оң нәтижелерін беріп отыр. Күнкөріс минимумы кедейшілік шегін анықтайды. Кедейшілік шегі азық - түлік себетіне теңдестірілген. Бірақ ең аз күнкөріс себетінің құрамына өмір тұрғындарының организмінің қажеттіліктерін қанағаттандыратын азық-түлік өнімдер жинағы мен оны қолдану нормасы енеді. Минималды тұтынушылық себетінің құны күнкөріс минимумы мен әлеуметтік көмек көлемін есептеу үшін қолданылады. Бүгінгі күнде тұрғындар табысы импорттық тауарларды сатып алуға жұмсалады. Бекітілген күнкөріс минимумы нақты өмір құнын толықтыра алмайды[3].
Республикамызда кедейшілік деңгейін өлшеу үшін статистика бойынша 12000 үй шаруашылығына таңдамалы зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Алынған ведомостволардың мәліметтерінің негізінде бірнеше көрсеткіштер есептеледі:
Қазақстан Республикасында кедейшіліктің 3 деңгейі бар:
- Тоқсан (квартал) сайын күн көріс минимумынан табыс темен тұрғындардың үлесі есептеледі;
- Табысы азық - түлік себетінен темен халықтар үлесі анықталады. Азық-түлік себетінің құны күнкөріс минимумының 60% тұрады. 2017 жылдың 2 кварталында азық- түлік себетінің құны 12668тг. Сонымен 1-ші жарты жылдық нәтиже бойынша табысы азық - түлік себетінен темен жұмысшылар жоқ;
- Кедейшілік деңгейі (табысы 9188,8 тг-ден темен). Кедейшілік шегін анықтау үшін тұтыну үшін қолданылған тұрғындардың табыс көлемін белу туралы мәліметтер қолданылады. 2008 жылғы мәліметтерге көз жүгіртсек, содан бері кедейшілік шегі 5000-ге артқан, тұтыну 5000 - 10000-ға артқан.
- сурет - Тұрғындардың үй шаруашылығы тұтыну үлесі (15000-20000 тг. дейін)
- сурет - Азық - түлік себеті құны мен күнкөріс минимумы
Сонымен Республикадағы ресми мәліметтерге сүйенсек, 2017 жылдың 2 кварталында тұрғындардың (оның ішінде қалалық) 10,7 мың тұрғыны кедейшілік шегінде өмір сүреді екен.
Жергілікті тұрғындардың тұтынуға қолданған табыс көлемі бойынша белу туралы мәліметтерін тек қана кедейшілік шегіндегі адамдар санын анықтау үшін емес, сонымен қатар кедейшіліктің басқа да көрсеткіштерін анықтауға болады.
Бұл суреттен көргеніміздей екі көрсеткіш арасындағы айырмашылық елеулі. Ресми статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Қазақсгандықтардың 2,6% - 21113 мың. тенгеден аз. Жалпы елдегі тұрғындардың 10,77% ай сайын 20000 тенгеден жоғары жоя алмайды. Ал, 3,44% 15000-нан жоғары жоя алмайды.
2016 жылы Қазақсган Республикасындағы кедейшілік жағдайы әлемдік деңгейден асып түсті. 2017 жылы БӘБ абсолютті кедейшілік шегін 1,9$ - ға көтерді (Қазақстан үшін 640 тг). Ұлттық кедейшілік шегі оны есептеудің әдісгемелік нұсқауында ешқандай өзгеріс болмағанын артта қалып отыр. Сонымен 2017 жылы кедейшілік 19200тг. Кедейшілік шегінде 1,9 млн.адам өмір сүріп отыр.
2017 жылдың 2 кварталында күнкөріс минимунан темен табысқа ие тұрғындар үлесі 2,6%. Бұл көрсеткіш былтырғы 2016 жылға қарағанда 0,1%- ға аз.
Үй шаруашылығын зерттеу нәтижесінде ауылдық жерлердегі кедейшілік деңгейі 4,5% құрап отыр.
Күнкөріс минимумынан төмен табысқа ие халықтар үлесі Оңтүсгік Қазақстан (5,2%)облысына тән бұл көрсеткіш Астана мен Алматыда (0,7%) және (0,7%) көрсетіп отыр.
Жалпы ғылым, білім, денсаулық сақтау, мәдениет салаларын қоса алғанда, 2016 жылы шығындар ЖІӨ-ң 6,5% құрап отыр. Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша шығындар ЖІӨ- ге қатысты азайып отыр, себебі әлеуметтік қамтамасыз ету 3 деңгейлік қамтамасыз етуге көшті және әлеуметтік қорғау міндетті және еркін түрдегі сақгандыру есебінен жүргізіледі.
«2017 жылы зейнетақы көлемі 9 пайызға өседі. Осы негізде базалық зейнетақы көлемі 12 мың 802 теңгені құрайтын болады. 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік жәрдемақылардың барлық түрі 7 пайызға өсті Қазақстанда 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақыны тағайындау тәртібінде өзгерістер болады.
Экономикаға дағдарыс жағдайында маңызды міндеттердің бірі әлеуметтік қорғауға бюджеттен бөлінетін құралдырды тиімді қолдану, сондай -ақ осындай жағдайларда қаржыны бюджеттік емес салалардан тарту. Эр мемлекет үшін өз азаматтарының шығармашылық және кәсіби әлеуетін арттыру заманауи мемлекеттің маңызды қызметі болып табылады.Елбасының 2013 жылы елімізді әлеуметтік - экономикалық модернизациялау туралы міндеттерін жүзеге асыру барлық азаматтарға мемлекет тарапынан қолдау көрсетпесе мүмкін емес.
Екі факторлық үлгіні құрастыру әдістемесі үй шаруашылықтарының әлеуметтік - экономикалық жағдайларын бағалауға мүмкіндік береді, сондай- ақ оларға эсер ететін факторларды анықтауға болады. Осы жасақтаманың негізінде әр топтың мәселесін шешуге бағытталған әлеуметтік саясаттың тиімділігін арттырады, жергілікті тұрғындардың өмір сүру сапасы арттырылады (6 сурет).
102
Әр топтың өзіндік ерекшелігі бар. Әлсіз топтарға үнемі көмек қажет, ол өз табысын арттыру қажет. Табысын арттыру үшін әлеуметтік жәрдемақы ұсынылуы тиіс, микронесие, біліктілікті арттыру және қайта оқыту, жұмыс орындарын қалыптастыру, бизнесті жүргізу ерекшеліктерімен таныстыру шараларын ұйымдастыру қажет [4].
«Кедейшілік тобынан шыққандарға» медианалық табыстан жоғары табысы бар, бірақ көптеген шектеулері бар азаматтар жатқызылады. Мұндай топтың 80% ауылдық жерлерде тұрады Ал 42% отбасында табыс тек ауыл шаруашылық өнімдерін сатудан түседі. Мұндай топтарды қолдау шаралары: ауылдық аймақтарды дамыту, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту.
Осылайша эр топ ерекшелігін анықтай отырып, олардың өмірлік стратегиясын жетілдіру жолдарын анықтауға болады. Әлсіз мақсатты топтың себебін анықтау арқылы оларға өмірлік қиындықтарды жеңу үшін жеке - жеке өмірлік стратегия жасақтауға болады. Бұл тек кедейшілік мәселесін емес сол қатардан басқа топтарға да көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
Зерттеу нәтижесінде 3 бағыттан тұратын шараларды ұсынамыз.
бағыт. Статистикалық көрсеткіштер жүйесінің мониторингісі және жүйесін жетілдіру. Ресми статистикалық мәліметтерді, әртүрлі зерттеулердің қорытындыларының халық табысына әсері жеткіліксіз.
Қолданылатын шаралар: әлсіз топтар туралы нақты мәлімет жинау, әлеуметтік көмек көрсетуде қолданылатын күнкөріс минимумы мен «кедейшілік шегі» көрсеткіштерінен жоғары тұратын стандарттарымен әлеуметтік өмір сүру стандарттарын толықтыру, жәрдемақыны алушылар мен көлемі туралы мәлімет беретін жеке статистикалық индикатор енгізу, «өзін-өзі қамтамасыз ету» категориясын бекіту, үй шаруашылығы табысын кәсіпкерлік және өзін-өзі қамтамасыз етуден түсетін табыс деп белу, статистикалық көрсеткіштердің ішінен мерзімдік кездейсоқ және маусымдық жұмыссыздықты ескеру, кедей және әлсіз топтарға медициналық көмек пен білім беру қызметіне қол жетімділігін бағалау.
Екінші бағыт. Жергілікті халықтың қажеттілігін ескеретін және депривация деңгейін азайтатын әлеуметтік инфрақұрылымды қалыптастыру. Әлеуметтік инфрақұрылымды жоспарлау және дамыту мемлекет алдында тұрған бірнеше міндеттерді шешеді:жергілікті тұрғындардың өмір сүру сапасын арттырады; көші-қон ағымына бақылауды күшейтеді; өмір сүру аймақтарында «өсу нүктесін» қалыптастырады; жаңа жұмыс орындарын қалыптастырады.Әлеуметтік инфрақұрылымның кедейшілікті азайтудағы рөлі өте зор.
Үшінші бағыт. Әлеуметтік қорғау шараларын жетілдіру. Мемлекет әлеуметтік баспалдақ жүйесін қамтамасыз етіп отыр. Институттары: тегін кәсіби білім алу, армия, мемлекеттік қызмет, қоғамға қажетті мамандар статусын қалыптастыру (дәрігер, оқытушы, мәдениет және ғылым қызметкері), ғылыми сиымдылықты салаларда қызмет көрсететін кәсіпорынды қаржыландырумен айналысатын венчурлық қор қалыптастыру [5].Аталған шараларды жүзеге асыру үшін сәйкесінше заң базасын жасақтау қажет.
Әдебиеттер тізімі:
- Қазақстан Республикасында кедейлікті азайту жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 наурыздағы N 296 қаулысы
- ҚР Статистика бойынша Агенттігінің мәліметтері, 2017 жыл
- Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы N 1159 Қаулысы
- "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № Illl қаулысы
- ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» сгратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы, 2013 жыл