Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Өнегелі өмір жолдары (қырымқұл мeн қаламқас туралы бір үзік сыр)

Тәупенов Қырымқұл 1938 жылы Прорва елді мекенінде туған. 1956-1958 жылдары Гурьев педагоги калы к; институтының филология факультетінде оқыды. Ол сол кезде облысқа аса қажетті «Қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті» мұғалімі мамандығын игерген.[1]Кейін оқуын Украина Республикасындағы педагогикалық институттардың бірінде жалғастырып, диплом алыпты. 1960 жылы Қаменова Қаламқасқа үйленген. 1958-1959 жылдары Жылой ауданы «Қараша» деген жерде мектепте, 1960-1963 жылдары «Тұрғызба» деген жердегі мектепке орыс тілінен сабақ берген.

Тұрғызбадағы мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Молдағалиев Қоғабайдың айтуынша Қырымқұл өз мамандығын өте жетік меңгерген, қазақша және орысша бірдей сөйлейтін аса сауатты маман болыпты. Сонымен қатар өте пысық, алғыр азамат болған көрінеді. Ауылдық жерде тұрғандықтан үй тұрмысына қажетті барлық шаруаларды Қаламқасқа салмақ салмай өзі атқарған көрінеді. Қатарының алды болған мұғалім қолы бос уақытта кітап оқуды, балық аулауды жақсы көрген, оны көрген адамдардың айтуынша Қырымқұл аз өмір сүрсе де жолдас- жораны, достарды көп жинаған, өз ортасында аса беделді, абыройлы азамат болыпты. Өкінішке орай 1964 жылы өкпесіне салқын тиіп тез ауырып кенеттен қайтыс болды. Себебі ол Жем өзенінің мұздай суына түсіп, әрлі-берлі бірнеше рет жүзіп өткен. Ол қайтыс болғанда жары Қаламқас екі баламен қалып Тұрғызбай елді мекенінде медбике болып еңбек еткен еді. Тағдырдың талқысына орай үш баланы өсіру нәсібі осы бір абзал ананың иығына түскен ауыр жүк болса да, Қаламқас перзенттерін басына түскен қиындықтарға ешқандай мойымай, күндіз-түні жұмыс істеп аялап өсіріп жеткізген.

Ең кіші қызы Орынгүл әкесі қайтыс болғанда анасының құрсағында қалған перзент еді. Ол кезде ешкім де әкесінен жастайынан қалған балалардың білім алып, елге танымал азаматтар болып жетіледі-ау деп ойламаған да шығар. Бұл ең әуелі осы балаларды оқытып, тоқытып жеткізген Қаламқастың арқасы еді. Әкесін көріп үлгермеген Орынгүл қазір еліміздің мұнай - газ саласындағы аса белгілі кәсіпкерлердің бірі.

Қырымқұл институтта, кейін елімізге танымал ақын-жазушыларға, ғалымдарға айналған бірқатар білікті жастармен бірге оқыған. Олардың арасынан Қазақстанның халық жазушысы, ҚР Парламент! Мәжілісінің депутаты Фариза Оңғарсынованы, атақты ақын Нұралы Әжіғалиевті, филология ғылымдарының докторы, профессор Қадір Жүсіпті, облыстың білім саласына зор еңбек сіңірген педагогтар Сүндетқали Түсіпқалиевті, Қымбат Қазмұқанованы, көрнекті журналист Қырықбай Бекбаевты ерекше атауға болады. Қазақ тілі, орыс-тілі және әдебиеті пәнінің қыр-сырын Қырымқұл мен оның топтастарына Мағжан Мышанов, Мұқаш Жақыпбеков, Ермек Өтебаев, Құсекен Шаукенов, Бабаш Әбілқасымов, Бертай Ысмайылов, Лев Иосифиевич Белый, Евгений Иванович Боярский, Иван Романович Емельченко, Юлия Федорова Романова сынды аса білімді ұстаздар шоғыры үйреткен.[2] Осындай ұстаздардың ауыздарынан шыққан әрбір сөзін қағып алып, болашақта мұғалімдік еңбегімнің қажетіне қалай да жаратамын деген 30 шақты өрімдей жастардың арасынан Жылойдан білім іздеп келген Қырымқұл да бар еді. Филология факультетін бітіргендер қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі мамандығын алып шығуға тиіс болды. Лекциялар қазақ және орыс тілдерінде қатар жүретін. Екі тілге де жүйрік маман болып шығу, әрине, оңай емес- ті. Бұл қиындық екі жаққа да бірдей: ұстаздарға да студенттерге де. Сол кездегі талап етуде мықты, талаптануда мықты еді. Күні-түні көркем шығарма оқудан көздеріне, жазудан қолдарына бір тыным жоқ еді. Қырымқұл да өзімен бірге оқитын студенттермен бірге тыным таппай еңбек етіп, болашақ мұғалімдік өміріне қажетті білім қорын жинақтапты. Сол кезде Қырымқұлмен филология факультетінде бірге оқыған Қымбат Қалмұқанова апай былай деп еске алады: «Көп уақыт өтті ғой, бірақ менің есімде қалғаны Қырымқұл бізбен бірге оқыған жігіттерден өзгешелеу еді. Ол ашаң жүзді, бойы ортадан жоғарылау, арықша келген көп сөйлемейтін, мінезі жұмсақ, кішіпейіл, қарапайым жігіт болатын. Білімге өте құштар болды. Қолынан кітап туспейтін. Ол кездің бір ерекшелігін-жұрттың бәрінің кітапқа жаппай құмар болуы дер едім. Десекте, сол кітапқұмар жастардың арасынан Қырымқұлдың көркем әдебиетке деген ынтасы бөлек еді. Болашақ тіл мен әдебиет пәні мұғалімі ретінде, бізге орыс және қазақ, тіпті әлемдік әдебиеттіің классиктерінің шығармаларын талдауға тапсырма берілетін. Орыс әдебиетінен Ломоносов, Жуковский, Державиннен бастап XIX ғасырдағы Пушкин, Лермонтов, Гоголь, XX ғасырдағы тамаша орыс-совет ақындары Есенин, Маяковский, Роберт Рожденствский, Андрей Вознесенский, Евгений Евтушенко, Анна Ахматова, Белла Ахмадуллина, шетел әдебиетінен Шекспир, Сервантес, Лопе де Вега, Петрарка, Бальзак, Мопассан, Мериме, Гюго, Вольтер Скотт. Драйзер, қазақ әдебиетінен Мұхтар, Сәбит, Ғабиден, Сәкен, Бейімбет, Ілиястан бастап Тайыр, Қасым, Хамит, Ғафу, Әбу, Зейнолла, Сафуан, Әбдіжәміл, Тахауи, Есенберлин, Жұмекен, Тұманбай, Қадыр, Мұқағали, Сағи, Төлеген шығармаларын зейін салып оқып, бірге талдайтынбыз. Әлі есімде, 60 жылдардың бас кезінде совет әдебиетінің көгінде қырғыздың жас жазушысы Шыңғыс Айтматовтың жұлдызы жарқ ете қалды. Бірінен соң бірі баспадан шыққан оның «Жамила», «Қызыл орамалды шынарым менің, шырайлым менің», «Алғашқы мұғалім» повестері сол кездегі студент жастардың сүйіп оқитын шығармаларына айналды. Ұлы жазушының сол повестерін оқып, талқылау кезінде Қырымқұл студенттердің арасында салиқалы пікірлерімен көрінуші еді. Өкінішке орай, Қырымқұл бізбен бірге көп оқи алмай, 2 курстан кейін отбасы жағдайына байланысты институтты тастап кетті. Кейін ол оқуын Украинада жалғастырып, бітірді деп естідім».

1960 жылы Қырымқұл Хаменова Қаламқас есімді қызға үйленген. Екеуі Жылой ауданында орналасқан «Қараша», «Тұрғызба» елді мекенінде біреуі мұғалім, екіншісі медбике болып еңбек еткен[3]. Сол жылдары олардың Нұргүл атты қызы, Амантай атты ұлы дүниеге келген еді. Отбасын көшіріп алғанға дейін Тұрғызба ауылындағы мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Молдағалиев Қоғабайдың үйінде тұрып, Қоғабайдың айтуынша орыс тілінен сабақ берген кезінде пәнін өте жетік меңгерген, көп оқитын, әр сабағына үлкен жауапкершілікпен, тыңғылықты дайындалатын мұғалім болыпты. Мектептен тыс уақыттың көбін оқушылармен өткізіп ата-аналардың, педагогикалық ұжымның арасында үлкен беделге ие болып келе жатқанда, сұм ажал талантты ұстазды қыршыннан қиып кеткен. Сөйтіп, жасы отызға толмай жан-жары Қаламқасты, 3 баланы (Орынгүл анасының құрсағында еді) артына қалдырып, о дүниелік болып кете барды. Erep тірі болса Қырымқұл облысқа, республикаға танымал ұстаздардың бірі болар ма еді, қайтер еді. Жылойда аз уақыт істесе де, ол кісінің есімі кепке танымал болып үлгеріпті. Оның дәлелі-Қырымқұл қайтыс болған күні бүкіл аудан көлеміндегі барлық мекетептер мен ауруханалар бір сәт өз жұмыстарын тоқтатып, еске алған көрінеді. Қазақта ертеде келе жатқан сөз бар: «Өлгеннің артынан өлмек жоқ», - деген.

Суретте: бірінші қатарда оңннан санағанда екінші тұрған Орынгүлдің анасы Қаламқас.

Сол қағидаға сай Қырымқұл қайтыс болғаннан кейін үш баланы тәрбиелеп өсірудің міндеті де, тауқыметі де оның жары Қаламқастың пешенесіне бұйырған еді. Ол аса қастерлі борышты абыроймен атқара білді. Ендігі әңгіме осы абзал ананың өмір жолы туралы болмақ. Қырымқұлдың зайыбы Каменева Қаламқас Гурьев медициналық училищесін «Медбике» мамандығы бойынша бітіргеннен кейін, әуелі Тұрғызбада, Құлсары поселкесінде, кейін Атырау қаласында 1978-1992 жылдар аралығында медбике болып тынымсыз, адал қызмет етті. Жолдасы Қырымқұл 1964 жылы қайтыс болғаннан кейін үш баласын Нұргүлді, Амантайды, Орынгүлді «қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шұқтырмай» тәрбиелеп өсіріп, жеткізді. Өзімен «Сельстрой» атты шағын ауданда орналасқан қалалық балалар ауруханасының №2 бөлімшесінде бірге еңбек еткен Рысқаным Қайыржанқызы Айтбаева Қаламқас турал былай деп еске алады: «Қаламқаспен ұзақ жылдар бойы бір ауруханада ол медбике, мен физиотерапевт кабинетінде еңбек еттік. Ол кісі өте қарапайым, бауырмал, біреуге болса екен деп тұратын ақ ниетті адам еді. Aypyxa наға келген балалардың денсаулығын түзеу үшін өзінің уақытын да, денсаулығын да аямайтын, белсенді, өте еңбекқор қызметкер болатын. Керек болса оның 24 сағат бойы жұмыс жасаудан бас тартпайтынын бірге қызметте болған әріптестердің бәрі де білетін. 100 - балалық аурухананың 10 баласын емдейтін Қаламқастың постында үнемі 20 баладан, кем бала болмаушы еді. Оның жұмысы өте қауіпті болды. Бірақ соған қарамастан Қаламқас шыр-пыр болып, барлық ниетімен сол ауру бүлдіршіндер қашан жазылып кеткенше бір тыным таппайтын еді. Ол кезде мен жаңылмасам «Сельстройдағы» аурухана бөлімшесі «Маслопром», «Торговая база», «Перетаска», «Мирный» шағын аудандары мен поселкілерінде орналасқан жұртшылықтың балаларын емдейтін. Жол, жарық жоқ болатын. Сол жылдары осы айтылған жерлерде көп ұлттың өкілдері (көбі депорта цияға ұшыраған халықтар) тұрды. Mi не осындай контингентпен Қаламқастарға жұмыс істеуге тура келген еді. Менің өзім де сол кезде Сельстройдағы №6 мектепте оқу ісінің меңгерушісі болып еңбек еттім. Қаламқас жасаған емдеу әдістерінің ішіндегі күре тамырға дәрі құю, денеге укол салу, тері астына укол салу дегендер денсаулыққа зиянын тигізетін еді- Ақыры, соның кесірі болуы керек Қаламқас 90-жылдары демікпе ауруына шалдығып, ақыры содан 2014 жылы қайтыс болды. Қаламқас балаларды өз балам, кісінің баласы деп бөлмейтін, өте иманды адам еді. Сонысымен ұжымда өте беделді болды.

Қаламқаспен жұмыстас болған Рысқаным өздерінің ұжымы бейнеленген фотоны жіберіпті. Фотоны көргенде маған мынадай ой келді. Алдыңғы қатарда оннан санағанда екінші болып Қаламқас тұр. He деген нұрлы бейне десеңізші! Қаламқасты көрген мен, ол кісіні Рафаэльдің мадоннасына ұқсаттым. Екеуінде ұқсастық көп. Екеуі де ана, екеуін де өз перзенттерінің болашағы алаңдатады. Айырмашылығы - Мадонна құдайдың (Христос) анасы, ал Қаламқас адамның анасы. Зер салып қараған кісіге Қаламқастың үлкен, ойлы, нәркес көздерінен перзенттерінің болашағы қандай болады деген мұңды аңғару қиын емес. Қазақ халқының асыл қазынасы болып табылатын «Ананың басқан жерінде пейіш бар», «Ананың сүйген жері отқа күймейді, оқ та тимейді», «Анаңды Меккеге үш оет арқалап апарсаң да, қарызынан құтыла алмайсың», «Баланың білегі ауырса, ананың жүрегі ауырады»,- деген мақалдар Қаламқас сияқты аналарға арналғаны ешқандай күмән келтірмейді. Қаламқас еңбееткен Кеңестік кезеңде мен де білім саласында жұмыс істедім. Сондықтан ол кісіге үш баланы асыраудың, қаншалықты қиын болғанын мен жақсы түсінемін. Қай кез болмасын орысша айтқанда: бюджетники никогда не были «обласканы» властью. Им буквально порой приходилась выживать, работая на нескольких местах. Оны өзімізде басымыздан өткізгенбіз.

Могу себе представить каково было Каламкасу на зарплату медсестры воспитывать троих детей. Однако она не сломалось. Работая день и ночь вырастила своих детей. Вот кого надо бы восхвалять и пропагандировать нашим уважаемым работникам средств массовой информации. Сөз соңында айтарымыз: Қырымқұл мен Қаламқастың өнегелі өмір жолдары қазіргі жастар үшін тамаша үлгі болып табылады. Олардың бір-біріне махаббаты өмірдің адам айтқысыз ауыртпалықтарынан өтіп, балаларының ер жетуіне, азамат болып қалыптасуына зор ықпал етті. Сонысымен олар біз үшін қымбат екені даусыз.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университететінің жинағы., 2010
  2. Жүсіп Қ. «Фәриза»., «Ағатай» баспасы, Атырау, 2010
  3. Нағымұлы Ш. «Атырау-білім өлкесі»., «Ғылым» баспасы, Алматы, 1999

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.