Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Басқа тілден енген топонимдердің лингвомәдени мәні

Тілдік атаулардың өзгеріске ұшырауы қашанда тарихи-мәдени процесс. Сондықтан ондай өзгерістер халық санасында тезбейнеленеді, соның ішінде жер-су атауларында көрініс табады. Біздегі халықтық, әр тілді, саяси, діни атаулар қабаты осыдан туған. Оны ғалымдар да қолдайды. «Топоним как явление этно- лингвокультурологическое всегда реагирует на смену социальных культурных представлений в сознании носителей языка. Зависимость имени собственного и шире-топономической системы от перемен социального характера несомненна» [3;52-53]. Тілдің ойлаумен байланыстылығы жөніндегі тіл біліміндегі теориялық тұжырымдардың негізінде тілдің тіл ретінде өмір сүруінің бір ерекшелігі жатады. Бұл тұжырымдар сонымен қатар тілдің қоғамға қызмет етуші, анықтап айтсақ, адам санасындағы ойды жеткізуші негізгі қызмет түрлерінің бірін де айқындап береді. Яғни, ой тіл арқылы ғана жарық көріп, тіл арасындағы бір-бірімен түрлі деңгейдегі қатынастарды реттеп отырады.Керісінше, тілде адам санасында бар ойдың негізінде ғана сөздер, сөйлем құрылымдары, фразеологизмдер және т.б түрінде тілдік формаларға айналып, тіл болып сыртқа шыға алады. Тіл білімі тұрғысынан болсын, философиялық тұрғыдан болсын ғылымдағы екі ұғым бір-бірімен тығыз байланысты, бірі екіншісін толықтырып тұратын, ажырамас категориялар. Бұл - тіл білімінде жалпы тілдерге тән құбылыс ретінде белгілі, мықтап орныққан қағида. Алайда, тіл білімінде нық орын алған бұл бағыттағы зерттеу еңбектерінде келтірілген пікірлер мен түйіндерге зер салсақ, тіл білімінде соңғы кезеңдері тек жалпы тіл мен ойлаудың ғана байланысын, олардың өзара тұтастығын қарастырумен шектелмеуде. Соңғы уақытта тіл білімінде кейбір тілдік ерекшеліктер мен құбылыстар тек жалпы адамзаттық деңгейде ғана қарастырылмайтын дәрежеге жетіп отыр. Тіл білімінде бұл ерекшелікті тек жалпы тілдердің барлығына ортақ ерекшелік ретінде атап өтумен шектелмей, оны әрбір жеке ұлт тілдерінің аясында талдап, дәлелді түрде ашып көрсету қажеттілігі туындап отыр. Ондай жұмыстар бұл сияқты кейбір тілдік құбылыстарды жалпы ұлт тілдеріне тән ортақ жалпытілдік ерекшелік деп қарастыру шеңберінен шығып, әр ұлттың тілінің арнасында қарастырып, әр ұлт тілінің тілдік ерекшеліктерін зерттеп, олардың өзіндік қыр-сырын айқындау бағытына бет алды. Тіл саласындағы зерттеулердің бұл мақсаты да тіл мен ұлттың бірлігін дәлелдеу болып табылады. Әрі мұндай зерттеулер келтірілген ғылымдағы қағидаларды әр ұлт тіліндегі көрінісі мен тілдік тәжірибеде қолданыс табу сипаты тұрғысынан нақтылай түседі. Екінші жағынан негізге алынған тілдік құбылыс зерттеліп, тілдің өзіне ғана тән ерекшеліктері ашылады.

Атап көрсетілген тіл мен ойлау мәселесі -ұлт тілінің шеңберінде қарастыруды қажет ететін мәселелердің бірі. Жоғарыда жалпы тіл біліміндегі қағидаға сүйене отырып тұжырым жасасақ, әр ұлт тілі сол ұлттың өкілдеріне тән ойлау жүйесін бере алады. Әр ұлттың ойлау дәрежесі мен ұлттық ерекшеліктері сол ұлттың тілінде өзіндік тарихи, мәдени, қоғамдық, әлеуметтік т.б. даму, қалыптасу деңгейінде беріле алады. Мұндай тұжырымды аударма жұмыстары нәтижесінде де дәйектеуге болады. Әсіресе, ұлттық ойлаудың, ұлттық дүниетанымның өзіне ғана тән ерекшелігін, нақтырақ айтатын болсақ, әр ұлттың өз дәстүрі мен салты, әдет-ғұрпы, ұлттық ойындары, мақал-мәтелдері және т.б. осы сияқты қалыптасқан ұғымдары ұлт тілінің қалыптасқан жүйесі ретінде көрініс табады. Бұған дәлелбелгілі бір ұлттық қауымдастықтың әлеуметтік-мәдени салты, оны өзге ұлттық салттардан айыратын өзіндік ерекшеліктерге ие. Бұл ерекшеліктер лексикада бейнеленеді, онда рухани және материалдық мәдениеттің ұлттық формалары, түрлері, көріністері туралы хабар беретін фондық ақпаратты құрайды.

Батыс аймағы топонимиясында сол жерлер халықтарының көп ғасырлар бойы қалыптасқан тарихына қатысты түрлі тілдерден енген топонимдер де жетерлік. Өзге тілдерден енген топонимдер өзге этностың сол өңірге келген себептерінен туындайды және де басқа ұлттар мен тілдер арасындағы өзара мәдени - тарихи, сауда - экономикалық қатынасының нәтижесінде жергілікті топонимиялық жүйеге енеді. Белгілі тілші-ғалым М.Қожанұлы Батыс өңірі (Маңғыстау, Атырау) тілдік қабаттарының түркімен, араб-иран, моңғол, қалмақ, орыс тілдерінен құралғанын айтады. Түркімен тілі негізінен Маңғыстауда тараған, оған Сағыр, Шәудір, Басшорым, Орташорым, Аяқшорым, Егдір, Бұрынжық, Шаға деген атаулар куә. Ғалым Б.А.Серебренников тіліміздегі басты екі үрдісті- жанаса (маргинальное контактирование) және араласа (внутрирегиональное контактирование) қарым- қатынасты тудырады, - деп орынды атап көрсетсе, диалектолог-ғалым Б. Нұрмағамбетов:«...біріншісіне-Маңқыстау түбегіндегі қазақтардың түрікмендермен шекаралас қоныстануы сәйкескеледі - деп есептейді. Тарихи деректерге сүйенсек, Маңқыстау территориясында түрікмен тайпаларының келуі мен өмір сүргені туралы, сонау IX-X ғасырда құрылған оғыз мемлекетінен мәлімет беретіні белгілі.

XVIII ғасырдың ескерткіші Әбілғазы Баһадүрдің «Түрікмен шежіресі» атты шығармасында Сыр бойындағы оғыз жұрты арасында араздык туып, олардың игдір (егдір), чәуілдір, абдал және басқада руларының Маңқыстауға көшіп кеткендігін айтады. Сондай-ақ, біршама түрікмен рулары Маңқыстау жерінде XI ғасырда мекендеп, олардың бұл жерден кетуін бұл аймаққа қазақтардың келуімен тусіндіреді. Енді осы жерде түрікмен тілінен енген деп саналатын брнеше сөздерге тоқтала кетсек, Сағыр - Б.Нұрмағамбетов осы сөздің турікмен диалектісінде «бұзық, тентек» мағынасында келетінін айтады. Қазір бұл жерде ел жоқ. Ертеде бұл жерде турікмен адайлары тұрған.

Шәудір - қора. Бұл топонимнің варианты Шәуілдіртуралы диалектолог-ғалым С. Омарбеков былай дейді: «Республиканың батыс аймағындағы Шәудір мен оңтүстіктегі Шәуілдір әу баста бір этнолық атаудан шыққан сөздер, Қазақстан территориясында бір заманда тіршілік еткен бір оғыз ру атының бұл күнде екі бірдей жер атында сақталып қалғанын, ал Шәудір топонимі осы ру атының кейін пайда болған варианты да Шәуілдір топонимі мұның көне варианты екенін білеміз»

Есен Ата -жер аты. Есен сөзі сөздікте: «Есентай - этноним, яғни абақ және керей руының бір тармағы. Ал көне түркі тілінде тай сөзі «жас жағынан үлкен ағасы немесе аға» мағынасында - деп берілген.

Керіз - жер аты. Осы сөз сөздіктерде: «Керіз (Түрікм.,.) - жалғамалы құдық. Бірнеше құдық арасын 2-3 м етіп қазып, тесіп, суын екіншісіне шығарады. Бұл егін суаратын құдық. Арасы қосылған құдықтардық биік жағының суы ылди жаққа қарай ағады. Cy аға-аға жер бетіне шығады да, арық арқылы егінге тарайды», - деп берілген.

Қайдақ - сор., Топоним екі компоненттен тұрады: қай + дақ. Бірінші компоненттегі қай сөзі туралы оъздіктерде: «Қай (Түркм) - теңіздегі үлкен толқын»; түрікмен тілінде: «гай - дауыл, қарлы боран, ірі толқын» - мағынасында берілген. Ал екінші компоненттегі дақ (басқа түркі тілдерінде даг, таг, too) формасы тау мағынасын береді. Олай болса, Қайдақ топонимін «теңіз жағасындағы ірі толқынның іздері немесе таудай толқын» мағынасында қараған жон.

Оғланлы, Оғланды - тау. Топоним құрамындағы оғлан сөзі:«оғлан - жас, батыр» мағынасынан жасалған. Л.А. Покровская: «оғлан сөзі «ұл» және «бала», «балалар» мәнінде берумен қатар, осы сөздегі -ан формасы көне көптік форманың керсеткіші ретінде қарауға болады» деп көрсетеді.

Жоғарыдағы пікірлерді жинақтай келе, оғлан сөзін көнетүркі тілі тән деп қарағанмен, осы формасында регионда сақталып қалуы оғыз тобына жататын түрікмен тілінің әсері болса керек-дейді М.Қожанұлы.

Осы атау туралы жергілікті көнекөз қарттардың айтуынша, ертеде осы жерге алғашқыда аштықтан қайтыс болған жас балалар жерленген. Шынында да, аңыз сыртында шындық бар. Өйткені, атаудың өзі айтып тұрғандай, «бала» ұғымын білдіреді. Сонымен, Оғланлы топонимін «балалы немесе көп бала жерленген жер» мағынасында қараған жөн.

Қазбайыр - жер аты.Топоним екі компоненттен тұрады: қаз + байыр. Осы атаудың бірінші компонентіндегі қаз сөзін ертеде өмір сүрген кас тайпасымен байланыстырып, ал екінші компоненттегі байыр түрікмен тілінде: «төбе, төбешік, дөң» - мағынасын береді. Демек, Қазбайыр топонимін «қаз (кас) тайпасы мекендеген төбе» мағынасында қараған жөн.

Қазақ тілінің лексикалық қоры өзінің тарихи дамуы барысында араб-иран, моңғол, орыс және көршілес халықтар тілдерімен белгілі бір дәрежеде қарым- қатынаста болып, тіл-тілден сөз ауысу арқылы да сөз құрамы толысып отырғаны белгілі.

Тіліміздегі араб-иран тілдік элементтерінен, олардың пайда болуы мен даму жолдары туралы біршама еңбектерде сөз етілгені белгілі. Белгілі түрколог Н.К.Дмитриев «Арабские элементы в башкирском языке» атты мақаласында: «...мысалы, жаңа ағылшын тілдері негізінде роман тілі жасалуы сияқты, кейбір турік тілдеріне негізінен араб тілдерінің әсері болған»- деп араб әлементтерінің жаңа туркі тілдеріне эсер етіп отырғанын орынды атап көрсетеді.

Осы орайда, араб-иран тілдерінің әсері туркі тілдерінің бәріне бірдей белгілі бір дәрежеде ықпал етпегені тағы да белгілі. Мысалы, қазақ тіліне араб-иран тілдерінен енген сөздердің басқа түркі (мысалы, өзбек, татар) тілдерімен салыстырғанда өзгешелеу. Қазақ тіліне қарағанда, өзбек, татар тілдерінде араб графикасы ертерек қалыптасты да, оларда араб-иран тілдерінен енген сөздердің әсері күштірек болды және алғашқы да қазақ тіліне сол тілдер арқылы ене бастады.

Тілімізде араб-иран тілінен сөз ауысу процесі - XVIII ғасыр мен XIX ғасырдың аяғында ерекше дамығаны белгілі. Зерттеліп отырған аймақта араб-иран сөздерімен келетін топонимдер жоқтың қасында. Тілші ғалым Т.Жанұзақов: «Орталық және Батыс Қазақстандағы антропонимдік системада арабизм аз байқалады. Орал, Жайық бойындағы тұрғындар есімдерінде бұл құбылыс тым кенже дамыған. Аталған аймақтардағы антропонимдерді талдап қарағанымызда, олардың көбі өз сөзімізден жасалғанын, араб-иран тілінен енгендердің тым аз екенін көреміз» - деп жазады [2,65].

Жоғарыдағы ғалым пікірін толығымен қуаттай отырып, аймақ құрамындағы топонимдер мен антропонимдердің екінші компонентінде бір кездегі араб тілінен енген «қали/ғали, оли» сөздері, «-ғали, -қали» немесе «алы, -әлі» қосымша түрінде кездесетінін анықтадық. Бұл қосымшалар көбінесе, антропонимдер арқылы жасалған топонимдер құрамында келіп, сол аймақтың тілдік ерекшеліктерінің бірі болып есептеледі.

Араб тілінен ауысқан сөздердің көбінесе діни, мифтік ұғымдарға байланысты немесе халықтың мәдени, экономикалык жайларын білдіретін сөздер боп келсе, иран сөздері күнделікті тұрмыс қажеттерінің атаулары, мамандық атаулары болып келеді.

Діни ұғыммен байланысты атаулар: хазрет, пір әулие, қожа, қажы, аллах, намаз, мінажат, ишан, шайтанЗ&рпелт отырған аймақ құрамындағы иран тілінен енген топонимдерді салыстырмалы түрде Оңтүстік Қазақстан облысы аумағындағы атауларға қарағанда өте аз екендігін көреміз. Мырза.: тәж. мирзо - «мырза, тақсыр, Балаәулие - тәжік тілінде боло,- « үсті, жоғарғы», ал екінші компоненттегі әулие араб тілінде «қасиетті, ардақты, киелі, тақуа» мағынасында берілген. Араб тілінен енген лексикалық элементтер негізінен діни сипатқа ие: Балабейіт, Көпбейіт, Даулетиман, Ишанғазы, Қазырет. Иран тілінен енген сөздер: Дағар, Ханки, Шархат, Шерқала. Моңғол Нарын, Қабаскөл, Бөген, Могой, Қаптағай, Балқасын. Қалмақ тіліндегі сөздер: Дендер, Бақсай және т.б. Кей жағдайда өзге ұлттық терминдер қазақ тіліне кеңінен еніп кетіп, өзіндік мағыналық мәнге ие болады. Сол сияқты ирандық терминдердің бірі - Даңғар «үңгір», дар (дара) (иран (тәжік) мағынасында қазақтың халық терминологиясында белгілі. Аймақтағы араб басқыншылығымен қатысты топонимдер түгелімен сол бір кезде пайда болып, тұрақты түрде ғасырлар бойы өзгермей қалды деп айта алмаймыз. Басқа тілден қалыптасқан топонимдердің автохтондық топонимияға енуі ұзақ жылдар немесе ғасырларға созылады. Бірақ, араб тіліндегі кейбір атаулар мен сөздер жергілікті, жергілікті топонимияға еніп, күні бүгінге келіп жеткен. Сондай араб географиялық терминдерінің бірі жоғарыда айтқан бейітсөзі.

Геродот еңбегінде тиссагеттер жеріндегі Лик, Oap, Танаис жэне Гиргис өзенінің аты аталады.Зерттеушілердің топшылауынша Бұл - Блек (Лик), Op (Oap), Ырғыз (Гиргис) өзендері. Бірақ ғалымдардың пікірі бірдей емес. Мысалы, Б.А.Рыбаков Геродоттың скифтер жөніндегі еңбегіне талдау жасай келіп, Дарий патша жорық кезінде тоқтаған Oap өзенін Корсак өзенінің бұрынғы аты болу керек деп жорамалдайды. Алайда бұл шындыққа жанаспайды. Өйткені, Геродоттьң жазуынша, Oap үлкен, суы мол өзен, Корсак - суы аз, шағын ғана өзен. Геродот көрсеткен Лик, Oap, Гиргис өзендерін қазіргі Елек, Op, Ырғыз деп қараған тарихи шындыққа жақын келеді, бұл өзендер бұрынғы бұдан, тиссагет, аргиппит тайпа- ларының мекен еткен жерлерімен көршілес орналасқан және атаулары да көп өзгеріске түспей сақталған.

Батыс аймақтық топонимиясына көп әрі елеулі өзгерістер енгізген орыс тілінен енген топонимдер болды. Орыс тіліндегі атаулар көпшілікке белгілі. Бүкіл Қазақстанға сияқты батыста орыс шарауаларын жаппай қоныстандыру саясаты іске асырылды. Казактар жаппай қоныстанды. Кеңес өкіметі тұсында ел топонимикасының 80-90% өзгеріске ұшырағанын айту керек. Тек 1993 жылға дейін аудан көлемінде бір ғана В.И.Лениннің есімімен Ленин ауданы, Ленин селосы, Ленин аудандық кеңесі, Ленин атындағы колхоз, Ленин және Ленин жолы елді мекені, Ленин алаңы, Ленин көшесі, Ленин орта мектебі, Ленин мектеп-интернаты және т.б. болды. Батыс аймағының топонимиялық жүйесі ғасырлар бойы қалыптасып, түрлі тарихи кезең мен ғасырларда өзгерістерге жиі ұшыраған. Бұл өзгерістер біз қарастырып отырған аймақтың және жалпы еліміз аумағындағы болып өткен үлкенді-кішілі тарихи оқиғаларға қатысты дамыды. Осылайша аймақ тарихының іздері осы облыстардың топонимиясында қалып, тілдік құрамға енді. Топонимдерді ұлттық мәдениетіміздің бөлшегі ретінде қарастыру арқылы сыры мол атаулар дүниесінің жаңа қырлары танылады. Атауларда антропотопонимдердің қойылуына сол жерді мекендеген немесе маңызды оқиға кейіпкерлерінің есімдері себепші болған, мысалы, Дендер ауданында «Димаш тебе» деген жер бар. Ол кезінде осы ауданға келген қоғам қайраткері Д.Қонаевтің құрметіне солай аталған екен. Түбірі бір, гомогенді гидронимдердің елімізге кең тарғаны жөнінде Т. Жанұзақов былай дейді: «Құрамдарында гем //жам //жым// ған// ген// кен// қан гомогенді түбірлері бар гидронимдердің жерімізде сақталуы қасиетті халқымыздың сан ғасырлық тарихы, мәдениеті мен тілі, діни сенім-наным, дүниеге деген бай көзқарасымен тікелей байланысты. Ерекше назар аударып, ден қоярлық жайт - ондай гидронимдердің жер шарының басқа да нүктелерінде, атап айтқанда, Шығыс елдері мен Орта Азия, Батыс Eypona елдерінде таралу шегінің кеңдігі. Ал Республикамыздың батысы мен шығысында, оңтүстігі мен солтүстігінде, сондай-ақ апайтөс Сарыарқада кездесуінің өзінде де, тіл тарихы мен ел тарихына қатысты жүздеген ескі жер-су аттарының сақталуы - айтарлықтай мағлұмат беріп, сыры ашылмаған жайттардан қыруар деректер көрсетері сөзсіз.

Шығыс Қазақстанда Қарагем, Жеменей, Жем; Батыс Қазақстанда Жем (орта ғасырда Гем аталса), Жымпитты; Оңтүстік аймақта Бөген; Жетісу аймағында (оңтүстік-шығыста) Басқан, Сарқан, Түрген, Кемер, Кеген, Шамалған деген өзен аттары құрамдарындағы гомогенді топотүбірлер ежелгі дәуірлерге тән. Осы гомогенді көне түбірлердің қазіргі қазақ тілінде халықтық географиялық термин, болмаса жалпы есім ретінде ұшырауы да ерекше назар аудартады. Атырау, Маңғыстау облыстарының тұрғындары тілдерінде жам - «теңіздің терең, өзек жерлері» мәнінде бүгінде кеңінен қолданыс тауыпжүрсе,әдеби тіліміздегі кеме, кемер сөздерінің түбірі кем екені, оның су, өзенмен байланысты ғана айтылатыны әркімге аян. Ал Шығыстағы Енисей өзенінің бұрынғы аты Кем - «су», «езен» болуына да тарихи заңдылықтың бары байқалады». Демек батыс аймағының атаулары да осы құбылыстан тыс қалмаған, бұл тіліміз бен тарихымыздың бір тұтастығын көрсетеді. [2,75].

Батыс өңірінің географиялық жағдайы мен ерекшеліктері бұл аймақ көне замандардан бері көшпелі, жартылай көшпелі түрінде мал өсіру шаруашылықтарымен айналысу үшін өте қолайлы болған. Сонымен қатар бұл аймақ ежелден қала мәдениеті мен өркениеті дамыған. Себебі ол Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан.

Шаруашылық жүргізудің әр түрі сол шаруашылық саласымен айналысқан халықтың материалдық және рухани мәдениетіне өз ізін қалдырады, тіпті сол халықтық мәдениеттің негізі мен алғышарты болып келеді. Халықтың шаруашылық түрі, материалдық және рухани мәдениеті ұлттың лексикалық жүйесінде бейнеленеді, ономастикалық сөз қорында өз көрінісін табады.

Көшпелі малшаруашылығының әдіс-тәсілдері қоршаған ортаны, табиғатты тиімді пайдалануға қатысты қалыптасып, дамыды. Көшпелі малшаруашылығы географиялық ортамен тығыз байланысты, сол себептен табиғаттың физикалық- географиялық жағдайлары мен ерекшеліктері қазақ тілінің халықтық географиялық лексикасында, ұлттық топонимиясында кеңінен және нақты бейнеленеді. Қазақ халқының табиғат танымы өте жоғары деңгейде болған.

Халық қоршаған ортасының жер бедерін, географиялық объектілерді тұрмыс- тіршілігімен, заттар дүниесімен, әртүрлі табиғи әрі әлеуметтік құбылыстармен салыстыра отырып атау берумен айналысқан, бір жағынан ол әлдебір ресми бұйрық немесе халықтың жиналып шешімі түрінде болмаған, халықтың «атап кетуі» түрінде іске асқан. Ал отарлау кезінде әсіресе кеңес үкіметі және қазіргі кезде әрине ресми атау түрінде іске асады. Оның өзінде ол белгілі бір ескі атауға сүйенеді, тарихи атауды жаңғырту түрінде болады. Ал көп микротопонимдер өз бетінше (стихиялық) қалыптасады. Тарихта зорлықпен атау ауыстыру оқиғалары жиі болып тұрған. Мысалы, 1775 жылы Ресей патшайымы ІІ-ші Екатерина Пугачев бастаған шаруалар көтерілісін халық есінен шығару мақсатында Жайық өзенін Орал деп өзгертті, бұл Екатерина жағынан саяси және онтологиялық акт болып табылады. Басқа атау беру инициация ретінде қабылданды, себебі аты өзгерген өзеннің көтеріліске ешқандай қатысы жоқ, бірақ жергілікті қазақтар бөлігінің тұрғындары үшін Орал деген жат атаудың тағылуы отарлау актісі ретінде қабылданып, қарсылық туғызды. Болмаса Маңғыстаудағы Форт Шевченко, Баутино, Оралдағы Калмыково, Лбищенск, Батурин, Федеровка және тағы басқа ондаған атаулар, Ақтөбе облысындағы жаппай орысшалау, Атырау облысында болған Зеленый, Кудряшов, Ширина сияқты елді мекендер атауы осындай ресми зорлықпен тағылғандар болды. «Мәртөк ауданының топонимикалық суреті лингвистикалық шығу тегі не қызық, не орыс топономиясына жатпайтын ойконимдердің барымен қызықты. Мысалы, Хазретовка онимы. Арабтың хазретіне негізделген этимологиялық негіз көзге анық. Информанттар ауызша естелік те, топонимикалық аңызды да келтіреді. Халық естелігіне сәйкес селоның негізін қалаушы Нұрфаис Байгарин хазірет болған. Ол мұнда екі қабатты кірпіш үй, мешіт, диірмен салған. Байғарин жоғары діни хазірет дәрежесіне ие болған. Кейіннен көшіп келгендер селоны Хазірет атаған, ал XX ғасырда атауды орысшылап Хазретовка деп атап кеткен». [1,111].

Ақтөбе облысының топономиялық тезаурусы тілдік тұрғыдан екіқұрамды. Халықтардың бірге тұрып жатқан жерлерінде тезаурус сәйкесінше қоршаған ортаның, сол жердің аумағында тұрып жатқан халықтардың топономиялық тезаурустарынан тұратын микроқұрылымдары бар микро жүйе болып табылатын когнитивтік картасына айналды. XX ғасырдың аяғы-ХХІ ғасырдың басы Қазақстан топономиялық жүйесінде атаулардың құрамына тың өзгерістер жасалуымен көрінеді. Оның бірінші себебі еліміздің егемендік алуы, екіншіден, орыс тілді тұрғындар саны азаюы болады. Қорыта келгенде, батыс аймағы топонимдерінің құрамында көптеген тілдерден енген сөздердің бар екендігін көреміз. Жалпы халықтық топотаным тұрғысынан олардың көбінің шын генезисі (шығуы) көмескі болып келеді. Сондықтан ондай сөздерге шын ғылыми интерпретацияны тек қана ғалымдар бере алады, соның ішінде тілші - ғалымдардың, лингвистердің зерттеулері көп нәтиже әкелетіні сөзсіз. Қазіргі кезде ежелгі түркі сөздері жөнінде кей нәрсе анық, кейбір атаулар сұрақ тудырып жатса, орыс тіліндегі топонимдер негізінен айқындау, себебі олар біріншіден, соңғы ғасырларды қамтиды, екіншіден, ғалымдар, тарихи құжаттар сақталған, үшіншіден, кеңестік атаулардың мағынасы айқын болды.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Уразаева Қ.Б., Уталиева Ж.Т., Бекназаров Р.А. Т.1: Ақтөбе облысының топонимиялық жүйесіндегі атаулардың өзгертілуі. - Ақтөбе, 2008. - 160 бет.
  2. Жанұзақ Т.Қазақ ономастикасы. Атаулар сыры.Алматы.,«Дайк-Пресс,2007.- 5246.
  3. Гулиева Л.Г. Русскоязычие как основа существования функционирования русской топономии в иноязычной среде// Русскоязычие би (поли)лингвизм в межкультурной коммуникации XXI века: когнитивно-концептуальные аспекты. Материалы международной научно-методической конференции. Пятигорск, С.52-53

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.