Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жергілікті жедің дәрілік ociмдіктepi жанға шипа, дертке дауа

Адыраспан (Гармала - Peganum harmala) - түйетабандар тұқымдас тарамдалған бұтағы мол көп жылдық өсімдік. Бозғылт сары гүлдері жеке-жеке өседі, жемісі қоңыр түсті, иісі өте жағымсыз. Адыраспан көбінесе шөл-шөлейт жерлерде кездеседі. Шипалы өсімдіктің құрамында гармалин және гармин алкалоидтері, ал гүлі мен бұтағында пеганип алкалойдтері болады. Гүлінің 5 тостағаншасы, 5 күлте жапырақшасы, 15-16 аталығы, 1 аналығы, жемісі қоңыр түсті, ірі ұрығы бар, диаметрі 1см -дей шар тәрізді қауашақ, (1-суретте көрсетілген).

Халық емінде адыраспанды эр түрлі ауруларға ем ретінде қолданған. Қазақтар бұл шөптің қайнатпасымен тері ауруларын да емдеген. Мал дәрігерлік саласында адыраспан тұнбасымен ботаның қотырын емдейді. Адыраспан ертіндісі ауылшаруашылық зиякестерімен күресу үшін қолданылады. Ежелгі бояғыш өсімдік. Тұқымынан қызыл түске бояйтын әсіресе жүннен тоқылған бұйымдарды бояйтын бояу алынады. Түркияда ерте заманнан - ақ адыраспаннан қызыл бояу алып онымен ұлттық бас киімі - фесканы бояған. Ши тоқымасында әлі күнге дейін адыраспаннан жасалған бояуды пайдаланады. Тұқымда 14 - 16 % май бар, оны сабын қайнатуда және лак бояуын дайындауға пайдаланады. Түйе табандар тұқымдасына жатады, ежелгі аты - грек тілінде редапоп- рута, араб тілінде өсімдік деген мағынаны береді. [1]

Қазақстанда адыраспанның бір - ақ түрі өседі. Ол - кәдімгі адыраспан.

Ол көп жылдық, шөптектес түйе табандар тұқымдасына жататын жабайы өсімдік. Сабағы бұтақшалы. Тамыры діңгекті 2-3 м - ге дейін жетеді, жердің су қабатына тік орналасқан.

Халық медицинасында пайдаланылады, шипалы өсімдіктердің бірі болып табылады. Қазақ халқы адыраспан тіл көзден сақтайды, лас, былғанышты қуады деп, түтінімен үй ішін, ошақ басын аластаған. Емдік қасиеті жағынан адыраспан Орта Азияда ертеден белгілі болған.

Емдік мақсатта адыраспанның шөбін, яғни бұтақтарын, жапырақтарын пайдаланады. Халық медицинасында шөбін ревматизм, қышыма, безгек, қотыр және басқа тері ауруларына қолданады. Адыраспанды ирак халқы «Уарау Аспанд» деп атайды, бұл «барлық ауруға ем» деген сөз екен. Ғылымда адыраспан өсімдігін 1928 жылдан бері дәрі-дәрмекке пайдаланып келеді. Қазақ халқы бұл шөптің қайнатпасымен тері ауруларын емдейді. Емдеу тәсілдері.

Қазақ халқының ерте заманнан келе жатқан емшілік қасиеттері өте көп. Сол емшіліктің бір саласы әр түрлі шипалы шөптермен емдеу болып табылады. Оның шөбін жағып, түтінімен бас ауруын емдейді және жұқпалы ауруы бар науқастың бөлмесін залалсыздандырады.

Адыраспанның ем болатын аурулары:

  • Ревматизм ауруы
  • Ұмытшақ ауруы
  • Tic ауруы
  • Басты ң созылмалы ауруы
  • Тарамыс ауруы
  • Буынның қабынуы
  • Бел, сал ауруы
  • Асқазан ауруы

Сурет 1. Адыраспан -Гэрмала- Peganum harma/a

Адыраспан өсімдігі - медициналық препараттардың сарқылмас көзі. Улы деген өсімдіктің өзі пайдалы. Қазіргі заманда адам денсаулығын сақтау жайындағы күрес, бүкіл елдің қасиетті парызы. Өсімдік - тіршілік көзі, өзегі. Дәрілік өсімдіктермен айналысу денсаулықты сақтауға, отбасының қаражатын үнемдеуге, табиғат байлығын қорғауға көмектеседі. Қазіргі уақытта өз өлкемізде өсетін өсімдіктерді дер кезінде жинап, кептіріп, шөп қайнатпаларын дайындасақ жанға шипа, дертке дауа болары сөзсіз. [1,4]

Дәрілік бақбақ (Одуванчик лекарственный -Taraxacum Officinale)- биіктігіжарты метрге жуықдамыры жуан, көпжылдық, шөп тектес өсімдік. Тамыр жапырақтары өсімдіктің қысқа сабағының түп жағына топтала орналасқан. Жапырақтарының түрі мен көлемі әр турлі болып келеді. Кейбіреулері сопақша әрі жіңішке болса, тағы біреулерінің ені жалпақтау, біраз көпшілігі құстың қанаты сияқтанып тілімделген шеттерінде ойықтары бар. Өсімдіктің өн бойынан сүт сияқты сөлі шығып тұрады. Сары түсті гүлдері сәуір айынан бастап күзге дейін гүлдейді (2- суретте көрсетілген).

Бақбақ шыбықтарында, тау етектерінде, тұрғын үйлердің маңайында, өзендердің жағалауларында, орманды жерлерде өседі.

Дәрі жасау үшін өсімдіктің тамырын күзде жинап алады. Құрамында стигмастерин, тараксастерол, инулин каучук, майлар бар.

Дәрілік бақбақтың ем болатын аурулары:

  • көздің мүйіз қабатының қабынуына
  • бадамша бездің қабынуына
  • өкпенің іріңді ісігіне
  • өт қалтасының қабынуына
  • бауырдың сарғабына
  • өт қалтасына тас байлануға
  • есте сақтау қабілетінің нығаюына

Сурет 2.Дәрілік бақбақ (Одуванчик лекарственный-Тагахасит officinale)

Халық медицинасында сабақтың

тамыры да, шөбі не тамаққа тәбет шаптыратын және асқазан бездерінің жұмысын күшейтетін дәрі ретінде пайдаланылады. Сондай-ақ бақбақты өт айдайтын, несеп

айдайтын, іш жүргізетін, қақырық түсіретін, орталық нерв жүйесін тыныштандыратын дәрі ретінде қолданады. Осы қасиеттеріне байланысты оны іш жүрмей қалғанда, бүйрекке, қуыққа, өт қалтасына тас байланғанда, асқазан қабынғанда және түйіліп ауратын жағдайларда емге пайдаланады. Дене сыртындағы іріңді жараларды есек-жемді, күйікті жараларды, соңғы кездерде басқа дәрілермен қосып пайдалану арқылы атеросклерозды да емдейтін болды. Халық медицинасында кәдімгі бақбақты бауыр, ішек ауруларын емдеу үшін де қолданады.

Дәріні дайындау және қолдану тәсілі.ІЪ грамм бақбақтың тамырын қайнап тұрған 1 стакан суға салып, 20 минут тұндырады да, жарты стаканнан күніне 3 рет ішеді. [4]

Бұрыш жалбыз (Мята перечная - Metha piperita L.) - биіктігі 1 метрге жететін көпжылдық шөп тектес өсімдік. Тамыр сабағы жер астында көлмеу өседі, жіңішкелеу келген көптеген қосымша тамырлары бар. Сабақтары түзу, төрт қырлы, қызыл түсті әрі қысқа, ұштары сүйір, жұмыртқа тәрізді, бірақ ұзынша келген, шеттері өткір, ара тісті, ұзындығы 8 см, ені 2 см шамасында. Жапырақтары қарама- қарсы орналасқан, гүлдері ашық түсті орналасқан, гүлдері ашық қызыл түсті, масақ тәрізді. Гүл тостағаншасы түтікше тәрізді, бес қалақшадан тұрады. Тәжі су құятын воронкаға ұқсайды, гүл жапырақтары біріне бірі жабысып біткен. Шілде айынан қыркүйек айына дейін гүлдейді (3-суретте көрсетілген).

Өсімдіктің жағымды хош иісі бар. [3,4]

Жалбыздың ем болатын аурулары:

  • қан кеткенде
  • тіс ауырғанда
  • журек ауруы
  • асқазан аурулары
  • тыныс жолдарының қабынуы

Сурет З.Бұрыш жалбыз -Мята перечная

Metha piperita L

Бұрыш жалбыз жабайы күйінде табиғатта кездеспейді. XVII ғасырда Англияда су жалбызы мен жасыл жалбызды тозаңдастыру арқылы бұрыш жалбыз алынған деген деректер бар. Россияда XVII ғасырда мәдени өсімдік ретінде әкелінген. Қазіргі кезде елімізде бұл өсімдік колхоздарда көптеп өсіріледі. Өсімдікті вегетативті жолмен тамырынан көбейтеді.

Халық медицинасында бұл жалбызды ң «су жалбызы» деген түрі қолданылады. Оның дәрілік қасиеттері бұрыш жалбызының дәрілік қасиеттеріне ұқсайды. Cy жалбызы - аласалау келген, ылғалды жерлерде таудың сай- салаларында өсетін өсімдік. Дәрі жасау үшін оның гүлдеген кезінде жерге түскен бөлігін жинап алады. Құрамында эфир майлары, оның ішінде ментол, ментон деген терпендер бар. Өсімдіктің құрамында бұлардан басқа каротин және флавоноид қосылыстары бар. Өсімдіктің құрамындағы ментолдың қабынуға қарсы эсер ететін, жүректің, мидың, өкпенің қан тамырларын кеңейтетін, өт айдайтын қасиеттері бар. Жүректің тұсы шаншып ауырғанда бұрыш жалбыздың сулы тұнбасы жақсы жәрдем берді. Tic ауырғанда, жоғары тыныс жолдары және бронхы қабынғанда да бұрыш жалбыз ем үшін қолданылады.

Орыстың халық медицинасында бұрыш жалбыз өт айдайтын, тер шығаратын және бүйрекке тас байланғанда несеп айдайтын дәрі есебінде пайдаланылған. Кейбір ғалымдар бұрыш жалбызды гипертония, атеросклероз, бүйрек, бауыр, асқазан аурулары және дизентерияны емдеу үшін қолданады. (Н.Г.Ковалева). Бұрыш жалбыздың жапырағынан жасалған тұнбаны ауыз уылғанда, тіс түбірінің еттері қабынғанда оларды шаю үшін қолданады.

Дәріні дайындау және қолдану тәсілі. 10 грамм өсімдікті 1 стакан қайнап тұрған суға салып 20 минут қояды. [4]

Итошаған (Череда трехраздельная - Bidens tripartite) Күрделігүлділер тұқымдас, қою жасыл түсті бір жылдық өсімдік. Жапырақтары, қарама-қарсы орналасқан. Гүлдері ұсақ, сары түсті, топталып өседі. Жемісі - ұзынша дән. Шілдедамыз айларында гүлдейді. ЬІлғалды жерлерде, өзен аңғарларда өседі (4- суретте көрсетілген) . Химиялық құрамы: иілік заттар, шырын, эфир майы мен ащы заттар, каротин мен C дәрумені бар. Емге өсімдіктің көбіне жапырақтары мен тамыры пайдаланылады. Шөбі мен жапырақтарын алғашқы гүлдеу кезінде, ал тамырын күзде жинайды. Ол тәбет ашып, ас қорытуды, тері аурулары кезінде зат алмасуды жақсартады, тер мен несептің бөлінуін арттырады. Қан кетуді тоқтатып, жүйке жүйесін тыныштандырады. Тамырының қайнатындысымен бүйі шаққан адамды емдейді. Ал ұсақталған жапырағын жапырағын жылан шаққан жерге басады. [2]

Итошағанның ем болатын аурулары:

  • тері аурулары
  • қан кетуді тоқтатады
  • жүйке жүйесі аурулары

Сурет 4. Итошаған-Череда трехраздельная

Bidens tripartite)

Құс таран(Трава спорыша - Herba Polygoni avicularis) - бір жылдық, сабағының ұзындығы 10-40 см, тік сабақты шөптесін өсімдік. Негізінен бұтақты, жапырақтары қандауыр тәрізді. Маусым-қазан айларында гүлдейді. Бұл топырақ талғамайтын өсімдік. Жолдардың, су қоймалардың жағасында өседі. Қазақстанның барлық аудандарында кездеседі. Дәрілік шикізатын жер үсті бөлігін (Herba Polygoni avicularis) өсімдік гүлдеген кезінде орып жинап алады. Химиялық құрамы бойынша шикізаттың бойында флавоноидтар, K дәрумені бар.

Флавоноидтардан басқа шөбінде иілік заттар (15%), аскорбин; галло, сірке, май ышқылдары, пектин (5,4 % ), кілегей, эфир майы (0,05 % ), флабафендер, кальций тұздары, қант болады.

Медицинада қан тоқтататын дәрі ретінде жатырдан қан кеткенде қолданады. Hecen жолдары қабығында, бүйрекке тас байлағанда пайдаланса өте жақсы нәтиже береді. Қызыл таспаның мал азығында маңызы зор. Өсімдікті мал сүйсініп жейді.

Herba Poiygoni avicularis

Қазақстанның дәрілік өсімдіктері - Республикамыздың ұлтгық байлығы. Академик Н.И.Вавилов « Өсімдіктер әлемі неткен бай еді, бірақ біз оны тым аз пайдаланымыз -ау!» деген екен. Оны тиімді пайдалануға өсіп - өндіру мен қорғауға ғалымдар ған емес, бүкіл халық атсалысуы керек.

Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ, т.б. түрінде қолданылады. Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. Дәріні, көбінесе, жабайы өсімдіктерден алады.

Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттері бар. Оларды дәрілік өсімдіктер дейді. Осы заманғы кейбір ең таңдаулы дәрілер жабайы шөптерден жасалған.

Соған қарамастан адамдар пайдаланып жүрген дәрілік шөптердің бәрі бірдей медициналық тұрғыдан өз бағасын алған жоқ.

Кейбір дәрілік шөптер, егер оларды ұсынылғанынан артық мөлшерде қабылдаған жағдайда, өте улы келеді. Бұл орайда, осы заманғы дәрілер әлдеқайда қауіпсіз, себебі олардың мөлшерін оңай анықтауға болады.

Жиі кездесетін улы өсімдіктер Біздің жеріміздегі өсімдіктердің қай-қайсы да шипалық қасиетке бай. Алайда олардың ішінде улы өсімдіктерді дәрі-дәрмек ретінде пайдаланғанда аса сақтық, білімділік, тәжірибелік қажет. [3]

Осы мақсатта біз өзіміздің тәжірибемізде адыраспан, жалбыз өсімдігінен күнделікті тұрмыста кеңінен қолданылатын кәдімгі қол сабындарын жасап ұсынып отырмыз. Бұл сабынның емдік қасиеті теріңізді жұмсартып, ылғалдандырып тұрады. Құрамы ешқандай химиялық қоспасыз табиғи өнім болып табылады. Адыраспан, түймедеқ, жалбыз өсімдіктерінің қайнатпаларынан жасалған сабын тұрмыста дәрілік және косметикалық мақсатта кеңінен пайдалануға болады. Бұл сабындардың құрамында өсімдіктердің тұндырмасы, түрлі эфир майы қосылған, олар 100 %

Сурет 6. Құрамына жалбыз,адыраспан

Сурет 7. Үй жағдайында жасалған түрлі қосылған қолдан жасалған сабындар
қолданыска арналған сабындарды дайындалу сәті

Табиғаттың қыр-сырына қанық мамандар біздің елімізде 6 мыңнан астам өсімдіктің өсетінін айтады. Оның ішінде 500-ге жуығы дертке дауа берерлік қасиеті бар екен. Біле білген адамға осының өзі қаншама байлықтың көзі деп айта аламыз. Алайда оған өз деңгейінде назар аударып жүрген ешкімнің жоқтығы қынжылтады.

Қазақстанда дәрілік өсімдіктермен емдеу ісіне медицина тарапынан күні бүгінге дейін өз бағасы берілген жоқ. Осының салдарынан жұртшылық оны тұтыну ісіне қорқа қарайтыны шындық. Себебі, кезінде жүргізілген саясаттың салдарынан дәрілік өсімдікпен емдеу деген ескіліктің қалдығы секілді болып жұрттың жадында жатталып қалған. Дегенмен, осы істі әрі қарай дамытып жүрген елдер бар.

Қорыта келгенде, қазақы емде емдік шөптер көп қолданылған, онымен малды да, адамды да емдеп, сырқатынан айықтыратын атақты тәуіптеріміз де болғаны тарихтан белгілі. Ендеше, ата-баба тәлімін ұмытпай, бір жеріңді емдесе, басқа ағзаға теріс әсерін тигізіп жататын дәрі-дәрмектен гөрі, шипалы шөптерді көбірек пайдаланғанымыз жөн. Ал ол үшін өз жерімізде, өз өлкемізде дәрілік өсімдіктер өндірісін қолға алып, өрісін кеңейтуге көңіл бөлуіміз қажет.

Әдебиеттертізімі:

  1. Әметов Ә.Ә, Мырзақұлов А.М «Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы» Алматы 2012ж. Б. 87
  2. «Атырау облысының өсімдіктер дүниесі атласы» Атырау 2013ж. 6.34-81, б. 217-218
  3. Кукенов М.К и др. «Лекарственные растения Казахстана и их использование» Алматы,1997ж .6.14-15
  4. Искендіров Б.Ә. «Қазақстанның дәрілік өсімдіктері» Алматы 1994ж. 6.24- 25,6.30-31
  5. Комарницкий Н.А, Кудряшов Л.В, Уранов А.М. «Ботаника сисметика» растений. Москва «Просвещение »1975 г
  6. Мухидинов И.М.Паршина Г.Н. «Лекарственные растения» Алматы изд.КазНУ им.Аль-Фараби.
  7. «Шаңырақ: Үй-тұрмыстық энциклопедиясы» Алматы: Қаз. Сов. энцикл.Бас ред., 1990ж

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.