Баланың жеке тұлғасын қалыптастырудағы жанұяның ролі

Аңдатпа

Бұл мақалада баланың дүние есігін ашып, оның жеке тұлға болып қалыптасуындағы жанұяның орны, ата-ананың балаға психологиялық әсері туралы баяндалады. Кез-келген адамның қоғаммен қатынасы жанұядан бастау алады. Жанұя - бұл адамға өмірлік құндылықтар жайында түсінік беретін алғашқы ұжым. Адам қандай дәрежеге жетеді, жалғыз тұлға бола ма немесе адамгершілік тұрғыдан кемшілікпен қалыптасады ма, мұның бәрі көбіне ол адамның балалық шағында қаншалықты дұрыс ата-аналық тәрбие алғанымен байланысты.

Қазақстан Республикасы тәлім-тәрбие тұжырымдамасында: «тәрбиенің негізгі мақсаты - дені сау, ұлттық сана - сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар - ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу» - деп көрсетілген [1]. Жас ұрпақтың жеке тұлғасын қалыптастыру - қазіргі кездегі тәрбие мен білім берудің басты көкейтесті мәселелерінің бірі болып табылады. Осы міндеттерді шешуде, баланың әлеуметтенуіне оның тәрбиеленіп отырған ортасы-жанұясы маңызды роль атқарады. Бала тәрбиесі ата-ана үшін күрделі де жауапты міндет. Баланың өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата-ананың орны бөлек. Тәлім-тәрбиелік жарасымдылық мектеп пен ата-ана, әлеуметтік орта бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады. Қай халық болсын ұрпағының тәрбиесіне терең мән беріп, болашағына үнемі алаңдаушылықпен қараған. Ұрпақ тәрбиесі келешек қоғам мұрагерлерін тәрбиелеу ісі. «Отан отбасынан басталады» демекші, ата-аналар мен ұстаздар қауымы үшін жас ұрпақ тәрбиелеп, оны қоғам мүддесіне жарату кезек күттірмейтін мәселе. [2] Тұлғаның әлеуметтенуінің әлеуметтік психологиялық факторлары біріншіден, әлеуметтенудің-мәдени, тарихи, ұлттық ерекшеліктерін қарастыратын әлеуметтік топ болса, екіншіден, белгілі бір денгейде өмір жолының кезеңдерінде көрінетін жеке тұлғалық топ. Осы орайда В.Г.Крыско тұлғаның әлеуметтенуінің үш түрлі факторын ұсынды. Олар: микрофакторлар - отбасы, микроәлеумет, тәрбие институттары, діни ұйымдар; мезофакторлар - этнос, аймақтық шарттар, мекені, қарым - қатынас құралдары; макрофакторлар - мемлекет қоғам ел және мәдениет. [3] Қандай да болмасын жолдың алғашқы қадамынан басталатыны сияқты, адамның жеке тұлғасының қалыптасуы да отбасынан басталады. Жанұя - қоғамның маңызды бір бөлшегі. Жанұя бала үшін өмір мектебі, онда мейірбандық, шындық, адалдық, қайырымдылық, еңбексүйгіштік т.б. адамгершілік қасиеттері дамиды және қалыптасады. Сол себепті де жасөспірімдерді тәрбиелей отырып, оларды әр түрлі кездесетін қиыншылықтарға қарсы тұра білуге үйрете білу керек.

Жанұя тәрбиесіндегі баланы жан-жақты дамытудың негізгі мақсаттары:

  • баланы жан-жақты дамыту;
  • әртүрлі қызмет түрлері мен жағдайларды бала мінез-құлқындағы ақыл-ой маңыздылығын арттыру;
  • қоғамда өмір сүру және ұжымда жұмыс істеу мүмкіндігін қалыптастыру;
  • баланы белсенділікке, өзіндік әрекет етуге, өзгелермен оңтайы қарым- қатынас орнатуға тәрбиелеу.

Осы мақсаттардан жанұяда баланы тәрбиелеудегі төмендегідей міндеттері көзделеді:

  1. .Бала тәрбиесі негізі ата-анада жатқанын естен шығармау;
  2. .Балалардың өмірі мен оқуы үшін олардың рухани дамуын, адамгершілік жағынан қалыптасуын қамтамасыз ететін жағдайлар жасау;
  3. .Салауатты өмірді насихаттауда баласына үлгі көрсету;
  4. .Баланың жеке басын қорлайтындай жаза қолданбау. [4]

Оқушының жеке тұлғасын қалыптастыру үшін, ол күн сайын жанұя мүшелері арасындағы ең жарасымды, ең әділетті қарым - қатынастардың куәсі болуы қажет. Жанұя мүшелері бір - бірімен тату - тәтті, өзара түсіністікте болса, одан адамгершілік пен әділеттің, көрінісі айқын сезіліп тұрады. Жанұяның бірлігі мен ынтымақтастығы оның құрамындағы адамдардың бір - біріне деген қамқорлығынан, тіпті бірыңғай саяси көзқарасты ұстануымен, соған орай, ерлі - зайыптылық және ата - ананың сезімін терең түсіне білулерінен байқалады.

Осы мәселе бойынша зерттеу жұмыстары баланы өмірге дайындауға жанұя тәрбиесіне үлкен жауапкершіліктің жүктелгенін көрсетеді. Әділдік пен бауырмашылдық, өзара түсінушілік, ата - анаға және туған туыстарына деген сүйіспеншілік пен сыйластық, отанға және айналадағы қоршаған табиғатқа деген махаббат, адамдарға және еңбекке деген құрмет тағы да сол сияқты тұлғалық қасиеттер баланың кішкентай кезінен жанұяда және мектеп қабырғасында қаланады. Сондықтан, жанұядағы, мектептегі және басқа адамдармен қарым- қатынас жасаудың дұрыстығы өте маңызды. Бұл мәселе бойынша көптеген ғалымдар Ю.П.Азаров, И.В.Гребенников, А.И.Лихачев, Ю.П.Петров, А.О Пинт және т.б жанұяда баланың тұлғасын қалыптастыру мәселелерін қарастырған, ал Қазақстанда Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев және т.б жанұяның мектеппен ынтымақтастығы мәселелерін зерттеген. [5]

Баланың кішкентай кезінен өзін қоршаған жандармен қарым-қатынасынан үйренген тәжірибесі оның психикалық дамуының іргетасы болатынын және кейінгі тағдыры осыған байланысты анықталатынын терең түсіне бермейміз. Яғни, жанұя баланың (оның органикалық бұзылуларынан тыс) психикалық дамуының негізгі ошағы болып табылады. Осыған байланысты баланы оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде ата-ана, бауырларының рөлі мен жауапкершілігі өте маңызды.

Бала тәрбиесіндегі басты тұлға- ата-ана екендігі сөзсіз. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Өз баласымен ашық сөйлесе алмай, сырласа білмейтін ата-аналар «Екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ» дегенді айтады. Бұл дұрыс емес. Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Әке мен шеше ұл-қыздармен үй шаруасында жүріп-ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге болады. Әке-шешесі жақсы болса, балалары да жақсы тәрбие алып өседі. Бұл сөздерді біз өте жиі естісек те, соншалықты жиі «жақсы әке

Х.Досмухамедов атындағы А тырау МУ Хабаршысы - Вестник А тырауского государственного университета имени Х.Досмухамедова № 1(48), 2018 - шеше» деген сөз қандай мағына беретінін түсіндіре алмаймыз. Әке-шеше болатын адамдар жақсы ата-ана болу үшін арнайы әдебиеттерді оқу немесе тәрбиенің ерекше тәсілдерін үйрену керек деп ойлайды. Эрине педагогикалық және психологиялық білім керек, бірақ бұл әдетте жеткіліксіз болып табылады. [6]

Отбасындағы тәрбие сол өмірдің өзі болып табылады және де біздің жүріс - тұрысымыз, тіпті біздің балаға деген сеніміміздің өзі де күрделі , бірқалыпсыз, кейде қарама-қайшылықта болып келеді. Балалар бір-біріне қаншалықты ұқсамайтын болса, әке мен шеше де бір - біріне соншалқыты ұқсас емес. Баламен қарым- қатынас та терең индивидуалды және бір-біріне ұқсамайтын болып келеді [7].

Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, дұрыс білім алуына жағдай жасау - ата-ананың басты парызы. Ендеше бала тәрбиесінде ұсақ- түйек дейтін ешнәрсе жоқ және сол нәрседен де қателесуге қақымыз жоқ. Бала - әр жанұяның бақыты. Шәкәрім атамыздың «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан үстем болатын адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. [8] Бұл сапалар адамды дүниеге келген күнінен бастап тәрбиелейді» дегеніндей, құнды қасиеттерге не рухани адамды қалыптастыру - шынында да оның туған кезінен басталса керек. Ал адамның адам болып қалыптасуында ата-анамен қатар тәрбиеші мен мұғалімнің де рөлі бар. Ата-анасын, жүрген ортасын қосқанда оның тәрбиесіне мұғалімнен басқа бірнеше адамның қатысы бар. Балаға жүрек жылуы қашан да қажет және ол ешқашан артық болмайды. Ата-анасынан көрмеген сүйіспеншілікті мұғалімнен көрген бала менің ата-анам да осындай болса деп армандауы мүмкін. Мұғалімін тек жақсы қырынан таныған оқушы үшін оның айтқаны анық, дегені дәл болып көрінеді. [9]

Баласын қалай жақсы көретінін дұрыс білдіру кез келген ата-ананың қолынан келе бермейді. Біреу жақсы киіндіріп қояды, біреу тамағы тоқ болса болды деп, қалтасына ақшасын салып бергеніне мәз. Біреулері өте қатал, айтқанын орындатады. Бала қорыққаннан уақытша тыңдайды, бірақ ата-анасының уысынан шыққан соң өзін-өзі ұстай алмайтын жағдайға жетеді. Отбасы адамды дүниеге әкеліп, қалыптастырып, дамытып, жетілдіріп жатса, мектеп ақылы мен білімі, адамзаттық құндылықтармен толысқан, жан-жақты жетілген, өз бетімен өмір сүруге бейім, қоршаған ортамен тікелей байланысқа шыға алатын, толыққанды жеке адам етіп тәрбиелеп шығарады. Осы екі ортаның да мақсаты - ортақ, міндет - біреу [10].

Жанұя - оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы. Ол бала тәрбиесі жөнінде мектеппен тығыз байланысты болуды өте жақсы түсінеді. Өйткені бала тәрбиесінің отбасында, мектепте нәтижелі болуы осындай ынтымақтастыққа негізделеді.

Жанұя тәрбиесі - бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, мемлекет алдындағы ата-аналардың борышы. Отбасында басты мәселелердің бірі - баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру. Бұған баланың күн ырғағы, міндеттері, қойылатын талаптар, оның үй еңбегіне қатысуы, оқу әрекеті, бос уақытын ұйымдастыру жатады. Жанұя барлық уақытта да өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешуде үлкен мүмкіндіктерге ие болған. Қазіргі заманғы отбасының өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешудегі ерекшелігі - ата-ананың білім және жалпы мәдени деңгейінің жоғары болуы. Балалардың отбасынбағы тәрбиесі белгілі бір тұрақты әлеуметтік институт ретінде анықталады. Ол отбасы мүшелері арасындағы өзара қатынастардың қалыптасуы мен дамуына септігін тигізетін адамдардың жақындығы, туыстық қатынастар, өзара үйелмендік, тұрмыстық өмір. Отбасы тәрбиесінің артықшылығы да осы қатынастарда, оны тәрбиенің ешкандай да түрі алмастыра алмайды. Ол балаға моральдық қалпы туралы алғашқы тусініктер береді, оны еңбекке баулып, өз-өзіне қызмет ету дағдыларын қалыптастырады. Ата-ананың іс- әрекеті мен мінез-құлқы, өмір сүру салты арқылы балаға дүниетанымдық, адамгершілік, әлеуметтік-саяси құндылықтар беріледі. Жанұя - болашақ азаматтың әлеуметтану жолындағы алғашқы қадамдарын жасайтын бастапқы адым.

Соңғы жылдары қоғамдағы тәрбиенің мақсаты «Тұлғаны жан -жақты, үйлесімді етіп тәрбиелеу» деп көрсетілген. Демек бүгінде әрбір адамның жеке басын материалдық және рухаии адамзаттық құндылықтармен молайту көзделіп отыр. Бұл мақсат-міндеттер жанұя тәрбиесін жақсатудан бастау алып, ондағы тәрбиелер мен ата-аналардың педагогикалық білімдерін жетілдірумен шешілмек. Бүгінгі таңда ата- аналардың жанұя тәрбиесі бойынша педагогикалық білімдерін жетілдіруде ең негізгі ұйытқы болатын мектеп, соның ішінде сынып жетекшілері болып отыр. [11]

Мектептің жанұя тәрбиесіне ықпалын арттыру үшін ата - аналарға мектеп есігін үнемі ашып, балалармен өткізілетін әртүрлі тәрбиелік іс -шаралар мен сабақтарға қатысуына мүмкіндік туғызу қажет.

Бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыруда мектептің ата-аналары мен жүргізілетін жұмысының негізгі мақсаты мыналардан тұрады. Біріншіден, ата-аналар мектепті балаларының шын жүрегімен қабылдайтын үйі деп санап өздеріде мектеп жұмысына көмектесуге дайын болуын қамтамасыз ету. Екіншіден, ата - аналарды жанұяда баламен өзара қарым - қатынаста болуға үйрету. Осындай мақсатпен мектептің әдістемелік бірлестіктері жанұя тәрбиесі мәселелері бойынша ата - аналар семинарларын ұйымдастырады. Онда ата-аналар балалардың дамуға, есеюге, бостандыққа ұмтылуының табиғатын және баланың бойында рухани байлықты қалыптастырудың маңыздылығын ол үшін қоршаған ортадан сүйіспеншілік сезімінің, мейірімділікпен сыйластықтың қажеттілігіне біледі. Мектептің ата- аналармен жүргізетін жұмысы баланың мектепте және жанұяда, тұтас білім берушілік ортада тәрбие алуына жағдай жасауға бағытталған. Жанұя саналылық пен ынтымақтастықтың және болашақтың бастаулар негізі. Мұғалімдер жанұяның тәрбиелік мүмкіндігін толығымен аша отырып, ата -аналардың да гумандық педагогикалық мынандай идеясын мойындауына атсалысуда. [12]

Бала туылғанда пәк болып, тек адамдық пен ізгілік қасиеттермен дүниеге келеді бұл ұлы заңдылық. Бірақ, пәктік ізгі ниеттілік балада өзімен - өзі ұзақ сақтала қоймайды. Балаға дұрыс тәрбие беру мақсаты - оған дұрыс білім беруге мүмкіндік туғызады. Ол үшін ата-аналар өз балаларының дүниеге келгенде белгілі бір құлықпен келетін, оны өзгерту мүмкін емес екенінің білулері қажет. Баланың дара ерекшелігін біле отырып, оның дамуына жағдай туғызады. Ол үшін әрбір ата - ана жас кезеңдеріне сай өзгерістерін, оған дұрыс қатынас жасау жолдарын біліп отыру, мектеппен сынып жетекшісімен тығыз байланыста болуы керек. Осыған орай, бүгінгі таңда ата-аналармен жанұя құрамына байланысты келесі топтарға біріктіруге болады.

  • Отбасында жалғыз баласы бар ата - а нала р
  • Көп балалы отбасылы ата - а нала р
  • Отбасындағы ата - әжелер
  • Әкелер
  • Аналар, т.б. түрге жұмыс жүргізуге болады.

Ұлы халқымыз - «Тәрбиеде ұсақ түйек болмауы тиіс» - деп, жанұя мүмкіндігін толық ата-аналармен бөлісе жұмысты ұйымдастырады. Оларға балалы жанұяда тәрбиелеуде кеңестер беріп, ой бөліседі. Тіпті жазғы демалыс кезінде де балалармен хат алысып, хабарласады. Олардың өз бетінше әрекет етіп, дамуына бағыт беріп отырады. [13]

Әрбір ата-ана өз перзетінің әдепті, саналы, иманды да ибалы, Отанының сүйікті және кішпейіл азаматы болып жетілуін қалайды. Ата-ана перзентінің жақсы азамат болып жетілуі үшін өз отбасында балаларын тәрбиелеудің нәзік жақтарының зандылықтарын білуі шарт. Сыйластық, түсіністік, үлкен жауапкершілік сезімдері бар отбасы - бақытты отбасы. Бақытты отбасында ғана ата-ана және олардың өзара қатынасы мазмұнды, берілген тәрбие сенімді және негізді.Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы - тұған ұясы, өз отының басындағы тәрбиесі, тілі. Қазақтың: «Баланың бас ұстазы- ата-ана», «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» - дегендей, есі кіріп, тілі шыға бастасымен-ақ баланы байсалды, ұғымпаз, тілалғыш етіп баулыған жөн. [14]

Отбасы тәрбиесі - көзделген нәтижеге жету мақсатында, ата-аналар мен жанұя мүшелерінің тарапына жасалатын ықпал процесінің жалпы атамасы әлеуметтік отбасы және мектеп тәрбиесі ажырамас бірлікте орындалатын істері ауқымын құрайды.

Отбасының жетекшілік маңызы онда тәрбиеленіп жатқан адамдардың тән- дене және рухани дамуына эсер етуші ықпалдар мәні мен мағынасының тереңдігіне тәуелді келеді. Бала үшін отбасы 1 жағынан - тіршілік қорғаушы болса, 2-ші жағынан - тәрбиелік орта зерттеу деректеріне сүйенсек, отбасы - бұл мектеп те, ақпарат көзі де, қоғамдық ұйымдарда еңбек ұжымы да, дос-жарандары да, отбасы - бұл әдеп пен өнер кілті де. Осыған педагогтар нақты да дәлел тұжырымға келіп отыр: тұлғаның қалыптасуы нәтижелігі ең алдымен отбасыға тәуелді.

Aca бір кездейсоқтық болмаса, әр уақыт тұлғаның кемелденуі келесі заңдылыққа тәуелді. Жанұя қандай болса, онда өсіп, ер жеткен адам да сондай.

Отбасы тұлға қалыптастырушы бесік. Осыдан "Азамат қалыптастыратын десең, бесігіңді түзе" - деп ұлы ғұлама М.Әуезов бекер айтпаған. Отбасында адамаралық қатынастар негізі қаланады, бүкіл өмірге жетер еңбектік және әлеуметтік бағыт-бағдар түзіледі.

Отбасында өз ретімен қарапайым да жеңіл шешіліп жатқан көптеген проблемалар есейген, ересек шақта бітіскен шырғалаң күйге түсіп жататыны баршаға аян. Қорытындылай келе, ата-аналар балаларын тәрбиелей отырып, бала тәрбиелелуде қоғам мен мемлекет алдында жауапты екендерін естен шығармауы тиіс. Отбасының бала тәрбиесінде алатын орны ерекше екендігі айқын. Ұрпаққа отбасының аса құнда ықпалы мен әсерін өмірдегі басқа еш нәрсені күшімен салыстыруға болмайды. Жалпы алғанда, жас ұрпақты тәрбиелеу - ортақ мұрат, оларды сапалы біліммен қаруландырып, тәрбиелі азамат етіп шығару- әр қоғамның көкейіндегі басты арманы. [15].

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы.А,2007.
  2. Халитова I. Әлеуметтік педагогика [Мәтін]: Оқу құралы / I Халитова.- 2-ші басылымы.- Алматы: Білім, 2007.- 200 бет.
  3. Құсайынов А.К. Біз өз балаларымызды білеміз бе? "Мектеп оқушысының әлеуметтік бейнесі" әлеуметтік педагогикалық зерттеудің материалдары (Екі тілде) [Мәтін] / А.К. Құсайынов.- Алматы: РОНД, 2003ж.
  4. Әтемова Қ.Т. Әлеуметтік педагогика [Мәтін]: Оқулық / Қ.Т.Әтемова. - Алматы: Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының қауымдастығы, 2012ж.
  5. Педагогика Әбиев Ж., Бабаев C., Құдиярова А. «Дарын» әлеуметтік- гуманитарлық университет 2004 ж.
  6. Азаров Ю.П. Отбасы педагогикасы. - Москва, 1985.
  7. Сухомлинский В.А. Ата-ана педагогикасы. - Алматы, 1983.
  8. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақтың тәлім-тәрбиесі. - Алматы, 1995.
  9. Отбасындағы әлеуметтік педагогикалық жұмыс «Парасат әлемі» баспасы 2005ж.
  10. Қалижанқызы Р. Бала тәрбиесіндегі халық даналығы. /Ұлағат. 2005. №3.
  11. Әтемова Қ.Т. IX-XII ғасырдагы ұлы гұламалардың отбасы тәрбиесі туралы ой-пікірлері. Астана, 2007.
  12. Тұрысбаева А. Оқушыларды қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу. / Бастауыш мектеп. 2006. №1. 21-2366.
  13. Қалижанқызы Р. Бала тәрбиесіндегі халық даналығы. /Ұлағат. 2005. №3. 56-5966.
  14. Құнанбаева А.Ж. Дәстүрлі казак жанұясындагы ата-ана мен бала қатынасының ерекшеліктері. / Педагогика. 2006. № 1. 43-4766.
  15. Намазбаева Ж.Ы., Сангилбаев О.С. Психологиялық сөздік. A., 2005. 936.
Жыл: 2018
Қала: Атырау
Категория: Филология