Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Мектепке дейінгі балалардың логикалық ойлауының ерекшеліктері

Аңдатпа

Бұл мақалада мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлау мәселелері қарастырылады. Білім беру жүйесінің басты мақсаты - жас ұрпақты үнемі өзгеріп жатқан қоғамда, белсенді өмір сүруге дайындау. Қазіргі заманғы қоғамның дамуы қарқынды, сондықтан білім беру процесінің басты міндеті - балаларға терең білім беру және замандағы болып жатырған өзгерістерге тез бейімделуге мүмкіндік беретін қасиеттерді тәрбиелеу.

Мектепке дейінгі жастағы балалардың логикалық ойлауын дамытудың тиімді дидактикалық құралдарын іздестіру осы міндеттің ажырамас бөлігі болып табылады. Ойлау - бағдарлау, зерттеу, танымдық және трансформациялық сипатта болатын әрекеттер мен операциялардың жүйесін ұсынатын теориялық және тәжірибелік

Х.Досмухамедов атындагы Атырау МУ Хабаршысы - Вестник Атырауского государственного университета имени Х.Досмухамедова № 1(48), 2018 қызметтің ерекше түрі. Баланың ой-өрісін дамыту сенсорлы танымға, тілге, практикаға қатысты зерттелуі керек. Бала объектілерді қолданып, заттарды қабылдау арқылы ойлайды.

Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің басты міндеті - баланың жеке басының дамуын жан-жақты жоғары деңгейде қамтамасыз ету. Өйткені, осы кезеңде баланың бұдан кейінгі бүкіл өміріне негіз болатын жеке тұлғаның қасиеттері, психикалық өзіндік ерекшеліктері қалыптасады. Мектепке дейінгі балаларда ойлау қабілетін дамыту мәселесі жалпы білім беру саласында маңызды орынға ие болатын мәселелердің бірі болып табылады, себебі, ойлау қабілетінің даму деңгейі баланың келешекте мектепте оқытудың нәтижелілігіне ықпалын тигізеді. Мектепке дейінгі балаларда өз өмір тіршілігі мен күнделікті іс-әрекетінде әр алуан мәселелерді шешіп отыруына тура келеді. Осындай мәселелер мен күрделі істерді шешу жолында кездесіп отыратын қиыншылықтар қоршаған ортамызда бізге әлі де беймәлім құбылыстар мен сыры ашылмаған нәрселердің көп екендігін көрсетеді. [1]

Баланың ақыл ой дамуының тарихын зерттеу, әрине, үлкен теориялық және практикалық қызығу туғызады. Ол ойлаудың табиғатын және оның дамуының заңдылықтарын тереңтануға апаратын негізгі жолдардың бірі.

Айналадағы дүниедегі заттар мен құбылыстар еш уақытта жеке-дара ұшырамайды. Олар бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста, байланыста болып отырады, бірақ осы байланыс, қарым-қатынастың барлығы бірдей әр уақытта адам санасында сәулелене бермейді. Ойлау - сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс қатынастарының адам миында жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі. [2] Бір сөзбен айтқанда, ойлау - сыртқы дүниедегі болмыстың жалпы жанама жолмен біздің санамыздагы ең биік сатыдағы бейнесі. Ойлау адамның өмір тәжірибесі мен практикалық іс-әрекеттері нәтижесінде пайда болып, тікелей сезім үрдісінің шеңберінен әлдеқайда асып түседі. Ойлау дегеніміз - әлеуметгік жағдаймен ұштасқан, тілімен тығыз байланысты психикалық үрдіс, сол арқылы болмыстың, дүниедегі нәрселердің жалпы және жанама бейнеленуі. Бұл бейнелену адам ойының талдау және біріктіру әрекеттері арқылы танылады. Ал мектепке дейінгі балаларда қабылдауы дүниедегі жеке-жеке нақты заттарды ғана қабылдайтын болса ойлауда кісі олардың арасыңдағы қатынас, байланыстарды танып-білуі керек. [3]

А.Н.Леонтьев «Логикалық ойлау» ұғымына нақты анықтама берген. Логикалық ойлау дегеніміз - логика заңдылықтарын пайдалана отырып, ой- пікірлерді тұжырымдарды қолдануға негізделген ойлаудың бір түрі. Баланың логикасын дамыту ұғымдарын өсіру, оқу-тәрбие үрдісіндегі ұдайы жүргізілетін жұмыс. [4]

Мектепке дейінгі балалардың ойлау үрдісіне тоқталсақ, ойлау - тіл дамуы және ғылыми ұғымдарды меңгеру бірлігінде дамиды. Баланың сау психикасының ерекшелігі -танымдық белсенділігі.

Ақыл-ой жағынан бала қаншалықты пәрменді болса, ол сонша көп сұрақтар қояды және оның сұрақтары соншалықты алуан түрлі болады. Бала заттың бейнесін ғана емес, оның қимыл-қозғалыстары туралы да ойлайды. [5] Бейнелі ойлау - 6 жасар бала ойлауының негізгі түрі. Әрине, ол жекелеген жағдайларға логикалық ойлауды да орындай алады, бірақ та бұл жаста көрнекілікке сүйенген оқыту басымырақ болады. Ойлауды тупкілікті зерттеу оның эр турлі процестерін, жақтарын, кезеңдерін яғни абстракциялар және жалпылаулар, түсініктер және ұғымдар, пайымдау және ой қорытындыларын арнайы талдауды, бөліп алуда талап етеді. Алайда ойлаудың шынайы процесі осы барлық жақтар мен кезеңдердің бірлігі мен өзара байланысын қосады. Ойлаудың дамуының нақты тарихы, әсіресе оның алғашқы қадамдары, оның пайда болуын,-ол қалай болуы керектігін, мүмкін әлі жазылмаған шығар-адамда ойшылдық қалай дамиды, кішкентай бала қалай ойлаушы тірі жанға айналады деген тарихтың маңызды заңдылықтары ашылуы керек. [6]

Жан Пиаже ойлау психологиясында беделі мойындалған тұлға болып табылады. Пиаже ойлауды зерттеудің жаңа әдісін ойлау дамуының заңдылықтарын және қызмет етуін зерттеуге бағытталған клиникалық әңгімелесу әдісін ұсынады. [7] Психологтың ойынша әңгімелесу баланың ойлауын зерттеуге мүмкіндік береді, өйткені ересектің сұрақтарына баланың берген жауаптары зерттеушіге ойлаудың тірі үдерісін ашады. Ж. Пиаженің ойынша әңгімелесу әдісі келесі талаптар бойынша жүзеге асырылуы тиіс: ересектің сұрақтары баланың тәжірибесінен бөлек болуы тиіс. Білімдерге, дағдыларға, іскерліктерге қатысты сұрақтарды қоюға болмайды; әңгімелесу эксперимент ретінде ұйымдастырылуы тиіс. Зерттеуші балаға сұрақ қойғанда ойлаудың факторларымен себептері жайында қайсыбір болжамын тексереді, ал жауабын алғанда ол сол болжамды дәлелдейді не жоққа шығарады. Сол себепті клиникалық әңгімелесу әдісінде сұрақ қоюдың қатаң, стандартты реті болмайды. Олар баланың жауаптарына байланысты және зерттеушімен верификацияланатын болжамның түрленуіне сәйкес икемді өзгеріп отырады. [8]

Ж.Пиаженің ойынша, бала ойлауының дамуы - бұл эгоцентризмнен децентрацияға ұласатын ой операцияларының алмасуы. Зерттеуші ол үдерістің үш кезеңін көрсетеді: субъекті мен объектінің теңдестірілуі, өзін және қоршаған әлемді ажырата алмаушылық; эгоцентризм - дербес ұстанымы бойынша әлемді тану, пәнге қатысты әртүрлі көзқарастарды реттей алмаушылық; Децентрация - дербес көзқарасын объектіге қатысты басқа да ықтималды көзқарастармен реттеу. [9] Пиаженің бала ойлауының эгоцентрлігі жайлы феноменді ашуы оның ең үлкен жаңалығы болды. Эгоцентризм - бұл құбылыстар мен объектілер тек дербес көзқарасының тұрғысында қарастырылатын, қоршаған әлемге қатысты иеленген субъектінің ерекше танымдық ұстанымы. Бала ойлауының дамуы өзара байланысқан үш бағытта жүзеге асады. Біріншісі - әлемнің объективті және субъективті қабылдау түріне ажыратылуы. Екіншісі - субъектінің ақыл-ой ұстанымының шексізденуінен ықтималды ұстанымдардың қатарын реттеуге дейін ақыл-ой ұстанымының дамуы. Үшінші бағыт ойлаудың дамуын жеке заттарды қабылдаудан олардың арасындағы байланыстарды қабылдауға қозғалыс ретінде сипаттайды. [10]

Ж.Пиаженің зерттеулері баланың сөйлеуі мен ойлау туралы және оның логикасы мен дүниетануы туралы ілімнің дамуында тұтас дәуірді құрайды. Олардың тарихи мәні өте зор. Ж. Пиаже өңдеп ғылымға енгізген баланың сөйлеуі мен ойлауын клиникалық зерттеу әдісінің көмегімен балалар логикасының ерекшеліктерін әдеттен тыс батылдықпен, тереңдікпен және кең тұрғыда жүйелі зерттеуді тұңғыш рет мүлдем жаңа сипатта жүргізді. Л. С. Выготский ересек адам ойымен салыстырғанда, бала ойлауының сапалы өзінділігінің жинағын құрастырып, тұратын басқа ерекшеліктерімен байланыстағы бала ойлауының эгоцентристік сипатына көңіл бөлген. [11]

Қ.Жарықбаев, Ө.Озғанбаев «Жантану негіздері» оқулығында: «Ойлау», «Ойлану» ұғымдары - әрқайсысымыз жиі айтатын «ақыл» деген сөздің синонимі.... Ақыл - ойлау процесіндегі ұғымдылық пен тапқырлыққа байланысты көрінетін қасиет, ойлану үшін білім керек, бірақ, білімі бардың бәрі бірдей ақылды боп келе бермейді. Ақылдылық білімді тәжірибе жүзінде дұрыс пайдалана білумен байланысты - деп ойлауда дамытуды білімнің маңыздылығын айқындап береді.[12)

Қазіргі уақытта мектепке дейінгі балалардың психологиялық және физиологиялық даму ерекшеліктері баланы мектепке дайындау, белгілі бір дағдыларды игеруге бейімдеу тұрғысынан заманымыздың көкейкесті мәселелерінің бірі болып отыр. Мектепке дейінгілердің өз-өзіне қызмет ету дағдыларын меңгеруі - өнегелі, жігерлі, дербестік, және табандылық сияқты қасиеттерін тәрбиелеудің тиімді жолы.

Мектепке дейінгі балалардың ойлану әрекеті тікелей сезімдік таным үрдістерімен ғана емес тілмен де, сөйлеумен де тығыз байланысты. Осындай ерекшелік адам психикасының жануарлар психикасынан сапалық өзгешелігін көрсетеді. Жануарлардың қарапайым ойы нақтылы әрекетке байланысты, ол жанама, абстракты ой бола алмайды.

Мектепке дейінгі балалар сөйлеу, дыбысты тіл нәтижесінде нәрселер мен құбылыстардың мәнді, түрақты белгілерін ой арқылы бейнелей алады. Бұл ретте тіл - адам ойының заттық қабыршағы болып табылады. Адамның ойы әрбір нәрсенің сипаты мен қасиеттерін сөз арқылы ажыратып көрсете алады. Сөйтіп заттар мен құбылыстарды әртарапты танып білуге мүмкіндік туады. [13]ы

Тәрбиеші мектепке дейінгі балаларға білім беру, ой-өрісін кеңейту, тілін жетілдіру арқылы ойлауын да дамытады. Бірақ әзірше жасы кіші кезінен бастап-ақ балаларды, оқу материалын түсініп және игеріп ңана қоймай, қызықтыратын мәселелеріне өздері жауап табуға үйрету керек. Мұны балалар алғаш тәрбиеші көмегімен, содан кейін өз бетімен істейтін болады. Тәрбиеші алғашқы күннен бастап балаларды ойлай білуге үйретіп, материалды түсіндіруге асықпай, баланың өзінің ойлауына мүмкіндік берген жөн. Ал бірақ баланың өзі түсіне алмаған, басы ашылмаған бірде-бір сұрақ қалмауы қажет. Материалдың бірте-бірте қиындай түсуің сақтай білудің маңызы орасан зор. [14]

Ойлаудың жүйелі түрде қалыптасуы тек оқу процесінде ғана емес, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына да көмегін тигізеді. Ойлау мәдениеті жеке тұлғаның туа біткен қасиеті болып табылмайды, ол таным процесі барысында қалыптасады. Ойлау аппаратының дамуы арқылы адамның танып-білу мүмкіндігі ұлғаяды,қарастырылып отырған мәселенің түп мәніне тереңірек үңілуге мүмкіндік алады. Ақыл-ой еңбегі мәдениеті-ойлау мәдениеті-сыншыл ойлау мәдениеті. [15] Осылайша, оқу бағдарламаларына сәйкес білімді меңгеру оқушыдан күрделі ақыл-ой еңбегін, жақсы есті дамыған қиялды және оқуға шығармашылық тұрғыдан келуді талап етеді.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Жарықбаев Қ. Психология. - Алматы:Мектеп, 1982.-2806.
  2. Жарықбаев Қ. Жантану негіздері. - Алматы: Кітап, 2002. - 4156.
  3. Аймауытов Ж. Психология. - Алматы, Рауан, 1995. - 3126.
  4. «Бала мен балабақша» журналы №6, 7 2012ж.
  5. «Бала тәрбиесі» журналы №12, 2009ж.
  6. «Отбасы және балабақша» №2,3 ,2011ж.
  7. «Ұстаздар ұясы» Павлодар 2004ж
  8. В.С.Мухина «Мектепке дейінгі балалардың психологиясы» 1975
  9. «Мектепке дейінгі білім» №1(7) қаңтар/ақпан 2007ж
  10. «Мектепке дейінгі білім» №5(17) қыркүйек/қазан 2008ж.
  11. Балаңыз мектепке дайын ба? Балалар әдебиеті, 2006 ж
  12. Мектептегі психологиялық әдістемелік құрал, Астана 2005 жыл
  13. Логикалық ойлау қабілетін дамыту №11, 2008, 53-54 бет
  14. Ерментаева А.Р. «Субъектілікті дамыту тренингі» 2007 жыл
  15. Гурова Л.Л Психологи мышления. M., 2005. 136 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.