Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ғұмар қараштың еңбектеріндегі тәлім-тәрбие мәселелері

Еліміз тәуелсіз мемлекет болып қалыптасуы жолында тарихи күрделі кезеңдерді басынан өткерді. Бұл жағдай біздің рухани өмірімізден де елеулі орын алды. Халқымыздың сан ғасырлық құнды рухани қазынасын санамыздан жойып ала жаздадық. Бұл жағдай қазіргі таңдағы өскелең ұрпақтың туған халқының мәдениетінен, әдебиетінен, салт-дәстүрінен ажырап, бай мұраларымыздың ұмытылуына эсер етті. Қазақ ғылымының қай саласында болмасын, зерттеушілер халқымыздың рухани мұрасына, әсіресе, оның тәлім-тәрбиелік, танымдық асыл қазыналарына тереңдей еніп, талдап, зерделеп көрсетеді. Тәуелсіз ел атанып, рухани-мәдени дамудың жаңа сатысында саяси-әлеуметтік экономикалық және мәдени өрлеуі тұсында әлемдік қауымдастық шеңберіне енуге ұмтылуына орай, халқымыздың сан ғасырлар бойы жинақталған рухани мұраларын жаңғырту мен оларды жүйелі түрде зерттеу Қазақстанның мәдени дамуының алғы шарты болып отыр. Елбасы Нурсултан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен, елімізде «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын қабылдануы қазақ халқының тағылымы мол рухани мұрасының, жаңаша тарихи танымдық бағыт-бағдарын айқындауға мүмкіндік береді.[1]

Кеңінен танылмаған тарихи-мәдени мұраларды этнопсихология, этнопедагогика, этнология ғылымдары салалары тұрғысынан зерттеп, қазақ халқының сан ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық рухани мұралары зерделеніп, әлемдік руханиятпен ұштастыру осы кезеңдегі қоғамдық ғылымдардың міндеті. Заман талабына сай, жаңа тарихи ой-сананың қалыптасу тұсында салт-дәстүр, тіл мен дін және әдет-ғұрып сабақтастығынан құралған тұтас ұлттық дүниетаным зерттелуде. Халық ауыз әдебиеті мұралары, Қорқыт, әл-Фараби, М.Қашқари, Ж.Баласағұни сынды ойшылдардан бастау алып, XX ғасырдың басындағы қазақ зиялыларына дейінгі жалғасқан тарихи мұралардың танымдық, тәлімдік-ғибраттық маңыздылығы педагогика ғылымы тұрғысынан жүйелі зерттеуді қажет етеді.

XX ғасырдың бас кезінде озық қызметімен танылған халқымыздың біртуар ұлдары, қазақ зиялылары А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, Ш.Құдайбердиев, М.Дулатов, Х.Досмұхамедов, М.Шоқай, М.Жұмабаев, Б.Майлин сынды тұлғалармен замандас, педагогика тарихында өзіндік орны бар белгілі қоғам және мемлекет қайраткері, ағартушы-педагог, ғалым, ақын Ғұмар Қараштың (1875-1921) шығармашылығын саралау, ғылыми тұрғыдан сараптау және оны бүгінгі ұрпаққа жеткізу зерттеу еңбегіміздің басты мақсаты. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын басшылыққа ала отырып, саяси қуған-сүргін құрбан болған Ғұмар Қараштың педагогика саласында көптеген құнды еңбектерін ғылыми тұрғыдан жүйелеуді орынды деп санаймыз. Ғ.Қараш еңбектері тәлім-тәрбиелік идеялар мен ұлттық құндылықтарды сақтауда, оны дамытуға өзіндік үлесін қосқандығы сөзсіз. Рухани мәдениетімізді жағырту, тұтас отандық педагогика тарихын қалыптастыру жэне осы ғылым саласындағы Ғұмар Қараштың өзіндік орнын айқындау арқылы, тарихи мұраларды одан әрі қордаландыра туспекшіміз.

Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстанда саяси-құқықтық, қоғамдық, ағартушылық-педагогикалық және философиялық ой-пікірдің дамуына өзінің өлшеусіз үлесін қосқан ірі тұлғалардың бірі - Ғұмар Қараш. Ол туралы соңғы жылдары ғана баспасөз беттерінде бірнеше мақалалар, шығармалар жинағы басылды. Көп жылдар бойы оның педагогикалық-ағартушылық қызметі, философиясы терең, өте көкейтесті мәселелерді көтерген еңбектері шаң басып, кітап қоймаларының түкпір-түкпірінде қажетсіз болып жатты. Халық тарихымен оның рухани мұрасына балта шапқан коммунистік партияның біржақты идеологтары Ғ.Қараштың есімін жазуға да, айтуға да тыйым салды.

Ғ.Қараштың саяси көзқарасының өсіп-жетілуіне 1905-1907 жылдардағы бірінші орыс революциясы өлшеусіз эсер етеді. Орталық Ресейде болып жатқан әлеуметтік наразылықтар мен жұмысшылар табы ереуілдері ұлттық езгінің тепкісінде жүрген қазақ халқын да бейжай қалдырмаған. Ол татар тілінде шығып тұрған «Ульфат», «Шура» сияқты мерзімді баспасөздерде бірнеше мақалалар жариялап, онда қазақ қоғамының көкейкесті мәселелерін шешудің жолдарын қарастырады. [2].

Ғұмар білім алған аясы медресесінен бастап, өмірін ғылым жолында өткерді: араб, парсы, түрік, орыс тілдерін білді, бай кітапханасы болған. Ғ.Қараштың өзінің тіркеу парағында «қырғыз тілінде білімі жоғары, ал орыс тілінде сауатты»,- деп өз қолымен жазған. Бұған қарағанда Ғ.Қараш ауыл медресесімен шектелмей, жоғары мектепте тиянақты білім алған.

Мұны айту себебіміз, мұсылман елдеріндегі білім беру жүйесінің өзіндік ерекшелігінде. Ислам елдерінде білім берудің бастауыш жүйесі - ібтидай, орта басқыш мектептер - рушдия, ал жоғары мектеп - ғалия аталған белгілі. Кей жағдайда соңғысы «медресе» атала береді.

Ғ.Қараш дүниетаным, іс-әрекет тұрғысынан жәдидтік қозғалыстың егіз қатар өмір сүрген бағыттарының алғашқысына жатады. Ол елде тұрмыс қалпы мен құрылыс қалпында үйлеспеушілік орын алған кезде қызметке араласады. Ғұмардың бұл кезеңдегі өмірі туралы бірқатар дерек замандастарының естеліктерінде: «Мен оны жас кезімнен-ақ мұғалім бола бастағаннан бері білемін»,-деп жазады ақынның тумасы әрі шәкірті кейін ҚазМУ-де араб тілінен сабақ берген Хакім Әжікеев [3].

Халыққа қызмет етуді өмірінің мақсат-мұраты санаған азамат ақын 1918 жылы елге нақты қызмет ету, әлеуметтік, ағартушылық өмірге белсене араласу жолына ойысады. Сөйтіп, туған елі Жәнібекке келеді. Ордадағы педтехникумда сабақ береді. 1918 жылғы 24 қыркүйекте болған Бөкей губерниясы мұғалімдерінің съезіне және 1918-1920 жылдарда өткен сол губерния кеңестерінің I, II, III, IV съездеріне делегат болып қатысады. Ғ.Қараштың 1920 жылы 21 маусымда II Бөкей губерниялық партия конференциясында пленум мүшесі болып сайлануы, үгіт- насихат бөлімінің меңгерушісі болып бекітілуі-ағартушы қайраткерге халықтың үлкен сенім артқандығын көрсетеді. Ол кез Ғұмардың Шәңгерейге жиі қатынап, жаңа пікірге ауа бастаған кезі екен. Ғ.Қараш жәдид оқуды ол күнде медресе деп аталатын өз мектебіне енгізіп, пән сабақтарын жүргізіп, әсіресе, орыс тілі, табиғат, жаратылыстану пәндеріне өте көңіл бөледі екен. Баста татар мұғалімдерін ұстап, орыс тілінде содан оқытып, кейін орыс мұғалімін де ұстаған кезі де болды.

Ғ.Қараш оқу ісінде хат таныту әдістерін үйретіп, қараны дұрыс таныту жолын, онымен қатар мағынасына түсініп, өлеңді мәнерлеп оқуға, сөздерді әнге салып оқып, әнге үйретуді, соған жаттықтыруды тапсырып отырған. Пэн сабақтары ішінде жаратылыстану, табиғаттану, география сабақтарының оқыту әдістеріне тоқталып, оларды түсіндіріп оқытуды тапсыратын. «Бұл пәндер дінде жоқ, дін бұзатын пәндер» деуші молдаларды құранда құдайдың өзі «жер дүниені кезіңдер, ондағы әрбір жаратылыстың таңғажайып нәрселеріне ой жүгіртіп қараңдар» деген емес пе? Ал енді бұлай болса, «бір адам қанша жаһанкез болса да дүниенің бір бұрышын айнала алмайды, жағрафия ғылымын білгендер дүниені кезіп айналып шыққан болады да, жаратылыс ғылымын білгендер әр заманда жаратылыстың тірлікке құбылыс жағдайларының өзгеше болатын себептерін үйде отырып-ақ көріп, біліп отырады» деуші еді [4].

Ғ.Қараштың ағартушылық, жасампаздық қызметінің алғашқы кезеңінен бастап оның дүниетанымында зор төңкеріс жасаған адам - Жәңгір хан немересі, қазақ әдебиетінің XX ғасыр басындағы көрнекті тұлғаларының бірі - Шәңгерей Бөкеев. Нұғыман Манайұлы «Ғұмардың оянуына бірінші себеп 1905 жылғы төңкеріс, Ресей мұсылман оқығандары арасындағы жәдидшілік қозғалыс болған болса, екінші жағынан оның оянуына қамшы болып тікелей жетекші болған Шәңгерей»,-дейді [5].

Н.Манайұлы осы пікірмен Ғұмардың ағартушы, қаламгер азамат ретінде қалыптасуында шешуші рол атқарған басты-басты үш себепті де қамтып өткен. Рас, Ғұмардың саяси бетіне, пікіріне үлкен өзгеріс кіргізген 1905 жылғы революция екендігін айтады [6].

Алайда, бұл қозғалыстың Ғұмар тектес жаңашылдар үшін саяси мәнінен гөрі ағарту, рухани саладағы реформаларға мүмкіндік берген маңызы басым еді. Оның педагогтік қызметі 1905-1906 жылдар аралығында үш дүркін өткізілген түрік зиялылары съездерінде талдап жасалған бағдарламамен дөп түсіп жататынын байқау қиын емес.

Қазақстан Республикасы одақ құрамына автономиялы республика болып енгеннен бастап саяси құрылымында, оқу-ағарту, мәдениет салалары елеулі жаңалықтарға толы болды. XX ғасырда өмір сүрген қазақ зиялы қауымы өркендеуімізге үлес қосты. Осындай зиялылардың бірі, қоғам қайраткері, ағартушы Ғұмар Қараштың есімін атауға болады.

Қазақ халқының өзге ұлттармен бірдей деңгейде білім алып, оқу-ағарту барысында иық тіресіп отыру үшін білімді ұрпақ өсіріп, сондай-ақ, жас буынның өз дәрежесінде білім алу қажеттілігін нақты дәлелдермен келтіргендігі көрсетілді. [7].

Ғ.Қараштың алғашқы педагогикалық және ағартушылық ой-пікірлері 1909 жылдан бастап көрінді. Ғұмардың еңбектерін зерделегенде педагогика ғылымына қосқан үлестеріне назар аударуға тура келеді.

  1. Ғұмар Қараштың еңбектеріндегі негізгі мәселелер - ана тілінің аясын кеңейту, тіл тазалығы, ғылым білімді дамыту, мұғалімдерді оқытуға жол салды.

ә) Балаларды оқытудың, мектеп ашудың мәнін ашып көрсетті.

  1. Ұлттық баспасөзді жандандырды.
  2. Еліміздің егемендігі үшін күрескен әлемдік аренадағы саяси қоғам қайраткері ретінде танылды.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. «Мәдени мұра » Мемлекеттік бағдарлама 2003ж.
  2. Кенжалиев И. "Ғұмар Қараш туралы кейбір тың мәліметтер" // Ақиқат.1995. - № 4. Б. - 73 - 74 б.б.
  3. Тәжімұратов М. "Біз білмейтін Ғұмар Қараш"//Ана тілі. 1998,18 сәуір.
  4. "Поэты пяти веков. Казахская поэзия XY - начала XX вв". Вст. ст., сост., биогр. спр. и прим. М.М.Магауина. Пер. с каз. - Алма-Ата: Жазушы, 1993. - 336 с.
  5. Қамзабекұлы Д. "Мұсылман ағартушылығы" 11 Ақиқат. 2004, № 9. -18 -24 б.б.
  6. 6 Жаксылыков А. Образы, мотивы и идеи с религиозной содержательностью в произведениях казахской литературы. Типология, эстетика, генезис: Монография. - Алматы: Қазақ университет, 1999. - 422 с.
  7. 7 Қамзабекұлы Д. Мұсылман ағартушылығы //Ақиқат. 2004, № 9. -18 -24 б.б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.