Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жанұядағы жеке тұлғаның қалыптасу ерекшеліктері

Қазақстан Республикасы тәлім тәрбие тұжырымдамасында: «тәрбиенің негізгі мақсаты - дені сау, ұлттық сана - сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар - ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу» - деп көрсетілген. [1] Осыған байланысты, жас ұрпақтың жеке тұлғасын қалыптастыру - қазіргі кездегі тәрбие мен білім берудің басты көкейтесті мәселелерінің бірі болып табылады.

Осы орайда, Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңында Елбасымыздың «Болашақ», «Дарын» бағдарламаларында, «Қазақстан - 2030» атты Қазақстан халқына Жолдауында, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында» білім беру саласындағы мемлекеттің саясаттың басты принциптері ретінде жеке адамның білімділігін ынталандыру және дарындылығын дамыту, білім берудің дамытушы сипатын арттыру мәселелері айқындалып, басымды міндеттер қатарына қойылған.

Бұл міндеттерді жүзеге асырудың бір жолы - оқушылардың тұлғасын қалыптастыруда мектеп пен жанұяның ынтымақтастық жұмысын дамытудың және оныңтиімді әдістемесін жасау болып табылады.

Бұл жөнінде ежелден - ақ ұлы ойшылдарымыз Әл-Фараби, Ж.Баласағұн, Ұлы Абай ерекше толғанған, сондықтан еңбектерінде адамның жеке басын, қабілеттерін дамытуды үнемі көтеріп отырған Д.Кішібеков, Р.Н.Нұрғалиев жеке тұлғаның дамуы - қоғамдық қатынастардың нәтижесі деген философиялық тұжырым жасаған.

Оқушының жеке тұлғасын қалыптастыру үшін, ол күн сайын жанұя мүшелері арасындағы ең жарасымды, ең әділетті қарым - қатынастардың куәсі болуы қажет. Жанұя мүшелері бір-бірімен тату - тәтті, өзара түсінікте болса, одан адамгершілік пен әділеттің, көрінісі айқын сезіліп тұрады. Жанұяның бірлігі мен ынтымақтастығы оның құрамындағы адамдардың бір - біріне деген қамқорлығынан, тіпті бірыңғай саяси көзқарасты ұстануымен, соған орай, ерлі - зайыптылық және ата - ананың сезімін терең түсіне білулерінен байқалады.

Жанұя мен мектептің ынтымақтастығының негізгі міндеті - баланың тұлғасын қалыптастыруға, жарқын сезімдер мен нұрлы мұраттарға тәрбиелеу және адамдар арасында өмір сүре білуге үйрету. Бұл қасиеттедің барлығы - негізінен жанұя мен мектепте, яғни жан иелерін тәрбиелеп шығаратын ортада дамып, қалыптасып нығаяды.

Жанұя - адамның эмоциясы, уайымы, көзқарасы мен қатынасынымен байланысты емес, ол - ерекше феномен. Жанұя феноменінің бір жолы оның құрылымын, тарихи уақыт талабына сай өзгеруін және бір отбасының өмірлік циклын логикалық түсіндірілуі. С.И.Голод (1998) пікірінше отбасы феноменінде құрылымдық өріс ерлі-зайыптылар және ата-ана мен бала қатынасы деп қарастырады. Жанұя - неке негізінде немесе қан жағынан туыстас шағын топ, олар өзара көмек көрсету, жауапкершілік алу және тұрмыстық жалпылылықта байланысады (Эйдемиллер, Э.Г.Юстицкий В.В., 1990). Отбасы балаға ықпал етеді, оны қоғамдық өмірге жетелейді. Отбасының тәрбие институтты ретінде маңызы онда бала өз өмірінің маңызды бөліктерін өткізеді және де тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ету ұзақтығы жағынан басқа тәрбие институттарына бой бермейді.

Жанұя қарым-қатынасында, олардың ішінен келісім, өзара түсінстік, бірінің екіншісіне бойсынуы, бірінің екіншісін құптауы сенімді қарым-қатынасының қазіргі кездегі басты ерекшелігі әр тұлғаның мейлі балалары, мейлі ересектері болсын, мағлұмат байлығы (информационное богатство) болып, өзара қарым-қатынас осы мағлұмат алмасу кезінде өте тығыз орнығыуы ықтимал. Өзара мағлұмат алмасу отбасы мүшелерінің рухани кемелденуіне алып келсе, мұндай отбасының болашағы бар. Отбасы мүшелеріне қарым-қатынас арқылы біріктіретін, өзара туысқандық байланыстарын нығайта түсетін аса маңызды сфера мақсаты. Отбасын материалдық қамсыздандыру мақсатындағы бірлесіп еңбек ету,нәтижесіне ортақтасу, бөлісу. Мұндай қарым-қатынас алдымен, отбасы иелері әке мен шеше ортасында түсіністікпен орнаса, соның өзі балаларға өнеге болатыны өмірден белгілі. Бұдан басқа әке мен ұл анасы мен қызы, бір туғандардың бірлесіп, бір мақсатта еңбектенуі өзара түсіністікті нығайтатын ас маңызды қарым-қатынас екені педагог, психолог ғалымдар тарапынан дәлелденген.

Қарым-қатынас барысындағы біреудің екінші бір адамға әсерін, не болмаса өзара қарым-қатынас нәтижесіндегі сипатта болғанымен, ішкі тетіктері (механизмдері)адамның психикалық ахуалына, сезімі, ой-санасына, қылық жорығы, жүріс-тұрысына тікелей, жанама, сөз арқылы эсер ету болып саналады.

Жоғарыда айтылып кеткендей отбасындағы, бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынас түрін қарастырамыз. Яғни жас ерекшелік жағынан жеткіншек пен ата-ана арасындағы қарым-қатынас.

Жеткіншек жас кезеңі адам тұлғасының қалыптасыуында маңызды кезең болып табылады. Дәстүрлі түрде бұл кезең тәрбиелік қатынасқа қиындықтар тудырытын кезең болып табылады. Ғылыми білімдер жүйесінде жеткіншектерді зерттеумен байланысты мәселелер кешеніне көп көңіл бөлінеді, мәселелер әртүрлі деңгейде және мазмұнда болады. Осы жас кезеңдегі даму көздері, жағдайлары және механизмдерін танып білу тұтастай дамудағы онтогенетикалық заңдылықтарды ашуға негіз бола алады. Қазіргі кездегі зерттеулер жеткіншектік жастың ерекшеліктері мен қасиеттері жайлы үлкен материалдар жинақталды, ол өз кезегінде осы маңызды психикалық кезеңнің ерекшеліктерін қазіргі қоғамның жағдайларында зерттеуге қажетті базаның пайда болуына ықпал етті. Мәдениеттің нақты-әлеуметтік шарттарына, дәстүрлеріне сәйкес бұл өтпелі кезең әртүрлі мазмұнда әрі, әртурлі ұзақтықта орындалуы мүмкін. Қазіргі таңдағы қоғам жағдайларына сәйкес бұл кезең шамамен 10-11 жастан 14-15 жасқа дейінгі аралықты қамтиды. Жалпы, балалардың мектептегі орта буында оқуымен сәйкес келеді.

Жеткіншектік жас кезеңнің психологиясы тақырыбы әрдайым өзекті болып табылады. Бірақ жеткіншектердің әрбір ұрпағы осы кезеңді басынан өткізеді және де қоғам дамуының тарихи жағдайларына сәйкес өз мәселелерін өз бетінше орындауға тырысады.

Жеткіншек үлкендерден өзінің есейгенімен,өзбетілігімен санасуын эр сала бойынша талап етеді. Қыздар киім киюде, не өзін күтуде, ұл бала тиісті міндеттерді өз еркімен,орындағысы келеді. Осыған әуелгі кезде туған-туысқандары қарсы шығады. Бұлардың қарсы шығатын себебі, баласына сенім білдіргісі келмегенен емес,оны «бала» деп бәлендей істі не тапсырманы бүлдіріп алады ғой деуінен. Бірақ жеткіншек осыған түсінбей «мені бала деп сенбей отыр»,- дейді. Erep осындай қатынас көп созылса, жеткіншек пен үлкен адамдар арасында түсінбеушілік туып, бала ызаланып, ерегесуге, не негативті халде болып, үлкендер не айтса да соны орындамауға тырысады.

Екі арадағы қайшылықты кім жеңеді деугенде, жеткіншектің талабы жаңа болғандықтан, сол жеңеді деуге болады. Осындай екі арадағы түсінбеушілікті неміс психологы К.Левин «ойлық бөгет» деп атаған. Мұны солай деуінің себебі жеткіншек пен үлкендер арасында түсінбеушілік болып, бөгет салынған соң, енді үлкендердің сөзіне құлақ аспайды. Сондықтан жеткіншекке тіл алдыру үшін алдымен сол бөгетті жою керек, ал бөгетті жою оңай емес.

Жеткіншектің үлкендерді түсінбеуі, кейін оны жан-жалға, не сергелдеңге апарып соғады. Мұндай оқиғалар, әсіресе қалалық жерлердегі семьяларда жиі кездеседі. Көпшілік жұрттың мақсата үлкендердің абыройын төкпей,тіпті осылардың өзі жауапты болғанда да,қайткенде де арашалау болып табылады.

Жалпы алғанда жеткіншектің үлкендерге қоятын талабын түгел қате деуге болмайды: біріншіден, үлкендер өзінің өмір баяанын мысал ретнде келтіріп, «біз жас кезімізде мынадай болып едік..» деп, өзі сол кезде қандай болса, баласы да сондай болуы тиіс десе,қателескен болар еді. Себебі үлкендердің жас кезі мен жеткіншектің қазіргі жас кезіндегі жағдайлар мен талаптар бір емес. Екіншіден, бір кісінің үйренген,не қиыншылықты жеңуге қолданған тәсілдерді өзгелердің игілігіне барлық жағдайда сіңе бермейді.

Бала ересектермен қарым-қатынастың белгілі бір кезеңінде жағымды эмоциялық қатынаста тапшылықты сезінсе немесе осындай қатынаста қандай да, бір ауытқулар байқалса, оның дамуында тежеушілік пайда болады.

Жеткіншектік шаққа аяқ басқан баланың жеке басының қалыптасуындағы түбегейлі өзгерістер сана-сезімнің дамуындағы сапалық өзгеріспен анықталады, осының арқасында бала мен ортаның арасындағы бұрынғы қатынас бұзылады. Жеткіншектің жеке басындағы басты және өзіне тән жаңа құрылым оның өзі туралы енді бала емеспін дейтін түсініктің пайда болуы болады,ол өзін ересекпін деп сезіне бастайды, ересек болуға және өзіне жұрттың осылай деп қарауына ұмтылады.

Бүгінде тәрбие берудің ауқымы кең, талабы жоғары. Соған сай заман талабы бүгінгі отбасына үлкен жауапкершілік пен жоғары білімділікті жүктеп отыр. Жеке тұлғаның қалыптасуына ықпалы ерекше болғандықтан, отбасы тәрбиесіне философиялық, әлеуметтанушылық, психологиялық және педагоги калық зерттеулерде ерекше көңіл бөлінген.

Біздің қоғам үшін әр кезеңде, эр отбасында өсіп келе жатқан өрімдей ұл- қыздардың дені сау, рухани әлемі бай, құштар болып өсуі, сонымен қатар туған халқы мен Отанына адал болып өсуі ең жоғары тілек, биік мақсат болып келген. Оның қуат алар қайнар бастауы - отбасы.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Н.Назарбаев Қазақстандықтардың өсіп - өркендеуі, қауіпсіздігі және әл - ауқатының артуы. «Егемен Қазақстан», 11-қазан, 1997.
  2. М.Жұмабаев. Педагогика. Алматы. «Рауан», 1993. 154-6.
  3. Хухлаева О. Активные формы групповой работы с родителями / О. Хухлаева // Школьный психолог. - 2006, №19.
  4. Г.Асанова «Отбасы - бастапқы тәрбие мектебі» Қазақстан мектебі №1, 2007 ж.
  5. А.Жумадуллаева. «Отбасы некелік тәрбие негіздері» Алматы 2007 ж 1436

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.