К.А.Абульханова - Славскаяның функционалды-динамикалық бағытына сәйкес, өмірлік жетістіктер мен табыстылық әлеуметтік өлшемдер мен критерийлер негізінде бағаланады. [1] Алайда, бұл жетістік критерийлері, өмірлік құндылықтар мен мақсатқа тәуелді. Сондықтан да, жетістік бағалауда өмірге қанағаттану немесе қанағаттанбаудан шығу қажет. Біздің қоғам әлі де тұрақтылықтан аулақ, қоғамда әйелдің лидерлік тұрпатын білдірулеріне үлкен мүмкіндіктер бар. Біздің қоғамда әйел парадоксты жағдайда душар болды: оған отбасының барлық жауапкершілік артылып қойды, ал бұл ретте ер адамдар отбасылық жауапкершіліктен аулақ болды. Әйелдерде отбасыдан тыс жерде қызмет етуіне, іскерлік қызмет жөніндегі мүмкіндіктерге үміт болмады. Қазір бізге мәдениеттің батыстық үлгісі еніп жатыр және бұрын болмаған іскерлік әйел типі пайда болды. Алайда барлығының өз өтеуі бар жаңаша рольде әйелдер ер адамға тән құндылықтарды қабылдай отырып дәстүрлі әйелдік құндылықтардан бас тартуларына тура келді. «Отбасы, үй махаббат» құндылығы мен еркіндік өсу құндылықтары арасында қарама-қайшылық туындайды. Табыс баспалдағымен өрлеу қиын әрі қауіпсіз іс ретінде саналды. Іскер әйел өзіне және оны қоршаған ортаға оның нақ өз ісімен айналысып жатқандығын дәлелдеп отыруы қажет. Бизнес-әйелдердің жүйкелерінің тозуының шамамен 1/3-іне олардың жұмыстағы басшылық етулері мен үйдегі атқарушы рольдері эсер етеді. [2]
Басқарушы әйелдің әлем танушылық позициясының спецификасы шынайы жетістіктерге, табысқа, ойлары мен мақсаттарын шынайы өмірде жүзеге асыруға, және конструктивті өмірінің субъекті бастауларына бағытталған. Басқарушы әйелдің тұлғалық әлемтанушылық позициясының тұтас-мәнді компоненттері келесі ерекшеліктерді қамтиды [3]:
- Басқарушы әйелдің құндылықтарының бейімделуінен айырмашылық оның махаббаты, қарым-қатынасын жүзеге асыруда, денсаулығынан алған эмоционалды жайлылығымен ерекшеленеді. Және ол сонымен қатар, эмоционалды және тәндік жайлылықты қамтамасыз етуі мүмкін. Денсаулық құндылығын адам өзі талпынған тұоғалық қуатты үндеумен ресурсы ретінде және психологиялық тұрғыда қарастыруға болады. Және ол тәндік және гармониялық байланысты тепе-тең ұстауды қамтамасыз етеді. Мүмкін бұл жетімді құндылықтар оның мүмкіндіктерімен байланысты шығар. Құндылықтар мен құндылық мақсаттарын араластыруға келісу және бір жағынан алыстағы армандаған болашағын келесі тәсілдермен түсіндіруге болады. Басқару саласында қызмет істемейтін адамдарда құндылық жетістігінің даму механизмі өте темен деңгейде, себебі әдетте қоршаған ортасы олардың дамуына қосымша эсер етеді. Сондықтан құндылық жүйесінің ерекшеліктері көп жағдайларды талпыныстың темен деңгейімен байланысты. Мүмкін басқарушы әйелдерге тұлғалық ресурстармен құндылық мақсаттар мен құндылық жетістіктер жеткіліксіз болар.
- Басқарушы әйелдердің базалық ойлары адамды бағындыра ала алмайтын позициясы айналшықтап тұрады және өміріне шешуші эсер етеді. Оларға өмір белгілі бір тапсырма секілді. Олардың еркінсіз жүзеге асатын оқиғалар заңдылығы. Барлық болып жатқан оқиғалар кездейсоқтық жүйесі болып табылады. Бірақ әдетте бұл кездейсоқтық емес. Ол адамның ақылына, логикасына қонғысыз басқарылатын белгілі бір әділ мәнге ие. Басқарушы әйелдің әлем танушылық позициясының оперативті компонент! келесі категориялармен сипатталады. Олар жинақтылық, логиякалық орналасу, түсінісу мен нәзіктілік, қиындықтарға төтеп беру, өзіндік пассивті рөл, сынақтар және жайлылықа талпыну. Әйел адамға кәсіби жетістікке, табысқа жетуге бір қатар қасиеттер көмектеседі. «Әйел» стилінің басшылығы біркелкі емес қасиеттерінің үйлесімділігімен түсіндіріледі. Қаталдық пен мейірімділік, сабырлық пен талап етушілік, жұмсақтық пен еріктік. Басқарудың әйелдік стилінің спецификасын талдай отырып әр адам өзінің басшысын өзінше қабылдайтынын ұмытпау қажет. Бірақ көптеген пікірлер толықтай басқарушы қызмет атқарады. [4] Әйел өзінің қызметкерлерін басқаруда әдетте ұжымындағы моральдық психологиялық климатқа назар аударады. Үнемі ұжымда қолайлы, жағымды жағдай жасауға тырысады. Қол астындағы қызметкерлермен үнемі қатынасқа түсіп отырып, оларды белсенді жұмыстарына қатысқан жағдайда марапаттауға тырысады. Қызметкерлерді өзіндік бағалауын көтереді, билікке қатысты ақпараттармен алысып отырады. Менеджер әйелдерге ақыл айту, үйрету тән.
- Басқарушы әйелдер ішкі топтағы ұжымдық шешім қабылдауға қатысты шарттарға өте қатал тәртіппен қадағалайды. Басқарушы әйел өзінің қызметкерлеріне қарым-қатынасын төмендегідей сипаттайды: «Ойлап әрекет жаса, қатылықты оймен үйлестіру, интуициян болсын». Қиын жағдайларда менеджер әйелдер дағдарыстан шығу жолын стратегиясын қызметкерлердің жазалау мотивациясы арқылы құрайды. Басқарушы әйел қызметкерлерін жазалау жағдайы туындаған жағдайда мүмкін болатын шешімдердің барлығын қарап шығады. Бірінші рет ескерту жасап, риза еместігін сөзбен жеткізеді. Алайда кейбір әйелдер қызметкерлері өздерінің міндеттерімен дұрыс орындай алмай жүрген болса қатігез жазаны да ойлап табуы мүмкін.
- Басқарушы әйелдің ерекше қасиеті эмоционалдылық болып табылады. Әйелдердің көпшілігі барлық нәрсені жүрегіне жақын қабылдайды. Тым эмоционалдылық әйелге басқаруға кедергі тудырады. Менеджер әйел шешім қабылдаған кезде көбінесе өзінің интуициясы мен түйсігін тыңдайды. Тек осы қасиеттер іскерлік қызметі басқарушы әйелдің шығармашылық мінез-құлқын қалыптастыруға көмектеседі. Бұл қасиеттер дұрыс шешім қабылдауға және жұмыстың табыстылығын бағалауға көмектеседі. Конфликтті жағдайларды басқару кезінде, әйел адам конфликтті терең түсінуге тырысады.
- Әйел ер адамға қарағанда өзінің де өзгелердің де қателерін жақсы бақылайды: әдетте, ол өз пікірін жақсы құра алады. Ол іс пен ойын-сауықты ажырата алады. Іскерлік әйелдің мансаптық өрлеуіндегі бөгеттердің біріне мәселе жаһандық көзқарас, дамыған консерватизм, эмоцияларға бой алдыру жатады. Аталғандар іскерлік әйелге үлкен кесірін тигізеді. Сондықтан әрқашан да ер адамнан кеңес сұралады.
Әдебиеттер тізімі:
- Абульханова - Славская К.А. «Социальное мышление личности: проблемы и стратегии исследования // Социальная психологии в турдах отечественных психологов: Сб. СПБ.: Питер, 2000
- Найзағараева Е, Жүсіпалиева А. «Гендерлік теңдік негізіндегі саяси сараптама» Ц Ұлағат, 2003, №1, 23-26 б.
- Матвеева Т.Н. Социально-психологические условия формирования имиджа успешного руководителя женщины. Автореферат. Москва, 2005.
- Шаповалов В.К. Профессиональная карьера. Ставрополь: Ставрополь сервис школа, 1999. 147 б.
- Хвостов А. Гендерные особенности организационного поведения// Вопросы психологии. 2004. - №3.-с. 29-37
- Вейнингер О. Пол и характер, M., 1992,1406