Аңдатпа
Бұл ғылыми мақалада Атырау қаласынның ақаба сулары мен олардың ағу, тазарту жүйелері туралы мәліметтер айтылады. Cy желілерінің ұзындығы, жұмыс жасап тұрған су тазарту стацияларының саны, олардың суды булану аймағына айдалуы мен осы жауапты мекеме жайлы айтылған. Ағын суларды арнайы су айдындарына жіберер алдында тазарту үшін жүргізілетін шаралар кешені мен тазарту әдістері көрсетілген.
Ақаба сулар - тұрмыстық қоқыстар және өндірістік қалдықтармен ластанып, елді мекендер аумағынан арнаулы канал жүйелері арқылы сыртқа шығарылатын сулар. Ол тұрмыстық (мысалы: аурухана, асхана, монша, жеке пәтерлерден тағы басқа шығарылған сулар), өндірістік (мысалы: кен байлықтарын өндіру кезінде жер астынан айдап шығарылған, жылу агрегаттарын суыту кезінде пайдаланылған тағы басқа сулар) және атмосфералық (жаңбыр және қар мен мұздан еріген тағы басқа сулар) болып бөлінеді. Ақаба суларды тазарту механикалық (судағы тез тұнатын немесе су бетіне қалқып шығатын заттарды техникалық құралдармен арылту, ол үшін көбіне қиыршық тасты, құмды сүзгіні пайдаланады), биологиялық (микроорганизмдердің көмегімен органикалық заттарды суда жақсы еритін минералды не қарапайым затқа дейін ыдырату), физикалы-химиялық (ақаба суды ластағыш заттардан коагуляция, адсорбция және хлорлау арқылы тазарту) сияқты әдістермен жүзеге асырылады [1].
Қаладағы ақаба сулар - бұл адамның тіршілік қызметі және тамақ дайындау секілді тұрмыстық үдерістер нәтижесінде тұрғын үйлерден келіп түсетін сулар.
Кейбір жағдайларда осындай су өнеркәсіптік және нөсерлік ағындылармен толығуы мүмкін [2].
Ағын суларды тазалау - ағын суларды зиянды заттардан тазалау және жойып өңдейді. Ластану тазартылған ағын суларды күрделі өндіріске жіберіледі.
Онда басқа өндіріс сияқты шикізат (ағын су) және дайын өнім (тазартылған су) бар. Ағын суларды тазалау әдістерін механикалық, физико-химиялық және биологиялық деп бөледі. Олардың барлығы бірдей қолданылса онда ағын суларды тазалау және залалсыздандыру комбинирленген деп аталады. Осы немесе басқа әдістерді қолдану нақты жағдайда ластану сипатымен және қоспалардың зияндылығының дәрежесімен анықталады [3].
Атырау облысы аумағында геологиялық барлау, мұнай-газ кәсіпшілігі, өнеркәсіп, ауыл шаруашылық, құрылыс, энергетикалық, көлік, коммуналдық- шаруашылық кәсіпорындары мен мекемелері бар. Олардың заң мерзімді іс- әрекетінің нәтижесінде әртүрлі сипатта сұйық, қатты, жартылай қатты және газ түрінде қалдықтар құралды.
Облыста бар қалдықтармен жұмыс реттелмеген. Қалдықтардың үлгісі және саны жөнінде нақты есеп жоқ. Атырау қаласының экологиялық шиеленісушіліктің басты көздері болып ірі өнеркәсіп кәсіпорындары, олардың өндіріс қалдықтары, әсіресе ластанған ағынды су түріндегі сұйық қалдықтары табылады [4].
Қала халқының орталықтандырылған сумен қамтылуы 99,1 пайызды құрайды немесе TJl 055 адам, оның ішінде Атырау қаласы 100 пайыз 222 299 адам, Құлсары қаласы 96 пайыз 54 756 адам, жалпы халық санынан алғанда 57 038 адам. Атырау облысының 2 қаласының су желілерінің ұзындығы 1265 шақырымды құрайды, бұл желілер коммуналдық теңгерімде[5].
Атырау қаласын сумен жабдықтау «Атырау Cy Арнасы» КМК-мен іске асырылады, Жайық өзені су көзі болып табылады. «Атырау Cy Арнасы» КМК-ның теңгерімінде 911 шақырым су желісі, қуаты 120 мың шаршы метр бір су тазарту имараты, 1-ші және 2 көтеру сорғы станциясы, 4 сүзгі станциясы, 7 таза су резервуары.
2000-2002 жылдары Атырауда салынған дренаждық жүйе бойынша қысқаша анықтаманы берді. Атыраудағы дренаж жүйесінің жалпы ұзындығы 11 км 842 метрді, өздігімен ағатын дренаж - 7 км 842 метрді құрайды, қалғандары - тірек коллекторлары. Нөсерлі кәріз жүйесінің ұзындығы - 4 км 11 метр. Ең негізделген жүйе Привокзальныйда салынды. Бұл 4 191 м дренаж желісі, 3 км-дан астам нөсерлі кәріз жүйесі, арынды коллектор, сорғы станциясы және т.б. Сонымен қатар, Сарыарқа ықшамауданында, Авангардтың 2-ші және 3-ші ықшамаудандарында, қазіргі ХҚКО маңындағы Бірінші учаскеде, Драма театр маңында, мешіт маңындағы Құлманов көшесінің бойында, Восток маңында, Азаттық даңғылы бойында, Сәтпаев даңғылы бойында шағын дренаж жүйелері салынды Кәріз суларын тазалау қондырғысы 40 жылдан бері кідіріссіз жұмыс істеп тұр. Ол тәулігіне 30 мың текше метр ақаба суды тазалайды. Алайда, қаланың өсуіне байланысты мұнда күніне 70 мың текше метр су тасымалданады[6].
Cy желілерінің жалпы ұзындығы 3519,4 шақырым, бұл желілер коммуналдық теңгерімде. Сондай-ақ, облыс бойынша 64 су тазарту имараты, оның ішінде Атырау қаласында бір дана су тазарту имараты жэне 63 су тазарту имараты аудандарда орналасқан. Қалаларда жеке су есептегіш құралдармен қамтылу 99 пайызды құрайды. Облыс бойынша 123 қызмет көрсетуші мекеме және кәсіпорын бар, оның ішінде 3 базалық су беруші мекеме (KMK) [7].
Атырау қаласы бойынша 295,1 шақырым кәріз желісі, 57 дана жалпы қуаты күніне 25 мың шаршы метр/тәулігіне кәріз сорғы стансасы және кәріз тазарту имараты бар. Сондай-ақ, 2 кәріз тазарту имараты, оның ішінде 1 кәріз тазарту имараты, қуаты 6,8 мың шаршы метр/тәулігіне, Махамбет ауданында және 1 кәріз тазарту имараты қуаты 4,8 мың шаршы метр/тәулігіне Индер ауданында орналасқан.Аудандар бойынша кәріз желілерінің ұзындығы 156,35 шақырым, 2 кәріз тазарту имараты және 44 дана кәріз сорғы стансасы бар. Кәріз желілерінің жалпы ұзындығы 466,62 шақырымды құрайды. Сыртқы канализация желілері қаланың барлық негізгі көшелері бойымен өтіп жатыр. Қаланың оң жағалау бөлігіндегі негізгі коллекторлар сарқынды сұйықты канализациялық тазарту құрылғыларына тасымалдайды, қаланың сол жағалау бөлігіндегі коллекторлар сарқынды сұйықты табиғи буландыру далаларына тасымалдайды. Қаланың оң жағалау бөлігіндегі канализациялық тазарту құрылғыларында сарқынды сулар механикалық қосындылардан, құм мен лайдан тазартылады.
77 канализациялық сорғы станциялары (KCC) кіреді.Оның ішіндегі ең ірілері:
- «Лесхоз» шағын ауданындағы 2-КСС;
- Maxa мбет-Уәлиха нов көшелерінің қиылысындағы IO-KCC;
- Азаттық даңғылы бойындағы 14-КСС;
- Құнанбаев көшесі бойындағы 17-КСС;
- Сатпаев даңғылы бойындағы 18-КСС; СМП-136
- С.Датов көшесі бойындағы 33-КСС.
Канализациялық сорғы станциялары орташа есеппен жыл сайын 12 млн. текше метрге, тәулігіне 33 мыңтекше метрге жуық сарқынды суларды айдайды [8].
Ағынды суларды тазалау- тұрмыстық және өнеркәсіптік суларды арнайы су айдындарына жіберер алдында тазарту үшін шаралар кешені жүргізіледі . Ағынды суларды тазалау арнайы тазарту құрылғыларында жүзеге асырылады.
Тазалау процесі 4 кезеңге бөлінеді:
- Механикалық
- Биологиялық
- Физика-химиялық
- Залалсыздандыру
Cy тазалаудың механикалық әдісі: сорып тастау және тұндыру ағын суларды гидроциклонда тазалау, сүзгілеу, микросүзгілеу. Ағын суларды тазалауда судан минералды және органикалық қоспаларды шығару үшін механикалық тазалау қолданылады. Механикалық тазалау жаңа станцияларында торда өткізуден, құм аулаудан, сорып тастаудан және сүзгілеуден тұрады. Механикалық тазалау алдын ала ағын суларды тазалаудың бірінші сатысы болып табылады. Ол осы сулардан 90- 95%-тен 20 мг/л тартылған заттарды алуға мүмкіндік береді [9].
Биологиялық әдіс әсіресе тұрмыстық қалдық суларды тазалауға пайдаланады. Органикалық қалдықтар микроорганизмдер көмегімен зиянсыз түрге айналады. 250 мын халықы бар қалаға 15-20 гектар жерге биологиялық сүзгі жасап, астындағы қабатына қиыршықтас немесе ірі құмт төсеп үстіне биологиялық заттардан жұқа жапқыш сияқты қабат жасап, оған көзге ілінбейтын ұсақ организмдерды орналастырады. Ластанған суды осы организмдер мен қиыршақ тас қабаттарынан өткізіп тазалайды Биологиялық әдіс микроорганизмдердің қатысуымен екі процес жүреді:аэробты және анаэробты үрдістер. Аэробты және анаэробты биохимиялық тазалаудан тұрады. Аэробты биохимиялық тазалау - өндірістік және тұрмыстық пайдаланылған сулардың микроорганизмдер әсерінен тотығуы нәтижесінде (оттегінің қатысуымен) органикалық заттарын минералдау. Анаэробты биохимиялық тазалау оттегінің жоқ немесе жеткіліксіз жағдайында жүреді. Бұл жағдайда судағы оттегінің көзі ретінде құрамында оттегі бар аниондар қызмет етеді [10].
Физико-химиялық әдістер ағынды суды майды дисперсті, каллоидтық және еріген заттардан тазарту үшін қолданылады. Физико-химиялық әдістерге радиациялық, ион алмасу, тотығу-тотықсыздану және т.б. әдістер жатады. Радиациялық тазалауда иондалған сәулелену әсерінен улы заттар залалсызданады. Ион алмасу арқылы тазалауда суды тек ластатқыштардан ғана тазартып қоймайды, сондай-ақ қайта пайдалану үшін бағалы химиялық қосылыстарды жеке іріктеп, жинап та отырады. Бұл әдісте ластаушылармен ион алмасу реакциясына түсетін иониттер (балшықты минералдар, фторапатиттер, ион алмасу шайырлары) қолданылады.
Суды залалсыздандыру - судың ауру тудырғыш микроорганизмдерден (оба, тырысқақ, іш сүзегі, жұқпалы гепатит т.б.) тазалануы. Көптеген жылдар бойы ішетін суды хлордың көмегімен залалсыздандырып келді. Хлорлау арқылы залалсыздандыру басқа залалсыздандыруға қарағанда өте тиімді болып табылады. Қазіргі кезде сонымен қатар суды озонменде өңдейді. Зарарсыздандырғаннан кейін ағынды сулар су қоймасына төгіледі.
Қаладағы бүкіл кәріз қалдықтар «Атырау Cy Арнасы» KMK тазарту құрылғылары арқылы өтеді. Төгілген сарқынды сулар көлемі «Атырау Cy Арнасы» ұсынған мәліметтер бойынша, Атырауда 11,6 миллион текше метрді құраған. Тіпті, арнайы қалдықтарды тазартудың бүкіл циклінде - оларды резервуарларға құяды, содан соң бұл қоймалжыңды тұндырып, шөктіріп, булану алаңына (су жинауыш тоғандарға) қысыммен айдайды. Тазартудың стандартты процесі төрт кезеңге бөлінеді: механикалық, биологиялық, физикалық-химиялық және дезинфекция. Булану алаңы 520 гектар, 70 жыл бұрын салынған резервуарлардың қабырғалары ғана бетонмен қорғалған. Бүгінгі таңда Атырау қаласының сумен жабдықтау және су бұру жүйелері қаланың, қала маңайындағы поселкелер мен аудандарның 270 мыңнан астам халқына қызмет көрсетеді. KMK өз қызметін айқындылық, қолданыстағы заңнамалар талаптарын бұлжытпай орындау және барлық тұтынушылар үшін сумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне тең қолжетімділік беру ұстанымы негізінде құрып отыр. Қаладағы сумен жабдықтауды және суды әкетуді қамтамасыз ету болғандықтан компанияның айтарлықтай күш-жігері ескірген құрылғыларды жаңартуға бағытталған. Осы үшін арнайы ресурстар және қызметкерлер бөлінеді. Мұндай жұмыс судың тұтынушыға тоқтаусыз және қауіпсіз берілуін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, сорғы станцияларын және канализацияны жетілдірудің де маңызы өте зор, өйткені, қаланың экологиялық жағдайы соларға байланысты. Құрылғыларды оңтайландырудан басқа, олардың жұмыс істеуін қадағалау жүргізіледі, бұл тиісті техникалық жағдайды үзбей сақтауға бағытталған.
Әдебиеттер тізімі:
- Жанқанбаев Ж.Ж. «Экология негіздері». Алматы: оқулық. 2009ж.-79 б.
- Баешов А.«Экология және таза су проблемасы». Алматы:оқулық. 2003 ж.- 224 б.
- Оспанова Г.С., Бозшотаева Г.Т. «Экология». Алматы: оқулық. 2002ж. - 45 б.
- «Атырау» энциклопедиясы, Алматы. 2006ж. -126.
- «2016-2020 жылдарға арналған Атырау облысының аумақтық даму» бағдарламасы.
- Единый экологический интернет ресурс // Портал new. ecogosfond.kz (http://new.ecogosfond.kz/kz/nacionalnyi-doklad) Қаралды: 16.01.2018.
- Официальный сайт РГП «КАЗГИДРОМЕТ» // Сайт www. kazhydromet.kz (http://www.kazhydromet.kz/ru/monitor_beluten_archiv2015) Қаралды: 16.01.2018.
- Официальный сайт КГП "Атырау Cy Арнасы" //Сайт www.suarnasy.kz (http://www.suarnasy.kz/kz/index.php/2012-05-17-04-26-25/2012-05-17-05-51-30.html) Қаралды: 18.01.2018.
- Сатаева Л.М. «Ақаба суларды тазарту технологиясы».-Шымкент. 2007ж. - 137 б.
- Айқара Ғ. Атырауда кәріз суын тазарту станциялары // Портал atr.kz (http://atr.kz/archives/32105) Қаралды: 01.02.2018.