Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Цитрус ағаштарының адам денсаулығы үшін пайдасы зор ерекшеліктері

Аңдатпа

Бұл мақалада цитрус өсімдіктерінің қазіргі таңда алатын орны ерекше екені айтылады. Соның ішінде адам денсаулығы үшін пайдасы зор. Сондай-ақ, компьютермен жұмыс жасауда цитрус өсімдіктері маңызды роль атқарады.

Лимон бізге сонау Үндістан мен Қытай жерлерінен келген екен. Кезінде экзотикалық болған бұл жеміс қазірде елімізде орнығып, халқымыздың көңілінен шығып жатыр.

Басқа өсімдіктерге қарағанда шынында да, цитрус өсімдіктерінің тұқымынан тамырына дейін өзгеше. Лимонның немесе апельсиннің бір тұқымын ексең үш өркен өсіп шығады. Бұл табиғи құбылысты - полиэмброния деп аталады. Қандай да бір катализмге ұшырамауы үшін бұл бір ғажайыптық, өркеннің біріншісі, тіптен екіншісі өліп қалғанда үшіншісі қалады. Сондай-ақ цитрустар басқа жеміс беретін ағаштарға қарағанда жемісін ерте береді. Мысалы: алма, алмұрт телігеннен кейін алтыншы, жетінші жемісін берсе, ал цитрустар телігеннен кейін үшінші жылы жеміс береді. Қылқан жапырақтылар сияқты мәңгі жасыл өсімдіктер.

Эрине, әрбір жапырақтың өмірі мәңгі емес, олар екі үш жылда қылқанжапырақтылар тәрізді біртіндеп түсіп отырады. Жапырақсыз цитрустар тіршілік етпейді, өйткені жапырақ олар үшін «жасыл киім» ғана емес, әрбір секундта тыныс алу мен қоректену мүшесі болып табылады. Жапырақтары көп болған сайын цитрустар қарқынды өсіп, өнеді. Сондай-ақ жемісті де көп береді.

Қошқыл жасыл түсті жапырақтары цитрус ағаштарының ешқандай аурумен ауырмайтындығын білдіреді. Үлпілдеген ашық жасыл жапырақ санының көптілігі мол өнім беретіндігінің нышаны. Жапырағы беймезгіл қай уақытта тастайды, егер ағашқа жарық жеткіліксіз болса, ауа мен топырақта ылғал жетіспей құрғап қалса және де тыңайтқыш керекті мөлшерде жетіспесе. Жапырағының сарғаюының өзі жағдайының болмағандығының белгісі. Жарықтың мол болуы да жапырағын ұсақтатып жібереді. Erep ашық аспан астында немесе жарығы мол оранжереяларда өсірген цитрусты кәдімгі орташа жарықтағы бөлмеге өсірсеңіз келесі шыққан жапырақтары үлкен болып өседі. Цитрустардың жапырақтары мен бұтақтары үнемі өседі ме? Жоқ, олар сатылап өседі. Оны периодты немесе толқынды өсу дейміз. Толқынды өсу бір-екі айда қайталанады.

Әрбір кез өсуін тоқтатқанда жаңа жас өркендер тыныштық күйді сақтайды, бұл кезде жапырақтары мен сабақтары ересектену периодына өтеді. Негізінен цитрустардың қарқынды өсуі ақпан айларында басталады. Erep өсімдікке жарық, ылғал, қорек жетіспесе онда периодты өсу аралығындағы демалыс ұзара түседі. Бір өсімдіктің бір бұтағы өсіп, екінші бұтағы өсуін тоқтатып тыныштық күйге көшуі мүмкін, бұл қалыпты жағдай. Цитрустардың өсуі уақыты әртүрінде әрқалай, мысалы: мандариндер - 4-6 ай, апельсиндер 4-7 ай, лимондар 6-10 ай созылады. Цитрус өсімдіктері жылына 40-60 см өседі. Бойының биіктігі сортына, түріне сондай-ақ қолайлы жағдайларына байланысты. Ең қысқа өсетіні калалондар мен мандариндер1,5-3,5м; кәдімгі орташа бойлы лимондар 4-7 м (мерей сорты 2,5 м-ден артық өспейді); Ең биік болып өсетіндер помпельмустар, грейфруттар және апельсиндер 8-12 м-ге дейін барады. Ең үлкен ағаштың гүлін көктемде санайтын болсақ, оның 1000 000 дана гүлі болады екен. Erep осы гүлдердің барлығы түйнектейтін болса әрбір данасы орта есеппен 70 г болғанда, онда жалпы өнім 47 т- ға жеткен болар еді. Бірақ мұндай салмақты ешқандай ағаш көтере алмас.

Табиғаттың заңы бойынша гүлдердің 50-70%-ы түйнеген жағдайда жемісінің салмағы, көлемі кіші болады. Бұл құбылыс «Саны бар да, сапасы жоқ» деген заңдылықты дәлелдейді. Орташа есеппен әрбір цитрус ағашы жылына 5-6 мың дана жеміс, яғни ол 350 кг өнім береді. Табиғаттың заңы бойынша әрбір цитрус ағашы өзін артық күш түсуден сақтап тұрады. Мысалы, алма, алмұрт ағаштары сақтық шарасын периодты түрде жеміс салғанда реттеп отырады (бір жылы көп жеміс салса екінші жылы аз салады, кейде тіптен салмауы да мүмкін). Ал цитрус ағаштарында олай емес, олар жыл он екі ай жеміс беретіндіктен биологиялық механизмі басқаша, өзін -өзі реттейді (бір бұтағы гүлдеп тұрса, бір бұтағы түйнеп, үшінші бұтағында жеміс пісіп тұрады). Гүлдерінің 1/10 бөлігін түсіреді, егер артық гүлдері кеш түсетін болса, онда өсімдіктің қоректік заттары босқа жұмсалғандықтан түйнеген бөлігі жай өніп, кеш піседі. Сондықтан бүршік ету стадиясында артық гүлдерін жұлып тастаған абзал. Oh жапыраққа бір жеміс.

Цитрустардың пісуінің өзі бір керемет құбылыс. Біздер алма, алмұрт ағаштарының жылына бір жаз, күз айларында пісіп жемісін беретініне үйренгенбіз. Ол екі-төрт айға созылады. Ал цитрустарды мүлдем басқаша. Олардың екі керемет биологиялық ерекшеліктері бар: біріншіден, сорты мен түріне қарай пісіп жетілуі 5- 12 айға созылады. Мандариндер 5-6 айда, лимондар 7 айда, апельсиндер 8 айда пісіп жетіледі. Екіншіден, алма, алмұрттар піскеннен кейін жинап алмасаң түсіп, жемісі шіріп кетеді, ал цитрустардың жемісін жұлып алмасаң түспейді. Бірақ мандарин, апельсиндер қабығы қасаңдап ісініп, жұмсақ бөлігі құрғаңқырап дәмі өзгереді. Бірақ, лимондардың құрамы өзгермейді. Лимон жемісі бұтақта екі жылдан артық ілініп тұра береді, бұл мерзімде ол қызықты өзгеріске ұшырайды. Can сары жемісі ақырындап жасылға айналып, көлемін ұлғайтады. Бірнеше айдан кейін қайтадан піскен болып тусін сары түске айналдырады. Цитрустар бұтақта ұзақ келесі өнімге дейін ілініп тұра береді. Цитрустарға сары, қызыл сары рең беріп тұрған қабығының құрамындағы «А» дәруменінің негізі - каротиноидтар. Лимонға қарағанда апельсиннің қабығында каротиноидтар көп, сондықтан олар ашық қызыл -сары түсті. Цитрустардың жемісінің ортасындағы жұмсақ бөлігіне қарағанда, қабығында каротиноид мөлшері көп, мұны білетін әйелдер цитрус қабығынан тәтті де, дәмді мармелад жасайды [1].

Кез келген цитрустардың жапырақтарының құдыреті сонда, олар ұшқыш және тамшы ретінде комплексті заттар - фитонциттерді үнемі боліп тұрады. Ол қоршаған ортасын көптеген ауру тудыратын микроорганизмдерден тазартады. Одақ кезіндегі ғалым, академик Б.Т.Токиннің эксперимент™ зерттеуінде апельсин мен лимон жапырақтарынан бөлінген фитонциттердің қарапайым микроорганизмдерді бірнеше минутта тіпті секундта жойғандығы зерттеліп дәлелденді. Лимон ағашының жапырағы фитонцитті қасиеті бар эфир майын бөледі. Апельсин, мандарин, лимон ағаштары өсіп тұрған ортаның ауасы стерилденгендігі көптеген ғалымдардың зерттеулерінде дәлелденген. Ауада фитонциттер көрінбейді, егер цитрус ағаштарына жанып тұрған шырпыны апарсаң, жапырағынан ауаға ұшып шығып жатқан будақтаған бұлт сияқты санитарды байқауға болады. Бөлмеде цитрус ағашын өсірумен айналысатын адамдар вирусты аурулармен ауырмайды. Сондай-ақ цитрус ағаштары ағзаның еңбекке қабілеттілігін жоғарлатады, көңіл-күйіңізді жақсартады, күрделі операцияларды жасағанда сәттілік тудырады. Компьютер және күрделі техникалармен жұмыс жасайтын адамдарға өте пайдалы. Қазіргі таңда жапондықтар компьютер алдына кактустарды емес лимон, апельсин, мандарин ағаштары өсірілген құмыраны қояды [4].

Цитрус өсімдіктерінің емдік қасиеттері өте зор. Ол әсіресе тұмаумен, туберкулезбен, өкпе ауруымен ауырған кезде өте пайдалы. Науқас адамдарды цитрус өсіріп отырған жылыжайға әкеліп, бір сағаттай демалдырса жапырақтардан бөлінген фитонциттер адам ағзасындағы барлық микроорганизмдерді тез арада жоюына көмек береді. Қан қысымы жоғары адамдарға да бұл цитрус өсімдігінің әсіресе лимонның тигізетін пайдасы зор. Лимон дегеніміз «Лу-Мунг» деген сөзден шыққан. Мұны Қытай тілінен аударғанда «дәрілік жеміс» деген сөз. Дәріні қалай болса солай ішуге болмайтыны сияқты лимонды да қалай болса солай ішуге болмайды. 1 айда немесе 2 айдың ішінде 10 күн үзбей ішу керек. Сонда артеросклероз, қан қысымы, сары ауру, өкпеге су жиналу, бүйрекке тас пайда болу, асқазан және тыныс жолдары ауруына қарсы пайда береді. Лимонда витаминнің барлық түрі бар. Әсіресе C витамині өте көп. Лимон ағашының жапырағын антибиотик ретінде пайдалануға болады [9].

Лимон ағашының жапырағын антибиотик ретінде пайдалануға болады.

  1. Құлақ есту нашарлағанда: 1 апта күнде лимонның 1 бөлігін қабығымен жеу керек.
  2. А) Қатты бас ауырғанда лимон қабығымен маңдай мен шекені сүрту.

Erep температураңыз болса жылытыңыз.

Б) Лимонның жоғарағы жағынан дөңгелек етіп кесіп шекенің екі жағына жабыстырып қою керек.

  1. Бір дана лимонды 10 минут жәй отта қайнатып шырынын (соковыжымалкадан) шығарып стақанға құйып 1 ас қасық глицерин және де жақсылап араластырып стақан толғанша бал салу. Дайындалған сиропты жөтелге 1 шай қасықтан таңертең, түсте, кешке пайдалану керек. Шайға салғандағы көрініс ағзаның ішкі бөліктерінде де жүреді, яғни асқазан, қан тамырларында шлак тұрмауына үлкен үлес қосады. Цитрус жемісінің қабығын турап кептіріп қыстық киім арасына салса, күйе (моль) келмейді. Косметикалық қасиетте аз емес, маска жасап бетке пайдаланса теріні әрлендіреді [5].
  2. . Еліміз үшін субтропиктік аймақтарда өсетін өсімдікті Атырау жеріне жерсіндіретін болсақ ол үлкен жетістік. 2. Лимон жемістерін сырттан сатып алуды доғарып, өз-өзімізді қаржыландыра отырып, үкімет тарапынан қолдау көрсетілсе өркениетке, молшылыққа, мәдениетке өз еңбегімізбен жетеріміз хақ. 3. Цитрус ағашы таптырмайтын санитарлар: а) көңіл-күйіңді көтеріп, денсаулығыңды жақсартады. б) Компьютер алдына кактус емес цитрус ағашын қою керек, ол тек әдемілік емес, ортаның бактерия, вирустарын бірнеше минутта,тіпті секундта жояды. в)Көң, өсімдік қалдықтарын тиімді пайдалануға үйретеді. 4. Цитрус өсімдігін өсіру барысында салауатты өмір салтын қалыптастыра отырып цитрус ағашын өсірумен айналысқан әрбір адам міндетті түрде табиғат сұлулығын көре білуге, қажырлылыққа (күтіп баптау барысында), өзгелерге қамқор болуға, қоршаған ортаның экологиясына өз үлесін қоса алатындығына және төзімділікке тәрбиеленеді деп сенеміз.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Дадкин В.В «Цитрусовый сад на вашем окне» Москва «АСТ-Пресс»2016 г
  2. Алтымышев А.А. «Природа целебные средства» Москва Профизмат1991г.
  3. «Методика определения запасов лекарственных растений» Москва 1986г.
  4. Землинский С. E « Лекарственные растения СССР» 1995г.
  5. Кукенов М.К. «Лекарственные растения Казахстана и их использование» Алматы. 1997г.
  6. Мухитдинов И.М. Паршина Г.Н. «Лекарственные растения» Алматы изд. КазНУ им. Аль-Фараби.
  7. Д.Г. Хейссайон «Все о комнатных растениях» Москва изд. Кладезь-Букс. 2006г
  8. Соколов П.Д. Рациональное использование растительных ресурстов и их охрана Ц Раст. Ресурсы. 1981ж.
  9. Кукенов М.К. и др. Лекарственные растения Казахстана и их использование. Алматы.1997ж.
  10. Кукенов М.К. Ресурсы официальных и перспективных лекарственных растений Юго-Востока Казахстана.Автореф. Дис.Докт.Биол. Наук.Ташкент.1984ж.
  11. Кукенов М.К. Ресурсы лекарственных растений Казахстанского Тянь - Шаня. Алма Ата. 1989ж.
  12. Худайбергенов Э.Б. Солодки Казахстана. Алма Ата.1987ж.
  13. Павлов Н.В. Растительное ресурсы Южного Казахстана.М.1987ж.
  14. Ресурсы лекарственных растений Восточног Казахстана.Алма Ата. 1984ж.
  15. Кукенов М.К. Изучение растительных ресурсов флоры республики Казахстан.// Ихв.АН MH-AH PK. 1996ж.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.