Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Гурьев үйезіндеп білім беру ісінің алғашқы қадамдары (1918-1928 жж)

Аңдатпа

Мақала Атырау өңіріндегі білім беру ісі соның ішінде, ауылдық елді мекендердің әл-ауқаты, білім саласын дамытуда тап болған түрлі қиыншылықтар негізінде жазылды. XX ғасырдың бас кезінде сауатсыздықты жою мәселелері көптеген мектептердің ашылуымен іске асырылды. Мектептер ашудағы қиындықтар, әсіресе мұғалім кадрларының жетіспеуі мен материалдық - техникалық базаның тапшылығы мұрағат деректері негізінде зерттелді.

Kipicne

Қазіргі таңдағы білім сапасының озық деңгей сатысына жетуі сонау тарих қойнауынан бастау алғаны сөзсіз. Бұл жағдайдың өзі белгілі бір уақыт арасын қамтығаны анық. Сонау Кеңес үкіметі кезеңінде де сауатсыздық деңгейі көп аймақтарда темен болды. Солардың бірі - Орал облысына қарасты Гурьев үйезі болатын. Өлкемізде сауатсыздық деңгейін жоюда көптеген қиыншылықтарды бастан өткерді. Мақалада сол кездегі сауатсыздық деңгейін жою барысы баяндалады.

Негізгі бөлім

Елбасының «Қазақстан-2050» стратегиясының халыққа Жолдауы барысында дамыған ірі мемлекеттердің қатарынан көріну аясында бірнеше мақсат айқындалған болатын. Сол мақсатқа жету үшін жеті ірі ұзақ мерзімді басымдықтарды іске асыру қарастырылды. Солардың айқын көрініс табатын бір сатысы - білім беру және машық. Заман талабына сай білім беру, кадр даярлау істері басты мақсаттардың біріне айналуы тиіс. Әлбетте қазіргі таңдағы білім беру жүйесіне айтарлықтай өзгерістер енгізілсе де, тарих қойнауына үңілмеу мүмкін емес. Солардың бірі Атырау облысының XX ғасырдың бас кезіндегі, яғни Гурьев үйезіндегі халық ағарту комитетінің атқарушы бөлімінің қызметін мұрағат қызметтеріне сүйене отырып, саралауға тырыстық.

Алғашқы кезеңде Қазан төңкерісінен кейін 1917 жылы білім беру жүйесінде айтарлықтай өзгерістер орын алды. Сол мезгіл қарсаңында Гурьев (қазіргі Атырау) Орал облысының құрамында болды. Алғашқы кезеңдерде халықты сауаттандыру темен дәрежеде болды. Кеңес үкіметі орнаған жылдардан бастап Гурьев үйезінде көптеген мектептер ашыла бастады. Сол мектептерді керекті құрал - жабдықтармен толық қамтамасыз ету мүмкін болмады, білім беру жүйесінде тапшылықтар етек жайған еді. Соның ішінде ең басты қиыншылықтардың бірі Гурьев үйезіндегіхалықтың қоныстануы тұрақталынбай, мезгіл сайын қолайлы аймақтарға көшіп- қонуы болатын. Сол себептен де алғашқы кезде халық ағарту ісінің мұндай өте ауыр жақтарына баса көңіл аударуға тура келді. Осындай жәйттан туындаған қиыншылықтарды шешу мақсатында көптеген елді мекендерде саралаушы комиссиялар құрылды. Олар Доссор, Қызылқоға, Сарайшық т.б. елді мекендерде жұмыс істеген болатын. Олардың негізгі мақсаты - халықты жаппай сауаттандыру ісі еді. Осы мақсатты жүзеге асыру барысында халыққа түсіндіру жұмыстары жүзеге асырыла бастады, осындай ұлы істерге өздері басшылық жасай отырып, сонымен қатар қазақ жастарының арасынан мұғалім даярлау ісіне де аса ерекше мән берілді. 1-кестеде көрсетілгендей, облыстағы халықтың сауатты бөлігі көбіне қалаларда және ірі елді мекендерде болды.

1 - кесте

Қалалар

Барлық тұрғындар

Олардың ішінде сауаттылары

Халықтың сауаттылық пайызы

Орал

33595

17294

51,4

Елек

4489

1437

32,0

Калмыков

1580

737

46,6

Жымпиты

1544

495

32,0

Гурьев

10152

3488

34,3

Қалалар бойынша барлығы

51310

23451

45,6

Уездер

Барлық тұрғындар

Олардың ішінде сауаттылары

Халықтың сауаттылық пайызы

Орал

91611

13062

14,2

Елек

71116

10915

15,3

Калмыков

53656

4632

6,6

Жымпиты

91404

1357

1,4

Селолар бойынща

307787

29966

9,7

Облыс бойынша

359147

53417

14,6

1920 жылы қаңтар айының 13 жұлдызында Гурьев үйездік халық ағарту бөлімі ұйымдастырылды. Құрамында 5 адам болды. Кейіннен ағарту ісінде жұмысшылар саны арта бастады. Жалпы мектептердің саны орыс - қазақ мектептері 11 болса, ал Ракуша, Доссорда 2, басқа өңірлерде 49 болды.Олардың ірілері болған Есбол, Жылыойқоса, Кермеқас, Сокол мектептері болды. Жалпы алғанда сол кезеңде қалада 11 мектеп, оның 1-уі екінші басқышты, содан соң 1921 жылдың қыркүйек айынан бастап 29 мектеп өз жұмысын жалғады. [1].

Азамат соғысы жылдары, сонымен қатар Кеңес өкіметінің әлі орныға қоймаған кезеңі қарсаңында, яғни 1921-1922 жылдары Гурьев үйезінде бірнеше қызметкерлер жұмыс жасаған болатын. Солардың бірі Альжев Филипп Тимофейұлы болған еді. Ол Қазан қаласындағы арнайы мұғалімдерді даярлайтын білім ордасын бітірген. Сол жылдары мектеп саласындағы жұмыс өтілі 17 жылды қамтыған.

Кеңес өкіметінің алғашқы кезеңдерінде өлкемізде көптеген мектептер ашылған болатын, бірақ кейбір аймақтардағы мұғалімдердің жетіспеуі салдарынан жұмысын бастамаған болатын. Орал губерниясына қарасты Гурьев үйезіндегі Сокол елді мекеніндегі қырғыз-қазақ мектебі сол жылдары өз жұмысын жасады. Ескендір, Әбілов, Сәрсен, Меңдігерей сияқты мұғалімдер сабақ берген. Ал Атырау үйезіндегі Қызылқоға болысындағы Қызылқоға орталау мектебінің іргетасы қаланып тұрса да, жұмыс жасауына көптеген кедергілер туу салдарынан жұмысын бастай алмады.

1920 жылы Орынборда бірінші тәжірибелік мектеп коммуна ашылған болатын. Ол қазақ халқының ұлттық ерекшелігіне сәйкес қызметін атқарды. Бұдан біршама жылдар аясында Қазақстан мектептерінде ішкі жұмыс тәртібі мен оқу процесін ұйымдастыру туралы Ереженің болмауы салдарынан мектеп жұмыстарының мазмұнына кері эсер етті. Соған сәйкесінше Қазан төңкерісінен кейінгі уақыттарда біздің өлкемізде ұлттық ерекшелікке орай оқу жоспары құрылымын жасауға, өзгерістер енгізуге аса мән берілді. Ол 1921 жылдан бастап бағдарламалық әдістемелік өз жұмысын Қазақстандағы Академиялық Орталық арқылы жүзеге асырды. [2].

20-жылдары өлкеміздің қазақ мектептері А.Байтұрсыновтың «Тіл құралы», М.Дулатовтың «Есеп», Б.Курбанғалиевтің «Хисаб маселелери», Есполовтың «География», Айбасовтың «Тіршіліктану» оқулықтарын пайдаланды.

Орыс мектептерінде Соколовтың «Ойын және еңбек», Е.Фортунатованың «Мектеп және деревня», Звягинцева-Бергдің «Ғасырлар және адамдардың еңбектері», Аржанов пен Пинневичтің «Табиғат және еңбек», С.Т.Шацкийдің «Мектеп және деревня» оқулықтары қолданылды. Мұғалімдер Ж.Аймауытовтың «Психология»,«Тәрбие жетекшісі», М.Жұмабаевтың «Педагогика», Жаленовтың «Есеп тану» оқу құралдарын пайдаланды. Сонымен қатар қазақ және орыс педагогтары өз жұмыстарына Пешковскийдің және Ушаковтың «Ана тілінде әңгіме әдісі», Феноменконың «Деревняның қоғамдық өмірі», Рабиновичтің «Азат еңбек», Беляевтың «Кластан табиғатқа» әдістемелік басшылықтарын қолданды. Мұғалімдер санының жыл санап үздіксіз өсумен қатар, мектептер мен оларда оқитын оқушылар саны да арта бастады. Мысалы, 1922-1923 оқу жылы Гурьев үйезінде мынадай мектептер және мұғалімдер болды [3].

2- кесте

Мектептер

Бірінші саты мектептері

Екінші саты мектептері

Мұғалімдер саны

Қалада

8

1

29

Ауылда

44

2

65

Барлығы

52

3

94

Жоғарыда айтып өткендей Гурьев үйездік халық ағарту бөлімі 1920 жылы құрылса, кейіннен сол күйі 1923 жылға дейін Орал атқару комитетінің бөлімі болып қайта құрылған кезге шейін сақталған болатын. Сол жылдар аралығында мұғалімдер арасында жоғары білімділер аз болды. Тәжірибелі ұстаздар қатарынан Захарова Нина Алексеевна, Землянушева Екатерина Константиновна, Харкин Михаил Филиппович және т.б. керуге болады. [4].

Землянушева Екатерина Константиновна білім жолындағы алғашқы еңбегін Гурьевтегі екі кластық әйелдер училищесінің меңгерушісі болып бастаған болатын. Петербургтегі Бестужевтер курсын тәмамдап келген ол 1918 жылы Гурьев гимназиясында тарих пен психология пәнінен сабақ бере бастады. Кейіннен екі сатылы мектепте ұстаздық еңбегін жалғастырды.

Азамат соғысы жылдарында және соғыстан кейінгі кезеңде де мұғалімдердің әл-ауқаты қиын болды. Соған орай мұғалімдердің басқа салада қосымша қызмет етуіне тура келді [5].

Сонымен қатар бұл кезеңде тек мұғалімдердің әл-ауқаты емес, балалардың көптеп ауруға шалдығуы сияқты жәйттар орын алды. Бұл жәйт мұғалімдердің қосымша балалар үйіне жұмысқа орналасуына мүмкіндік туғызды.[6]

Барлық мектептер мен оқу бөлімдеріндегі жағдай бірдей дерлік болды. Мектептердегі оқу-тәрбие жұмысы тыңғылықты деңгейде жүргізіліп отырды. Оған дәлел Қызылқоға ауданында жұмыс жасаған Қаракөл мектебі 1925 жылға дейін 1- басқышты мектеп болды, 1925 жылдан бастап бұл аймақта 5-6 кластар ашылды. Мектеп қабырғасынан республикаға, облысқа белгілі адамдар оқып, өз білімдерін жетілдірген болатын. Бұлардың қатарынан белгілі ғалымдар, қоғам қайраткерлері, заң, медицина, білім саласына еңбегі сіңген адамдар болды. Қазан төңкерісінен кейінгі жылдарда бітіргендер арасынан Шолақ Артығалиев облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болса, Масат Құрманғалиев облыстық оқу бөлімінің бастығы қызметін атқарды. Қазақстан ғылымының дамуына мектеп түлектері, академик - жазушы Зейнолла Қабдолов сияқты біртуар азаматтарымыз, ғалымдарымыздың ерен еңбектерін ерекше атап өтуге болады.

Жоғарыда атап өткеніміздей кеңес үкіметі басқаруының алғашқы жылдарынан бастап мектеп ісін көтеруде үлкен қиыншылықтар кездескен болатын. 1923 жылы газет бетінде жарияланған А.Байтұрсыновтың «Қазақ арасында оқу жұмыстарын қалай жүргізу керек?» деген мақаласы өз заманындағы қиыншылық тығырынан шығатын жол еді. Мақалада мемлекет тарапынан бөлінетін қаржы мұғалімдердің бір бөлігінің де шығынын көтере алмайтыны, оқу ісін дамытуға қажеттілігі, ал «оқудың мезгілі өтіп бара жатыр, балалардың бір жыл болса да оқусыз қалулары үлкен зиян екендігі» нық сеніммен айтылған болатын. «Бұдан былай ұйқыны қою керек. Енді бұл жұмысқа халықтың өзі Kipicnece болмайды», - деген болатын А.Байтұрсынов [7].

20-жылдары мектептерді және білім деңгейін көтеру үшін біраз шаралардың жүзеге асқанын көреміз. Бұған дәлел 1921-1929 жылдары Қазақстандағы бастауыш мектеп оқушылары қатары 172 мыңнан 277 мыңға, оның ішінде қазақ балаларының саны 37,9 мыңнан 99,7 мыңға көбеюі. Батыс Қазақстанда мектеп оқушыларының саны екі есе көбейіп, 40 мыңға жетті. Бірақ, өкінішке орай, мұғалімдердің білім деңгейі өте темен болды. 1926-1927 оқу жылында республика мектептерінде 7,2 мың мұғалім еңбек етсе, олардың 37 % - ындағана орта білім бар еді [8].

Кеңес үкіметі мұғалімдердің әл -ауқатын жақсарту үшін қолдан келгенше тырысқан болатын. 1927 жылғы 11 шілдеде қабылданған Бүкілресейлік Орталық Атқару комитеті мен РСФСР Халық комиссарлар кеңесінің қаулысымен көп жыл қызмет еткен мұғалімдердің еңбек ақысы арттырылып отырды. Арада екі жыл уақыт өткеннен соң Қазақстанға байланысты шешім бұларға зейнетақы тағайындауды анықтады. Балаларды толықтай сауаттандыру сол мезгіл қарсаңында көтерілмесе білімді де білікті етіп шығару ол кезде мүмкін болмас еді. Мектеп табалдырығын көрмеген, аяқ баспаған балалар көптеп кездесті, соның салдарынан сауатсыздық деңгейі артылмаса кеміген тұсы байқалмады. Соған орай 1933 жылы қаңтарда өлкелік партия комитеті Оқу комиссиаратының баяндамасына сүйене отырып қаулы шығарған болатын. Құжатта мектеп ісіндегі кемшіліктер сыналып, алдағы міндеттер белгіленді. Оқулықтар шығару мен мұғалімдердің біліктіліктерін көтеру, мектеп жүйесін дамыту, аудан орталықтарында төрт жылдық қазақ мектептерін ашу, жасөспірімдердің сауатсыздығын жоятын біржылдық мектептер құру көзделді.

Қорытынды

Қорыта айтқанда, өз заманы кезеңінде Гурьев үйезі халқы жаппай сауатсыздықты жою жолында қызмет атқарды. Олар алға қойған мақсаттарын жүзеге асыруда көптеген қиыншылықтармен бетпе-бет келді. Атап айтсақ, құрал- жабдықтардың жетіспеуі, мамандардың тапшылығы, мектеп ғимаратының болмауы және т.б. Дегенмен бұлар сауатсыздықты жоюға еш кедергі келтіре алмады. Аянбай тер төгудің арқасында сауатсыздық түп тамырымен жойылып, халықтың жаппай бөлігі орта білімді меңгерді. Қәзіргі таңда да өлкемізде білім сапасы көтеріліп, жоғары білімді игерген ұрпақтар қатары артуда. Болашақта жаңа заман талабына сай білім сапасының үздіксіз дами түсетініне сенеміз.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Атырау облыстық мемлекеттік мұрағаты (одан кейін, AtOMM.- Е. M.), 131 қ., 163 іс.
  2. Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік мұрағаты (одан кейін, ҚРОММ.) 81-қ., 534-іс.
  3. ҚРОММ. 81-қ., 919-іс.
  4. AtOMM.- Е. M., 131-қ.ДЗ-ІС
  5. ҚРОММ. 81-қ., 317-іс
  6. AtOMM-E. M., 131-қ., 314-іс.
  7. Байтұрсынов А. Ақ жол. Алматы, 1992 - 3226
  8. Сембаев Ә. Қазақ совет мектебінің тарихы. Алматы, 1966 - 227 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.