Салауаттылық және жеке тұлға

Андатпа

Осы мақалада жеке тұлғаның адамгершілік құндылықтарына негізделген салауатты тұлғасын қалыптастырудың өзекті аспектілері қаралған. Салауатты тұлғасының тұжырымдамасы мен құрылымына, оның негізгі элементтеріне әртүрлі тәсілдер, даму факторлары және шарттары көрсетілді. Салауатты тұлғаны тіршілік тұрғысынан оның бағдарлау қабілетін, мінез-құлқын және танымдық сипаты қарастырылды. Жеке тұлғаның салауатты тұлғасын қалыптасыруда маңызды рөлін атқаратын қоршаған орта жағдайы, бүкіл тәрбие жұмысы және адамның өзіне қатынасы қаралды. Мақалада адамгершілік құндылықтардың ұлт зиялыларының мұраларының және өскелең ұрпақтың тиісті тәрбие мәселелерін талдау тұрғысында Қазақстандағы адамгершілік құндылықтарға назар аударылды. Қорытынды да салауатты өмір сүрудің жеке тұлға үшін маңызы бойынша ұсыныстар берілді.

Kipicne

Елбасының «Қазақстан-2030» Жолдауында ұзақ мерзімді басымдықтардың бірі - «Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты» тармағында,

«...азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сай болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін» азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттігі көрсетілген. Сонымен қатар, бұл стратегиялық бағдарламада: «Салауатты, әрі гүлденген экономика құрмайынша біз қуатты мемлекет пен қарулы күштер құра алмаймыз, демографиялық, экономикалық және әлеуметтік міндеттерді шеше алмаймыз, әрбір адамның жеке басының қадір-қасиеті мен әл-ауқатын арттыра алмаймыз»- деп Елбасы ойын түйіндейді [1].

Сонымен, Елбасының жолдауын Қазақстан азаматтарының денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын ынталандыру егемендіктің кілтін ұстар жастардың болашағына апаратын, алтын сүрлеу десе болады.

Негізгі бөлім

Салауатты өмір сүрудің негізгі принцип! - еш ауруға шалдықпай, дертке жеткізбей-ақ, алдын-ала мол денсаулық көзін ашу[2]. Баяғыда Лұқпан Хакімнен: «Өмірде байлық қымбат па, жоқ даңқ қымбат па?» деп сұраған екен. Ол біраз ойланып тұрып: «Байлық та, даңқ та адам баласын бақытты ете алмайды. Біле білсеңдер ауру ханнан дені сау қайыршы бақытты. Ал бақыт дегеніміз не? Әрбір адамзат өзінің күш- жігерін халқына, өз еліне, ұрпақ тәрбиесіне жұмсап, ақылды, парасатты және денсаулығы зор болса ғана бақытты», - деген екен[3].

Бақытты адам өзінің жұмысқа деген ынтасын, санасын, рухани байлығын өмір бойы дамытып, еңбекке араласады. Тек қана дені сау адам өзінің үнемі ой-өрісін кеңейтіп, өмірдегі мақсатына жетеді. Міне, денсаулықтың приципі де осында. Ешкімнің денсаулығына ешкім көмектеспейді және бәрін сатып аламын деген принцип те құр ұрандау болып табылады.

Салауатты өмір сүру үшін тіршіліктің күресі тек қана ағзаның биологиялық өзгерістері ғана емес, сонымен қоса әлеуметтік маңызы зор құбылыс. Бұл күрес адам баласына туған күннен бастап өмір бойы тоқтамай, оның тіршілік қабілетін жоғалтпай жасының ерекшелігіне қарай қызмет етеді. Бұл құбылыстың барлығын ағзаның орталық жүйке жүйесінің ең негізгі реттеуші бөлігі мидың адам өмірінде атқаратын қызметі - тіршіліктің негізгі көзі[4].

Ми - жүйке жүйесіндегі негізгі орталық. Ми ағзаның барлық жүйке талшықтарымен екіжақты байланыста болатындығын әрқайсысымыз жақсы білеміз. Демек, біріншіден байланыс ағзаның ішкі құрылысында не болып жатқанын хабарласа, екінші байланыс, сыртқы құбылыстың ағзаға тигізіп жатқан әсерін хабарлайды. Осы үрдіс арқылы ағзаның дұрыс та бірқалыпты сау болуын әркім бақылап отырады. Демек, ағзаның іштегі, болмаса, сырттағы бір мүшесі зақымдалса, осы байланыстың арқасында ғана ауру, я сау екенін біліп отырады.

Мидың екінші бір негізгі міндеті - ағзаның жұмыс жүйесін, демалысын реттеп отырады. Міне, салауатты өмір сүрудің негізгі принцип! - осы екі жүйе дұрыс қалыптасып, тепе-теңдікте болған жағдайда ғана адамның өмірі ұзаққа созылады. Ал, бұл жүйе бұзылған жағдайда, орталық жүйке жүйесінің жұмыс қабілеті төмендейді. Бұны адамның алғашқы ауруға шалдыққаны деп білуіміз керек. Бұл жүйкенің тоза бастағаны: ұйқы бұзылады, бұл негізгі тепе-теңдіктің бұзылуы, артық сөз айтып, қызбалыққа ұрынады. Осыдан барып, адам азып-жүдеп, әр түрлі ауруларға шалдығады. Бұл жағдай ең алдымен жүректің, қан қысымының өзгеруіне әкеліп соқтырады.

Міне адам баласының қандай да бір ауруға шалдығуының себебі, жүйке жүйесінің бұзылуына байланысты деп тұжырымдаған жөн. Сондықтан, баланы жастан дегендей, жас ұрпақты тәрбиелегенде жүйкесін тоздырмауды әрбір ата-ананың білуі міндетті.

Жер шары халықтарына әлеуметтік-гигиеналық зерттеу жүргізу нәтижесінде жинақталған орасан көп құжаттарды талдай келіп, дуниежүзілік денсаулық сақтау

ұйымы, мынадай төмендегідей тұжырым жасады. «Жер шарының халықтарының денсаулықтарының сақталуының 49-53% адамдардың салауатты өмір сүру салтына байланысты екенін анықтады. Бір сөзбен айтқанда адамдардың өз денсаулығына деген көзқарасына байланысты, ал 17-20% әлемдік экологиялық факторларға байланысты, әдетте әлемдік экологиялық фактор үнемі өзгеріп отыратын табиғи қүбылыс, оны мөлшердең тыс өзгертетін адамдардың өздері (антропогендік фактор). Әсіресе, тәрбиесі мен түсінігі аз адамдар табиғи экологияны үнемі бұзып жіберіп отырады. Ал 18-22% тұқым қуалайтын себептерге байланысты (оны генотиптік себеп деп ғалымдар есептейді), 8-10%

Kipicne. Бүгінгі таңда бізді ойландыратын өзекті мәселелердің бірі - бұл адамның өз-өзіне қол жұмсауы (суицид). Соңғы кездері кейбір үлкендердің, жастарымыздың психологиялық күйзелісті (стресс) бастан кешіріп жүргенін жиі кездестіреміз. Психологиялық ауруы асқына берсе, ол адамның өмірге деген құштарлығы жойылады, өлімнен басқа мына әлемнің ешқандай проблемасы қызықтырмайды. Бұл дерттен айығуға ұзақ уақыт, психологиялық тұрғыдан көмек керек.

Өз-өзіне қол жұмсау әрекеттерге барудың негізгі психологиялық факторлары: көңіл-күйдің төмендігі, жақын адамның өлімі, жанұядағы келеңсіз жағдайлар (түсініспеушілік, қызғаныш, алдану, т.б.), бопсалау, әлімжеттік жасау, қорқыту, қаражатқа байланысты қиыншылықтар, бақытсыз махаббат, сексуалдық сәтсіздік т.б. Осы жағдайларды басынан кешкен жандар өз-өзіне қол жұмсап, сәл қиындық кездессе кейбір жастарымыз шыны сияқты шытырлап сынып қалуға, ажалды еш үрікпей күтіп алуға әзір тұрады. Жүйкесі жұқарған ұрпақтың қатерлерге қарсы тұра алмайтыны мәлім. Бүгінгі таңдағы өте салмақты мәселеге айналған осынау дертті әркім әрқалай қабылдап, өз алдына топшылайды. Бірі - заманның өзгеруі десе, екіншілері - әлеуметтік жағдайдың қиындығынан, не болмаса, денсаулықтың салдарынан деп таниды.

Негізгі бөлім

Адамның өмірден баз кешіп, өзіне қол салуға баруының негізгі себебі психикасының бұзылуынан деп жатады. Суицидтің белең алуына қарап, жалпы қоғам психикасының әлсірегенін сезуге болатындай. Бізде ақыл-ойы, жүйкесі зақымданған адамдар ғана өз-өзін өлтіреді деген қате түсінік қалыптасып қалған. Ал шындығына келеек, суицид оқиғасы психикасы бұзылып, ойлау жүйесі сыр берген жандардың арасында емес, керісінше дені сау адамдар арасында көптеп кездеседі. Қоғамда кең айтылатын пікірге сүйенсек, психикасы сау адамдар өмірден түңіліп, қиыншылықтарға душар болғанда осындай қадамға барады. Мұндай жағдайлар адам өмірінің кез келген кезеңінде байқалады. Соның ішінде жасөспірім кезеңін алып қарайтын болсақ, мұнда суицидалдық мінез - құлықтың кейбір өзгешеліктері болады. Жасөспірмдер арасында ересек балаларға қарағанда өзін - өзі өлтіруге әрекет жасау жиі кездеседі. Бірақ олардың азғана бөлігі өздерінің қойған мақсатына жетеді. Суицидалдық мінез - құлық бұл жаста көп жағдайда демонстративтік сипат, сонымен бірге байбаламдық сипат алады [1]. А.Е.Личконың көрсеткеніндей, тек қана жасөспірімдердің 10 пайызы ғана шынайы өлгісі келетін ниет білдірсе, ал 90 пайызы көмекке шақырған жанайқайы.

Балалар депрессиясының белгілеріне әрбір ұсақ- түйекке мән берушілік, іш пысу мен шаршағандық сезімдері, айтқанды тыңдамау мен айқай - шу, жанжал көтеруге дайын тұрушылық, ішімдік пен есірткіні пайдалану жатады.

Депрессияның деңгейі көп жағдайда суицидалдық қорқыныштың шынайы көрсеткіші болып келеді. Жалпы айтқанда, жасөспірмдер арасындағы суицидалды мінез - құлыққа өз құрбылары мен ата - аналары арасындағы жеке қарым - қатынастардың да ықпалы әсерін тигізеді. [2]

Эр суицидтің шығу себебі бар. Бірақ көп жағдайлардағы себеп ондай адамдардың өмірдің қиыншылықтарын дұрыс тусінбеулерінде болады. Бұлар басты себептері. Ал басқа себептердің барлығы осы басты себептерге тікелей тәуелді.

Ренжу. Кейде жасөспірімдердің арасындағы суицид ата-анасына ренжудің салдарынан болады. Бірақ сондай ардақты жандарға ренжіп өзін-өзі өлтіру де жан дүниесінде кемістігі бар адамның істейтіні болса керек.

Қателік. Өмір болғаннан соң қиындығы мен қызығы қатар жүреді. Қателіктерге ұрыну барлығымыздың табиғатымызда бар нәрсе. Қандай қателік жасасақ та суицидпен шешімін табуымыз дұрыс емес.

Суицид (лат. өзін - өзі және өлтіру) - алдын-ала ойластырылып өзіне жасалған қастандық немесе өзін - өзі өлтіру. Американдық суицидолог Э.Шнейдман суицид психологиялық қажеттіліктер фрустрациясының нәтижесінен болатын ауыр жан күйзелісі ауруынан туындаған аутоагрессия түрінде көрінеді деген. [3] Шынында да, өз - өзіне қол жұмсаушылар кейбір өмірдегі қиын жағдайларды өте ауыр қабылдайды:

Бүгінгі таңда суицид тақырыбының өзектілігі сондай, соңғы уақыттарда суицидтің болмысын, себебін, оның пайда болу шарты мен факторларын түсінуге, сонымен қатар оның алдын - алудың тиімді моделін қарастыруға зерттеушілердің қызығушылығы арта түсті.

Тәуекел тобына енетіндер:

  1. Қиын жасөспірімдер. Өзін - өзі жүзеге асыру және өзін - өзі бекіту мәселелері жасөспірімдердің ортасында маңызға ие, ал алкоголь және нашақорлық заттарды пайдалану импульстердің аяқ астынан пайда болу мүмкіндіктері күшейтеді.
  2. Тұқымқуалайтын суицид. Мұндай отбасының балалары өз туыстарының өмірлік сценарийімен өмір сүруі мүмкін.
  3. Мүгедек - балалар, өз денесінің кемтарлығынан зардап шегушілер.
  4. Өзін - өзі бағалаулары темен балалар, тез ренжігіш, депрессиялық күйге жеңіл түсетіндер. [4]

Жасөспірімдердің суицидке бейімділігін көрсететін белгілер:

  • үрейлі-ажиотажды мінез-құлық, асығыстық, мазасыздық тән;
  • ұзақ уақыт ұйқысының бұзылуы: катаклизмалар, катастрофалар, авария немесе жыртқыш аңдарды жиі түсінде көруі;
  • аффект қысымы, сыртқы белгілеріне еш себепсіз агрессиялы іс-әрекеттер жатады;
  • депрессия, апатия, сөйлемеу: жасөспірім еш нәрсе жасағысы келмейді, міндеттерден бас тартады, уақытты мәнсіз өткізеді, мінез-құлқында бей- берекетсіздік, ұйқышылдық көрінеді;
  • өзінін қалыптаспағандығы үшін, өзі үшін ұялу, кінәні сезіну, өз-өзі сенімсіздік. Бұл синдром көңіл аударалық сотқар мінез-құлықпен көрінуі мүмкін;
  • соматикалық эндокрин және жүйке-психикалық бұзылыстармен өтетін қиын пубертат кезең;
  • алкоголь қолдану, токсикомания, нашақорлық.

Суицидалды жасөспірімнің сыртқы жағдайлары:

  • жайсыз отбасы: ауыр пихологиялық ауа-райы, ата-аналардың дау- жанжалы, отбасындағы алкоголизм, ата-анадан айырылу;
  • жасөспірімнің қараусыз қалуы, жасөспірімге бағыт көрсетіп, жол сілтейтін ересек адамның болмауы;
  • жасөспірімнің отбасындағы жайсыз орны: шеттету, шектен тыс қамқорлық, қаталдық, жасөспірімнің әр әрекетіне сынай қарау;
  • жасөспірімнің достарының болмауы, оқу тобында шеттетілуі;
  • оқуда, қарым-қатынаста, туыстар мен ересек адамдармен тұлғааралық қарым-қатынасында сәтіздіктер кезегінің болуы. [5]

Өзіне қол жұмсаудың мүмкін болатын мотивтері

Көмек іздеу - өзіне қол жұмсауды ойлайтындардың көбісі өлгілері келмейді. Өзін-өзі өлтіруді олар бірнәрсені алу үшін құрал ретінде пайдаланады (мысалы, өзіне назар аудару, сүйіспеншілік, махаббат, проблемалардан құтылу, үмітсіздік сезімінен арылу...).

Үмітсіздік -өмір мәнсіз, болашаққа үміт артуға болмайды. Өмірді жақсартуда өзгерістер енгізуге еш үміттің жоқтығы.

Проблеманың көптігі - барлық проблемалардың шешілмейтіндей көрінетіндігі соншалықты, оларды бір-бірлеп шешуге ойды шоғырландыруға мүмкіндіктің жоқтығы.

Басқа адамға қатер төндіріп, жанын ауыртуға әрекет жасау - «Олар әлі өкінеді». Кейде адам, өз-өзіне қол жұмсау арқылы ол өзімен проблемаларын алып кетіп, отбасына жеңілдік жасаймын деп ойлайды.

Батылдығы мен күшін көрсету-тек батыл және күшті адам ғана өз-өзіне қол жұмсауға қабілетті деген ұғым қалыптасқан. [6]

Қазіргі қоғамда тұлға жалғыз. Әсіресе сенімі, салт - дәстүрі, адамгершілігі, қызығушылытары әр түрлі болып келетін ірі қалаларда. Тұлға қызығушылығы қоғам қызығушылығымен сәйкес келмей жатады, осыдан қиын өмірді жеңудегі мотивтерінің бірі жойылады. Қоғам қызығушылығы болмайтын және тұлғаның өзіне ауыр тиетін қайға үшін қайғырудың мәні болмайды. Қайғы үшін өмір сүрудің ешқандай мәні жоқ.

Осылайша, Т.А.Сорокин бойынша жалғыздық, тұлғаның қоғамнан бөлінуі, өмір ағысының жылдамдығы, діни сенімдердің төмендеуі мен қоғамның бүлінуі, өмірдің тұрақсыздығы мен тең болмауы - бұлардың барлығы өзін-өзі өлтірудің дамуына қолайлы эсер етеді. Мұндай жағдайда адам өзіне қол жұмсау үшін кішкене ғана жағымсыз оқиғаның өзі жетіп жатыр. [7] Сондықтан былай деп қорытындылайды: «Өзін-өзі өлтірудің қайнар көзі - адамды жалғыздыққа ұшырататын бізді қоршаған ортаның жеткіліксіз ұйымдасуы болғанда, онда өзін - өзі өлтірумен күресудің міндеті ұжымды тұлға жалғыздығын азайтатын, қызығушылықтары мен мақсаттары ортақ топ болатын оң бағытқа өзгертуі тиіс». Мұндай ой - тұжырым тек қоғам ұжымына қатысты айтылып қоймаған, сонымен қатар ол отбасыішілік, өндірістік, тұлғааралық және т.б. қатынастарға қатысты айтылған. Адам басына қайғы төнген кезде жақындарының, достарының, жұмыстастарының дер кезіндегі қолдауы қайғысына ортақ болуы өте қажет және ауыр ойлар мен қайғыруы ұмыттыратын, не үшін өмір сүріп жатқандығын көрсететін бір жұмыстың болуы маңызды.

Қорытынды

Анықталғандай, балалардың бақытсыздығына, олардың өз-өзіне қол салу әрекеттеріне баруына көп жағдайда отбасындағы жайсыздық пен мектепте түсінбеушіліктің орын алуы себеп болады. Балаларға жай ғана киімін, тамағын тауып беру аз, олар үнемі ата-ананың жылуын сезініп, жақсы көретінін біліп өсуі тиіс. Ал әке-шеше өз дәрежесінде көңіл бөлмейтін бала ешкімге керексіздігін түсініп, психологиялық стреске тап болады. Әсіресе, 13-17 жас аралығындағы жасөспірімдер өте әсершіл, кез-келген нәрсені жүрегіне тез қабылдағыш келеді. Түсіністік болмаған жағдайда осы жас аралығындагы балалар түрлі жағдайларға ұрынып жатады. Олардың сабаққа құлқы болмай, өзге оқушылармен де қарым-қатынасы нашарлап кетеді. Өзін ұстауы мен мінез-құлқында өзгерістердің орын алуы мұғалімді де, ата- ананы да алаңдатуы тиіс. Осы өзгерістерге бей-жай қарамай, психологтың көмегіне жүгіну арқылы көптеген проблеманың алдын-алуға болады.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Төленияз Г.І. Ауытқушы мінез - құлық себептері // Ұлағат. 2003. - №4.
  2. Алексеева В. Суицид // Психология. Социология. Политология. №10.2007ж.
  3. Шамұратова Қ.Ш. Суицидтің алдын - алу бойынша психологиялық қызметті ұйымдастыру. - О.: 2008ж.
  4. Напрасная смерть: причина и профилактика самоубийств. Под. редакцией Д.Вассерман. Пер. с.англ. - M.: Смысл, 2005
  5. Немов Р.С. Психологическое консультирование. - M.: 2003ж.
  6. Нұрбаева Н. Балаларда ауытқушылықтың себептері мен факторлары // Ұлағат. № 5.2004.
  7. Абрамова Г.С. Практическая психология. - M.: 2003.
Жыл: 2017
Қала: Атырау
Категория: Педагогика