Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Шет тілін оқытуда tipek белгілерін қолдану мәселесі

Аңдатпа

Бұл мақалада шетел тілін оқытуда тілдік тіректер арқылы оқушылардың фонетика және лексико-грамматикалық дағдыларын қалыптастыра отырып, еркін сөйлеуге, өздігінен сөйлемдер құрай білуге үйрету, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың маңыздылығы туралы айтылады.

Kipicne

Қазақстан Республикасының «Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының» білім алушылар мен тәрбиеленушілердің дайындық деңгейіне қойылатын талаптар бөлімінде «... Міндетті оқу пәндері бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер жалпы орта білім берудің базалық мазмұнын анықтау үшін негіз болып табылады» - деп көрсетілген [1]. Бұл шетел тілін оқыту барысында да басты мақсат - оқушыларға шетел тілінде қарым-қатынас жасауды базалық деңгейде игерту деген сөз. Уақыт талабы мұғалімнен сабақты қызықты, тартымды өткізе білуді, шығармашылық ізденісті, білімділікті, тапқырлықты қажет етеді. Оқушылардың белсенділігіне, жеке дара жұмыстануын ынталандыруға, жеке көзқарастарының қалыптасуына, дамуына, оқу еңбегінің тиімді нәтижесіне басым назар аудару маңызды.

Өйткені қазіргі нарық жағдайында шетел тілін, оның ішінде ағылшын тілін меңгеру, шетел тілінде сөйлей білу өмірдің өзекті мәселесіне айналды. Сондықтан өсіп келе жатқан ұрпаққа шетел тілін оқытуда әр түрлі әдістемелік жаңа тәсілдерді түрлендіре, күрделендіре түсу қажеттілігі туындап отыр.

Шет тілін оқыту үдерісінде ауызша сөйлеуге үйрету ең күрделі міндеттердің бірі. Ауызша сөйлеуге оқытудағы қиындықтардың негізгі себебі: меңгерілуі тиіс тілдік материалдарды оқушының танып, білуінде ғана емес, оны мүлде жаңа тұрғыдан - белсенді қарым-қатынас құралы ретінде меңгертілуінде.

Сөйлеу - өте көп аспектілі және күрделі құбылыс. Ол адам өміріндегі қарым- қатынас құралдарынцң функциясын атқарады. Олар:

  • Біріншіден, Түсіну, бұл, ең алдымен, оқушыларға жақсы оқу үшін қажет.
  • Екіншіден, сөйлеу - бұл адам қызметінің дәйекті түрлерінің бірі.
  • Үшіншіден, сөйлеу қызметінің нәтижесінде оның өнімі - пікір пайда болады [5].

Мектептегі шет тілі пәнін оқытуа оқушылардың шет тілінде қарым-қатынас жасау қабілетін меңгертуге бағыттау талап етіледі. Міне, оқушылардың өзара ауызша сөйлесе білуі - шетел тілдерін оқытудың бірден-бір өзекті мәселесі. Әрине, бұл мәселе көптеген педагогтардың, психологтардың, әдіскерлер мен оқытушылардың, практиктердің назарын аударды.

Мысалы, педагогикада гуманистік білім беру концепциясы әзірленді (Дж. Дьюи, Маслоу, Роджерс, Я. А. Каменский, т. б.), субъект және олардың өзара әрекеттесуі зерттелді (И. И. Рыданова, М. В. Ляховицкий т. б.).

Психологияда қарым-қатынастың интерактивті аспектілері терең талданған, оқытылады (Г.В. Андреева, И. А. Зимняя).

Жеке тұлғаға бағытталған тәсілдер шеңберіндегі әдістемеде жаңа әдістер, оқушылардың оқу-танымдық қызметін жандандыру әдіс-тәсілдерді бар (М. Л. Вайсбурд, Р. П. Мильруд, Е. И. Пассов, Е. С. Полат және т. б.); тұлғааралық өзара іс- қимыл стратегиясы мен тактикасы жасалған (Н.Р. Аниськович және т. б.).

Алайда, оқушылардың шет тілі сабақтарында ауызша өзара сөйлесу іс- қимылдарын ұйымдастыру мәселелері толық зерделенбеген; оқушы белсенділігінің көптеген резервтерін жандандыру дәйекті қолданыс таппай отыр.

Негізгі бөлім

Қарым-қатынас үрдісі, негізінен тәуелді жағдайларға байланысты лексикалық, грамматикалық дағдыларды қолдана отырып жүзеге асуымен сипатталады, өз ойларын берілген тапсырмаларды шешу мақсатында кенеттен құрылатын қарым-қатынас.

Сөйлеу, әсіресе монолог түрінде сөйлеу, оқушыларға үлкен қиындық тудыратыны сөзсіз, сондықтан түрлі әдіс-тәсілдерді тиімді қолдна білудің маңызы зор. Солардың бірі, оқушының сөйлеу қабілетін дамуытуға бағытталған тірек сигналдарының қолданылуы. Ол жанама кеңес түрінде әр түрлі таңбалар, белгілер, кодтар, символдар, жекелеген түйін сөздер, қарапайым суреттер немесе шартты белгілер арқылы беріліп, сөйлеу тәжірибесіне дағдыландырып, тілдік құрылымдар тұрғысында ойлау әрекетін қалыптастырады.

Ti рек сигналдарын пайдалану үрдісі оқу материал ын қабылдауды жеңілдетеді. Тірек сигналдары арқылы оқыту мұғалімді де, оқушыны да шығармашылыққа бағыттайды, тіректер арқылы тақырыпты толықтыруға, қайта өңдеуге, оларды қажетті жерінде өзгертуге мүмкіндік береді. Мектепте бір тақырыпқа 2-3 сағат бөлінеді: оқушылар жаңа лексикалық бірліктермен, жаңа сөздердің айтылуы және орфографиялық қолданысы, лексикалық бірліктердің грамматикалық құрылымдарымен таныстырылады. Сабақты қортындылау кезеңінде тақырып бойынша жұмыс жасауда тірек сигналдары қолданылады. Сабақтың тақырыбына сай тірек сигналдарын қолдана отырып оқушыларға сауалнама қоюмен басталғаны дұрыс. Озат мұғалімдердің тәжірибесін басшылыққа алатын болсақ, алдымен күшті оқушыларға сауал қойып, олардың тірек сигналдарын қолданудағы жақсы дайындығына көз жеткізгеннен кейін, оларға сабақта кеңесшілер ретінде атсалысып отыру ұсынылады. Кеңесшілер сыныптастарының жауаптарын мұқият тыңдап, олардың білімдерін бағалауы тиіс [8].

Шет тілі сабақта рында тірек сигналдарын қолданудың түбегейлі айырмашылығы, оқушының мәтін мазмұнын аса түсінбесе де механикалық тұрғыда жаттап алып, айтып беруі емес, грамматикалық формаларды өзі құрастырып, мәтінді тап солай айтып бермей, өз түсінігімен байытып, ойын жеткізе білуінде. Әрине, егер оқытушы оқу процесінде шет тілін оқытудың озық тәжірибелері мен басқа да прогрессивті әдістерді кешенді түрде қолдана білсе, солармен тіндестірілген тірек әдісін қолдану да неғұрлым жақсы нәтижелер береді.

Тірек сигналы оқушының тақырып мазмұнына сай сөйлеуін, өз ойларын толық, терең және дәл білдіруін қамтамасыз етеді, ой өрісін басты мәселеге шоғырландыруға ықпал етеді. Оқушының берілген тапсырманы мақсатты қабылдап, ой елегінен өткізіп, тіректер арқылы сөйлеу іс-әрекеті барысында шығармашылықпен қайта өңдеп, орындауы, жаттығулар жүйесін саналы түрде меңгеруіне автоматтандырылған жолмен қол жеткізуге мүмкіндік береді, олардың логикалық ойлау әдісін кеңейтіп, өз бетінше жұмыс істеу қабілетін арттырады және шетел тілінде сөйлеуге үйретудің ең ұтымды жолы болып табылады.

Статистикаға жүгінсек, тіректердің алуан түрлері мен жіктелімдері бар. Әдетте тірек сигналдарын мынадай түрлерге бөледі: сөздік (вербалды) және көру (көрнекілік). Олар:

  • " Вербалды мазмұнды: шағын мәтін; мәтін жоспары; логикалық- синтаксистік сызба; толық жоспары.
  • " Вербалды мағыналық: ұран; афоризм; нақылдар.
  • " Бейнелеу мазмұнды: кинофильм; диафильм; фотосуреттер; суреттер.
  • " Бейнелеу мағыналық: диаграмма; кесте; схема; цифрлар; плакаттар.

Сондай-ақ, сөз тіректерінің төмендегідей классификациясын ұсынуға болады:

І.Логикалық сызба. Бұл сызба сөйлемдердің бірізділігін, дәйектілігін көрсетіп, ең бастысы мазмұнды болжауға, айтылуды жоспарлауға және лексикалық, грамматикалық толықтырылуына, стилистакалық өрнектелуіне бағытталады.

  1. .Логика-мағыналық сызба. Мұнда сұрау сөздердің бірізділігі сақталады. мысалы: Who? Where? Where?
  2. .Структуралық сызба. Мұнда айтылатын сөздің логикалық, синтаксистік құрылымына және морфологиялық ерекшеліктеріне назар аударылады.
  3. .Тезис не сұрақ түріндегі жоспар.

Б.Сөзді бастауға және аяқтауға байланысты тілдік тіректер [9].

Жоғарыда айтылған тілдік тірек түрінің барлығы да айтылмақшы сөздің жалпы бағытын, мазмұнын, жоспарын бағдарлауға мүмкіндік береді. Олар айтылатын сөздің немесе мәтіннің логикалық құрылымын, сапалық және сандық толықтығын қамтамасыз етуі тиіс.

Ауызша сөйлеуге үйрету шетел тілім оқытудың ең қиын аспектісі болып саналатындықтан, ең негізгі мақсат - естігенін түсіне білуге үйрету. Түсінуді тексерудің ең басты бөліктерін - сурет арқылы, екіншіден - жауап беру арқылы жүргізуге болады. Сурет арқылы үйрету кезінде қажетті суретті таңдау - алдымен айтылған фразаға, диалогқа, мәтінге, әңгімеге, одан соң тыңдалған материал мен суреттегі айырмашылықты табуға байланысты болады. Тіректер оқушыны сөйлеуге ынталандырады және өз ойын дұрыс жеткізуге көмектеседі. Олар оқушыларға шет тілін меңгеру процесін жеңілдету үшін, әр түрлі қиындықтардың алдын алу үшін, оқушылардың шет тілі сабақтарында қарым-қатынасын ынталандыру үшін, оқылатын жаңа материалға баса назар аударту үшін, дағдылар мен біліктерді берік қалыптастыру үшін тиімді әдістердің бірі [7].

Тірек сигналдарымен жұмыс істеу - оқушылардың логикалық ойлау әдісін кеңейтіп, өз бетінше жұмыс істеу қабілетін арттырады. Олар тек көрнекілік ретінде ғана емес, деңгейлік тапсырмалар, жеке карточкалар немесе топтасып, ұжымдасып, бірлесіп жұмыс істеуіне ықпал етуі қажет. Ton мүшелері өз ойларын ортаға салып, сол ойларын кесте арқылы көрсетеді және қорғап шығуға тырысады. Осындай топта бірлесіп жұмыс істеп үйренген оқушылардың білімдері нәтижелі, шыңдалады.

Сабақтың әр кезеңдерінде, тақырыбына қарай оқушылардың ауызша сөйлеу қабілетін дамытуға болады, қарапайым мысал, 5 сыныпта жаңа сөздерді еске түсіріп, байланыстырып айтқызу үшін мұғалім балаларға бір сумка алып келеді. Балалардан сұрайды: Балалар, сумкада не бар? «What's in the bag?» Балалар ішінде дәптер, қалам, кітап бар деп айта бастайды. Мұғалім сумканың ішіндегі заттармен таныстырады. Мұғалім оқушылардан затты көрсету арқылы What's this? - деп сұрайды. Мысалы: pen, copybook, pencil, ruller, rubber деп көрсетеді. Содан соң оқушыларға жеке-жеке қайталатады. Сөздерді ұмытпау керек.

Оқушыларға сумка ішіндегі заттарды таратып беріп, оқушылардан осы заттарды былай сұрауға да болады. Мысалы: Who has a pencil? Who has a ruller? жауап бергенде оқушылар кімде екенін табу керек. Оқушылар та пса Janatbek has а pencil деп табу керек. Бұл байланыс оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттырып, сөздік қорын молайтады, сондай-ақ оқушылардың есте сақтау қабілеті а рта түседі [2].

Шет тілін оқытуда тірек кестені пайдалану, баланың ойын жүйелі жеткізуге үйретеді. Кесте арқылы әрекет ету оқушының оқу үрдісіне деген қызығушылығын тудырып, кейіпкерлерге мінездеме, сипаттама бере білуге, тақырыпты талдай білуге ұмтылысын қалыптастырады.

Ti рек кестені қолдану реті:

  1. сөздерді пиктограмма арқылы жаттау, сөз қорын молайту,
  2. заттарды сипаттау,
  3. тақырып бойынша байланысты әңгіме құрастыру,
  4. өлең, мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш жаттау,
  5. ертегі, әңгіме мазмұнын жандандырып айту,
  6. шығармашылық қабылеттерін арттыру -жұмбақ, ертегі құрастыру [3].

Жалпы тірек сызбаларды, тірек сигналды, тірек сөздерді қолданудың тиімділігі:

  1. Мектеп оқушыларының бастапқы кезде шет тілінде айтар ойын жеткізе алмайтын ұялшақтық, қорқынышын жояды;
  2. Оқушылар әр сауалға шапшаң ойланып тез жауап береді;
  3. Ой шақыру, ойланып жауап беру, бір-бірінің жауабын тыңдау, қателерін түзету қалыптасады, берілген тірек белгілері бойынша тез шешім қабылдайды, ойын жинақтайды;
  4. Тіректі қолдана отырып алған мағлұматтарын дәлелдеп көрсете алады;

Б.Оқушылардың бір-біріне деген адамгершілік көзқарасын қалыптастырады;

6. Оқушыларды білім деңгейіне карай бөлмей, барлығын бірдей деңгейде ұстауға бағыттайды [3].

Тірек кесте жұмысы оқушыларды жалықтырмайды, қайта қызығушылығын, ынтасын, ойын дамытады. Тірек кесте арқылы баланың тілін дамыту, сөз қолдану дағдыларын қалыптастыру белгілі бір тақырыпты меңгеруіне сүйене отырып, соның барысында жүргізіледі. Белгілі тақырып бойынша әңгімелеуге үйрету өтіліп, кейін бірте-бірте кеңейтіле беру керек және білгендерінен айырылып қалмау үшін тірек кестелерді қайта пайдаланып, еске түсіріліп отырылуы тиіс.

Осылайша, оқушылардың өз құрдастарымен қарым-қатынас жасай білуін меңгертуде мұғалімнің оң нәтижеге қол жеткізе алуының маңызды алғышарттары: оқу тобының жас ерекшеліктерін, нақты оқу мүмкіндіктерін, олардың ой - пікірлерді ортаға салудағы басым қабілеттерін, жүргізілетін іс-әрекетке танымдық деңгейлерін есепке ала отырып, тіректерді қолдануда заман талабына сай барлық жаңа әдіс-тәсілдерді кешенді пайдалана білуі маңызды.

Қорытынды

Қазақстан Республикасында білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл үрдіс үнемі өзгеруде. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға шәкірттің білімін, білігі мен дағдысы емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр.

Тілді үйретуде «қарапайымнан күрделіге қарай» принципін ұстану қажет. Оқушылардың ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру үшін тиімді әдістерді пайдаланып, әр түрлі жаттығулар орындатудың маңызы зор.

Erep оқушыларды шетел тілінде тілдік тіректер арқылы сөйлеуге үйретсе, онда олардың сөйлеу қабілеттері, танымдық қызығушылықтары, мәтін мен жұмыс жасау кезінде шығармашылық дағдылары қалыптасып қана қоймай, олар сол тілде еркін сөйлеуге машықтанады. Көп жағдайда тілдік тіректер сөз әрекетін ұйымдастырушы болып, олардың белгілі бір бағытта дамуына, оқушылардың сөйлегенде қате жасамауына дәнекер бола алады.

Шетел тілінде сөйлеуге, қарым-қатынас тіліне үйретуде оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге, өзі ізденіп білім алуға дағдыландыру керек. Бұл қазіргі уақыт талабы. Сонымен оқушының шаршауын сейілтіп, қызығуын арттыратын сабақтардағы тірек белгілері үлкен рөл атқарады. Олар сабақтың тиімділігін, сапасын арттырумен бірге оқушының оқу белсенділігін, шығармашылық ойлау қабілетін дамытады, сондай-ақ оқушының сөйлеу қабілеті әрекетін тездетеді, танымын күшейтеді.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. - Астана: ҚР БжҒМ, 2010.
  2. Аяпова T., Укбаев Д. Английский язык: учебник для 5 класса общеобразовательной школы. - Алматы: Атамұра, 2001. - С. 28-31
  3. Брекеева А.С. Жаңа білім беру әдісі //Ағылшын тілін оқыту әдістемелігі. - 2014.- № 1. -10-13-6.
  4. Колкер Я.М., Устинова Е.С. Речевые способности: как их формировать? ИЯШ. 2000.№4.
  5. Машлыкина Н.Д. Использование речевых опор в прцессе обучения иностранному языку //Волгоград. Современные проблемы науки и образования.- 2014,- № 6.-С. 37.
  6. Рабинович Ф.М. К проблеме опор при развитии эксперсивных форм речи Ц Мектептегі шет тілі. 1986. - №5. - с. 35- 40.
  7. Садықова А.К., Алденгожаева Э.С. Шетел тілінде тілдік тіректер негізінде монолог түрінде сөйлеуге үйрету// Мектептегі шет тілі. 2007. №6 -с. 31- 34.
  8. Пассов Е. И. Коммуникативный метод обучению иноязычному говорению. - M.: Высшая школа, 2001. - С. 144-145.
  9. Рахманов И. В. Обучение устной речи на иностранном языке. - M.: Высшая школа, 2002. - С. 120-122.
  10. Шетел тілін оқыту әдістемесі. Педагогика. Әдістеме. Алматы, 2009. 190 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.