Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстандағы ykimettiк emec ұйымдардың даму болашағы

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған алғашқы күннен бастап еліміздегі маңызды демократиялық процестердегі қоғамдық өзгерістерге үкіметтік емес ұйымдардың белсенді және тікелей қатысуы, қоғамның ажырамас үшінші секторына айналды. Эр мемлекет демократияның қалыптасуында өзінің эконом и калық, әлеуметтік және саяси даму деңгейіне, халықтың дәстүрлері мен діліне қарай өз даму жолын таңдайды. Қазір сарапшылар мен саясатшылардың басым көпшілігі, демократияның әділдік пен игіліктің ең ықтимал кепілдіктерінің бірі екендігін, ал оны практика жүзінде іске асыру механизм! азаматтық қоғам болып танылатынын бірауыздан құптайды.

Азаматтық қоғам - ол жеке тұлғаның негізгі құқықтары мен еркіндіктері заң жүзінде қамтамасыз ететінін және саяси қорғалатын, мемлекеттен тыс қатынастар саласы үйлесімді дамыған қоғам. Оны ішкі мемлекеттік қатынастардың дамуына ықпал жасайтын адамдар таптарының ұйымдасқан әрекеті ретінде де анықтауға болады. Қоғам мүдделеріне бағытталған азаматтық бастама азаматтық қоғамның маңызды белгісі болып табылады. Дамыған демократиялық мемлекеттер санымен қатар өркендеген азматтық қоғамдар да болып табылады. Азаматтық қоғамның дамуына бағытталған түрлі әлеуметтік топтардың немесе жеке азаматтардың бастамалары мемлекет арқылы қабылданады және оны жетілдіре түседі. Азаматтық қоғамның қалыптасу және даму процесі үшінші сектордың дамуымен тығыз байланысты. Үшінші сектор - бұл өз мақсатты мүдделер бойынша клубтарда, кәсіби одақтарда әлеуметтік қозғалыстарда, одақтарда іске асыратын ерікті азаматтардан құралатын өзін-өзі басқаратын сектор.

Азаматтық қоғамның ажырамас құрамды бөлігі бола отырып, үшінші сектор елдегі қоғамдық саяси процестерді ары қарай демократияландыруға оң ықпалын тигізеді.

Үкіметтік емес ұйымдар - кәсіби ерекшелікпен шектелмейтін және мемлекеттік билікке ұмтылмайтын ашық коммерциялық емес қоғамдық ұйымдар. Үкіметтік емес ұйымдар мемлекеттік құрылымдардан бос аралықтарды толтырады. Үкіметтік емес ұйымдардың қызметі жұмылдырғыштық және серпінділік, ынталылық пен өз күштеріне бағдар жасаумен ерекшеленеді. Яғни үкіметтік емес ұйымдар қоғамдық дербес әрекеттің түріне жатады. Үкіметтік емес ұйымдар ұғымына кіретін қоғамдық ұйымдар, фондтар, кәсіподақтар, партиялар, коммерциялық емес корпорациялар, т.с.с. осындай сияқты қоғамдық ұйымдар мемлекеттен толық дербес болуы керек және де пайда табу көзін көздемейтін ұйымдар болуы қажет. Сонда ғана ол қоғамдық ұйымдар Үкіметтік Емес Ұйымдарға жатқызылады. Коммерциялық емес сектордың ішіне жоғарыда көрсетілген ұйымдар кіреді, сонымен қатар тағы да арнайы сектор ретінде үкіметтік емес немесе мемлекеттік емес ол сектор Үкіметтік емес ұйымдарда біріктіреді де солардан құралады.

Үкіметтік емес секторды жиі қолданыста, коммерциялық емес сектор деп атап келеді. Негізінен солай атауы да дұрыс болып табылады. Бірақ та ондай атау ол сектордың бір ғана негізгі элемент! ретінде көрсетіледі. Одан басқа үкіметтік емес секторды табыссыз, мемлекеттік емес, әлеуметтік, тәуелсіз, қоғамдық және қоғамның «үшінші» секторы деп атайды. Осы барлық түсініктер әр түрлі мағына беріп, бұл сектордың шын мәнісіндегі мазмұнын бере алмайды. Сондықтан осы атаулардың ішінен, дәстүрлі түрде қалыптасқан көптеген Қазақстанның қоғам танушылары өз әдебиетінде көрсеткендей «үкіметтік емес» сектор деп олар қарастырып, оны «үшінші сектор» деп те атайды.

АҚШ-тың Массачусетс технологиялық институтының үкіметтік емес сектордың зерттеушісі Адил Наджам үкіметтік емес ұйымдардың әдебиеттерде қарастырылған атауына байланысты 45 (қырық бес) терминнен тұратын тізім жасаған. Мысалыға, Францияда үкіметтік емес ұйымдарды мына терминмен көрсетеді «economie sociale» (әлеуметтік шаруашылық), британдықтар - public charities (ерікті), жапондықтар - koeki hojen (әлеуметтік корпорациялар), немістер - vereine (сектор ассоциаций), американдықтар - not-for-profits (салықтардан босатылған) non-governmental organizations (үкіметтік емес ұйымдар) деп атайды. Біздің елдегі донорлық жүйелерге байланысты, қоғамдық ұйымдардың атауы, толығымен американдық nongovernmental organizations (NGO), яғни үкіметтік емес сектор деп аталуыда осыған байланысты деген ойдамыз. Бұндай терминнің қолданыста енуіне батыстың ықпалы ретінде көрініс табады. Ал негізінде эр елде осы үшінші сектордың атаулары әр қалай болғанымен, атқаратын қызметі бірдей болып табылады.

Үшінші сектордың атақты зерттеушісі Питер Друкер үкіметтік емес ұйымдарды коммерциялық емес табыссыз, т.с.с. атаулар бұл секторды негативті айқындайды, сонымен үкіметтік емес ұйымдарды «адамды өзгерту институты» ретінде атауды ұсынған. Осыған байланысты осындай айқындау толығымен жүйелік анализ мүмкіндіктерін толық ашып көрсететінін, еліміздің саясаттану ғылымына белсенді түрмен атақты ғалым М.Машаның осы тұжырымды еңгізу бізге белгілі болып табылады. Жүйелік анализ арқылы үкіметтік емес сектор мен еліміздің саяси жүйесі арасындағы өзара байланысты айқындауға үлкен мүмкіндіктер береді[1].

Үшінші сектор - ол қайырымдылық, әлеуметтік қызмет көрсету, құқық заңның сақталуын қадағалап отырады, экология мәселелерін қарастырады т.с.с. Оның үшінші сектор деп аталуын түсіндіретін болсақ, онда ол бәрімізге белгілі қоғамның үш секторы бар. Бірінші сектор ол Мемлекеттің өзі болып табылады. Қоғамда мемлекет оның қаражаты бөлінген белгілі бір нәрсені шешумен айналысады. Екінші сектор ол Бизнес, (кәсіпкерлік) қоғамның Екінші секторы адам төлей алатын, яғни өз қаражатын жұмсай алатын ғана әлеуметтік мәселені шеше алады. Ал үшінші сектор ол мемлекет пен бизнес бөлінген қаражатына қарамастан осы екінші сектордың шеше алмаған әлеуметтік-экономикалық т.с.с. мәселені шешуде маңызды роль атқарады. Біздің еліміздегі үшінші сектор өз даму үстінде.

Қазіргі таңда еліміздің үкіметтік емес секторы, келешекте азаматтық қоғам құрылуының алғышарттары ретінде көрініс табады. Бірақ ол үшін әлі де болса үкіметтік емес ұйымдардың институционалды дамуын қалыптастырып, саны мен сапасы жағынан қоғамның үшінші секторы әлемдегі дамушы елдер көрсеткішіне дейін жеткізу қажет болып табылады. Әлемнің дамушы елдерін мысалға алып қарайтын болсақ, тығыздығы жағынан үкіметтік емес ұйымдар АҚШ-та 1 миллион халыққа 140 мың ұйымдар, Канадада 144 мың, 1 миллион халыққа санын құрайды. Ұлыбританияда 5172 ұйым 1 миллион халыққа. Ең алдымен үкіметтік емес ұйымдар желісі жақсы дамыған ол Швеция мемлекеті болып табылады. Онда 1 миллион халыққа 20 000 ұйымдар жұмыс істеуде. Көрші жатқан Ресей мемлекетінде заңды түрде тіркелген 350 мың коммерциялық емес, қоғамдық ұйымдар бар, яғни 1 миллион халыққа 2 000 астам үкіметтік емес ұйымдар қызмет атқарады.

Сарапшылар берген көрсеткіштерге қарайтын болсақ, шамамен 70 мың ұйым белсенді түрде тұрақты өз жұмысын атқарады. Бұл ұйымдарда миллионнан асатын белсенділер жұмыс істейді. Олардың көлемі шамамен алғанда 20 миллион Ресей азаматтарына тиеді [2].

Сонымен үшінші секторды ең көп жұмыскерлер тартылған, олар өз еркімен қоғамның бір бөлшегі ретінде, ертеңгі жарқын болашақты өзгерту мақсатын қоя отырып, өздері өз еркімен келеді. Көпшілік елдерде еріктілік адам өмірінің негізгі элементтерінің бірі болып табылады.

Атақты зерттеуші Питер Друкер есептеуінше, әр екеуінің біреуі орта жастағы американдық, яғни нақты айтатын болсақ 90 миллион адам үшінші секторда жұмыс істейді. Олар өздерінің күнделікті төленетін күнделікті баратын негізгі жұмысына, қосымша жұмыс атқарады. Бұл еріктілер жалпы үшінші секторға 7,5 миллионға толық жұмыс күндерін береді. Оларға төлейтін болған жағдайда олардың жалақысы жылына 150 миллиард АҚШ долларын құрайтын еді■ Питер Друкер ойынша үкіметтік емес ұйымдар желісінің дамуы негізінен салықтың төмендігінде айқындалады. Шынында АҚШ-тың салық жүйесі үкіметтік емес ұйымдардың өмір сүруіне ыңғайлы жағдай туғызады. Мысалы, ішкі өнімнің 15%-ға дейін салықпен жүктелмейді. Ол тікелей үкіметтік емес институттарға бағытталады да, сондағы керекті мұқтаждықтарға жұмсалады. Сондықтан, экономикалық дамыған елдерде еріктілік қоғам өмірінің барлық салаларына белсенді түрде енгізіледі. Австралияда тіпті мемлекеттік еріктілер орталықтары да құрылған, олар ішінара бюджет қаржыландыруы қарауында. Осы елді ерікті болу әрі құрметті, әрі мәртебелі.

Қазақстанда әр түрлі жастағы және әлеуметтік тектері әртүрлі адамдар, негізінен студент жастар, республиканың қоғамдық ұйымдарында ақысыз негізде жұмыс істейді, сол арқылы олар бейматериалдық өтем ретінде кәсіби тәжірибе, ақпаратқа қол жеткізу, баламалы білім, байланыстарды кеңейту мүмкіндігін алады. Қазақстан Республикасында еріктілердің мемлекеттік құрылымдарда жұмыс істеудегі оң тәжірибесі бар. Мысалы, Қазақстан Республикасының мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім Министрлігі VSO-мен ынтымақтастық жүргізеді, бұл халықаралық еріктілік ассосациясы, әр түрлі еріктілік акцияларына ақпараттық қолдау көрсетеді. Біздің елде коммерциялық еріктіліктің де мысалдары бар, мәселен коммерциялық ұйым қызметкерлері жылына бір күн тегін жұмыс істейді, сол күнгі жалақыларын ауқатсыздардың мұқтаждарына жұмсайды немесе әлеуметтік қорғалмаған азматтарға тегін қызмет көрсетеді. Тіпті соңғы үш жыл ішінде еріктілікке қатынастың оң динамикасын байқауға болады. Қазақстандағы еріктілікті бастапқы бағалауға жәрдемдесу үшін жүргізілген әоеуметтік зерттеу бойынша «Еріктілік жұмысқа қалай қарайсың?» деген сауалға сұрақ қойылғандардың 74% оң жауап берген. 2015 жылы «Аккорд» қоғамдық даму орталығы жүргізген сауалнама нәтижелері бойынша, сұрақтама қойылғандардың 89% республикамыздағы еріктілік еңбектің дамуын атап көрсетіп және өздері қатысқысы келетін қызмет салаларын ажыратып атаған болатын. Жүргізілген зерттеулер негізінде қазақстандық еріктінің әлеуметтік портретін жасауға болады. Қазақстандық еріктілерінің 42% - 17-ден 30 жасқа дейінгі жастар (студенттер), 36% орта жастағы адамдар және 7,4% - 50 жастан үлкен еріктілер. Сонымен еріктілердің 60% - әйелдер, студенттер, үй шаруасындағылар құрайды. Ал бұл саладағы әлеуметтік мәртебесін айқындайтын болсақ, мұндағы басым топ - гуманитарлық мамандықтағы студенттер. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Диабеттік Қауымдастығы жалғыз басты аналардың «Мөлдір» Қауымдастығы сияқты ірі ұйымдардың қатарында және басқаларында қайсыбір саладағы билікті мамандар немесе жастары 30-дан жоғары мақсаттары топ өкілдері жұмыс істейді. Студенттердің қоғам өміріне осылай белсенді қатысуы соңғы екі жыл ішінде жастар үкіметтік емес ұйымдары мен студенттік өзін-өзі басқару құрылуының жандануымен түсіндіріледі. Олар студенттік мәслихаттар, жас ғалымдар кеңестері т.с.с. Мысалы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде әр факультетінде студенттік мәслихаттар ұйымдастырылған, пікір-сайыс орталығы, сонымен қатар жас ғалымдар кеңестері бар.

Бірақ та Қазақстандағы еріктілік секторы әлемнің дамыған елдеріндегі сияқты роль атқармайды. Еріктілік қозғалысы құрылымының талдайтын болсақ, Қазақстан Республикасы еріктілердің негізгі қауымы - студенттер екендігі айқын көрінеді. Ал АҚШ-та олар жасы келген адамдар.

Қазақстан қоғамына еріктілік әлі де болса сіңген жоқ, өйткені қазіргі таңда баю немесе аман қалу ниеті үстемдік құрады, ал қоғамға еңбегін тегін жұмсау өте сирек кездеседі. Әйтсе де, еріктілік Қазақстанда қалыптасу үстінде және өз дамуын алып жатыр. Еріктілер қазірдің өзінде дәнекерлерге айналып келеді. Келешекте, еріктілік бағдарламаларының дамуы мен билік жүргізуші құрылымдар тарапынан танылған жағдайда, еріктілер өкімет пен қоғам арасындағы дәнекер, қоғамның белсенді азаматтық резерві болады. Осы еріктілерге жағдай жасау үкіметтік емес ұйымдар қажымай еңбек ету керек. Бізге белгілі қазақ ұлтында сан ғасырлар алып жатқан тарихында халық арасында, елде, бір-біріне көмек көрсетіп, оған жәрдем беру ерте кезден-ақ пайда болған құбылыстың бірі болып табылады. Ол «Асар» деп аталады. Мысалы, бір ағасы үй салған кезде, оған басқа туысқандары келіп көмектеседі. Осылай халқымыздың санасында ерте кезде-ақ ондай көмек беру қалыптасқандығы белгілі.

Еріктілер күш жігері Халықаралық Ерікті Күш салу Қауымдастығының (IAVE) ынта білдірумен, 1990 жылы Парижде қабылданған декларациясы бойынша, «еріктілік» жеке азаматтың қоғам өміріне белсенді қатысу мәселесіндегі ерікті таңдауы, еріктілер қоғамдастықтары барынша әділ және бейбітшілік қоғам құру жолында адамның негізгі қажетгіліктерін іске асыруға, баланстандырылған экономиканың және әлеуметтік дамуына, жаңа жұмыс орындары мен жаңа мамандықтар құруға мүмкіндік жасайды. Сонымен үшінші сектордың экономикалық пен әлеуметтік мәселелерді шешуде шешуші орын алады[3].

Көпшілік елдерде еріктілік адам өмірінің негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Сонымен бірге еріктілер қызыметі жергілікті, ұлттық және халықаралық деңгейлерде бірдей іске асырыла береді. Еріктілік жаңа нысандарды иемдене алады, сол немесе басқа елдің қажеттіліктерін икемділікпен қанағаттандара алады. Ол қоғамның дамуында маңызды рөл атқарады: белсенді азаматтар жергілікті, аймақтық және халықаралық әлеуметтік мәні бар проблемаларды шешуде үкіметтік шараларына жәрдемдеседі, дүниежүзілік қоғамдастықтың арықарай интерграциясына ықпал етеді. Жетекші қызыметті бұл арады БҰҰ еріктілері, VSO (Voluntary Service Overseas), бейбітшілік корпусы және басқалары сияқты халықаралық еріктілік ұйымдары еншілейді.

Экономикалық дамыған елдерде еріктілік қоғам өмірінің барлық салаларына белсенді түрде еңгізілді. АҚШ-да еріктілердің 500-ге тарта жергілікті орталықтары бар. Осы орталықтардың жұмысы қайырымдылық ұйымдар мен мемлекеттік агентіктерінде жұмыс істеулері үшін еріктілерді жинақтау және белу. Еріктілердің жұмысы елеулі экономикалық тиімділікке ие. Мысалы, 2001 жылы 83,9 миллион АҚШ азаматтары (халықтың 44% ересек адамдары) 15,5 милиард сағат тегін жұмыс істейді. Осы жұмсалған уақыттың бағасы 239,2 милиард АҚШ долларын құрайды (сағатына 15,40 $ есеп құрауға сүйенгенде). Жапонияда жергілікті еріктілер орталықтарында еріктілер ретінде 4,2 миллион адам тіркелген (бұл халықтың 3%). Австралияда тіпті мемлекеттік еріктілер орталықтары да құрылған, олар ішінара бюджет қаржыландыруы қарауында. Осы елдерде ерікті болу әрі құрметті, әрі мәртебелі [4, с.278].

Еріктілік көптеген елдерде жақсы дамыған, өйткені ол жоқшылық пен мұқтаждыққа, қоршаған ортаға теріс ықпал тигізуге, АИТС (СПИД) ауруының таралуына, т.б. қарсы қүрес жүргізудің маңызды құралы болып қызмет жасайды. Индияда, мысалы, еріктіліктің тарихи терең тамырлары бар, қоғамның дамуы көбінесе ерікті жұмыс, өзара көмек рухына негізделеді. Африка елдерінде үкіметтік емес ұйымдар санының өсуіне, олардың ұйымдық орнықтылығына байланысты, омірдің эр түрлі салаларында еріктілер бастамалары көрініс береді, оларға - эйелдер, экология, бейбітшіл және басқа да қоғамдық қозғалыстар жатады.

Еріктілерді тіпті коммерциялық қызметке тартудың қызықты тәжірибесі де бар. Коммерциялық ұйымдардың өз қызметіне еріктілік элементтерін енгізлуі, батыста ежелден «әлеуметтік жауапкершілік саясаты» (волонтерлік) аталынады және ол форманың қоғам арасында орнықты жақсы атақ қалыптастыруына жағдай жасайды[5].

Қазақстанда әр турлі жастағы және әлеуметтік тектері әр басқа адамдар (негізінен студент жастар), республиканың қоғамдық ұйымдарда ақысыз негізінде жұмыс істейді, сол арқылы олар бейматериалдық өтем ретінде кәсіби тәжірибе, машықтар, ақпаратқа қол жеткізуі, баламалы білім, байланыстарды кеңейтуге мүмкіндігін алады.

Құқықтық статусына келер болсақ, Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес (120-бап) Осылайша, салық салу мақсаты үшін коммерциялық емес ұйым деп тек қоғамдық бірлестіктер, қоғамдық қорлар және діни бірлестіктер танылады[6].

Қазақстан Республикасында еріктілердің мемлекеттік құрылымдарында жұмыс істеудегі оң тәжірибесі бар. Мысалы, ҚР мәдениет, ақпарат және қоғамдақ келісім министрлігі VSO-мен ынтымақтастық жүргізеді, әр түрлі акцияларына ақпараттық қолдау көрсетеді. Қазақстанда коммерциялық еріктіліктің де мысалдары бар, мәселең, коммерциялық ұйым қызыметкерлері жылына бір күн тегін жұмыс істейді, сол күнгі жалақыларын күн көрісі темен мұқтаж адамдарға жұмсайды немесе әлеуметтік жағынан аз қорғалған азаматтарға қызмет көрсетеді.

Коммерциялық емес ұйымның заңды тұлға мәртебесі мен есептілігін алу проблемасына қандай да бір қатысы бар барлық халықаралық құжаттарда, сондай- ақ еуропалық мемлекеттердің ұлттық заңнамаларында үкіметтік емес ұйымдар ашықтығы мен есептілігіне қойылар артық талаптардың оның қоғамдық «маңыздылығымен» немесе азаматтардың құқықтық санасына ықпал етумен байланысты деп көрсетілмеген [7. 61 6].

Әлемнің дамушы елдеріндегі экономикасының дамуында үшінші сектор маңызды саланың бірі болып табылады. Сонымен қатар ол бір орнында тұрмай, үнемі даму үстінде болады. Үшінші секторды зерттеу барысында біздің елдегі экономикалық пайдасын ескере отыру қажет. Өйткені әлемнің дамушы елдерінде мысалға айтатын болсақ, Европадағы шағын мемлекеттерде Ирландия, Бельгия, Нидерланды, үкіметтік емес ұйымдар көрсеткені бойынша 10% құрайды. Сонымен осы жоғарыда аталған мемлекеттерде үшінші сектор дамығанын және де әлі даму үстінде. Ал бұл көрсеткіші Германиямен салыстыратын болсақ, соңғы мәліметтер бойынша Германияның әрбір үшінші азаматы үкіметтік емес ұйымдардың мүшесі болып табылады. Яғни, мұндай көрсеткіштер осы елдердің экономикалық жағынан дамуындағы үшінші сектор маңызды орын алады. Ал Қазақстандағы Үкіметтік Емес Ұйымдар кеңінен және толығымен донорлық шетел компанияларға тәуелді. Олардың экономикалық жағынан тәуелдігі айқын көрінеді. Олар шетел компаниялар, шағын грант береді де ол тек қана кішігірім жобаны іске асыруға жұмсалады. Сонымен, үкіметтік емес ұйымдар шетел компаниясынан ақшалай өктемдіктер ала отырып, сол компанияның саясатын жүргізуші ретінде өмір сүреді. Ол неліктен? деген сұраққа жауап беретін болсақ, біздің елдегі үкіметтік емес ұйымдар, қоғамның маңызды «үшінші сектор» ретінде қалыптасқанымен әлі де болса дамыған жоқ.

Мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы өзара байланыс нақты орныққан жоқ. Сонымен қатар экономикалық жағынан қарайтын болсақ, ондағы да кемшіліктерді жоққа шығаруға болмайды. Мысалы, біздің елдің салық жүйесіндегі Үкіметтік емес ұйымдар үшін ыңғайлы жағдай жасалмаған. Мысал келтіретін болсақ, Үкіметтік емес ұйымдарға Қазақстан Республикасының Салық кодексіндегі көрсетілген алымдар мен төлемдер өте көп болғанына қарамастан Үкіметтік емес ұйымдарды тіркеу барысында 35 000 теңге тұрады, ал шағын өндіріс үшін осындай тіркеу 20 000 теңгені құрайды, осындай сияқты тең емес жағдайлар толып жатыр. Осы сияқты жағдайларды ескере отырып, үкіметтік емес ұйымдар мен Үкімет арасындағы жақсы байланыс орнату өте қажет екені рас болып табылады. Қазіргі таңда бұл құбылыс кең етек алуда.

Үкіметтік емес ұйымдар стратегиялық маңызы бар мәселелерді шешумен қатар әрбір азаматтың өмірінің жақсаруында елеулі өзгерістер енгізеді. Бүкіл Қазақстан бойынша 5 000 тіркелген ұйым болса, соның тең жартысынан көп, яғни 3 000 ұйымы Алматы қаласында жұмыс істеуде. Қазіргі таңда белсенді жұмыс істеп жатқан ұйымдар саны 500-ге жетеді. Олардың қамтыған қоғамның әр түрлі саласында жұмыс істейді. Үкіметтік емес ұйымдарға қатысты Алматы әкімшілігінің әзірлеуінде ұсынылған. Үкіметтік емес ұйымдар қоғамдағы алатын орны маңызды екенін айта келе, тағы да бір жағдайды қарастырып кетуіміз керек. Олар өзінің жұмыс істеу барысында мемлекеттен гөрі инновациялық методты қолданады. Үшінші сектор өзі жұмысы барысында Public Relations (PR) технологиясын пайдаланады[8].

Қазіргі заманға сай менеджмент мен маркетинг әдіс-тәсілдерін қолданады. Бұндай құбылыс қазіргі заманға сай жаңа технологияларды еңгізумен уақыт талабы қажет. Өйткені жоғарыда көрсетілген PR технологиясының негізінде қоғамда, яғни азаматтармен қарым-қатынас негізінде жатыр. Сонымен қоса, үкіметтік емес ұйымдар өзінің жұмыс істеу барысында көпшілікте халықтың тек қана қолдаумен өмір сүруі оларға ешқандай ақшалай қаражат бөлінбейді. Сондықтан донорлық ұйымдар өз қаражатын беруде сол үкіметтік емес ұйымдардың қоғамдағы беделіне қарап, өз назарын аударады. Оған байланысты Үкіметтік емес ұйымдар жаңа технологияларды игеруде үнемі ізденіс жолында болады. Олар өз еліндегі азаматтар үшін аянбай еңбек етеді. Өйткені олардың жасаған жұмысы, азаматтық қоғам орнатуда, әрбір азаматтың тең құқылы құқықтарының сақталуынан тұратын негізгі демократияның үрдістеріне ықпал тигізіп, саяси тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Ал ол келешекте елдің ілгері дамуына негізгі фактор ретінде эсер етеді.

Жалпы алғанда, Үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) - мемлекетаралық келісім негізінде емес, жеке немесе заңды тұлғалардың бірігуі нәтижесінде құрылған, қызметі үкіметтің ресми сыртқы саясатынан тыс жүргізілетін ұйымдар. Мұндай ұйымдарға мынадай белгілер тән:

  • мақсаттары міндеттерінің халықаралық сипаты;
  • құрылтайшылықтың жеке, яғни мемлекеттік емес сипаты;
  • олардың қызметінің ерікті түрде жүргізілуі [9. 25 6].

Үкіметтік емес ұйымдар және Уәкіл институты қоғамның немесе нақты адам мен мемлекеттік органның арасындағы құқық қорғау қызметін жүзеге асырады. Алайда, егер үкіметтік емес ұйымдар үшінші сектордың бөлігін ғана құрайды, ал Уәкіл институты мемлекеттік орган жүйесіне кіреді. Үкіметтік емес ұйымдар мен серіктестік қарым-қатынасты дамыту мемлекетке адамның құқықтары мен бостандықтарын сақтауда ықпал ету үшін Уәкілдің мүмкіндігін кеңейтеді. Үкіметтік емес ұйымдардың Уәкілмен серіктестігі мемлекетті азаматтық бақылау жөнінде олардың күш-жігерін біріктіреді.

Үкіметтік емес ұйымдар Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің офисіне жиі жүгінеді, бұл жағдай олардың мемлекеттік органдарға эсер ету мүмкіндігінің шектеулігіне байланысты. Үкіметтік емес ұйымдардың аса маңызды ұсыныстарына Уәкіл мемлекеттік органдарға ұсынымдар жіберіп, жауап қайтарады. Уәкіл өз жұмысы барысында Премьер-Министрге үндеу жолдай алады, содан кейін ғана қажетті заңнамалық және әкімшілік шаралар өткізу ісі басталады. Сайлау құқықтары, заң шығару мәселелерінен бастап, жеке адамға қарсы қылмыс мэселелер бойынша - Үкіметтік емес ұйымдар Уәкілге сауал жолдап отырады, бұл үшінші сектордың ұлттық құқық қорғау мекемелерімен ынтымақтастыққа иек артуын және оларға сенімін көрсетеді [10. 56 6].

Уәкіл институты мен Үкіметтік емес ұйымдар ынтымақтастығының нақты көрінісі ҚР адам құқықтары саласындағы негізгі халықаралық пактілерге қосылу процесіне ықпал ету бойынша бірлескен жұмысын атауға болады.

Үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп өткізілген маңызды іс-шаралардың қатарында, бұрынғы «Отанын сатқандардың әйелдерінің Ақмоладағы лагерінде» (АЛЖИР), Заңсыз қуғын-сүргін құрбандарының қауымдастығының «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» күнін өткізуді, Астана қаласындағы «Ардагер» қауымдастығы және Ақмола облысы Малотимофеев кентіндегі Қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйін аралауды, сондай-ақ Тамыз оқылымын (Астана қаласының құқық қорғаушы ҮЕҰ) атап өтуге болады.

15 мүшеден тұратын, оның 12-сі құқық қорғаушы үкіметтік емес ұйымдар өкілдері болып табылатын Консультациялық кеңес өз қызметін «Қазақстан Республикасы үкіметтік емес ұйымдарына арналған мемлекеттік қолдау бағдарламасы» шеңберінде жүзеге асырады. Кеңестің отырысында бірлескен жобаларды әзірлеу, «Үкіметтік емес ұйымдар туралы», «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» заң жобаларын сараптау сияқты басқа да бірқатар маңызды мәселелер қаралған.

Үкіметтік емес ұйымдар адам құқықтары жөніндегі халықаралық стандарттардың маңызын өзектендіру және оларды мемлекеттік басқару жүйесіне кіргізу бойынша үлкен жұмыстар атқарады. Халықаралық институттармен бірге тренингтер, семинарлар, дөңгелек столдар мен конференциялар өткізе отырып, Қазақстанның мемлекеттік қызметшілері мен азаматтары үшін оқыту миссиясын орындайды [11. 68 6].

Үкіметтік емес ұйымдар жүргізетін тәуелсіз мониторинг маңызды ақпарат көзі болып табылады. Қазақстанда адам құқықтары мен бостандықтарының сақталуын жүзеге асыратын Уәкіл үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастыққа мүдделі, өйткені талдау жұмыстары білікті қойылған, елде өкілдіктер желісі бар.

Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық жалпы тұжырымды қарым- қатынаста маңызды. Қоғамдық құқық қорғаушылар мен ұйымдар ар-ожданы бойынша либералды құндылықтары мен бостандықтарын қорғайды, олар «үнсіз қала алмайтын» имандылық ережесімен үнемі қозғалыста, осы арқылы адамдарға сенім ұялатады.

Уәкіл институтының үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылы адам құқықтарына, қазақстандық қоғамда оларды бекіту амалдарының кейбір ерекшеліктерін анықтады. Үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс байланыстарында нарықтық экономиканы жасауда мемлекеттің ролі байқалмай тұрғаны және өз кезегінде онда адамдардың даралығын ынталандыруы, олардың экономикалық және әлеуметтік дербестігі, тәуелсіздігі және жауапкершілігі белгілі. Осы жерде адамның өзінің жеке құқықтары мен бостандықтарын игеру процесінде белгілі бір жағынан әсері болатын нарықтық қатынастардың маңызын бағаламау көрінеді.

Үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттік институттармен серіктестігін кеңейтуден әрі тереңдетуден барлық қоғам, әрбір адам ұтады. Осы серіктестіктің негізінде біздің қоғамның демократиялық құрылымы туралы қамқорлық және адамның құқықтары мен бостандықтарын сақтау болуға тиіс.

Қазақстанда осы ұйымдардың қызметін стратегиялық жақсарту үшін оны халықтың нақты мұқтаждарына үкіметтік емес ұйымдар өздері жақындатулары қажет. Әйтсе де, осы салада брқатар үкіметтік емес ұйымдар белсенді жұмыс жүргізіп келеді, бірақ олардың көпшілігі өз қызметін басқа, халық үшін маңызы шамалы проблемаларға жұмылдырады. Қоғам азаматтық бастамалар ұсынғанда, жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдар тарапынан сол бастамаларды іске асыруда қолдау таппайды. Қазақстандық қоғамның кейбір жекелеген белсенді әлеуметтік жіктері мен үкіметтік емес ұйымдар қосарлы режимдерде жиі жұмыс істейді, бірақ оларды бірлестірмейді, міне, сондықтан қоғамдық мәні бар проблемаларды шешу сипаты жақсартылмайды.

Үкіметтік емес секторды дамытудың өзекті проблемалары бойынша «дөңгелек үстелдерді» жүйелі негізде ұйымдастыру мен өткізу үкіметтік емес ұйымдардың даму процесінің, олардың мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын көтермелеу мен кедергілерін анықтауға жәрдемдесетін болады.

«Үкіметтік емес ұйымдар ақпарат-орталығы» үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсету республикалық орталығы мен орталықтың өңірлік өкілдігін байланыстыратын бірыңғай жүйе құру, бағдарламалық жабдықтар орнату жұмысты тиянақты үйлестіруге, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өзара қатынастарын нығайту мен кеңейту жөніндегі қызметті жоспарлы түрде жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қорытындылай келе, Үкіметтік емес ұйымдар қоғамда маңызды орын алады. Олардың жұмысы, елімізде азаматтық құру үрдісмен тікелей байланысты. Ертеңгі болашағымыз жарқын, мықты елдердің біріне айналуымыз үшін, бүгінгі күні қоғамның үш секторын дамытып, оған қолайлы жағдай жасауға мемлекет тарапынан күшті қолдау жасалуы қажет. Ертеңгі болашағымызды жақындату мақсатында әрбір азамат өзіне «Мен қоғамды дамыту үшін қандай үлес қостым? деген сұрақ қоя білу қажет. Барлығымыз бірігіп, келешек ұрпаққа қажетті мықты азаматтық қоғам құру әр азаматтың қолында. Демократиялық қағидаларды жоғары ұстап өз даму жолымызды жүзеге асыруымыз қажет.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Думбаев А., Франц И. Что такое НПО: понятие и деятельность. Алматы, 2015.
  2. Сиврюкова В.А. Социальное партнерство власти и НПО - основа демократического общества// Сб: Государственная поддержка неправительственных организаций: проблемы опыт, перспективы - Астана МКИОС PK, 2016.
  3. Халықаралық Ерікті Күш салу Қауымдастығы (IAVE) декларациясы. Париж. 1990.
  4. Казаков О. Что такое некоммерческий сектор и некоммерческая организация. Информационный бюллетень. М: Программа «Поддержка общественных инициативов». 2016.
  5. Кнабе Г.С. Древний Рим: история и современность. М: 2016.
  6. Қазақстан Республикасының Салық кодексі. Астана. 26.11.2014.
  7. Абишев К.А. О субъектах гражданского общества // Сб: Становление гражданского общества в странах центральной Азии. - Алматы 1999.
  8. Либоракина М.М., Якимец В.Н. Гражданские инициативы в будущее России - М: Школа культурной политики. 2017.
  9. Байдельдинов Л.А. Основы политологии. Алматы, 2002.
  10. Машан М.С. Коммуникация государства и гражданского общества с позиции теории полит системы. // Сб.: Становления гражданского общества в странах центральной Азии. Алматы, 1997.
  11. Джунусов А.М. Власть и оппозиция, историко-теоретические аспекты. Алматы 1997.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.