Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Бүгінгі қазақстандағы білім беру жүйесі

Аңдатпа

Бұл мақалада қарастырып отырғанымыз білім беру заңына сәйкес, өскелең жас ұрпақтың жеке қабілетіне қарай дамуы мен қабілетін, дарындылықты дәріптеу маңыздылығынатоқталып отырмын. Мәселен көптеген елдердегі білім беру жүйесін саралап оқыту қағидасының негізінде,балалардың қабілеттерін жоғарғы деңгейде бағалап, білім беру жүесі жалғасын табуда.

XXI ғасырдағы алдыңғы қатардағы, дамыған ел дегеніміз - білімді, белсенді, денсаулығы мықты азаматтар.

Дамыған елдердің барлығында бірегей, сапалы білім беру жүйесі бар.Біздің елімізде ұлттық білім берудің барлық сатысының сапасын жақсарту жолында оқу әдістемелерінің заманауи бағдарламалар ұсыну өте маңызды. Қазақстан Республикасы Президент Н.Ә.Назарбаев Орта білім беретін жүйесіндегі мектептерді зияткерлік мектептердің қатарына қосып, білім беру нәтижесінде оқушылардың терең ойлап, өзіндік ізденіске дағдыланулары тиіс деген .

Республикамыздың «Білім» беру заңына сәйкес, «Әр баланың жеке қабілетіне қарай дамуы, баланың қабілетін, дарындылығын дамыту» сияқты маңызды мәселелер енгізіліп отыр.

Өйткені өндірісті, техниканы және ғылымды әлемдік деңгейде дамыту үшін жоғары білімді мамандар қажет. Қазіргі кезде, көптеген елдердегі саралап оқыту қағидасының негізінде, балалардың қабілеттерін жоғары деңгейде бағалап білім беру жалғасуда. Біздің еліміздің қазіргі даму кезеңі мектептегі білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қоюда. Осы сұраныстарға сай оқытудың әртүрлі технологиялары өңделіп, мектептің оқу үрдісіне енгізілуде.

Білім беру жүйесінің негізгі мақсаты - жалпы адамзаттың құндылықтар, ғылым және практика жетістіктері негізінде жеке адамды кәсіби шыңдауға және қалыптастыруға арналған тиісті жағдайларды жасау, білім беруді ақпараттандыру, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» .

Бүгінгі күні барлықелдер сапалы білім жүйесімен жұмыс жасауда. Өйткені елдің бәсекеге қабілеттілігі сол елдің халқының парасаттылығымен көрінеді. Сондықтан Қазақстан талабына сай дамуы қажет. Мысалы, М.М.Жанпейісованың оқытудың модульді технологясы, В.К.Долгенконың ұжымдық оқыту әдісі, академик В.И.Монасовтың технологиясы оқышулардың оқу-тәрбие үрдісін түгелдей жаңаландырып, өздігінен ізденулеріне, жаңаша білім алуларына, дарындылық пен талапқа жол ашты десек те болады. Осылайша, оқытушы озық технологияларды педагогикалық ізденіспен қолдана білуі керек. Әрбір сабақты жүргізу кезінде, оны шынайы өмірмен салыстыра өткізу, болашақта таңдаған мамандықтарының дұрыстығына және функционалдық сауаттылықтарына эсер етеді [1,15 бет].

Ұстаз әрдайым сабақты түрлендіріп, қызықты етіп өткізуі тиіс. Сол кезде оқушылардың қызығушылығы артып, өз беттерінше ізденіске ұмтылады. Мұндай тәсіл соңғы уақытта қатты қолға алынды және үлкен өзгерістерге ие болды. Еліміздің білім беру жүйесіндегі реформаны жүзеге асыра отырып, оны келесідей бағытта дамыту қажет:

  • алуан түрлі біртұтастық пен бірыңғайлықтар,
  • әрі-сәріліктен - бағытталуға - жеке тұлғалыққа,
  • бір жақты білімділіктен - еске түсіру,
  • Білім алушы бітпейтін, көп қырлы зияткерлік, рухани, көркемдік, тәжірибелік іс-әрекеттеріне есептелген полимәдениеттілік;
  • Жалған академиялық, нәтижесіздіктен-тиімділік пен өмірге ұмтылады;

Бейімділіктен және репродуктивтіліктен - алға жылжыту, жүзеге асыру қабілетін қалыптастыратын нәтижелілікке;

Бірақ бұл талаптарды жүзеге асыру өте қиын. Сондықтан, 11 жылдық мектептен 12 жылдық мектепке көшуді іске асыра отырып, оқытуды ұйымдастыру қағидасын өзгертіп, оқушыны танымдық үдерістің белсенді субъектісіне айналдыру қажеттілігі алға мақсат етіп қойылды. Біздің міндетіміз - баланың бойындағы айрықша қасиеттерді көріп, оны дамыту. Бүгінгі күні Республикамызда білім беру жүйесі жаңарды, Қазақстанның білім беружүйесі дами отырып, әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алды.Жаңаша қарым-қатынастар пайда болып, білім беру жүйесінің мазмұны өзгерді. «Баланы математикаландыру керек», -деп Н.Ә.Назарбаев айтқан, яғни, бұл баланы жүйелі ойлауын дамыту.[2, 3 бет].

Білім беру реформаларын дұрыс жүйеде іске асыру жолдарын қарастырғанда, Жапонияны мысал ретінде алар болсақ, біздің балалардың білім сапасы ол елдің білім сапасы деңгейінен әлдеқайда темен екені анықталған. Жапонияда жеке адамның эмоционалдық бет-бейнесін дамытып, қалыптастыратын пәндер 70 пайызды құрайды.

Жеке адамның рухани-адамгершілік тәрбиесіне мол уақыт жұмсайды. Сондықтан мұғалім мен оқушының арасындағы қарым-қатынаста ынтымақтастық орнаған кезде оқушы өзінің бойындағы дарынын ашады, ал мұғалім өз еңбегінің жемісін көре алады.

Бүгінгі күні бала - ертеңгі жаңа әлем. Оқушының дамуына ықпал жасайтын ата-ана, мұғалім ынтымақтасуы қажет. Қазіргі уақыт талабына сай технология әдістерін үйретуші, бағдар беруші - мұғалімдер.

Осындай үрдісте, бәсекеге сай, дамыған елдердің қатарына жету үшін мұғалімдер қауымына үлкен міндеттер жүктеледі.

Еліміздің мәртебесінің жоғары болуы жас ұрпақтың, қоғам мүшелерінің іскерлігі мен белсенділігіне байланысты болмақ.

Бүгінгі күні мектептерде оқытудың әртүрлі технологиялары жасалып, мектеп өміріне тереңдеп енгізілуде.

Оларға мыналарды жатқызуға болады: Лысекованың алғашқы оқытуы, есеп шығару, Палтышев бойынша физикадан есеп шығару, Шаталовтың қарқынды оқытуы, Ердениевтің ірі блоктан оқытуы.

Жаңа жүйеде оқушыны тәрбиелеу мен оқытудың міндеті - әрі қарай дамыту болғандықтан, бұл әдістемелік жүйенің мазмұны, әдісі, білім беру түрі мен құралдарының арасындағы байланыстың өзгеруін талап етеді.

Деңгейлеп білім беру арқылы жекелеп оқыту және бұл жерде білім алушыға қатысты білім беру, дамыту ұстанымдары сақталады.

Мұндай оқыту барысында әрбір оқушының бірінші деңгейдегі тапсырманы дұрыс орындағаны саналады.Соңында бұл оқушыларға білім беруге ықпал етеді және мемлекетіміздің «Білім жөнінде» Заңнамасының талаптарына қатысты бірінші деңгейдің орындалуын іске асырады. Осындай жүйені енгізудің пайдасы да көріне бастады. Үлгерімі нашар оқушылар, білім алушылық» сатыға сәйкес білімді және біліктілікті толыққанды меңгерді. Алғашқы деңгейдің тапсырмаларын толық орындай алмаса келесі деңгейге өте алмайды.

Алға қойған «деңгейді» меңгерген оқушы алға қарай ұмтылады және өзіне өзінің сенімі молырақ болады.

ББЖ жаңашалау жағдайында бағалау үрдісі «қосу» тәсілі бойынша іске асырылады. Жаңаша бағалау жүйесінде оқушының білім деңгейінің төменгі сатысы негіз болады және ол мемлекеттік стандарттардың ең төменгі талабына сай болады.

Оқушылардың барлығы дарынына, бейімділігіне, даму деңгейіне қарамастан барлығы бірінші деңгейлі тапсырманы орындаулары тиіс. Бұл деңгейді уақытында орындаған тапсырмалар «есепке» алынып отырылады. Мұның «екі» деген бағадан айырмашылығы бірінші деңгейде орындалмаған тапсырмаларын толық орындамайынша кейінгі сатыға өтпейді. «Міндетті» сатыны толыққандыигеріп, меңгерген оқушылар алға қарай жүріп, өзіне-өзінің сенімі арта түседі.

Сол себептіоқыту міндетінің алдындағы үлкен мақсат 21 ғасыр талабына сәйкес жаңа оқулықтар жазу болып отыр.

ББЖ-гі жаңа технология әрбір оқушының өз-өзін дамытуға, шығармашылық қабілетін арттыруға, қалыптасуға оңтайлы жағдаят жасауға қажетті әдістемелік мүмкіндіктерін қамтиды.

Яғни, бірінші сыныптан бастап он бірінші сынап аралығында өткізілетін педагогикалық теориялары мен әдістемелерді келесідей бағдарлауға болады:

  1. Бастауыш сыныптар: түсініктерді қабылдау, іс-қимылды бағалау, дамыта отырып білім беру, өсиеттік бірліктердің кеңейтілуі, нәтижелі әдістемелеу, сондай- ақ оны қабылдау, кітапсыз, ойын арқылы оқыту тәсілі, әдістемесі, сонымен бірге оны қабылдап, әрі қарай дамыту.
  2. Орта сынып: проблемалық оқыту, қорытындығы алып келетін технологиялар, дискуссиялық тәсіл, зерттеу әдістері, іздену әдістері. топпен оқыту әдісі, ұжымдық оқыту, өз бетімен жұмыс істеу әдістері, бағдарлы оқыту, оқытудың коммуникативті тәсілі, насихаттықойындар.
  3. Жоғары буын: білім алушының іс-қиымлыарқылы ұйымдастырылған ойындар,іздену әдістері, өзіндік жұмыстың әдістемесі, зерттеу тәсілдері, нәтижелі технология, жобалау тәсілі, даралап оқыту," өнер іздегіш жаттығуларды талдау теориясы" адістемесі, бағдарламалы оқыту, кәсіптік,модульдік технология, сондай- ақ негізгі бағыт-бағдар бере отырып білім берудірек конспектісін пайдалану,байланыс, сөйлесу, араласу әдістеме, талқылау негізінде оқыту, семинар- сынақ типтері, өз бетімен оқу.

Еліміздің дамып, көркейіп өркениетті, бәсекеге қабілетті мемлекеттер санатына қосылуы қазіргі заманғы буын бейнесінен байқалады. Осы таңдағы білім беру шеңберіндегі мәселе-ұйымдастыру және әлеуметтік педагогикалық тұрғысынан, білім беру мәніне жаңа серпіліс кіргузідің жаңа, оңтайлы тәсілдерін іздестіру, оларды іске асыра алатын оқытушыларды әзірлеу. Оқытушыларды дайындау қай кезде де актуалды проблемалар санатына жататынын ап-айқын. Бұл, қоғамның экономикалық-әлеуметтік мақсат-міндеттері заманына сай ерекшеліктерге ұшырап, жаңа буынды соған сәйкес өмірге үйретудің жаңа талаптары пайда болып отыр. Осы таңда ұстанымдар кәсіби педагог мамандарын дайындау жүйесіндегі көзқарастардан белгілілігі сөзсіз. Осы мектеп жағдайындағы оқытудың ұлттық моделіне өту тәрбиелеудің және оқытудың ақырғы тәсіл-әдістерін, инновациялық педагогикалық технологияны меңгерген, педагогикалық және психологиялық тексеруді қабылдауға мүмкіндігі бар, білім беру жұмысында пайда болған ескі сүрлеуден жылдам құтылуға нақты және қабілетті тәжірибелік іс-қимыл үстінде өзіндік бір ерекшелігі бар бағыт салуға икемді, ойшыл мұғалім, шығармашыл зерттеуші-педагог болуын талап етеді. Елдің білім жүйесі сатысында білім беру үрдісін ұйымдастыру жаңаша, өзгеше оқыту технологияны кіргізуді бағыт-бағдарға алады.

Заманға сайнегізделе отырып,өте ерекше, жаңа бағдар-бағытта жұмыс істеу- бүкіл мұғалімдер алдындағы негізді әрі негізді басты мақсаттардың негізгісі болып есептелінеді. Осы мақсат-міндеттерді іске асыруда мектептің теориялық және әдістемелік ісінің алатын орныөзгеше. Мектеп оқытушылары ішінде өтілетін түрлі әдістемелік жиналыстар өзгеше, жаңаша сипатта ұйымдастырып жүргізуді дәстүрге айналдыру қажет.

Еліміздің«Білімжөнінде» Заңнамасында білім беру нысанын, типтерін, ақпараттық технологияларынтаңдаған кезде біршама нұсқалық принципі тіркелген болатын, аталған білім беру орындарының оқытушыларына өзіне оңтайлы форманы пайдалануға, оқыту процессін кез келген нұсқамен, сонымен қатар авторлық нұсқамен құруға мүмкіндік береді.

Алуан түрлі тәжірибелер көрсеткендей, осы технологияны пайдалану кезінде білім беру сапасын әжептәуір арттыруға, сонымен қатар білім беру стандарты негіздеген оқу материалын түгел балалардың 100 пайыз игеруін қамтамасыз етуге болады. Осы технологияның айта кетерлік бір өзгешелігі аса білімді оқушылармен жүйелі, сондай-ақ тұрақты жұмыс істеу мүмкіндігі болып саналады.

Әр мемлекеттің ұлтының тіршілік ету құрылымының жоғарылығы, экономикалық қуаты, әлемдік қауымдастықтағы салмағы және орны сол мемлекеттің технологиялық даму деңгейімен белгіленбек. Негізінен жаңа технологияны енгізу мен қоғам дамуы сапалылығы аталған мемлекеттегі оқыту желісінің алға қойылғандығы, сонымен қатар осы саланы информацияландыру деңгейіне әкеледі. [3, 4 бет].

Экономикалық аса дамыған мемлекеттердің тәжірибесі білім жүйесін информацияландыру ғылым, экономика және мәдениеттің интенсивті дамуының басты көзі екендігін анықтап отыр. Демек осы заманның ақпараттық технологиясын меңгеру міндетіміз.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. І.ҚР «Білім жөнінде» Заңнамасы // Алматы 2010/.1-156
  2. 2. ҚР 2015жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы//Астана. 2004. 3-46.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.