Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Коммерциялық банктердегі стратегиялық жоспарлаудың caтылары

Аңдатпа

Даму стратегиясын жасақтау процесі банктегі стратегиялық жоспарлау жүйесін қою процесі сияқты көп қырлы және өте күрделі. Бул банк тарапынан материалдық және материалдық емес ресурстарды көп талап етеді, өзгерістерге әзір болуды талап етеді. Бірақ барлық шығындар мен өзгерістер өзін өзі ақтайды, өйткені стратегия шағын банкке де керек, ірі банкке де керек, банктің нарықтағы жағдайы да, басқару жүйесінің, бизнес процестердің, тіпті банктің болашақта өміршеңдігі фактісінің өзі тек банк стратегиясына байланысты болады.

Стратегиялық жоспарлау - бул банк басқаруының барлық деңгейлерін қозғайтын және бірнеше айға созылатын процесс. Бул процесс күрделі болып келеді, өйткені, жоспарлау барысында үнемі өзгеріп отыратын көптеген сыртқы және ішкі факторларды қамтиды. Заңнамалар, бәсекелестер, кенеттен серпілетін техникалық прогресс күтпеген өзгерістер әкеледі. Мұндай тез өзгермелі факторларды жеңу үшін стратегияны әзірлеушілерге, яғни, мамандандырылған консалтинг компаниясына немесе объективтілік үшін басқару жүйесінен тыс шығарылғанбейінді банк қызметіне (стратегиялық жоспарлау бөліміне) - қазіргі заманғы шешімдер принципімен қарулануы тиіс немесе стратегиялық міндеттерді рангалау арқылы басқару дегенді қолға алуы тиіс, бұл мынаны көздейді:

  • банк қызметінің сыртқы ортасындағы барлық үрдістерді: нарықтық, техникалық, жалпыэкономикалық, әлеуметтік, саяси үрдістерді бақылап отыру;
  • осы үрдістерді талдау нәтижелері туралы банктің жоғары басшылығына ақпарат беру;
  • банк міндеттерін санаттарға бөлу, бұлар: сол бойда қарауды талап ететін өте мерзімді және маңызды міндеттер; орташа мерзімді маңызды міндеттер, бұлар келесі жоспарлық цикл ішінде шешілуі мүмкін; маңызды, бірақ мерзімді емес міндеттер, тұрақты бақылауды талап етеді; елеусіз міндеттер, бұдан әрі қарауды қажет етпейді. (жалған абыржу);
  • зертгеу үшін және шешім қабылдау үшін мерзімді міндеттерді банктің бұрыннан бар бөлімшелеріне беру немесе қажет болса жаңадан құрылған мамандандырылған бөлімшелеріне беру;
  • болуы мүмкін стратегиялық және тактикалық салдары тұрғысынан басқарушылық шешімдер қабылдауға жоғары басшылық тарапынан бақылау орнату;
  • банктің жоғары басшылығы тарапынан міндеттер тізімін және басымдылығын үнемі қайта қарап жаңарту.

Қазіргі уақытта көптеген банктер стратегиялық күтпеген жағдайлар туындауына қарсы өздерін дайындамайды. Соның нәтижесінде егер банк стратегияны жасаса да, оны енгізуге тырысуы пайдасыз болып қалады, егер банкті күтіп тұрған болуы мүмкін қиындықтар мен сан алуан ахуалдарды ескермесе [1, 96 бет].

Стратегиялық жоспарлау банкті корпоративтік басқару жүйесінде өзекті орын алады. Банктің барлық жоспарлары мен бағдарламалары, оның басқару органдарының және құрылымдық бөлімшелерінің қызметі, стратегиялық жоспарлау барысында белгіленген приницптер мен көрсеткіштер ескеріліп тұрғызылады. "Стратегиялық жоспарлау" деп стратегияны жасақтау процесін атайды, сөйтіп оны енгізу үшін жауапкершілікті басқа басқару жүйелеріне жүктейді. Мұндай түсініктердің орын алмасуы стратегия ешқашан енгізілмей қалып, тек қағаз жүзіндегі құжат болу қауіпін туындатады.

Стратегиялық басқару мен стратегиялық жоспарлаудамуының тарихы бұл процесті қазақстандық банктер қоғамдастығы қазіргі кезде ойлағанындай емес, бұдан да ауқымдырақ екенін көрсетеді. Стратегиялық жоспарлаубанк мақсаттарына жетуді жоспарлау жүйесін- стратегияны қойғаннан бастап енгізгенге дейінгі (бюджет орындалғанға дейінгі) түгел қамтиды.

Стратегиялық жоспарлау үш базалық элементтен тұратын тұтас әрі үздіксізпроцесс, бұлар:стратегиялық жоспарды жасақтау (бес - он жыл), бизнес- жоспарлау (бір-үш жыл) және бюджеттеу (бір жыл) (Ісурет). Белгіленген элементтердің әрқайсысы мониторинг процесімен қатарласады, бұған негізгі қызмет көрсеткіштері және мақсатқа жету, басқарушылық есептілік және талдау жүйесінің негізгі индикаторлары кіреді.

Стратегияны жасақтау сатысы деп даму стратегиясын әзірлеу процесін, оны енгізу жоспарын, мониторинг және орындалуын бақылауды атайды.

Даму стратегиясы - ұзақ мерзімді перспективадағы банк қызметінің мақсатын, оған қол жету құралдары мен тәсілдерін, банк қызметінің сыртқы орта мен оның акционерлері басымдылығы өзгеруі мүмкіндігін ескеріп, стратегиялық жоспарлау кезеңіне арнап банк ресурстарын бөлуді көрсететін құжат. Стратегиялық жоспарлау кезеңі деп жасақталған стратегия арналған уақыт аралығын атайды.

Стратегияны жасақтаудың бірінші сатысында стратегиялық кезеңге арналған банк қызметінің тұжырымдамалық негізі қалыптастырылады.

Даму тұжырымдамасын банктің меншік иесі қалыптастырады және бұған банк қызметінің стратегиялық кезеңге арналған миссиясы, болжамы және стратегиялық мақсаты кіреді.

Екінші сатыда банк дамуының дербес корпоративтік стратегиясы жасақталады. Даму стратегиясын жасақтау процесі тұтас алгоритм болып келеді, оны іске асыру нәтижелері бұлардың мазмұнына қойылатын ең аз талаптарға сәйкес даму стратегиясының тиісті тарауларында сипатталады.

Даму стратегиясын жасақтау процесіне мыналар кіреді.

Банк қызметінің сыртқы және ішкі ортасын талдау және болжамдау. Соңғы есептік күнге қарағанда жүргізіледі (соңғы жыл үшін, сондай-ақ үрдістерді зерттеу мақсатында бірқатар жылдар ішінде динамикада жүргізіледі) даму тұжырымдамасында аталған банктің өз миссиясын іске асыру мүмкіндіктерін, болжам позициялары мен стратегиялық мақсаттарына жетуін ескеріп жүргізіледі.

Банк қызметінің ішкі ортасының ағымдағы жағдайын талдауға банктің қаржылық жағдайын талдау, қалыптасқан ұйымдық жүйе мен басқару жүйесін талдау кіреді. Банктің қаржылық жағдайын талдау басқару бағыттарын, приницптерін және саясатын, активті операцияларының, ресурстарды тарту операцияларының, меншікті қаражаттың сәйкесті шамасын қалыптастыру жұмыстарының параметрлері мен тиімділігін, банктің өңірлік бөлімшелерінің қызметін сипаттайды [2, 19 бет].

Ұйымдық жүйе мен басқару жүйесін талдауға коропоративтік басқару жүйесі, ұйымдық қызметтік құрылым, тәуекелдерді басқару жүйесі, ішкі бақылау жүйесі, персоналды басқару, банк қызметінің технология жүйесі жатады.

Банк қызметінің ішкі ортасын талдау ақпараты банк үшін өзекті болуы керек, соның ішінде жуық арада көзделетін өзгерістер көрсетілуі тиіс.

Банк қызметінің ішкі ортасын талдау банк ерекшелігін, олар алға қойған қаржылық жәнен қаржылық емес мақсаттарына жету тиімділігін ескеріп, Қазақстан банкісінің талаптарына, халықаралық стандарттар мен ұсыныстарға, қазақстандық және шетелдік қаржы ұйымдарының озық тәжірибесіне сәйкес жүргізіледі.

Банк қызметінің сыртқы ортасын талдау Қазақстан эконом и касының, қазақстанның банк секторының, банктің бәсекелес ортасының ағымдағы жағдайы мен даму үрдістерін сипаттайды.

Банк қызметінің сыртқы ортасының стратегиялық кезеңдегі дамуы стратегиялық қаржылық модельді тұрғызуға жеткілікті көрсеткіштер тізімі әзірленіп, үш сценарий бойынша болжамдалады.

SWOT-талдау. Банк қызметінің сыртқы және ішкі ортасын талдау нәтижелері бойынша жүргізіледі және меншік иесі даму тұжырымдамасында белгілеген банк дамуының тұжырымдамалық параметрлерін ескереді [3, 12 бет].

SWOT-талдау қорытындысы банк үшін маңыздылығына қарай орналасқан оның әрбір параметрлері бойынша матрица түрінде және талдау негіздемесі түрінде ресімделеді.

Банк дамуының сценарилерін әзірлеу және солардың ішінен базалық сценарииді талдау.

Банк дамудың үшеуден кем емес сценариін әзірлейді, бұлар: сыртқы орта қолайсыз жағдайда дамыған кездегі сценарии; сыртқы орта қолайлы жағдайда дамуған кездегі сценарии (оптимистік) және орташа көрсеткіштері бар сценарии (бірқалыпты қолайлы жағдайда немесе бірқалыпты қолайсыз жағдайда сыртқы орта дамуының алғышарттарына байланысты).

Банктің даму сценариі меншік иесінің банктің даму тұжырымдамасында белгілеген параметрлері орындалу қажеттігін ескеріп, оның қызметінің сыртқы және ішкі ортасын талдау және болжамдау негізінде, SWOT-талдау негізінде әзірленеді.

Әрбір даму сценариіне сыртқы орта дамуының сценарилерінің біріне негізделген стратегиялық қаржылық жоспар кіреді, және стратегиялық қаржылық жоспарда белгіленген көрсеткіштерге жетуге арналған банктің іс-әрекеттерін қысқаша сипаттау, соның ішінде ресурстарды салу бағыттарын анықтап, іске асыру және банк өнімдері мен қызметтерінің жаңаларын игеру және бұрыннан барын дамыту, банк және ақпараттық технологияларды дамыту, аумақтық экспансияны, капитал қалыптастыру саясатындағы өзгерістер капиталға инвесторлар тарту, банкті ұйымдастыруды және басқару жүйесін жетілдіру.

Жасақталған даму сценарилері банк үшін ең аз шығынмен даму сценариін іске асыру мүмкіндігін, даму тұжырымдамасының параметрлеріне және банк меншік иесінің болжамына сәйкестігін білу үшін талданады. Талдау нәтижесі негізінде базалық даму сценариі, сондай-ақ оптимистік және пессимистік сценарилер таңдалады.

Банктің оптимистік және пессимистік даму сценариі банк қызметінің сыртқы және ішкі ортасы даму индикаторлары ауытқыған жағдайда бұларды іске асыру мүмкіндіктерін ескеріп әзірленуі тиіс және оның акционерлерінің талаптарына сәйкесуі тиіс.

Банктің базалық стратегиялық даму сценариін нақтылау және ресімдеу.

Тараулардың құрылымы мен мазмұны даму стратегиясының тараулары мазмұнына қойылатын ең аз талаптарға сәйкес болуы тиіс. Тараулар ақпараты базалық сценаридің стратегиялық қаржылық жоспары параметрлерімен байланыстырылуы тиіс және базалық сценариден оптимисттік немесе пессимистік даму сценариіне көшкен жағдайда банк қызметінің дамуына бағыт беруі тиіс.

Банктің базалық сценарии аясында жоспарлаған стратегия тарауларында көрсетілген барлық стратегиялық шаралар, оның қызмет ерекшелігіне және даму стратегиясы жазылып жатқан кездегі нақты жағдайына сәйкесуі тиіс және осы ерекшелігін ескеруі тиіс. Стратегиялық уақыт кезеңінде орындалады деп жоспарланған және банктің даму стратегиясына салынған барлық шаралар, мынаған сәйкестігіне қарай бағалануы тиіс:

  • банк меншік иесінің талаптарына;
  • стратегиялық кезеңге арналып белгіленген стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге;
  • Қазақстан Банкінің несие ұйымдары қызметіне қойылатын талаптарға;
  • экономикалық қажеттілігіне;
  • банк қызметінің ерекшелігіне;
  • банк қызметінің сыртқы ортадағы қалыптасқан үрдістеріне сәйкестігіне қарай бағалануы тиіс.

Банктің даму стратегиясын орындаудың жоспар кестесін қалыптастыру. Бұл тарау банктің бизнес бағыттары бойынша құрылымдалған банктің даму стратегиясын орындаудың жоспар кестесі болып келеді және банктің стратегиялық кезең ішінде стратегиялық мақсаттар мен міндеттеріне жету үшін орындауы қажет негізгі шаралардан тұрады.

Жоспарды банк қызметі бағыттарының әрқайсысы бойынша стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді сатылап орындау туралы болжамға қарап, банк даму стратегиясының мазмұны мен құрылымына қатаң сәйкес әзірленеді. Жоспар-кестеде банктің нарықтық стратегиясына байланысты стратегиялық шаралар және банкті басқару жүйесін реформалау жөніндегі шаралар болады [4, 52 бет].

Жоспар-кесте таблица түрінде, сондай-ақ тор кесте түрінде жасалады. Онда міндетті түрде шараларды орындау мерзімі, оларды орындау үшін жауапты банк бөлімшесі және осы шаралардың нәтижелері көрсетілуі тиіс.

Банктің даму стратегиясын орындаудың жоспар кестесі ағымдағы және орташа мерзімдік қаржылық жоспарларды (бюджетті) жасаған кезде ескеріледі және банк стратегиясын орындау барысында ықпал ететін нарықтық жағдайлар елеулі өзгерістер кезінде қайта қаралады.

Стратегия н ы жасақтаудың үшінші сатысы - банктің стратегиялық жоспарлау жүйесінің: бизнес-жоспарлау және бюджеттеу деген келесі сатыларында оны енгізу құралдарын қалыптастыру.

Бұл құралдар:

  • негізгі қызмет көрсеткіштерінің жүйесі;
  • банк қызметінің жекелеген бағыттарын дамыту стратегиясы;
  • жобалық басқару;
  • банк дамуының корпоративтік стратегиясы орындалуын талдау және болжамдау;
  • персоналды оқыту және мотивациялау жүйесі.

Негізгі қызмет көрсеткіштерінің жүйесі (бұдан әрі - KPI) бір бірімен тығыз байланысты сандық және сапалық көрсеткіштерден тұрады, бұлар белгілі бір иерархия деңгейі бойынша тұрғызылған және банк қызметінің әртүрлі қырларын сипаттайды.Банктің негізгі қызмет көрсеткіштері жүйесінің жоғарғы деңгейі стратегиялық деңгейдің KPI болып табылады, бұл келесі KPI деңгейлері үшін негіз болып келеді.

Стратегиялық деңгейдің KPI стратегиялық қаржылық жоспары банктің даму стратегиясында (жалпы банк үшін) көрсетеді және банк бизнесінің бағыттары мен түрлері, банк өнімдері мен қызметтері бойынша банк деңгейлерінде нақтылауды кеңейтіп, бөлімшелер мен қызметкерлер деңгейіне дейін көрсетіледі.

KPI жүйесі банктің даму стратегиясын барлық қызмет деңгейлері бойынша трансляциялайды. Бұл әрбір қызметкерге стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге жету үшін өз іс-әрекетінің жоспарын жасауға рұқсат етеді. KPI жүйесі нақты уақыт ішінде қызметкерлер мен банктің іскерлік белсенділігіне бақылау жасауға, және жекелеген қызметкерлердің (бөлімшелер мен бағыттардың) және банк бизнесі түрлерінің күшті және әлсіз тұстарын анықтауға рұқсат етеді.

KPI жүйесі даму стратегиясы орындалуының мониторинг! мен бақылау жүйесі үшін негіз болып табылады. KPI жүйесін әзірлеу, енгізу, жұмыс істеуі банктің арнаулы ішкі нормативтік құжаттарында сипатталады.

Банктің даму стратегиясы орындалуын болжамдау қажеттілік туындаған кезде (сыртқы экономикалық ахуал өзгеруі, банк үшін жаңа өнімдер мен қызметтер, жобалар мен технологиялар енгізілуі, басқару жүйесінің өзгеруі т.б.), сондай-ақ банк меншік иесінің, банк кеңесінің, банк басқармасының сұрауы бойынша белгілі бір кезеңділікпен айына бір рет немесе жиірек іске асырылуы тиіс [5, 42 бет].

Болжам барысында банк қызметінің болжамды ішкі және сыртқы жағдайларын ескеріп, оны орындау мүмкіндігін анықтау үшін банктің корпоративтік 170

стратегиясын стресс-тестілеу жүргізіледі.

Корпоративтік стратегияны орындау барысында оны орындау үшін персоналды мотивациялау жүйесін жасау көзделеді, мұны әрбір қызметкерге жеткізілетін KPI жүйесі негізінде тұрғызу ұсынылады.

Бұрын аталған құралдар банктің арнаулы ішкі нормативтік құжаттарында сипатталады және корпоративтік стратегия мен оның қосымшаларында белгіленеді.

Стратегияны әзірлеудің төртінші сатысы стратегияның орындалуына мониторинг жүргізу және бақылау жүйесі туралы түсінікті қалыптастыруды көздейді.

Мониторинг көрсеткіштері, есептілігі, оны жасау кезеңділігі және мониторинг жүргізу үшін жауапты адамдарды анықталады.

Мониторинг көрсеткіштерін екі бағыт бойынша саралайды:

1) банк қызметінің сыртқы ортасы -с тратегиялық қаржы жоспарының кіріс параметрлеріне сәйкестігін көрсететін сыртқы орта көрсеткіштері;

2) банк қызметінің ішкі ортасы - KPI стратегиялық деңгейге қарай таңдалған стратегиялық бағытта қозғалуын көрсететін, стратегиялық қаржы жоспарына кіретін көрсеткіштер.

Стратегиялық қаржы жоспарын орындауға бағытталған жекелеген стратегиялық шаралардың көрсеткіштері, соның ішінде стратегиялық шараларды ұйымдастырып өткізу көрсеткіштері, шараларды орындағаннан болған эсер және оның жобаның техникалық-экономикалық құжаттарында мәлімделген болжамдық мәндеріне сәйкестігі.

Стратегияны жасақтаудың бесінші сатысы банктің корпоративтік даму стратегиясы көрсеткіштерін ресімдеу және жаңа даму стратегиясын жасақтауды бастау - жаңа стратегиялық циклды бастау дегенді көздейді.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Банк ісі = Банковское дело [Мәтін]: Типовая учебная программа по спец. 070640 - "Финансы и кредит".- Алматы, 2003.- 846.
  2. Банки и банковские организации в Республике Казахстан [Текст]: 3.Основные законодательные акты; Офиц. тексты по сост. на 25 апреля.2001 года.- Алматы, 2001.- 108с.
  3. Ауесбаева А.Т. Развитие стратегического упр-ния в коммерческих банках PK.- Алматы: Қазақ университет!, 2004 -181 с.
  4. Банковское дело: стратегическое руководство. - M.: Издательство АО «Консалтбанкир», 1998-432с
  5. Банки и банковское дело / Под ред. И.Т.Балабонова - СПб.: Питер, 2001- 304с. (Серия «Учебники для вузов»)
  6. Давыдова Л., Райманов Д. Банковское право Республики Казахстан [Текст]: Учеб, пособие / Л. Давыдова.- Алматы: Жеті жарғы, 2000.- 352с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.