Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазіргі кезеңдегі қазақстан мен ресейдің экономикалық ынтымақтастығы: жаңа үрдістер мен проблемалар

Аңдатпа

Мақалада Атырау және Астрахан облыстары материалдарын зерттеу негізінде Қазақстан мен Ресей арасындағы шекарааралық байланыстардың тарихына, тәуелсіздік кезеңіндегі көршілес облыстардың экономикалық өзара байланыстарына кешенді талдау жасалып, Қазақстан мен Ресейдің шекарааралық ынтымақтастығының жағымды және жағымсыз тұстарына, тәжірибелеріне, екі елдің алдағы уақыттағы шекарааралық байланыстары дамуының тенденциялары мен перспективаларына баға берілген.

Қазіргі кезеңдегі Қазақстан мен Ресейдің экономикалық ынтымақтастығындағы жаңа үрдістерге тоқталсақ, Қазақстанның, сол секілді Ресейдің де сыртқы саясатының басты бағыттарының бірі шекарааралық қарым- қатынастарды нығайту болып табылады. Екі мемлекет те көп жылдар бойы тығыз саяси-экономикалық, мәдени-гуманитарлық қарым-қатынаста болып келді, әрі алдағы уақытта да бола бермек. Мемлекетаралық достастық екі ел басшылығының, саяси элитасының және екі ел халқының өзара тығыз байланыстары арқасында дамып отыр. Қазақстан мен Ресей қарым-қатынастарының біртұтас спектрі көптеген көп жақты және екі жақты құжаттар мен келісімдермен реттелуде. Қазақстандық- ресейлік аймақаралық және шекарааралық ынтымақтастығының субъектілері екі елдің мемлекеттік және муниципалитеттік билік органдары, бизнес, қоғамдық ұйымдар және қарапайым азаматтар. Ынтымақтастықтың негізгі формалар мыналар болып табылады:

  • екі елдің ынтымақтастықтың негізгі бағыттары бойынша біріккен жоспарлар мен іс-қимыл бағдарламаларын дайындауы және жүзеге асыруы;
  • Қазақстан және Ресей өңірлері ынтымақтастығының IX Форумында қабылдаған ынтымақтастық туралы келісімдер (мемлекетаралық, аймақаралық және муниципалитет аралық) негізінде екі елдің мемлекеттік билік органдары және жергілікті өзін-өзі басқару органдары арасындағы өзара іс-қимыл;
  • екі жақты келісімдер негізінде кәсіпорындар, мекемелер және ұйымдар арасындағы ынтымақтастық;
  • ынтымақтастықты дамыту үшін үйлестіруші органдарды құру және пайдалану;
  • форумдар мен кездесулер ұйымдастыру.

Ынтымақтастықтың сипаты мен белсенділік дәрежесіне тоқталсақ, қазіргі кезеңде басты рөл мемлекеттік билік органдарында. Бірінші кезекте, Қазақстан және Ресей үкіметтерінің өңірлік және шекарааралық ынтымақтастықты дамыту туралы қабылдаған және жүзеге асырылып жатырған келісімдері мен бағдарламалары.

6

1995, 1999, 2010 жж. қабылданған үкіметаралық келісімдерді жүзеге асыру үшін үш (1997-2007 жж., 2008-2011 жж., 2012-2017 жж.) ынтымақтастық бағдарламалары қабылданды. 2014 жылғы қазан айының соңында екі елдің әкімшіліктері арасында 45 келісім жасалған екен. Олардың 33-і - Қазақстан мен Ресей шекарааралық облыстары арасында, 12-і - шекараға жатпайтын аймақтар арасында [1, С.40]. Аймақаралық келісімдер мазмұны жағынан бір-біріне ұқсас және кешенді түрде жасалған. Олар сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени салалардағы ынтымақтастық мәселелерін реттейді. Негізінен, қазақстан-ресейлік өңірлік ынтымақтастық шекара бойында жақсы дамыған.

Муниципалитеттік ынтымақтастық шекарааралық ынтымақтастық мәселесінде кенже дамыған. Ол, негізінен, Қазақстанда да, Ресейде де, жергілікті өзін-өзі басқару формасының тек жаңа қалыптасып жатқанына, оларда қаржы және кадр тапшылығына байланысты болса керек. Erep, европалық шекарааралық муниципалитеттер шекара бойын жайластыру, туризм дамыту, қоршаған ортаны қорғау және т.б. мәселелерді өздері шеше алатын болса қазақстандық аймақтарда ол өте қиын мәселе.

Сондықтан, осы және басқа да мәселелерді жергілікті деңгейде шешу үшін 2008-2011 жж. арналған өңірлердің шекарааралық ынтымақтастығы Бағдарламасы жасалды. Атырау және Астрахан облыстарының қатысуымен бірінші Евразиялық аймақ құру жобасын дайындау және жүзеге асыру үшін жұмыс тобы құрылды. Erep ол жүзеге асқан жағдайда кеңінен қолдану туралы айтылды. Алайда, ол мәселе аяғына дейін жетпеді, жүзеге аспады. Оған себептердің бірі жобаға қатысқан облыстардың әртүрлі мемлекеттік-құқықтық статусы еді. Мысалы, Астрахан облысы РФ субъектісі болса, Атырау облысы унитарлық мемлекеттегі әкімшілік- территориялық бірлік болып табылады. Осыған байланысты олардың билік өкілеттілігі де әртүрлі деңгейде.

Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда қатынасының дамуына, оның ішінде, шекарааралық сауда қатынасының дамуына ұлттық заң актілерінің, екі ел арасындағы кеден және тарифтік реттеулердің үйлестірілмеулері болды. Көп жағдайда, жергілікті билік өз мүмкіндігінше шекарааралық сауда-саттық қатынастарын екі жаққа да тиімді түрде жолға қоюға тырысты. Оған кеңестік дәуірден сақталып қалған аймақаралық шаруашылық-экономикалық байланыстар өз игі әсерін тигізді. Мысалы, 1994-1999 жж. арасында Атырау облыстық акиматы көршілес Астрахан облысымен халықаралық және мемлекетаралық келісім-шарттар негізінде сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастықты нығайтуға арналған 11 нормативтік құжатқа қол қойып, оны жүзеге асыра бастады. Мысалы, Астрахан облысында қазақстандық капиталдың қатысуымен 37 кәсіпорын тіркелген, олар пайдалы қазбаларды өндіру, өңдеу, балық консервілерін дайындау, өнеркәсіп және тамақ өндірісі бойынша қызмет көрсету, көтерме сауда, көлік және байланыс, құрылыс салаларында жұмыс жасайды. Көптеген астрахандық кәсіпорындар Қазақстан нарығында жоғары сұранысқа ие өнімдер өндіреді. Олар, құрылыс материалдары, тамақ өнімдері, әртүрлі құрал-саймандар, басқа да товарлар. Қазақстандықтар бұл товарларды тікелей астрахандық өндірушілерден немесе Астрахан қаласының көтерме сауда базарларынан сатып алады.

Айталық, Астрахан облыстық құрылыс индустриясы кәсіпорындары: «ПКФ «Казпромтрейд» ЖШС, «ПКФ «Аксоль» ААҚ, «Электротехническая компания» ЖШСҚазақстан Республикасына келісім-шарттар негізінде құрылыс материалдары мен құрылымдарды (темір-бетон бұйымдары, цемент, кірпіш, болат және т.б.) тұрақты түрде жеткізіп тұрады.

Атырау облысы шаруашылық субъектілері Астрахан облысының көтерме сауда құрылымдарымен сауда-саттық арқылы азық-түлік, тұрмыстық химия, құрылыс және шаруашылық товарларын сатып алу үшін коммерциялық байланыс орнатқан. 200-ден астам қазақстандық кәсіпкерлер апта сайын сауда кешендеріне келіп күнделікті халық тұтынатын товарлар алса, астрахандық көтерме саудамен айналысатын кәсіпкерлер Атырау қаласына, Атырау арқылы Маңғыстау және Батыс- Қазақстан облыстарына товарлар жеткізеді [2].

Өңірлік және шекарааралық ынтымақтастықта маңызы зор шара - әр жыл сайын өтетін Қазақстан және Ресей өңірлік ынтымақтастық форумдары. Оған ынтымақтастықтың барлық субъектілері мен екі ел президенттері қатысады. Форумның мынадай бірнеше маңызды функциялары бар, олар: өңірлік және шекаралық ынтымақтастықтың әртүрлі мәселелері бойынша пікірталас алаңы болып табылады; ынтымақтастықтың стратегиясы мен тактикасы анықталатын үкіметаралық бағдарламалық құжаттар қабылданады; перспективалық жобалар ұсынылатын орын; Қазақстан мен Ресейдің кәсіпорындары мен ұйымдары, екі елдің аймақтары арасында келісім-шарт жасауға мүмкіндік береді. Форум 2003 жылдан бастап өткізіліп келеді және 2008 жылға дейін шекаралық өңірлер Форумы, кейін Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастық Форумы деп аталады. Дәстүр бойынша ол екі елдің шекаралық қалаларында күз айларының басында өтеді. Тек 2013 жылғы Екатеринбург, 2015 жылғы Сочи және 2016 жылғы Астана форумдары болмаса, барлығы 13 форум өтті.

Қазақстан және Ресей аймақтарының ынтымақтастығы екі жақты қатынастың әртүрлі салаларын қамтиды, дегенмен де, басымдылық екі жақ та тезірек шешуге мүдделі проблемаларға арналады. Қазіргі кезде форумдарда екі жақты экономикалық, саяси ынтымақтастықтың неғұрлым өзекті мәселелері, әлеуметтік-гуманитарлық проблемаларды шешу, заңсыз миграциямен, халықаралық қылмыспен күрес, төтенше жағдайлардың алдын-алу және олардың зардаптарымен күрес, сондай-ақ табиғатты пайдалануда бірыңғай стандарттарды қолдану, су қоймаларын, өзендерді және басқа да табиғат ресурстарын бірлесе пайдалану мәселелері талқыланады.

Экономика саласындағы ынтымақтастық сауданы дамыту, өнеркәсіптік кооперация және екі жақты инвестицияға көп көңіл бөледі. Бұл бағыттағы өзара іс- қимыл бағыты шекарааралық өңірлерде сыртқы сауданың қарқынды дамуына жағдай жасап отыр. Қазақстан мен Ресейдің сыртқы сауда айналымындағы шекаралық облыстардың үлесі соңғы жылдары 70% дейін өсті, оның 40% шекаралас Қазақстанның 7 облысы мен РФ 12 субъектісіне келеді. Алайда сыртқы саудада жекелеген аймақтардың ролі олардың экспорттық қуатына тікелей байланысты. Мысалы, РФ Тюмень облысы, ал ҚР Атырау облысы екі елдің жалпы экспортының жартысынан көбін береді [1, С.41-42].

2011 жылы Астрахан қаласында өткен VIII форумда Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының 2012-2017 жж. арналған өңірлік және шекаралық ынтымақтастық туралы Бағдарламасына қол қойылды. Ол бойынша серіктестікті дамытудың негізгі бағыттары болып төмендегі жұмыстар көрсетілді: ҚР мен РФ көршілес территорияларындағы эконом и калық өсу және жергілікті халыққа қолайлы жағдай туғызу; екі елдің де өңірлік әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін ең қажетті, бірінші кезекте, денсаулық сақтау, білім, ғылым, мәдениет салалары бойынша аймақаралық бағдарламалар мен біріккен жобаларды жүзеге асыру; ҚР мен РФ шаруашылық субъектілерінің өзара тиімді тікелей байланыстарын орнату, дамыту; эконом и калық, ең бастысы, өндіріс саласындағы кооперацияны дамыту; товарлық нарық пен сауда ынтымақтастығын нығайту; екі елдің шекара бойындағы 8

шаруашылық қызметі немесе табиғи апаттар негізінде туындайтын трансшекаралық маңызы бар экологиялық қауіп-қатердің алдын алу; ынтымақтастықтың басым бағыттары бойынша жоғары технологиялық өнім шығаратын бәсекеге қабілетті бірлескен кәсіпорындар құру; көршілес территорияларда кіші және орта бизнес салалары бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыру; ақпараттық және басқа да өзара іс-қимыл жүйесін құру; трансшекаралық мазмұндағы төтенше жағдайларға қарсы күрестің тәтижелігі мен шапшаңдығын арттыру [3, С.108-109].

2014 жылы 29-30 қыркүйекте Атырау қаласында өткізілген XI форум тақырыбы «Көмірсутегі саласындағы инновациялар» және Қазақстан мен Ресейдің көршілес аймақтарындағы кәсіпорындар арасындағы ынтымақтастықты дамыту, мұнай-газ саласындағы инвестициялық және инновациялық тұрғыда жаңа байланыстар орнату, екі мемлекеттің іскерлік және қоғамдық құрылымдарының арасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға арналды. Атырау өндірісі қарқынды дамып келе жатқан және Ресейдің іскерлік ортасымен тиімді өңіраралық серіктестік орнатуына мүмкіндігі мол өңір. Атырау облысында көптеген мұнай-газ кеніштері мен тасымал құбырлары, еліміздің ең ірі мұнай өңдеу зауыты орналасқан. Атырауда әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті өнім шығаратын ірі компаниялар жұмыс жасайды.

Форум аясындаҮкі мета рал ық және өңіраралық маңызды құжаттарға, соның ішінде, Атырау облысының Татарстан және Башқұрт Республикаларымен экономикалық сауда, ғылыми техникалық және мәдени ынтымақтастық жөнінде келісім шартына қол қойылды. Форумда екі елдің ірі кәсіпорындарының мүмкіндіктерін баяндайтын көрме өткізілді. Олардың қатарында «ҚазМұнайГаз», «Tatneft», «Консорциум Eurasia», «Алстрон», «Sonogram», «ВНИПИ газдобыча», «Самарские горизонты» ЖАҚ, «Российские инновационные технологии защиты трубопроводов», «Энго Инжиниринг» ААҚ, «Maersk oil», «Мир масел» ЖШС, «Рауан Налко» ЖШС, «Челябинский завод технологической оснастки» ЖАҚ сынды ipi компаниялар бар [4].

Бұл жерде айта кету керек, қазақстандық нарықта құрылыс материалдарын, жиһаз, кондитерлік және макарон өнімдерін, балық тұзы, жеміс консервілерін шығаратын «ЭЛКО» ЖШС, «Карон ТМ» ЖШС, «Бассоль» ААҚ, «ПКФ «Негус» ЖШС астрахандық фирмалар жұмыс жасайды. Сөйтіп, Ресей капиталы мұнай өндіру, мұнай химиясы, сауда, құрылыс, көлік тасымалы секілді салаларда қызмет етті. Мысалы, 2002 жылы сәуір айында Астрахан облысының «Красные баррикады» және Атырау облысының «Проммонтаж КиВ» кәсіпорындары негізінде қазақстан-ресейлік біріккен кәсіпорны «Судостроительная компания» ЖШС құрылған болатын. «Судостроительная компания» Аджип KKO және «Казмортрансфлот» компаниясының тапсырысы бойынша Қашаған кен орнын мұз құрсауынан қорғау, баржа мен понтон көпірлер салумен айналысты. Барлық тапсырыстар Астрахан облысы территориясында орындалды, 2003 жылы компания жалпы құны 10 млн. АҚШ долларының жұмысын орындады. Қазір «Астраханьстройтрансгаз» ЖШС, «Строитель» ЖШС секілді астрахандық фирмалар Қазақстанда мердігерлік құрылыс жұмыстарын жалғастыру үстінде. Астрахандық кемелер Каспий теңізі шелыфіндегі мұнай компанияларының тапсырысы бойынша «Сұңқар» бұрғылау платформасын, теңіздегі мұнай қондырғыларын мұздан қорғау жұмыстарын, мұнайшылар тұратын блок-модулдер тұрғызуға көмектерін берді.

2000-жылдары мұнай бағасының өсуіне байланысты Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық қарқынды дамуы басталды. Мысалы, құрылыстың, оның ішінде, жеке үй құрылысының, дамуына байланысты таза ресейлік капиталдан (100%) тұратын кәсіпорындар көптеп құрыла бастады. Erep, осыған дейін 35 9

ресейлік компания болса, 2007 жылдың I тоқсанында олардың саны 111-ге жетті. Қазақстанда 2011 жылы 750-дей ресейлік компания жұмысын бастаса, 2012 жылы 832, 2013 жылы 1100 компания тіркелді.

Сонымен қатар, Атырау облысында астрахандық кіші жэне орта бизнес бөлімшелері мен өкілдіктері көптеп ашыла бастады. Олар құрылыс материалдарын, өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдерді, ауыл шаруашылық және жеңіл өнеркәсіп бұйымдарын, азық-тулік сатумен айналысты. Сондай-ақ, атыраулық кіші және орта бизнес өкілдері Ресейдің Ярославль, Волгоград, Москва, Краснодар, Нижний Новгород, Чебоксары секілді қалалары мен аймақтарымен сауда-саттық жүргізді. Мысалы, Құрманғазы ауданының «Қиғаш» өндіріс кооператив! негізінде ресейлік капиталдың қатысуымен «Аксу-Кигач» жауапкершілігі шектелген серіктестік құрылды. 2007 жылы бұл біріккен кәсіпорын 2015 жылға дейін балық шаруашылығымен айналысу мақсатында тендер ұтып алды [5, С.219].

Соңғы жылдары астрахандық делегациялардың көршілес Атырау облысына және атыраулықтардың Астрахан облысына жұмыс сапарлары болды. Кездесу кезінде сауда-экономикалық және гуманитарлық салалар бойынша екі жақты байланысты дамыту перспективалары талқыланып, шекаралық өңірлердегі кәсіпорындар өздерінің өндірістік қуатымен таныстырды. Екі жақ та ауыл шаруашылық өнімдерімен жабдықтау және жеміс-жидек, мал мен балық шаруашылықтарындағы жұмыс тәжірибелерімен және инновациялармен бөлісіп, келісім-шарттар жасасты.

Шекара бойындағы тиімді сауда-саттықты дамыту мақсатында Атырау облысының әкімдігі шағын және орта бизнесті қолдауда жан-жақты бағыттарда жұмыстар жүргізілуде. Әсіресе, Ресеймен шекаралас ауыл кәсіпкерлері үшін бұл көмек өте маңызды болатын. 2013-2016 жылдары ауылдық кәсіпкерлерді қолдау үшін жергілікті бюджеттен 807 млн.теңге бөлінді. Аталған қаражатқа ауылда 200- ден аса бизнес жоба қаржыланып, 500-ге жуық жаңа жұмыс орны құрылды, бағдарламаға қатысушылардан бюджетке 50 млн.теңге салық түсіп, кәсіпкерлер шығарылған өнімдерінен 1 млрд. теңгеге жуық табыс алды [6].

Мысалы, жеке кәсіпкерлер соңғы жылдары бизнестің сан алуан түрін меңгеруде. Олардың қатарында іскер әйелдердің қарасы басым. Сарапшылардың пікірінше, алған несиені уақтылы қайтаратын да әйелдер екен. Олар қазір нарық сұранысына сай өнім өндіріп, сырттан тасымалданатын тауарды шектеп, жергілікті өндірісті дамытуға үлес қосуда. Бизнестің жол картасы бағдарламасы аясында 20 млн теңге несие алған Айман Жанұзақова жол бойындағы қызмету көрсету саласын дамыту үстінде. Ол халықаралық «Орал-Атырау-Астрахан» тас жолы бойына қонақүй мен асхана салып, автожүргізушілер мен жолаушыларға сапалы қызмет көрсетуде [7].

Дегенмен де, айта кету керек, Қазақстанның Ресеймен шекаралас аймақтары экономикасына инвестиция тартудың басым бағыты - мұнай-газ салалары болып қалуда (40%-дан артық). Сонымен қатар, көлік саласы, өңдеу өнеркәсібі, құрылыс салалары да сыртқы капиталдың қызығушылығын тудыруда.

2014 жылғы 21-25 шілде аралығында Атырау облысының делегациясы Ресей Федерациясы Қалмақстан Республикасына және Астрахан облысына ресми іс- сапармен барып келді. Canap шеңберінде Ресей Федерациясы аймақтары басшыларының кездесуі өткізілді және одан әрі сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды. Canap шеңберінде атыраулық кәсіпкерлер тәжірибемен алмасу үшін және жұмыс жасап тұрған кәсіпорындармен ынтымақтастық бойынша мәселелерді пысықтау үшін бірқатар агроөндіріс кешені нысандарын аралап көріп, келісімдер жасады [8]. Өткізілген кездесулер барысында ю

екіжақты ынтымақтастықты дамыту және жаңа бағыттарды жандандыру, біріккен инвестициялық жобаларды іске асыру, біріккен кәсіпорындар құру, сондай-ақ облыс экономикасына аталған инвестиция тарту бойынша келіссөздер жүргізілді [9].

Сонымен, Қазақстан мен Ресей шекарааралық экономикалық байланыстары туралы айтатын болсақ, ортақ бірнеше проблемалар бар. Erep, 1996 ж. Қазақстан Ресейдің аса маңызды сауда серіктестері арасында 3-орынды иемденсе, 2001 ж. 7- орынға шегінді. Алайда 2002-2007 жж. аралығында екі ел арасындағы сыртқы сауда айналымы 4 есе өсіп 16,3 млрд. АҚШ долларын құрады. Бірақ, соңы жылдары Қазақстан мен Ресейдің сыртқы сауда айналымында шекаралық аймақтар үлесі 40%-дан 70%-ға өсті [10, С.57].Олардың ішінде шекара бойындағы ынтымақтастықты тежейтін мынадай факторлар бар: РФ арқылы өтетін жүк тасымалына жоғары темір жол тарифы, екі елдің кеден, салық және тарифтік саясатындағы үйлесімнің болмауы; екі елдің заң актілеріндегі әртүрлі нормалар. Сондай-ақ, екі елдің шекаралық аймағында көлік инфрақұрылымының сапасының төмендігі, бірінші кезекте, автомобиль жолдары мен әуе байланысы бойынша, экономикалық ынтымақтастықтың дамуына тежеу салып отыр. Тек осы және басқа да мәселелерді шешу арқылы ғана екі елдің де шекара бойындағы аймақтарына тиімді экономикалық ынтымақтастыққа қол жеткізуге болады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Иванов В.И., Жундубаев М.К. Межрегиональные и приграничное сотрудничество России и Казахстана: основные приоритеты // Национальные интересы: приоритеты и безопасность. - № 7 (292), 2015 г. - С.38-51
  2. Қазақстан және Ресейдің XI аймақаралық ынтымақтастық форумы: көмірсутегі саласындағы инновациялар. - [Электронный ресурс] 11 Режим доступа: http://www.aktobeqazeti.kz/?p=28228
  3. Сагиндиков P.E. Двустороннее сотрудничество Российской Федерации и Республики Казахстан в экономической сфере // Вестник РУДН, серия История России. - № 1. - 2015. - С.102-112
  4. Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы. - Атырау облысының әкімі Б.С. Ізмұхамбетовтың 2015 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы баяндамасынан тезистер. - [Электронный ресурс] 11 Режим доступа:http://atyrau.qov.kz/paqe/read/Tezisy iz doklada akima Atyrauskoi oblasti B.S. Izmuh ambetova ob itoqah Socilnoekonomicheskoqo razvitiya v 2015 qodu.html; Аты pay облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы. - Атырау облысының әкімі H.А. Ноғаевтың 2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы баяндамасынан тезистер. - [Электронный ресурс] // Режим доступа: http://atyrau.qov.kz/paqe/read/Tezisy iz doklada akima Atyrauskoj oblasti N.A. Noqae va ob itoqah Socialnoekonomicheskoqo razvitiya v 2016 qodu.html
  5. Владиславлева Т.Б. Межрегиональное сотрудничество как фактор интенсификации сотрудничества современных государств (на примере отношений между Российской Федерацией и Казахстаном) // Знание. Понимание. Умение. - № 1. - 2016. - С.216-225
  6. Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы. - Бизнес. - [Электронный ресурс] // Режим доступа: http://atvrau.qov.kz/paqe/read/ Biznes.html
  7. Атырау облысында іскер эйелдер саны артып келеді. - [Электронный ресурс] // Режим доступа: http://24.kz/kz/zha-alv-tar/o-am/item/132741-jelder-sany-artyp-keledi
  8. Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы. - Инвестицияны тарту бойынша ақпарат [Электронный ресурс] // Режим доступа: http://atyrau.qov.kz/paqe/read/ Informaciya ро Privlecheniyu investicij.html
  9. Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы. - Аумақтық инвестиция. - [Электронный ресурс] // Режим доступа: http://atyrau.qov.kz/paqe/read/Investicionnyi potencial reqiona.html
  10. Жундубаев М.К. Влияние Евразийского Экономического Сообщества (ЕврАзЭС) и Таможенного Союза (TC) на российско-казахстанское приграничное сотрудничество Ц Социум и власть. - № 4 (48). - 2014. - С.55-58

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.