Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Шерхан Мұртаза - публицист қаламгер

Аңдатпа

Бул мақалада жазушы-публицист Шерхан Муртазаның публицистика жанрындағы шығармашылық жұмыстары туралы айтылады. Алғашқы қадамын тілшіліктен бастаған Шерхан Муртаза ел өмірінен очерктер мен әңгімелерді өндіре жазды. Шағын жанрдағы Шерхан шығармаларының бір саласы - жол сапар очерктері. Қай шығармасы болмасын ұлттық характерге улкен мән береді. Қазақ халқына ғана тән ұлттық ерекшеліктер жазушы кейіпкерлерінің өң бойынан табылып отырады. Біз қозғап отырған публицистика жанры, жазушы очерктерінің тақырыбыда өте ауқымды. Erep әдебиеттану ғылымында поэтика әдеби шығармалар құрылымы мен оның эстетикалық жуйесін қарастыратын әдебиет теориясының бір бөлігі десек, Шерхан Мұртазаның қай жанрдағы шығармасы болмасын көркемдік поэтика әлеміндегі өзіндік орны ерекше туындылар. Публицистикасындағы тақырыптардың проблемалығы және ондағы заман мен қоғамның ащы шындығы, жазу стиліндегі шеберлік пен көркемдік-редакторлық қызметіндегі талант танығыштығы, тоқырау жылдарында баспасөздегі сын мәселесіне қатты мән беріп, қолдау көрсетіп отырған батыл басшылығы, шығармашылығы мен ұйымдастырушылық қабілетінің бір-бірімен уйлесіп жатуы. Бұл қырынан Шерхан Муртаза публицистикасы қазақ баспасөзінің дамуына ғана емес, қоғам санасының өрлеуінеде өзгеруінеде зор улес қосты.

КІРІСПЕ

Қазіргі қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі Шерхан Мұртаза - жұртшылықтың, халықтың қаламгері. Оның шығармашылығы - ұлт тағдыры мен болашағының, оның ғұмырнамасының айнасы. Ол сол жолда, сол бағыт-бағдарда, сол мұрат-мақсатта еңбек етіп келе жатқан жазушы. Ол өз буын, өз ғұмырнамасын жазушы ғана емес, сол арқылы тұтастай ұлттың атынан сөз айта алатын дәрежеге көтерілген ірі тұлға. Шерхан Мұртаза - сезім лепіртер серпіннің емес, ой марқайтар парасаттың жазушысы. Сондықтан болар оның қаламынан туған кез-келген туындыны оқырман ыждаһатпен қабылдайды. Өйткені ол қай жанрда, болмасын өзіндік қалыптасқан дара стильмен, көркем шұрайлы тілмен жазады. Шерхан Мұртазаның көркемдік деңгейін белгілейтін әдеби мұраларынан басқа публицистік шығармаларының өзі бір төбе. Өз кезеңінің үні, жаңаның жаршысы, өткен шақтың көне шындығынан емес, осы шақтың жаңа шындығынан туындаған жанр «очерк» болса, сол жанрды Ш.Мұртаза айналып өтпеген.

«Очерк дегеніміз - заманындағы құбылыстар логикалық, рационалдық және эмоционалдық-бейнелеу тәсілдерінің біртұтас жолымен адам немесе қоғамдық өмір концепциясының белгілі бір негізінде шешілетін көркем публицистикалық жанр» деген тұжырымға сүйенсек [1] Шерхан Мұртазаның публицистикалық очерктері заман келбетінің қоғамдық-әлеуметтік сипатын айқындап, дәл бере алғандығын атап өтуге тиіспіз . Тұтас бір халықтың, ұлттың атынан сөз айта алатын дәрежеге көтерілген ірі тұлғалардың, қаламы қарымды қаламгерлердің, публицистердің жол сапар очерктері сияқты кез-келген жанрда қалам тербеген Шерхан Мұртаза да бұл аталмыш жанрда қалам сілтей білген. Оның 1992 жылы «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған, кейіннен «Ақындар мен әкімдер» атты публицистік жинаққа енген. «Феруза Иран» атты очеркі осыған дәлел. Бұл шығарма жанрлық табиғаты, көлемі жағынан әңгімеден үлкен очерк. Қоғамдық-саяси жолсапар очеркі. Автор бұл шығармасын нақты деректерге сүйене отырып жазған. Соған қарап тарихи очерк деуге болады. Бірақ терең сезімнің, үлкен ойшылдықтың, қоғамды, саясат пен әлеуметті қозғағандықтын қоғамдық-саяси туынды қатарына жатқызамыз. Автор очерк тақырыбын таңдауын былай деп түсіндіреді: «...Феруза деген қасиетті асыл тас шығатын ел. Иранда шамасы келген адам-ері болсын, әйелі болсын - ферузалы күміс сақина салып жүреді. Тіл-көзден, қырсықтан, кесірден сақтайды дейді. Орыстың ұлы ақыны Есенин: «Фирдаусидің көгілдір отаны» деп текке жырламаса керек. Нәсілі татар, тілі қазақ Сабыр Шарипов деген жазушы ертеректе «Рузи Иран» деген хикая-повесть жазып еді. Онысы «Бүгінгі Иран» дегені ғой. Мен де соларға еліктеп, бұл сапардағы очерктің атын «Феруза Иран» деп қойдым. Очерк «Достықтың кілті - кітап», «Әулиелер мен ақындар», «Ирандағы қазақтар» атты үш тараудан тұрады. Мәдениет қайраткері бастаған бір топ ақын-жазушылардың Иран елінде өткен халықаралық кітап көрмесіне аттанысын баяндайтын жолсапар очеркі тек Шерхан Мұртазаға ғана тән көркем тілмен, шұрайлы оймен жазылған. Онда аты аңызға айналған Иран өлкесінің өткені, бүгіні, келешегі жайында да сыр шертіледі. Очерктің өн бойынан публицистің өзге елге деген құрметі, нәсілі «қазақ» деген ұлтқа деген сүйіспеншілігі, осы ұлы сезімдерді қалай түсінетіндігі очеркте өте әдемі толғаныс үстінде сезіледі. Шеберлігінің, көркемдік көкжиегінің кеңдігін, лексикалық қорының бай екендігін шығарманың өн бойында көрсете білген. Сонымен қатар бұл шығарма автордыңтаза көңіл күйі мен сезім әсерімен суарылған. Әдебиетте баяндау бар, суреттеу бар. Баяндау шындықты әншейін хабарлап, ауызекі айтып қана тынса, суреттеу құбылысты көзге елестетеді, жай сөйлемдемейді, сөзден өрнек төгеді. Шерхан Мұртаза болса бір ғана эпитет, яғни «Мазасыз Кавказ» арқылы ұшақ астында қалып жатқан асқар таулардың сұсты бейнесін әкеледі. Біздің құлағымызда мүлгіген тыныштықты бұзған асқар шыңдардың елесі, ондағы таңғажайып табиғат қимылы елестейді.

«Артымызда - ұзын Орал таулары.

Алдымызда - Ақ Еділ.

Арасында - Уфа-Офе шаһары

Ақ Еділге құлама жартас басында - Салауат.

Салауатқа сәлемдесіп біз тұрмыз: қазақ ғалымы, профессор Тұрсынбек Кәкішев, башқұрт жазушысы Рәшит Низамов және мен. Ақ Еділдің арғы жағы, бергі жағы сыңсыған орман. Арғы беттен, сол орман арасында бүктеліп Дем өзені келіп Ақ Еділге құйып жатыр. Ақ Еділ барып Ұлы Еділге құяды. Ұлы Еділ Каспиге барып қосылады. Дүние жалғасып жатыр.«3адында, суреткер қолындағы сөз суретші қолындағы бояу секілді, иінін тауып мың құбылтуға болады. Құбылған сөз әсерлілік үстіне адам баласының танымын байытпақ; бір сөзбен бір-ақ нәрсені танытса, оны түрлендіре құбылту арқылы тіршіліктің сан алуан сырын тануға болды» [2] бұл орайда суреткер Салауат ескерткіші алдында тұрып туындаған ойларын айшықтау арқылы оқырманға әсерлілігін күшейтеді. Шерхан Мұртазада ойлы, мағыналы терең философия, әділеттің қылын қақ жарған отты сөз бар. Адамзат пен қоғамның, тарих пен болашақтың сұлабасын көз алдыңызға әкеліп, ерекше эсер қалдырады. Сонымен қатар «Феруза Иран» атты очеркін жазу барысында Иран өңіріне, оның тарихына қатысты көптеген деректерді нақты, дәлелді фактілерін мейілінше молынан пайдаланған. Сөйтіп кітап көрмесін ғана емес, сол елдің өткенін еске ала отырып, бүгінін, бүгінін айта отырып ертеңіне үңілді. Тараулардың әр қайсысы логикалық байланыста. Очерктің композициялық, сюжеттік құрылысында басы артық деталь жоқ. Бәрі де жымдасқан, көңілге қонымды болып келеді. Публицистикалық жазбаларының таырыбына, мазмұнына сай сөздер мен сөз тіркестерін құрылымдарды пайдалана алады. Композиция, теңеулер, эпитеттер секілді көркемдеуші құралдарды да орынды қолданып озық үлгілерін тудырады. Қысқасы, публицист сол елдің сауда-саттығын, тыныс-тіршілігін, салт-дәстүрін, мәдениетін, дінін ерекше ықыласпен, шұрайлы тілмен, түсінікті, оқуға жеңіл етіп жазады. Қаламгер Шерхан Мұртазаның тағы бір жолсапар очеркі «Абай сәулесі» (Семейдегі Абай күндері) деп аталады. «Қазіргі кезде сауатсыз қазақ жоқ» деп басталатын бұл шығармасы оқушыны осы бір сөйлеммен-ақ үйіріп ала кетеді. Ұзақ жол кісіні асықтырып та, қобалжытып бітетіні рас. Осы бір іште шиыршық атқан сезімді автор психологиялық параллелизм арқылы сонау біржарым ғасыр бұрын Абай сезінген толқулармен үндестіреді. «Үш күндік жолдың бүгінгі, соңғы күніне шәкірт бала барын салды»,-деп бастамаушы ме еді ұлы Мұхтар Заңғар эпопеясының алғашқы бетін. Сол замандағы үш күндік жолды қазіргі матор-тұлпар үш-төрт сағатта-ақ алады. Семейден шыға бере асфальт жолмен алқынған машиналар тізбегі әне-міне дегенше Күшікбай асуына да ілігеді. Содан әрі-бері сонау бала кезден таныс дала. Ауылымыздан мың-мың шақырым алыста жатқан Шыңғыстау атырабы жүрегімізде бала жастан-ақ жатталып, көз алдымызда сурет емес, тірі бейнелер қалып қойған. Есейе келе көп жерлерді көрдік, көп қалаларды араладық, бірақ есте бәрі-бәрі қала бермейді. Ал көрмеген, жүрмеген Шыңғыстау өңірі көкіректе әлі сайрап тұр». Осы сияқты толғамдар, түйіндеулер автор шығармасының өн бойынан табылып отырады. Бұларды айтпағанның өзінде географияны, жер-су дегендерді суреттегенде де жай бір баяндай салу емес, көз алдыңа кәдімгі өз басыңнан кешкендей сезінетін күйге ендіреді. «...Одан әрі көп кешікпей Орда тау көрініс береді. Кіші Орданың бауырында Әйгерім бұлағы сұрғылт тастар арасынан жап- жасыл зүміреттей сызылып қана шығады. Есіңізге түсіріңізші Абай мен Әйгерім алғашқы рет осы бұлақ жағасында кездескен. Ол кезде кәдімгідей асып-тасып ағар еді. Жағасы толған ну-тоғай болар еді., экология деген, жай қарапайым қазақ тілінде тірі табиғат қой. Сол экология да бір мезгіл еркелеткенді, маңдай сипап мейір салуды тілеп тұратын шығар: қазіргі бұлақ тартылған сыңайлы. Сонда да әрін бермей жасыл дүние жалт етеді» - деп автор кешегі сызылып қана аққан бұлақтың бүгінгі жай-күйін де жанап өтеді. Ол адамзат баласының дүйім табиғатқа жасаған қиянатын тәппіштемей бір ғана сөйлеммен, соның өзі әдемі жерден кейін жүрекке мірдің оғындай қадалған сөздерімен береді: «қазіргі бұлақ тартылған сыңайлы». Ойланған адамға ауыр түйін. «Қарауылға баратын күре жолдан кілт бұрылған асфальт жол, солтүстікті бетке алып, Жидебайға жетектейді. Қарауылдағы салтанаттан бұрын құрметті қонақтар Жидебайға барып, Абайға сәлемдесер. Алыптың асыл сүйегін көтеріп жатқан жер осы. Қара бесік. Айналасы - Оспан мен Еркежан, Зере... Сәл оқшауда жаңа бейіт көрінеді. Ол күні кеше арамыздан қара нардай қасқайып жүрген Ахат аға Құдайбердиев» - деп Абай еліне оқырман саяхатын жалғастырады Шерхан аға [3]. Жай сөйлемдер арқылы Абай дана еліне саяхаттады. «Қара бесік» деген сөздің өзі ғана Семей өңірінің қасиетті топырақ екенін аңғартады. Автордың бұл көркем-публицистік шығармасының ішкі қуаты өте мықты.

Жазушы-публицист Шерхан Мұртазаның соңғы жылдарда жарық көрген «Елім саған айтам, елбасы сен де тыңда!»(1998), «Ақындар мен әкімдер»(2002) деген мақалалары, публицистикалық толғамдары мен эсселерінің қазақ әдебиетінде алатын орны ерекше. Эсселерінде жазушы өмірден көрегені мен түйгенін қорытындылай келе, өз ұсыныстары мен батыл болжамдарын ұсынады. Публицистикалық толғамдары мен мақалаларында бүгінгі күннің толғақты мәселелерін қозғайды. Қазақ елі мен жерінің бүгіні мен болашағын кешегі тарихпен ұштастырған «Елім саған айтам, елбасы сен де тыңда!» эссесі санаға жаңа жаңғыру алып келді. Егеменді еліміздің бүгіні мен болашағы жайлы дәйекті пікірлері мен тиянақты тұжырымдары Елбасы жолдауымен үндесіп жатқандай. Қазіргі қазақ әдебиетінің рухани қорын әр жанрдағы еңбектерімен байытқан қаламгердің дәйекті пікірлері мен тиянақты тұжырымдары Қазақстан Президент! Н.Назарбаевтың халқымызға жолдаған жолдауларымен үндесіп жатуы да қаламын қалқына арнаған жазушының өмірдегі өзекті мәселелерді ашық та шынайы айтып жеткізіп, Ұлы Абай өсиетін мақала мазмұнда жеткізуінде деп білеміз.

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. Амандосов Т. Публицистика дәуір үні/.-Алматы: Қазақстан, 1974.- 56-59 бб.
  2. Шерхан шері /Ш.Елеукенов Ц Жас Алаш.-2002.- 28 қыркүйек.-7 б.
  3. Шерхан Мұртаза. Абай сәулесі. A., 2017. - 24 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.