Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Теректі қабірі

Аңдатпа

Мақалада Нарын құмында кездесетін, құмшағыл ескерткіші туралы баяндалған. Құмды аймақты ерте кезде адамдар мекендеп, көптеген қабірлер мен тұрақтар қалдырған. Соның бірі құмшағыл қабірлері. Оның ерекшелігі, құм көшкен кезде тоналмаған ескерткіштер ашылады. Археология үшін бұл құнды қазна болып отыр.

КІРІСПЕ

Атырау облысы, Индер ауданы, Елтай ауылдық округіне қарасты Теректі қыстауы жеріндегі «Теректі» қабірінде археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді. Қабір алғаш жергілікті тұрғындардың қатысуымен қазылып, орнынан қозғалып, ғылыми құндылығын жоғалтқан. Ашық қалған қабір күн мен жел әсерінен де қатты бүлінген. Жәдігерлер жиналып алынған. Ескерткіш апаттық жағдайда жатқан. Қазба жұмысы қалған жәдігерлерді жедел сақтау және құтқару жағдайында жүргізілді.

Қазба жұмысына Х.Досмұха медов атындағы Атырау мемлекеттік университетің Тарих факультетінің 1,2 курсының 20 студенті қатысып, археологиялық практикадан өтті. Археологиялқ ғылыми зерттеу жұмыстары 2015 жылғы 1-14 маусым аралығында жүргізілді.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Теректі қабірі - Атырау облысы, Индер ауданы, Елтай ауылынан батысқа қарай 25 км., жердегі Теректі қыстауы маңындағы құмды шағылда орналасқан. Нарын құмының жиегінде жатыр. 1- сурет.

Қабірді алғаш сол маңдағы малшы бақташылар құм шағыл арасында ашылып жатқанын көрген. Өкінішке орай олар өз беттерімен «қазба» жүргізіп, қабірді қозғап, бұзған. Кейбір жәдігерлерді жинап алған. Садақ жебелерін, темір заттарды тазалаған, жинаған. Кейінен археологтарға хабар берген [1].

Қабір жан-жағынан биіктігі 3-5 метр болатын құм шағылдармен қоршалған алаңқайда жатыр. Қабір желмен ашылып қалған. Қазба жүргізілер алдында қабір жартылай құмда көміліп жатты. Құм үстінде адам қаңқасы басымен батысқа қаратылып, шалқасынан жатыр. Сол жағында ат қаңқасы жатыр. Оң жағына жыйлып, қаталған темір сауыт қойылған. 2 - сурет.

Қабірге қазба жүргізілді. Құмды тазалау барысында 10 см, тереңдіктен жақсы сақталған адам қаңқасы ашылды. Анотомиялық жағынан толық жақсы сақталған. Оның басы батысқа қараған, беті сәл солға қаратылған. Шалқасынан жатқызылып, қолдары екі жағына созылып, шынтақтарынан сәл бүгіліп, алақандары ішіне қойылған. Сол аяғы созылып, оң аяғы сәл бүгілген. 3-сурет.

Оң жағында темір қылыш жатыр. Ұзындығы 95 см., тұтқасы маңында сүйектен жасалған «түтікше» жатыр, ұзындығы - 6 см, диаметрі - 1,5-3 см. Оның ауызы темір, шегелі-тұтқалы ағашпен тығындалған. Торсық ауызы болса керек. Сол жағында бел тұсында 10 дана темір жебелер жатыр.

Адамның бас жағына көлемі 20x15 см, өңделген қызыл тас қойылған. Қаңқаның сол жағына жылқы жерленген. Ол, аттың бас сүйегінен, ұзын түтікті сүйегінен, жіліктерінен «жинақталып» қойылған. Бас сүйегінің үстіне темір ауыздық, қаңқаның бел ортасы тұсына темір үзеңгі мен темір тоға табылды.

Ал, адам қаңқасының оң жағына жинақталып темір сауыт қойылған. Ұзындығы 1,40 м, ол ондаған қабаттан тұрады. Төрт бұрышты темір қалақшалардан жасалған. Тот басып бір - біріне жабысып қалған. 4-сурет. Қаңқаның бел тұсына 1x4 см болатын сүйір ақ сүйектен жасалған тұмар қойылған. Қаңқа үстінен мата және ағаш қалдықтары жиналды.

Қабірден шыққан заттарға сипаттама жасайық:

Tac дән үккіш. Жалпақ, құм тас. Беті өңделген. Көлемі: 15x20 см. 5- сурет.

Сауыт. Жиналып қойылған, 10 қабатан тұрады. Ұзындығы -1,40 см, ені - 10 см. Бір-біріне жалғанып жиналған, төрт бұрышты темір қалақшалардан жасалған, олар тесіктері арқылы біріктірілген. Темір қалақшалар көлемі: 9x4 см; 8,5x3,5 см; 8x3 см; қалыңдығы -1,5 мм. 6-сурет.

Семсер. Ұзындығы - 95 см, ені - 4 см, қалыңдығы - 1 см. Сәл иіліп келген. Нашар сақталған. 7-сурет.

Темір жебелер. 10 дана. Түрлері: үш қырлы: ұзындығы - 5 см, қалыңдығы - 2 см; екі қырлы: ұзындығы - 5 см, қалыңдығы - 2 см; басы жалпақ болып жасалған: ұзындығы - 5 см, қалыңдығы - 2 см, бас жалпақтығы - 3,5 см; ромба түрінде: ұзындығы - 5 см, қалыңдығы - 1,5 см, 2 см, ағаш саптары сақталған. 8-сурет.

Ауыздық. Темір. Ұзындығы - 20 см. Тоғалары - 5 см. 9-сурет.

Сүйек түтік. Ұзындығы - 6 см, диаметрі - 1,5-3 см. Басында арнайы жасалған темір-ағаш тығыны бар. Торсық шүмегі болуы мүмкін. 10 сурет

Сүйек зат. Өңделген, басы сүйір болып келген. Көлемі: 4x1,5 см, ортасында екі тесігі бар. 11-сурет.

Мата қалдықтары. Жіптері жіңішке болып келген. 12-сурет.

Темір тоға. Тілі бар. Диаметрі - 3 см. 13-сурет.

Үзенгі сынығы. Темір. Биіктігі -14 см, жуандығы -1-2 см. 14-сурет.

Ағаш ңалдығы. Қабірді тазарту кезінде көптеген ағаш қалдықтары жиналды.

Атпен жерлеу салты сонау сармат кезеңінен бастау алады. Бірақ Теректі қабірінде жерлеу салты, аттың «тұлыпы» ғана жерленгенін көрсетеді. Атпен жерлеудің негізінен үш түрі белгілі: адам қаңқасымен жерлеу; кенотаф - заттармен жерлеу, адамсыз; жеке жерлеу.

Волга-Дон өзен аралығындағы Жирноклеев қабірінде тұтас ат қабірін VII- VIII ғ. хазар заманы деп көрсеткен. Соның ішіндегі хазарлықтардағы түркі әулетінің моласы деп көрсеткен [2].

Қалмақ Республикасы жеріндегі Малые Дербет I корғандар тобынан, бір метр тереңдіктен адам мен ат «тұлыпы» жерленген. Бастары батысқа қаратылған. Табылған жәдігерлермен бұл қорған Алтын Орда кезеңі қыпшақтық - XIII - XIV ғ. тән [3].

Оғыз бен пешенектердің атпен жерлеу салтының айырмашылығы бар екенін көрсетеді зерттеушілер. «В отличиии от печенегов, раскладывавших кости животных в могилах на одном уровне с погребенными, огузы раскладывали их почти исключительно над останками людей - данная особенность, признана одним из важнейших и характерных признаков огузских погребений» [4].

2010 жылы Батые Қазақстан облыстық тарих жэне археология орталығы Нарын құмындағы Сорайдын көлінен (Жаңа Казанка пос.) жанынан атпен бірге жерленген қабір тапты. Құм шағылда ашылып қалған. Адам қаңқасы үстіне, ат «тұлыпы» жерленген. Қабірден қылыш, жебе ұшы, үзенгі ауыздық, күміс тоғалар, тартпалар, жапсырмалар жиналды. Сорайдын қабірі оғыздікі, IX-XI ғасыр деп даталанды [5].

Теректі қабіріне жүргізілген археологиялық қазбадан табылған деректер, бұл қабірдің X-XI ғасырларда болғанын айғақтайды. Атты адам қаңқасы жанына жерлеу пешенектер салты на тән. Көрсетілген деректерді сараптай отырып «Теректі қабірін» пешенек тайпасын сарбазының қабірі деуге болады.

Печенегтер - орта ғасырлардағы тайпалар одағы. Грек тілінде пачынах, турікше бажанак немесе бәжәнәк, славян тілдерінде печенег аталған тайпа атауының этимологиясы әлі анықталған жоқ. Печенегтер көне түркі көшпелілерінің, сармат және угро-фин тайпаларымен араласуы нәтижесінде қалыптасқан деп есептелінеді. Антропология жағынан моңғол тектес нәсілдің аздаған үлесі байқалатын еуропалық нәсілге кіреді.

Печенектер түркі тілінде сөйлеген. С.Г.Кляшторный б.з. 1-мыңжылдығының ортасында печенег-кангарлар тұрағы Қанға, яғни Сырдариянын орта ағысы болды деп көрсетеді. М.Қашқари: «Бажанак - Рұмға жақын жайласқан түрік тайпасы. Бажанак - оғыз руларының бірі. Бәженек деп те аталады» - деп жазады.

VIII-IX ғасырларда Печенегтер Еділ мен Орал аймағында өмір сүрген. 9- ғасырдың соңына қарай оғыздар, хазарлар, қимақтардың қысымымен батысқа қарай жылжиды. Қара_теңізі далаларында көшіп жүрген венгрлерді ығыстырып, Еділ мен Дунай аралығындағы аймаққа орнықты.

Олар батыс және шығыс тармақтарға бөлінген 8 тайпа, 40 рудан құралды. Тайпаларды жиындарда сайланатын көсемдер басқарды. 915, 920, 968 жылдары Печенегтер Руське бірнеше рет жорық жасады. Киев князьдары Игорь мен Святослав 944, 971 жылы олармен одақтасып, Византия мен Дунай Бұлғариясына қарсы соғысты. 972 жылы Печенегтердің Курей ханы Святослав Игоревичтің жасағын талқандайды. Бұдан кейін де Руське, көрші елдерге әлсін-әлсін жорық жасап тұрды. 1036 жылы Ярослав Мудрый Киев қаласының тубінде Печенегтерге күйрете соққы беріп, олардың Руське шабуылын тоқтатты. X-XI ғасырларда Печенегтер Византияны ішкі-сыртқы саясаттарын қолдап тұрған. X-XII ғасырларда олардың біраз бөлігі Венгрияға қарай ығысқан. XIII-XIV ғасырлар шенінде Печенегтер ыдырап, түрік тілді, сондай-ақ венгр, орыс, т.б. халықтармен сіңісіп, осы халықтардың этносында, тарихында өз ізін қалдырды.

Каспий ойпаты мен Атырау жерінде IX-XI ғасыр кезеңінің ескерткішітері көптеп кездеседі. Тек Батыс Қазақстан аймағында ғана кездесетін «Құмтөбелі қабірлер» (Дюнное захоронение) өзінің құрылысымен ерекшеленеді. Тайсойған, Бүйрек, Сарықамыс, Нарын құмдарында көптеген «Құмтөбелі қабірлер» бар.

Сондай-ақ, сонау қола дәуірі мен сармат мәдениеті кезінде мекендеген тайпалардың тұрақтары мен қабірлері де құмшағылдарда кездеседі. Бұл қабірлердің бірнеше ерекшеліктері бар:

Бірінші: Құмтөбелі қабірлердің өзіндік ерекшелігі сол: құм қабірлер үстінде оба, қорған жоқ. Erep құм қабір үстінде оба болғанымен ол тегістеліп кететіні анық.

Екінші: Құмтөбелі қабірдің жер астындағы құрылыс жобасының қалай жасалғаны белгісіз. Құм қабір «сағана» өз түрін сақтауы мүмкін емес. Бізге жеткен құмтөбелі қабірлер көбінесе жел ашқан шағыл бетінде жатады.

Үшінші: жерлеу ғұрыпы, қаңқалар мен заттары қалай қойылғаны туралы толық мәлімет жоқ. Ашылған қаңқалар мен заттардың орыны ауысып, бей-берекет шышылып жатады.

Құм қабірлердің ашылуы көбінесе құмшағылдардың көшуіне байланысты, немесе кездейсоқ қазбалардан табылады. Кеңестік кезеңнің 1970-1980 жылдары колхоз бен совхоз малдарының санының көбейуінен, жыңғылдар мен шөптер жойыла басталды. Бұл құм көшуіне әкеп соқты. Құмшағылдар пайда болды. Қатты жел соққан кезде қабірлер ашылып қалады. «Құм қабірлер» археология үшін құнды қазына болып отыр. Құмда жерленгендіктен оларды тонаушылар таба алмаған.

Батыс Қазақстан аймағын печенектердің көптеген тайпалары мекендеген. Ойыл, Жем, Еділ, Жайық, Сағыз өңірлерінде, Каспий ойатында IX-XI ғасырларда, ұлан-ғайыр аймақта мәдениеті мен этникалық жағынан туыс тайпалар мекендеген.

Жылқы «қаңқасын» жерлеу салты печенек кезеңінің салтында болған. Қаңқа толық емес «тұлыпы» ғана жерленді. Бас сүйек, ұзын түтікті жіліктері ғана жерленіп, ауыздық, үзенгі, айылбастары үстіне қойылды. Бұл салт оғыздарда да болған.

А.А.Бейсембаев «Кочевники средневековья Западного Казахстана» атты монографиясында «В значительной мере обрядовые действия в погребальной практике, характеризующей первую группу, связаны с культом коня. Проявления в комплексах разнообразные. На рубеже VIII-IX вв. Распространенным типом являлось погребение с «чучелом» коня на уступе или в могильной яме на одном уровне с человеком» - деп керсеткен [6].

Сонымен Нарын құмынан шыққан «Теректі құмшағыл қабірі» - печенег дәуірі кезеңіндегі жауынгердің қабірі. X-XI ғасырда Нарын құмын печенек тайпалары мекендеген. Сол кезеңде елке табиғаты, мал шаруашылығы үшін өте қолайлы болған. Тұщы суы бар алқаптарда жаппай қоныстану болған. Печенек тайпалары көптеген тұрақтары құм шағылдарда кездеседі. Сондай-ақ қоныстар маңында қабірлер де қойылған.

53

54

 

13-сурет. Тоға мен үзеңгі сынықтары

ҚОРЫТЫНДЫ

Жылқы «тұлыпын» жерлеу салты печенек дәуірінде кеңінен тарады. Ерекшелігі - ат тұлыпы адам жанына жерленген. Печенек тайпаларының орналасуы әлі толық зерттелмеген. Қазақстанның Батыс аудандарында пешенек ескерткіштерінің көп шоғырланған орталығы - Солтүстік Каспий маңы.

Обаларды, тұрақтарды, мекендерді жүйелі зерттеу қажет. Оларды есепке алып, қорғау жұмыстарын жүргізу керек. Батыс Қазақстан аймағы қазіргі кезеңде мұнай үшін жаппай игерілуде. Бұның өзі ескерткіштерге қауіп төндіреді. Сондықтан алдын-ала зерттеулер жүргізу керек.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Атырау облысы, Индер ауданы, Елтай ауылы Теректі қыстағы жеріндегі Теректі құмшағылды қабірінде жүргізілген археологиялық қазба жұмысының ғылыми есебі. 2015 жыл.
  2. Круглов Е.В. «Захоронение коня» из Волго-Донского междуречья. // Вопросы истории и археологии Западного Казахстана. №1 / 2008. - С.228.
  3. В.В.Верещагин, П.М.Кольцов. Погребение кочевника Золотоордынского времени с лошадью, упряжью и вооружением. //Вестник Прикаспия. Археология. История. Этнология. Элиста, №3, 2012. - С.55-64.
  4. Марыксин Д.В., Круглов Е.В. Огузский батыр из Рын-Песков. // Вопросы истории и археологии Западного Казахстана. №2 / 2012. - С.97.
  5. Круглов Е.В, Марыксин Д.В. Новое погребение огузского воина всадника из района Рын-песков Западного Казахстана. // Степи Европы в эпоху средневековья. Том.9. Донецк, 2001. - С.409-428.
  6. БейсембаевА.А. Кочевники средневековья Западного Казахстана. Актобе, 2010. - С.105.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.