Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Аударма жасаудағы трансформациялық ҥдерістер мәселелері

Аңдатпа

Бұл мақалада бір тілден екінші тілге аудару барысында түрлі әдіс-тәсілдер мен транформациялардың қолданылуы және олардың маңыздылығы туралы айтылады.

КІРІСПЕ

Аударма ұғымы мен оның мәнін, әсіресе, мәдениеттанулық ғылым аясындағы мазмұнына қол жеткізу үшін аударма түсінігін талдаудан бастаған жөн. Айтылған сөзді ауызша аудару барысындағы тілмаштық болсын, хатқа түсірілген сөзді жазбаша тәржімалау болсын, жалпы, мән-мағынаны тасымалдау (хабарлау, баяндау, әңгімелеу) болсын - бәрі бір-біріне қатысты, жалпылама алғанда, аударма деуге 22

негіз бар. Аудармашылық іскерлік дегеніміз адами әлемнің заңды процесі, әрі кез келген жанның табиғи қабілеті. Бір тілдің өз ішінде әлдебіреудің айтқанын, жазғанын одан басқа адам қабылдау, түсіну барысында өзінің "ішкі" тіліне аударады деуге болады. Өйткені әрбір адамның "өз тілі" бар, сондықтан басқа адамның айтқанын біз үнемі аударма заңдылығымен қабыл аламыз.

Кезінде Р. Якобсон "Аударма туралы" деген эссесінде аударманың үш түрін көрсеткен екен:

  1. бір тілдің өзінің ішіндегі тілішілік аударма, яғни бір тілдің лингвистикалық белгілерін сол тілдің басқа белгілерімен сипаттау - түсініктеме, талдау, мазмұндау, бір тілдің ескі нұсқасында жазылған шығарманы жаңаша сөйлету (мысалы, көне түркі тіліндегі жәдігерлерді бүгінгі қазақ тілінде түсінікті етіп жеткізу) және т.б.;
  2. сөздің төл мағынасындағы аударма, немесе, тіларалық аударма, яғни бір тілдің лингвистикалық белгілерін басқа тілде беру;
  3. семиотикааралық аударма, немесе трансмутация, яғни тілдің лингвистикалық белгілерін бейлингвистикалық белгілер жүйесі арқылы қайталау. Мысалы: белгілі роман не повесть желісінде фильм түсіру немесе қойылымдар даярлау. [1,16 6]

Аударма ұғымының тар және кең мағынасы бар. Tap мағынасында аударма деп бір тілдің ауызекі немесе жазулы ақпаратын (мәтінін) екінші бір тілде түсінікті етіп жеткізуді айтады. Tap мағынасындағы аударма жалпы аударма ұғымының көпке үйреншікті, дағдылы түсінігін білдіреді. [2; 125 б]. Расында да, аударма дегенде ана тілімізден басқа тілде жазылған көркем-әдеби шығарма мәтіні немесе басқа да керегі болып тұрған ақпарат, хабарлама және т.б.-ны өзімізге түсінікті түрде өз тілімізде бізге жеткізуді көз алдымызға елестетеміз.

Кең мағынасында аударма деп қандай да болмасын мәдени ақпарат түрін, мәдени мәтінді өзінің үйреншікті арнасынан басқа түрге ауыстыру, оны сол мәтін жазылған, айтылған, жасалған "тілден" (бұл тұста тіл деген тар лингвистикалық мағынада қолданылып тұрған жоқ) басқа бір тілге мән-мағынасын бұзбай жеткізуді айтады. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін аударма жасауда аудармалық немесе тіларалық трансформацияны ұтымды пайдалана білудің маңыздылығы зор.

НЕПЗП БӨЛІМ

Аудармалық немесе тіларалық трансформация дегеніміз - қайта жасап өзгертудің көмегімен түпнұсқа бірліктерін аударма бірліктерінен өтуді айтады. Аудармалық трансформация мазмұн мен мәнері бар тіл бірліктерімен жасалатындықтан олар формальді-семантикалық сипатқа ие, әрине бастапқы бірліктерді форма жағынан да мағына жағынан да өзгертеді. Аударма процесін сипаттау шеңберінде аудармалық трансформация статистикалық жағынан, яғни бастапқы тіл бірліктерімен олардың сөздіктегі сәйкес келушілігінің арасындағы қатынасты талдау емес, динамикалық жағынан, яғни аударма тәсілі(әдісі) ретінде, аудармашы әртүрлі түпнұсқаны аудару кезінде сөздік сәйкестігі жоқ, контекст бойынша қолдануға келмейтін жағдайда қолдана алатын аударма тәсілі ретінде қарастырылады. Бастапқы тіл бірліктерінің сипатына қарай аудармалық өзгертулер лексикалық және грамматикалық болып 2-ге бөлінеді. Сонымен бірге күрделі лексика-грамматикалық өзгертулер, яғни бір мезгілде түпнұсқаның лексикалық және грамматикалық өзгерту немесе деңгей аралық, яғни лексикалық бірліктен грамматикалық бірлікке не керісінше грамматикалық бірліктен лексикалық бірлікке өту түрі болады. Аударма процесінде қолданылатын лексикалық өзгерулердің негізгі типтері мынандай аудармалық тәсілдерден тұрады: аудармалық 23

транскрипция жэне транслитерация, калькирование және лексикалық- семати кал ы қ ay ысты рула р (кон кретиза ция -на қтылау,генерал иза ция-жал п ылау жэне модуляция). Ең көп тараған грамматикалық өзгертуге: синтактикалық ұқсасу (уподобление) (дословный перевод - сөзбе-сөз, өзгеріссіз), сөйлемді мүшелерге белу, сөйлемдерді біріктіру, грамматикалық ауыстыру (сөздің формасын, сөз табын немесе сөйлем мүшесін) ауыстыру жатады. Күрделі лексикалық-грамматикалық өзгертуге: антонимдік аударма, экспликация (описательный-перевод - сипаттау) жэне компенсация жатады. [3; 39 б]

Көбіне түпнұсқа тілі мен аударма тіліндегі айырмашылықтарға көптеп мән беріледі. Алайда аударманың объектісі дерексіз жүйе емес, нақты тілдік мәтін екеніне назар аударылды. Аудармашының жұмысы осы нақты мәтіннің тіліне байланысты істелетін нақты әрекеттерден тұратынын да ескеру қажет.

Аудармада бара-барлыққа жету аудармашыдан әр қилы тіларалық өзгертулер жасай білуді талап етеді. Бұндай трансформациялар кезінде көбіне түпнұсқа тіліндегі хабар, мағлұматтарды, мазмұнды аударма тіл нормаларын сақтай отырып жеткізу мақсатына бағындырылады.

Аудару процесінде кездесетін бұндай әрекеттер, ғалымдардың көрсетуінше төрт типке бөлінеді:

  1. Орын алмастыру (перестановки);
  2. Ауыстыру (замены);
  3. Қосу (добавления);
  4. Түсіріп тастау (опушения).

Бұлай белу, айта кету керек, шартты белу, жуықтап қана белу, өйткені көбіне бұлар аудару үстінде бір-бірімен қоса жарыса бірігіп, араласып келіп отырады.

1. Орын алмастыру. Бұл — аудару үстінде түпнұсқа тілдегі элементтердің орналасу тәртібін аударма тесксте өзгертіп беру. Алмастырылатын, әдетте, сөздер, сөз тіркестері, құрмалас сөйлемдерді құрастырушы сыңарлардың орын тәртібі, дербес сөйлемдердің тіркестегі орны.

Аудару үстінде неғұрлым көп кездесетін жайт — түпнұсқа мәтіннің сөйлемдегі сөздер мен сөз тіркестерінің орын тәртібінің аударма мәтінге өзгеріске ұшырауы. Мысалы, орыс тілінде сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі еркін, ал қазақ тілінде қалыптасқан, тұрақты. Осыған байланысты бір аударма: Не послушался апрелец своего коня, поднял перо жар-птицы, привез и подносит царю в дар. Мерген тұлпардың айтқанына көнбепті, зымыран кұстың қауырсынын әкеп, патшаға тартыпты. Бұл аудармада орын алмастыру бір сөйлемнің ішінде болып тұр.

Кейде түпнұсқада белгілі бір сөйлемде тұрған сөзді аударма тексте бұл сөйлемнен келесі бір сөйлемге көшіріп аударуға тура келеді:

Мен базардан сатып алған телпекті кидім.

Бір ұзын құнқағары бар аңшының қызыл телпегі еді. -

Я надел красную шапку, которую утром купил в базаре.

Это была охоничья шапка, с очень-очень длинным козырьком.

Бұл аударуда орын ауыстыруға мүмкіндік берін тұрған нәрсе— «телпек» сөзінің екі сөйлемде де қайталануы.

Құрмаластың компоненттерінің аударуда орын өзгертуі - заңды құбылыс. Бір мысалы:

Я в отчаянье, если бы Вы нато не согласились. -

Erep сіз бұған келіспесеңіз, мен өкініп қалар едім.

Түпнұсқа мәтін құрамындағы аяқталған сөйлемдердің аударма тексте орын тәртібінің, яғни текстегі орынның өзгеруі немесе басқа абзацқа көшуі мүмкін. Бұған

мысал М.Әуезовтің Джек Лондонның «Волк» әңгімесін аударуынан келтіруге болады. Аударма текстегі ең алғашқы тұрған екі сөйлем;

— Қасқыр ! Қасқыр! Қасқыр! — деп, Медж итін шақырып тұр еді.

Ирвин екі саусағын аузына сұғып тұрып, қатты ысқырып жібереді. Бұндағы 1 сөйлем түпнұсқада 6-шы абзацта тұр:

— Волк! Волк Сюда! — позвала Медж. Ал 2-ші сөйлем 8-ші абзацта тұр:

Ирвин сунул себе в род оба мизинца, и его пронзительный свист присоединился к зову Медж. [4; 45 б]

Бір қараған адамға бұл ауыстыруда мән жоқ сияқты болып көрінуі мүмкін. Бірақ аудармашының байқампаздығы сонда, ол кейінгі сөйлемдегі«...свист присоединился к зову Медж» деген бөліктің қасқырды шақырумен ілесіп тұруының заңды екенін, аударма тексте табиғилық сипат беретіндігін шығармашылықпен түйген.

2. Ауыстыру. Бұл түпнұсқа мәтіндегі сөз формаларын, таптарын, сөйлемшелерін, синтаксистік байланыс түрлерін т.с.с. аударма мәтінде бұлардан өзгеше тілдік бірліктермен ауыстыру.

Кейде түпнұсқаның сөйлеміндегі нақты атаулар аудармада есімдік арқылы беріледі, кейде керісінше де болуы мүмкін. Бұл бір сөзді қайталай бермеу мақсатынан туған әрекеттер болады.

Түпнұсқадағы зат есім аудармада етістік түрінде беріле алады. Мысалы: Свист его был сильным. — Ол қатты ысқырды. Бұл жерде «оның ысқырығы қатты болды» деп аударса, түпнұсқа мәні өзгеріп оны қазақша «ашуы қатты болды» деп екі ұшты түсініп қалуымыз мүмкін.

Орыс тілінен қазақ тіліне аударуда сын есімдердің зат есімге ауысып отыруы — жиі кездесетін құбылыс. Мысалы:

Английское правительство - Ағылшын үкіметі, серебряная ложка — күміс қасық, мамино пальто — шешемнің пальтосы т.с.с.

Кейде орыс тіліндегі демеулікті зат есімдер қазақ тіліне сын есім түрінде де беріледі: Девушка из города — қалалық қыз, человек с характером — мінезді адам т.с.с.

Сейлем мүшелерін ауыстыру. Ауыстырудың бұл түрі орыс тілі мен қазақ тілі мысалында алсақ, мынадай тұстарда кездеседі: Книга прочитана мной. — Мен кітапты оқып шықтым. Бұл аударуда толықтауыш бастауышқа ауыстырылып тұр, өйткені ырықсыз (пассив) құрылым қазақтіліне сол түрде аударылмайды.

Орыс сөйлеміндегі пысықтауыш қазақ тіліне бастауыш түрінде аударыла алады: В комнате стояла жара. - Бөлме қапырық болып тұр еді. Бұл ауысуға себеп орыс тіліндегі бастауыш пен баяндауыштың арасындағы мағыналық байланыс қазақ тіліне сәйкес келмеуінен.

Сөйлем мүшелерін ауыстыруда сөйлемдегі коммуникативтілік мүддені еске ұстаған жөн. Мәселен, У них был долгий, душевный разговор деген сөйлемді екі түрлі аударуға болады:

1. Олар ұзақ, шын жүректен әңгімелесті;

2. Олардың әңгімесі ашық та ұзақ болды.

Erep түпнұсқа авторы әңгіменің «өткендігіне» ден қойып отырған болса, бірінші нұсқа дұрыс болар еді де, ал өткен әңгіменін сипатын көрсетуді мақсат тұтса, екінші нұсқа ұтымды болып шығар еді.

Құрмалас сөйлем көлеміндегі ауыстырулар. Құрмалас сөйлем құрылысына байланысты синтаксистік трансформациялардың төмендегідей түрлері орыс тілінен қазақ тіліне аударуда жиі кездеседі.

  1. . Жай сөйлемді құрмалас сөйлем етіп аудару;
  2. . Құрмалас сөйлемді жай сөйлем етіп аудару;
  3. .Басыңқы сөйлемді бағынышты етіп немесе бағыныңқыны басыңқы етіп аудару;
  4. .Сабақтастың байланысты салалас етіп немесе салалас байланысты сабақтас етіп жеткізу;

Б.Жалғаулықты байланысты жалғаулықсыз етіп немесе, керісінше, жалғаулықсыз байланысты жалғаулықты етіп аудару.

Бұл трансформациялардың бірінші түрі орыс тілінен қазақ тіліне аударуда өте сирек кездесетінін байқадық, ал қазақ тілінен орыс тіліне аударуда жиі кездеседі. Мысалы: Тың жерді игерудің не екенін білемісің?—Ты знаешь, что такое освоение целины? [5; 105 б]

Құрмалас сөйлемді жай сөйлем етіп аудару орыс тілінен қазақ тіліне аударуда жиі кездеседі. Әсіресе орыс тіліндегі «который», «что» т.с.с. жалғаулықтар арқылы байланысқан құрмалас қазақ тіліне көбіне жай сөйлем түрінде жеткізіледі. Мысалы, В моей небольшой библиотеке сохраняются лишь те книги, к которым я постоянно возвращяюсь (Азия) — Менің шағын кітапханамда мен әрқашан қайта қауытып отыратын кітаптар ғана сақталады. Что волки жадны, всякий знает — Қасқырдың қомағай екенін әркім біледі. Уединенный дом, куда мы переехали, стоял в глубине теннистого сада — Ал көшіп кірген оңаша үй саябақтың ең түпкірінде тұратын еді.

Сөз қылып отырған трансформациямыздың ерекше бір түріне түпнұсқадағы құрмалас сөйлемді мүшелеп бірнеше жай сөйлем етіп аудару жатады. Бұған мысал өткен тарауда М.Әуезов аудармасынан қатысты келтірілген.

Басыңқы тұрғының бағыныңқыға ауысуы. Бірден мысалдан бастайық: Разошлись по домам после того, как отряд остановился в центре города и начал размещаться по квартирам.

-Отряд қалашық орталығына келіп орналасқаннан соң үйді-үйлеріне тарады. Бұл құбылыс, әрине, сирек кездеседі, дегенмең синтаксистік түзілімнін терең мағынасын білу — парыз.

Сабақтастық байланысты салаластық байланысқа ауыстыру. Қазақ тілінде сабақтас құрмалас сөйлемдегі компоненттері жалғаулық арқылы байланыспайтыны белгілі. Жалғаулық арқылы байланысу қазақ тілінде салалас құрмаласқа тән. Ал орыс тілінде сабақтас құрмалас сөйлемнің арнайы жалғаулықтары бар. Орыс тіліндегі осы сипаттағы құрмалас сөйлемдердің кейбірі қазақ тіліне аударғанда салаласқа ауысып кетеді.

ҚОРЫТЫНДЫ

Қандай да бір қалыптағыдан тыс ерекше мәтінмен жұмыс жасау барысында функционалдық қызметінен ауытқыған басқа бір бірліктер қолданылуы тиіс. Басқаша айтқанда, трансформациялық тәсілдері қажет. Осы талап кей аудармашылардың назарына ілінбей жатады. Тілдік бірліктердің окказионалды қолданыс ерекшеліктеріне мән бермеу нәтижесінде аударма мәтінінде түпнұсқаның мазмұны жоғалып, аудармада әр қилы ағаттықтар мен кемшіліктер орын алады.

Қорыта айтқанда аударма үдерісінде трансформациялық тәсілді қолдана отырып аударма жасауды оқып-үйреніп алудың аса маңыздылығын шартты екенін тағы да ескере отыру қажет. Жалпы аударманың нәтижелі болуы аудармашының аялық біліміне, мәтінді түсінуі мен шығармашылық талантына байланысты екені даусыз.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Бархударов Л.С. Язык и перевод. - M., 1975. 15-17 бб.
  2. Львовская З.Д. Теоретические проблемы перевода. - M., 1985. 122-127 бб.
  3. Комиссаров В.Н. Лингвистика перевода. - M., 1980. 42-45 бб.
  4. Рецкер Я.И. Теория перевода и переводческая практика. - M., 1974. 45 бб.
  5. Швейцер А.Д. Теория перевода: Статус, проблемы, аспекты. - M., 1988. - 102-108 бб.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.