Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Мұнай өнімдерін есепке алу деректер қорын концептуалдық жобалау

Аңдатпа

Мақалада өндірістік объектілерді тиімді басқару үшін ақпараттық жүйелерді дамыту өзектілігі ненгізделді. Технологиялық жобаларды басқаруға арналған ақпараттық жүйелердің құрылымы қарастырылып, талдау жасалды. Сондай ақпараттық жүйелерді құрудың негізгі критерийлері ұсынылды. Қарастырылып отырған жүйенің концептуалдық моделі құрылып, пәндік саласы зерттелді.

Мұнай өнімдерін жеткізу жүйесіндегі дағдарыс жағдайында тұтынушыларды мұнай өнімдерімен қажетті мөлшерде, уақытында, аз шығынмен жабдықтау еліміздің энергетикалық қауіпсіздігі үшін қажет. Ол үшін өндірістік процесстердің жүргізілуін қадағалау, оларды математикалық және ақпараттық технологиялармен жабдықтау процесстерін қазіргі заманғы бағдарламалық жүйелерді қолдана отырып, тиімді басқару мұнай бағасының тұрақтанбауы жағдайында шешуді қажет ететін өзекті мәселе.

Өндірістік басқару саласында дұрыс шешім қабылдау үшін деректердің үлкен көлемдерін өңдеу, назарға түрлі факторларды ескеріп, тәуекелдерді талдау және нәтижелерді бағалау, олардың түрлі нұсқаларын қарастыру қажеттілігі туындайды. Осындай мәселе мұнай-газ құрылыстары сияқты көп критерийлі объектілерін басқару аймақтарында кездеседі.

Жобаларды басқаруға араналған ақпараттық жүйелер ағымдағы нарықтық және экономикалық тұрақсыздық жағдайында шешім қабылдау үдерісін жақсартүға және жеделдетүге мүмкіндік береді.

Мұндай жүйелердің құрылымына мәселелерді талдау, яғни есептің қойылымын нақтылау, деректер базасын құру, модельдерді тұжырымдау, пайдаланушы интерфейс! параметрін анықтау сияқты қадамдар кіреді. Олар ақпарат ағынымен байланысты, сондай-ақ әрқайсысы қандайда бір функцияларды орындайды.

Өндірістік тапсырмаларды басқарудың ақпараттық жүйесін дұрыс құру үшін негізгі бастапқы критерийлерді атап көрсетейік: кіріс және шығыс деректер туралы объективті ақпарат болуы; барабар математикалық моделін салу немесе таңдау; математикалық оңтайландыру әдістерін қолдану; білімдер базасын пайдалану; есептің алгоритмін құру; ақылды пайдаланушы интерфейсін құру; алгоритмнің бағдарламалық іске асырылуы [1].

Мұнай өнімдерін бақылау жөніндегі міндеттердің неғұрлым басты ерекшелігі бастапқы ақпараттың анықсыздығы болып табылады. Бұл мәселені шешу үшін, мұнай өнімдерінің деректер қорын концептуалдық жобалау қолданылады.

Пәндік аймақ. Кәсіпорын ГЕЛИОС жанармай құю бекеттері «ЖҚБ» меншікті желісі арқылы мұнай өнімдерін сатады. Әр жұмыс станциясында мөлшер мен бір аптаға жоспарланған мұнай өнімдерін сақтайтын жабдықталған қойма бар.

Кәсіпорынның мұнай өнімдерінің негізгі қорлары үлкен көлемде арнайы сақтауға арналған резервуарларда сақталып, сол жерден жанармай құю бекеттеріне автокөліктермен жеткізіледі. Мұнай өнімдерін кәсіпорындарға жеткізу ірі көтерме жеткізушілермен мен өндірушілерден теміржол нормасымен жеткізіледі.

Тұтастай алғанда компания сыртқы мынадай тұлғалар мен өзара қарым- қаты наста болады:

  • ЖҚБ клиенттері;
  • көтерме мұнай өнімдерін сатып алып жеткізушілер;
  • төлемдер жасалатын банк;
  • үкіметті кұйымдар (басқару, сот, заң және т.б.).

Kipic деректер туралы ақпарат. Kipic ақпаратқа сатып any(Z) және сату көлемі (R) жатады (1, 2 кестелер)

Кесте 1. Сатып алу деректемесі

Деректеме аты

IJJa ртты белгі

Қайнаркөз

Күні

PDate

Z

Марка

ProdType

Z

Код

SupCode

Z

Баға

Price

Z

Саны

_Qty

Z

Кесте 2. Сату деректемесі

Деректеме аты

Шартты белгі

Қайнаркөз

ЖҚБ номері

No

P

Марка

ProdType

P

Жыл

Yr

P

Айы

Mon

P

Көлем

Qty

P

Баға

RSum

P

Пайдаланылған анықтама ЖҚБ (SAZS) және мұнай өнімдері (PProduct) 3 және 4 кесте түрінде жобаланды.

Кесте 3. Анықтама АЗС

Деректеме аты

Шартты белгі

Қайнаркөз

ЖҚБ номері

No

SAZS

Адрес

Address

SAZS

Телефон

Tel

SAZS

Менеджер

Manager

SAZS

Кесте 4. Анықтама мұнай өнімдері (PProduct)

Деректеме аты

Шартты белгі

Қайнаркөз

Марка

ProdType

PProduct

Баға

Price

PProduct

Қалдық

Rest

PProduct

Шығыс ақпарат ЖҚБ барлық қалдықтар бойынша ecen(Ot) жобасы 5 кестеде келтірілді.

Кесте 5. ECEFl

Деректеме аты

Шартты белгі

Қайнаркөз

ЖҚБ

АЗС

Ot

Өнім

PProduct

Ot

Сатып алу

Purchases

Ot

Қалдық

Rests

Ot

Сату

Sales

Ot

Жеткізуші

Supplier

Ot

Концептуалдық сызба бас әдістемелер кезінде ақпараттық жүйенің жұмыс жасауын және оның құруын көрсетеді. Автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің жобалы құжаттарының өңделуі кезінде жүйенің әр түрлі әлементтерінің графикалық суреттелуі маңызды орынға ие болады, мысалы ақпараттық үлгілердің, блок-схемалық алгоритмдердің, ақпаратты өңдеудегі технологиялық процестердің, айналым құжаттарының, ақпараттардың көптігі және т.б. [2]. Сондықтан, жобалаудың келесі қадамында деректер ағындарының сызбасын құрамыз.

Кәсіпорын деңгейінде (DFD 0) деректер ағындары диаграммасыі-суретте көрсетілген.

Сурет 1. Кәсіпорын деңгейінде (DFD 0) деректер ағындары диаграммасы

Кәсіпорынға келесі құрылымдық бөлімшелер кіреді:

  • дирекциясы - компанияның стратегиялық басқару үшін жауапты, кадрларды, мемлекеттік ұйымдармен қарым-қатынастарды таңдау;
  • ЖҚБ- клиенттерге қызмет көрсетеді, банкке табысты өткізеді, сату көлемдері және қалдықтар (күнделікті) туралы есеп;
  • қаржы бөлімі барлық қаржы мәселелері үшін жауапты болып табылады: кәсіпорын шоттары, банкпен қарым-қатынас, қарыздар, салықтар, басқару;
  • сатып алу бөлімі - жеткізушілермен келіс сөздер жүргізеді; жаңа жеткізушілерді табады; Өнімдерді сатып алу, сату туралы шешімдер қабылдайды; қоймадағы жалпы қалдықты бақылайды;
  • логистика бөлімі -сатып алынған өнімдерді тікелей газ станциясына жеткізуді қамтамасыз етеді; кәсіпорынның көлікпен жеткізу функциясы басқарады, Өнім қалдықтарының қозғалысы бақылайды;
  • сақтау қоймасы-сатып алынған өнімдерді сақтайды; кәсіпорында олардың жеткізілуін қамтамасыз етеді.

Кәсіпорын бөлімшелері (DFD 1) арасындағы деректер ағыны диаграммасы 2- суретте көрсетілгендей болады.

Сурет 2. Бөлімшелер арасындағы деректер ағыны диаграммасы(ОҒО 1)

Ақпаратты талдағаннан кейін, мынадай негізгі мәнін атап көрсетуге болады:

  1. мұнай өнімі- маркасымен, сату бағасы және қоймадығы қалдық көлемімен сипатталады;
  2. газ станциясы - әрбір ЖҚБ-ға кәсіпорынның ішіндегі бірегей нөмірі беріледі, және әрбір ЖҚБ үшін мекен-жай, телефон, менеджер аты-жөні сияқты ақпараттарды көрсетуге болады;
  3. жеткізуші - атауы, мекен-жайы және телефон нөмірімен сипатталады.

Жобаларды басқарудың түрлі тәсілдерін ұсынатын көптеген әдістемелер бар. Бірақ, барлық жобаларды іске асыру барысында, әдетте, компанияның ұйымдастыру ерекшелігінің бірегейлігіне, оның құрылымындағы сондай-ақ қолданыстағы бизнес- процестерінің ерекшеліктеріне байланысты, нақты компания үшін толығымен сай келмейтін кейбір нәрселер әрқашан бар [3].

Ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы кәсіпкерлікте ақпараттық технологияларды енгізу және пайдалануға ерекше көңіл бөлуді және өндірістік үдерістерді бақылаудың арнайы әдістерін дамытуды қажет етеді.

Өнеркәсіптегі басқарудың төменгі иерархиялық деңгейінің техникалық кешендерін құру үшін тұжырымдама жасау және технологиялық параметрлерді реттеу жүйелерін құрудың негізгі принциптерін анықтау өндірістік процестерді басқару объектілері ретінде мұқият зерттеуге және оларды динамикалық және статикалық сипаттамалары бойынша жіктеуге негізделуі қажет. Технологиялық процестердің қасиеттерін басқару тұрғысынан тереңінен және жан-жақты талдау ғана жобалаушыға әрбір нақты жағдайда әртүрлі өндіріс үшін басқару мәселелерін жеке шешу әдістерінен бас тартуға мүмкіндік беретін жан-жақты әдісті ұсына алады.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Грекул В.И. Управление внедрением информационных систем/Грекул В.И., Денищенко Г. H., Коровкина Н.Л. - M.: Интернет-университет информационных технологий, 2008 - 223 стр.
  2. Елманова Н. Системы управления базами данных ведущих производителей. - Компьютер Пресс, июль 2015.-239 стр.
  3. Десятриков А.А. Проектирование систем поддержки принятия решений по управлению рисками проектов и их реализация в информационной среде предприятия.- Воронеж, гос. техн, ун-т, 2012. - 156 стр.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.