Аңдатпа
Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдерді қолдану, сабақ үрдісіндегі тиімді жолдарын терең меңгеру.
Қазіргі кезде еліміздегі барлық ғылым мен білім саласы жаңа әдіс - тәсілдер арқылы жаңғырып, жаңару үстінде. Бұл міндеттерді шешу үшін әр оқытушы күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық қарым-қатынас жасаулары керек. Оқыту түрлерін, әдістері мен құралдарын одан әрі жетілдіріп, тиімді тәсілдерді нәтижелі қолданудың жолдарын іздестірулері қажет. Сол себепті, біз келешекте өз сабақтарымызға жаңа әдіс-тәсілдерді енгізе отырып, сапасын арттыру жұмыстарына мән береміз..
Білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы оқыту теориясына негізделген тәсіл кең тараған. Сындарлылық теориясына негізделген оқытудың мақсаты - студенттердің білімді терең түсіну шығармашылық белсенділігін арттыру, алған білімдерін кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Оқыту туралы сындарлы түсінік студентке нақты білім беруді мақсат тұтқан оқытушының өз сабақтарын студенттің идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруын талап ете отырып қарастырады. Яғни, бұл міндеттер студенттердің оқыған тақырыбы бойынша білімдерін өз деңгейінде көрсетіп, кейбір болжамдар бойынша күмәнді ойларын білдіре алатындай, пікір- көзқарастарын нақтылап, жаңа ұғым түсініктерін өрістетуге орайластырылып жасалады.
Сындарлылық тұрғыдан оқытуды түсіну «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» негізінде жатыр. Студенттер өзіндік зерттеулері мен әлеуметтік өзара байланысқа сәйкес құратын белсенді білім алушылар болып табылады. «Диалог негізінде оқыту және оқу» метасана немесе «Қалай оқу керектігін үйрету» деген атаулармен танымал педагогикалық тәсілдер әлеуметтік - сындарлылық идеяларының қазіргі заманғы маңызды түсіндірмелері ретінде қолданылады. Оқыту мен оқудың жаңа тәсілдері ретінде «Диалог арқылы оқыту» мен «Қалай оқу керектігін үйретуді» ғана қарастырамыз, себебі олар әлеуметтік-сындарлылық көзқарасымен тығыз байланысты. Диалог негізінде оқыту мен оқу студенттің өзара сұхбаттасуы және оқытушының арасындағы диалогтің шәкірттердің өзіндік ой-пікірін жүйелеуі мен дамытуына көмектесетін амал екенін меңзейді. «Қалай оқу керектігін үйрету» немесе метасана студенттерге өз бетінше білім ала білетіндей етіп өзінің оқуы үшін жауапкершілікті өз мойнына алу қажеттігін түсінуге және оған дайын болуға қалай көмектесуге болатынын көрсетеді. [1].
Диалогтік оқыту арқылы студенттердің сабаққа деген қызығушылығын, шығармашылық белсенділігін арттыру, олардың білім денгейін көтеру, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, күштеп білім беруден гөрі, студенттің білімге деген құштарлығын ояту ең маңызды мақсат. Жаңа сабақты түсіндіруде де диалогтік оқытудың маңыздылығы артып отыр. Осы тұрғыда ғалымдардың еңбегіне сүйенер болсақ: Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта студенттердің қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім денгейінің өсетіндігіне үлес қосатындығын атап көрсетті.
Л.С.Выготский оқу модулі студент диалог құру нәтижесінде білім алады деп жорамалдайды. Аталған авторлардың зерттеулерінде ересектермен интерактивті қарым-қатынас пен достарымен бірігіп жүргізілген жұмыстың студенттердің оқуына және танымдық дамуына эсер ететіні айтылған. Сондықтан да мен студенттер арасындағы білім деңгейін дамытуға әлеуметтік қолдау көрсету үшін диалогтық оқыту арқылы қарым-қатынастарын жақсартуға болады. Кез келген сабақта диалогтік оқыту әдісін пайдаланудың маңызы өте зор. Себебі диалогтік оқытуда сөз, сөйлеу негізгі рөл атқарады, сонымен қатар сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады.
Студенттерге өткен сабаққа шолу жасау арқылы жаңа сабақты түсіндіру барысында ашық сұрақтарды кеңінен пайдаланып студенттердің білім алуына, сөйлеуіне, тыңдауына басты назар аударылады. Барнс пен Мерсердің айтуынша, зерттеушілік әңгіме оқытушылардың студенттерді әңгімеге тарту кезінде дамытуы қажет болып табылатын әңгіменің бір түрі болып табылады. Зерттеушілік әңгімеде студенттеге сыни тұрғыда ойлауға тапсырма берілгенде топтық жұмыс арқылы жүзеге асырылды. Сабақ барысында тақырыпқа байланысты пікір айтып, талқылай алады.
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер жекелеген құбылыс немесе дағды емес. Осы іске тартылатын тетіктер мыналар: оқыту әдісін таңдау; жүйелі ойлауға үйрету; студенттің талантын зерттеу және анықтау; сандық технологиялар саласындағы жоғары құзыреттілікті дамыту болып табылады. Диалогтік оқытуды қолданудың ең құндылығы - студенттердің бір-біріне сұрақ қойып, ұсыныс жасап, ортақ шешімге келуі. Талдау барысында тақырып төңірегінен шыға алады. Диалогтік оқыту кезінде зерттеушілік әңгіме жүргізілді. Зерттеушілік әңгіме барысында студенттер топтық жұмыс жүргізеді. Олар ортақ мәселе төңірегінде бірлескен түсінік қалыптастырады, пікір алмасады, оны талқылайды, баға береді, ұжымдық білім мен түсінікті қалыптастырды. Бүгінгі оқыту студенттің шығармашылық белсенділігін, оны жан- жақты дамыту, даму әрекеттерін ұйымдастырудың қажеттігін дәлелдеп отыр. Біздің әрекетіміз - баланың сабақ үстіндегі әрекетін ұйымдастыру, әрекет нәтижесін байқау, қабілетімен еркін атқара алатын ісі, соның нәтижесіндегі тұжырымына қол жеткізу.
Оқыту оқудағы жаңа тәсілдерді сабақта тиімді қолданысқа енгізсек студенттің шығармашылық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, ықпал етеді, ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі, әрі тиянақтылығы артады. Яғни студент өз ой - пікірін ашық еркін айтады, бір-бірін тыңдауға үйренеді. Оқытушылар қолданысындағы студенттер қысқа жауап беретін сұрақтармен салыстырғанда, диалогтік сұхбаттасу оқытушылардың да студенттердің білім алуға қомақты үлес қосатын өзара іс- қимылдың шын мәніндегі тиімді түрі болады. Зерттеушілік әңгіме барысында студенттерге сұрақтарды қойған уақытта олардың жауаптың толық және нақты айтылуына көңіл бөлгенде ғана олардың сабаққа деген ынтасы мол болады. Аудиторияда сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де студенттердің оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады. Кей кездері темен дәрежелі сұрақтарды «жабық» немесе «дұрыс емес» сұрақтар деп те атаймыз. Олар жаттап алуға бағытталған және де оған берілген жауап бағаланады. Ал жоғары дәрежелі сұрақтар қойылғанда, студенттер ақпаратты белгілі бір жолдармен қолдануға, қайта құруға, кеңейтуге, бағалауға және талдауға тиіс болады.
Студенттердің өз бетінше ізденісі мен жеке пайымдаулар жасап, өз пікірін, өз ойын айтуға бағытталған тапсырмалар ұсынып, оларға топтарда бірлесе отырып жұмыс жасауға, ортақ пікір шығаруға мүмкіндіктер беру өз нәтижесін береді. Ең бастысы сабақ үдерісінде студенттерге ой тастап, олардың тақырыпты талдауға, дәлелдеуге, жауаптарын салыстыруға ойларын негіздеуге жетелеу керек. Сұхбаттасу нәтижелеріне көңіл бөлер болсақ, сапалы білім берудің бірден-бір жолы осы диалогты оқытуды үнемі жүзеге асырып отыру.
Диалогтік оқытудың анағұрлым тиімді әдістерін сабақта қолдану арқылы студенттердің сөздік қорын молайтатынын, бірін-бірі тыңдауға үйрететінін, студенттердің сабаққа деген құлшынысын арттырады. Ең маңыздысы студенттердің осы диалогты оқытуды қолдануға деген құлшыныстары шығармашылық белсенділіктерін арттырады. Диалогтік оқыту барысында стратегияларды табысты қолдануы үшін: диалог жүргізудің ережелерін нақтылап, аудиторияда диалог үлгісін құруы керек; студенттер бір-бірімен жаңа және ең тиімді тәсілді іздестіріп бірлескен тәсілдермен әрекет ете отырып жұмыс істеуі керек. Ол үшін студенттердің ерекшелігі мен қызығушылығын түсініп, олардың қарым-қатынастары мен эмоцияларына көңіл аудару қажет [2].
Диалогтік идея тәсіліне сәйкес, сауалнама мен топтық жұмыс студенттердің шығармашылық белсенділігін арттырады, тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандырады, шынайы қызығушылығы мен сезімдерін анықтайды, білімге құштарлықты дамытады және зерттеуге ынталандырады. Бір-бірінен үйренуіне, басқа студенттердің идеяларын құрметтеуіне және бағалауына ықпал етеді. Себебі сұрақ қою үшін жеткілікті білім, білік, дағды болмаса, сұрақтың мағынасыз болатындығы анықталады. Ken жағдайда топтағы талқылау бақылап, тақырып төңірегінде, студенттің дұрыстап және орнымен нені, қашан және қалай айту қажеттілігіне басты назар аудару қажет. Студенттердің білім денгейін анықтауда, алдыңғы сабақтарды қайталау бағытында құрастырған диалог өз нәтижесін береді деп ойлаймыз. Себебі: студенттермен жүргізген диалогтың ары қарай жалғасын табуы немесе таппауы сөйлеушілерге берілген ашық түрдегі сұрақтардың қойылуында. Тапсырманы орындау барысында студенттердің өткен сабақтарға шолу жасайтыны сөзсіз. Топтық жұмыстарды орындау барысында тұйық, сабаққа көп араласа қоймайтын студенттердің өз ойларын ашық айтып, өздеріне деген сенімділігінің артуы, басқалардың пікірімен санасуы сияқты жетістіктерге қол жеткізеді.
Мәселені талдай отырып студенттер өз ойларының дұрыстығын, топтағы студенттердің пікірімен санасатынын айқындады. Бастапқыда диалогты өрбіту тұрғысынан жасаған әрекеттеріміздің сәтсіз болама деген күдік болғаны рас, бірақ сабақтағы студенттеріміздің пікірталасын, құлшынысын көріп сәтсіздік туралы күдігіміз барынша сейілді. Диалогтік оқыту студенттердің сыни тұрғыдан ойлануына, бір-бірінен үйренуіне, басқалардың идеяларын құрметтеуіне және бағалауына ықпал етеді. Бұл пікірлердің шындыққа жанасып жатқанына тәжірибе көрсетіп отыр. Осындай өзара әрекеттесудің нәтижесінде жақсару тұрғысынан стратегияның тиімділігі студенттердің шығармашылық белсенділігін арттырады.
Әдебиеттер тізімі
- 1. Тренерге арналған Нұсқаулық. Бірінші басылым.-2015.-35 б.
- 2. Студентке арналған нұсқаулық. Бірінші басылым.-2015.-45 б.