Аңдатпа
Қазіргі педагогика ғылымының бір ерекшелігі - баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы. Жаңа педагогикалық технологиялар - бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің, оқу - тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдары мен байланысқан міндеттерінің мазмұның, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әрі позиция басқаларына эсер етіп, соңғы нәтиже оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды.
Бүгінгі таңда мектеп қабырғасында оқытудың айқындалған көптеген технологиядарын пайдаланып жатқандығы белгілі. Erep мектеп өскелең ұрпаққа жинақталған тәжірибе беру бойынша міндеттерді нәтижелі шешетін болса үздіксіз білім беру идеясы қазіргі заманғы жағдайда іске асуы мүмкін. Өскелең ұрпаққа тәжірибе беруде ақпаратпен жұмыс істеу әдістеріне, жаңа білімдерді құру әдістеріне, ең маңыздысы - әлемнің дамуы туралы білімдердің қажетті деңгейін қалыптастыратын деңгейге үйрету. Сондықтан әрбір оқытушыға және оқушыға «оқыту» мен «үйрену» процестерін игеру үшін 3 тілді меңгеруі қажет: ана тілін, ғылым тілін жэне технология тілін.[1]
Тәуелсіз мемлекеттің білімі мен ғылымының дамуы үшін дүниежүзілік білім кеңістігіне ену - бүгінгі күннің басты міндеті. Қазақстанға әлемдік қауымдастықтың толыққанды мүшесі болу үшін білім жүйсінің жаңа үлгісін жасау қажет. Білім беру философиясындағы түбегейлі өзгерістер адамның ілемдегі орны, болмысынң мәні мен білімінің әлеуметтік рөліне байланысты мектеп пен ұстаз өміріне көптеген жағалықтар әкелуде. Бүгінгі білімді әлемдік стандарттар деңгейінде көру үшін педагогтардың сапалық құрамын барыншажақсарту көзделуде. Сондықтан да мұғалім мәртебесі мен оның білім берудегі қызметі түбегейлі өзгеруде. Ал білім беру функциялары өзгерген жағдайда мұғалімнің кәсіби-педагогикалық құзыреттілігіне қойылатын талаптар да өзгерді.[2]
Қоғамды ақпараттандыруды дамытудың негізгі факторларының бірі - білім беруді ақпараттандыру. Олай болса, қоғамның әрбір мүшесі ақпаратты сауатты, мәдениетті және ақпараттық құзырлылығы дамыған тұлға болуы қажет.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқын Жолдауын өткен ғасырдың отызыншы жылдарында сауатсыздықпен күрес жүрізілгендей, компьютерлік сауаттану жөніндегі ауқымды іске азаматгарды, әсіресе, жастарды тарту қажеттігі айтылған және мемілекеттік қызыметке жаңа қызметкерлерді қабылдау кезінде компьютерді, интернетті қолдана білу дағдысы міндетті талап болуға тиіс екендігі атап көрсетілген [3]. Осыған байланысты XXI ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында: компьютерлік техниканы, интернет, компьютерлік желі, электрондық және ақпараттық-телекоммуникациялық құралдарды, электрондық оқулықтарды оқу үдерісіне тиімді пайдалану арқылы мұғалім тұлғасын дамыту және білім сапасын көтеру міндеттері қойылып отыр.
Қазіргі еліміздің білім беру саласына, яғни біздің алдымызға қойып отырған негізгі міндеттер ретінде: ол ұлттың бісекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалатынын және әлемдік білім кеңістігіне толығымен ену білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруде білім беру үдерісіне ақпараттық- коммуникациялық технологиялардың жетістіктерін енгізу, электрондық оқулықтар мен мультимедиалық бағдарламаларды тиімді және кеңінен қолдану, елдегі ақпараттық инфрақұрылымды әлемдік білім берумен ықпалдастыру, білім беру ұйымдарының байланыстарын нығайту болып табылады.
Еуропалық білім беру кеңістігін жасау жоғары білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру проблемасын өзектейді. Осы қажеттілікті сипаттайтын Болон декларациясының негізгі қағидаларының бірі - бірегей және үйлесімді дәрежелерді дамыту. TUNING жобасында айтылғандай, егер дәрежелердің иегелері орындауға қабілетті нәрселерді салыстыру мүмкін болса және сонымен бірге, сол иегерлердің академиялық және кәсіби бейіндерін де салыстыруға болатын жағдайда дәрежелерді салыстырмалы және үйлесімді түрлерге ажыратуға болады [4].
Бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына жедел кіруге бағдарланған Қазақстанның дамуындағы жаңа кезең мемлекет пен оның білім жүйесінің алдына әлемде болып жатқан өзгерістерге кірігіп, бұл өзгерістерде жауапты, жаңашылдық және шығармашылық рөл атқару міндетін қойып отыр.
Президентіміз айтқандай, білім реформасы «біздің мемлекетіміздің әрбір азаматы тиісті білім мен біліктілік алған соң әлемнің кез келген елінде сұранысқа ие маман бола алатын» деңгейге жетуге тиіс.
Сондықтан Қазақстанның дамуының жаңа кезеңінің стратегиясындағы 30 маңызды бағыттың бірі «білім жүйесінің, сондай-ақ қадрларды қайта даярлау жүйесінің әлемдік стандарттарға жақындауы» болып табылады.
Жоғары оқу орны студенттеріне қоғам талабына сай сапалы білім беру және оларды бәсекеге қабілетті етіп оқыту мен тәрбиелеу педагогика ғылымы саласына жаңа әдіснамалық негіздегі ғылыми зерттеулерді талап етіп отыр. Яғни, оқу үдерісіне жаңа педагогикалық және ақпараттық технологияларды кеңінен ендіру болып отыр. Ақпараттық технология оқу үдерісінің қойылған мақсатқа жетуіне кепілдік береді.
Жаңа ақпараттық технологияны экономиканың, білім мен ғылымның, жалпы адамзаттың барлық саласына енгізу ақпараттық қоғамның басты көрінісі болып отыр.
Бүгінгі таңда ақпараттық қоғамның, ғылым мен техниканың тез демуының әсерінен, яғни интернет желісі сияқты жаңа телекоммуникациялық жүйелердің пайда болуына байланысты компьютерлік технологияның мүмкіндіктері өзгерді. Демек, оқыту үдерісінде компьютерді қолдану мен біліктілікке қойылатын талаптарды қайта қарап, жетілдіріп жүйелеуді талап етеді. Білім беруде компьютерлік технологияларды пайдалану, оқыту үдерісін толық өзгертуге, оқытудың жеке тұлғаға бағытталған моделін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қазіргі оқыту құралдары (компьютер, ақпараттық-телекоммуникациялық байланыс құралдары, қажетті интерактивті бағдарламалық және әдістемелік жабдықтар) әр түрлі оқытудың формаларын жетілдіруге мүмкіндік береді, оған қоса студенттердің өзіндік жұмыстарын орындататын әдістемелік құралдар ретінде атқаратын жұмысының маңызы өте зор.[5]
Білім беруді реформалау кезеңі педагогика саласына басқа да талаптарды алға мақсат етіп қояды. Ол мұғалімнің эмпатиялық мәдениеті мен педагогикалық техникасының кәсіби шеберліктің құраушылары ретінде қалыптасу қажеттілігінен туындайды. Біздің ойымызша, Ю.К.Бабанский келтірген топтастыруды мұғалім тұлғасының кәсіби қасиеттерін сипаттайтын маныдай арнайы іскерліктермен толықтыруға болады: проблеманы білу және оны дәйекті материалмен арақатынастығын белгілеу; нақтылы танымдық міндеттерде проблеманы көтере білу; болжамды ұсына білу іскерлігі және ойдағысын іске асыру; ұқсастық пен тасымалдауды пайдалана білу, белгілі амалдарды қиыстыру және жаңаларды құру, балама шешімдерді іздестіру. Осы тұста Ресей білім беру академиясының академигі В.В.Краевский ойын келтіру жөн деп есептейміз: «Мұғалімнің дамыған педагогикалық ойлауы болжаулық қабілеттілігімен, теориялық талдау және практикалық ойлауды үйлестіре алатын іскерлігінен сипатталады, басқаша айтқанда қарастырушылық - іс-әрекеттік тұрғыда қарауды керекетеді» [6].
Ақпараттық ғасырда интеллектуалды қызметтің дамуы компьютер және қазіргі коммуникация құралдарымен тығыз байланысты. Бұл технологияландыру адамның іскер белсенділігіне, білімділігіне, мәдениетіне, ал, жалпы айтқанда, ғылым мен көзқарасқа түбегейлі эсер етеді. Ақпараттық технология білімді өңдеумен анықталып, қоғамның материалдық және рухани жағдайын өзгертеді.
Ақпараттандыру мәселесі Қазақстан Республикасының білім жүйесінде, мектептерде кеңінен дами бастады. Мемлекеттік деңгейде бұл - орта білім беру жүйесі ақпараттандыру Мемлекеттік бағдарламасы Президенттің басқаруымен бес жыл мерізімінде үлкен жетістіктерге жеткізілді.
Жаңа ақпараттық - коммуникациялық технологиялар (ЖАКТ) жағдайындағы оқыту процесі оқытушы мен оқушының бірлескен іс-әрекетінсіз, олардың дидактикалық өзара байланысынсыз мүмкін емес. Оқытушы қанша білім беруге тырысқанмен, егер білім меңгеруге оқушылардың өздерінің белсенділіктері болмаса, егер оқытушы бұл жұмыстарды дұрыс ұйымдастырмаса, онда оқыту процесі нақты жүрмейді, дидактикалық өзара қарым-қатынаста болмайды. Сондықтан да, ЖАКТ жағдайындағы оқыту процесінде педагог пен оқушы арасында тек жай ғана өзара қарым-қатынас емес, педагогтың компьютерлік технологиялар арқылы жеке тұлғаға әсері, ішкі жан дүниесінің бейнесі, оқушының білімді, іскерлікті, дағдыны, тәртіптіліктің және дамудың белгілі бір элементтерін өз бетінше меңгеруге талпынысы олардың өзара бірлескен іс-әрекеті нәтижесінде, жаңа жағдайда ұлы ғалымдардың анықтаған функцияларын орындаған кезде ғана пайда болады.
Жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ЖАКТ) жағдайындағы оқыту процесі жеке тұлға теориясына сүйенеді, өйткені кез келген оқыту әрбір жеке тұлғаға бағытталған.
Оқушылар қазіргі заманғы жетістіктерді, музыканы, шет ел өмірін және басқа да жаңалықтарды оқу орындарында оқудан тыс уақыттарда біледі. Әсіресе, оқушылардың достық қарым-қатынастарының білімдегі жаңалықтарды табуға, білуге көп пайдасы бар. Олар бір-бірімен қарым-қатынаста жүріп, өздерінің білетін білімдерін және іскерліктерін жартысын бір-біріне бөлісе алады. Белгілі бір тарихи тақырып бойынша оқушылардың білімін зерттегенде, олардың әр түрлі деректер бойынша алған білімдері анықталған. Өкінішке орай, дәстүрлі оқыту процесі барысында оқушылардың білім мен іскерлікті өз бетімен меңгеруі, кездейсоқ және жүйесіз сипат алады, кейде кері бағытта да болуы мүмкін. Ал, ЖАКТ өз бетімен білім алу процесі дамуына нақты жағдай жасауда. Өйткені, электронды оқулықтар өзінің негізгі ерекшелітері бойынша оқушыларды өз бетінше жұмыс жасауына ықпал етеді. Бұл жағдайда мұғалім тьютор, яғни кеңесші функциясын атқарады.
Қорытындылай келе, қазіргі заманғы педагогикалық ғылым мен практика түбегейлі өзгерістерге ұшырауда. Соның ішінде оқыту процесі ақпараттық-коммуникациялық жағдайларда жаңа көрініс алу жолында басқаша жаңаланған жолмен XXI ғасыр талаптарына сай білгір, уақытты үнемдей алатын тұлғаны қалыптастыруға бағытталған.
Әдебиеттер:
- Мырзабаев А.Б. Оқушылар шығармашылығын дамытуда белсенді оқытудың дидактикалық мүмкіндіктері. пед. ғыл. канд. дисс. - Алматы, 2005. - 132 бет.
- Берикжанова Л.Е. «Формирование готовности будущих учителей к использованию современных педагогических технологии». Дисс.на сиос.ус.ст.к.п.н., Алматы, 2003 г.
- Қазақстан Республикасының Президент! Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» (2006 жыл), «Жаңа әлемдегі - жаңа Қазақстан» (2007 жыл) және «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» (2008 жыл), «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» (2009 жыл) атты Жолдаулары. - www.e.qov.kz сайты.
- Тұрғанбаева Б.А. Оқыту барысында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту. пед. ғыл. канд. дисс. -Алматы, 1998. -309 бет.
- Основные тенденции развития образования Казахстана. Под общ.ред. К.Т. Ары нова. Астана. 2004 г.
- Краевский В.В. Общие основы педагогики: учеб.для студ.высш.пед.учеб.заведений. - M.: Издательский центр «Академия», 2003. -256 с.