Аңдатпа
Мұнай ресурстары өндірісінің тиімділігін көтеру және унемді пайдалану күрделі салым көлемінен, кен орындары мен ұңғымаларын орналастырудан, сонымен қатар жалпы мұнай өнеркәсібінің дамуынан тұратын жобалау кезеңінде кен орындарын жасақтаудың үнемді жүйесін таңдауға байланысты. Мұнай-газ өндірісінде қоғамдық өндірісінің тиімділігін көтеру экономикалық негіздемеге және мұнай кен орындарын жасақтаудың үнемді үлгісін таңдауға байланысты.
Мұнай және газ кен орындарын экономикалық бағалау- бұл уақыт факторын есепке ала отырып, қорларды пайдаланудың салалық тиімділігін (ақшалай түрдегі) анықтау процесі. Кен орындарын жасақтаудың үнемді жүйесін таңдаудағы маңызды критерий! өнімнің құндылығы мен жиынтық шығындардың дисконтталған айырмашылығы болып табылатын ең жоғары ақшалай бағалау- ренталық табыс алу болуы қажет.
Мұнай ресурстары өндірісінің тиімділігін көтеру және үнемді пайдалану күрделі салым көлемінен, кен орындары мен ұңғымаларын орналастырудан, сонымен қатар жалпы мұнай өнеркәсібінің дамуынан тұратын жобалау кезеңінде кен орындарын жасақтаудың үнемді жүйесін таңдауға байланысты. Мұнай-газ өндірісінде қоғамдық өндірісінің тиімділігін көтеру экономикалық негіздемеге және мұнай кен орындарын жасақтаудың үнемді үлгісін таңдауға байланысты.
Мұнай және газ кен орындарын экономикалық бағалау- бұл уақыт факторын есепке ала отырып, қорларды пайдаланудың салалық тиімділігін (ақшалай түрдегі) анықтау процесі. Кен орындарын жасақтаудың үнемді жүйесін таңдаудағы маңызды критерийі өнімнің құндылығы мен жиынтық шығындардың дисконтталған айырмашылығы болып табылатын ең жоғары ақшалай бағалау- ренталық табыс алу болуы қажет.
Мұнай кен орындарын жасақтауды бағалау жүйесі және неғұрлым тиімді үлгіні таңдау мұнай өндіру өнеркәсібіндегі кеңейтілген өндіріс процесінде жобалау жүйесінің әсерін есепке ала отырып жүргізілуі қажет. Ол үшін соңғы бірнеше жылдағы мұнай өндірудің мүмкін болатын көлемін талданатын кеніштерді жасақтау үлгісі алғашқы бөлінген күрделі салымдар бойынша да, амортизациялық аударымдар және мұнай өндіру бірлігіне геологиялық барлау шығындары мен кәсіптік салық түріндегі және мұнай өндірудің ең аз өзіндік құны үлгісінде алынатын өндіріс шығындарын үнемдеу түрінде де қарастырылатын, кенішті пайдалану кезінде түсетін басқа да қаражаттарды бірнеше рет пайдалану процесі бойынша да есептеу жузеге асырылады. Талдау барысында жаңа мұнай қорларын дайындау мерзімі мен мұнай кәсіпорындарын орналастыруға, бір жаңа скважинаға келетін өндіру мен мұнай барлауға капитал салымдарының мөлшеріне, және де өндіру өзгерісі коэффициент! мен сала бойынша ұңғыманың орташа дебитінен өндіріс шығындарының байланысына көңіл аудару қажет.
Көмірсутегінің анықталған және болжанған ресурстарын экономикалық бағалау табиғаты бойынша ықтималды. Оған шикізат ресурстарын есептеудегі анықсыздық және алғашқы геологиялық ақпарат және жасақтаудың технологиялық көрсеткіштері және базалық өлшеуіштің өзгерімділігі эсер етеді. Кен орындарын кешенді игеруге шығындарды белгілеуде неғұрлым прогрессивті шешімдер қолданылуы және мұнай өндіру аудандарын іздеу, барлау, жасақтау және орналастырудағы ғылыми-техникалық жетістіктер есепке алынуы қажет. Анықталған және болжанған кен орындарын игерудің экономикалық тиімділігін бағалаудың жоғарыда көрсетілген қағидаларды жүзеге асыру үшін негізгі компоненттері келесілер болып табылатын сәйкесті бастапқы база болуы керек:
- анықталған және болжанған кен орындарының барланған және болжанған қорларының көлемі мен сапасы және олардың географиялық орналасуы;
- кен орындары қабаты кеніштерінің сипаттамасы мен тереңдігі, олардың саны және режимі, мұнай мен газдың физикалық-химиялық қасиеті және басқа да ерекшеліктері;
- анықталған және болжанған кен орындарын жасақтаудың негізгі технологиялық көрсеткіштері (мұнайды өндірудің және су айдаудың күтілетін деңгейі, өндіру, айдау және басқа да скважиналардың қоры мен енгізілуі, өнімді суландыру, бұрғылау көлемі және т.б.);
- халық шаруашылығының мұнай өндіру және аралас салаларындағы шығындарды есепке ала отырып анықталған және болжанған кен орындарын шаруашылық игерудің экономикалық көрсеткіштері (үлестік капитал салымы, өндірудің өзіндік құны, мұнай, газ және конденсаттарды өндіру шығындары және т.б.).
Жоғарыда айтылған бастапқы мәліметтерді есептеудің қағидалары мен әдістері анықталған және болжанған кен орындарын игеруді экономикалық бағалау үшін қажет. Негізгі қиыншылық халық шаруашылығы тиімділігін анықтау кезінде пайда болады. Бұл әдістемелік тұрғыда алдымен тиімділік критерийін таңдау және негіздеумен байланысты. Кен орындарын игеруді экономикалық бағалауда басқалары сияқты мәні бойынша салыстырмалы, ақшалай бағалаудың сандық көрсеткіштерін салыстыру үшін оның негізгі өлшеуіші пайдаланудың белгілі бір кезеңінде кен орындары қорларын дайындау мен жасақтау тиімділігін халық шаруашылық тұрғысынан бағалау эталоны болып табылады. Бағалаудың бастапқы өлшеуішін таңдау кезінде көзқарастар әртүрлі. Біреулері бірегей бастапқы өлшеуішті дамытса, екіншілері экономикалық көресткіштер тобын пайдалануды мүмкін деп есептейді. Шешілетін міндеттерге байланысты бағалаудың бастапқы өлшеуіші түрлі болады. Бұндай өлшеуіш ретінде автор жоғарыда қарастырып өткен мұнай және газды өндіруге, мұнай бағасына келтірілген және шектелген шығындар (салалық, зоналық немесе аудандық), көтерме баға қолданылады [1.С.475].
Қазіргі уақытта мұнай және газ кен орындарын жобалау саласындағы экономикалық есептеулердің теориясы мен практикасында экономикалық тиімділіктің неғұрлым жиі қолданылатын екі критерийін ажыратуға болады. Біріншісі- бұл ең аз келтірілген шығындар:
3 = Э + EH. К,
бұнда Э-эксплуатациялық шығындар (өзіндік құн); K- күрделі салымдар;
200
Е7/-күрделі салымдар тиімділігінің нормативтік коэффициент!. Екіншісі - ең жоғары тиімділік (пайда):
т
R = X t=l
(! + £)'
бұнда Zt - t-жылындағы 1 тонна өнімнің көтерме әлемдік бағасы; Qt - жылдық өнім; Kt - t-жылындағы күрделі салымдар; 3t - t- жылындағы қайта жаңартусыз эксплуатациялық шығындар; E - шығындар мен өнімді өткізуді есепке алу коэффициент; T - кен орынын игерудің жалпы мерзімі.
Алғашқы критерий мұнай қайтарымының соңғы коэффиценттері бірдей жасақтау үлгісін оңтайландыру кезінде қолданылады. Erep үлгілер жиынтық таңдау бойынша түрлі болса, онда олар әр түрлі тәсілдермен теңестіріледі. Келтірілген шығындардың минимум критерий! мұнай кен орындарын игеруді есептеуде Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін есептелмейтін болды. Өндіріс тиімілігін талдау кезінде аналитикалық тәсілдер қолданылатынын айта кету керек. Қазіргі уақытта тәжірибедегі қарапайым математика аппаратына негізделетін өндіріс тиімділігін экономикалық талдау жоғарыда көрсетілген міндеттерді оңтайлы шешуге қауқарсыз.
Осыған байланысты талдаудың жаңа, прогрессивтік сандық тәсілдерін дамытудың маңызы зор. Математикалық тәсілдер жиынтығында қызығушылық тудыратыны Кобба- Дуглас функциясы (немесе өндірістік функция), себебі ол белгілі бір тұрғыда экономикалық талдау мәселелерінің бірқатарын шешу құралы ретінде қолданылады. Мұнай газ игеру өндірісінің тиімділігін зерттеу үшін өндірістік функцияны пайдалану келесідей түсіндіріледі: өндірістік функция тәсілін қолдану уақыт бойына экономикалық өсім мен ттиімділік көрсеткіштері өзгерісінің заңдылығын белгілеуге, және де бұл өсімнің параметрлерін анықтауға мүмкіндік береді. Үлгі таңдау аз болған жағдайда жұмыс жасайды. Тәсіл өндірістік ресурстардың техникалық деңгейінде сапалық алға жылжуды тез арада байқауға мүмкіндік береді. Жалпы түрде өндірістік функция (Кобба-Дуглас функциясы) келесідей жазылады [2]:
бұнда Yt — t уақытында өзгеретін жалпы өнімнің көлемі; Kt - мұнай газ игеруде негізгі өндірістік қорлардың ортша жылдық құны; Lt - мұнай газ игерудегі өндірісте жұмыспен қамтылған жұмысшылардың саны; a, р - Kt және Lt өндірісі факторының көлемі мен динамикасынан Yt өнімінің көлемі мен динамикасының тәуелділігін сипаттайтын икемділік коэффициент!.
А параметр! мұнай және газ (У) өнімдерін және өндіріс факторларын (K, L) бірдей әр қалыптылыққа келтіру жүзеге асырылатын пропорционалдық коэффициент болып табылады. Бұл коэффициент арқылы өндіріс жағдайында өзгеретін өсудің айқындалмаған факторларының қызметіне, ресурстардың әртектілік элементтеріне және т.б. әсері анықталатынын айта кету қажет. Өндіріс тиімділігін талдау, соның ішінде мұнай газ игеру өндірісі тиімділігін талдау келесідей түрде жүзеге асыралады. Қажетт мәліметтерді жинағаннан кейін оларды жүйелейді, сәйкес келмейтін мәліметтер алынып тасталады. Содан кейін өндірістік функция үлгісін құрастырып, алынған үлгінің сәйкестін талдайды, әрбір үлгінің жиынтық икемділігін салыстырады. (а+р) көрсеткіші неғұрлым жоғары үлгі таңдап алынады. Нарық жағдайында құндық көрсеткіштерді динамикада анықтау қиын болғандықтан Кобба-Дуглас өндірістік функциясын қолдану үлгісін қарастырмаймыз.
Жаңа мұнай кен орындарын иегруде экономикалық негідеудің негізгі міндетттеріне келесілер жатады:
- иегру үлгісі бойынша экономикалық көрсеткіштерді есептеу;
- эксплуатациялық объектілер бойынша мұнай таңдауды оңтайлы белу;
- кен орындарын игеруде оңтайлы үлгіні таңдау;
- кен орындарын игеру экономикалық негізлеоген мерзімі және мұнай қайтарымы коэффииценттерін анықтау.
Мұнай және газ кен орындарын игеру жүйесінің экономикалық көрсеткіштерін есептеу нақты объектінің жобалатынатын деңгейі мен технологиялық көрсеткіштерін есепке ала отырып жүргізіледі.
Экономикалық нормативтердің деңгей мен динамикасына эсер ететін негізгі техногияық параметрлері ретінде келесілер қолданылады:
- мұнай, газ және сұйықтық өндіру көлемі;
- өндіру және айдау ұңғымасының қоры;
- ұңғыма тереңдігі;
- жаңа ұңғыма қоры;
- жұмыс агентінің айдау көлемі.
Мұнай және мұнай газ кен орындарын игерудің оңтайды үлгісін таңдау шығындарды және қорларды өтеу кезеңіндегі үлгі бойынша нәтижелер салыстырмалы талдау арқылы жүзеге асыралады. Әрбір қарастыралатын үлгі бойынша бұл кезең кен орындарын игерудің басталу уақытынан игерудің экономикалық шегі нормативіне қол жеткізу жылына дейін тең қарастырылады. Бұл жағдайда мұнай кен орындарын иегрудің жобалық жүйесінің тиімділігін сипаттайын экономикалық көрсеткіш болып мұнай өндіру бірлігіне кететін шығындар, үлестік капитал салымдары және келтірілген шығындар табылады [3].
Экономикалық әдебиетте келтірілген шығындар минимумы негізіндегі мұнай кен орындарын игерудің оңтайды үлгісін таңдау кең тараған, алайда бұл тәсіл Қазақстанда қолданылмайды. Статистакалық тұрғыда салыстырылатын үлгілер бойынша келтірілген шығындар деп тиімділік нормативіне сәйкес бірдей өлшемге келтірілген ағымдағы шығындар (өзіндік құн) мен капитал салымдарының сомасын айтады. Кен орындарын игеруде неғұрлым тиімді үлгіні, мұнай өндіру аудандарын дамыту стратегиясын таңдау үшін және басқа да міндеттерді шешуде тиімділік немесе шығындардың үлестік көрсеткіші өте жиі қолданылады. Алғашқысына еңбек өнімділігі, рентабельділік, қор қайтарымдылығы көрсеткіштері және т.б жатса, екіншісіне өнім бірлігіне кететін шығындар, өнім бірлігіне немесе жаңа қуаттылық бірлігіне капитал салымдарының үлесі және т.б. жатады. Бұл көрсетіштер мұнай кен орындарын игерудің салыстырмалы үлгілері негізгі көрсеткіштер бойынша сәйкес келген жағдайда ғана қолданылады. Қандай да бір үлгіні таңдап алу үшін үлестік көрсеткіштер қолданылады.
Экономикалық әдебиетте үлестік капитал салымдарының мөлшерін анықтаудың бірнеше түрлері белгілі. Оларды келесідей топтауға болады:
- мұнай өндіру өсіміндегі капитал салымдарының үлесі;
- жаңа қуатгылық өсіміндегі капитал салымдарының үлесі;
- орташы жылдық мұнай өндіру бірлігіне капитал салымдары.
Мұнай кен орындарын игеруді жобалау кезінде әдетте, орташа жылдық мұнай өндіру бірлігіне капитал салымы көрсеткіші қолданылады. Ол үшін мұнай кен орындарын игеруді бастау кезіндегі капитал салымын орташа жылдық мұнай өндірумен салыстырады.
Әдебиеттер тізімі:
- Базив В.Ф. Экспертно-аналитическая оценка эффективности систем разработки нефтяных месторождений с заводнением. - M.: ОАО «ВНИИОЭНГ», 2007. - 396 с.
- Иванов А.В., Марченко А.В., Лапердин А.Н., Мулявин С.Ф. Проблемы разработки уникальных газовых месторождений ЯНАО и пути их решения // Горные ведомости. - 2010. — № 1. - С. 36-41.
- Кильдешев С.H., Кубасов Д.А., Дорофеев А.А., Саранча А.В. Концепция выделения эксплуатационных объектов на Южно-Русском многопластовом нефтегазоконденс.