Аңдатпа
Аталған тақырыптағы мақалада зерттелетін кәсіпорында жеткізушілерді бағадлау қандай мақсатта жургізілетіні, бағалау критерийлері, Жеткізушілер тізімінде жеткізушілерге оларды бағалау кезінде таңдалған баллдарға тәуелді санаттар беруге болатыны қарастырылған.
Жеткізушілерді таңдау сапасы жоғары өнімді сенімді және экономикалық тиімді жеткізуді қамтамасыз ету ушін жургізіледі.
Кез-келген кәсіпорында жеткізушілерді таңдау ұсынылатын өнімнің саны мен сапасы, жеткізу шарттары мен есеп айырысулар (төлемдер), жеткізушілермен іскерлік қарым - қатынасты бағалауды міндетті есепке алумен кепілдіктер туралы коммерциялық ұсыныс мәліметтерін талдау негізінде жеткізушілерді алғашқы және кезеңдік бағалау негізінде жузеге асырылуы керек.
Жеткізушілерді таңдау рәсімдерін орындау әрбір кәсіпорын ушін өнімді жеткізу келісім шартын құру алдында жеткізу тізбектерін тиімді басқаруды енгізуде міндетті.
Жеткізушілерді таңдау сапасы жоғары өнімді сенімді және экономикалық тиімді жеткізуді қамтамасыз ету үшін жүргізіледі.
Кез-келген кәсіпорында жеткізушілерді таңдау ұсынылатын өнімнің саны мен сапасы, жеткізу шарттары мен есеп айырысулар (төлемдер), жеткізушілермен іскерлік қарым-қатынасты бағалауды міндетті есепке алумен кепілдіктер туралы коммерциялық ұсыныс мәліметтерін талдау негізінде жеткізушілерді алғашқы және кезеңдік бағалау негізінде жүзеге асырылуы керек.
Жеткізушілерді таңдау рәсімдерін орындау әрбір кәсіпорын үшін өнімді жеткізу келісім шартын құру алдында жеткізу тізбектерін тиімді басқаруды енгізуде міндетті.
Нақты өнімді жеткізушіні таңдау рәсімі нарықгағы жағдайларға тәуелді заңды күші бар жеткізу келісім шарттарына қарама-қайшылықтар болмаған кез- келген уақытта туындауы мүмкін.
Жеткізушілерді бағалау келесі мақсатпен жүргізілуі керек:
- менеджмент жүйесі талаптарына жеткізушілердің сәйкестігін бақылау;
- жеткізушілермен өзара қарым-қатынастарда олармен обьективті критерийлер мен таңдау рәсімінің ашықтығын пайдалану жолымен сенімді серіктестік қарым-қатынастарын бекіту [1].
Өнімдерді жеткізушілерді алғашқы бағалау әдетте келесі жағдайларда жүзеге асырылады:
- Erep кәсіпорында жеткізушінің ісі болмаса;
- Жеткізуші үшін бұрын мұндай бағалау жүргізілмесе;
- Жеткізушінің өнімі бұрын кәсіпорынға жеткізілмесе;
- Кәсіпорынға өнімдерді жеткізудегі үзіліс бір жылдан асып кетсе;
- Бұл өнім үшін екі жеткізушіден кем бағаланса.
Жеткізушілерді бағалау критерийі сатып алынатын өнімнің спецификасын, нарықтық жағдайлармен құрылымдық бөлімшелердегі сатып алу технологияларының ерекшеліктерімен анықталады. Бұл үшін өнімнің басқа да түрлерін сатып алу үшін жеткізушінің/өнімді өндірушінің сауалнамасын пайдалануға болады. Жеткізушілерді бағалау критерийлері мен сауалнамалар құрылымдық бөлімшенің басшылығымен өңделеді.
Сауалнама өзінетөменде келтірілген бағалау критерияларын енгізуі мүмкін:
- өнім сапасы (тапсырыс беруші-кәсіпорынның талаптарына сәйкестігі);
- халықаралық стандартқа/менеджмент сапасы жүйесінің техникалық ережелеріне сәйкесті менеджмент сапасы жүйесінің жеткізушілерде бары;
- халықаралық стандартқа/менеджмент сапасы жүйесінің техникалық ережелеріне сәйкесті жеткізушінің менеджмент сапасы жүйесінің тапсырыс беруші- кәсіпорынның верификацияландырудың оң нәтижелері туралы мәліметтері;
- тапсырыс беруші-кәсіпорынмен бекітілген сатып алу талаптарына жеткізушінің сәйкестігін қадағалау туралы мәліметтер;
- жеткізушімен тапсырыс беруші-кәсіпорын арасында серіктестік байланыстарының ұзақ мерзімділігі;
- сапа сертификатының, сәйкестік сертификатының, санитарлық- гигиеналық, радиологиялық және басқа да сертификат түрлерінің, химиялық қауіпсіздік картасының (MSDS), пайдалану құжаттарының, нормативтік құжаттардың көшірмелерінің ұсынылғаны туралы міндеттемелер;
- ИНКОТЕРМС - 2000-мен сәйкесті қажеттілігімен жеткізу шарттары, сонымен қатар орама түрі, тиеп-жіберу нормалары, көлік түрі, жеткізу мерзімі мен ырғақтылығы;
- сатып алудың экономикалық мақсаттылығы (өнім бірлігінің бағасы, көлік шығындары, есеп айырысулар (төлемдер) шарттары, тапсырыс беруші-кәсіпорыннан жеткізушінің қашықтығы);
- кепілдіктер, оларды ұсыну мерзімі мен жағдайлары;
- сұраныстарға, сұрақтарға, шағымдарға эсер ету жеделдігі;
- даулы жағдайларда тұтынушыға жеткізушінің мән бермеушілігі.
Жеткізушіні бағалау критерийлерінің тізімі қажеттілігіне қарай толықтырылып немесе қысқартырылуы мүмкін [2].
Құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысы жеткізушінің сауалнамасында бекітілген критерийлерге сәйкес өнімнің (қызметтің) нақты түрін жеткізу туралы ақпараттарды жинақтауды жүргізуі керек.
Ақпараттарды жинақтауда келесілер пайдалануылуы мүмкін:
- жеткізушілерді сауалнамалау (сұрақ-жауап);
- Интернетте, арнайы баспалар мен БАҚ нарық құрылымын зерделеу;
- жеткізушінің өндірістік алаңдарында тапсырыс беруші-кәсіпорынмен соңғы өнімді тексеру нәтижелері;
- жеткізу кезіндегі жеткізушінің соңғы өнімін тапсырыс берущі- кәсіпорынмен тексеру нәтижелері;
- халықаралық стандартқа/менеджмент сапасы жүйесінің техникалық ережелеріне сәйкесті жеткізушінің менеджмент сапасы жүйесін тапсырыс беруші- кәсіпорынмен верификацияландыру.
- тапсырыс беруші-кәсіпорынмен бекітілген тапсырыс беру талаптарына жеткізушінің сәйкестігінің қадағалау қорытындылары;
- осы өнімнің сапасы туралы басқада тұтынушы-кәсіпорындармен ақпараттар алмасу;
- өнімді тапсырыс беруші құрылымдық бөлімшелер мамандарының, технологтарының қорытындысы.
Жеткізуші қатысатын бірігу, сатып алу немесе қосылу жағдайында тапсырыс беруші-кәсіпорынның жұмысшылары жеткізушінің менеджмент сапасы жүйесін қолданымдылығын тексеруді және келесі шаралардың біреуін орындау жолымен нәтижелілігін жүзеге асырады:
1 |
Жеткізуші туралы мәлімет: |
|
Атауы, заңдық мәртебесі |
||
Мемлекет |
||
Мекен-жайы |
||
Т/ж тиеп жіберу деректемелері |
||
Банктік деректемелер |
||
Басшылық (Т.А.Ә., телефон, факс) |
||
Орындаушылар (Т.А.Ә., телефон, факс) (ОТК, тиеу, өткізу) |
||
2 |
Өндіруші туралы мәліметтер (жүк тиеп жіберуші): |
|
Атауы, заңдық мәртебесі |
||
Мекен-жайы |
||
Т/ж тиеп жіберу деректемелері |
||
Басшылық (Т.А.Ә., телефон, факс) |
||
Орындуашылар (Т.А.Ә., телефон, факс) |
||
3 |
Өнім туралы мәліметтер: |
|
Атауы |
||
Тип, марка |
||
Сапалық көрсеткіштері |
||
Өнімді қабылдау критерийлері |
||
НД (ТУ, ГОСТ, ДСТУ, ТУ У, спецификация) |
- Жеткізушілерді сауалнамалау (сауал);
- Халықаралық стандартқа /менеджмент сапасы жүйесінің техникалық ережелеріне сәйкесті жеткізушінің менеджмент сапасы жүйесін тапсырыс беруші- кәсіпорынмен верификацияландыру;
- Халықаралық стандартқа /менеджмент сапасы жүйесінің техникалық ережелеріне сәйкесті жеткізушінің менеджмент сапасы жүйесін сыртқы аудиторлармен верификацияландыру.
Тапсырыс беруші-кәсіпорынның құрылымдық бөлімше жұмысшыларымен жинақталған ақпарат 1 кестеде көрсетілген үлгілі формаға сәйкес жабдықтаушының/өнім өндірушінің сауалнамасына енгізілуі мүмкін.
Кесте 1 - Жабдықтаушының/өнім өндірушінің сауалнамасы
Сауалнаманы бағалау критерийлерін салыстыру жолымен жеткізушіні таңдауды өткізу үшін пайдаланылуы мүмкін.
Тапсырыс беруші-кәсіпорынға бір өндірушінің өнімін ұсынатын делдалдар әртүрлі жеткізушілер ретінде мақсатты қарастырып, оларды таңдауды, бағалауды және тексеруді жеке жүргізеді.
Жеткізушілер туралы барлық ақпараттар, соның ішінде тапсырыс беруші- кәсіпорын үшін орындалған жеткізілім және орындалған кезеңдік бағалау туралы мәліметтер іс құжаттарына тігіледі. Ал барлық бағаланған жеткізушілерді әрбір құрылымдық бөлімшеде жеке дұрыс жеткізушілер тізіміне енгізіледі (кесте 2).
A санаты (4.00 - 5.00 балл) - тапсырыс беруші-кәсіпорынмен ұзақ мерзімді іскерлік байланысы бар, тұрақты және ешбір қателіксіз жеткізу сапасы, бағасы, мерзімі және саны бойынша келісім шарттық міндеттемелерді орындаушы «жақсы» жеткізуші;
№ п/п |
Жеткізуші атауы |
Мекен- жайы |
Телефон /факс |
Ұсынылатын өнім |
Жұмыс кезеңі |
Ескерту |
---|---|---|---|---|---|---|
Кесте 2 - Жеткізушілер тізімі
Жеткізушілер тізімінде жеткізушілерге оларды бағалау кезінде таңдалған баллдарға тәуелді санаттар беруге болады. Мысалы:
- Б санаты (3.50 - 3.99 балл) - тапсырыс беруші-кәсіпорынмен іскерлік байланысы бар, бірақ жеткізуге ұсынылатын өнімге, бағасына немесе санына сапасы бойынша толық көлемде талапты қанағаттандырмайтын «қанағаттанарлық» жеткізуші;
- В санаты (3.00 - 3.49 балл) - тапсырыс беруші-кәсіпорын мүмкіндігіне қарай алдағы уақытта сатып алуды жүргізбейтін «қанағаттанарлықсыз» жеткізуші;
- Г санаты (2.50 - 2.00 балл) - тапсырыс беруші-кәсіпорын мүмкіндігіне қарай алдағы уақытта сатып алуды жүргізбейтін «адал емес» жеткізуші.
Жеткізушінің іс құжаттарында келтірілген мәліметтер негізінде құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушылары жыл сайын, 1-ші желтоқсаннан кешіктірмей жеткізушілерді кезеңдік бағалауды жүргізіп, жыл сайынғы бағаны қояды [3].
Бұл мәліметтер келесі жеткізушілерді таңдау кезінде пайдаланылады.
Өнімдерді жеткізушілерді таңдау жыл сайын кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын және бюджетті бекіткеннен кейін мақсатты жеттілігі бойынша жоспарлы кезең ағымында.
№ |
Атауы |
жеткізу орны |
Өлшем бірлігі |
2015 жылға бюджет |
Жеткізуші |
|||||||
Саны I |
Бағасы |
Сомасы |
TM Қ атауы |
Саны |
Бағасы |
сомасы |
Жеткізу шарты |
|||||
Сатып алудың барлық түрлері үшін жеткізушілерді салыстырмалы талдау кестесін (кесте 3) толтырып, жұптық салыстырмалы әдісімен жеткізушілерді таңдаудың факторлары арасындағы қатынасты мақсатты анықтау керек (кесте 3).
Кесте 3 - Жеткізушілерді салыстырмалы талдау кестесі
Жеткізушілерді таңдауда A және Б санатты жеткізушілерге артықшылық беріледі.
Жеткізушілерді таңдауды өткізуде жауапты орындаушы әлеуетті жеткізушілерден жазбаша түрде (электрондық пошта, факс, пошта бойынша) салыстырмалы өткізу үшін қажетті ақпараттарды сұратуы мүмкін, сонымен қатар жеткізушінің іс құжаттарында мәліметтерді талдайды.
Жеткізушілерді таңдауды өткізуде жауапты орындаушы жеткізушінің делосындағы мәліметтер негізінде жеткізушілерді салыстырмалы талдау кестесін толтырып, сонымен қатар жеткізушімен/өнім өндірушімен толтырылған сауалнамамен бірге бас директордың орынбасарының немесе логистика бойынша басқарушы директордың қарауына ұсынады, сонымен қатар қарастырылған және бекітілген нәтижелер сәйкесті хаттамамен рәсімделеді. Жоғарыда айтылған әрекеттерден кейін ғана сатып алу процедурасы жүргізіледі [4].
Осылайша, дұрыс қалыптасқан жеткізушіні таңдау және бағалау жүйесі кәсіпоырндағы жеткізу тізбегін тиімді басқаруға мүмкіндік береді.
Әдебиеттер тізімі
- ISO 9000 Системы менеджмента качества - Основные принципы и словарь
- ISO 9001 Системы менеджмента качества - Требования
- Граб П.В., Паникова Т.Б. Процедура оценки поставщиков и качества покупных изделий, материалов / Труды Международного симпозиума «Надежность и качество» / Выпуск том 2 / 2006 / httD://cvberleninka.ru/article/n/Drotsedura-Otsenki- DOSta vschikov-i-kachestva-DokuDnyh-izdeliv-materialov-Dkim
- Липатова О.Н. Организационно-экономические решения при выборе поставщиков / Журнал Вестник Астраханского государственного технического университета. Серия: Экономика / Выпуск№ 2 / 2012 /
httD://cvberleninka.ru/article/n/oraanizatsionno-ekonomicheskie-resheniva-Dri-wbore- Dostavschikov