Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Еңбек кодексі бойынша бала еңбепн қорғау

Аңдатпа

Мақалада 1 қаңтар 2016 жылы қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасының Еңбек кодекс/ бойынша жасы кәмелетке толмағандардың еңбегін реттеу мәселесі баяндалады. Бала еңбегін пайдалану қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі және жаңа Еңбек кодекс/ балалардың еңбеқ құқықтарын қорғаудың жаңа механизмдерін қарастырады. Еңбек қатынастарының негізі болып табылатын еңбек заңдарының қолданысы мен еңбек шартына сай шартқа қатысушылардың құқықтары мен міндеттері, реттелу мерзімдері анықталады. Азаматтық қоғамдағы еңбек қатынастарының балалар еңбегін қорғауды қамтамасыз ету шаралары қолданылу ерекшеліктері қарастырылған. Жасы кәмелетке толмағандардың еңбек ерекшеліктері туралы, осыған сай дуалды оқыту нысанының пайдасы мен жүзеге асырылу жағдайлары туралы баяндалған. Дуалды оқыту нысанының талаптары және заңдылықтары, қолданылу заңнамары айқындалған. Кәмелетке толмағандардың еңбек қауіпсіздігі мен еңбекке ақы толеу ерекшеліктері қарастырылады.

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп турін еркін таңдауына құқығы бар. Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі. Әркімнің қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға құқығы бар. Жасы 18-ге жетпеген адамдар кәмелетке толмағандао болып есептеледі. Зан кәмелетке толмағандардың еңбек құқығын айрықша қорғайды, өйткені олар дене күші жағынан да, рухани жағынан да толық өсіп-жетілмеген. Заң, сонымен қатар кәмелетке толмағандарды өздерінің материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында түрлі қоғамдық қатынастарға қатысушылар деп те таниды. Кәмелетке толмағандар еңбектік жасқа толуына байланысты еңбек қатынасына кірісе алады. Кәмелетке толмағандар құқық субъектілері ретінде өздерінің кәсіби қызметтің қайсыбір түріне қабілеттілігін байқатуға өздерін жеке тұлға ретінде көрсетуге мүмкіндік беретін еңбек қатынастарын ерекше бөліп көрсету керек. Кәмелетке толмағандардың еңбек құқығы субъектілері ретіндегі жалпы және арнаулы құқыктың мәртебесі сипатына байланысты ажыратылады. Жаңа еңбек кодексі жасы кәмелетке толмағандардың еңбек институтына тың жаңалықтар енгізіп отыр.

НЕПЗП БӨЛІМ

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа Еңбек кодексі күшіне енеді. Бұл еңбек заңнамасының басты мақсаты еңбек қатынастарын және еңбек қатынастарымен тікелей байланысты өзге де қатынастарды еңбек қатынастары тараптарының құқықтары мен мүдделерін қорғауға, еңбек саласындағы құқықтар мен бостандықтардың ең темен кепілдіктерін белгілеуге бағытталған құқықтық реттеу болып табылады. Ал, бұл кодекстің негізгі міндеттері еңбек қатынастары тараптары мүдделерінің теңгеріміне, әлеуметтік тұрақтылыққа, қоғамдық келісімге бағытталған қажетті құқықтық жағдайлар жасау болып табылады. Еңбек кодексі еңбек нарығын ырықтандыру міндеті жүктелген «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында қабылданған құжат және оны дайындау барысында әлемдік тәжірибелер ескеріліп, әсіресе, жұмысшылардың құқығын қорғау тәжірибелеріне баса назар аударған. Еңбек кодексінде мемлекет тарапынан еңбек стандарттары, жұмысшыларға арналған базалық кепілдіктер мен өтемақы мөлшері белгіленді, жұмысшылардың негізгі құқықтар мен міндеттер айқындалды және жұмыс берушілердің тарапынан олардың қатаң сақталуына бақылау жүргізу қамтамасыз етілетіні нақты жазылды. Әркімнің еңбекті еркін таңдауға немесе еңбекке қандай да бір кемсітушіліксіз және мәжбүрлеусіз еркін келісуге құқығы, өзінің еңбекке қабілеттілігіне билік етуге, кәсіп және қызмет түрін таңдауға құқығы бар. Жаңа заңның нормаларында жаһандық экономикалық тәуекелдердің қазақстандықтар үшін барынша жұмсақ болуын қамтамасыз ететін тетіктер бар. Енді еңбек қатынастарына мемлекеттің араласуы барынша қысқарып, жұмыс берушінің жауапкершілігі артады. Жаңа Еңбек кодексіне сай үкімет жұмыс берушінің қызметкер қабылдауына немесе жұмыстан босатуына, қажеттілік бойынша кадрлық өзгерістер жасауына және еңбекақы тағайындауына еркіндік береді. Мемлекет бұлардың ашық, әділ жүруін ғана қадағалайды. Сондай-ақ жаңа кодекс жұмыс берушіге штатты емес, жұмыс күнін қысқарту, қызметкерді уақытша басқа жұмыспен қамтамасыз ету секілді міндеттер жүктейді.

Қазіргі кезде азаматтардың еңбекке қатысты өз құқықтарын жүзеге асыру нысандарының арасынан еңбек шартын ерекше атап өтсе болады. Себебі, еңбек шарты ғана еңбектің жалдау сипатындағы негізі ретінде нарықтық еңбек қатынастарының талаптарына анағұрлым толық жауап береді. Еңбек шарты - қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша келісім, бұған сәйкес қызметкер белгілі бір жұмысты (еңбек функциясын) жеке өзі орындауға, еңбек тәртіптемесінің ережелерін сақтауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші қызметкерге келісілген еңбек функциясы бойынша жұмыс беруге, Қазақстан Реснубликасының Еңбек Кодексінде, Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінде, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актілерінде көзделген еңбек жағдайын қамтамасыз етуге, қызметкерге уақтылы және толық мөлшерде жалақы төлеуге міндеттенеді. Еңбек шартының тараптары болып қызметкер, яғни белгілі бір жасқа жеткен, еңбек құқықсубъектілігіне ие, жұмыс берушімен еңбек шартын жасасқан және еңбек шартына сәйкес белгілі бір жұмысты орындайтын азамат пен жұмыс беруші, яғни қызметкерді жалдаған және оған тиісті жұмыс берген, қызметкермен еңбек шартын жасасқан заңды немесе жеке тұлға табылады.

Еңбек құқығының ерекше субъектілері - 18 жасқа толмаған тұлғалар, олардың құқықтары еңбек заңдарында айырықша қорғалады, өйткені, олар дене күші жағынан да, рухани жағынан да толық өсіп-жетілмеген. Бұл субъектілер еңбек заңдарында ерекше құқықтарға ие болады. Кәмелетке толмағандар еңбектік жасқа толуына байланысты еңбек қатынасына кірісе алады. Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы заңының 16 бабында: «Әрбір баланың еңбек бостандығына, қызмет және кәсіп түрлерін еркін таңдауға құқығы бар. Балалар он төрт жастан бастап, ата-аналарының рұқсатымен оқудан бос кезінде денсаулығына және өсіп- жетілуіне оңтайлы, баланың дене бітіміне, имандылығына және психикалық жай- күйіне зиян келтірмейтін қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуға, сондай-ақ мамандық алуға құқығы бар. Бұл құқықты халықты еңбекпен қамту қызметі мен жергілікті мемлекеттік басқару органдары қамтамасыз етеді. Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлермен еңбек шартын жасасу және оны бұзу тәртібі және олардың еңбегін реттеудің басқа да ерекшеліктері Қазақстан Республикасының еңбек заннамасында белгіленеді. Баланы оның денсаулығына қауіп төндіруі немесе білім алуына кедергі келтіруі не оның денсаулығына және дене бітімі, ақыл-ойы, рухани, моральдық және әлеуметтік жағынан дамуына нұқсан келтіруі мүмкін кез келген жұмысты орындауға қабылдауға немесе тартуға тыйым салынады»-деп көрсетілген [2].

Oh алты жасқа толған азаматтармен еңбек шартын жасасуға жол беріледі. Еңбек шарты: 1) орта білім беру ұйымында негізгі орта, жалпы орта білім алған жағдайларда, он бес жасқа толған азаматтармен; 2) оқудан бос уақытта, денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмысты орындау үшін он төрт жасқа толған оқушылармен; 3) кинематография ұйымдарында, театрларда, театр жэне концерт ұйымдарында, цирктерде денсаулығына жэне имандылық тұрғысынан дамуына нұқсан келтірмей, шығармалар жасауға және (немесе) орындауға қатысу үшін он торт жасқа толмаған адамдармен еңбек шарты жасалуы мүмкін. Еңбек шартына кәмелетке толмаған адаммен қатар оның ата- анасының біреуі, қорғаншысы, қамқоршысы немесе асырап алушысы қол қоюға тиіс [1, 31 бап].Он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлер үшін жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтық нормалары қолданылады: 1) он торт жастан он алты жасқа дейінгі жұмыскерлер үшін - аптасына 24 сағаттан аспайтын; 2) он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі жұмыскерлер үшін - аптасына 36 сағаттан аспайтын жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленеді [1, 69 бап].

Еңбек кодексі жұмыс берушілерге 18 жасқа толмағандарды түнгі уақыттағы жұмысқа, үстеме жұмыстарға, жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысынан кері шақыртып алуға, ауыр жұмыстарға, еңбек жағдайлары зиянды жэне (немесе) қауіпті жұмыстарға, материалдық жауапкершілік жүктелетін жұмыстарға жібермеуді міндеттейді [3], яғни ҚР Еңбек кодексінің 26 бабы бойынша ауыр жұмыстарға, еңбек жағдайлары зиянды жэне (немесе) қауіпті жұмыстарға, сондай-ақ жұмыс берушінің мүлкі мен басқа да құндылықтарының сақталуын қамтамасыз етпегені үшін жұмыскердің толық материалдық жауаптылығы көзделетін лауазымдар мен жұмыстарға, сондай-ақ орындалуы олардың денсаулығы мен имандылық тұрғысынан дамуына зиян келтіруі мүмкін жұмыстарға (ойын бизнесі, түнгі ойын- сауық орындарындағы жұмыс, алкоголь өнімдерін, темекі бұйымдарын, есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды өндіру, тасымалдау мен сату) он сегіз жасқа толмаған азаматтармен еңбек шартын жасауға жол берілмейді. Аталған кодексте ауыр жұмыстар деп жұмыскердің ауыр (он килограмм жэне одан ауыр) заттарды қолмен тұрақты түрде орнынан қозғалтуға, жылжытуға және тасуға байланысты әрі дене күшін жұмсауды талап ететін (250 ккал/сағаттан астам энергия жұмсалатын) қызметінің түрлері танылады. Сондай-ақ жұмыс беруші еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлердің өздері үшін белгіленген шекті нормалардан асатын ауыр заттарды тасуына және қозғалтуына жол бермеуі тиіс.

Жаңа Еңбек кодексінде дуалды оқыту жүйесі бойынша еңбек қатынастарын реттеу нормалары енгізілген. Бұл норма кәсіби білім беру орындарында оқитын студенттер үшін қолайлы. 2012 жылы мемлекет басшысы «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» тұжырымдамасында «дуальды кәсіби білім беруді дамыту маңызды. Жаппай мамандықтар кадрларының жетіспеушілігін еңсеруге мүмкіндік беретін осы заманғы қолданбалы біліктілік орталықтары қажет» екендігін атап көрсетіп, Үкіметке елімізде дуальді оқыту жүйесін енгізуді тапсырған болатын. Дуалды оқыту жүйесінің негізгі мақсаты- оқу орындарының жұмыс берушілермен серіктестік ретінде бірлесе отырып, осы нарық заманында бәсекелестікке төтеп бере алатын, жаңа заманауи технологияларды, жаңа инновациялық технологиялық бағдарламаларды меңгере алатын дайын мамандар даярлау. Дуальдық оқыту дегеніміз кәсіпорынның, оқу орнының және білім алушының тең жауаптылығы кезінде жұмыс орындарын бере және білім алушыларға өтемақы толей отырып, білім беру ұйымында оқытуды кәсіпорында оқыту мен практиканың міндетті кезеңдерімен ұштастырып, кадрлар даярлау нысаны. Дуальдық оқыту дуальдық оқыту туралы шартқа сәйкес жүзеге асырылады. Өндірістік практикадан өту кезеңінде білім алушыға еңбек тәртіптемесінің қағидалары қолданылады. Білім алушы өндірістік оқыту мен практикадан өту уақытында білім алушының еңбек өтіліне есептелетін белгілі бір 183

функционалдық міндеттерді орындайды жэне сол уақыт үшін өтемақы төлемі жүргізілуі мүмкін. Өндірістік оқыту мен практикадан өтетін адамдарға еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптар қолданылады. Бұл студентке жоғары оқу орны оқытушыларының теориялық білімін өндірістік-тәжірибелі мамандардың кәсіби дағдыларымен ұштастырып білім алуына мол мүмкіндік береді. Оқу мен тәжірибені ұштастырып білім алған студент кәсіби білімі терең, еңбек дағдыларын жетік меңгерген білікті дайын маман болып шығады. Жұмыс беруші «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде шетелге оқуға, тағылымдамаға жіберілген жұмыскерлерге жұмыс орнын (лауазымын) сақтай отырып, оқу демалыстарын береді.

ҚОРЫТЫНДЫ

Бүгінгі таңда жұмыс жасайтын балалардың саны қарқынды түрде көбеюде. Оған әртүрлі факторлар итермелеп отыр. Жаңа Еңбек кодексі: тараптар мүдделерінің теңгеріміне, әлеуметтік тұрақтылыққа, қоғамдық келісімге бағытталған қажетті құқықтық жағдайлар жасайтын құжат. Жұмыс берушілер 18 жасқа толмаған азаматтарды жұмысқа алу, еңбек жағдайларын жасау және өзге де еңбек қатынастарына қатысты процестерді заң шеңберінде сауатты жүзеге асырса, балалар еңбегін қанау жөнінде проблемалар бой көтермес еді.

 

Әдебиеттер тізімі

  1. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 1.01.2016ж
  2. Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы 2002 жылғы 8 тамыздағы N 345 Заңы
  3. Ахметов А. Қазақстан Республикасының еңбек құқығы.- Алматы. 2002. -51- 556.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.