Қалалық атаулардың көптілділік сипаты: түрлері және лингвомәдени мәні

Аңдатпа

Мақалада Атырау қаласының мысалында қазіргі урбонимдердің көптілдік сипаты қарастырылған. Еліміздегі көптілдік саясат ұстанымының бір көрінісі қазақстандық қалалық атаулардың тілдік ерекшелігі болып табылады. Оған еліміздегі тұрақтылық, бизнеске қолайлы жағдай, инвестиция келуі себеп болып отыр. Сондықтан қалалық ономастиконда эргоурбанимдардың орны ерекше болып келеді. Атырау қаласының урбонимдік номинациялар номенклатурасы халықаралық ағылшын, түрік тіліндегі урбонимдер, орыс тіліндегі атаулар, Қазақстандық немесе автохтондық этноэргоурбонимдер сияқты түрлерге бөлінеді. Мақалада урбонимдердің халықаралық сипаты көптілдік білім берудің заманауи қажеттілігін көрсетеді деген тұжырым жасалады.

КІРІСПЕ

Еліміздегі «үштұғырлы тіл» саясаты стратегиясының ең кең тараған (бұл сол саясатқа дейін-ақ іске аса бастаған құбылыс) көрінісі қалалық полилингвисгикалық ономастика болып келеді. Әлемдік нарықгың елімізге кеңінен тарауы, еліміздің көпбағытты саяси-экономикалық қатынасы, еліміздегі тұрақтылық инвесгерлер тартуға қолайлы жағдай туғызғаны да бұл үрдіске оң эсер етті. Қазіргі көптілдік білім берудің қажеттігі де осында, себебі, тіл білмейтін адам шет тіліндегі көптеген атауларды түсінбек түгілі оқи да алмайды, демек ол қалалық топоним кеңістігінде бағыт-бағдарсыз қалады деген сөз. Ал оның нәтижесінде өзінің өмірлік, тұтынушылық және т.б. қажеттіктерін де өтей алмайды.

НЕПЗП БӨЛІМ

Осы тұрғыдан алып қарасақ, елімізде болып жатқан тарихи-әлеуметтік үрдістер қоғам өмірінің басқа салалары сияқты тілдік-коммуникациялық ортаға да өзгерістер мен транформациялар алып келуде. Лингвистика ғылымы бағытында сондай жаңа зерттеу объектісі ретінде еліміздегі урбанистік тілдік-әлеуметтік кеңістікті айтуға болады. Урбанизм деген сөз латынның «urbanus» - қалалық деген сөзінен шыққаны белгілі, яғни, бұл сөз адамзат мәдениетінде қала рөлінің артуына байланысты өнер мен әдебиетте қала тіршілігін бейнелеуден туындады, сондықтан бұл ұғым әлемдегі урбанизация үрдісінің жылдан-жылға өсуінің заңды мәдени- әлеуметтік нәтижесі болып табылады. Қазіргі тіл білімінде осы заманауи лингвоқұбылыстарды сипаттайтын «қала ономастикасы», «қалалық ономастикон», «қала номинативі» сияқты терминдер қалыптасты.

Енді лингвистиканың бұл саласы да біздің елімізде өз орнын табады деген сенімдеміз, себебі қаланың рөлі барған сайын артуда, ауылдан қалаға миграция жылдан-жылға үдеу үстінде, соның ішінде бұрынғы көшпелі, кейінгі ауылдық мәдениеттің өкілдері барған сайын қалалықтарға айналуда. Яғни, бүкіл әлемде болып жатқан жергілікті жерден қалаға көшу, қаланың өсу үрдісі біздің елімізде де көрініс табуда. Қалалардың өсіп-өркендеп, кеңінен қанат жаюы жалпы ел дамуының алғы шарттарының бірі екендігі әлемдік тәжірибеден де белгілі. Демек, тіл білімі саласында көп жылдар бойы қалыптасқан дәстүрлі комонимикалық атауларды зерттеуден урбанизациялық үрдістің нәтижесі болып табылатын урбонимикалық атау жүйесін талдауға бетбұрыстың қажеттігі туып отыр. Оның негізгі мәні мен бағыты қаланың топонимиялық тезаурусын, соның ішінде урбонимдер тезаурусын жасақтау, зерттеумен байланысты. Қазір біздің қалалардағы ономастикалық- топономиялық процессте осыған байланысты онимдер, ономастика жүйесінде шетелдік, басқа тілдік, екі немесе үш тілдік құбылыстар жиі кездеседі, тіпті олардың саны кейде қазақ тіліндегілерден көбірек екенін мойындау керек, бұл әсіресе, осы біз талдап отырған урбонимге әбден тән құбылыс болып келеді. Сондықтан осы тілдік феномен де зерттеуді, жүйелеуді, лингвомәдени және жалпы лингвистикалық талдауды қажет етеді. Сондай-ақ этнолингвистикалық, этнолингвомәдени атаулардың заманауи урбоним түрінде қалыптасуының ұлттық-дүниетанымдық мәні мен жасалу жолдары да ерекше құбылыс болып табылады. Ол құбылыстардан қазақ халқына тән мәдени-лингвистикалық айшықтарды іздеу, олардың тілдік және дүниетанымдық сырын ашу да дәстүр мен жаңашылдықтың, көшпелі мәдениет пен қалалық өркениеттің арасындағы сабақтастықтың қазіргі көрінісі ретінде тілдік және мәдени ерекше қызық құбылыс болып табылады.

Осы себептен қалалық ономастиканы зерттеу бір жағынан жалпы ұлттық, әлемдік ономастикалық зерттеулердің аясындағы мәселе болса, сонымен бірге этнолингвистика тұрғысынан бұрын негізінен жер-су атауларын, ауыл-аймақ атауларын зерттеп келген біздер үшін қызықгы әрі болашағы зор ғылыми ізденіс бағыты болып табылатыны сөзсіз. Екіншіден, бұл үнемі зерттеліп жүрген таптаурын мәселелерден шығып, жаңа, тың бағыттар іздеудің жолы, үшіншіден, бұл егемен еліміздегі қалалардың мәдени-тілдік құрылымын айқындауға көмектеседі, соның ішінде қалалық тілдік кеңістіктегі мемлекеттік тіл - қазақ тілінің орны мен рөлін, болашағын талдауға, болжамдауға мүмкіндік береді, себебі қазақ тілінің бүгінгі жағдайы мен болашағы оның қаншалықты қалалық (урбонизациялық) тіл болып, қаланың әлеуметтік-коммуникативтік кеңістігінде қолданысқа ие болуымен тығыз байланысты. Erep ол қаланың тілдік микро кеңістігіне кең қанат жаймаса, таралмаса, қазақтың сөздері, атаулары барлық қалалықтар еркін пайдаланатын, қолданыста бұрмаланбайтын, басқа тілдік топтардың негативтік қатынасын шақырмайтын ономастикалық бірліктерге айналмаса, ол ешқашанда толық қанды мемлекеттік тіл бола алмайды және көптеген қазақ тілінің қарсыластары айтып жүргендей, аудандық болмаса ауылдық ономастикалық кеңістіктен әрі таралмайды. Себебі ауыл мен аудандарда атауларды қазақыландыру құбылысы кең қанат жаюда және ол атаулардың сол ортаға сіңіп, кең тарап кетеріне ешқандай да күмән жоқ, бірақ қаладағы жағдай мүлдем басқаша және оның өзіндік субъективтік әрі объективтік себептері баршылық.

Қалалық онамастика кең диапазонға ие құбылыс. Оған көше атаулары, шағын аудандар, әлеуметтік-мәдени құрылымдар (мектеп, аурухана, балабақша және т.б) атаулары сияқты көп нәрселер енеді. Осының бәрі қалалық әлеуметтік-кеңістіктегі тіл құбылысын қамтиды. Бірақ, біз үлкен құбылыстың бір ғана саласын - қаладағы іскер кәсіпорындар, жалпы экономикалық іскерлікпен, кәсіпкерлікпен байланысты атауларды қарастырғымыз келеді. Бұл бағыт - қазір «эргоурбонимдер» деген атау алған тілдік, лингвомәдени зерттеу саласы болып табылады. Атау екі сөзден құралады, ол «эрго» - грекше «егдоп» - жұмыс және түбірі «қала» сөзінен тараған «урбоним» сөздерінен құралған.

Осы тұрғыдан еліміздегі экономикасы дамыған, шетелдік инвесторлар кең тараған қала ретінде - Атырау қаласының эргоурбонимдері ерекше орын алатыны сөзсіз. Бұл облыс халқы негізінен қазақ халқы болып келетін аймақтардың бірі болып табылады, бірақ соған қарамастан эргоурбонизм тұрғысынан тілдік құрылымы мүлдем басқа көрініске ие болып келеді. Қаладағы эргоурбонимдерді бірнеше салаға бөлуге болады: сауда-саттық орындар, қызмет көрсету орталықтары, фирмалар, кіші кәсіпорындар және т.б. Олардың қалалық тілдік кеңістіктегі орын алу, көріну түрлері: маңдайшалар, жарнамалар, боннерлар және т.б. Жалпы түрде Атырау қаласының эргоурбонимдік номинациялар номенклатурасын мынандай деңгейге белуге болады:

  1. Халықаралық эргоурбонимдер;
  2. ТМД көлемінде туындағандар;
  3. Шығыстық тілдік мәдени сипаттағылар;
  4. Қазақстандық немесе автохтондық эргоурбонимдер.

Енді тілдік жасалу жолдарына келер болсақ, бұларды қазақы немесе ұлттық нақыштағы, таза орысша, орысша-ағылшынша, таза ағылшынша, қазақша-орысша, қазақша-орысша-ағылшынша және түрікше, түрікше-ағылшынша деп айыруға әбден болады. Ал мазмұн-мағынасы жағынан жеке сөздерден құралғандар, туынды сөздер, жергілікті аудан, көше атауынан құралғандар, әлемдік брендтер, басқа тілден алынғандар болып бөлінеді.

Енді қала көлеміндегі іскерлік атауларды жүйелеп көрсек, облыстың мұнай-газ өндірісі ошағы болуына байланысты түбірі мұнай мен газдан құралған эргонимдер болып келетіні ешқандай талас тудырмайтын әлеуметтік, тілдік заңдылық және олардың ішінде шетелдік, аралас тілді номинациялардың да мол болуы сұрақ тудырмаса керекті. Мысалы, «Теңіз шевройл», «Трансойл», Казтрансойл», «Казнефтегазсервис» сияқты атаулар бүкіл елімізге, тіпті шетелге белгілі эргоурбонимдер, олар бір жағынан қазақ халқын, елді, жергілікті атауларды танытушы бренд сияқты эргоурбонимдер деуге болады.

Эрине, мемлекет құрушы ұлт - қазақ халқының ана тіліндегі атаулар да өз орнын тапқан. Ол атауларды «эргоэтноним» немесе «урбоэтноним», болмаса, толықтай «этноэргоурбоним» деуге де болады. Этнонимдердің ішінде қазақ халқының әлі де сақталып отырған дәстүрінен туып отырған ру атауларынан шыққан этноэргоурбонимдердің жиі кездесуі назар аудартады. Мысалы, «Адай Петролеум Компании», «Тама», «Бегіс», «Арғын» дүкендері және т.б.

Эндемиялық, яғни, жергілікті топонимдерден құралған атаулардың ішінде Атырау, Каспий, Теңіз, Орал, Жайық, Ембі (көбіне орысша «Эмба») топонимдерінен құралғандар да жиі кездеседі. Мысалы,

«Абис Атырау», «Атырау монтаж сервис» ЖШС, «Атыраужилстройиндустрия», «Атыраунефтегазмаркет», «Атырау болашақ LTD-ТОО» «Каспий ойл монтаж», «Каспиан проджектсервисес-ТОО», «Каспийстройконтракт-АО», «Тенгизнефтестрой- АО», «ОралГазСервис» ЖШС, «Жайық Бетон Инвест»ЖШС, «Жайық LTD-ТОО», «Эмбанефтекайрат», «Эмбаведьойл».

Географиялық аймақтық атаудың ішінде Евразия, Евро, Азия, Батые сөздері де кеңінен қолданылады: «Евро-Азия эйр-АО», «Евротранзит плюс-ТОО», «Азия- Вектор», «Азиясеть.кг.», «Батые техносервисиз ТОО», «Батые СИМ»,

Еліміздің басқа аймақтарының атауларынан құрылған номинациялардың ішінде іскерлік қатынаста Астананың орны белек екені байқалады: «Астана элитстрой», «Астана-Финанс», сонымен қатар «Алатау-Авто спец техника», «Қапшағай горстрой», «Капчагайтяжстрой» деген атаулар бар.

Қалада басқа тілдегі атаулардың көптігі назар аудартады, негізінен олар орыс, ағылшынша және түрік тілінде. Орыс тіліндегі атауларды айтпастан бұрын ағылшын және түрік тіліндегі эргонимдерге тоқталайық. Жалпы шетелдік атаулардың үлкен іскерлік топты құрайтынын айта кеткен жөн: TOO «Sarai Group», «Columbus travel», «Kart blansh», «Имидж», «Дизайн бюро», «Люкс», «Альянс полис», «Онур Трэвел» жэне т.б. Шетелдік атаулардың «Caspian offshore», «Vita dent», «Moody International», «Aguatropik» сияқты латын әрпімен жазылғандарымен қатар кириллицамен жазылғандары да көп: «Аджип Казахстан Норт Каспиан Оперейтинг Компании Н.В.», «Тодини коструциони дженерали С.П.А.» «Уорли Парсонс Казахстан», салон «Перина Перони», ТОО «Парадиз Комфорт» тәрізді көптеген компания атауларын кездестіруге болады. Іскерлік саласында, соның мұнай өндірісінде, оған қызмет етуде түрік компанияларының да үлесі жоғары, сондықтан түрікше номинациялар да өте жиі кездеседі. Мысал үшін мыналарды ғана атап кетуге болады: «Baizaar», «Гате иншаат таахают санайи ве тиджарет», «Синам Иншаат»ЛТД, «Эко иншаат ве тиджарет лимитед ширкети», «Хайтек иншаат» және т.б.

Ал банк саласы сияқты ірі бизнес құрылымдарда ұлттық атаулардың өте аздығы назар аудартады, оны банк атауларын жай ғана тізіп шығудан байқауға болады: «Каспийский банк» (аймақтық атау деуге болады), Метрокомбанк, «АТФ», «Центр КредитБанк», «Альянс банк», «Евразийский банк», «Казкоммерцбанк», «Позитивбанк», «Цеснабанк», «Сбербанк России», «Народный банк» (көбіне латын әрпімен HALYK BANK деп жазылады), «Нұр Банк» таза қазақы атауға ие.

Көптеген эргоурбонимдер мифологиялық, наным-сенімдік дүниетанымнан туған, мысалы, «Гермес», «Аманат Иншуранс» (сақтандыру компаниясы), «Сәттілік», «Молшылық», «Олжалы», «Ырыс», «Береке», болмаса такси қызметін көрсететін орындар «Сұңқар», «Такси Тұлпар», «Такси Жорға» деген әдемі қазақы атауларға ие.

Этнонимдердің ішінде мағынасы жабық түрлері де, ашықтары да бар, «У Гаджи», «У казаха», «У Айгуль», «У Петровны», «Адана», «Иверия», «Фирма Родник», «Василец». Бұл атаулардың ерекшелігі белгілі бір ұлттық нышаннан хабар беруінде.

Сонымен бірге тарихи атаулар да, соның ішінде қаланың бұрынғы атауы да жиі кездеседі, мысалы, «Гурьевснаб-АО», «Аптека на Гурьевской», «Такси Гурьев»

Сондай-ақ екі тілден құралған гибрид атаулар да жиі кездеседі. Мысалы, «Арба Сервис» (автокөлік оңдау орны), «Ак сункар курылыс сервис», «Казсаудашина», «Заманквантор», «Батыр секьюрти», «Шебер-Мастер» дүкені жэне т.б. Іскерлік саласындағы маңызды бағыттың бірі шаштараздар мен сұлулық салондар атауларына талдау жасау -ақ арқылы эргоурбонимдердің кең тараған жүйесін көре аламыз. Оларды гендерлік тіл жағынан қарайтын болсақ негізінен әйел есімдерінен құралғанын байқауға болады. Соның ішінде «Асель», «Макпал», «Баян- сұлу», «Жанар», «Бақыт», «Илона», «Камилла», «Диана», «Вэлла» сияқты есімдермен қатар «Золушка», «Имидж», «Персона», «Балдырған», «Байтерек», «Пирамида», «Чародейка», «Эксклюзив», «Интер-Бьюти», «Нефертити», «Шарм», «Жайық қызы», «Сәнді», «Batlurfly», «Эффект», «Вип Азия» тәрізді бірнеше тілдегі, эр түрлі лингвомәнді атаулар да бар. Қазіргі кезде қалада көбейіп отырған жеке стоматологиялық клиникалар да өзге тілдік атауларға көбірек ие, әрине, бұл да орыс, ағылшын тілді іскерлік топты өзіне тарту үшін істелгені сөзсіз. Мысалы, «Доктор стом», «Улыбка», «Смагул Дент», «Люкс», «Venta dent» жэне «Анар» т.б

Қаладағы іскерлік сала атауларын топтастырып, жүйелеп қарайтын болсақ ірі өндірістер: мұнай, газ өндірісі мен оларға қызмет ету саласында шет елдік атаулардың көптігін байқаймыз, себебі, бұл бағытта шетелдік инвесторлар, жұмыс істеуші компаниялар көп болып келеді, ал басқа бағыттарда, мысалы, компьютерлік техника сату, оған қызмет көрсету сияқты бағытта орыс тілінің кең қолданыс тапқаны байқалады. Этноэргоурбонимдердің супермаркеттерде, дүкендерде, бала- бақша, мейрамхана, базар, шаштараз сияқты кәсіпкерлік саласында мол екені көзге түседі. Мысалы, қаладағы ірі сауда орталықтары (базарлар) «Дина», «Көктем», «Мұрагер», «Мерей», мал базары «Тума» деп аталады.

Осы жерде этап кетуге болатын факт этноэргоурбонимдердің бірнеше өзіндік ерекшелігі де бар екендігі:

  1. антропонимдердің көптігі, ру атаулары қолданылуы;
  2. Қазақтардың ішінде ауылдан миграция жасағандардың көп болуына байланысты өздерінің туған, өскен жерлерінің атауын жиі қолдану байқалады, бұл «ауылдас», «аудандас» сияқты микро жерлестік топтардың шартты бөлінісінен хабар береді;
  3. бұл этно номинациялардың кеңістік тұрғысынан қала маңында немесе жаңадан салынған мөлтек аудандарда жиірек кездесетіні байқалады. Оған керісінше орысша немесе ағылшынша атаулар қаланың орталық көшелерінде жиі кездеседі, олардың қала шетіндегі, негізінен қазақтар қалың тұратын жерлерде кездесуі оғаш болып көрінеді. Этнонимдік тұрғыдан қазақ сөзінен туындағандар сирек, көбіне олар «шығыс», «азия» деген сөздермен алмасады. «Қазақ» сөзі көбіне үлкен іскерлік, халықаралық компания, мемлекеттік мекеме атауларында жиі болады. Осының бәрі лингвомәдени тұрғыдан құндылықтардан, салт-дәстүрден хабар береді. Осымен қатар меншік иелерінің, олардың меншік түріне қарамастан атау таңда белгілі бір қағидаларға сүйенгенін де байқауға болады. Соның ішінде, әрине, біраз атаулар аймақта көптеп тұратын шетелдіктерді тарту үшін қойылған, ал кейбір атаулар иелерінің мәдени, салт-дәстүр, дүниетаным ұстанымдарынан туған, олардың мәдени, дүниетаным деңгейінен хабар береді, мысалы, олардың шыққан жерінен, рулық, ауылдық-мекендік түбірінен ақпарат береді. Бұл да XXI ғасырда жаппай жүріп жатқан қазақтардың қалаға миграциясы сияқты тенденцияның бір көрінісі болып келеді. Соның ішінде, ұлттық, тілдік құндылықтардың өз рөлін ойнағаны сөзсіз. Қорыта келгенде бір ғана Атырау қаласының іскерлік орындары, мекемелер атауы-эргоурбонимдерге қысқаша шолу жасаудан бірнеше заманауи тенденцияларды көреміз, олар қаланың тілдік кеңістігінің үш-төрт деңгейін көрсетеді, ұлттық тілде, ресми тіл әрі ТМД халықтарына кең тарған орыс тілінде және әлемдік іскерлік қатынас тілі ағылшын тілінде, бізде іскер топтары әр салада кең тараған туыстас түрік тілінде, сонымен қатар қалада тұратын ұлттық-мәдени орталықтар өкілдері, басқа да ұлттар тілінде аздаған атаулар бар екендігін атап кеткен жөн.

ҚОРЫТЫНДЫ

Атырау қаласы жаһандық іскерлік, мәдени қарым-қатынастардың көрінісін беретін заманауи қала болып табылады деуге болады, бірақ мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінің аясы іскерлік атаулар саласында әлі де тарлығы, өзге атаулардың тым басымдығы назар аудартады. Қазақ тілі және оның болашағы үшін оның маңызы қандай екенін осы мақаламыздың басында айтып кеткенбіз. Сондықтан бұл тенденциялар осы бағытта жұмыс істейтін арнаулы мемлекеттік орындар мен жеке кәсіпкерлер, мекемелер, билік орындары үшін тек жай ғана лингвистикалық номинация немес жарнама ғана емес, мемлекеттік, азаматтық, ұлттық патриоттық деңгейдегі мәселе болып табылатынын ескерген жөн деп санаймыз. Қаладағы әлеуметтік - коммуникативтік кеңістіктегі тілдік бәсекелестікке төтеп берген жағдайда ғана қазақ тілі толыққанды мемлекеттік тілге айналудың бір мүмкіншілігін жеңіп алады деп есептейміз.

Ал жалпы алғанда, урбонимдерді, соның ішінде эргоурбонимдерді Қазақстан топонимикасының эволюциясын көрсететін ономастиканың саласы деуге әбден болады және оның қазіргі жаһандық дәуірмен астарлас болып табылатын мән- мағынасы кең көлемдегі лингвомәдени, когнитивтік зерттеулерді қажет ететіні сөзсіз. Сонымен қатар урбонимдер еліміздегі көп тілдік білім беру үрдісінің объективтік қажеттігін байқатады.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Китайгородская М.В., Розанова H.Н. Современная городская коммуникация: тенденции развития [на материале языка Москвы] // Русский язык конца XX столетия [1985-1995]. - M.: Яз. рус. культуры, 2000.С. 345-383.
  2. Козлов Р.И. Эргоурбонимы как новый разряд городской ономастики: автореф.дис. ... канд. филол. наук - Екатеринбург, 2000. - 23 с.
  3. Вайрах Ю.В. Этнокультурная информативность эргоурбонимов// Социальногуманитарные знания. - №5. 2008.
  4. Мадиева Г.Б., Борибаева Г.А. Ономастика современного города// Городской ономастикон. Материалы международного научно-теоретического онлайн семинара. Волгоград, Издательство ВГСПУ, «Перемена», 2015
Жыл: 2016
Қала: Атырау
Категория: Тарих