Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Х. Есенжановтың «Ақ жайық» трилогиясының жазылу тарихы

Аңдатпа

Мақалада Хамза Есенжановтың «Ақ Жайық» трилогиясына барар жолдағы қиындықтары мен шығарманың жазылу тарихы баяндалады. Сонымен бірге трилогия ұлтымыздың «жанкешті жылдарында» ел болып қалыптасуына жол ашқан Алаш қайраткерлерінің қасиетті тұлғаларын сомдауға арналды.

КІРІСПЕ

«Сөздің еңұлысы, ең сипаттысы тарих»

А.Байтұрсынов

Ақтандақтар қасіретін басынан кешірген, алмағайып дәуірдің зұлматты жылдарында жазықсыз жапа шеккен қайсар жандар қатарында Хамза Есенжановтың есімі ерекше.

Тарихи шығармалардың негізін нақты болған айғақты құжаттар, дәлелді деректер құраса жазушы қаламы ерекше жанданып, шығарманың реалистік сипаты айқындала түседі. Сонымен бірге тарихи туындының оқырманның өткенге деген танымын кеңейтіп, отаншылдық сезімін қалыптастырудағы тағылымдық қасиеті де ерекше.

Тарихи роман жазу кеңестік кезеңнің 1960-80 жылдары ерекше белең алды. Тарихи романының қалыптасу жолдары, түрлері, тарихи және көркемдік шындық, сюжет пен композиция, тәсіл мен стиль секілді келелі мәселелер көптеген әдебиеттанушы-ғалымдар еңбектерінде зерттелді. Өткен ғасыр басындағы, «Ұлы әңгіме шығарушылар (романшылар) роман жазғанда тақырыпты не өз заманындағы тұрмыс сарынын алады, не өткен замандағы тұрмыс сарынын алып жазады, немесе алдағы заманның сарынын болжап жазады. Роман алған замандағы тұрмыс сарынын көрсеткенде, сондағы адамдардың - үлкені, кішісі бар, жақсы-жаманы бар, байы, кедейі, төресі, қарасы бар, жасы, кәрісі бар - не істейді, не іздейді, не тілейді, неге сүйініп, неге күйінеді, неден именеді, неден күйзеледі, нені жақтырады, неден жиренеді, неге құмар, неге сұлық. Қысқасы, я бүтін бір жұрттың яки жұрттың бір табының сыр-сипатын сөзбен суреттеп, алдыңнан өткізеді» [1, 280], - деген А.Байтұрсыновтың тұжырымды сөзі қазақ әдебиеттану ғылымында нақты ұғым ретінде қалыптасты.

Х.Есенжановтың шығармашылық тағдырына көз тоқтатып, көңіл аударар болсақ, оның қолынан шыққан өнер туындыларының өзіне тән ерекшеліктерін байыптап байқасақ, бәрінен бұрын жазушының қаусырымы мол эпикалық құлашын аңғару қиын емес.

Академик З.Қабдолов: «Абайша айтсақ, Хамза Есенжанов - артына өлмейтұғын сөз қалдырған саңылақ суреткер, яки, өзгелерін өз алдына қойғанда, шындык пен сырға, ой мен образға, сезім мен суретке, парасат пен философияға толы бір трилогия, бір дилогия - біріне-бірі жалғаса, бірін-бірі толықтыра, бірінен- бірі туындай тұтаскан бес том тарихи-революциялық романдар циклін жазып, калдырып кеткен тамаша сөз зергері»,- деп, жазушы шығармашылығының тарихи сипатына орай бағамдайды» [2,78].

НЕПЗП БӨЛІМ

Жалпы, Х.Есенжанов барлык шығармашылық ғұмырын туған жеріне арнаған жазушы. Оның туындыларының тақырыбы біреу-ақ. Ол - Батыс Қазақстан өңірінің тарихы, атап айтқанда Батыс Алаш-Орда тақырыбын алғаш қозғаушы, өлкеге эсер еткен Қазан төңкерісі, азамат соғысы, ауылды кеңестендіру кезіндегі қазақ ауылының өмірі.

Х.Есенжановтың осындай шығармалар жазуы туған жеріне, табиғатына деген сүйіспеншіліктен, табиғат берген талантынан [3,32]. Жалпы, Жайық өңірі талай таланттарды өмірге әкелген қасиетті топырақ. Осындай тамаша табиғаты бар өлкенің адамдарына әнші, күйші, акын, жазушы болмауы мүмкін емес сиякты. Жазушының балалық шағы көркем табиғаты бар Шалкар көлінің жағасында өтті. Тырнақалды туындысы да туған жерінің атауымен «Өлеңті жағасында» деп аталды. Жазушы жас жігермен қарыштап жазатын кезінде, 1937-38 жылдардағы сталиндік зобалаңға ұшырап, «Халық жауы» атанып, 25 жылға бас бостандығынан айрылады. Х.Есенжанов зұлматтық кезеңге өзінің 17 жылын арнады. Тек 1955 жылы толықтай ақталып шығады. Айдауда жүріп, нағыз жазар кезеңінен ғана емес, денсаулығынан да айрылды.

Айдауда жүргенде жары Софья Тастеміркызы іздеп барып, 11-12 жыл қасында болып, колынан келгенінше ем-домын жасап, 1955 жылы бірге елге оралады. Алматыға келгесін Х.Есенжанов шығармашылык жұмысын әрі карай жалғастырады.

«Ақ Жайық» - жалғыз роман емес, ол үш кітапты хикая. Ондаған қаһармандардың кейінгі дәуірдегі тағдыры «Көп жыл өткен соң» деп аталған екі кітапта әрі карай өрістеді. «Ағайынды Жүнісовтер» - осылардың жалғасы. «Ақ Жайық» туындысы халық тарихының ең бір қиын кезеңін асқан шыдамдылықпен хикая еткен. «Төңкеріс дауылы, кейінгі советгендіру дәуірі такырып болған осы романдардың екі түрлі ерекшелігін атап айткымыз келеді. Біріншісі - тарихи шындык. Екінші ерекшелік деп осы романдағы оқиғалар тарихи шындыққа қаншалықты үйлеседі дегенді айтсақ, «Ақ Жайық» - кешегі азаматтық тарихымыздың шежіресі. Тек, бұл тарих тілімен емес, көркем бейне, сурет тілімен жазылған шежіре» [4,122].

Көрнекті қаламгер есімін бүкіл қазақ жұртына, оқырман қауымға «Ақ Жайық» романы танытса, толқыны жағаға соққан асау Жайық өңірінің Алаш Орда кезіндегі тарихи өмірі, халық шежіресі жазушы Хамза Есенжанов арқылы танылды десек артық айтпаймыз.

Жалпы, «Ақ Жайық» романының жазылу тарихы туралы жазушының көзі тірісінде де оқырмандар сауалнамалары, хаттары газет беттерінде жарияланған болатын. Осы жағдайларға байланысты «Қазақ әдебиеті» және «Жұлдыз» журналының редакциялары жазушыға: «Оқушыға қазақ әдебиетінің тарихы жайлы, жеке жазушылардың өздері және шығармалары жайлы керекті мағлұматтар мақала түрінде де мол жазылып, кең таралып келеді. Ал, әдебиет теориясы да, оқулықтарды былай қойғанда, өзінің әр саласынан құнды-құнды еңбектерге ие болды. Осы жылдан-жылға дамып, молайып, іріленіп келе жатқан үлкен әдебиет жан-жақты өсуді, толысуды қажет етті. Соның ішінде белгілі шығармалардың қалай туып, қалай жазылғанын ауық-ауық әңгімелеп отырсақ өте орынды болар еді. «Ақ Жайық» романының қалай жазылғаны жайлы оқушыларға бірер сөз жазып бермейсіз бе?» [5,25]. Сонымен бірге Алматыда, Оралда, Талдықорған және Қызылорда облыстарында жазушы оқырмандармен жүздескенде «Ақ Жайық» жөнінде сұрағандар да молынан кездеседі.

Тіпті 1970 жылы Жазушылар Одағы партия ұйымының ашық жиналысында есеп беру үстінде сыншы Н.С.Ровенский: «Ақ Жайық» романының желісін қашаннан бері ойлап түйіп едіңіз?» деген сұрақтар қояды. Сол кездегі Абай атындағы Мемлекеттік педагогика институтының аспиранты, бүгіндегі филология ғылымдарының докторы, әдебиетші ғалым С.Мақпыров бір емес, төрт сұрақ қойып, соларға жауап беруді тілек етіпті. «Оның сұрақтары:

  1. «Ақ Жайық» романынын жазу туралы алғашқы ой қашан туды?
  2. Ілкі творчестволық жоспарыңыз қандай еді? Бірден төрт кітаптан тұратын романдар циклын жазуды жоспарладыңыз ба?
  3. Роман жазуға қажетті материалды қалай, қайдан жинадыңыз?
  4. Басты кейіпкерлеріңіздің прототиптері бары анық. Солардың бір-екеуіне тоқталсаңыз?» [5, 27]

Сөйтіп, роман қалай жазылды? - деген сұрақтың тууы жоғарыдағы айтылғандармен байланысты жазушы баспасөз арқылы арнайы жауап беруге көшеді.

Жазушы жауап беру барысында, роман жанрының теориялық тұғырнамасына тоқталмайтынын, оның өзі әрі кеңірек, әрі тереңірек сөз етуді тілейтінін, сонымен қатар ол жазу процесінде адамның ішкі психологиялық әлеуметтік болмысына тікелей қатысты екендігін ескертіп өтеді.

Х.Есенжанов жауабын сонау бала күндерінен бастапты. «Қандай бала болса да жас шақта үлкендердің аңыз-әңгімелерін тыңдамағаны кемде-кем шығар. Сол аңыз тыңдап, жыр жаттап өскен баланың бірі өзіміз. Маған жыр мен әннің, өлеңнің үлгісін көрсеткен Нұржан ағай еді. Ол өзі әнші, өлеңіші және «Қырымының қырық батырын» бірнеше кеш жырлайтын жыршы болатын. Өзі оқыған бір сандық кітабының ішінен «Жүсіп пен Зылиханы», «Қозы Көрпеш пен Баян сұлуды», «Қыз Жібек» пен «Таһир мен Зуһраны» жатқа айтатын. Бала кезімізде халық әдебиетінің уызымен ауыздандырған бұл өзгеше жан азамат соғысының кезінде өліп кетті» [5,32].

1868 жылғы «Дала Низамына» қарсы көтерілген халықты патша өкіметі күшпен көндірмекші болғаннан кейін, ел «Тескен тау» өтіп кетеміз деп ата қонысты тастай үдере көшеді. Қуғыншылар мен үркушілер арасында қанды шайқастар да болады. Осы «істе» өзгеше қаталдық көрсеткен Орал бойының казағы каптиан Акутин отрядын Сеңгірәлі батыр садақшы ағайындары Бегімбет пен Тұрымбеттің және басқаларының күшімен жоқ етеді. Бірақ бұл көтерілісті күшпен басу Ресей патшалығына аса қиынға түспесе керек. Тұс-тұстан шыққан қарулы қол үріккен елді кері қайырып, мекеніне әкелгеннен кейін «кінәлілерді» жазалау ісін қолға алады. Сонда қара халықпен бірге болған Батыс өлкесінің сұлтандары да қолға түскен. Қаратай Нұралыұлының әулетінен: Сеңгір, Шынар, Шертәлі, Батыр, Күшіген, Дәрібай, Қошқар. Қаратаев Орман Нұралыұлының әулетінен тараған: Ахметше, Шәңгерей, Сәлімгерей, Әділгерей, Сахылгерей, Жүсіптер жер аударылады. Әкесі Дондағы Ростовта, бірқатары Екатеринославльде өліп, тірі қалғандары он екі жылдан кейін Тайпақтағы мекенжайларына оралады. Ал, елдің ер жүрек батырлары мен от сөзді билері, найзагерлері, садақшы мергендері - небәрі 400-ден астам адам ату мен асу жазасына кесіліп, каторгаға айдалады. Ал сол кезде ишан болған Ихлас Досов деген кісі «Ел ауада» кері қайтпай, 40 үйді бастап, сол көшкеннен көшіп, Түркияға өтіп кетеді. Бақытжан Қаратаевтың материалдарына қарағанда бұл «бір топ қазақ ауылы Шам шаһарының түбінде орын тепкен. 1908 жылы Меңдіқыз Шығаева деген атақты әйел Меккеге барған сапарында сол Шам (Дамаск) шаһарының түбіндегі жерлестерін тауып, қонақ болып қайтқан. Б.Қаратаев сол Меңдіқыз Шығаевамен кездесіп, сол, 100 жыл бұрын қоныс аударған қазақтардың ұрпақтары - бір тайпа ел болғандығынан хабардар болады» [6,12].

Х.Есенжанов туындысының тарихи негізі елден ауа кешкен ұлтымыздың тарихы, осы тозған елді түгендейміз деген тоз-тоз болған ел тіректері - Алаш қайраткерлері сынды тұлғаларымыздың тағдырына арналған.

Қаламгер Қазақ педагогика институтында оқып жүрген кезінде «Өлеңтінің жағасында» деген көлемді тырнақалды әңгімесін жазады. Осы туындыны Б.Майлин оқып шығып, түзеп «Жаңа әдебиет» журналының 1930 жылғы №7 санына жараиялайды. «Азамат соғысының ақтық айқасы тақырыбына жазған бұл шағын әңгіме Ақ Жайық уақиғасына қарай жүрексіне басқан бірінші қадам сияқты» [7,108].

Өнер жемісінің бірінен-бірі қызық екені де және еріксіз ілгері қарай жетектей түсетіні де шындық. Бұл әңгімеден гөрі ірірек тағы бір әңгіме жазсам деген жазушы ойы одан әрі жетелей түседі. Бұған жетекші болған тағы бір басты уақиға: түрі де, мазмұны да өзгеше, қалың оқушыға аса үлкен эсер еткен жаңа романның тууы - атақты «Тар жол, тайғақ кешудің» жазылып, 1927 жылы Қызылорда қаласында басылып шығуы еді [8,108]. С.Сейфуллиннің аталған шығармасы алғаш Алаш қайраткерлері туралы жазылған тұңғыш туынды болатын. Себебі, осы туынды арқылы төңкерістік-тарихи романның тұсауы кесіліп, өзегелерге үлгі-өнеге болды. Аталған туынды Х.Есенжановқа болашақ шығармасына бара жолда жолбасшы болды десек қателспейміз деген пікірдеміз. Сонау жылдары көшкен елдің тарихи тұлғаларына сөзбен ескерткіш тұрғызу ойы бүгінгі күнде, 1937 жылы сол тұлғалардың ұрпақтарына қуғындау көрсеткені «Ақ Жайық» романын жазуға жол салды.

Жазушы туындының атауы туралы ойларын түйіндепті. «Қазақтың дана нақылы дем бергендей болды. Ол: ақ майысады, бірақ сынбайды - дейтін сенім. Көз жеткен сенім. Кіршіксіз ақтық, қылаусыз адалдық еш уақытта да аяқасты болып қалмақ емес! Сондықтан жармасқан едік осы дана нақылға. Бұл өлмесем осыны дәлелдермін деген өжет ойға тіреген. Мөлдір суы құла болып көрмеген Жайыққа Ақ деген сөздің қосылып Ақ Жайыққа айналғаны да осыдан» [5,32].

Х.Есенжановтың ерекше батылдығына таңғалып қана қоймай, елін сүйген ердің іргелі ісін істегенін, «отыз жетінің ойранын» біз, кейінгі ұрпақ өкілдері тек Тәуелсіздік алған тұста ғана оқып, танысып, жаза бастасақ, ол өткен ғасырдың 40- жылдарынан бастап шындықты айтуға бет бұрыпты. Сол кезде-ақ елінің болашағы үшін өздерін құрбан еткен Алаш қайраткерлерінің тағдырлы тұлғасын тануға жол салып, «мыңмен жалғыз алысыпты».

Х.Есенжановтың «Ақ Жайық» романының тарихи мәні сол, көптеген сыншылар «қазақ еліне бақыт әкелген большевиктер партиясы туралы жазылған, М.Шолоховтың «Тынық Донымен» ұқсас деп баспасөз бетінде жарыса сөз қозғап жатқанда» [9, 78] да, тым-тырыс күйде қалып, ішкі-жан дүниесі алай-дүлей болып тұрса да бәрібір Азаттықтың ақ таңы деген оймен өзін-өзі жұбатқан болатын. Өзі де «отыз жетінің ойранымен» Сібірге айдалған жазушыға өмірдің үйреткен сабағы болатын бұл жағдай. Сібірдің қатаң аязында, түрменің қытымыр заңымен қатар өмір сүрген жазушы жан-жары Софиямен айдауда қатар жүріп, шығарманың алғашқы тарауларын жазған еді. Темекі қорабына, газет беттеріне, сарғыш қағаздарға ішінара жазылған алғашқы тараулар беттері алдымен түрме жастықтарының арасында тығылып, кейін жұбайы София арқылы, туған елге сапар шекті де.

Х.Есенжановтың шығармасы үшін жаны ауырғанын да Софья: «Ол көп түнді ұйықтамай, дөңбекшумен, уһілеумен өткізді. «Ақ Жайықты» басымда жазып жүрмін. Шіркін, жағдай туып, қағазға түсіретін күн болса», деп қиялдайтын» [10,18], - деп еске алады. 1955 жылы Хамза толық ақталып шығады. Қуаныштарында шек жоқ екеуі кешікпей Алматыға оралды. Бірақ онда тұруға рұқсат етілмегендіктен, Ұзынағаш деген ауылға барады. Онда Софья дәрігерлік, Х.Есенжанов есепшілік қызметке орналасады. Кейін Алматыдан үй беріліп, орныққан соң жазушы «Ақ Жайықты» жаза бастайды. Жазушылар Одағында кеңесші болып қызмет істеді. Көптен іштей жазуға дайындалып, айтар ойын жүйелеген Х.Есенжанов аз уақытта «Ақ Жайық» трилогиясын жазып, жарыққа шығарды.

Х.Есенжанов «Ақ Жайық» трилогиясының жазылу тарихы туралы өз ойын бағамдай отырып, шығарманың жүгін көтеріп тұрған негізгі бейнелерді түсіндіруге талпыныс жасаған. Себебі, «Ақ Жайық» туындысының бастапқы түрі тек қана 1947 жылы «алты жүз беттік қолжазбаға айналды. Қолжазба Қазақстан Жазушылар ұйымының секретарына, секретарынан председателіне «сәлем» беріп жүргенде тағы да..он жыл өтті» [5, 369].

Ұлт зиялыларын жазықсыз жапа шектірген және ел болашағы үшін жасаған жоспарларына өз өмірін беріп, өздерін ғана құрбандық еткен «ұлтшылдық» ылаңына бар-жоғы он-ақ жыл өткен заманда, Х.Есенжановтың айтайын деген ойын астарлап жеткізген «Ақ Жайық» трилогиясының бірінші кітабын бастыру ол өте қиын жұмыс еді. Осыдан кейін барып жазушыда «екінші бір күрделі ой туды». Ол Қазан төңкерісін дәріптеу, елді кеңестндіру кезеңіндегі ілгерінді үрдістердің сипаттай келіп, бетін боямалап Алаш қайраткерлерінің тағдырлы талайын көрсету еді.

Бүгінгі таңда осы өңірдің шамшырағы болған «Ақ Жайық» аты әдеби-көркем қоғамдық саяси журналының (Бас редакторы - Рахымжан Отарбаев) 2014 жылғы №4 санында әдебиетші-ғалым Мақсат Тәж-Мұраттың «Күнбатыс Алаш-Орда және рух сыны» ғылыми мақаласында: «Бір жарым жыл дәуірлегеннен кейін батыс Алаш-Орда өкіметі өмір сүруін тоқтатты. Ал Алаш қайраткерлері 37-нің зұлматында түгелдей ғайып болды. Түгел-толайым орылды, бірақ соңдарына өз рухтарының мұрагері, мирасқоры ретінде идеяларын, шығармашылық энергияларын тастап кетті. Ұстазға рух жағынан жақын, тұрғылас Шәкірт дүниеге келмей тұрмайтыны белгілі болатын» [3,98].

Шынында да «Шәкірт» атына лайық Х.Есенжанов «Ақ Жайық» трилогиясы арқылы рух мұрагерінің қайраткерлікпен орындады. Өзі де талай түрменің есігін тоздары жүріп, соншама «қылмысты» болып танылған ұлт зиялыларының қаһарман бейнесін тұңғыш рет туындысында сомдады. «Ақ Жайық» трилогиясы үшін 1966 жылы Қазақ KCP Мемлекеттік сыйлығын алады.

ҚОРЫТЫНДЫ

Х.Есенжанов елдің тарихын, тарихи тұлғалар тарихынамасын жазу жолында алдына мақсат қойған талапты ісін - «Ақ Жайық» трилогиясымен танытып, Алаш қайраткерлерінің қаһармандық тұлғаларын сомдауға алғашқылардың бірі болып атсалысты.

Бүгінгі ұрпақ қысылтаяң кезеңде жазылған туындысы үшін қаламгерге қарыздар. Ең бастысы Хамза Есенжанов дүниеге келген туған жерінің тарихына қаламымен ғана емес, жалынды жүрегімен перзенттік парызы іспетті тарихи тұғырнамалы ескерткіш қойды.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Байтұрсынов А. Шығармалары: Өлеңдер, аудармалар, зерттеулер. (Құрастырған Шәріпов Ә., Дәуітов C.)- Алматы: Жазушы, 1989.-320.
  2. Қабдолов 3. Сөз өнері. Алматы: Қазақ университет!, 1992.- 352.
  3. Ақ Жайық Әдеби-көркем қоғамдық-саяси журнал, 2014, №4
  4. Қаратаев M. Талант тағдыры//Бетпе-бет.-Алматы, 2005.126-131.
  5. Есенжанов X. Көп томдық шығармалар жинағы\\ 7 том, A., Мерекенің баспалар үйі, 2014.-392.
  6. Сәрсенбаев Ә. Хамза жайлы бірер сөз //Ұстаздар мен тұстастар.-Алматы, 1986.-110-116.
  7. Базарбаев М. Замана тудырған әдебиет. Алматы: Ғылым, 1997.-504.
  8. Майтанов Б. Қазақ романы және психологиялықталдау A., Санат, 1996.-336.
  9. Серікқалиев 3. Жылдар сазы. Әдеби-сын зерттеу. A., Жазушы, 1971.-216.
  10. Есенжанов X. Көп томдық шығармалар жинағы\\ 4 том, A., Мерекенің баспалар үйі, 2014.-450.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.