Аңдатпа
Бұл мақалада 1917 жылғы қазан революциясына дейінгі мұсылман қызметінің негізгі кезеңдерін талқыланады. Бірлік-пікірлес Қазақстан Республикасы азаматтарының және мұсылман қозғалысының, бірлестік мақсаттары мен әдістері «батыс жылы» өз халқына әлеуметтік -National әділеттілік азаттық күрес, оны қол жеткізу үшін.
XX ғасырдың басында Ресей империясы қол астындағы мұсылман - түркі халықтары арасында түрікшілдік пен прогресивті идеялары кең тараған. Бұл идея панисламистік райды тудырып отарлық езгіден қасірет шеккен барлық түркі - мұсылыман халықтарының ағартушылық, тәуелсіздік, ынтымақтастық деген сана сезімідерін оятты. Қазақстанның көпұлтты мемлекет ретінде тарихи дамуының негізгі ерекшелігі, оның жергілікті халқының туркі тілдес халықтардан құралуы еді. Мұсылмандар ынтымақтастығы идеясы мен олардың санасындағы ұлт-азаттық қозғалыстағы " дін бірлігі" түрік халықтарының бір туғандығы туралы, олардың тарихи тағдырының ортақтығы туралы ұғымдар тығыз байланысты болып табылады. XX ғасыр басында түрік халықтарының ұлт-азаттық күресіндегі негізгі бағытын таңдау бірігу негізіне — олардың исламға (исламшылдыққа) немесе олардың түрік қауымдастығына (түрікшілдікке) бет бұруымен тікелей байланысты болды.
Түркі - мұсылыман халықтарының ұлттық санасында негізінен екі идеялық бағыт көрініс алды. Олар: дін (жадидизм) және ағартушылық пен мәдени бағыты биігірек болған [1]. (бір әдебиеттен екі сілтеме қатар келтірілген жағдайда, 1-не тек алынған беті ғана көрсетіліп, соңғысына ғана реттік сан беріледі)
XX ғ. басында әлемнің күшті империялардың түркі халықтарының бірігуінен немесе ислам дініндегілердің бір ұранның астына жиналуынан алаңдағаны сонша, ендігі жерде бұл идеялар мүлдем жат атаулар қатарына қосылды. Сол үшін де түрікшілдікті " пантүркизм", исламшылдықты "панисламизм" деп атады.1905 жылдардағы ресейлік революциядан соң өрлеу алған жалпыресейлік мұсылмандық қозғалыстар, біріншіден, Мемлекеттік Дума деңгейінде түркі және басқа мұсылман халықтарының ең өзекті саяси және әлеуметтік мәселелерін қоюға, оларға отаршыл биліктің назарын аударуға мәжбүр етті. Қазақ даласындағы 1914 жылдардағы мұслымандық қозғалыстың қолбасшысы ретінде Ә. Бөкейхановты тағайындады. Сол жылы Москвада 35 депутаттың басын қосқан Россиядағы мұсылман халықтарының съезіне қатысты. Ол келешегі кең мағынадағы батыс мәдениетін енгізуге байланысты деп есептейтін бағыттан еді [1,3].
Революцияға дейінгі Россияда саны жағынан христиан дінінен кейінгі екінші орында ислам діні иеленді.
1897 жылғы халық санағы материалының қортындысында Россиядағы мұсылмандар саны 13,9 мил. халыққа жеткен. Ал 1912 жылғы діни департаментінің мәліметі бойынша 16,2 мил. деп алынса, дәлірек емес деректерде мұсылмандар саны 20-25 мил. жеткен. Сол кездегі Рессей жерінде тұратын ислам дінін тұтынушы немесе түркітілдес халықтар үш ірі аймақтарды мекендеген: Волго-Уральск (4-5 мил), Кавказ (3-4 мил), Қазақстан - Орта Азиялық (7-10мил), сондай-ақ Қырым және Сібір жерлерінде. Рессей империясының түркі халықтарының бірігуінен немесе ислам дініндегілердің бір ұранның астына жиналуы, мұслыман халықтарының көшбасшыларының басын біріктіріп ресейлік революциядан соң өрлеу алған жалпыресейлік мұсылмандық қозғалыстарға, мұсылман халықтарының ең өзекті саяси және әлеуметтік, ағартушылық мәселелерін қоюға, оларға отаршыл биліктің назарын аударуға, мұсылман елдерінің ұлт-азаттық қозғалысының ширауына қолдау жасауға біріктірді.[2]. Мұсылман халықтарының алғашқы саяси ұйымдары 1905 жылғы революциялық дағдарыс пен байланысты құра бастады және мұсылман халықтарының саяси өзіндік ұйымдарының құрылуына бетбұрыста 1905 жылғы революциялық дағдарыспен де тұтас келді. Соның ішінде 1904 жылғы 12 желтоқсандағы император жарлығына байланысты, 1905 жылғы 18 ақпан Жарлығы мен өзге ұлттар мен өзге діндегілердің мәселелері жөніндегі Қазақтың ұлттық қозғалыс көшбасшысы, болашақ I Дума депутаты Ә.Н. Бөкейханов 1905 ж. саяси оқиғалар туралы алғашқы хабарлар қазақ даласына жетісімен атап көрсеткендей «бүкіл дала саясат аясына тартылып, азаттық үшін қозғалыс тасқыны құрсауына енді». Сол кезеңдегі әкімшілік орындарына түскен мәліметтердің бірінде: «Патша үкімдері жариялануынан бері қарай жұрты мерзімді басылымдарға қызығушылықпен зер сала қарай бастады. Сауаты барлардың көпшілігі астаналық газеттерді жаздырып алуда. Қырғыздар арасында бұрын-соңды болмаған құбылыстар байқалуда», -делінген. Қазақ даласында байқалмаған мұндай құбылыстардың бірі өлкенің барлық елді мекендеріне қазақтардың үлкенді-кішілі жиылыстарының өткізіле бастауы еді. Мұндай жиылыстарда қазақ жұртының көкейтесті мұқтаждықтары талқыланып, ол жөнінде орталық өкімет орындарына тапсыруға петициялар (тілек-арыз) әзірленді. Осылайша қазақ даласындағы саяси күрес патшаға, орталық билікке петиция жазып тапсыру түрінде көрініс ала бастады.
1904 жылғы 12 желтоқсандағы және 18 ақпандағы қаулылардан кейін қазақ даласының көптеген аймақтарында мұсылмандардың жиындары жұмысын бастады, онда дін мен жер мәселесі саяси бостандықтан да биік тұрды деп еске алады [1,54].
Біріншіден, саяси ұлттық қозғалыстардың бағдарламаларының жарық көруі; екіншіден, революциялық және демократиялық қозғалыстардың жаңа легінің пайда болуы. 1905 жылғы 6 тамызда II Николайдың Ресейде Мемлекеттік Дума құрылатынын әйгілеген манифесі өмірге келеді. Сонымен бірге Думаға депутаттар сайлауын өткізу ережесі де жарияланған еді. 1905 жылдың 15 тамызында Нижегород жәрменкесінде алғаш рет жалпырассиялық мұсылмандар съезі өтіп, оған 120 мұсылман ұлтының өкілдері қатысты.
Съезд өкілдері Иттифак аль муслиним «Мұсылман одағын» құруға шешім қабылдады. Бұл одақтың, негізгі міндеттері:
1. Дер кезінде Рессей аймақтарында тұрып жатқан мұсылмандарды қоғамдық - мәдени біріктіру.
2. Одақ арқылы мұсылмандар өз көзқарастарына жетуге және насихаттауға мүдделі болуы.
1906 жылдың 13-23 январь күндері Перербургте II Жалпыроссиялық Мұсылмандар съезі өтіп, оған 100 делегат қатысып, Сыр және Семей өңірінен бірнеше делегат келді.
Съезге қатысқан депутаттар 17 қазан манифесі жариялаған бостандық негіздеріне сай, өздерінің туындаған діни, т.с.с мәселелерін Рессей империясының ордасында Жоғары мәртебелі Император, бүкіл Рессей үкіметі мен халқының алдында ашық айтпақшы еді. Бұл съездің өткізілуіне де үкімет орындары рұқсат бермеген. Ресми хабарланғаннан кейін съездің бірнеше депутаттары елдеріне қайтқанмен көбі отырыс жұмыстарын жалғастырды. Олар үкімет орындарының съезге рұқсат бермеуін әділетсіздік, 17 қазан манифесі жариялаған бостандық негіздерін аяқ асты етушілік деп бағалады. Съезд делегаттары жоғарыда қабылданған қаулыларды Министрлер кеңесінің төрағасы атына жолдау жөнінде шешім қабылдады. Соған орай осы қаулылармен бірге телеграф арқылы жіберілетін хат мазмұны әзірленді. Онда үкімет тарапынан күнделікті өмірде мұсылмандардың азаматтық және діни құқықтарының шектеліп, кемсітушілікке ұшырауы, сондай-ақ христиан миссионерлеріне мемлекеттің қолдау көрсетуі мұсылмандардың ашу- ызасын туғызып отырғандығы айтылды. Сонымен қатар 17 қазан манифесі жариялаған бостандық негіздерін қалпына келтіру үшін тез арада Мемлекеттік думаның шақырылу керектігі атап көрсетілді [4].
Съезд барысында 23 тармақтан құралатын жарғысы бар «Иттифақ әл- Муслимин» партиясы дүниеге келді. Жарғы бойынша «Иттифақ әл-Муслиминнің» орталық комитеті мен 16 аймақты ашу жоспарланды соның ішінде: Ташкент, Орал, Омбы, Орынбор, Астрахан, Орал, Омбы, Петропавловск, Семей, Верный бөлімшелері құрылатын болды. Съезд делегаттары Мемлекеттік думаға сайлау кезенде «Иттифақ әл-Муслиминнің тактикалық тәсілдерін қарастырып, Ресей мұсылмандарын Конституциялық-демократиялық партиямен, яғни кадеттер партиясымен ынтымақтасуға шақырған қарар қабылдады.
1905-1906 жылдары жарық көрген сайлау заңдарында ұлттық теңсіздіктер туралы мәселелер көрініс ала бастады. Император бекіткен құжат ішкі істер министрінің қолынан шыққандықтан, соның атымен «Булыгин Думасы» атанып кетті Семей облысы аймағындағы мұсылмандар жиналыстарында мұсылмандардың сайлауға қатысгы әділетсіздіктер бар екендігіне наразылықтарын білдірген қаулыларын ұсынды. Мәселен, «Мемлекеттік думаға тек орыс тілін білетіндер сайланылады», жергілікті әкімшілік түрлі толықтырулар шығарып отырды. Сайлау науқанына Қазақстан мен Орта Азия тұрғындарын Мемлекеттік думаға қатыстырудың қажеті де жоқ, себебі олардың даму деңгейі темен, әлі заң шығару ісіне даяр емес деген пікір де болған еді (92% халыққа бары 6 сайланушы) керісінше орыс және казактарға (8% халыққа 7 сайланушы). Бұл ережелер бойынша дала облыстарынан 10 депутат сайланатын болды. Оның төртеуі жергілікті халықтың, қалған алтауы орыс тұрғындары мен казактардың үлесіне тиді. Ішкі Ордадан бір орын ғана қазақтарға берілді. Түркістан өлкесінен 13 депутаттық орынның алтауы жергілікті халықтың үлесіне тиді. Қалған жеті орынның алтауы орыс тұрғындарына, біреуі Жетісу казактарына берілді. Түркістан өлкесінде жергілікті халық тұрғындардың 94,4%-ін, орыстар 5% -ін, қазақтар 0,6%-ін құрайтын. Мұның өзі депутаттық орындардың нағыз әділетсіз түрде бөлінгенін көрсетеді [5].
Ресей империясындағы мұсылмандық қозғалыс елде XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында орын алған әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және рухани-мәдени өзгерістердің нәтижесінде дүниеге келді. 1905-1907 жылдары бірінші орыс революциясы толқыны әкелген өзгерістерден соң, мұсылмандық қозғалыс отаршылдық езгіге қарсы қоғамдық құбылыс ретінде бой көрсетті. Осы жылдары жалпыресейлік үш мұсылман съезі өткізіліп, жеке мұсылман партиясы - «Ресей мұсылмандары одағы» құрылып, Мемлекеттік думада мұсылман фракциясы ұйымдасты. Бүкіл Ресей мұсылмандарының азаматтық құқығын, ұлттық теңдігін, дін еркіндігін қорғау мақсатында өткізілген саяси шараларға қазақ зиялылары да атсалысты. Бірінші және екінші Мемлекеттік думаға сайланған қазақ өкілдері мұыслман фракциясы құрамында болып, орталық ұлттық езгідегі қазақ халқының мүддесін қорғап, азаматтық құқын қамтамасыз ету жолында күресті.
Бірінші орыс революциясының соңын ала орын алған столыпиндік реакция жылдары патша үкіметі мұсылман жұртының ұлт-азаттық күресін бір арнаға тоғыстыруға ұмтылған мұсылмандық қозғалысты «панисламизм» көрінісі ретінде тұңшықтаруға күш салды. Сөйтіп, мұсылмандық қозғалысқа атсалысушы азаматтардың ұлт мүддесі жолындағы әрекеттерін өңін айналдырып түсіндіріп, оларды қуғын-сүргінге ұшыратты. Осы жылдары «Ресей мұсылмандары одағы» реакцияның құрбаны болды. Бірақ реакциялық қысымға қарамастан мұсылман зиялылары азаттық жолындағы күресін онан әрі жалғастыра түсті. Үшінші және төртінші Мемлекеттік думаларда құрылған мұсылман фракциясы езілген халықтардың ұлттық сана-сезімінің оянуы, тәуелсіздік пен еркіндік іздеген елдің мұратына жету жолында күресті. Мұсылман фракциясы жанында құрылған бюроның құрамында Ә.Бөкейханов пен М.Шоқай секілді қазақ зиялылары қызмет етіп, қазақ қоғамында қалыптасқан ауыр жағдайларға көпшілік назарын аударуға куш салды. Қазақ халқы Мемлекеттік думадағы өзінің бірден-бір жан ашыры мұсылман фракциясы деп білді. Сондықтан да өзінің бар талап-тілектерін мұсылман фракциясы атына жолдады. Сондай-ақ ол талап-тілектердің шешілуінен үлкен үміт артты.
Ақпан революциясынан кейін Ресей мұсылман халықтары өзінің ұзақ уақыт бойы шешілмей келе жатқан мемлкеттік, жер мәселелерін Құрылтай жиналысында бір жола шешуден үміттенді. Сондықтан да Қазақ қаласында өткен екінші жалпыресейлік мұсылман съезінде барлық мұсылман депутаттарының басын қосып, біріктіру үшін Құрылтай жиналысында мұсылман фракциясын құру керектігін баса көрсетіліп, оның платформасы әзірленді. Бірақ мұсылман жұртшылығының Құрылтайдан күткен үміті ақталмай қалды. Себебі, Кеңес үкіметі Құрылтай жиналысын күшпен таратып жіберген еді.
Ғасыр басындағы Ресей империясын шарпыған мұсылмандық қозғалыс Қазақстан сияқты шеткері аймақтардың қоғамдық-саяси өмірінде өзіндік із қалдырған. Бұл қозғалысқа атсалысқан қайраткерлер замана ағымына ілесе отырып, ұлттық бостандыққа жету жолындағы күреске жұмыла кірісіп, шеткері аймақтардың саяси күштерін бастай алатындықтарын ол аймақтардағы халықтардың құқын қорғай білетіндіктерін көрсетіп берді.
Әдебиеттер тізімі:
- Абжанов Х.М., Селиверстов С.В. Критическое столетие: размышления историков //Мысль. - 2004. - № 2. - С. 6-12.;
- Ұлт-азаттық қозғалыстары тарихын зерттеу методологиясы туралы // «Тарихшы және тарих: қазақстаныдық тарих ғылымдарының тар жол, тайғақ кешуі» атты Е. Бекмахановтын 90 жылдығына арналған халықаралық ғылыми- практикалық конференциясының материалдары. - Павлодар, 2005. -26-32 бб.
- ГА РФ, ф.199, оп.1, Д.771,л. 86 об.
- Законодательные акты переходного времени 1904-1906 гг. Изд. 2-е, переем, и доп., СПб., 1907, с.153.
- РГИА, ф. 1544, оп.1, Д. 10, л. 243 об.
- Государственная дума. Указатель к стенографическим отчетам. Второй созыв. 1907 год. СПб., 1907, с. 35-43.