Бастауыш сыныпта оқытудың жаңа педагоги кал ық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың танымдық процестерін дамыту

Андатпа

Бастауыш сыныптарда дамыта оқыту технологиясы кеңінен қолданылып, оның нәтижесінде әр оқушының өзін-өзі өзгертуші субьект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалып, көздеген мақсатында, мәнінде, мазмұнында, дамытудың негізгі факторында, мұғалімнің рөлі мен атқаратын қызметінде, әдіс- тәсілдерінде, оқушының білім алу белсенділігінің түрінде, оқу үдерісінің мүшелерінің әрекеттестік ерекшеліктерінде, олардың қарым-қатынас сипатында, танып білу үрдісін ұйымдастыру түрлері 

Елімізде білім беру саласында көптеген өзгерістер енгізілуде. Білімнің негізі бастауышта десек биылғы жылы 1 сыныпқа қабылданған оқушылардың білім бағдарламасы түбегейлі өзгерді. Жалпы білім беру формасындағы өзгерістер болашақ ұрпақтық сапалы білім мен сапалы тәрбие алуына өз септігін тигізеді деп ойлаймыз.

Педагогика ғылымы оқу, ғылыми білімді меңгеру процесін таным әрекетінің бір түрі деп есептейді. Сондықтан да ақиқатты танып білу, объективтік дүниенің дамуы жөніндегі ілім жалпы оқыту әдістемесінің, соның ішінде бастауыш сыныптарда қазақ тілін инноваңиялық тұрғыда оқытудың да методологиялық негізі болып табылады.

Дүниені танып білу дегеніміздің өзі - объективті шындықтың адам санасында субъективті бейнеленуі. Мұның оқу процесіне де қатысы бар. Танымдық дүние адам санасында бейнеленуі үшін таным белсенділігі қажет. Танымдық дүниені алғаш түйсіну сезім мүшелерінің қызметі арқылы жүзеге асады. Соның негізінде нәрсенің, заттың, табиғаттың т.б. жеке қасиеттерін білеміз, содан соң сол нәрсе туралы толық ұғым туады және сол жеке қасиеттерінің өзара байланысын түсінеміз. Осы қорытындылардың негізінде ереже, заңдылықтар тұжырымдалады. Сөйтіп сезімдік түйсінуден абстракты ойға көшеміз. Ол ойлар теориялық білім ретінде қорытылады. Ал теориялық білімді практикалық түрғыда қолданамыз.

Я.А.Коменский, И.Г.Песталоции, А.Дистервег сияқты көрнекті педагогтар өз кезегінде озат мұғалімдердің іс-тәжірибесін жинақтап, белсенділік, корнекілік, оқушылардың жас ерекшелігін ескеру ұстанымдарын оқыту барысында басшылыққа алу қажетілігін дәлелдеді.

Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқытудың инноваңиялық әдістемесін жасауда әдістемеші ғалымдар мынадай ұстанымдарды басшылыққа алған:

  • тілді оқытуда саяси-әлеуметтік бағыт ұстану;
  • оқыту материалдарының ғылымилығы;
  • саналылық пен белсенділік ұстанымы;
  • оқытуда проблемалық жағдай туғызу;
  • жүйелілік пен бірізділік ұстанымы,
  • оқыту материалдарын меңгерудің беріктігі;
  • теория мен тәжірибенің байланыстылығы;
  • оқу және тәрбие ісінің бірлігі.

Енді осы талған ұстанымдарға жеке-жеке тоқталайық.

  1. Тілді оқытуда саяси-әлеуметтік бағытты ұстану. Қазақ тілін үйренушілер Қазақстанда тұратын азаматтар болғандықтан, өз еліміздің саяси-әлеуметтік жағдайы тілді оқытуда үнемі ескеріліп отыруы қажет. Біздің елімізде көп ұлт өкілдері тұрады, қазақ тілін оқытуда басқа ұлттардың тілін құрметтеу, халықтардың достығы, татулығы, қазақ халқының салт-дәстүрін, мәдениетін құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу, еліміздің күнделікті тіршілігінде болып жатқан жаңалықтармен таныстыру сияқты мәселелерге оқытушы үнемі мән беруге тиіс. Бұл мәселелер оқыту жаттығулары мен мәтіндерден, пікірлесім жаттығуларынан, сөйлеу жағдаяттық тапсырмалардан, яғни оқыту материалдарынан кең орын алады. Тіл үйренушілерде ондай оқу материалдарына қызығушылық пайда болады, тілді үйренуге ынта қояды, оны тәжірибе дәлелдеді.
  2. Оқу материалдарының ғылымилығы. Қазақ тілінен білім мен практикалық дағды беруде жиі іске асырылатын ұстанымның бірі - ғылымилық ұстанымы. Оқушыларға берілетін білімнің барлығы лингвистикаға байланысты қаралады. Тілдің ең негізгі өзіндік белгілері ұстаз елегінен өткізіліп, оқушылардың ойына, білім дәрежесіне сай сипатталады. Тілдік фактілердің тіл білімінде әбден қорытылған, шешілген мәселелері ғана мектеп оқушыларына жеткізіледі. Сондықтан да оқушыларға берілетін білім мазмұны, көлемі және оны оқытудың жүйесі сараланып, мектепте өткізілетін қазақ тілі жүйелі курсы бойынша ғылыми мәлі меггер беріледі.

Мектеп оқушыларына қазақ тілінен тілдік мәлімет беруде жалаң теориялық материалдарды ғана ескермей, практикалық жағдайларды да ескерген мақұл.

Оқушыларға берілетін тілдік мәліметтер төмендегі өлшемдерге сәйкес болуы қажет: 1) Меңгерілетін объектінің термині анық болуы қажет. 2) Қазақ тілінен берілетін тақырыптардың дәлдігі талап етіледі. Тілдік фактілерге сай еңгерілетін тақырыптардың дәл, анық болуы мектеп оқушыларының түсінігінің кеңеюіне септігін тигізеді. 3) Тілдік тақырыптардың өзіндік белгілері сараланып алынғаны абзал. Бұған бір тақырып пен екінші тақырыптың байланыстылығы, матерпалдың ішкі өзіндік қасиеттері енеді. Бұл сияқты өзіндік белгілер тақырыптың нақтылы көлемін құрай алады. 4) Қазақ тілінен берілетін материалдардың анықтамалары мен ережелері дәл болганы жөн. Негізгі берілетін мағыналары мен ішкі заңдылықтарына қарай нақтылы анықтамалар мен ережелер шыгарылады. 5) Тілдік тақырыптарга байланысты берілетін практикалық дагдылардың да колемі дәл болғаны абзал. Әрбір тілдік материалдардың жаттығулары да сол тақырыптың ішкі психологиясына байланысты болады.

Саналылық пен белсенділік ұстанымы. Бұл ұстанымдар барлық оқыту ісіне қатысты, оқытушының оқыту әрекеті де осыған бағытталады, бірақ ол үнемі іске асып отырады деп айту қиын. Дидактиканың бұл ұстанымының мәні мен маңызы өте жоғары. Оқытуда жаттау, дайын формаға салу тәсілдері қолданылып, нәтиже бермегендігі белгілі және оны осы уақытқа дейін қолданып жүрген оқытушылар баршылық. Ал біз айтып отырған инновациялық оқыту технологиясында тілді саналы меңгерту негізгі мәселелердің бірі болып саналады. Сондықтан инновациялық технологияларда үйрету, үйрену, меңгеру мәселелері жолға қойылады. Саналы меңгерген мәселе есте ұзақ сақталады, есте сақтау оның қарым-қатынаста қолдануына қолайлы жағдай.

Мектеп оқушыларына қазақ тілінен білім беру барысында олардың саналы түсіну қабілеті дамытылып отырады. Тілдік фактілерге байланысты мәліметтерді оқушылар жаттанды түрде емес, саналы түрде меңгере білуі тиіс. Қазақ тілі объектілерін саналы түрде меңгеру үшін мына сияқты жұмыс түрлерін іске асырған жөн: 1) тілден берілетін мағлұматтарды жеке түсіндіріп, ол мәліметтерді оз түсінігі бойынша айтқызып отырған мақұл; 2) түрлі жаттығу жұмыстарын жүргізу арқылы оқушылар тапсырманы еркін орындауы керек; 3) күнделікті, тоқсандық және жылдық қайталаулар тұсында өткен материалдарға байланысты сұрақтарға толық жауап болуы тиіс; 4) орфография мен орфоэпияға байланысты дағдыларды шартына қарай орындай білгені дұрыс; 5) күнделікті өмір қажетіне қарай практикалық дағдыларды саналы түрде меңгергені жөн. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқытудағы негізгі мәселелердің бірі - оқушылардың белсенділігін туғызу. Бұл мәселе бұрыннан да айтылып келеді, алайда оқу үдерісінде ол үнемі орындалып, жүзеге асырылады деп айту қиын, оқытуда оқытушы көбірек белсенді, ал оқушы енжар отыратыны тәжірибеде орын алып отырғаны айтылып жүр. Сол себепті де инноваңиялық технологиялармен оқытуда шәкірттердің бесенділігіне баса назар аударылады.

  1. Оқытуда проблемалық жағдай туғызу. Қазақ тілін оқыту мәселесін жандандыру үшін оқытудың тиімділігін арттыруды іске асыру үшін инноваңиялық оқыту әдістемесінде проблемалық жағдай туғызуды алға қояды. Проблемалық жағдай туғызуда тіл үйренушіні ойландыру, түрлі тілдік жағдайда қазақша дұрыс сөйлеуге жаттықтыру, проблемалық сұрақтар қою, жаттығулар тапсырмаларының түрлі шешімінің дұрыс жолын табуға үйрету, проблемалық мәселелерді шешуде үйренушінің пікірталасын туғызудың маңызы зор. Бұл дайын тілдік материалдарды қайталау емес, керісінше, тіл үйренушінің өзін сөйлеуге жаттықтыру арқылы кез келген жағдайда қазақша сөйлеуге үйрету. Ал бастауыш сыныптарда проблемалық әдіс жаңа тілдік материалды оқытуда дайын ережені ұсынбай, байқату арқылы оқушылардың өздеріне ереже шығарту барысында қолданылады. Проблемалық жағдай туғызу инноваңиялық оқытуда үлкен орын алады.
  2. Жүйелілік пен бірізділік ұстанымы оқу материалдарын

дұрыс ұйымдастыруда үлкен қызмет атқарады. Шашыранды, жүйесіз, бір-бірімен байланыспайтын білім беруге болмайды, ол білімді меңгеруге кері эсер етеді. Сондықтан қазақ тілін оқытуда және оқулық жазуда дидактиканың бүл заңдылығын берік үстау қажет. Тілді оқытуда жүйелілік пен бірізділік заңдылығына сүйенудің маңызы зор. Ол тілдік бірліктерді, мәтіндерді оқытуда толық сақталуы керек. Оқушыларға жаңа білімді бұрынғы берілген біліммен байланысты, соның негізінде жалғастыра үйреткенде ол түсінікті болады, бүрынғы білім қайталанады, бекітіледі, жаңа білім тез меңгеріледі.

Дидактиканың оқыту материалдарын меңгерудің беріктігі ұстанымы - барлық оқыту процесіндегі негізгі мақсат. Қазақ тілін оқытуда тілдік материалдарды оқушының нақты меңгеруі мақсат етіледі. Инновациялық технологиямен оқытуда ол тілден алған білімді шындық өмірде қолдануға үйретуге бағытталады. Бүл үшін әдіс-тәсілдерді ұтымды қолдану, тілді оқытуға коммуникативтік бағыт беру мәселесі алға шығады. Қазақ тілінен алған білімін оқушы күнделікті өмірде қолдана алса, онда алған білімнің беріктігі болып саналады. Осындай нәтижеге жету үшін инноваңиялық технологиямен оқытуда оқытуды түрлендіру әдіс-тәсілдері, оқушыны қызықтыратын тапсырмалар мен жағдаяттық тапсырмалар т.б. қолданылады.

Дидактиканың теория мен тәжірибенің байланыстылығы ұстанымы оқытудың тірегі. Қазақ тілін оқытуда да ол негізгі орын алады. Ол тілден алған білімді өмірде қолдануға үйретумен байланысты. Сол себепті де тілдік мағлұматтарды тәжірибеде қолдануға үйрету алдымен жаттығулардан басталады. Жаттығулар - тілдік білімді тәжірибеде қолдануға жаттықтыру, үйретудің алғашқы басқышы. Ал сөйлеу жаттығулары оқушының тілді өмірде қолдану дағдысын қалыптастыруды көздейді.

Оқыту мен тәрбие ісінің бірлігі ұстанымы да қазақ тілін оқытуда маңызды рөл атқарады. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту барысында қолданылатын жаттығулардың және басқа материалдардың тәрбиелік мәніне қатаң назар аударылады. Таңдап алынған мәтіндердің тәрбиелік мәнін ашу арқылы да шәкірттерді тәрбиелеу мүмкіндігі мол. Оқыту үдерісінде шәкірттерді тәрбиелеу ісі қатар жүргізіледі. Оқыту барысында тәрбиелеуді қоса атқару мақсатында мәдениеттанымдық ұстанымды басшылыққа алған жөн. Олай дейтініміз, тәрбие мен білім «мәдениет» ұғымына өте жақын тұр. Бүгінгі күнгі білім мен тәрбиедегі көкейкесті мәселелерді тиімді шешу, әсіресе, шығармашылықтың биік деңгейлеріне адамның өзін-өзі алып шығуы педагогикадағы мәдениеттанымдық ұстанымның негізгі ойларымен тығыз байланысты. Демек, тілдік оқыту мен тәрбие жұмысын бірлікте, өзара тығыз байланыстыра жүргізу - маңызды мәселе.

Біздің еліміз жағдайында иновацияларды үйрену, оны оқу процесіне енгізу білім беру жүйесін реформалау мәселелерімен байланысты дайын ақпараттарды беруге негізделген дәстүрлі оқыту түрінен, оқушылардың өздерін ізденуге, мәліметтерді өздері іздеп табуға үйрететін білім беру жүйесіне өту жолындағы әрекеттермен негізделеді.

Оқу-тәрбие үдерісінде қолданылып, айтарлықтай нәтиже беріп жүрген инновациялық технологиялар:

  • да мыта оқыту технологиясы;
  • деңгейлеп оқыту технологиясы;
  • шоғырландырып қарқынды оқыту технологиясы;
  • модульдік оқыту технологиясы;
  • оза отырып оқыту;
  • жобалап оқыту.

Аталған инновациялық технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары:

  • балаға ізгілік тұрғысынан қарау;
  • оқыту мен тәрбиенің бірлігі;
  • баланың танымдық белсенділігін қалыптастыру;
  • баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту;
  • әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту;
  • барлық оқушылардың жұмыс істеуі үшін жүйелі жұмыс істеу;
  • оқү үдерісін оқушының сезінуі.

Оқыту технологиясы мектепте оқу үрдісіне қажетті амал, тәсіл, дәріс, дидактикалық талап секілді психологиялық-педагогикалық іс-әрекеттердің жүйелі кешені ретінде пайдаланылады.

Дамыта оқыту технологиясы - күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін-өзі өзгертуші субьект дәрежесіне көтерілуі кезделіп, оқыту барысында соған лайық жағдай жасалады. Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы: көздеген мақсатында, мәнінде, мазмұнында дамытушылардың негізгі факторында. Мұғалімнің рөлі мен атқаратын қызметінде, әдіс- тәсілінде, т.б.

Бұл бағдарлы идеялар бүгінгі білім беру аясында қолдау табуда. Педагогика ғылымының зерттеушілері тәлім-тәрбие беру үрдісінің негізгі мақсаты оқушы тұлғасын дамыту деп таниды.

Бірақ, тұлға дамуы туралы ізденушілігі психологтердің айтуы бойынша, әр адамның өз қолында, оны сырттан эсер ететін күшпен зорлап дамытуға болмайды, тек оңтайлы ықпал жасауға болады.

Осы пікірден туған білім беру мақсатының басқа да тұжырымы бар. Оқушы тұлғасын дамыту, ол оның толық өзіндік қалыптасуының, өзіндік жетелуінің амалы ретінде қарастырылды.

Сондықтан мектеп масқаты баланың табиғи күштері мен мүмкіншіліктерінің өзіндік ашылуына қолайлы жағдай жасау болып табылады. Ол үшін тұлғаның дамуын көздейтін білім беру үрдісін, ұйымдастырудың түрлі әдістері мен амалдарын анықтап, жүзеге асыру қажет.

Бастауыш сыныптарда әсіресе дамыта оқыту технологиясы кеңінен қолданылуда. Сол себепті дамыта оқыту технологиясына толығырақ тоқталып өткен жөн. Дамыта оқыту - күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалады. Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы: көздеген мақсатында, мәнінде, мазмұнында, дамытудың негізгі факторында, мұғалімнің рөлі мен атқаратын қызметінде, әдіс-тәсілдерінде, оқушының білім алу белсенділігінің түрінде, оқу үдерісінің мүшелерінің әрекеттестік ерекшеліктерінде, олардың қарым-қатынас сипатында, танып-білу үрдісін ұйымдастыру түрлерінде, т.б.

Бұдан шығар түйін: дамыта оқыту - білім беру мекемесінің әрбір сабақта, күнделікті қарым-қатынаста, мектепте және мектептен тыс іске асырылатын өзекті мақсаты, сонымен қатар болашаққа болжаған оқушы тұлғасын өзіндік жетілдіруіне, өзіндік қалыптасуына жеткізетін амал. Оқушы тұлғасының дамуы түсінігіне, оның қалыптасуына, біртұтастығына және басқасына (сезімділік, зерде, ерік, құндылықтар, білімділік және жеке тәжірибе) позитивті өзгерістер әкеледі.

«Даму дегеніміз материалдық және идеялық объектілердің қайтымсыз, нақты бағытталған, жаңа сапаның пайда болуына алып келетін заңды өзгерісі. Erep жаңа сапа қандай да бір қатынасында ескіден озса, онда дамудың прогрестік, ал егер ескіге жол берсе, регрестік түрі келбетінде тұрады» деп тұжырымдайды Ж.Қараев.

Оқушы тұлғасының дамуына айтарлықтай ықпал жасауды дәстүрлі мектеп іргесінде іске асыру - қазіргі кездегі білім беру жүйесінің дамуындағы елеулі бағыт, яғни мемлекеттік білім беру стандарты бойынша базистік оқу жоспарына негізделген, сыныпты-сабақты ұстанымын сақтайтын, бірақ үнемі өзгерістегі, заманға қарай икемделудегі білім беру жүйесі және психологиялық-педагогикалық жетістіктерге ашық мектеп болуы керек.

Оқушы тұлғасының дамуына максималды себептер болу үшін дамыта оқыту идеясы бойынша ұстанымдар жүйесі қалыптасқан. Соның ішінен сабақ беруде басшылыққа алып, қолдануға ыңғайлысын келтіре кетейік.

  1. Оқыту үдерісінде танып-білуге арналған материалға және оны игеру уәжіне оқушының қызығуын тудыру.
  2. Мұғалім білім беру мазмұнын өңдеп жопарлағанда оқыту үдерісін оқушы есептің шешуін табу, не басқа оқу мәселесін шешу барысында өзінің өзекті даму аймағына сүйенетіндей етіп, ал нәтижесі оның жақын даму аймағына әкелетіндей етіп жасау керек. Басқаша айтқанда, оқыту үдерісі оқушының озіне берілген есепті шешу барысында оны шешуге қабілеті, білімі жеткендіктен оны ұжымда талқылап, ойланып, гипотеза ұсынып, оны тексеруіне, қосымша әдебиеттермен жұмыс істеуіне негізделуі қажет.
  3. Оқушының тиімді даму жолдарын ашу үшін олардың әрқайсысының «жеңістік жағдаятын» алдын ала ескеру қажеттігі туады, яғни оларға өз күштерімен шығара алатын есептер мен атқара алатын оқу тапсырмаларын беру керек. Сонда бала өзін жеңімпаз, қиын шыңның басына өтушы, меншікті жеңісті иеленуші ретінде сезінеді.
  4. Жұмысты тексеруде баға оқушының жеткен нәтижесіне емес, оның еңбегінің мөлшеріне сәйкес қойылуы керек.
  5. «Сырттағы» білімді «іштегі» білімге алмастыруға арналған іс- әрекеттер тізбектерін алдын- ала болжау қажет. Бұл нәтижеге топтық талдау, пікірталастар және т.б. жеткізеді.
  6. Дамыта оқыту үдерісінде білім дайын берілмеуі тиіс, оқушы білім тереңіне қарқынды ой еңбегін қажет ететін тапсырманы орындау

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. Астана, 2004
  2. Назарбаев Н. «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарлама Астана.
  3. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. Астана, «Білім-образование»№4,2004 Егемен Қазақстан, 2003. 26 желтоқсан №332-333
  4. Қазақстан Республикасының бастауыш білім мазмұнының Мемлекеттік жалпыға бірдей бастауыш білім беру стан да рты. Ал маты 1998.
  5. Назарбаев Н.2004ж.12 қазан Қазақстан Республикасы білім саласы қызметкерлерінің III съезінде сөйлеген сөзі. Егемен Қазақстан. 16 қазан,2004
  6. Педагогикалық ізденіс. Алматы, 1990.
  7. Шамова Т.И.,Третьяков П.Н. «Эффлективьност, доступност, качество» Москва,2002
  8. Таубаева Ш.Т.,Лактионова С.Н. Педагогическое инноватика как теория и практика нововедении в системе образования. Алматы, 2001
  9. Нурахметов Н. Жаңаша оқу талаптары. Қазақстан мектебі, 1997
  10. Ю.Давыдов В.В. Россиская педагогическое энциклопедия в 2т.М.,1999
Жыл: 2016
Қала: Атырау
Категория: Педагогика