Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Математика сабағында ақпараттық технологияларды қолдану тиімділігі

Аңдатпа

Жаңа технология - мұғалімнің мүмкіндігін қуаттандыратын құрал. Жаңа ақпараттық технологияны сабақ барысында қолдану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыратындығы қарастырылған.

КІРІСПЕ

Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауында ХХІ ғасырда ақпараттық қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу керектігін атап көрсетті: «Компьютерлік техниканы, интернет, телекоммуникациялық желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, мультимедиялық электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру керек», - деген еді [1. 2 бет].

Қазіргі заман мұғалімі тек өз пәнінін терең білгірі болу емес, тарихи- танымдық, педагогикалық-психологиялық сауатты, саяси-экономикалық білімді және ақпараттық-коммуникациялық технологияны жан-жақты меңгерген ақпараттық құзырлы маман болу керек. Ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамыту білім берудің бір бөлігі болып саналады. Соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану жақсы нәтиже беруде. Білім беру жүйесі электрондық байланыс, ақпарат алмасу, интернет, электрондық пошта, телеконференция, онлайн сабақтар арқылы іске асырылуда. Сонымен қатар, оқытудың жаңа әдістерін пайдалана отырып, оқу үрдісін ұйымдастыру мүмкіндігін беретін ойындық ситуациялық тренажерлар және мультимедиалық оқыту жүйелері құрастырылған. Білім және ғылым министрлігі оқытушылардың жаңа технологияны игеруге, шығармашылық ізденуіне үлкен мүмкіндік жасап отыр [2. 25 бет].

Қазіргі уақытта математика ғылымы кең етек алып дамуда. Сондықтан математиканы оқытудың мазмұнын ашуды жүзеге асыру үшін жаңа ақпараттық технология құралдарының қажеттілігі зор. Қазіргі ақпараттық технологияның озық жетістіктерін математика сабағында қолдану арқылы танымдылық іс-әрекеттерін ұйымдастыра отырып, оқушылардың құзіреттілігін дамытуға болады.

Ақпараттық технологияның мұғалімдерге берер мүмкіндіктері:

  • мұғалім үздіксіз ізденіс үстінде жүреді,
  • жеке тұлғаны қалыптастырудағы жауапкершілігі артады,
  • инновациялық технологияларды қолдану іскерлігі, әдіс-тәсілі,
  • артады жас мамандардың қызығушылығын туындатады,
  • мектептегі басқа пән мұғалімдерімен тәжірибе алмастыру арқылы,
  • ұжымның ұйымшылдығының ұйтқысы бола алады,
  • интернетке кіру жүйесі арқылы әлемдік деңгейде іс-тәжірибе,
  • алмасуды қалыптастырады және оқытудың түрлі әдіс тәсілдерін игеруге қол жеткізеді,
  • мұғалім сабақты қызықты, жүйелі түрлендіріп өткізуге машықтанады

Ақпараттық технологияның оқушыларға берер мүмкіндіктері:

  • түрлі ақпараттық, бейнелік, дыбыстық анықтамалар арқылы білімін жан- жақты жетілдіреді, дамытады;
  • өз бетінше сарамандық тапсырмаларды орындайды;
  • тақырыптан қалып кеткен немесе дұрыс түсінбеген тақырыпты қосымша қайталауға мүмкіндік беріледі;
  • пәнге қызығушылығы, үздіксіз ізденісі артады;
  • ойлау ,есте сақтау, пікір сайыстық қабілетті дамиды;
  • өз ойын сызба, сурет, кескіндеме, кесте, графиктік моделдер түрінде жеткізеді;
  • түрлі бейнелік, сілтемелік, нұсқаулық тапсырмаларды орындайды;
  • түрлі деңгейдегі тест тапсырмаларын орындап өзінің алған білімін тексереді [3. 20 бет].

Математикаға оқыту - бұл жеке әрбір оқушыға бағытталған өнер. Ол бір күй сияқты, қоңырау салынғанда басталып, қоңыраумен аяқталатын. Ал,осы аралықта аудиторияда отырған жас талаптарға өзінің санасында да көңілінде де сақталып қалатын із қалдырамыз. Ол шытырмандар мен жыралар арқылы ақиқатқа, түсінуге, білімге деген із. Бірақ барлық оқушылар да еңбексүйгіш емес. Сондықтан әрбір жас талапты түсіну және жүрегіне жол табуды өте маңызды деп санаймын [4. 18 бет].

Оқушыларды қалай математикаға қызықтыру керек? Оларды математика сабағын асығыспен күту үшін не істеу керек? Оқушылардың өздерінің еңбектеріне жауапкершілікпен қарауды қалай қалыптастыру керек?

Ақпараттық коммуникативтік технологияларды математика пәнін оқытуда пайдаланудың мақсаты - білім алушылардың өз бетінше білім алу үрдісін қалыптастыру. Бұл мақсатта тексеру бағдарламалары, электрондық оқулықтар, видео сабақтар, анимациялық бейнелерді құру сияқты т.б. бағдарламалар қызмет етеді.

Математикадан сабақ беру әдістемесі педагогикалық ғылымдар жүйесінің бір бөлігі болып табылады. Пән ерекшелігіне қарай математика курсын толығымен компьютерлік негізінде ауыстыруға болмайды. Мысалы: аксиома, теорема, оларды дәлелдеулер жолымен оқушылардың абстрактылық ойлау қабілетін дамыту істері бұрынғы тәсілмен жүруі тиіс. Тек кейбір тақырыптар мен тарауларды оқып үйренуде ғана компьютерлік технологияға жүктеу керек [5. 5 бет].

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Математика сабағында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:

  • білім алушының өз бетімен жұмысы;
  • аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу;
  • білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;
  • шығармашылық есептер шығару;
  • қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;
  • қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
  • экономикалық тиімділігі;
  • іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену;
  • қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әр түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезіну мүмкіндігі;
  • білім алушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.

Интерактивтік оқыту - бұл, ең алдымен оқушы мен мұғалімнің қарым- қатынасы тікелей жүзеге асатын сұхбаттасып оқыту болып табылады. Оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу [6. 15 бет].

Интерактивті тақтаны мынадай жағдайларда қолдануға болады:

  • теориялық материалды өздігінен меңгеруге,
  • сабақты иллюстрациялық материал ретінде жабдықтауға,
  • интерактивті тақтада кескінді түрлі - түсті айқын, ұқыпты оңай көрсету,
  • әр түрлі қосымшалары бар жұмысты түсіндіру,
  • сабақта және сабақтан тыс уақытта өз бетімен әр түрлі деңгейлі, шығармашылық тапсырмалар орындауға,
  • әрбір жеке тұлғаның білімін,білік іскерлігін әрбір тақырыптар, әрбір тараулар бойынша тексеруге,бағалауға,
  • емтиханға дайындық кезеңдерінде пайдалынады [7.34 бет].

Электрондық оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты - оқыту үрдісін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін, шығармашылық қабілетін дамыту. Мұның тиімді жағы: электронды оқулықта әр сабаққа арналған бейне көрініс, анықтама сөздік, есептердің шығарылу жолы, фигуралардың кеңістікте орналасуы, диктант, тест тапсырмаларын, қайталау сұрақтарын пайдалана аламыз. Электронды оқулықты қолдану арқылы сабақта техникалық құралдарды, дидактикалық материалдарды қолдану тиімділігі, оқушының пәнге қызығушылығы, білім, білік, дағды деңгейін қалыптастыруы, білімнің тереңдігі, тексеру түрлері, бағалауы, практикалық дағдыларды игеруі артады. Оқушылардың өздері де алынған ақпаратты көшіріп алып, онымен өз ыңғайына қарай жұмыс істей алады [8. 15 бет].

АКТ-ны математика сабақтарында қолдану көрнекіліктің және жұмыстың тез орындалуы, жазбаша жұмыстың болмауының арқасында, материалды игеруге уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді. Интерактивті режимде оқушылардың білімдерін тексеру оқытудың тиімділігін арттырып, тұлғаның барлық потенциалын, танымдық, моральды-адамгершілік, шығармашылық, коммуникативтілік және эстетикалық мүмкіндіктерін іске асыруға көмектеседі, оқушылардың зияткерлігін, ақпараттық мәдениетін дамытуға әсер етеді. Оқу үрдісінде электрондық оқыту бағдарламаларын дәстүрлі оқыту әдістерді педагогикалық инновациялармен ұштастыру арқылы жүйелі түрде қолдану дайындық деңгейлері әртүрлі балаларды оқытудың тиімділігін біршама көтереді. Алгебра, геометрия, математика сабақтарын цифрлы білімдік ресурстарын қолданып өткізудің мынадай әдістері болуы мүмкін.

Жаңа материалды игеру

Сыныппен фронтальды жұмыс.

Мұғалім графиктерді, суреттерді, алгоритмдерді көрсету үшін интерактивті тақтаны немесе мультимедиялық презентацияны қолдана отырып, материалды түсіндіреді. Мұндай презентацияларға әсіресе, геометрия сабақтарында стереометриялық есептерді шешуде ешнәрсе тең келмейді, кез келген геометриялық фигураны интерактивті тақта көмегімен бұруға, қосымша салу жұмыстарын жүргізуге, оны толық көлемді түрде көрсетуге, жазықтықта чертеж салуға, салу есебінің шешуін көрсетуге болады. Алгебрада «Функциялардың графиктері» тақырыптарын түсіндіргенде көрнекі түрде графиктердің абсцисса осі бойымен немесе ордината осі бойымен жылжуын көрсетуге болады. Төменгі сыныптарда анимация көмегімен есепте берілген ситуацияны көрнекі түрде модельдеп көрсетуге болады, т.с.с.

Электронды баспамен оқушының өздік жұмысы.

Оқушы мұғалімнен мыналарды алады:

  • жаңа материалды игеру жоспарын;
  • аралық бақылау сұрақтарын;
  • толтыру үшін тақырыпты игеру шаблонын алады.

Оқушы электронды баспамен өз бетінше жұмыс істейді.

Тақырып бойынша оқу дағдысын игеру

Фронталды сұрақ-жауап.

Мұғалім оқу материалының презентациясы бар проекторды дыбыссыз қолданады, оқушы оны дыбыстайды.

Оқушының өздік жұмысы.

Оқушы алгебра, геометрия, математика бойынша тренажерлармен және оқыту бағдарламаларымен өз бетінше жұмыс істейді. Оқыту бағдарламалары (жаттықтырушы) әрбір оқушының материалды толық қабылдауын қамтамасыз етеді, себебі әрқайсысы өз қарқынында (өте маңызды) өз бетімен оқу материалы бойынша жылжып отырады. Ағымдағы материалды игермей, келесіге көше алмайсың - компьютер мүмкіндік бермейді. Мұғалімнің оқушы жұмысын түзетуге, нашар оқушыларға көмектесуге мүмкіндігі бодады. Оқушының осы арадағы іс-әрекеті:

  1. өз бетінше немесе жұбымен компьютерде есепті шығарады;
  2. сілтемені ағытып тастап, шешуді қайталайды;
  3. дәл осындай есепті дәптерде шығарады және шешуін компьютердегі «шпаргалканы» ашу арқылы тексереді;
  4. мұғалім ұсынған осындай тапсырманы баға алу үшін орындайды немесе осындай есепті өзі құрастырып, оны баға алу үшін шешеді.

Практикум сабақтары.

  1. оқушылар өтіліп жатқан тақырып бойынша 3 блокпен құрастырылған (әрқайсысында 4-5 сұрақ бар) тапсырманы немесе есептерді әр деңгейге («3», «4», «5»-тік бағаларға) алады.
  2. оқушылар деңгейлік тапсырмаларды таңдап алады да 30 мин дайындалады, көмек ретінде электрондық құралдарды пайдалануға болады, сонымен қатар бірлесіп шешу үшін жұптарға немесе топтарға бірігуге болады;
  3. қалған уақытта мұғалім таңдаған бағасы бойынша әрбір оқушыға 1-2 тапсырма береді;
  4. оқушы шешу жолын көрсетіп, бағасын алады.

Оқушының өз бетімен жұмысы

  1. Білімді цифрлық ресурстармен білімдегі олқылықты жою бойынша жұмыс (мысалы, денсаулығына байланысты сабақ қалдырғаннан кейін). Бұл жағдайда оқытушыдан оқушының электрондық ресурспен және оқулықпен жұмысының жоспарын құру талап етіледі.
  2. Цифрлы білімдік ресурсты қолдану арқылы бақылау шараларына дайындық үшін оқушылардың өз беттерімен үйде жұмыс істеуі.
  3. Жобалар арқылы оқушылардың жұмыс істеуі (дайындап, әзірлеп, қорғайды).

Білімді бақылау

Компьютерлік тестілер қолдану арқылы білімдерін тексеру (компьютер тапсырманың орындалу пайызын, қателерді және бағаларды көрсетеді). Интернеттегі әр түрлі тестілерді қолдануға болады [1.10 бет] .

Математика пәні әрі қызықты, әрі өте қажетті болған пән. Қазіргі таңдағы математиканы үйренуге арналған әдіс, тәсілдер сан қилы. Бұлар оқушыларды математика әлеміне сіңіп кетуіне көмектеседі және математиканы үйренуде жаңа технологияларды қолдану биік нәтижелерге жетуге көмектеседі. Қызмет тәжірибедегі осындай жаңа педагогикалық технологияларды қолданып, оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға, қабілеттіліктерін ашуға, сабақтың қызу толықтығына жетісемін [9. 24 бет].

Ақпараттық технологияның міндеті - оқушыларды білімге қызығушылығын, ізденушілікке баулу. Заман талабына сай сабақта қолданылатын электрондық байланыс оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдаумен қатар, түсінбей қалған сәттерін қайталап көруге, тыңдауға және алған мағлұматтарды нақтылауға мүмкіндік береді. Компьютердің мультимедиалық мүмкіндіктерін, анимация мүмкіндігін, ілеспені, дыбыс меншіктеуді, гиперсылка көріністерін пайдаланып, осы көріністерді пайдалану әрекеттерін қолданып, тамаша, көрнекті, оқушыларды қызықтыра түсетін білім беру сабақтарын ұйымдастырған ыңғайлы. Ұстаз үшін нәтижеге жету - шәкіртінің білімді болуы ғана емес, білімді өздігінен алуы және алған білімдерін қажетіне қолдану болып табылады. Бүгінгі бала - ертенгі жаңа әлем. Бүгінгі күні ақпараттар ағымы өте көп, сондықтан ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог өз ойын жүйелі түрде жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған, интерактивтік тақтаны пайдалана алатын, онлайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген мұғалім болуы тиіс. Заман талабына сай жаңа технология әдістерін үйрету, бағыт- бағдар беруші - мұғалім. Оқушылар жаңа тұрмысқа, жаңа оқуға, жаңа қатынастарға бейімделуі тиіс. Осы үрдіспен бәсекеге сай дамыған елдердің қатарына ену ұстаздар қауымына зор міндеттер жүктелетінін ұмытпау керек.

ҚОРЫТЫНДЫ

Жаңа технология - мұғалімнің мүмкіндігін қуаттандыратын құрал. Жаңа ақпараттық технологияны сабақ барысында қолдану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады, және оның бірнеше артықшылықтары бар. Осы артықшылықтарды сабақ беру барысында да, сабақ нәтижелерінен де көруге болады.

  1. Оқушыларға оқылатын құбылыстар мен объектілер туралы толық және дәл ақпарат бере отырып, оқу сапасын арттырады;
  2. Оқытудың көркемділігі артады, яғни оқушыларға қиын да күрделі материалдарды көрнекі түрде түсіндіруге қол жеткеді;
  3. Оқытудың тиімділігі жоғарлайды және оқыту материалын түсіндіру мүмкіндігі арттырады;
  4. Оқушылардың ғылыми-дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыра отырып, олардың білімге құштарлығын, табиғи сұранысын қанағаттандырады;
  5. Мұғалімдерді техникалық жұмыстан босата отырып, үнемденген уақытта олардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасайды;
  6. Мұғалім мен оқушының жұмысын жеңілдетеді.

Енді, осы тақырып негізінде және негізгі проблемалық тақырып негізінде, осы бағытта жасалған жұмыстардың үлгісі ретінде өткізілген сабақ жоспарлары ұсынылып отыр [10. 10 бет] .

Пайдалы сілтемелер:

  1. http://www.etudes.ru
  2. http://www.math.ru
  3. http://www.exponenta.ru
  4. http://www.allmath.ru
  5. http://graphfunk.narod.ru
  6. http://www.neive.by.ru
  7. http://www.problems.ru
  8. http://zadachi.mccme.ru
  9. http://www.mathtest.ru
  10. http://www.math-online.com
  11. http://tasks.ceemat.ru
  12. http://www.uztest.ru
  13. http://eqworld.ipmnet.ru

 

Әдебиеттер тізімі

  1. Компьютерлік оқыту программаларын қолдану. Информатика-физика- математика журналы. №3. Алматы, 2000. 10-13 б.
  2. Математика–физика. №4, 2012жыл.
  3. Білімдегі жаңалықтар. 2005, №4. 25-27 б.
  4. «Математика» журналы. 2011. №2,3., 18-20 б.
  5. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. 2011.
  6. «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2011 жыл. 2-3 бет;
  7. Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. А. 2011.
  8. «Математика және физика» журналы №4, 2007 жыл. 10-11 б.
  9. Аккуланова Б.Б. «Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білім беру деңгейін көтеру». А. 2013. 20-21 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.