Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақ хандығы - қазақ елінің қалыптасуының түпкі бастауы

Андатпа

Бұл мақалада қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу тарихы - Тәуелсіз Қазақ елінің қалыптасуының түпкі негізі, бастауы екені туралы айтылады.

Негізгі сөздер: патриотизм, Елбасы, халықаралық қауымдастық, ұлттық тарих, Мәңгілік ел, Қазақ ұлттық мемлекеті, этникалық территория.

«Қазақтың өз мемлекеті болған және біздің тарих өте көне әлемдік тарихтың бір бөлігі болып табылады.»(І.Есенберлин)

КІРІСПЕ

«Өткенді білмей болашақты болжау мүмкін емес» (халық да нал ығы).Тарих өткен өмірді сөз еткенімен, оның барша тағылымы бүгіні мен болашаққа қызмет етеді. «Біздің заманымыз - өткен заманның баласы,келер заманның атасы» деген сөзді А.Байтұрсынұлы осындай қисынға орай айтқан. Шынында, өткен өмірге өзгеріс енгізу мүмкін емес, алайда өткен нәтижелерін пайымдай отырып, бүгінгі және болашақтағы өмір ағымына ықпал етуге болады.Тарих тағылымына ден қою қажеттігі осыдан туындайды. Бұл орайда ел мен жердің тарихын тұтас құбылыс ретінде зерделеп отырудың маңызы зор. Әрбір тұлғаның туған күні сияқты әрбір атаудың да, мемлекеттің де туған жылы, күні, тарихы болады. Олай болса,өткен тарихымыздың қалпына келтірілуі бүгінгі таңда әлемдік халықаралық қауымдастықтағы қазақ елінің беделінің артуына ықпал етеді. Мемлекетіміздің бастауы кейбіреулер айтып жүргендей кеше ғана құрылмағандығы, яғни бірнеше ғасырларға созылған тарих екендігі және оны мекендеген қазақтар байырғы халықтар қатарына жататындығын айғақтайды. Оған дәлел, Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Нұрлы жол» Жолдауында 2015 жылдың - ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы болатынын, яғни, соның ішінде Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту, айтулы тарихи белестің Жаңа Қазақстандық Патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруде айрықша рөлге ие екендігін атап көрсеткені белгілі [3]. Міне мемлекетіміздің құрылуын осылай ерекшелеп атап өтудің қандай маңыздылығы бар екенін бүгінгі тарих дәлелдеп отыр.

НЕПЗП БӨЛІМ

Қазақ хандығы қазақ халқының алғашқы мемлекеттілігінің бір көрінісі яғни қазақ хандығының ерекшелігі ол біздің ұлттық сипаттағы алғашқы мемлекетіміз.

«Қазақ атты елім бар, мақтанамын, Кең байтақ жеріммен мен бақ табамын. Елді, жерді сақтап берген бабамның, Ерліктерін естігенде шаттанамын» - дегендей, біздің тарихымыз сонау сақтардан бастау алады. Бұл Ұлы даланың кіндік жұртын ежелден қоныс еткен сақ- ғұн, үйсін-қаңлы, сармат, оғыз-қыпшақ, түркі-монғол этникалық түзілімдерінің тікелей мұрагері болып табылатын қазақ халқы XV ғасырдың 60-жылдарында өзіндік атауымен тарих сахнасына шығып, өз алдына дербес хандық шаңырағын көтерді. Бұл кездейсоқтықтан пайда болған хандық емес, Қазақ даласындағы ғасырлар бойы толғағы жеткен әлеуметтік-экономикалық және саяси үрдістердің заңды нәтижесі еді [4]. Этникалық, саяси-әлеуметтік даралану кезеңінің қайнауы қашан да қатты болатындығы сияқты,осындай ширығу кезінде Көк Орда билеушісі Орыс ханның ұрпақтары Керей мен Жәнібек сұлтандар Әбілқайыр ханға бағынудан бас тартып, Шу өзенінің бойындағы Қозыбасы атты қоныста дербес хандықтың туын көтерді. Осылайша еркіндік аңсаған елін азаттық ұранымен жігерлендірген батыр бабаларымыз Керей мен Жәнібек жаңа бір ұлыстың дербестігін жариялап, тарихта тұңғыш тәуелсіз Қазақ хандығын құрды.

Пай, пай, пай! Киелі неткен жер!

Батырлар дүбірлеп өткен жер, Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер. Ғашықтар бір-бірін өпкен жер, Сарылып сал-сері кеткен жер. Бас иіп, иіскеп топырағын

Тағзым жасамай өтпеңдер! - деп, ақын М. Мақатаев жырлағандай, қазақ жері, қазақ топырағы - киелі жер, қасиетті топырақ. Соңдықтан, бір сәт тағзым жасау, өткенді зерделеу, тарихқа үңілу борышымыз болмақ.

Қазақ хандығының құрылу уақытын Мухаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-и Рашиди» еңбегінде Орыс хан мен Барақ хан ұрпақтары Керей мен Жәнібек сұлтандардың Ақ Орда халқының бір бөлігімен Жетісудың батыс өңіріне (Шу мен Қозыбасы) қоныс аудару оқиғасынан,яғни хиджраның 870 (1465-1466) жылдарынан басталады деп көрсетеді. Бұл құнды дерекке сенбеуге негіз жоқ.Өйткені хижраның 870 жылы заманауи күнтізбе бойынша 1465 жылдың 24 тамызында басталып, 1466 жылдың И тамызында аяқталады. Мухаммед Хайдардың еңбегіне дейін Қазақ Хандығының құрылуы жөніндегі мәліметтер ешбір жазба деректе кездеспейді [4].

ҚР Президент! Нурсултан Назарбаев Астана қаласының активімен кездесуінде: «Керей мен Жәнібек 1465 жылы алғашқы хандықты құрды, қазақтың мемлекеттілігінің тарихы сол кезден бастау алады. Бәлкім ол бүгінгі шекарасындағы, бүкіл әлемге осынша танымал әрі беделді, осы ұғымның қазіргі мағынасындағыдай мемлекет болмаған да шығар. Бірақ бұлай деп сол кезеңдегі басқа да барлық мемлекеттер туралы да айтуға болады. Ең маңыздысы, сол кезде оған негіз қаланды, біз бабаларымыздың ұлы істерінің жалғастырып отырмыз ....», - деп айтқан болатын [6]. Қазақ хандығының құрылуы ұлан-байтақ өңірді қоныстанған қазақ тайпаларының және қазақтың этникалық территориясын біріктірді. Қазақтың өз алдына халық болып қалыптасу барысы біржолата аяқталды. Қазақ хандығының құрылуы ежелгі түрік тайпаларының бір бөлігін ата мекенге ұлыс етіп ұйыстырумен қатар, олардың біртұтас халық-ұлт ретінде сақталуына мүмкіндік жасады. Бұл кезде өткендегі Алтын Орда қарамағындағы басқа түрік тектес тайпалар қырылып-жойылып жатқанда, қазақ туын көтерген қауым өзінің елдігін сақтады, ұлан-байтақ жерін ұрпағына мирас етіп қалдырды. Алғашқыда Керей мен Жәнібек сұлтандардың соңына еріп, қазақ болып бөлінген халықтың саны екі жүз мың адам болған екен [5]. Сол заман үшін бұл санның да көп халық болғанымен, байтақ ұлысты жайлаған қазақтардың қандастары бұдан сан есе артық болатын. Шу бойына ту тіккен жаңа хандық біраз орныққаннан соң бүкіл Көк Орда жерін түгел қайтару жолындағы жорықтарын бастады. Қазақ ордасы құрылғанда алдымен жасы үлкен Керей сұлтан ақ киізбен хан көтерілді. Одан кейін Жәнібек хан билік құрды. Тарих сахнасына шыққан біртұтас Қазақ мемлекетінің ұлттық ұраны - «Алаш» болса, мемлекеттік Елтаңбасы - «Төре таңба», яғни көне түрік заманынан келе жатқан бас таңба болды.Бас байрағы - төре таңбалы қызыл ту,ал Астанасы - қасиетті Түркістан қаласы болды. Қазақ хандығының төрт ғасырға созылған шежіресінде жиырмадан астам хан билік құрған. Ел билігін қолға ұстаған бұл тарихи тұлғалардың билік құрудағы қабілеттері әр деңгейде болды. Мемлекет іргесін нығайтып, туған халқының мәңгілік сүйіспеншілігіне бөленгендері де, елін тоздырып, дұшпанға таба қылғандары да болды. Бірақ олардың бәріне ортақ бір қасиет - өз Ұлт маңдайының бағына біткен Керей, Жәнібек, Қасым, Есім, Тәуке, Абылай сияқты хандар елдің іргесін бекемдеп, шаңырағын нығайту жолындағы алмағайып заманның қиын-қыстау кезеңінде үнемі жеке бастарының қадір-қасиеттерімен үлгі өнеге бола білді. Ал,Төле, Қазыбек, Әйтеке сияқты қара қылды қақ жаратын ақылман билер, Асанқайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Бұқар сияқты айыр көмей, жез таңдай абыз жыраулар, Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай сияқты ел тағдыры жолында жаумен санаспай соғысатын ержүрек батырлар Қазақ хандығының ұстынды тірек тұлғалары еді. Олар өздерінің бүкіл саналы өмірлерін, ақыл-ойлары мен қажыр-қайраттарын қазақ халқының елдік мұраттарына жұмсады [4].

ҚОРЫТЫНДЫ

Қазақ халқының тарихында Қазақ ұлттық мемлекеті құрылуының тарихи маңызы зор болды. Елбасы «Тарих толқынында» кітабында: «Бұл оқиғаның саяси һәм қоғамдық мән-маңызы Қазақ хандығының Орта Азиядағы тұңғыш ұлттық мемлекет болғанында жатыр. Оны өздерінен бұрын өткендер немесе тарихи бабалар емес, қазіргі бар түркі халқы құрады», - дейді [4]. Сол қазіргі түркі халықтарының бір бұтағы қазақ халқы болып саналады. Атап айтқанда, әр хандықтың билігінде ел болуды армандаған ру-тайпалардың қазақ ұлты болып қалыптасуы, Қазақ мемлекетінің біртұтас ұлттық саяси-әкімшілік жүйесінің құрылуы, көрші мемлекеттермен қарым-қатынас орнатуы және әлеуметтік-экономикалық әрі мәдени жағынан даму жолына түскен азат елге айналуы өзіндік тарихи орнын көрсетеді.

Осының бәрін саралап келгенде, қазіргі кезде Қазақстан елінде өз жалғасын тауып отырған тәуелсіз идеясы мен оның тарихи жеңісті жолдары басты себеп бола алады. Елбасымыз өз Жолдауында: «Мәңгілік ел - ата-бабамыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы екенін барлығымыз білеміз [2]. Ол арман әлем елдерімен терезесі замандарының қалыптасқан жағдайларына байланысты хандық туын жықпауға тырысты.

Тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді. Ол арман тұрмысы бақуатты, түтіні түзу шыққан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. Біз бұл армандарды ақиқатқа айналдырдық»,- деп айтқандай бұл күнде Қазақ елін білмейтін ел жоққа тән [1]. Өйткені өркениетті елдер шоғырында еңсесін биіктетіп, Көк байрағын асқақ желбіреткен жас Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығында ғасырға татырлық тарихи оқиғаларды артқа тастап үлгерді. Бұл - сонау ғасырлар қойнауынан атойлаған бабалар үрдісі жалғасының салтанат құруы. Елбасы Н.Ә.Назарбаев өз тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтау арқылы Мәңгілік ел бола алатынымызды атап өткені белгілі. Ұлы даланың қас перзенті - қазақ халқының азаттық жолындағы қасиетті күресінің асыл шежіресі, сол жолда елін бастап, ту көтерген бабаларымыздың өшпес есімдері біз үшін қашанда қасиетті. Өйткені асыл шежірені, ардақты есімдерді ұрпағымыздың ұлттық мақтанышына айналдыру біздің кезек күттірмес парызымыз.

Ал, бүгінше....

Бүгін мен азаматпын,

Жаза алатын ғылымды қаза алатын.

Жаза алатын дүниелік дастандарды, Жаза алатын тарихқа қазақ атын. Атымның да кеше ғой танылғалы, Оған дейін не таңба таңылмады. Осылар жайлы ойлансын ұрпағымыз! Шолпан қызы шапақты таң ұлдары!...

(Ж. Молдағалиев)

Дербес, тәуелсіз ел болу деген қандай бақыт!

Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны - Қазақстан Республикасы.

Отан деген не? Бұл сөзді күн сайын естіп жүрміз. «Отан - отбасынан басталады» дейді қазақ. Отан дегеніміз - адамның туып-өскен жері, туған- туысқандарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекені.

Көне замандардан қалыптасқан жер көлемінің батыс жағы Каспийге, шығысы мен солтүстігі - Сібірге және Алтай тауларына, оңтустігі Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан республикаларына шектесетін, көлемі бес Францияға, он екі Бельгияға пара-пар келетін бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан - демократиялық және құқықтық, зайырлы, көпұлтты, дербес республика.

Қазақстан өркениет елдерінің қатарына қосылуға батыл қадам жасап қана қоймай, сыртқы саясатқа ықпал ете алатын іргелі, өркениетті мемлекетке айналды. Н.Назарбаев: «Қазақтың бар тарихы - бірігу тарихы» дегендей, Қазақ хандығының тарихы ел болып бірігу жолындағы, ұлт болып ұйысу жолындағы күрестің тарихы болып табылады.Осы орайда, халқымыз үшін есімі қасиетті тұлғалар - Қазақ хандығының іргесін қалаған, мызғымас мемлекет құрған, халқымыздың біртуар ұлт болып бірігуіне мұрындық болған - Керей хан мен Жәнібек хандардың ұлылығын дәріптеуіміз керек. Сондықтан да, тарихи тұлғалар Тәуелсіз Қазақстанның жаңғырған жаңа тарихында жан-жақты зерттеліп, зерделенуі тиіс.

 

Әдебиеттер тізімі

  1. Қазақстан Республикасының Президент! Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы -2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» жолдауы.
  2. «Қазақстан - 2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. Қазақстан Республикасының Президент! Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы.
  3. ҚР Президент! Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауы
  4. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. - Алматы, Атамұра, 1999.
  5. веб-сайт BNews.kz
  6. Ақпарат көзі: Егемен Қазақстан

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.