Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Туған жер – киелі ұғым ретінде

Аңдатпа

Мақалада Маңғыстау өңіріндегі тарихи оқиғалардың бір тобына зерттеулер берілген. Маңғыстау өңірін зертеу, аумақтың тарихи оқиғаларда алатын орны, олардың қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуына тигізген өзіндік ықпалы қай кезде де тарихшылар мен тарихты суйетін қауымның қызығушылығын туғызған. Алайда осылай бола тұрса да, аталмыш тарихи оқиғалар олардың жүру барыс мен ықпалы өте аз зерттелген тарихи объектілерге жатады. ¥лан ғайыр аумақты алып жатқан Маңғыстау жерін мекендеген Адай руының өзіндік тарихының ерекшелігі түрлі тақырыпқа бастау бола алады. Адайлардың Маңғыстау жеріне келіп туркмен тайпаларын ығыстырып орналасуы, өзіндік рулық коалиция құрып, орыс отаршылдарына қарсылық білдіріп, азамат соғысы жылдарында ақгвардияшыларды талқандап, кеңестік өкіметтің құрбаны болғандығы осы мақалада баяндалады.

КІРІСПЕ

Туған жер - киелі ұғым. Оның топырағынан қасиетті, суынан тәтті, ауасынан шипалы еш нәрсе жоқ. Осы ұлы қасиеттерді сезіну бар да, оны танып білуі, құпия- ларына үңілу тағы бар.

Түбегіміздің мақтанышы қыршын кеткен ғұлама ғалым Серікбол Қондыбай:

«Маңғыстау! Оның эр пұшпағы, эр тасы - ертегі, эр төбесі мен сайы - аңыз. Оны мекен еткен адамдар да аңыз. Оның жері қандай, жер бетіндегі атаулары қандай?! Бұл - тұла бойы тұнған сыр елі ғой» - деп тамсанған екен [1.3 б.].

«Түздіктердің ержүрек, жауынгер тайпасы Адайлардың орысқа бағынбауы Орта Азия хандықтарын Ресейдің отарлауынан бір жарым ғасыр бойы сақтап тұрды», - дейді неміс философы Фридрих Энгельс [2.6 б.].

Марксизм ілімінің негізін салушылардың бірі әрі бірегейі Ф.Энгельстің өз заманының көрнекті тұлғасы, теоретик ғалымы, тарихи жағдайлардан нақты қорытынды шығара білген сұңғыла болғандығына шек жоқ.

Жоғарыдағы тоқтамын Ф.Энгельс Еуропадағы капиталистік қарым- қатынастың дамып, қанатын кеңге жайып әкетіп, дамыған алпауыт мемлекеттердің дүниені бөліске салуға деген аранының мықтап ашылған тұсын көрегендікпен зерттеп, саралаған соң барып айтады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Қазақтың қай руының да жорық атының тері кепкен жоқ десек, үнемі ел шетіндегі, жел өтіндегі Адайдың бес қаруы белден түспеуімен келіпті. Ел аузында «Жеті жұрт келіп, жеті жұрт кетті» делінетін, халықтық атауы есте қалмаған арғы көшпелі ұлыстарынан, одан бергідегі Ноғайлыдан қуып өз жері, баба күлдік, ата жұрты деп санаған бұл қонысқа аяғы тиген Адайлар қанына сіңісті тарпаңдығына басып, дербестігін, тәуелсіздігін сақтап қалуға тырысты. Оған бір жағынан Маңғыстаудың көп жерінің теңізбен шектесіп оқшау жатуы да қолайлы болды. Үстірт үстіндегі Аюке хан бастаған қалмақ ұлыстарын әуелі Жайық бойына қарай ығыстырып, артынан біржола әрі асырып, түрікмен руларын Балқанға қарай келген іздерімен кері қайтару қимылдарының ту көтерушісі болған Адайдың түпкі нысанасы осы дербестігін баянды ету еді [2.7 б.].

Қазақ тарихындағы бетбұрыс кезең - Әбілқайыр хан бастаған Кіші жүздің ел серкелері Ресейге бодан болуға қол қойғанда, онда бірде-бір Адай биінің, не батырының қолы болмауы - бұл елдің ол қадамды құптамағанын білдіреді.

Ханға қыздарын берген, Әбілқайырдың бәйбішесі Бопай ханымды Адайдың қызы ретінде қадірлеп, оның саяси салмағын арттырып, тірек болған Адайлар бұл мәселеде қалыс қалды. Одан соңғы тарих Адайлардың хандық басқаруға әбден көңілі қалып, одан іргесін бөлектей бастағанын айғақтайды. Озбырлыққа, отаршылдыққа қарсы күрес бастап ту көтерген Әбілқайыр тұқымдарын қолдап, қару алған ел олардың қай - қайсысының да елді басқарғысы келген әрекеттерінің бәріне беттерін әрі салумен болды. Мысалы, Қаратай сұлтанның көтерілісі кезіндегі негізгі қол Адайлар болғанмен, Қаратайдың хандық билігі Адайларға жүрген жоқ. Хиуа ханы бекітіп тағайындаған Қайыпқали сұлтанның аты бар да, заты жоқ болумен өтті. Адайлар оның билігін тіпті аяқ асты етіп, ханның өкімі бірде жүріп, бірде жүрмейтін бас зекетшісі деңгейіне түсіріп тастады [2.7 б.]. Солай, бұл ел - ішкі, сыртқы саясатында билердің ежелгі демократиялық негіздегі басқару жүйесін сақтап қала алды. Содан келіп ел өміріндегі үлкен оқиғалардың барлығы жалпылық ортақ мүддеден туындайтын елдік сипатқа ие болумен болды.

Ф.Энгельс айтқандай, Адайлар Азиядағы орыс отаршылдығына бір жарым ғасыр тосқауыл болумен келсе - ол дербес, жеке дара билікті көздеген жеке тұлғалар әрекетінің жеңісі емес, бүкіл елдің жеңісі.

Ел егемендік алған соң ғана кеңестік - большевиктік саясаттың бет пердесі ашылды. Халықтың шынайы тарихы өз билігі өзіне тиген соң ғана айқын таныла бастады. Дала ревкомының және Адай уездік ревкомының тұңғыш төрағасы Тобанияз Әлниязұлы есімінің 1962 жылы ресми ақталғанына қарамастан, ол туралы ішінара 80 - жылдардың ортасында, жариялық заманы туғаннан соң ғана жазыла бастады [3.3 б.].

Бұрын ашылмай, айтылмай келген, іште бұғып жатқан шердің ақтарылған тұсы - 20 ғасырдың тоқсаныншы жылдары. Осы кезден бастап біз төл тарихымызды тануға бет бұрдық.

Қазақтардың Маңғыстауды мекендеуі туралы мәліметтердің бірқатары бізге халық жадында сақталған жыр жолдары арқылы жетті. Халық ақыны Оңғарбекұлы Аралбайдың \1854-1914ж.ж.\

...Алатаудың белінен,

Алғидың ала шөлінен,

Бұл жерге Адай келгелі,

Екі жүз екі жыл өткен... деген жолдары бар.[3.4 б.]

Жыр 1910-шы Ит жылғы жұтқа қатысты шығарылған. Бұл Адайлардың Маңғыстауды XVIII ғасырдан бастап мекендей бастағанын аңғартады, яғни қазақ көшінің алды Маңғыстауға 1708 жылы келген болып шығады. Мұндағы «Алатау» дегеніміз - Атырау және Ақтөбе облыстарының жеріне қатар орналасқан Доңызтау болса, «Алғидың ала шөлі» - Ақтөбе жерінде [3.4 б.].

Маңғыстауды мекендеп отырған түрікмендердің Есен елі - абдал, шәудір, арабашы, бұрыншық рулары іргедегі Хиуа, Қоқан, Қоңырат, Үргеніш арасындағы шапқыншылықтар мен хан талауынан әбден запы болған Маңғыстау түрікмендері Кіші Жуз рулары орыс патшасына бодан болғаннан кейін, 1744 жылы орыс үкіметінен сауда қаласын салып беруді сұрапты. 1767 жылдың 12 маусымында түрікмен билері мен батырлары өз қарамағындағы ауылдарды Ресейдің қол астына алуды өтінеді. Түрікмен ауылдарының бір бөлігі Астрахан жеріне қоныс аударады да, қалғандары Балқан түбегіне қарай көшеді. Ол кезде Маңғыстауда орыс қамалы ірге көтермеген.

Маңғыстау орыс картасына Қоқан жері болып түсті [3.6 б.].

XIX ғасырдың басында қазақ рулары Маңғыстауға дендеп орныға бастайды.

Орынбор губернаторы князь Г.С.Волконскийдің қазақтардың саны туралы 1803 ж. ақпарында 10 мың үй шамасындағы адай руының көшіп-қонуы Орал облысы мен Хиуа арасы деп көрсетіледі. Осы кезде бұл көшпелі ру Жем сағасын, Сам, Асмантай - Матай құмдарына қоныстанған [3.6 б.].

Маңғыстау қазақтары, өзге қазақ ауылдары сияқты Орынбормен екі арада шаруашылық үрдісімен көшіп-қонып жүргенімен, негізінен, Хиуа, Қоқан хандарының ықпалында болды. Салықтардың барлық түрлерін соларға төлеп тұрды. Хиуа ханы Маңғыстаулықтарды өздерінің қолбаласы қылып ұстағысы келіп, басты қарсыласы Бұқар әмірінің орыс елімен екі араға қатынайтын керуендерін тонатты. Соның ішінде керуендердің қазақ даласында тоналуы, бірқатар ру басыларының Хиуаның ықпалында кетуі қазақтарға жақсы ат әкелген жоқ [3.6-7 б.].

Орыс үкіметінің Маңғыстау даласы арқылы немесе Каспий теңізі арқылы Орта Азия мен Парсы жеріне, онан әрі Ауғанстан мен Индияға шығуды көздеген мақсатына байланысты Маңғыстау, Маңғышлақ сөздері зерттеушілердің жазбаларында жиі аталатын болды.

Өңірдің керуен жолдары мен су көздері туралы әскери-географиялық мәліметтер Маңғыстау жері Ресей құрамына өткеннен кейін көптеп зерттеле бастады. Бұл Ресейге сауда қатынастарын қалыптастырып, Қазақ жері мен Орта Азияда экономикалық үстемдік жүргізу үшін өте қажет еді. Өңірге империялық мүдде тұрғысында қызығушылық жылдан жылға арта түсті. XIX ғасырдың орта кезеңінде өңірді әртүрлі 42 экспедиция зерттепті [3.8 б.].

Қазақ даласының батысындағы саны жағынан ең көп және XIX ғасырдың соңғы ширегіне шейін Ресей империясы билігіне мойынұсынбай, орыстардың Каспийдегі балықшыларының өміріне қауіп төндіріп, топ-тобымен тұтқындап, Хиуаға құлдыққа сатумен аты шыққан тынышсыз Адай руы мекендейтін Маңғыстауды, Орынбор губерниясынан бөліп алып, Кавказға әскери округіне қарату шараларын жүргізу, патша үкіметінің отаршылдық саясатындағы үлкен бір бет-бұрыс болды. Аталған өңір осыған дейін әкімшілік тұрғыдан Маңғыстау приставтығы деп аталды. Приставтыққа Маңғыстау түбегінің аумағы мен Үстірттің Сағызға дейінгі бөлігі қарайтынды. Маңғыстауды, Орынбор губерниясынан бөліп алып, Кавказға әскери округіне қарату шаралары алынған соң, ресми бұйрық шығарылып, 1870 жылға дейін өңірдің әкімшілік орталығы Форт - Александровскі қамалын күзеткен Орынбор, Орал казак әскерлері Терек казак әскерімен алмастырылып, Маңғыстау приставтығы әкімшілік атауы да өзгертіліп, әкімшілік-территориялық реформа нәтижесінде Кавказ әскери округі құрамына енгізілген.

Қазақ даласын зерттеуде Орынбор рухани орталық ролін атқарды. Зерттеуші экспедициялар Ресей империясының мүддесін көздеді. Олар осы өңірді жайлаған халықтардың Ресей заңдары мен талаптарына сөзсіз бағынғандығын қалады. Экспедициялардың біразы өз жолындағы қазақ ауылдарын қарудың күшімен қорқытып, үркітті, рухын түсірді. Жергілікті халықтың орыстың билеп - төстеуіне қарсылығын күшпен басу әрекеттері қолданылды [3.11 б.].

Сонымен бірге, бағындыруға мүдделі отарлаушылар жергілікті халықтық әдеп-ғұрпын, тыныш-тіршілігін, құндылықтарын зерттеп, өз керегіне жарата білді. Мәселен, тыңшылық әрекеттерді жүргізген әскерилер қазақтардың Адай жылқысына баса назар көңіл аударған. Олардың төзімділігі, қоршаған ортаға бейімділігі, аяқтай жайылып, қоңын үзбейтіндігі, жергілікті жерлерде әскери іске жарамдылығы таңдандырса керек. Казак әскерінің жүзбасы Михаил Павлович Арнольди «В Закаспийской области» атты жазбасында, «Мен бұл өңірде 3 жыл қызмет барысында талай жорыққа катынаса жүріп, қазақ атының зорығып, жолда қалғанын көргенім жоқ» - деп жазады [4.17-19 б.]. Тек жусанға ғана жайылып, ертеден кешке дейін 100 шақырым қашықтықты қиналмай алатын қазақ жылқыларына қызыққан командир, жауынгерлеріне ат ауыстырып, адай жылқыларын көбірек алуға бұйрық берген. Қазақтардың өз аттарын басқа жылқылардан артық қоятындығы сондай, жорық барысында казачество әскерінің сұлу мүсінді асыл тұқымды кабардалық аттарын тек сойыстық үшін ғана, өз жылқыларына айырбастағанын аса таңданыспен жазады. Адай жылқылары туралы баяндай келе, олардың сыртқы түрінің қораштығына қарамастан ер-тұрмандары да ат арқасына жайлы екендігін жазған. Қазақ қолөнер бұйымдарының қасиеттерін назардан тыс қалдырмай, оларды жете зерттеп, қөшпелілердің қолдан ескен арқандары үзілмейтін мықты екендігін бінеше рет баяндайды. Әскери маман офицер Арнольдиді қазақтардың аттарды күтіп, баптау әдістері қызықтырған, олардың мініс аттарын тағаламайтындығы, қатарынан 3-4 сағат жүріп келіп, суарып, салқын тимес үшін тағы да жортып, тер шығаратындығы да таңқалдырған.

ҚОРЫТЫНДЫ

Қорыта келгенде, айтарымыз әрбір көзі ашық адам, әрбір өзін мәдениеттімін деп есептейтін адам өз елінің тарихын біледі. Өйткені ол тарих оның өз елінікі, өзінікі.

Маңғыстау сияқты ғажап өңірдің тарихын білудің тағы бір қажеттілігі - оның кеңестік кезеңдегі тарихының жалпы көпшілікке белгісіз болып келгендігі. Кеңестер билікке келгеннен бастап, парықсыз жүргізілген науқандар мен әсіре қызыл белсенділердің кесірінен Маңғыстау даласында біршама келеңсіз оқиғалар орын алды. Бұл оқиғалар туралы айту да, жазу да Кеңес өкіметі тұсында мүмкін болмады. Яғни, жетпіс жыл бойы өңір азаматтары өз тарихын айқын біле алмады. Осыған орай, ел тарихын зерттеу оның қасиетін зерделеу мен насихаттау көзі ашық, білімді жұрттың міндеті деп білемін.

 

Әдебиеттер тізімі

  1. С.Қондыбай. Маңғыстау географиясы. Алматы. 2008.
  2. Ә.Спан. Иса Тіленбайұлы. Алматы. 2004.
  3. Ж.Ж. Нұрмұханова. Маңғыстау деген бұл аймақ. Алматы. 2012.
  4. Арнольди М.П. В Закаспийской области. Тифлис. 1887.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.