Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ақпараттық жүйелер - жұмыс өнімділіпн арттыру құралы ретінде

Аңдатпа

Бұл мақалада жұмыс өнімділігін арттыру құралы ретінде - ақпараттық жуйелер қызметі туралы айтылады. Ақпараттық жуйелер мен технологиялар түсінігі, құрылымы мен үрдістерге сипаттама беріледі.

Бұрында ақпарат шешім қабылдауда шектеулі құрал ретінде саналды. Бүгінде ақпаратты қоғам дамуының негізгі ресурсы түрінде қарастырады, ал ақпараттық жүйелер (АЖ) және технологиялар (AT) - адамдар қызметінің тиімді қызметі мен жұмыс өнімділігін арттыру құралына айналды.

Ақпараттық жүйелер мен технологиялар банк қызметі, желілік байланыс, теміржол қатынасы тағы да басқа үлкенді - кішілі салалардың өндірістік, басқарушылық және қаржылық қызметтері үшін кеңінен қолданылуда.

Ақпараттық жүйе ортасына адамдар, компьютерлер мен компьютерлік желілер, бағдарламалық пакеттер, мәліметтер қоры және әртүрлі типтегі техникалық және бағдарламалық байланыс құралдары және тағы да басқалар кіреді.

Ақпараттық жүйелердің негізгі рөлі қызметкерлердің тиімді еңбек етулері мен кәсіпорындардағы шешім қабылдау ісін оңтайландыру болып табылады.

Жүйе деп - алға қойған мақсаттарға қол жеткізуге орай біріктірілген біртұтас, әрекеті әртүрлі элементтердің жиынтығы болатын кез-келген нысанды түсінеді. Жуйелер өзара құрамы жағынан да, басты мақсаттары жағынан да едәуір ерекшеленеді.

Ақпараттық жуйелер қандай да бір сала аймағының мақсатқа жетуі үшін ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу, іздеу және қайтару қызметін қамтамасыз етеді. Олар мәселені талдауға және жаңа өнімдер құруға көмектеседі.

Ақпараттық жүйе - қойылған мақсатқа жету үшін ақпаратты сақтау, өңдеу, қайтару үшін қолданылатын құралдар, әдістер және қызметкерлердің байланысқан жиынтығы.

Қазіргі заманғы ақпараттық жүйе - жеке компьютерді ақпаратты өңдеудің негізгі техникалық құралы ретінде пайдалануды білдіреді. Ipi ұйымдарда жеке компьютермен қатар ақпарат жүйенің техникалық базасына мэйнфрейм немесе супер ЭЕМ-дер кіруі мүмкін. Ақпараттық жүйе техникалық жетік болса да алынатын ақпарат адамдар үшін болғандықтан олардың адам рөлінсіз маңызы болмайды [1].

Компьютерлер мен ақпараттық жүйелер арасындағы айырмашылықты да түсінуіміз қажет. Арнайы бағдарламалармен жарақтандырылған компьютерлер ақпараттық жүйелердің техн икал ық базасы және құрал қызметін ғана атқарады.

Ақпараттық жүйе қызметін қамтамасыз ететін үрдістерді блоктар ретіндегі сұлба түрінде көрсетейік (сурет 1.1):

  • ішкі және сыртқы көздерден ақпаратты енгізу;
  • енгізілген ақпаратты және оны өңдеу ыңғайлы түрде көрсету;
  • тұтынушы немесе басқа жүйеге беру үшін ақпаратты шығару;
  • енгізілген ақпаратты ұйымдағы адамдар көмегімен түзету, яғни кері байланысты қамтамасыз ету [4].

Ақпараттық жүйенің аппараттық және бағдарламалық бөлігі

—►

Қызметкер немесе басқа ақпараттық жүйе

Ақпаратты енгізу

Ақпаратты өңдеу

Ақпаратты шығару

   

   

Kepi байланыс

   
     

Сурет 1.1 - Ақпараттық жүйедегі үрдістер

Қазіргі уақытта ақпараттық жүйе компьютерлік техника көмегімен жүзеге асатын жүйе сияқты пікір қалыптасқанымен, бұл жағдайда оны компьютерлік емес нұсқа түрінде де түсінуге болады.

Ақпараттық жүйенің құрылымын ішкі жүйе деп аталатын оның жекелеген бөліктерінің жиынтығы құрайды.

Ақпараттық жүйенің жалпы құрылымын қолданылу аймағына қарамастан ішкі жүйелердің жиынтығы ретінде қарастыруға болады. Бұл жағдай топталудың құрылымдық белгілері, ал ішкі жүйелер қамтамасыз етушілер деп аталады.

Осыған сәйкес, кез-келген ақпараттық жүйенің құрылымы қамтамасыз етуші ішкі жүйелердің жиынтығынан тұрады.

Қамтамасыз етуші ішкі жүйелер - ақпараттық жүйенің жұмыс істеуіне қажетті ішкі жүйелер жиынтығы.

Қамтамасыз етуші ішкі жүйелер ретінде ақпараттық, техникалық, математикалық, бағдарламалық, ұйымдастырушылық және құқықтық ішкі жүйелерді айтады.

Ақпараттық қамтамасыз ету - бұл ұйымдағы ақпаратты жіктеумен кодтау, құжаттардың сәйкестендірілген жүйесі, ақпараттық ағындар сұлбасы, сонымен мәліметтер қорын құру методологиясының бірыңғай жүйесінің жиынтығы.

Техникалық қамтамасыз ету - ақпараттық жүйе жұмысына қажетті техникалық құралдар, сонымен бірге осы құралдар мен технологиялық үрдісгер құжаттарының жиынтығы.

Математикалық және бағдарламалық қамтамасыз ету - мақсатқа жету үшін ақпараттық жүйе есептерін шешуге арналған математикалық әдістер, модельдер, алгоритмдер және бағдарламалар жиынтығы. Сонымен бірге техникалық құралдардың дұрыс жұмыс істеуіне қызмет етеді.

Уйымдастырушылық қамтамасыз ету - ақпараттық жүйені жасақтау және қолдану кезіндегі қызметкерлер мен техникалық құралдардың өзара байланысын бірқалыптандыратын әдістер мен құралдар жиынтығы.

Құқықтық қамтамасыз ету - ақпараттық жүйені құру, заңды мәртебесін айқындау, қызмет етуі және қажетті ақпаратты алу, түрлендіру, қолдану тәртібін реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы.

Ақпараттық жүйені құру немесе топтау кезінде шешілетін есепті формальды - математикалық және алгоритмдік сипаттауда қиындықтар кездеседі. Көбінесе жүйелердің тиімді қызмет етуі мен автоматтандырылу деңгейі, олардың дұрыс рәсімделуіне байланысты [5].

Есептің математикалық сипаттамасы дәл болған сайын мәліметтерді компьютерлік өңдеу ауқымы кеңейіп, есепті шешу үрдісіне адамның қатысы аз болады. Бұның өзі, есептің автоматтандырылу деңгейін анықтайды.

Ақпараттық жүйе құрылатын үш есептер типі бар. Олар құрылымданған, құрылымданбаған, жартылай құрылымданған есептер. Әрқайсысына жеке тоқталайық:

  • құрылымданған (ұйымдастырылған) - барлық элементтері мен олардың арасындағы байланыстары белгілі, мазмұнын математикалық модель түрінде көрсетуге болатын нақты шешілу алгоритм! бар есептер;
  • құрылымданбаған (ұйымдастырылмаған) - элементтері мен олардың арасындағы байланысы атап көрсетілмеген есептер. Математикалық сипаттамасы мен алгоритм! құрылмағандықтан көптеген қиындықтар әкеледі;
  • жартылай құрылымданған есептер - элементтер мен олардың байланысы жартылай белгілі болатын жағдай.

Жартылай құрылымданған есептерді шешуге арналған ақпараттық жүйелер екі түрге бөлінеді:

басқарушылық есептер құруға арналған ақпараттық жүйелер, олар негізінен қолданушыға ақпараттық қолдау жасап мәліметтер қорына және оның мәліметтерін өңдеуге рұқсат беруді қамтамасыз етеді, яғни мәліметтерді өңдеуге бағытталған (іздеу, сұрыптау, сүзгілеу, агрегаттау);

альтернативті шешімдер құрушы ақпараттық жүйелер (модельді немесе эксперттік) - қолданушыға өңдеуді жеңілдететін альтернативті шешімдер, бағалауға арналған математикалық, статистакалық, қаржылық және басқа да модельдер ұсынады.

Сақталатын ақпараттың көрсетілу деңгейі және логикалық ұйымдастырылуы бойынша:

  • фактографикалық ақпараттық жүйелер - белгілі-бір оқиға, факт түріндегі мәліметтерді бір немесе бірнеше типті құрылымдық элементтер (ақпараттық нысандар) немесе көшірмелер жиынтығы түрінде жинақтау және сақтау;
  • құжаттық ақпараттық жүйелер - ақпараттың элементі ретінде енгізу кезіндегі құжат немесе ақпарат саналады. Ақпараттық қор құру кезінде құрылымдау үрдісі мүлдем жүрмейді немесе шектеулі түрде ғана жүруі мүмкін;
  • геоақпараттық ақпараттық жүйелер - мәліметтер ортақ топографиялық негізге (электронды картаға) байланысқан жеке ақпараттық нысандар түрінде ұйымдастырылады.

Орындайтын функциялары және шешілетін есептері бойынша:

  • анықтамалық ақпараттық жүйелер, қолданушыға белгілі-бір нысандар кластарын (телефон, мекен-жай, әдебиеттер т.б.) - электронды анықтамалықтар, бағдарламалық және аппараттық электронды кітапшалар т.б. алуға мүкіндік береді;
  • ақпараттық-іздеу жүйелері, қолданушыға белгілі бір ақпараттық кеңістіктен түрлі тәсілдер арқылы мәліметтерді іздеуге мүмкіндік береді;
  • есептік ақпараттық жүйелер - белігі - бір есептеу алгоритмдері арқылы мәліметтерді өңдейді, мысалы белгілі-бір статистикалық мінездемелері бойынша есептеулер жүргізу;
  • технологиялық ақпараттық жүйелер, бұл жүйелер өндірістік немесе ұйымдастырушылық құрылымдағы технологиялық цикл немесе оның белгілі-бір компоненттерін автоматтандыруға арналады, мысалы, автоматтандырылған басқару жүйелері, құжат айналымын автоматтандыру жүйелері т.б.

Компоненттерді интеграциялау және масштабы бойынша:

  • жергілікті автоматтандырылған жұмыс орны (АЖО) - жеке жұмыс орнындағы басқарушылық функцияларды жүзеге асыруға арналған, басқа ақпараттық жүйелермен ақпараттық және функционалды тұрғыда байланыспаған бағдарламалы -техникалық кешен;
  • ақпараттық және функционалды байланысқан АЖО тол ы қ көлемде басқа ру функциясын жүзеге асырады;
  • компьютерлік желідегі бірыңғай ақпараттық қор түріндегі АЖО, кәсіпорын немесе жеке бизнес топтардағы басқару функцияларын интеграциялауды қамтамасыз етеді.
  • корпоративті ақпараттық жүйелер, үлкен кәсіпорындардағы толық функционалды таратылған басқару қызметін орындайды.

Ақпаратты өңдеу тәсілдері бойынша кәсіпорынды әртүрлі деңгейде басқару:

  • мәліметтерді өңдеу жүйелері (EDP - Electronic data processing) - сыртқы ортаға стандартты құжаттар дайындайды (төлем қағаздары, қорытынды есептер), шаруашылық операцияларын есепке алу және жедел реттеуге арналған;
  • ақпаратты басқару жүйелері (MIS - Management Information System) басқарудың тактикалық деңгейіне бағытталған. Бірнеше ай (аптадағы) жұмыстарды жоспарлау және талдау, кәсіпорындық бағдарламалар құруға бағыттлған;
  • шешім қабылдауды қолдау жүйелер (DSS - Decision Support System) - басқарудың жоғары деңгейінде жүзеге асады, стратегиялық мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталады. Жоспарлау есептері, қаржыландыру көздерін қарастыру т.б. ақпараттарды талдау, өңдеуді талап ететін күрделі бизнес - үрдістерді жүзеге асыруға арналған.

Басқару деңгейлері бойынша:

  • жедел деңгейдегі ақпараттық жүйелер - (бухгалтерлік, банктік, тапсырыстарды өңдеу т.б.) келісімдер мен оқиғалар кезіндегі мәліметтер өңделуін қолдайды (кредиттер, жалақы, шикізат және материалдар легі);
  • мамандарға арналған ақпараттық жүйелер - қолданушыларға жұмыс өнімділігін арттыруға жағдай жасайды. Міндеттері - жаңа мәліметтерді интеграциялау және қағаз құжаттарды өңдеуге көмек беру.
  • орта таптың басқарушыларына арналған ақпараттық жуйелер - шешімдер қабылдау және басқару, бақылау, мониторинг үшін қолданылады.
  • стратегиялық ақпараттық жуйелер - ұйым дамуын жүзеге асыратын стратегиялық мақсаттардың жүзеге асуы және басқарушыларға ұзақ мерзімді жоспарларды орындауға көмектеседі.

Ақпараттық жүйелерді функционалды белгілері бойынша топтастыру:

  • өндірістік жуйелер, ғылыми-техникалық жаңалықтар ашу және өндіріске ендіру, өнім шығаруға бағытталады;
  • маркетинг жуйесі, өндірушілер мен тұтынушылардың шығаратын өнімдеріне талдау жасауға бағытталады, өнімдердің таралымы, материалдық- техникалық қамтамасыз етудің тепе-теңдігімен айналысатын жарнамалық компаниялар ұйымдастыру қызметтерін қамтиды;
  • қаржы және есеп жуйелері, бухгалтерия негізіндегі қаржы көздерін талдау және бақылауды ұйымдастыру, статистикалық және жедел ақпараттарды өңдеуге бағытталады;
  • қосалқы өндірісті басқару жүйелері, құрал-жабдық өндірісін жедел басқаруды автоматтандыру, жөндеу және транспорттық шаруашылықтар энергетикалық қамсыздандыру [6].

Ақпараттық жүйелерді енгізуден нені күтуге болады:

  • математикалық әдістер мен интеллектуалдық жүйелерді енгізу есебінен басқару міндеттерін шешудің неғұрлым ұтымды нұсқаларын алу және т.б.;
  • жұмысты автоматтандыру есебінен қызметкерді ескі көзқарастан арылту;
  • құжат айналымының жүйесі мен ақпарат ағындарының құрылымын жетілдіру;
  • нарықтың жаңа мүмкіндіктерін іздеп табу т.б.

Ақпараттық жүйелерді қоғам қызметін оңтайландыру ісінде қолдану күрделі әрі, көпқырлы болғандықтан оның барлық жағын жан-жақты қарастыру бір мақала көлемінде мүмкін емес. Бұл бағыттағы ізденістер «Оқу үрдісін автоматтандыруда ақпараттық жүйелерді қолдану» тақырыбындағы ғылыми-зерттеу жұмысында өз жалғасын таппақшы.

 

Әдебиеттер тізімі

  1. Салтанова F.A., Мухамбетова М.Ж. Деректер қорының теориясы. Оқу- әдістемелік құралы. Атырау, 2008, - Б. 3 - 5.
  2. Голицина О.Л., Максимов H.В., Попов И.И. Базы данных, M.: Форум - Инфра -М, 2006, 121 - 123 стр.
  3. Хомоненко А.Д., Цыганков В.M., Мальцев М.Г., Базы данных - СПб.: 2009, 310 - 312 стр.
  4. Карпова Т.С. Базы данных: модели, разработка, реализация СПб.: Питер, 2001, 48-50 стр.
  5. Гагарина Л.Г., Киселев Д.В., Федотова Е.Л. Разработка и эксплуатация автоматизированных информационных систем. M.: 2007, 85-87 стр.
  6. Гвоздева В.А., Лаврентьева И.Ю., Основы посторения автоматизированных информационных систем, M.: 2007, 55-57 стр.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.