Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жеті модуль бойынша бастауыш пән оқушыларына математиканы меңгерту

Аңдатпа

Мақалада бастауыш сынып оқушыларына жаңартылған білім мазмұнына сай білім берудің жаңа бағдарламасы жеті модул бойынша математика сабағын өткізудің ерекшеліктері қарастырылады. Жеті модул бойынша түсінік беріліп, практикада қолдану барысы талқыланды.

КІРІСПЕ

Бағдарламаның негізгі міндеті - Қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибелерін жетілдіру мен бағалауға көмектесу болып табылады. Сондықтан оқудың қазіргі әдіс - тәсілдері мұғалімнің күнделікті тәжірибесімен кәсіби біліктілігін байланыстырады. Шетел мамандарымыздың жылдар бойы жинақтаған және тәжірибелерінде оң бағасын берген бағдарламаны неге өз тәжірибемізге қолданбасқа? Қазақстан Республикасы әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына ену жолында. Сондықтан да осы салада батыл қадамдар жасалып, өзгерістер енгізілуде.

НЕІЗГІ БӨЛІМ

Мен де өзіме жаңаша серпіліс, жаңа әдістерді оқушыларымызға меңгертуді жөн көрдім. Бұл бағдарламаға кіргізілген оқыту мен оқудағы стратегия мен тәсілдерді қарастыру зерттеу барысында сүйенетін теориялық негіздемені қамтамассыз ету үшін қажет. «Мұғалімге арналған нұсқаулықта» негізгі материал тиісті сабақтарда қарастырылатын жеті модул ьге сараланған.

Бағдарламаның модульдері:

  1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
  2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
  3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
  4. Оқыту мен оқудағы ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану. (АКТ)
  5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.
  6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту.
  7. Оқытуды басқару және көшбасшылық.

Әрбір модульді сабақ барысында қолданған кезде, сабақтарымыздағы жүйелілікті байқаймыз. Күнделікті сабақ берілісінде мұғалім өзінің мақсатына осы жеті модульді басшылыққа ала отырып жұмыс істейтін болса, сапалы білім және оқушының өзін - өзі бағалауы жолға қойылар еді. Әр модульді міндетті түрде бір сабақта түгел пайдалануымызға да болады. Оған мүмкіншілік бар. Ал мұғалім тек модульдің екеуін не үшеуін пайдалансам десе де қарсылық жоқ. Бұл жерде сабағымыздың тақырыбына сәйкес өзгерте беруімізге болады. Жеті модуль бойынша жұмыс жасау мұғалім шеберлігін қажет етеді.

Қатып қалған еш нәрсе жоқ. Бұрынғы методикалық талаптарға және білетін әдістерімізді ұштастыра отырып, балаға дұрыс білім алуына жағдай жасауымыз қажет.

Математика пәнінде сыныпты топқа бөліп оқыту, ережеге, уақытқа бағыну өте ыңғайлы әдіс. Оқушылар бұл жаңаша әдісті меңгеріп шығару кезінде шапшаңдыққа, топтағы басқа балаларға үйрете отырып диалог ретінде көмектеседі. Диалог негізінде оқыту мен оқу оқушылардың өзара сұхбаттасуы және мұғалім мен оқушы арасындағы диалогтің шәкірттердің өзіндік ой - пікірін жүйелеуі мен дамытуына көмектесетін амал екеніндігі рас.

Сыныптағы оқушыларым математика сабағында постер қорғауға көп уақыт жіберіп көптеген есептерді үлгере аламаған кездеріміз де болды. Постер қорғау әдісін тақырыптық бекіту, қайталау кезінде қолданамын.

Сыни тұрғыдан ойлау бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинастыру және тез арада шешім қабылдау үшін, талапқа сай өлшемдерді қолдану сияқты дағдыларды қалыптастырады. Математика пәніндегі бұл модуль өте тиімді. Баланың ойлау қабілеттілігін ашатындығы белгілі. Бала түрлі есептің логикалық, астарлы және оңтайлы әдістерін тез табуға үйренеді. Ол үшін алдымен мұғалім сыни ойлай білетін, жан жақты, тез шешім қабылдай алатындай болуы қажет.

Бағалау кезінде математика сабағында көбінесе жиынтық бағалауды пайдаланамыз. Формативті бағалау күнделікті сабақтарда белгілі бір есептерді шығару кезінде, ойлануға берілген есептерді айтқан кезде, топтық тапсырмалар берілген кезде жүзеге асады. Ал математикалық сауаттылық пен проблемаларды анықтау үшін көбіне тестілер және жеке бақылау не өзіндік жұмыстар жүргізіліп отырады. Математикада топтық жұмыста деңгейлік тапсырмалар қолдану қиындау. Себебі барлық баланың мақсаты белгілі есепті белгілі уақытта тез бір біріне көмектесіп шығару болып табылады.

Математика сабағында AKT пайдалану әрине тиімді. Мысалы эр бала ұялы телефонмен керекті мәліметті ала алады. Ноутбук арқылы интернетті пайдаланады. Онлайн бойынша пікір алмаса алады. Интер белсенді тақта арқылы керекті видео немесе қажетті мәліметтер алады. Қазіргі таңда бастауыштың кез келген баласы интернетті сауатты пайдалана алады.

Талантты және дарынды балалар математика сабағында болады. Олар өзгелерден ерекшелене бастайды. Сондықтан оларды ынталандыратын тапсырмалар дайындау мұғалімнің шеберлігі болып табылады. Мұндай оқушылардың есте сақтау қабілеті, ойлау жылдамдығы, икемділігі, күрделілікке деген қызығушылығы және белсенділігі күшті болады. Олардың ынтасын не көзқарасын жойып алмауымыз қажет.

Эрине математика пәнінде оқушылардың жас ерекшелігін ескермеуге болмайды. Эр бала өзінің жасына сәйкес жұмыстармен айналасуы қажет.

Алайда біз берілген тапсырма мен шығармашылық жұмыстарымыз сол сыныптың деңгейіне сәйкес төменнен жоғарға дейін күрделендіріп отыруымыз дұрыс. Баланың зейіні, жадысы, есте сақтауы, ортаға бейімделуі, сөйлеуі, ойлауы, ой жүгірту деңгейін де атап өткеніміз дұрыс. Жасқа сәйкес тапсырмаларды бергенде бала оны қалай орындағандығы маңызды. Орындау кезінде көмекші факторлардың әсерін қарастыру керек. Топтық жұмыстағы бір адамның ықпалы болды ма? Жүйелі жұмыс баланы да мұғалімді де қызықтырады.

«Мұғалім -дамыту жұмысының көшбасшысы» ретінде болуы қажет. Ол бойындағы көшбасшылықты өзінің оқушыларына да дарыта білсе өте жақсы болар еді. Көшбасшылық үнемі дамуға жетелейтін негізгі қабілеті болып табылады. Біз өзіміздің дағдыларымызды жетілдіріп,стратегиялық тұрғыдан ойлауды үйрене аламыз.

Мен өзімнің математика пәні бойынша зерттей келе, әрбір оқушымен жеке достық қарым-қатынаста болуымыз керек деп ойлаймын. Оларды жеке тұлға ретінде қарастырсақ, бала да өз ойын ашық айтуға дағдыланады. Оқушы математика сабағындағы жаңаша әдіс-тәсілдер арқылы бағалаушы, ізденімпаз, бақылаушы, дәлелдеуші қабілеттіліктерін аша алады.

ҚОРЫТЫНДЫ

Бұл бағдарлама оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады, оқуға қабілетін жақсартады. Білім беру негізін түсіну, ойлануға жүйелі білім беру, өзінің шығармашылық жұмысын жетілдіріп отыру, кеңістіктік ойлау қабілетінің болуы, ақпараттық - коммуникациялық технологияны дұрыс меңгеру қажет. Егемен, Тәуелсіз еліміздің болашағы жастардың қолында. Әйтсе де оған дұрыс бағыт бағдар берушінің бірі ата - ана болса, тағы бірі ол - біз, яғни мұғалім. Осы өркениетке бастар жолдың бастауы - мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі - мұғалім. Мектеп жұмыс пен оқушы жетістіктерін өрістеуіндегі негізгі тұлға - ұстаз болғандықтан, ал сол ұстаз заман талабына сай болу үшін әрқашан ізденуді, білімдерін жетілдіруді, жан-жақты білікті болуды талап етеді.

Жалпы қорыта айтқанда, аталған тәсілдерді сабақта тиімді қолданысқа енгізу арқылы баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді, оқушылар оқудың қызықты жеңіл өтетіндігін, ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі, әрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды. Яғни, оқушы өз ой - пікірін ашық еркін айтады, бір - бірін тыңдауға үйренеді. Сондықтан олар басқа пәндердің де осындай оқыту формасымен оқытылса, тиімді болатындығын айтуға болады.

 

Әдебиеттер тізімі

  1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 3 деңгей
  2. Портал материалдары
  3. Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы 3-деңгей
  4. Педагогика пәнінің негіздері [Мәтін]: оқу құралы / Дайрабаев E., Дайрабаева А. - A.: Қазақ университет!, 2005. - 223 б.
  5. Мұғалім философиясының қалыптасуы және дамуы: гуманистік парадигма [Текст]/ С. С.Мирсеитова. - 1-ші басыл. - Қарағанды : Қазақстан оқу ассоциация, 2012.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.