Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Отандық энергетика саласының дамуының қазіргі жағдайы мeн мәселелері

Аңдатпа

Жаһандық экономика жағдайында энергетика саласы Қазақстан экономикасының ажырағысыз бөлігі және еліміздің әлеуметтік - экономикалық дамуды ынталандырушы факторы болып есептеледі.

Дамудың үдемелі жағдайында елімізде болып жатқан интеграциялық үдерістерге стратегиялық пікір қалыптасу қажет. Энергетикалық ресурстарды өндірудің бірнеше тәсілдері мен олардың тиімділігі барған сайын артып отыр және энергетикаға деген ұсынысқа қарағанда сұраныс артық. Өндірістің бәсекеге қабілеттілігін арттыру айқындалады.

КІРІСПЕ

Ғасырлардың алмасуы дүниежүзілік экономика және оның секторларының қарқынды дамуымен, халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуімен экономиканың жаңа үлгісінің дамуымен ерекшеленді. Жер бетінде болып жатқан өзгерістер, өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын, тасымалдауды, қаржылық және халықаралық сауда айырбасындағы өзгерістер еліміздің шаруашылық өміріне эсер етті. Бұл өзгерістер энергетика мен оның маңызды құраушылары - мұнай, газ, электрэнергетикалық өнеркәсіптен алыс кетпеді.

Электроэнергетикалық сала - қоғамдық аумақта ұдайы өндіріс үдерісінің біртұтастығын қамтамасыз ететін халықшаруашылығы инфрақұрылымының маңызды бөлігі. Бұл еліміздің барлық субъектілері мен салалары үшін өмір сүруді қамтамасыз ететін жүйе.

Отандық экономиканың қазіргі қиын қыстау жағдайында қоғамдық өндірістің жоғары тиімділігіне бағытталған жаңа шаруашылық механизмінің жасақталуын қажет етіп отыр. Осыған байланысты бәсекелестік ортаны қалыптастыру және нарықтық механизмді реттеу бағытында электрэнергетиканы қарастыру мәселесі туындайды [1].

Қазақстан экономикасы қызмет көрсету үшін оған энергия қажет. Энергия шаруашылық қызметінің барлық үдерістерін қамтиды. Энергетика секторы қатаң реттеу жағдайында өз қызметін жүзеге асырып келеді, ал көптеген елдерде реттеуге белсенді түрде мемлекет араласып келеді. Сонымен қатар, бұл салаға жеке секторды тарту нарықтық қатынастардың тиімділігін көтеру үшін, инвестициялық және операциялық міндеттерді шешу үшін маңызды рольге ие. Энергия өндіруші ірі елдердің алдында табиғи ресурстарды басқару және алынған құндылықтарды теңбе - тең белу мәселелеріне қатысты күрделі міндеттер тұр. Энергетиканың барлық салалары ірі экоәлеуметтік нәтижелерге ие. Энергетиканың осы ерекшеліктерінен экономиканың нарыққа бағытталуында ерекше маңыздылыққа ие.

ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ

Энергетикадағы стратегиялық ынталандыру және қолдау болашақта ірі жобаларды жүзеге асыруға арналған негізгі бағыттардың бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық - инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасы аясында энергетикалық инфрақұрылымды дамыту бойынша көптеген жобалар жүзеге асырылды. Заң жүзінде инновациялық тартымдылықты арттыру механизмдері енгізілген 2015 жылдың аяғына дейін электр энергияны тұтыну 100,5 млрд.квт сағ.жетеді деген болжам бар. Бүгінгі күнде кейінге тастауға болмайтын шаралар қатарында мыналар бар:

  • Тұтынушының электрмен жабдықталу сенімділігіне жауап беретін құрал - жабдықтардың физикалық және моральдық тозуы;
  • Электр энергиясының тұтынылу өсімін қамтамасыз ету үшін генерациялық қуаттылықтың қажетті резервінің болмауы;
  • Энергожүйеде өндіріс - тұтыну электроэнергия балансын қолдауға қажетті қуаттылықтың болмауы;
  • Салалық инвестициялық тартымдылық денгейінің темен болуы [2].

Бүгін көмір өнеркәсібі Қазақстанда өндірілетін электр энергиясының 75% қамтамасыз етіп отыр. Осылайша, көмір өнеркәсібінде арзан электр энергиясын алу мақсатында электрэнергетикалық өндірістің жоғары үлесі сақталады.

Отын-энергетикалық кешен - табиғи энергетикалық ресурстарының табысының күрделі әрі дамыған жүйесі, олардың сапасын арттыру, энергия мен энергия тасымалдаушының тұтастық түрін қалыптастыру, ұлттық шаруашылықтың барлық салаларында энергия мен энергия тұтынушыларды тарату, тұтыну және қолдану.

Еліміздің отын-энергетикалық кешені - өнеркәсіптің өзара байланысқан электроэнергетиканың, мұнай шығаратын, мұнай өңдейтін, газ және көмір салаларының жиынтығы.

Бүгінгі таңда өнеркәсіп дамыған сайын сәйкесінше электр энергиясын тұтыну да артып отыр.

Жоғарыда айтылғандай, энергетика бастапқы энергия ресурстарын пайдаланудың негізгі тұтынушысы болып табылады. Электр және жылу энергиясын өндіруге барлық бастапқы жиынтықты энергияны тұтынудың 35%-ы жұмсалады.

Қазіргі уақытта электр энергиясын өндірудің өсуі қолданыстағы жылу электр станцияларын жүктеу есебінен жүргізілетіндіктен, отын ресурстарын тұтынудың және нәтижесінде үлес шығындарының өсуі, энергия өндірісі кезінде тиімді емес технологияларды пайдалану және негізгі жабдықтың айтарлықтай тозуына байланысты мәселелерді растайды.

Электр энергиясының негізгі тұтынушысы өнеркәсіп болып табылатындығын атап өткен жөн. Қазақстанның өнеркәсіп секторында энергияны көп көлемде тұтыну, алдымен тау-кен металлургия кешені сияқты энергия сыйымды салаларымен байланысты. Электр энергиясын жалпы тұтынудың 69,7%-ы және жылу энергиясын жалпы тұтынудың 51,7%-ы елдегі өндіріс секторына тиесілі болса, Еуропалық Одақтағы өнеркәсіп секторының электр энергиясын тұтыну үлесі орташа есеппен 24%-ды құрайды.

Кесте 1 - 2014 жылы экономика салалары бойынша Қазақстандағы орташа статистикалық электр энергиясын пайдалану

Атауы

Электр энергиясын тұтыну, %

1

Өнеркәсіп

69,7

2

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

12,5

3

Қызметтер

8,3

4

Көлік

5,5

5

Ауыл шаруашылығы

2,5

6

Құрылыс

1,5

2014 жылы ірі отыз кәсіпорынның өздері ғана 34559,3 млн. кВт* сағ тұтынған, ол республиканың жалпы тұтынылған электр энергиясының 35 %-ын құрайды.

Электр энергиясын тұтыну бойынша алынған нэтижелерге сэйкес электр энергиясын тұтыну Қазақстан Республикасында белгіленген нормативтерден 47%- ға, ал өндіру кезеңінде 21%-ға асып түседі. Ресей Федерациясының ұқсас көрсеткіштерден асуы тиісінше 113%-ды және 3,4%-ды құрайды.

Бұл нәтижелер өндіру процесін оңтайландырудың кезек куттірмейтін қажеттілігін көрсетеді, себебі бұл саты үлкен энергия үнемдеу әлеуетіне ие.

Қазақстан Республикасындағы техникалық тұрғыдан қол жеткізілген деңгеймен (дамыған елдер мен белгіленген норматив деңгейі) салыстырғанда металлургия өнімінің бірлігіне үлестік энергия шығынының арту көлемін ескере отырып, энергия үнемдеудің салыстырмалы техникалық әлеуеті шамамен 30%-ға дейін жетеді [3].

Энергия тиімділігі мәселелерінде артта қалудың себептері:

1) жабдықтың физикалық тұрғыдан тозуы - 45-60%;

2) технологиялық артта қалу болып табылады.

Елордамыз Астанада 2017 жылы Болашақ қуаты атты халықаралық көрме өткізгелі отыр. Технологиялық, экономикалық бәсекелестікке ие, тәжірибе алмасуға болатын жоғары жетістіктерге ие әлем елдері арасындағы кеңістіктің бірі Экспо болып табылады. Экспо тақырыбы - Болашақ қуаты -деп аталғандықтан ол міндетті түрде энергетикамен тікелей байланысты болады. Зерттеу барысында Қазақстанның осы бағыт бойынша қарқынды даму мүмкіндігінің жоғары екендігін байқадық.

Алматының Қытаймен шекаралас аймағындағы Еуразия мегабассейніндегі өте үлкен ауа массасының көлемі ауысатын Орталық Азиядағы - жел полюс деп аталатын Жетісу қақпасындағы жел қуатты. Осы екі тау арасындағы көлемі жағынан тар жердегі табиғи- аэродинамикалық құбыр болып есептеледі. Қақпа Қазақстанның Балқаш - Алакөл ойпатын Қытайдың Ебінұр ойпатымен жалғастырылған. Осы Маңдағы жел қасиеттерін зерттеу қорытындысында оның электр энергиясын өндіруге өте тиімді екені дәлелденді.

Жел

Гидроэнерге-

жылына
170млрд
кВт*сағ

экономикал
ық мүмкін
өндіріс -

Күн

Ауыл шаруашылық қалдықтарын

жылына

1,8 трлн
кВт*сағ,

экономикалық мүмкін өндіріс - 3

Сурет 1 - Қазақстандағы балама энергетиканың даму жағдайлары

Осы келтірілген суреттен байқағанымыздай, Қазақстанның гидроэнергетика бағыты бойынша теоретикалық потенциалы - жылына 170 млрд кВт*сағ, оның ішінде экономикалық мүмкін өндіріс үлесі - 30 млрд кВт*сағ (2,57 млн. T мұнай эквивалент!). Ал күн энергетикасы - жылына 2,5 млрд кВт*сағ (0,21 млн. T мұнай эквивалент!) болса, жел энергетикасы саласында теоретикалық потенциалы - жылына 1,8 трлн кВт*сағ, экономикалық мүмкін өндіріс - 3 млрд кВт*сағ (0,26 млн. T мұнай эквивалент!). Ауылшаруашылық қалдықтарын өңдеу негізінде 35 млрд кВт*сағ энергия өндіру мүмкіндігі бар.

Бұл көрсеткіштерің қорытындысы: Қазақстан Республикасында ел экономикасына елеулі эсер ететін энергия ресурстарын дамыту мүмкіндіктері жоғары болып есептеледі.

Мемлекеттің алға қойған саяси бағытының болашағы бар, себебі жасыл экономикалы ел болуға, яғни экологиялық - энергетикалық таза, инновациялы, әлеуметтік - экономиканың қарқынды дамуының көрсеткішіндегі ел болуға толық жағдайдың бар екендігін дәлелдейді.

Қазақстандағы энергиялық әлеуетін жан-жақты қарастыратын болсақ, жоғарыда аталған энергия ресурстарының әлеуеті бойынша Қазақстанда көмірсутегіне қарағанда атом энергетикасы үшін зор әлеует қарастырылған. Елімізде атом энергетикасының қоры жеткілікті, бірақ одан ауаға тарайтын табиғи шығарымдарды азайту қажет, Киот хаттамасында көрсетілген экологиялық талаптарды сақтау қатаң ескертілген.

Қазақстан Республикасында атом энергетикасының дамуына мүмкіндіктер берілген. Аймақтарда уран өндіру саласы дамыған, дүниежүзілік уран қорының 19%- ы Қазақстанда өндіріледі. Бұл елімізде ядролық отынмен қамтамасыз ету алғышарттарының бар екендігін көрсетеді.

Республикамызда ядролық энергетика мен ядролық физика саласында алынған білімдер негізінде инфрақұрылымдар дамыған және ең бастысы атом энергетикасының қауіпсіздігі бойынша жұмыстар орындалу үстінде. Ядролық реакторлар үшін болашақта отынды сынақтан өткізу бойынша техникалық жобалар қолданысқа дайындалып жатыр.

Жалпы энергетика саласында өз ұсыныстарымен шетелдік инвесторлар келісімге келуге ниеттеніп отыр. Оның ішінде «Pure Nature Energy GmbH (PNE) еуропалық компаниясы Қазақстан нарығында неміс компанияларының бірқатар мүдделерін қарастыратын республикадағы гидроэнергетикалық кластерлерді дамытуға өз үлесін қосқалы отыр. 10 жылдың ішінде осы жоба аясында PNE қуаттылығы 5-тен 60 мВт-қа дейін жететін шағын гидроэнергетикалық станциялардың құрылысына 1 млрд евро инвестиция жұмсау қажет екендігі анықталып отыр [4].

«Қазақстан-2030» стратегиясын жүзеге асыруда (2010-2020 ж) энергетикалық кешенді дамытуға инвестицияны кординациялау бойынша инициативалар жасалды. Қаржылық қолдау даму институттары арқылы үлестік қатыс қағидасымен жүзеге асырылды. Бұл жағдайда жеке сектор 2-ші деңгейлі банктерді қоса алғанда тәуекелділікті өздеріне қажет. Осы даму банктері арқылы мемлекеттік энергетикалық жобаларды жүзеге асырады. Дүниежүзілік тәжірибеге сүйене отырып, «Қазақстан -2030», «Қазақстан -2050» стратегиясын жүзеге асыруды негізгі ынта энергетикалық кешеннің дамуына жұмсалады. Мемлекеттік органдар мен даму институтының қызметі энергетиканың инвестициялық бәсекелі үлгісін қалыптастыруға бағытталған. Стратегия энергетика саласында жоғарғы технологияны енгізуге және сол бағытта инновацияны енгізуге бағытталған, сонымен қатар бәсекелік артықшылықтардың артуын сипаттайтын технология трансфертінің тиімділігін жүзеге асыруға бағытталған. Дайын технология импортын жүзеге асыратын және оларды өңдейтін, сондай -ақ отандық экономиканы энергетикалық өндіріске ғылыми жасақтауларды енгізетін конструкторлық бюролар мен жобалық ұйымдарды дамыту қажет [5].

Энергетикалық инновацияның - бәсекелік үлгісінің қалыптасуының теориялық базасы индустриалды энергия тиімділігінің шегін жүйелі бағалау. Қазіргі энергетикалық база энергетикалық ресурстарға деген қажеттілікті қанағаттандыра алмай отыр. Осы жағдайда қолда бар энергия көздерін модернизациялау қажет. Энергетикадағы жинақталған құрылымдық тепе -теңдіктің сыншылдық деңгейінің индикаторы энергиясының негізгі көздерінің мүмкіндіктерінің таусылуы және энергетика бойынша экономикалық даму шектеулерінің пайда болуы. Сондай -ақ дағдарыс энергияның пайда болу көздерінің кеңеюін қажет етіп отыр.Әрбір дағдарыс дүниежүзілік энергетика қарқынын өзгеріске әкелді. Дағдарыс кезінде дүниежүзілік электротұтыну деңгейі төмендеп, ал дағдарыс аяқталған соң қайта жанданып отырды. Сондықтан энергетиканың теңсіздік отын энергетикасынан жалпы «электрлік» өмірге ауысуды көздейді [6].

ҚОРЫТЫНДЫ

Энергетиканың жаңа инновациясының - бәсекелік үлгісі энергетикалық дағдарыстар мен теңсіздіктің алдын алуға бағытталған. Бұл мұнай және газ дәуірінен индустриалды экономикаға көшу дегенді білдіреді. Энергетиканың инновациясының - бәсекелік үлгісінде оның әрбір саласы өзгермелі әлеуметтік және экологиялық талаптарға және өндірістің, энергияны тасымалдаудың және қолданудың тиімділігіне сәйкес келеді. Дүниежүзілік энергетика қатаң технология, экономикалық және экологиялық шектеулер жағдайында қалады, бұл Ресей мен Қазақстанның және т.б. елдердің экономикалық өсуінің жаңа траекториясына шығуды және индустриалдық энергетиканың алдын алатындығын көрсетеді.

Қазақстанда инновациялық - бәсекелік үлгісінің қалыптасуы тікелей өндірістік салалардың жағдайы мен дамуына байланысты.

 

Әдебиеттер тізімі

  1. Қазақстан Республикасының Президент! Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауы. 17 қаңтар 2014 ж.
  2. Кенжегузин М.Б., Днишев Ф.М., Альжанова Ф.Г. Наука и инновации рыночной экономике: мировой опыт и Казахстан. - Алматы: ИЭ MOH PK. -2012. - 256 с.
  3. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитетінің талдау ақпараты//www.comprom.kz/attachments/analysis.doc.
  4. Kazenenergy қауымдастығының интернет сайтындағы талдама ақпарат //http://old. Kazenenergy.com/index.php?option=com_content task =View id=14883 Itemid=65.
  5. Шамрай Ю. Инновации и повышение конкурентоспособности национальной экономики: современный подход //Проблемы теории и практики управления. - 2014. - № 2. - С. 67-74.
  6. Қазақстан Республикасының электр энергетикалық жүйесі www kegog.kz/kz/about/national_energosystem.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.