Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу шаралары: отандық және шетелдік тәжірибелер

Аңдатпа

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу шараларын атап өтіп, еліміздегі заңнама бойынша қолданылып келе жатқан шаралар мен шетелдік заңнама бойынша қандай шаралар қолданылатындығы айтылып өтті. Сонымен қатар бұл кеселмен күресудің маңыздылығы болып кешенді шаралардың ұтымды түрде жүзеге асырылуы табылады.

КІРІСПЕ БӨЛІМ

«Ең бастысы — әрбір мемлекеттік құрылыстың жанындағы істі, лауазымды тұлғалар пайдаға батпайтындай етіп қою керек». Бұл пікірді антикалық дана Аристотель айтқан. Ол уақыттан бері екі мың жарымдай жыл өтті, бірақ ең зұлым әлеуметтік жауыздық - сыбайлас жемқорлықты құрту адамзаттың әлі де қолынан келмеді.

Соңғы уақытта Қазақстанда сыбайлас жемқорлықтың «тамырын» шабуға бағытталған көптеген нәтижелі жұмыстар атқарылып жатыр. Соған сәйкес Мемлекеттік бағдарлама қабылданып, соттық жүйені реформалау да жүргізілуде. Мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдық міндеттерін орындаудағы жауапкершіліктерін арттыру шаралары қолданылуда. Бірақ, қоғам мен мемлекеттің мүмкіндіктерін біріктіретін, сыбайлас жемқорлық қылмыстарды ескертетін жаңа тұжырымдық үлгіні дайындауда талдаулық, ұйымдастырушылық және насихаттау жұмыстарын қолға алу қажет.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - бұл үздіксіз процесс. Сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін жауаптылық нормаларының қолданылмауы, абсолютті көрсеткіш болып табылмайды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің болмауы сыбайлас жемқорлықтың өзінің болмауымен бірдей. Сыбайлас жемқорлықтың тамырына үңілгенде бұл мәселеден шығудың жолы жоқ деген сезім тумауы керек.

НЕПЗП БӨЛІМ

Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықпен күрес шараларының ішінде қылмыстық-құқықтық дәстүр басымдығы бар, бірақ мұндай басымдықтың өлшемін анықтау қиынға соғады. Жыл сайынғы сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылатын шенеуніктерді мысалға алсақ, бұл «аксиоманың» ақиқаттылығына күмән туғызамыз. Осы уақытқа дейін барлық елдерде сыбайлас жемқорлықтың пайда болуының жойылған (барлық құралдармен) санын анықтайтын сенімді әдістер жасалмаған. Тек кейбір жақтарынан ғана теңгерімсіздіктер және қарама-қайшылықтар және басқа да сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шаралары туралы сенімді айтуға болады. Эрине, тек қылмыстық немесе басқа да заңдар арқылы сыбайлас жемқорлықты жеңе алмаймыз. Қылмыстық- құқықтық тиымдар сыбайлас жемқорлықтың көптеген бөлігі мен басқа да құқық бұзушылықтарды жазалау қатерімен ғана емес, жалпы талқылауға жататын эрекет ету шегін қою арқылы да жоюға қызмет етеді. Мемлекетіміз осы қылмыстық заңның көмегімен күн сайын шенеуніктер мен барлық азаматтарға пара беруге және алуға болмайтынын ескертіп келеді. Сыбайлас жемқорлық қылмысы - бұл күрделі көпжоспарлы әлеуметтік жағымсыз болмыс [1].

Көптеген елдердің заңгерлерінің пікірінше, бұл мәселенің шешілуіне қылмысқа қарсы күрестің криминологиялық әдістерін қолдану себебін тигізеді, соның ішінде кіріс кездеріне, қаржы-экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа күдікті басқа тұлғалардың қызметтеріне ерекше әлеуметтік-құқықтық бақылауды бекіту де бар.

Әлеуметтік-құқықтық бақылау сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес құралы ретінде Жапония мен АҚШ-та дамып келеді. Жапонияда ұйымдасқан қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке алынған тұлғаларды заңмен бекітілген тіркеуге алу жүргізіледі. Мұндай тіркеуге алудың дерегі, әдетте көпшілік назарына бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жетіп, ол жеке тұлғаның мінез- құлқына бақылауды бекітуге құқықтық негіз болып табылады.

АҚШ-та ұйымдасқан қылмысты бақылау туралы федералдық заң қолданылады. Базалық операциялық түсінік ретінде онда «рэкеттік әрекет» термині қолданылған, онда пара беру және алумен қатар (бопсалаушылық, алаяқтықтың кейбір түрлері, құмарлық ойындармен ойнау, есірткі затттарымен заңсыз айналысу және т.б), ұйымдасқан қылмыспен байланысы бар құқық бұзушылықтар қамтылады. Рэкет қылмысына қарсы күреске соттармен қатар өздерінің отырысында көрсетілген қызметтегі жеке тұлғалармен жұмыс жасау туралы материалдарды қарастыратын, жеке штат шеңберінде құрылған арнайы органдар да (Жоғарғы әділқазылар) жүзеге асыру үшін жұмылдырылған. Erep Жоғарғы әділқазылар қылмыстық тексеруге алуға негіз тапса, онда іс сот органдарына жіберіледі. Соттың шешімі шыққанға дейін күдікті бақылауға алынады, оған заңда қарастырылғандай бірқатар тиым салулар және міндеттіліктер жүктеледі [2].

Қазақстан Республикасының қолданыстағы Заңдары Елбасы жарлықтары, министрліктер мен мекемелердің нормативтік актілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте қолданылатын әр түрлі бақылау шараларын қарастырады. Бұл шаралардың елеулі мөлшері мен әр түрлілігін есепке ала отырып, оларды белгілі бір топтау шеңберінде орынды қарастыру ұсынылады. Құқықтың табиғаты мен сипатына қарай қолданыстағы бақылау шараларын екі негізгі топқа белуге болады.

ҚР «Жедел-іздестіру қызметі туралы» 1994 жылғы 15-қыркүйектегі Заңы осы органдардың құқықтарын белгілі бір жағдайларда азаматтардың сұрауларын жүзеге асыруды, анықтамаларды енгізуді, пошталық жөнелтілімдерді қадағалау және бақылау, телефондық келіссөздерді тыңдауды және т.б. қарастырады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте қолданылатын әлеуметтік-құқықтық бақылау шараларын әрекет ету механизміне байланысты тағы екі топқа белуге болады: бұлар - бақылаушы субъектілерінің билік ету өкілеттігі және оларға міндеттерін хабарлайтын, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына объективті түрде қысым жасамайтын бақыланушы жеке және заңды тұлғалар. Осындай шараларға әр түрлі құқықтық нысандарда айтылған бақылаушы құрылымдардың қажетті ақпаратты алуына, ұсынылған мәліметтердің жалған еместігін тексеруі мысал бола алады. Жоғарыда айтылған шаралардың жалпы кемшілігі олардың жүйесіздігі, жеке нормативтік актілер бойынша бір мақсатқа бағытталмауы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы арнайы бағыттың жоқтығы. Қолданылатын әлеуметтік-құқықтық бақылау шараларының нәтижесіздігіне оны орындаушылардың өзара бірігіп әрекет етуінің әлсіз болуы да жатады.

Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес шаралары күшейтіліп келе жатқандығын айта кету керек. Соның ішінде ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» арнайы Заңдар қабылданды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес арнайы дайындалған Мемлекеттік бағдарлама негізінде жүзеге асырылады. Жоғарыда айтылған екі заңда әлеуметтік-құқықтық бақылауға көп назар аударылған. Мысалы, ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік қызметке қабылдану кезінде азамат салық қызметі органдарына кірістері және өзінің жеке меншік құқығына жататын, салық салу объектісі болып табылатын мүлігі туралы мәлімет ұсынуы тиіс. Осы баптың 4-бөлімінде әкімшілік мемлекеттік қызметті тек арнайы тексеруден өткеннен кейін ғана атқаруға болатындығы туралы айтылған. Көрсетілген заңда мемлекеттік қызметке келуге байланысты шектеулер қарастырылған. Оның негізгі мақсаты - мемлекеттік қызметкерлер тарапынан болатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайларына жол бермеу.

Басқа мәселелер сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы бақылаудың орындалуы кезіндегі қадағалау мен тексеру объектісі болатын белгілі бір тұлғалар шеңберін анықтауға қатысты. ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік міндеттерді орындауға уәкілетті және оларға тең барлық тұлғалар тұрғылықты жері бойынша салық қызметкерлеріне өзінің мүліктік және кіріс жағдайы туралы мәліметтерді ұсынуға тиісті. Осындай ереже жоғарыда айтылған ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңыңда да бар [1].

Қызмет бабын пайдаланып, мемлекет мүлкін талан-таражға салу, ақ адал жандардың обал, сауабын аттап, имандылық қасиеттерден жұрдай болу секілді бастапқы нышандары сонау мүлік теңсіздігі пайда болған тұста-ақ қылаң берген жемқорлық сипатындағы қылмыстардың түп-тамырын қуалап келсеңіз алаған қолым береген деген ұстанымға саятын мұндай бақай есепшілік ертеден-ақ көптеген мемлекеттерде орнығып қалған. Олардың бір-бірінен ат төбеліндей айырмашылығы тойымсыздық пен ашкөздіктің әр мемлекетте әр түрлі деңгейде екендігінде ғана. Адамзаттың ұшқыр ақыл-ойы уақыт шабысымен бірге үзеңгі қағыстырып қатар келе жатқан жемқорлықты болдырмас үшін қандай тәсіл ойлап таппады дейсіз. Олар жұрт күткендегідей нәтиже берсе жемқорлық ұғымы санадан сызылып, ол әлдеқашан көнерген сөздердің қанжығасында кетер еді ғой. Керісінше, бай мен кедейдің аражігі ашылып, қоғамдағы қайшылықтар тереңдеген сайын, жұрт сыйлаған лауазымды адамдардың қазына-мүлкіне көз тігіп, сұғанақтық жасауы тіптен асқынып бара жатқандай. Мемлекетімізде әлгіндей тобасын ұмытып, мейманасы асқандарды тәубесіне түсіре қоятын заңымыз да бар. Соған қарамастан ел ырысының үстінен қалқып ішіп, сыбайласып жемқорлық жасау бір тыйылмай келеді. Заң талабында мін болмағанымен оның орындалуында олқылықтың көп екендігін, жайған торға шортандардың емес, ұсақ-түйек шабақтардың ілігетіндігін Елбасымыздың өзі де талай мәрте қадап айтып, мүдделі орындардың басшыларын ел-жұрт алдында әлденеше рет қызартқан еді. Бірақ одан да өңін өзгертіп жатқан жағдай шамалы. Мемлекет басшысының әлгі ащы сындарынан кейін еңселері түскен шенеуніктер әдеттегідей қозғалған сыңай танытып, көз алдаған кейіп танытады да жемқорлықпен күрес сол баяғы мимырт қалпына қайта түседі. Бірқызығы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңның талаптары қолданысқа енгелі бері заң құрығынан таза шығудың айла-шарғылары да сан құбылып, өзгеріп келеді. Осыдан он шақты жыл бұрын қапияда қылмысы ашылып, абыройдан айырылған лауазымды тұлға аурухана төсегіне қасақана таңылып, есі ауысқан деген анықтама алу арқылы табалдырықтың тұсында тұрған заң құрығынан сытылып шығып кететін. Кейін оның да өрісі тарылды. Here десеңіз кешегі күнге дейін ел-жұртқа ақыл айтып, жөн-жоба сілтеп келген ақыл-есі түзу данагөй басшының табан астынан жүйке ауруына шалдығып, науқас адамның мүсәпір кейпін танытуы сырт көзге аққа қара күйе жаққандай бәрібір анық көрініп қалатын. Жоғарыдағылар осыдан ұялды ма екен бес жасар баланың өзін иландырмайтын әлгіндей ұшқары әрекеттер ауа жайылып бара жатқаннан соң жалған анықтама беріп, сау адамды ауру етіп шығарған дәрігерлік сот сарапшыларын жаппай жазаға тарта бастап еді, талай- талай шенеуніктің жанына сая болған жағымсыз құбылыста ішін тартып, тына қалған. Алайда бұл да уақытша шара болып шықты. Заң талабын қанша жерден жетілдіріп қатайттық деп көңіл демдегенімізбен, өкініштісі сол жемқорлықпен күрестің түпкі сипаты өзгеріссіз қалды. Енді былайғы жұрт екпінінен ел жасқанатын басшының жазатайым заң құрығына іліккенімен оның оңайлықпен аттан аударылып түспейтіндігін, іс насырға шапқан күннің өзінде де оның сот арқылы ақталып немесе жай ғана шартты түрдегі жазаға тартылып, темір тордың ар жағындағы ботқаның дәмін татпайтындығын іштей сезіп отыратын болды.

Сонымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңның талаптары жалы күдірейген мықтыларға тісі батпайтын, қатардағыларға қаһары күшті науқаншылдыққа айналып кетті. Осы күні мемлекеттік қызметтегі лауазымды тұлғалар жыл сайын салық органдарына тапқан табысы жөнінде кіріс декларациясын тапсырады. Мұны мемлекеттік қызметтегі адамның алтын уақытын ұрлап, едәуір уақыт бойына ащы ішектей шұбатылған кезектің соңына байлап қоятын машақаты көп шаруа демесеңіз ол да жемқор басшының тәбетін шектейтіндей тиімді шара емес, көз үйренген дағдылы науқан. Көлденең табысын ылғи да ішке бүгіп жасырып қалатын лауазымды тұлғаның қылмысы ол депутаттық бәсекеге түсіп, қарсыласының қазбалауымен қапияда ашылып, жалпақ жұртқа жария болып қалмаса, былайша уақытта кез келген атқа мінген басшы лас жолдармен құйылып жатқан кірісін ағынан жарылып, өзгелердің алдына жайып салады деудің өзі ақылға сыймайды. Бір сөзбен айтқанда, заң талабы түзу болғанымен оның тетіктері терең ойластырылмағандықтан қашан да ол қозғалысқа енбей малтығып қалады. Оны құқық қорғау органдарының осы бағыттағы жүргізіп жатқан іс-қимылдарынан да анық байқауға болатындай. Қолдағы бар деректерге жүгінсек өткен жылдың тоғыз айы ішінде Алматы облысының аумағында сыбайлас жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментімен 54, ішкі істер органдарымен, ұлттық қауіпсіздік органымен 11 қылмыс ашылып, прокурорлармен қылмыстық іс қозғалған. Оны тұлғалардың лауазымына қарай жіктесек, осы кезең ішінде соттың төрағасына, аудан әкімінің орынбасарына, 9 ауылдық округтік әкіммен оның орынбасарларына, 10 ішкі істер органдарының қызметкеріне, 5 салық қызметінің тұлғаларына, 5 сот орындаушысына, 9 пара берген немесе соларға делдалдық жасағандарға, тағы да басқа 34 мемлекеттік қызметкерге қатысты қылмыстық іс қозғалған. Көрсеткіш тым қомақты болғанымен осынау жауапқа тартылғандардың арасында үлкен лауазымды қызмет атқарып жүріп мемлекетке ірі келемде залал келтірген басшыға қатысты бір іс жоқ. Таңқаларлығы бұл да емес, осы есепті кезең ішінде тергеу мен анықтама органдарының өндірісіндегі 127 сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстық істің бар болғаны 56 ғана сот табалдырығына жетіп жығылған. Сонда бұл тергеу органдарының әлсіздігінен бе, әлде қылмысты ашу пайызын өсіріп көрсетудің амалы ма. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізетін кейбір органдардың көрсеткіші қуалау барысында жазықсыз азаматтарды заңға тарту, қылмыс құрамын анықтамай тұрып, заңсыз іс қозғау сияқты өрескел кемшіліктерге жол беріп жататындығын Алматы облысы прокурорының аға көмекшісі Р.Керейбаева да жоққа шығармайды. Олай дейтініміз сол өткен жылдың тоғыз айы ішінде прокуратура органдарымен заңсыз ұсталып, конституциялық құқықтары бұзылған азаматтарға қатысты 4 деректің орын алғандығы анықталған. Көптеген мамандар сотты айтпағанда қадағалау органдарының табалдырықтарынан аса ал май қалатын әлгіндей шала-жансар істердің бар болғаны қылмысты ашу көрсеткішін ортайтпау үшін жасалынатын жаттанды амал екендігін қадап айтады [3].

Ал жақында республикалық «Асар» партиясының төрайымы Дариға Назарбаева жер-жердегі әкім қаралардың кірістерін қатаң бақылауға алудың қажеттігін айтты. Бұл әңгіменің астарында да қоғамымызға дендеп еніп бара жатқан жемқорлықтың алдын алу шарасының тебе керсетіп тұрғандығы дау тудырмайды. Дариға ханымның бұл ойы жұртшылық тарапынан қызу қолдау тапқан қүннің өзінде де оның жүзеге аса қоятынына күмән көп. Олай дейтініміз «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңында жаза басқан мемлекеттік қызметтегі лауазымды тұлғаларды тырп еткізбейтін баптар жетіп артылады. Бар кілтипан құқық қорғау органдары өкілдерінің жеме жемге келгенде құрығы ұзын басшының айбынынан сескеніп, абдырап қалатындығында ғана. Қаһарынан қар жауған баптардың күштілерді айналып өтіп, оңтайлаған сойылын сорлыға сілтейтінінде осындай сыр бар. Сонда оны қайта-қайта жаңғыртып еске салғаннан не ұтамыз. Оның үстіне осы заңда икемдеп исең лауазымды тұлғалардың пайдасына қарай жығыла қалатын бұлдыр баптар жетерлік. Айталық осы заңның 10-бабында лауазымды тұлғаға мемлекеттік қызметке келгеннен кейін бұған дейінгі шұғылданған бүкіл кәсіпшілігін сенімді өкіліне тапсыру міндеттелінген. Заң талабы дұрыс-ақ. Алайда сауда-саттығы бар жеке кәсіпкер мемлекеттік қызметке қабылданып, лауазымды қызметтің орын тағына жайғасқаннан кейін өз кәсібін өркендетіп, оны қорғау үшін артық ауыс қимылға бармайды, одан біржолата қол үзіп кетеді деп ойлаудың өзі қисынға келе қоя ма, Заңгерлер қауымының бұл төңіректегі ой-пікірлеріне құлақ түрсеңіз бүгінгі адамдық ой-санадан әлдеқайда озық тұрған, тек өркениетті мемлекеттерге ғана тән, ал біздің жағдайымызда заңның ұзын қарасын көбейткені болмаса, нақтылы тәжірибе жүзінде қозғалысқа ене бермейтін өлі баптар жетіп артылатын керінеді. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңның 12-бабында лауазымды тұлғаның өз өкілеттігі шеңберінде заңды және жеке тұлғалардың мәселелерін белгіленген мерзім ішінде қаса-қана шешпеуі жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық болып табылатындығы айтылған. Қазақстан Республикасының «Азаматтардың арыз-шағымын қарау туралы» заңында баса көрсетілген мәселенің бірі де осы. Сонда алдына келген адамды түрлі сылтау айтып, әуре-сарсаңға салып қоятын тоңмойын басшының заңсыз әрекетін қалай әшкерелеп, дәлелдеуге болады. Шынтуайтына келсек жаны жаппарға таянған ондай лауазымды тұлғаның ісі шиеленіскен тұста жауапкершілікті басқаға сілтеп не болмаса сырқаттанып қалғандығын растайтын құжаттар ұсынып, заң құрығынан сытылып шығып кететін саңылаулары көп ақ [4].

Сыбайлас жемқорлық дегеніміз - қоғам мен мемлекеттің қылмыстық сипат алуы сияқты қауіпті ұғым. Оның жоғары деңгейдегі қоғамдық қауіптілігі ол мемлекеттіліктің негізін құлдыратып, ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіреді. Сыбайлас жемқорлық - бүкіләлемдік проблема. Сондықтан оның кез-келген түрлерімен аяусыз күресіп, түп-тамырымен жойған дұрыс. Ал ол үшін қандай әрекеттер жасалуы тиіс?

Сыбайлас жемқорлықты ауыздықтау үшін төмендегідей мәселелерге назар аудару керек:

  • мемлекеттік институттарды реформалау, оның ішінде мемлекеттік қызмет реформалары, салық, қаржы менеджменттің реттестірілуі, құқықтық және сот жүйесінің күшейтілуі;
  • аталған кең көлемді реформаларды іске асыруда заңдылықтың сақталуына бағытталған шаралардың ашық жолмен жүргізілуі;
  • құқықтық реформалау кезеңінде сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық істердің сапалы және толыққанды тергелуі.

ҚОРЫТЫНДЫ

Біздің ойымызша, сыбайлас жемқорлық негізінен мемлекеттік жүйеде орын алатындықтан, билік сенім білдіріп, құқық берген лауазымды адамдар моральдық тұрғыдан таза болулары керек.

Бүгінгі таңда құқық қорғау органдары әшкерелеп жатқан мемлекеттік қызметшілер тарапынан жасалатын сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтың сипатын, жасалу себептері мен осыған итермелеген жағдайларға талдау жасайтын болсақ, олардың басым көпшілігі заңды білмеуден немесе оған немқұрайды қараудан орын алуда. Мысалы, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының талабына сәйкес мемлекеттік міндеттер атқаруға уәкілетті адамдар мен оған теңестірілген адамдар жыл сайын тұрғылықты жері бойынша салық органдарына табыстары туралы мәлімдеме тапсыруға міндетті.

Алғашқы жылдары осы декларацияны уақытылы тапсырмау сияқты әкімшілік құқық бұзушылықтар жиі кездесетін болса, қазіргі кезде ондағы мүліктері жөніндегі мәліметтердің толық болмайтыны орын алуда. Бұл құқық бұзушылықты мемлекеттік қызметшілер мен оған теңестірілген адамдар әдейі жасайды деуге болмайды. Бұл негізінен қызметкерлердің жауапсыздығынан, осы мәселеге немқұрайды қарауынан немесе заңды білмеуінен болады.

Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш- жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.

Ел болып еңсемізді көтергенімізге, тәуелсіздігімізді алып, шаршы әлемге танылғанымызға жиырма жылдай уақыт өтті. Өткенімізге көз салсақ, Елбасымыз Нурсултан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар мен іс- шаралар қабылданып, ел экономикасы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орынын айқындады. Бүкіл әлемге өзінің біртұтастығымен, ажырамас бірлігімен танылды. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әртүрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойды. Ол жол - Президентіміз Нурсултан Әбішұлының бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы.

Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.

 

Әдебиеттер тізімі

  1. М.Искужина. Жемқорлыққа қарсы күрес шаралары. //Жайық шұғыласы. Махамбет аудандық басылымы. 14.05.2015ж.
  2. Қапаров C.F. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асырудың шетелдік тәжірибесі.
  3. Алматы облысы прокурорының аға көмекшісі Р.Керейбаева [Электрондық ресурс]. -2015. - www.sirius.zkgmu.kz. (17.02.2016).
  4. Е.С Алауханов « Сыбайлас жемқорлықпен күресу негіздері». - Алматы, 2009.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.