Аңдатпа
Бұл мақалада телекомпания мысалында әлеуметтік бағыттағы медиажобаны құру механизмдері қарастырылған. Медиа-жоба жалпы коммуникация құралы ретінде қазірті қоғамдағы неғұрлым өзекті мәселелері бойынша аудиториямен диалог жургізу ушін алаңды білдіреді.
КІРІСПЕ
Әлеуметтік өмірдің күрделігі мен әртараптығы пайда болатын мәселелерді тиімді шешуге және ол үшін барлық ресурстарды тартуға мүмкіндік беретін құрылымдау мен реттеудің механизмдерінің болуымен байланысты. Осындай механизімдердің бірі әлеуметтік бағыттағы медиа-жобаларды құру болып табылады.
Медиа-жоба түсінігі тілшілік тәжірибе объектісі ретінде түрліше қарастыруға болады. «Жоба» термині пайда болаған классикалық менеджмент тұрғысынан да, медиа-жобаның форматы мен типін анықтайтын тілші тұрғысынан да қарастыралады.
Медиа-жобалар егер медиа-өнімнің бұл түрі телевизиядан көрсетілу үшін дайындалса телевизиялық жобаға теңестіріледі. Әдетте жоба ақпараттық-танымдық, әлеуметтік- мәдени және ойын-сауықтық сипатта болады.
Медиа-жоба түсінігін сонымен қатар, аудиторияға бірегей авторлық бағдарлама, репортаж эәне видесюжет беретін мәдени және әлеуметтік тақырыптағы сапалы ұжымдық блог ретінде қарастыруға болады. Сонымен қатар, қазіргі қоғамдағы неғұрлым өзекті мәселелер бойынша аудиториямен диалог жүргізу үшін алаң болып табылатын жалпы коммуникация құралы.
НЕПЗП БӨЛІМ
Кез-келген медиа-жобаны жүзеге асыру кезенде оны жүргізу мен басқарудың стратегиясы мен тактикасын анықтау қажет. Ол үшін алқалық құрам оның ерекшеліктері мен қасиеттерін айқын білуі керек.
Масс-медиадағы негізгі бағыттар жалпы аудиторияны әрқайсысы өз бағдарламасы мен хабарламасына ие сегменттер мен ішкі топтарға бөлуден тұрады. Осының барлығы жоғары сапалы және белгілі бір бағыттағы бірегей медиа-жобаны тұрақты, үздіксіз қалыптастырудың маңыздылығын түсінуге алып келеді.
Көптеген медиа-жобалар тілшілерге өз ойын айтуға, әлеуметтік-мәдени тақырып бойынша өзекті ақпарат алып, оны талқылауға мүкіндік берілетін ұжымдық шығармашылыққа негізделеді. Әрбір тілші материалы барлық алқалық құрамның өнімі. Дайындалған материал жоспарланған медиа-жоба үшін келесі кезеңдерден өтеді:
- сапалық іріктеу;
- корректура;
- фактілер, дата, атауларын және т.б. тексеру;
- мәтін жазу;
- видео қатарды таңдау.
Осыларды ескере отырып, аудиторияға тақырып шеңберінде жоғары сапалы және терең ақпарат беруге болады [1].
Әлеуметтік бағыттағы медиа-жоба кең аудиторияға бағытталған. Оның басты мақсаты қоғамдағы әлеуметтік аспектілерді ашу және әлеуметтік өмірде оларды шоғырландыру болып табылады. қандай да бір қоғамдық топтар мүдделерін ескеретін әлеуметтік феномендердің белгілі-бір трактовкасы қалыптасып жатыр. Жоба оны жүзеге асырудың нақты әдістері мен жүзеге асыру қадамдарын ескеретін нақты жағдайды сипаттау болып табылады. Жобаның негізгі сипаттары келесілер:
- мақсат - мәселені шешу;
- басталуы мен аяқталуының белгіленген мерзімдері;
- ресурстар;
- нәтиже.
БАҚ өз қызметінде қоғам өмірінің жағымды және жағымсыз аспектілерін қарастырады. Олар аудиторияны өмір сүрудің барлық жақтары, оның ішінде қоғамға ең алдымен назар аударуды қажет ететін әлеуметтік сфера туралы айтады. Осыдан келіп, әлеуметтік бағыттағы медиа-жобаның негізгі міндеттерін бөліп көрсетуге болады:
- сапалы медиа өнім құру;
- әлеуметтік бағыттағы мәселелерді айқындау;
- әлеуметтік мәселелердің шешімін табуға аудиторияны тарту;
- қоғамдық пікір және тақырыптық пікір талас жүргізу үшін алаң қалыптастыру.
- әлеуметтік сферада ақпараттық қажеттілті қанағаттандыруға аудиторияға мүмкіндік беру.
Бүгінгі таңда медиа-жобаны құрудың халықаралық және отандық тәжірибесі келесідей негізгі типтерді бөліп көрсетеді:
Зерттеушілік жоба, өзекті болуы шарт және нақты белгіленген мақсаты, әлеуметтік маңыздылығы, ойластырылған құрылымы мен әдістері болуы керек.
Шығармашылық жоба, әдетте нақты жасақталған құрылымы жоқ және қызықты, креативті жоба құруға негізделеді.
Ойындық жоба жоба сипатына сай қатысушыларына өздерін белгілі бір рөлде ойын жағдайында көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл жерде шығармашылық деңгей өте жоғары, бірақ ойын басымырақ болады.
Ақпараттық жоба ақпарат жинауға, оны талдауға және жүйелеуге бағытталған [2].
Мәдени жоба тарихи және мәдени құбылыстар мен оқиғалармен байланысты.
Жоба өзекті, жемісті және тиімді болуы үшін оның келесідей сипаттарын бөліп көрсету керек:
Мәселені айқындауда мақсатқа қол жеткізуге бағытталу
Нақты осы мақсаттар кез-келген медиа-жобаны қозғаушы куш болып табылады, оларға қол жеткізу үшін оны жоспарлау мен жүзеге асыруға барлық күш жұмсалады. Медиа-жоба құру нақты мақсаттарды анықтау, содан кейін міндеттерді шешуден тұрады.
Өзара байланысты іс-әрекеттерді орындау.
Жоба өзара байланысты бөліктерден тұратын тұтас жүйе болғандықтан, кейбір міндеттер алдыңғысы аяқталмай жүзеге асырылмайды. Erep түрлі міндеттерді орындау кезеңділігі бұзылса, жобаға қауіп төнеді.
Уақыт бойынша ұзақтылықтың шектеулігі.
Медиа-жобалар нақты уақыт кезеңінде орындалады. Оның нақты басы мен аяғы болады. Жоба оның негізгі мақсатына қол жеткізілгенде аяқталады. Ол үшін медиа-жобаға енгізілген тапсырмалардың басталуы мен аяқталу уақытын көрсететін кесте дайындалады.
Бірегейлігі.
Медиа-жобалар қайталанбас және бірмезеттік шара. Сонымен қатар бірегейлік деңгейі әр жобада әр түрлі болып келеді. Erep тақырып ұқсас болса, медиа-жобаны құру мен жүзеге асыру тәсілдері әртүрлі, сәйкесінше бірегейлікгі де өзгеше болады.
Жобаны басқару.
Жобаны басқару уақыт пен ресурстардың шектеулігі жағдайында ең жоғары мүмкін болатын тиімділікпен жобаны жүзеге асыруға бағытталған қызметті білдіреді. Бұл тек медиялық орта өнімі ғана емес, оны құрып, жүзеге асыратын адамдардың кешенді өзара іс- әрекеті болып табылады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Сонымен, әлеуметтік бағыттағы медиа-жоба қандай да бір әлеуметтік мәселені немесе мәселелер топтарын шешуге көмектеседі. Әлеуметтік сфераны айқындаудың жобалық технологиясы мәселеге жаңаша көзқараспен қарайды. Әлеуметтік бағыттағы медиа-жобалардың тиімділігі өте жоғары, себебі жағдайдың барлық аспектілерін қамтиды және қарастырылатын мәселеге тұтастық қатынас қалыптастырады.
Әдебиеттер тізімі
- 1 Управление медиапроектами - https://cerebrohq.com/ru/2011/04/05/cource- rea Itime-Cerebro/
- 2 Бузин, В. Н. Медиапланирование. Теория и практика [Электронный ресурс] : учеб, пособие. - М. : ЮНИТИ-ДАНА, 2012. - 495 с. - ISBN 978-5-238-01769-3.