Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ландшафттық дизайндағы begonia l. туысының биоалуантүрлілігі

Аңдатпа

Қала аумағының антропогендік әсерге ұшырауы негізінде жұмыс істеуінің басты механизмі және қала экосистемасының тұрақтылығын, қала тұрғындарының салауатты өмір сүру ортасын анықтайтын фактор ландшафттық көгалдандыру болып табылады. Қазіргі уақытта ландшафттық көгалдандыруда қолданылатын гүлді дақылдардың сапасына және ассортимент!не баса назар аударылады.

Ақтөбе облысын көгалдандыру мақсатында сәндік өсімдіктердің биоалуантүрлілігін ұтымды пайдалану және зерттеу экологиялық тепе-теңдікті сақтау, биоалуантүрлілікті арттыру және генофондты қорғау тұрғысынан маңызы өте жоғары. Осы мақаланың зерттеу нысаны ретінде алынған Begonia L. туысының өкілдері өзінің көлемі, жапырағы және гүлінің өзгешелігі бойынша ландшафттық дизайнерлерге, бағбандарға бақтарды, саябақ және көшелерді безендіру үшін қолдануға болатын сәндік композициялар жасауға мүмкіндік береді. Оның қолдану аясы әртүрлі: ландшафтты дизайн, салтанатты аймақтарды көгалдандыру, жеке үй телімдері, пейзаж композицияларын қүру.

Kipicne

Бегония - жабықтұқымды өсімдіктерге жататын ірі туыстарының бірі, Begoniaceae тұқымдасына жатады, 1400-ге жуық түрі бар. Көптеген түрлері тропикалық таулы немесе орманда өсетін гидрофильді, яғни көлеңкеге төзімді өсімдіктер болып табылады. Олардың кішкене тұқымдары бар, көпшілік жағдайда олар аналық өсімдікке жақын сейіледі және кейбір түрлерінде ашық гүлдері бар, олардың тұқымдары әмбебап бунақденелілер арқылы тозаңданады.

Бегония - тамырлы өсімдіктердің ішінде ірі түрлерінің бірі[1], қазіргі кезде 1835 түрден түрады[2], сонымен қатар 15000 гибриді бар[3]. Бегония - гүлзарда, кәрзеңкеде, аспалы өсімдік ретінде өсірілетін танымал сәндік өсімдіктер. Олар түрішілік жеңіл гибридизацияланады, және көптеген коммерциялық жағдайда өсірілген бегония қазіргі кезде гибрид болып табылады[4].

«Бегония» атауы алгаш рет 1700 жылы аралдьщ интенданты Мишель Бетонный қүрметіне аталған, франциялық Антильдік аралдан табылган 6 түрін сипаттаган Ж.П.Турнефор арқылы жарық көрді[5].

Бегония түрлері және сорттары ландшафттық көгалдандыру мақсатында қолданудың болашағы зор. Олардың көпшілігі үй-жайлардың қолайсыз микроэкологиялық жағдайларына төзімді, фитонцидтік және қоршаған орта жағдайын жақсарту қасиеттері бар[6,7]. Алайда бүл өсімдіктерді практика жүзінде қолдану олардың декоративтік қасиеттеріне негізделген.

Қазіргі кезде В.В.Воронцов бойынша бегонияның классификациясы белгілі: түйнекті (Gloire de Lorrain, Rigger, drega); бүталы (Weltena, Coral); әдемі гүлдейтін (Semperflorens, Elatior); сәндік-жапырақты (Rex, Mesona)[8],

Басым эстетикалық әсері бойынша бегонияның 2 үлкен түр тобы бар: әдемі гүлдейтін және сәндік-жапырақты бегония.

Әдемі гүлдейтін бегонияның түрлікалуандылығы 2 гибридтік кешенмен шектеледі - B.Semperflorens х BAuberhibridaf 1 ]. Біріншісі - B.cucullata Willd, екіншісі - B.gracilis Kunth негізінде алынған. Бұл бегония түрлерін көгалдандыру мақсатында қолдануда басты назар гүлдеу ұзақтығына және гүлдерінің сипатына аударылады[9].

Көптеген сорттар көгалдандыру объектілерін гүлмен көркейтуде түстердің кең спектрін қолдануға мүмкіндік береді.

Аймақтың көлеңкелі жағдайының артықшылығы ретінде гүлзарларда өсіруге бегонияның мәңгі гүлдейтін Begonia Semperflorens сияқты көлеңкеге төзімді дақылдары қолданылады. Мәңгі гүлдейтін Begonia Semperflorens - ландшафттық дизайнерлер және гүл өсірушілер жақсы көретін қарапайым өсімдіктердің бірі. Бұл көпжылдық өсімдікті бөлмелік өсімдік ретінде де қарастырады. Оның халықтық атауы - «девичья краса».

Бегонияның биоалуандылығы барлық кеңістіктік масштаб бойынша диапазонның шектелуін көрсетеді. Бегония өсімдігінің түрішілік популяциясы біркелкі таралмаған[8], көптеген кіші және тығыз популяциялар жарамсыз тіршілік ету ортасының кейбір арақашықтығы бойынша бөлінеді.

Бегония туысының (Begonia L.) көпшілігі түрлік масштаб бойынша тар диапозондағы эндемиктар болып табылады. Жергілікті масштабта жеке монофилетикалық топтардың үстемдігінің тенденциясы байқалады.

Негізгі бөлім

Зерттеу мақсаты - Ақтөбе облысының ауа райы жағдайына сай келетін Begonia туысының перспективті сорттарын анықтау.

Ақтөбе облысың ауа райы жағдайына сай келетін Begonia туысының перспективті сорттарын таңдау мақсатында Begonia Semperflorens түрінің Боушин Fl, Fl Малышка және Птенчик Fl сорттары таңдалып алынды.

Боушин Fl сорты. Қолайсыз ауа райы жағдайына жоғары төзімділігімен сипатталады, өсіруде айтарлықтай нәтиже көрсетеді. Өсімдік сопақ пішінді, биіктігі 20 см-ге жететін жақсы тармақталған бүталар түзеді. Ашық-қызғылт гүлдері қою- жасыл жапырақтарымен жақсы үйлеседі, сонымен қатар аяз түскенге дейін үздіксіз өзінің сәндік қызметін сақтайды. Өсімдік «өзін-өзі тазартуға» қабілетті - қураған гүлдерін алудың қажеті жоқ, олардың орнына жаңасы өсіп шығады. Топтық екпелерге үшін өте қолайлы.

Fl Малышка сорты. Көпжылдық шөптекті өсімдік. Шағын бүталы өсімдік, биіктігі 20 см. Жапырақтары сопақ, жылтыр, ашық-жасыл түсті. Гүлдері қарапайым, жартылай түкті, ақ түсті. Аяз түскенге дейін бірқалыпты гүлдейді. Қолайсыз ауа райы жағдайына жоғары төзімділік көрсетеді. Оны гүлзарларда, балконды көгалдандыруда пайдаланады. Оны ілулі себеттерге, контейнерлерге отырғызады.

Птенчик Fl сорты. Көпжылдық шөптекті өсімдік. Шағын бүталы өсімдік, биіктігі 20 см. Жапырағы сопақша, жылтыр, ашық-жасыл түсті. Гүлдері қарапайым және жартылай түкті, ашық-қызғылт түсті. Гүлдену уақытында қураған гүлдерді алудың қажеті жоқ, себебі өсімдік «өзін-өзі тазартуға» қабілетті. Оны гүлзарларда, саябақтарды көгалдандыру мақсатында қолдануға болады.

Мақсатқа қол жеткізу үшін Begonia Semperflorens өсімдігінің таңдалған Боушин Fl, Fl Малышка, Птенчик Fl сорттарының тұқымынан көшет алу үшін Ақтөбе өңірлік университет! жанындағы «Жүбанов жылыжайында» вегетативті тәжірибе жүргізілді. Тұқымдарды егу наурыз айының 1-і күні жүргізілді. Тәжірибе реті келесідей болды: 1-2 нағыз жапырақтары пайда болған көшеттерді көлемі бірдей дренажды тесіктері бар контейнерлерге отырғызылды. Бөлініп отырғызылған өсімдіктердің жалпы саны 60 дана болды. Топырақ қоспасы - жапырақты топырақ, торф, құм, гумус (1:1:1:1) таңдалды. Eryre арналған топырақ қоспасы жүмсақ және қоректік заттарға өте бай болуы керек. Cyrapy топырақтың құрғау дәрежесіне байланысты жүргізілді. Тұқымның жақсы өніп шығуға қажетті ылғал сақталу үшін түқым салынған қорапты шыны ыдыспен жабылды[10]. Aya температурасы орташа есеппен 18°С болды.

Келесі көрсеткіштер есепке алынды: өсімдік биіктігі, алғашқы нағыз жапырағының ұзындығы, бүтағының тармақталу қарқындылығы, гүлшоғырының диаметрі(1 кесте).

Кесте 1 Begonia туысының таңдалған сорттарының вегетативтік көбею
ерекшеліктері

Сорттары

Биіктігі, см

Нагыз жапырагыныц ұзындығы, CM

Гүлшоғырының диаметрі, см

Боушин Fl

25 см

1 CM

4-5 см

Fl Малышка

20 см

1,5 см

3 см

Птенчик F1

20 см

1,6 CM

3 см

1 кестеде Begonia туысының таңдалған Боушин Fl, Fl Малышка, Птенчик Fl сорттарының вегетативтік көбею ерекшеліктері көрсетілген. Сорттардың биіктігі бойынша ең жоғары көрсеткіш Боушин Fl сортында болды. Fl Малышка және Птенчик Fl сорттары биіктігі бойынша бірдей көрсеткішті көрсетті. Нағыз жапырағының ұзындығы бойынша жоғары көрсеткішті Птенчик Fl сорты көрсетті. Ал Боушин Fl мен Fl Малышка сорттары орташа көрсеткішті құрады. Таңдалған сорттардың гүлшоғырының диаметрі бойынша Боушин Fl сорты 4-5 см көрсетті. Fl Малышка жэне Птенчик Fl сорттары гүлшоғырының диаметрі бойынша бірдей көрсеткішті, яғни 3 см болды.

Бақылау жүргізген кезде бегонияның фенологиялық фазалары есептелінді: көктеу, вегетация, гүлденудің басталуы және аяқталуы, Б.А.Доспеховтың әдістемесі бойынша анықталды.

Кесте 2 Зерттелетін Begonia L. туысы сорттарының фенологиялық фазасын бақылау

Сорт

Көктеу

1-2 нагыз жапырақтарының пайда болуы

3 нагыз жапырагыныц пайда болуы

Гүлденудің басталуы

Гүлденудің аяқталуы

Боушин Fl

27.03

05.04

18.04

10.06

28.08

Fl

Малышка

25.03

06.04

19.04

14.06

16.09

Птенчик Fl

24.03

04.04

18.04

05.06

09.09

Таңдалған сорттардың көгінің пайда болуы 24 наурыз - 2 сәуір аралығында байқалды (бірінші болып шыққандар - Птенчик Fl, Fl Малышка, кейінірек - Боушин Fl сорты). Птенчик Fl сортында 1-2 нағыз жапырақтарының пайда болуы Fl малышка сортына қарағанда ерте мерзімде байқалды. Гүлдену фазасының басталуы Птенчик Fl сортында 5-ші маусымда болды. Гүлдену фазасы ец кеш басталган сорт Fl Малышка сорты, яғни маусымның 14-і күні гүлдеді. Ал гүлдену фазасының аяқталуы Боушин Fl сортында ерте басталды. Fl Малышка жэне Птенчик Fl сорттарында гүлдену фазасының аяқталуы 9 қыркүйектен 16 қыркүйек аралығы болды.

Вегетативтік көбею ерекшелігі және фенологиялық фазасын бақылауы бойынша бірдей көрсеткіште болған Fl Малышка және Птенчик Fl сорттарын, агротехникалық шараларды дүрыс сақтаған жағдайда ғана Ақтөбе облысының ауа райы жағдайына сай келетін сорттары ретінде қарастыруға болады. Себебі, аталған сорттар аяз түскенге дейін өзінің гүлдену фазасын сақтауы арқылы Ақтөбе облысын ландшафттық дизайнда көгалдандыру жұмыстарын ұйымдастыруға қолдануға болады.

Қорыіынды

  1. Begonia Semperflorens өсімдігі - сәндік өсімдік болып табылады. Begonia L. туысының өкілдері өзінің көлемі, жапырағы және гүлінің өзгешелігі бойынша ландшафттық дизайнерлерге, бағбандарға бақтарды, саябақ және көшелерді безендіру үшін қолдануға болатын сәндік композициялар жасауға мүмкіндік береді.
  2. Begonia L. туысының Fl Малышка және Птенчик Fl сорттарының көшетінің биіктігі - 20 см-ге жетті.
  3. Fl Малышка және Птенчик Fl сорттары көлеңкеге төзімді өсімдік.
  4. Begonia L. туысының Fl Малышка және Птенчик Fl сорттарын Ақтөбе облысын көгалдандыру мақсатында әртүрлі безендіру жүмыстарына қолдануға болады.

 

Әдебиеттер

  1. Frodin D.G. (2004). History and concepts of big plant genera. Taxon, 53(3): 753- 776.
  2. Hughes, M.Moonlight, P., Jara, A. and Pullan, M. (2015). Begonia Resource Centre: Royal Botanic Garden Edinburgh. Available at: http://elmer.rbge.org.uk/begonia/ (accessed: 30.03.17).
  3. Wagner, W.W. (1999). The French Begonia Soiety: American Begonia Society. Available at: http://www.begonias.org/Articles/Vol66/FrenchBegoniaSociety.html (accessed: 18.04.16).
  4. Hvoslef-Eidw, A.K. Munster, C. (2006). Begonia. History and breeding. In Anderson, N.(ed.) Flower Breeding and Genetics: Issues, challenges and opportunities for the 21st Century, pp. 241-275. Dordrecht, NL: Springer.
  5. Barkley, F.A. 1968. Begoniaceaeto 1763. HopkinsPress, Providence.
  6. Исаева P.Я., Каспари B.M., Юрчак Л.Д. антифунгальные свойства некоторых растений семейства бегонияевых.// Тезисы докладов первой республиканской конференции по медицинской ботанике.- Киев, 1984.-С. 168-169.
  7. Фершалова Т.Д. Биологические особенности некоторых видов рода бегония (Begonia L.) в оранжерейной культуре и интерьерах.
  8. New Species and Notes on Begonia (Begoniaceae) from Middle America,!. Kathleen Burt-Utley and John F. Utley. Vol. 21, No. 4 (December 2011), pp. 393-401 (9 pages)Published By: Missouri Botanical Garden Press.
  9. Воронцов В.В., Кудрявец Д.В. Бегонии в доме, саду,- М.:Фитон+, 2004,-С. 160.
  10. Методика фенологических наблюдений в ботанических садах СССР / ГБС АН СССР; сост.М.С.Александрова, Н.Е.Булыгин, В.Н.Ворошилов. -M.,1975.-27 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.