Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Сыртқы жиынтық бағалауды дайындау кезеңінде оқушылардың ақыл-ой қабілеттілігін зерттеу

Аңдатпа

Мақалада 11-12 және 16-17 жас аралығындағы оқушылардың 2019 жылдың қараша айындағы ақыл-ойының жүмыс қабілеттілігінің көрсеткіштері (тапсырманы орындаудың дәлдік коэффициент!ақыл-ой өнімділігінің коэффициент!, көру ақпаратының көлемі, ақпаратты өңдеу жылдамдығы) қарастырылған. Семей қаласындағы 6 және 11 сынып оқушыларына 2019-2020 оқу жылында зерттеу жүмысы жүргізілді. Зерттеуге қарастырылған оқушылардың жалпы саны - 20 оқушы (10 оқушы 11 сыныптан, сәйкесінше 10 оқушы 6 сыныптан). Өткен бірнеше жылдықта мектеп бағдарламалары күрделеніп, оқушыға түсетін оқу жүктемесінің көлемі ұлғаюда. Осы жағдай оқушының жалпы денсаулығына кері әсерін тигізуде. Заманауи мектеп бағдарламасы оқушының психоэмоционалдық жүктемесін арттырды. Ал біз зерттеп отырған топ оқушыларының алдында сыртқы жиынтық бағалау сынақтары күтіп тұрды. 11 сынып үшін ұлттық біріңғай тестілеу мен 6 сынып үшін Назарбаев зияткерлік мектебінің Өркен грант иегері атану үшін өткізілетін емтиханы. Сол себептен біз мектептің ауыр жүктемесімен қатар сыртқы жиынтық бағалауға дайындалып жүрген оқушылардың психофизиологиялық жағдайының динамикасын зерттеуді мақсат еттік. Ақыл ойдың жұмыс қабілеттілігінің көрсеткіштері өнімділіктің сезімталдық жүйесінің жұмыс істеу қарқындылығына, есте сақтау жағдайына, ойлауға, эмоциялардың өрнегіне байланысты. Аталған көрсеткіштер адамның психикалық денсаулығына тәуелді органның функционалдық жағдайының ажырамас сипаттамасы болып табылады.

Kipicne

Балалар мен жасөспірімдерді қорғау - мемлекеттік саясатымыздың ажырамас бөлігі. Мемлекетіміздің болашағы, дамуы мен нығаюы келер ұрпақ пен жастардың қолында екені баршаға мәлім. Жас үрпақ - бұл мемлекетіміздің ең маңызды іргетасы. Осыған орай олардың денсаулығы мемлекетіміздің алаңдауға тұрарлық бірден бір саяси бағыты. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында “Бала тәрбиелеу - болашаққа ең үлкен инвестиция. Біз бүл мәселеге осылай қарап, балаларымызға жақсы білім беруге ұмтылуымыз керек. Мен өскелең ұрпақтың озық білім алуы үшін мүмкіндік туғызуға көп күш жүмсадым: «Балапан» бағдарламасы жүзеге асып, Зияткерлік мектептер, Назарбаев Университет!, «Болашақ» бағдарламасы жүмыс жасап жатыр. Өздеріңіз білесіздер, оган тек дайындыгы бар жэне дарынды балалар ғана оте алады. Баланы білім мен еңбекке дайындау - ата- ананың борышы.” Қазақстан элемдік аренаға шығуы үшін білімге приоритет берді. Осыған байланысты елімізде сабақ уақытынан тыс қосымша білім беру орталықтары қарқынды түрде көбейіп, қосымша білімге деген сүраныс жоғарылаған. Облыстардың, Алматы жэне Астана қалаларының білім басқармаларының деректері бойынша 2013 жылы қосымша білім беру ұйымдарының желісі 641 (2011 ж. - 621, 20 ұйымға үлғайған) болды. Қосымша білім берумен қамтылған 6 - 18 жас аралығындағы балалардың саны 563 833 адамға жетті. Балалардың қосымша білім беруге қатысу деңгейі БҚО 83,3%-дан ОҚО 7%-ға дейінгі аралықта қүбылады. Білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында балалардың қосымша білім берумен 30-дан 50%-ға дейін қамту көзделген [1].

Қазіргі таңда ЖОО орындары мен дарынды мектептептерге түсуге талпынатындар саны өсуде. Сол сбептен білімге қойылатын талаптар да қатаңдай түсті. Көптеген ата-аналар елбасы жоғарыда айтқандай балаларына білім алғызуды өздеріне борыш санағандықтан, дарынды мектептерге түсіру үшін балаларын қосымша оқуға беруде. Көптеген жоғарғы сынып оқушылары ұлттық біріңғай тестілеу мен кешенді тестілеуден өту үшін мектептен тыс білім алуға мэжбүр.

Заманауи педогогикалық үрдіс оқушыларға бірқатар зиянды эсер (оқу жүктемесінің артуы, оқу программасының күрделенуі, күн тэртібінің өзгеруі, жиһаздың сэйкес келмеуі т.с.с.) етуде. Дэстүрлі мектептермен салыстырғанда аптасына 27,3-50 % құрайтын оқу жүктемесі гимназия мектептеріне басты фактор болып саналады [2].

ҚР ДСМ мэліметі бойынша 53,8 % қазақстандық оқушыларда эртүрлі патологиялық ауытқулар анықталған [3].

Оқу жүктемелері заманауи білім беру жүйесінің эртүрлі қырымен тікелей байланысты. Е.В.Соснина оқушылардың ақыл ой жүктемелерін зерттеу барысында гимназия оқушыларының арасында оқу күнінің соңына қарай шалдығу мен шаршау 40-55 % құрады. Дэстүрлі мектептерде 25-38 %) [4].

Зерттеу әдістері

Семей қаласындағы 6 жэне 11 сынып оқушыларына 2019-2020 оқу жылында зерттеу жүмысы жүргізілді. Зерттеуге қарастырылған оқушылардың жалпы саны - 20 оқушы (10 оқушы 11 сыныптан, сэйкесінше 10 оқушы 6 сыныптан). Ақыл-ой жүмысы Анфимов кестесі көмегімен тексеріліп, төмендегі көрсеткіштер анықталды.

A - тапсырманы орындаудың дэлдік коэффициент!.

P - ақыл-ой өнімділігінің коэффициент! .

Q - 0,5936-бір белгіге келетін ақпараттың орташа көлемі, бит.

V - ақпаратты қайта өңдеу жылдамдығы, бит/с; 2,807 бит - өткізіп алынған бір белгіге келетін ақпаратты жоғалту.

Анфимов кестесін толтыру эдістемесі:

Кестелерді таратып беріңіз. Негізгі мақсатты түсіндіріңіз: мүмкіндігінше тапсырманы тез жэне дэл орындау, яғни берілген эріптерді сызып тастау. Мұқият жүмыс істеу керек екенін ескертіңіз, яғни қажетті белгілерді жіберіп алмау, артық белгілерді сызып тастамау, жолды өткізіп алмау. Жүмыс 4 минутқа созылады [5].

Кесте 1 Анфимов кестесіне сай ақыл-ой қабілетінің көрсеткіш нормасы [6]

Бағалау

Еңбек өнімі - Қаралған әріп саны

Еңбек өнімі - Жіберілген қателіктер

Өте жақсы

1000 нан жоғары

0-2

жақсы

900-1000

3-5

қанағаттанарлық

700-900

6-10

Қанағаттанарлықсы

3

700ден кем

11 және одан көп

Нәтижелері

Біз Анфимов кестесін қолдана отырып келесіде нәтижені алдық:

Кесте 2 11-12 жас аралығындағы оқушылардың ақыл-ой қабілетінің көрсеткіші

Жасы

07.10.2019

A

P

Q

V

12

0,86

605,44

417,894

2,991

12

0,61

498,37

484,97

1,424

12

0,72

660,96

544,92

2,235

11

0,96

989,76

587,52

2,354

12

0,94

758,58

479,04

1,891

12

0,99

739,53

443,42

1,836

12

0,93

530,1

338,35

1,34

11

0,96

813,12

502,78

2,036

12

0,99

781,11

467,16

1,935

11

0,97

777,94

476,07

1,925

Орта

0,893

715,491

474,212

1,9967

жасы

07.10.2019

A

P

Q

V

17

0,97

892,26

547,299

2,234

17

0,79

514,39

348,653

1,345

17

0,91

589,68

384,653

1,521

16

0,83

898,92

529,491

1,855

16

0,96

984,27

608,44

2,465

17

0,93

1165,63

747,936

2,988

17

0,91

651,8

427,392

1,676

17

0,93

1163,43

742,594

2,94

16

0,91

656,84

427,392

1,652

17

0,97

1224,66

749,123

3,051

Орта

0,904

874,188

551,2973

2,1727

Алынған ақпараттарды саралай келе төмендегідей нәтижені шықты.

Кесте 3 11-12 және 16-17 жас аралығындағы оқушылардың ақыл-ой қабілетінің
көрсеткіші

Бағалау

11-12 жас

16-17 жас

Өте жақсы

-

-

Жақсы

2 оқушы

1 оқушы

Қанағаттанарлық

3 оқушы

4 оқушы

Қанағаттанарлықсыз

5 оқушы

5 оқушы

Өздеріңіз байқағандай оқушылардың жартысы қанағаттанарлықсыз нәтиже көрсетуі олардың ойлау жылдамдығының қалыптан ақырындағанын әрі қателіктердің жиілеуін көрсетеді. Бұл дегеніміз олардың психофизиологиялық жүктеменің ауырлағанын байқатты.

Қорытынды

Барлық нәтиже олардың арасындатура байланыс барын көрсетеді. Алайда, оқушыда оқу кезінде шаршау ғана емес, сонымен қатар қажуда байқалуы мүмкін. Бұл ретте жұмыс істеу қабілеттілігінің толық қалпына келтірілмеуі себебінен қарқынды немесе ұзақ жүмыс істеуден туындаған ағзадағы неғұрлым терең және тұрақты өзгерістер болады. Себеп-салдарлық байланыстарды талдау оқушылардың шаршауына ықпал ететін факторлардың үш тобын бөліп көрсетуге мүмкіндік береді: 1) жалпы еңбек пен оқу процесін дұрыс ұйымдастырмау; 2) оқу жүктемесінің баланың немесе жасөспірімнің жас және жеке ерекшеліктеріне сәйкес келмеуі; 3) оқыту режимі мен жағдайларына қойылатын гигиеналық талаптарды елемеу [7].

Осылайша, қарқынды оқу бағдарламасы жалпы қабылданған дәстүрлі оқу бағдарламасымен салыстырғанда бір күн, апта және жыл бойы оқушылардың ақыл- ой қабілеттілігінің ерте төмендеуін тудырады [8].

Зерттеу барысында оқушылардың психофизиологиялық жағдайы көңіл қуантарлық жағдайда емес. Оқушылардың 50% қанағаттанарлықсыз нәтиже көрсетті. Мектептегі сабақ кестесінің нормаға сай келе бермейтінін есепке алар болсақ оқушылардың қосымша білім алулары олар үшін көп күш талап етері анық. Бұл үлгілік ұсыныстардан артық күштеме түсіретіні белгілі [9].

 

Әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы баяндама Астана, 2013 жыл 17 бет.
  2. Швецов А.Г., Кабиева С.М., Приз В.И., Калишев М.Г. Изучение влияния обучения по экспериментальной программе на состояние здоровья гимназистов //Гигиена и санитария. — 2000. — № 3. — С. 21-23.
  3. Аканов А.А., Чен А.Н. Здравоохранение Казахстана. Основы политики и стратегии (к разработке программы развития отрасли до 2010 года): Материалы. — Алматы, 2001. — 91 с.
  4. Соснина В.Сетко А.Г. Влияние инновационных систем обучения на формирование адаптационных возможностей гимназистов // Гигиена и санитария. Издательство “Медицина” г.Оренбург 2009. — № 4. — С. 64-65.
  5. Гуминский А.А., Леонтьева Н.Н., Маринова К.В. Руководство к лабораторным занятиям по общей и возрастной физиологии. Москва «Просвещение» 1990 г., с. 118-121.
  6. Фалова О. E., Нестерова Н. И. Сборник практических работ по курсу “физиология человека” г. Ульяновск УлГТУ, 2007. - 13 с.
  7. Смирнов Н.К. Здоровьесберегающие образовательные технологии в современной школе. —M.: АПК и ПРО, 2002. —121 с.
  8. Емелина А.А., Порецкова Г.Ю. Влияние учебной нагрузки на функциональное состояние сердечно-сосудистой системы старшеклассников // Практическая медицина. — г. Казань, 2010. — № 46. — 51 с.
  9. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылгы 8 қарашадағы№ 500 бұйрығына 16 және 17 - қосымшасы.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.