Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қаракөл қойы популяциясындағы полиморфизм

Андатпа

Макалада Қаратау өңірінде өсірілетін қой популяциясының түсі бойынша полиморфизмін және олардың сыртқы ортада бсйімделу нәтижелері келтірілген. Интенсивті қара түсті қойлар салмағы және экстерьер көрсеткіштері жоғары болды. Мүнда қоңыр қара түсті қойлар салмағы және экстерьер көрсеткіштері томен болды. Қаракөл қойларын конституциялық типтері бойынша жіктегенде, олардың арасында мықты типтегі қойлар үлесі жоғары болып, 66,7-68,9% құрады. Ал нәзік типтегі қойлар үлесі томен болып. 8.9-16.6% күрады.

Қозы салмағының жасына байланысты өсу динамикасын зерттегенімізде, олардың туған кезіндегі салмағы 4.1-4.4кг. ал 1 айлық жасындағы салмағы 13,0 кг -14,2 кг қүрады. Мүнда интенсивті қара түсті қошқарлар салмағы жоғары болды. туған кезіндегі салмағы 5.1кг. 1 айлық кезіндегі салмағы 14,2кг болды. Мүнда жеке генетикалық топтар бойынша дене өлшемдерінің жоғары көрсеткіштері интенсивті қара түсті қошқарлар үрпаіындағы қозылар арасында байқалды. Оларда шоқтық биіктігі -41,2см, түркының қиғаш ұзындығы -34.4см. кеуде енділігі -10.6см. кеуде терендігі -14,6см, кеуде орамы -43,9см, жіліншік орамы 5.7см қүрады.

Kipicne

Жануарлардың эволюциясы ағзаның сыртқы орта факторларымен тікелей өзара қатынасында жүреді. Сондықтанда малдардың және олардың жекелеген белгілерінің дамуы малдардың өсуі мен дамуы жүретін, сыртқы ортаға едәуір дәрежеде байланысты болып келеді. Жануарлардың конституциясын малдың ортаға бейімділік дәрежесін білдіреді. Жеке дамуының әр кезеңінде комплексті зерттегенде, оның бүл белгі бойынша өзгеріп отыратыны анықталды. Қазіргі жануарлардың қолданылып жүрген жүнді конституциялық: нәзік, мықты және дөрекі типтерге бөледі. Сонымен бірге малдың тірі салмағы, дене бітімінің өлшемі, ішкі мүшелері, тері-талшық параметрлері, қан морфологиясы, көбею функциясы жеке конституциялық типтерде қойды тұқымға іріктеуде дәл анықтауға мүмкіндік береді [1,2].

Жануарлар генотипі эмбрионалдық кезеңде қалыптасып, постэмбрионалді кезеңде сыртқы орта факторларымен тұрақты түрде өзара әсерлесуге түседі. Жануарлар ағзасына эсер ететін факторлар үш топқа жіктелінеді, олар- абиотикалық, биотикалық, антропогендік. Абиотикалық факторларға жарық, температура, ылғалдық, күн сэулесі, жауын, жел, атмосфералық қысым, судың химиялық құрамы, атмосфера, топырақ жатады. Орта факторларының амплитудасы шер шарының барлық аймағында бірдей болмайды, олар жерге күн сэулесінің түсу дэрежесіне байланысты. Мысалы, күн сэулесінің эсері экваторда барынша жоғары болса, ал жердің полюстерінде оның эсері барынша азаяды. Осыған орай, жер шарының эркелкі аймағында өсірілетін жануарлар генетикалық қасиеттері біркелкі болмайды [1,2].

Ауа-райы факторы мен жайылымдық-малазығы жағдайының ауытқуы, белгілі бір дэрежеде жануарлардың дамуын, тұлғасының өзгеруіне, тіршілігіне ықпалын тигізеді. Бірақ та, эр белгі бүл өзгеріп жатқан орта факторларына эркелкі сезінеді. Мүнда, осы факторлар белгілердің дамуына ықпалын тигізсе, басқалары, керісінше олардың дамуын тежейді. Осыдан келе, жануарлар тұлғасының өзгеруіне паратиптік факторлардың тигізер эсерін зерттеу барысында, ағзаның түқым қуалағыштық мүмкіншіліктері толық көрініс беретіндей, сыртқы орта жағдайын қалыптастыру керек [2, 3].

Қаратау аймағы климаты континентальді, қысы суық, жазы аптаған ыстық. Мұнда, қыстағы желтоқсан және қаңтар айларындағы жоғарғы температура -38 - 40°С жетсе, жаздық шілде айларында ауа температурасы +43 +45°С көтеріледі. Aya температурасының жылдық амплитудасы 80-85°С, оның орта көрсеткіші +8,7°С. Ауаның орташа салыстырмалы ылғалдылығы қыс, көктем мезгілдерінде 65-70% қүраса, оның мөлшері жаз кезеңінде 10-20 % төмендейді. Сонымен бірге, шығыстан және солтүстік-шығыстан күшті жел тұрады, оның жылдық орташа жылдамдығы 3,5 м/сек. Күшті желдің көктем, жаз айларында тұруы жердің ылғалын кептіріп, куаңшылық әкелсе, қыс кезіндегі жел қарлы боран әкеліп малды шығынға ұшыратады. Aya райын болжайтын метеорологиялық станциясының мәліметі бойынша жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 130-140 мм, ылғалдың көп бөлігі қыста және ерте көктемде түседі.

Зерттеудің мақсаты: Қаратау өңірінде өсірілетін қой популяциясының түсі бойынша полиморфизмін және олардың сыртқы ортада бейімделу процесін зерттеу. Міндеттері: Қаратау өңірінің табиғи климаттық ортаның сипаты және жайлымдық жағдай; қой популяциясының полиморфизмі: шымқай қара, орта қара және қара қоңыр сипаты; шымқай қара, орта қара және қара қоңыр түсті қойлардың өсуі, даму ерекшеліктері; жеке топтардан алынған статистикалық мәліметтерді биометриялық өңдеу.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Алғаш рет қаракөл қойларын түсі бойынша полиморфизмі зерттелінді. конституциялық типтері бойынша жіктегенде олардың арасында мықты типтегі қойлар үлесі жоғары болып 66,7-68,0% құрады. Олардың арасында нәзік типтегі қойлар үлесі томен болып 8,9-16,6% құрады.

Зерттеу әдістері

Зерттеудің тәжірибе бөлімі Түркістан облысының қаракөл қойын өсіруге мамандандырылған шаруашылығында өткізілді. Зерттеуге жергілікті қойларлардың жүн пигментациясының қанытылығы бойынша жеке топтарға бөлінді: шымқай қара қойлар - 36 бас, орта қара қойлар -35 бас және қара -қоңыр қойлар -34 бас. Қаракөл қойының өсуіп - жетілуі 1-3 күндігінде, 4 - 4,5 айлығында және 1,5 жасында оның салмағы, дене өлшемдері - қиғаш ұзындығы, шоқтығының биіктігі, аяқтарының орамы, кеуде орамын өлшеу арқылы анықталды [4]. Алынған сандық мәліметтер Е.К. Меркурьева вариациялық статистика әдісімен [5] өңделді.

Зерттеу нәтижелері

Біз тәжірибемізде Қаратау аймағында өсірілетін қара түсті қаракөл қойының популяциясының жүн жамылғысының пигментациясы бойынша плиморфизмі сарапталынды. Пигментация қанықтылығы бойынша қойлар үш топқа жіктелді: шымқай қара; орта қара; қара -коңыр. Осы жеке топтағы қаракөл қойлырының жеке даму көрсеткіштері мен оның үрпағының өсіп -дамуы зерттелінді. Қаратау өңірлерде өсірілетін қаракөл қойларының жасына байланысты тірілей салмағының өзгеру динамикасы сарапталынды (1 Кесте).

Кесте 1 Қаратау өңірлердегі қаракөл қойларының жасына байланысты тірілей
салмағының динамикасы, килограмм есебімен

Мал тобы (жасы бойынша)

Полиморфизм типтері

Шымқай қара қойлар

Орта қара қойлар

Қара қоңыр қойлар

Туылған кезінде

4,4±0,03

4,3±0,03

4,1±0,02

1 айлық жасында

9,8±0,2

9,7±0,2

9,5±0,3

4,5- айлық жасында

30,1±0,4

29,4±0,4

28,0±0,4

1 жасар

32,9

31,9

30,1

Ipi саулықтар

51,6±0,6

50,8±0,6

48,7±0,5

Ipi қошқарлар

80,2±0,8

77,4±0,8

72,8±0,7

Генотиптері әркелкі қаракөл қойларының жасына байланысты тірілей салмағының өзгеру динамикасы бірдей болған жоқ. Жаңа туған қозылар салмағы 4,1 -4,4 кг аралығында болды. Мұнда туған кезіндегі қозылардың жоғарғы салмағы 4,4 кг популяциясы қойлары төлдерінде тіркелді. Ал ең төменгі салмақ көрсеткіші 4,1 кг қара-қоңыр қозыларда байқалды.

Қаратау өңірлердегі қаракөл қойларының тірі салмағының абсолюттік өсімі сарапталынды (2 Кесте).

Кесте 2 Қаратау өңірлердегі қаракөл қойларының тірі салмағының абсолюттік өсімі,
килограмм есебімен

Полиморфизм типтері

Қой жастары

туылғанннан

1 айлықжасына дейін

1 айлық - 4,5- айлық жасына дейін

4,5- айлық - 1 жасқа дейін

1 жастан 5 жасқа дейін

Шымқай қара қойлар

5,4

20,3

2,8

18,7

Орта қара қойлар

5,4

19,7

2,5

18,9

Қара қоңыр қойлар

5,4

18,5

2,1

18,6

Ғалымдардың пікірі бойынша, жануарлардың потенциалды мүмкіндігі қолайлы сыртқы орта жағдайының қалыптасуынан толық көрініс бермейді. Мал ағзасының бүткіл онтогенездік даму кезеңдері нәсілдік информацияның көмегімен ретімен ауысып отыратын күрделі морфологиялық, физиологиялық өзгерістер тізбегі. Бұл процестердің ауысуындағы реттік тізбек мал ағзасының сыртқы орта факторларының өзгерісіне барынша қалыптасып отыруына мүмкіндік береді.

Қаратау табиғи экологиялық аймақтардағы қаракөл қойларының дене бітімі өлшемдері - иық биіктігі, кеуде орамы, тұрқының ұзындығы, сирақ орамы бойынша сарапталынды (3 Кесте).

Кесте 3 Қаратау табиғи экологиялық аймақтардағы қаракөл қойларының дене бітімі
көрсеткіштері, сантиметр есебімен

Дене өлшемдерінің атаулары

Қойлар жасы

Полиморфизм типтері

Шымқай қара қойлар

Орта қара қойлар

Қара қоңыр қойлар

Иық биіктігі

туылған кезде

39,2±0,3

39,0±0,3

38,2±0,3

1 жаста

66,7±0,5

66,3±0,5

64,4±0,4

Кеуде орамы

туылған кезде

39,6±0,3

39,3±0,3

37,8±0,2

1.0 жаста

77,4±0,4

77,0±0,4

75,5±0,4

Түрқының

туылған ке зде

33.6±0,3

33,4±0,3

32,6±0,3

үзындығы

1.0 жаста

76,8±0,5

76,6±0,5

75,5±0,5

Сира қ

туылған ке зде

5,4±0,2

5,4±0,2

5,2±0,1

орамы

1,0 жаста

8,5±0,3

8,5±0,3

8,3±0,3

Жалпы алғанда қаракөл қойларының дене бітімінің көрсеткіштері төмендегідей болды: иық биіктігі қозылардың туған кезінде -38,2-39,2см, 4,5 айлық жаста -58,8- 61,4см, бір жаста -64,4-66,7см; кеуде орамы көрсеткіштері сәйкесінше - қозылардың туған кезінде -37,8-39,6см, 4,5 айлық жаста -63,7-65,5см, бір жаста -75,5-77,4см; тұрқының үзындығы - туған кезінде -32,6-33,6см, 4,5 айлық жаста -63,5-64,5см, бір жаста -75,5-76,8см; сирақ орамы- туған кезінде -5,2-5,4см, 4,5 айлық жаста -7,0-7,1см, бір жаста- 8,3-8,5см құрады.

Аталған қой топтары арасында популяциясының жануарларының дене бітімінің көрсеткіштерін динамикасын туған кезінен, 4,5 айлық және бір жасында жоғары деңгейін сақтады. Дене бітімінің төменгі көрсеткіштер динамикасын туған кезінен, 4,5 айлық және бір жасында дейін қара қоңыр қойларында байқалды.

Бұл типтегі қойлар дөрекі және берік типтердегі қойлардан салыстырмалы түрде сүйегінің жеңілдігімен, дене бітімі ерекшеліктерінің аз жетілгенімен және тірі салмағының аздығымен ерекшеленеді. Бұл типтегі қойлардың жамылғы түгі тығыз, қүрамындағы түбіттің мөлшері жоғары, әлсіз қырау шалған қысқа қылшық. Дөрекі және берік типтегі қойларға қарағанда нәзік типті қойлардың түбіті дөрекілеу, қылшығы жіңішке, жүнінің беріктігі аз үзілу ұзындығымен сипатталады.

Қаракөл қойының конституциясы оның ағзасының биологиялық ерекшеліктерін анықтауды қамтамасыз етеді және малдың жеке даму кезеңіндегі сыртқы ортаның жағдайларына бейімделу қабілетін көрсетеді. Қаратау табиғи экологиялық аймағында өсірілетін қаракөл қойлары конституциясы бойына жіктелуі сарапталынды (4 Кесте).

Кесте 4 Қаратау табиғи экологиялық аймағында өсірілетін қаракөл қойларының
конституциясы бойынша жіктелуі

Қойлардың конституциялық типтері

Полиморфизм типтері

Шымқай қара ренді

Орта қара ре нді

Қара қоңыр ре нді

Нәзік тип

8,9±4,2

10,0±4,2

16,6±5,7

Мықты тип

68,9±6,9

68,0±6,6

66,7±7,3

Дөрекі тип

22,2±6,2

22,0±5,8

16,7±5,7

Қаракөл қойларын конституциялық типтері бойынша жіктегенде олардың арасында мықты типтегі қойлар үлесі жоғары болып 66,7-68,9% құрады. Олардың арасында нәзік типтегі қойлар үлесі томен болып 8,9-16,6% құрады.

Белгі шамасы тұқым қуалайды және кез-келген белгі - бүл генотиптің нақты орта жағдаймен әрекеттесу нәтижесі, және тұқым қуалау коэффициент! жоғары белгілер генотип пен ортаның әлсіз әрекеттесуін көрсетеді. Малдарды мұндай белгілері бойынша селекциялық бағалау, егер олар жаңа жағдайға тап болса өзгермейді немесе аз өзгереді. Ал тұқым қуалауы томен белгілер генотип пен ортаның анық әрекеттесуін көрсетеді жэне осыдан келе малдарды бүндай белгілері бойынша бағалау әр түрлі жағдайларда сәйкес келмейді. Жануарлардың тіршілік ортасының сыртқы жағдайлары өзгермей тұрып, белгілер өзгеріске үшырамайды, ағзаны өсіру анасының құрсағынан бастама алады және азықтандыру мен күтіп-бағу амалдарына қарай әркелкі бейімділікке ие болуы мүмкіндігін анықтайды.

Конституция типтері әркелкі қой популяцияларының салмағы бойынша жіктелуі сарапталынды. Қой популяцияларының конституциялық типтері бойынша жіктегенде олардың салмақ көрсеткіштері әркелкі болды (5 Кесте).

Кесте 5 Конституция типтері әркелкі қой популяцияларының салмағы бойынша
жіктелуі, килограмм есебімен

Конституция типтері

Полиморфизм типтері

Шымқай қара қойлар

Орта қара қойлар

Қара қоңыр қойлар

Берік типті

4,5±0,03

4,4±0,03

4,2±0,02

Қопал типті

4,8±0,04

4,6±0,04

4,5±0,03

Нәзік типті

4,3±0,03

4,4±0,03

4,0±0,02

Берік конституциялық типтегі қойлардың салмағы орташа деңгейде 4,2-4,5 кг аралығында болса, дөрекі конституциялық типтегі қойлардың салмағы жоғары деңгейде 4,5-4,8 кг құрады, ал нәзік конституциялық типтегі қойлардың салмағы томен деңгейде 4,0-4,3 кг болды.

Дөрекі конституциялық типтегі қойлардың сүйегі ауыр жэне басы дөрекі келіп, дене бітімінің ерекшеліктерінің дамуы бойынша және тірі салмағы бойынша басқа түзіліс типтеріндегі қойлардан асыңқы тұрады. Азықтандыру дәрежесін жақсартқанда баяу оңалады да, жайып семірту жағдайы нашарлағанда салмағын және қүйрығында жиналған май қорын жылдам жоғалтады.

Қортынды

Алғаш рет қаракөл қойларын түсі бойынша полиморфизм! зерттелінді. конституциялық типтері бойынша жіктегенде олардың арасында мықты типтегі қойлар үлесі жоғары болып 66,7-68,0% құрады. Олардың арасында нәзік типтегі қойлар үлесі томен болып 8,9-16,6% құрады. Генотиптері әркелкі қаракөл қойларының жасына байланысты тірілей салмағының өзгеру динамикасы бірдей болған жоқ. Жаңа туған қозылар салмағы 4,1-4,4 кг аралығында болды. Мұнда туған кезіндегі қозылардың жоғарғы салмағы 4,4 кг популяциясы қойлары төлдерінде тіркелді. Ал ең төменгі салмақ көрсеткіші 4,1 кг қара-қоңыр қозыларда байқалды.

 

Әдебиет:

  1. Красота В.П., Лобанов B.T., Джапаридзе Т.Г. Разведение сельскохозяйственных животных. - M.: Колос. 1983. - 414 с.
  2. Умурзаков Т.У. Изменчивость признаков и селекция каракульских овец. - Алматы: Гылым. 1992.-230 с.
  3. Байбеков E.Дайрабаев Р.А., Боранбаева Л.Р., Тойжигшитова Б.Б., Умиров Б.З. Эволюциялық биология. Оку құралы. Шымкент: Қ.А.Ясауи атындагы ХҚТУ «Туран». 2019. 131 б.
  4. Борисенко Е.Я. Разведение сельскохозяйственных животных. - M.: Сельхозгиз. 1952. - С. 486.
  5. Меркурьева Е.К. Биометрия в селекции и генетике сельскохозяйственных животных. - M.: Колос, 1970.-423 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.