Андатпа
Қазақстан Pecm бликасының егемендік алған жылдарынан бастап салық саясатын жетілдіру мақсатында мемлекетіміз салықтарды экономиканы дамыту, түрақтандыру ретінде қуатты экономикалық тетікретінде пайдаланып кслді.
Қазақстан Республикасының салық жүйесі маңыздылығы жағынан бірінші тұратын экономикалық жүйенің бір бөлігі болып табылады. Салық саясаты мемлекеттің мемлекеттік шығындарын, салық салу және мемлекет бюджетінің ахуалын өзгертуі бойынша толық жүмыс бастылықты, төлем балансының тепе-теңдігін қамтамасыз етуге және экономикалық өсуге бағытталған мемлекеттің іс-шарасы деп түсіндіруге болады. Салық саясаты ағымдық қана емес, болашақ кезеңге де бағытталады, яғни бүл ағымдық кезенге арналған тактика емес. салықтық стратегия. Erep де мемлекет қоғамдық корпоративті және жеке экономикалық мүдделерді үштастыруды мақсат ететін болса, онда тактика мен стратегия да бір болады.
Салық жүйесі бюджет жүйесінің маңызды бір бөлігі, себебі салық жүйесінің мазмүны мен мәні қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылысы орталықтандырылған басқару жүйесі арқылы реттеліп жетілдіріліп немесе өзгсртіліп отырады.
Kipicne
Салық - кез келген өркениетті мемлекеттің кіріс көзі. Әлемдік тәжірбие көрсетіп отырғандай салық пен несие қаржы жағынан реттеуді ұштастырып нарықтық экономиканы басқарудың анағұрлым тиімді түрі болып табылады. Қазіргі жағдайда салықтардың маңызы мен рөлін мемлекеттік органдарды қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету шеңберінде ғана бағалауға болмайды. Макроэкономикалық реттеуде олардың маңызы барған сайын орта түсуде . Қазақстан тарихында тұңғыш рет Салық кодексі жасалғанда барлық маңызды сәттер барынша ескерілді. Салықты жетілдіру ұзақ даму жолынан өткен көптеген елдерге қарағанда, экономиканы жедел орнықтыру және дамыту қажеттігі ескеріле отырып Қазақстанда қоғамның талабына жауап бететін және нарықтық экономиканың жағдайына икемделген салық жүйесін жасауды шұғыл қолға алды.
Салық салынатын нысандарды және нақты пайданы айқындауда халықаралық тәжірбиеде қолданылып жүрген принциптерді пайдалануға жол ашу мақсатында өнімнің өзіндік құнына эсер ететін шығындардың жүйесі қайта қаралып, түпкі нэтижені көрсететін баланстық пайда ұғымы енгізілді. Жылдық жиынтық пайданы анықтаудың жолдары белгіленді. Нақты пайдаға ғана салық салынуы үшін салықтық есеп жүйесі қолданыла бастады.
Республика экономикасы шетелдік ин вести цияны тарту барған сайын ұлғая түсуіне байланысты Салық кодексінің бір тарауы халықаралық салық салу мэселесін қарады.
Салықтардың жэне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасы «Бюджет жүйесі туралы» заң мен тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген тэртіппен тиісті бюджеттердің кірісіне түседі [1].
Тақырыптың зерттелу дэрежесі. Бюджеттік жүйенің жеке теориялық жэне тэжірбиелік даму аспектілері мен салықтық түсімдердің эсерін көптеген ғалым экономистер өз еңбектрінде баяндаған.
Экономиканы тұрақтандыру жэне дамытудың факторларының бірі ретінде бюджет мэселесін элеуметтік - экономикалық даму мэселелерін зерттеуде маңызды үлес қосқан Қазақстан ғалымдары: Әубэкіров Я.А., Арын Е.М., Ильсов К.К., Сатқалиева В.А., Өтебаев Б.С., Жүнүсова Р.М., Жүйріков К.К., Бертаева К.Ж., Зейнельгабдин А.Б, Күлекеев Ж.А., Сүлтанғазин АЖ., Сейтқасымов Г.C., Елубаева Ж.М., Мамыров Н.К., С.Б. Байзақов, К.Б. Берентаев, С.¥. Жандосов, С.К. Жұмамбаев, Р.Е. Елемесов, және тағы басқалары [2].
Зерттеу әдістері
Салықтық түсімдер Салықтық кодексте белгіленген салықтар мен бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер болып табылады. Салықтық емес түсімдер - бюджетке төленетін міндетті, қайтарусыз төлемдер, байлаулы гранттар, сондай-ақ трансферттерден басқа, бюджетке тегін негізде берілетін ақша.
Кесте 1 РБ түсетін салықтар
Республикалық бюджетке түсетін салықтық түсімдер:
- Корпоративті табыс салығы
- Қосылған құн салығы
- Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ҚР аумағына импортталатын тауарларға акциздер
- Газ конденсатын қоса алғанда шикі мұнайға акциздер
- Үстеме пайдаға салынатын салық, бонустар, роялти
- Жергілікті маңызы бар мемлекеттік ақылы автомобиль жолдары арқылы автокөлік құралдарының жүріп өткені үшін алынатын алымнан басқа Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өткені үшін алым.
- Телевизиялық және радиохабар ұйымдарына радио жиілік спекторын пайдалануға рүқсат бергені үшін алынатын алым.
- Теңіз, өзен кемелері мен шағын кемелерді мемлекеттік тіркеу үшін алынатын алым
- Дәрілік заттарды мемлекеттік тіркегені үшін алым
- Азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым
- Радио жиілік спекторын пайдаланғаны үшін төленетін төлем
- Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлем
- Кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны үшін төленетін төлем
- Әкелінетін және әкетілетін тауарларға кеден баждары
- Консулдық алым
- Қазақстан Республикасының азаматтарының паспорттары мен жеке куәліктерін бергені үшін мемлекеттік баж
- Жүргізуші куәліктерін бергені үшін алынатын мемлекеттік баж
- Мемлекеттік нотариат кеңселері нотариустарының нотариалдық іс-әрекет жасағаны үшін алынатын мемлекеттік баж
Жергілікті бюджет (облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның (облыстық маңызы бар каланың) бюджеттері. Бюджеттік кодекспен айқындалған түсімдер есебінен қалыптастырылатын және тиісті деңгейлердегі жергілікті мемлекеттік орғандардың, оларға ведомстволық бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге және тиісті әкімшілік- аумактық бірлікте мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақшалай қоры болып табылады [3].
Зерттеу нәтижелері
Нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеудің тиімді жүйесі елдің экономикалық дамуының және саяси тұрақтылықты ұстап тұруының маңызды шарты болып саналады. Қазіргі заманғы мемлекет экономикалық өмірді енжар бақылаушы болып табылмайды, керісінше мемлекет елдің шаруашылық- экономикалық өміріне белсенді түрде қатынасады және де керек кезінде елдің экономикасын тұрақтандыру үшін керекті шараларды да жүргізеді. Қазақстан Республикасының қазіргі уақытта инновациялық саясатты дамытуға байланысты нарық экономикасын реттеуде мемлекет және мемлекеттік бюджеттің атқаратын рөлі өте маңызды болып табылады [4].
Төмендегі кестеде республикалық бюджетке түскен салықтар берілген.
Кесте 2 Республикалық бюджеттің атқарылуы, (млн.теңге)
Атауы |
2017 ж. |
2018 ж. |
2019 ж. |
Абс ауытқу |
Өсу қарқыны |
||
2018 ж/ 2017 ж |
2019 ж/ 2018 ж |
2018 ж/ 2017ж |
2019 ж/ 2018 ж |
||||
I. Кірістер |
9691789 |
8789005 |
10592324 |
-902784 |
1803319 |
-9,31 |
20,52 |
Салықтық түсімдері, оның ішінде: |
4848028 |
5694904 |
6835513 |
846876 |
1140609 |
17,47 |
20,03 |
корпоративтік табыс салығы |
1538785 |
1687577 |
1974763 |
148792 |
287186 |
9,67 |
17,02 |
қосылған қүн салығы |
1664699 |
2034314 |
2693127 |
369615 |
658813 |
22,20 |
32,39 |
акциздер |
80980 |
95278 |
106498 |
14298 |
11220 |
17,66 |
11,78 |
Салықтан тыс түсімдер |
159882 |
151348 |
279410 |
-8534 |
128062 |
-5,34 |
84,61 |
Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер |
4345 |
2361 |
9506 |
-1984 |
7145 |
-45,66 |
302,63 |
Трансферттерді ң түсімдері |
4679534 |
2940391 |
3467894 |
1739143 |
527503 |
-37,16 |
17,94 |
II. Шығындар |
10677506 |
9334733 |
11469071 |
-1342773 |
2134338 |
-12,58 |
22.86 |
1. Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер |
493888 |
442403 |
562706 |
-51485 |
120303 |
-10,42 |
27,19 |
2. Қорғаныс |
428746 |
516581 |
709872 |
87835 |
193291 |
20,49 |
37,42 |
3. Қоғамдық тәртіп. қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық- атқару қызметі |
549102 |
647942 |
684758 |
98840 |
36816 |
18,00 |
5,68 |
4. Білім беру |
464569 |
473825 |
611258 |
9256 |
137433 |
1,99 |
29,01 |
5. Денсаулық сақтау |
1018628 |
1071175 |
1197100 |
52547 |
125925 |
5,16 |
11,76 |
6. Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету |
2129993 |
2578844 |
3270193 |
448851 |
691349 |
. |
|
21,07 |
26,81 |
||||||
7. Түрғын үй- коммуналдық шаруашылық |
198342 |
221217 |
328221 |
22875 |
107004 |
11,53 |
48,37 |
8. Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік |
140684 |
150788 |
135963 |
10104 |
-14825 |
■—' |
|
7,18 |
-9.83 |
||||||
9. Отын- энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану |
89066 |
78225 |
84891 |
-10841 |
6666 |
-12,17 |
|
8,52 |
|||||||
10. Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары |
244938 |
268909 |
371216 |
23971 |
102307 |
9,79 |
38,05 |
11. Өнеркәсіп, сәулет, қала қүрылысы және қүрылыс қызметі |
8884 |
8674 |
18761 |
-210 |
10087 |
-2,36 |
116,29 |
12. Көлік және коммуникация |
675902 |
552959 |
628273 |
-122943 |
75314 |
-18,19 |
13,62 |
13. Өзгелер |
2278937 |
155490 |
603558 |
-2123447 |
448068 |
-93,18 |
288,17 |
14. Борышқа қызмет корсету |
458102 |
585909 |
677834 |
127807 |
91925 |
27,90 |
15.69 |
15. Трансферттер |
1497726 |
1581791 |
1584468 |
84065 |
2677 |
5,61 |
0.17 |
III. Таза бюджеттік кредит беру |
174971 |
131654 |
250348 |
-43317 |
118694 |
-24,76 |
90,16 |
Бюджеттік кредиттер |
282484 |
250269 |
381647 |
-32215 |
131378 |
-11,40 |
52,49 |
Бюджеттік кредиттерді өтеу |
107513 |
118615 |
131299 |
11102 |
12684 |
10,33 |
10,69 |
IV. Қаржылық активтермен болатын операциялар бойынша сальдо |
196287 |
51806 |
169170 |
-144481 |
117364 |
-73.61 |
226,55 |
Қаржылық активтерді сатып алұ |
196287 |
51806 |
169170 |
-144481 |
117364 |
-73.61 |
226,55 |
V. Бюджет тапшылығы (профициті) |
-1356975 |
-729188 |
1296266 |
627787 |
-567078 |
-46.26 |
77,77 |
VI. Бюджеттің тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) |
1356975 |
729188 |
1296266 |
-627787 |
567078 |
-46.26 |
77.77 |
Кесте мәліметі бойынша республикалық бюджет кірістері 2017 жылы 9691789 млн. теңге болса, 2018 жылы кірістер 9,31% азайды да 8789005 млн. тенге болды. 2019 жылы кірістер 10592324 млн. теңгеге дейін артты, бұл өткен мерзімнен 20,52% артық, яғни 1803319 млн. теңгеге.
Қорытынды
Салықтық түсімдер кірістердің негізгі бөлігін құрайды. Баска да елдердегі сияқты, түсімнің осы түрі бюджеттік салық жүйесінің негізі болып табылады, себебі бұларсыз мемлекеттің өміршеңдігі және мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру мүмкін емес. Салықшыларды салықтар көмегімен жеке және заңды тұлғалардың қаржылары мобилизияцияланады және қайта бөлінеді. Дамыған елдердің орталық бюджетінде олардың үлесі 80- 90% құрайды. Заң теориясы бойынша салықтар жалпы мемлекеттік және жергілікті болып бөлінеді.
Әдебиет:
- «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазакстан Республикасының кодексі. - Алматы: LEM. 2017 ж.
- «Қаржы» Құллыбаев C., Ынтықбаева С.Ж.. Мельников В. Д. 2011 ж 208 б.
- «Налоговое право Республики Казахстан» Баранбаева А.Е. 2012 ж.
- Үмбетәлиев А.Д., Керімбек F.E. «Салық және салық салу» Алматы. Экономика, 2006. 806.