Андатпа
Бұл мақалада футбол ойынымен айналысатын жасөспірім балалардың қозғалыс қаблетін дамыту ерекшеліктері қарастырылған. Сонымен қатар футбол ойынының спорт түрі рстінде қалыптасу және даму тарихына қысқаша шолу жасалған.
Футбол ойыны спорттық ойындардың ең бір тамаша түрі. Ол ересск адамдардың. жасөспірім балалардың барлытын қызықтыратын дене тәрбиесінің бір түрі болып есептслсді. Бүл ойын адамның денесін шынықтыруда, дене қуатын жетілдіруде, адамның күш-қайратын асыруда, жігерін шындауда, басқалармен өзара сыйластық, өзара достық қатынастарын дамытуда ерекше рөл атқарады.
Футбол белсенді жұптық және топтық атлетикалық ойын. Ойын барысында допқа не болу үшін күресу. оны тиісті бағытқа жеткізу, қарсыласпен кақтығыста тепе-тендікті сақтап, қажетті тәсілдерді қолдану қозғалыс қаблеті жақсы дамытан футболшының қолынан келеді. Сондықтан қозғалыс дағдысын жаксы дамыту - әрбір футболшыға қажетті сапаның бірі. Сол себепті жас фу тболшылардың қозғалыс қаблетін дамыту - оларды жаттықтыру сабақтарында шешілетін өзекті мәсслслердің бірі болып табылады.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарының барысында жас футболшылардың денс дайындығының сапасын және қозғалыс қаблеттерін дамыту мақсатымен арнайы жаттығулар кещені қолданылып. олардың тиімділігі анықталған.
Kipicne
Футбол - (ағылш. foot - аяқ, ball - доп) спорттың командалық ойын түрі. Футбол - әлемге аса танымал ойындардың бірі. Ойынның негізгі мақсаты қарсылас команданың қақпасына аяқпен немесе басқа да дене мүшелерімен (қолдан басқа) қарсылас команда салған саннан көбірек доп салу болып табылады [1].
Футбол ойынының тарихы XII ғасырдан басталды. Бұл ойын алғаш рет Англияда дами бастады. Француздық саяхатшы Гастон де Фуаз заманында футболды бар ынтасымен бақылап, «ағылшындар футболды ойын деп есептесе, онда төбелесті не дейді?» деп жазған екен. Футболды ойнауға қарсылық көрсеткендер де болды. Мысалы, шіркеудегі діндарлар, феодалдар футболға тыйым салынуын талап еткен. Өйткені олар футбол өте қауіпті ойын деп санаған. 1313 жылы Англияда қала ішінде футбол ойнауға шектеу қойылған. Тіпті, Лондон қаласында футболға қарсы шаралар қолданылғаны туралы деректер бар. Сонымен қатар ойыншыларға шектеу қойып қана қоймай, алаң иелеріне тыйым салып, салық салған. Алайда, мұндай қағидаларға мойымаған халық футбол ойнаудан бас тартқан жоқ [2, 3].
1863 жылы Лондонда футболдың жаңа шарттары белгіленді. Жобаға енгізілген ережелерді арнайы комиссия жіті қараған. 1872 жылдан бастап футболдан халықаралық кездесулер өткізілді. Доданы Англия мен Шотландия футболшылары ашты. 1884 жылы Үлыбританияда футболдан алғашқы ресми кездесу өтті. Жарысқа Англия, Шотландия, Уэльс жэне Ирландия командалары қатысып, бақ сынасты. 1908 жылы футбол олимпиадалық ойындардың тізіміне кіргізілді.. XIX ғасырдың аяғында футбол барлық елдерде қарқынды дами бастады [4, 5].
Қазіргі заманда дене шынықтыру мен спорт тарихы үлкен тәрбиелік және білімдік маңызға ие болып отыр. Бүл адамдар санасын өткеннің маңызды оқиғаларымен байыта отырып, жастарды адамгершілікке, отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелейді. Осы бағытта футбол ойынының өзіндік қосқан үлесі орасан зор деп айтуға болады [6, 7].
Заманауи футбол спортын дамытудың негізгі бағыты спортшылардың дене дайындығын жетілдіру әдістемесінің жүйелі болуының қажеттігінен туындайды. Бүл жағдайда жас футболшылардың қозғалыс қаблетін дамыту маңызды және қажетті факторлардың бірі болып табылады [ 8, 9, 10].
Мақсаты:
Футболмен айналысатын жасөспірім балалардың қозғалыс қаблетін дамыту және жетілдіру ерекшеліктерін қарастыру.
Міндеттері:
- Жас футболшылардың қозғалыс қабілетін дамытуға арналған жаттығулар кешенін қүру.
- Таңдалып алынған арнайы жаттығулар кешенін жас футболшылардың дайындық үрдісіне енгізу.
- Арнайы жаттығулардың жас футболшылардың қозғалыс қабілетін дамытуға әсерін бақылау.
- Зерттеу барысында қолданылған әдістеменің тиімділігін анықтау және дәлелдеу.
Зерттеу әдістері
Ғылыми-зерттеу жұмыстары Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Майбалық негізгі орта мектебінің футбол секциясына қатысатын оқушылардың қатысуымен жұргізілді. Зерттеу жұмыстарына футболмен айналысатын 13-14 жастағы 14 жасөспірім қатысты. Футболшы балалар екі топқа бөлінді: 7 бала бақылау тобын құрса, 7 - эксперимент тобын құрды. Жаттықтыру жүмыстары футбол секциясының кестесіне сәйкес өткізілді.
Екі топтың да футболшылары эксперимент барысында дәстүрлі бағдарлама бойынша жаттықтырылды, ал эксперимент тобына қатысушы футболшлардың жаттығу бағдарламасына қосымша келесі арнайы жаттығулар енгізілді:
- Шалқасынан жатқызып, екі аяқты алма-кезек созғызу.
- «Сурет салу» - орындықта арқасын тіреп отырып, екі аяқпен алма-кезек 1- ден 10-ға дейінгі сандарды немесе әріптерді корсету.
- «Қайшы» - орындықта арқасын тіреп отырып екі аяқты жоғары көтеріп, қарама-қарсы бағытта қозғалту.
- «Велосипед» - шалқасынан жатқан қалыпта екі аяқпен велосипед тебу қимылдарын жасау.
- Спорттық құрылғылармен жаттығу жасау (секіртпе, таяқша, үрленген үлкен доп).
- Кедергіден ( биіктігі 50 см) екі аяқпен секіру ( 3 рет қайталау).
- Дөңес жерде жоғары және төменге қарай жүгіру (20-30 мин).
Жас футболшылардың қозғалыс қабілетінің даму деңгейін бағалау үшін келесі сынамалар қолданылды:
- «60 метр қашықтыққа жүгіру (сек)». Бұл сынаманың көмегімен спортшының
жылдамдық қабілеті анықталды. Әр спортшыға екі мүмкіндік беріліп, оның жоғары нәтижесі есепке алынды.
- «Бір орында тұрып ұзындыққа және биіктікке секіру (см)». Бүл сынамалар футболшының жылдамдық және күш қабілеттерін анықтау үшін жүргізілді және екі мүмкіндіктің жоғары нәтижесі есептелді.
- Ұзындыққа секіру барысында алға бес қадам жасалды.
- Биіктікке секіру Абалаков сынамасының ережесіне сәйкес жүргізілді.
- «Қайталамалы жүгіру (челночный бег, 3x10 сек) - сынамасы футболшының арнайы жылдамдыққа төзімділігін бағалау үшн қолданылды. Футболшының 10 метр арақашықтықты 3 рет қайталап жүгіру жылдамдығы анықталды.
- «Допты алысқа тебу (м)» сынамасы спортшының аяқ күшін анықтау үшін қолданылды. Бастапқы қалыптан доптың жерге алғаш тиген деңгейінің арақашықтығы өлшенді. Бұл сынамада үш мүмкіндік беріліп, ең жоғарғы нәтиже есепке алынды.
- «Доппен 30 метр жүру» сынамасының көмегімен футболшының жылдамдық және техникалық қабілеті анықталды.
Зерттеу нәтижелері
Зерттеу жүмыстарының барысында бақылау және эксперимент топтарындағы жас футболшылардың қозғалыс қабілетін дамытуға арналған жаттығулардың тиімділігін бағалау үшін қолданылған сынамалардың нәтижелері анықталып, оларға салыстырмалы сипаттама берілді.
Бақылау және эксперимент тобына қатысқан жас футболшылардың «60 метр (сек) қащықтыққа жүгіру» сынамасының көрінісі 1 Суретте бейнеленген.
Жоғарыдағы диаграммада «60 метр (сек) қащықтыққа жүгіру» сынамасы бойынша келесі өзгерісті байқауға болады: бақылау тобындағы футболшылардың нәтижесі эксперименттің соңғы кезеңінде 0,1 секундқа ғана жақсарса, эксперимент тобының футболшыларының нәтижесі 0,3 секундқа жақсарды, яғни кейінгі топ белгіленген арақашықтықты алдыңғы топпен салыстырғанда 0,2 секундқа жылдам жүгіріп өтті.
Жас футболшылардың жылдамдық және күш қабілеттерін бағалау үшін жүргізілген «бір орында тұрып үзындыққа секіру (см)» сынамасының динамикасы 2 Суреттегі диаграммада көрсетілген.
«Бір орында тұрып ұзындыққа секіру (см)» сынамасының жоғарыдығы суреттегі көрінісінен келесі нәтижелер байқалады: бақылау тобына қатысушылардың ұзындыққа секіру мүмкіндігі эксперименттің соңында бастапқы деңгейден 1,4 см артса, эксперимент тобына қатысқан балалардың нәтижесі 1,9 см-ге артты. Сонымен бүл сынама бойынша да екінші топтың футболшылары біршама жоғары нәтиже көрсетті.
«Бір орында тұрып биіктікке секіру (см)» сынамасының нәтижесін 3 Суреттен көруге болады.
«Бір орында тұрып биіктікке секіру (см)» сынамасының нәтижелерінде жоғарыда сипатталған көрініс қайталанды, яғни, бақылау тобына қатысушылардың эксперименттің соңындағы нәтижесі 1,4 см-ге артса, эксперимент тобына қатысушылардың нәтижесі - 2,4 см-ге жоғарылады. Сонымен бұл сынамаының барысында эксперимент тобындағы футболшылардың дайындық үрдісіне енгізілген қосымша жаттығулардың оң нәтиже бергені анықталды.
Футболшылардың арнайы жылдамдыққа төзімділігін бағалау үшн «қайталамалы жүгіру (челночный бег)» сынамасы қолданылды. Футболшының 10 метр арақашықтықты 3 рет қайталап жүгіру жылдамдығының орта мөлшері анықталды. Бұл сынаманың нәтижесі 4 Суретте бейнеленген.
М. Қозыбаев атындағы СҚМУ Хабаршысы /
221
Вестник СКГУ имени М. Козыбаева. № 2 (47). 2020
Жоғарыдағы суретте бейнеленген сынаманың динамикасында келесі жагдай байқалады: эксперименттің бастапқы кезеңінде екі топтың да футболшылары бірдей нәтиже көрсетті және эксперименттің соңында берілген арақашықтықты жүгіріп өту жылдамдығы артты. Дегенмен, бақылау тобына қатысушылардың жылдамдығы орта есеппен 0,1 секундқа, ал эксперимент тобындағы футболшылардың жылдамдығы 0,2 секундқа жақсарып, екінші топ алдыңғы топтың нәтижесімен салыстырғанда екі есе жоғары жылдамдық көрсетті.
Спортшының аяқ күшін анықтау үшін «допты алысқа тебу (м)» сынамасы қолданылды. Бұл сынаманы өткізу барысында доптың бастапқы қалыптан алғаш жерге тиген деңгейінің арақашықтығы өлшеніп, үш мүмкіндіктің ең жоғарғы нәтижесі есепке алынды. Осы сынаманың нәтижелерінің динамикасы 5-ші суретте көрсетілген.
Футбол спортында оиыншының аяқ күшінің деңгеиінің жоғары болуы өте маңызды. Аяқ бұлшық еттерінің күші неғұрлым жоғары болса, соғұрлым футболшының жүгіру жылдамдығы және допты алысқа тебу мүмкіндігі артады. Бұл қасиеттер футболшы үшін өте маңызды, себебі жылдамдық пен аяқ күші доппен жақсы жұмыс жасаудың негізгі кепілі, ал бұл жеңіске жетудегі басты мүмкіндік. Эксперименттің соңында бақылау тобындағы ойыншылар допты алысқа тебу нәтижесін 1,4 метрге ал эксперимент тобындағылар - 1,6 метрге жақсартты.
Футболшылардың жылдамдық және техникалық қабілетгерін бағалау мақсатымен «доппен 30 метр жүру (сек)» сынамасы жүргізілді. Бұл сынаманың эксперименттің бастапқы және соңғы кезеңдеріндегі нәтижелерін 6-шы суреттен көруге болады.
Футболшының технпкалық дайындығын тексеру үшін «доппен 30 метр жүру (сек)» сынамасын өткізудің маңызы зор. Бұл сынама сонымен қатар спортшының жылдамдық қабілетінде анықтауға мүмкіндік береді. Жоғарыдағы суреттен бақылау және эксперимент топтарына қатысқан жас футболшылардың эксперименттің бастапқы және соңғы кезеңдеріндегі нәтпжелерінің айырмашылықтарын байқауға болады: бақылау тобының ойыншылары доппен 30 метр жүру нәтижесін 0,1 секундқа жақсарса, эксперимент тобына қатысушылар бүл арақашықтықты 0,2 секундқа жылдам жүгіріп өтті.
Қорытынды
Ғылыми-зерттеу жүмыстарын жүргізу барысында екі топтың футболшыларының дене дайындығын бағалайтын тестілер эксперименттің бастапқы және соңғы кезеңдерінде қолданылды. Бұл тестілердің орташа нәтижелеріне салыстырмалы сппаттама беріліп, эксперимент тобына қатысқан жас футболшылардың қозғалыс қаблетін дамыту мақсатымен олардың дайындық үрдісіне енгізілген жаттығулар кешенінің тиімділігі анықталды және дәлелденді.
Әдебпет:
- Воль А.В. История футбола. М. Просвещение. 2008 г. С. 285.
- Павлов С.П.. Олимпийская энциклопедия. - M.: 2009. - 458 с.
- Абрамов В.Н. Футбол. M., Олимпия Пресс. 2002 г. С. 236.
- Янчик В. А., Дворцов В. А.Футбол. M., 2003 г. С. 76.
- Васильев. П.А. Футбол. M., Молодая гвардия. 2002 г. С. 98.
- Укабаев Е. Қазақстанда дене тәрбиесі жүйесінің дамуы. Алматы, Санат, 2000 ж., 98 б.
- Испулова Р. Пути приообщения к двигательной активности информированию здорового образа жизни подростков. Алматы, Бастауыш мектеп, 2005 г., С. 87.
- Андреев С.Н. Футбол в школе. M.: Просвещение. 2006 г. С. 234.
- Сисенбердиева А.Ж. Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі: Окулық. Алматы, Экономика. 2011 ж.. 35 б.
- Футбол ережелерінің түсініктемесі жэне оны қолдану әдістемесі. Алматы, 2009 ж. 190 б.