Аңдатпа
Мақалада жыл мезгіліндегі абиотикалық факторлардың қозылардың өсу-дамуына ықпалын зерттеу нәтижесінде алынған материалдар келтірілген. Олар көктемнің тұрақсыз ауа райына, жаздың ыстық мезгілдерінс жеткілікті дәрежеде бейімделіп, күз айларына дейін қалыпты өсіп, қыс мерзіміне жоғары қондылықпен мықты күйінде, түсетіні анықталды. Қойларды қыста және ерте көктемде төлдету мал өсірудің прогрессивті әдісіне жатады. Қыста және ерте көктемде туылған төлдер жайылымға ерте ілігіп, жаздың ыстығына төзімді келеді. Қыстық және көктемдік қозылардың арасындағы айырмашылық туылған кезіндс 11.6%, ал енесінен ажыратқанда - 3,2% қүрайды. Сонымен қатар, 4,5 айлық еркек қозылар барынша жоғары сойыс шығымына ие болады -49,8-52,0%. Малдарды төлдету мерзімінің алынған ұрпақтардың өсуі мен даму ерекшеліктеріне тигізетін әсері туралы Созақ өңіріндегі қаракөл шаруашылықтарында жеткілікті дәрежеде зерттеулер жүргізілмеген. Бұл кезеңде зерттеудегі ерте көктемде туылған жас қозылардың орташа тәуліктік салмақ қосу көрсеткіші 309,0 г, көктемде туылғандардыкі - 300.0 г болды. Сонымен қатар, жалпы қозылардың туылғаннан бастап 2 айлық жасына дейінгі тірілей салмақтары сәйкесінше 5,07-4,7 есе өсті.
Kipicne
Отандық қой шаруашылығы практикасында дәстүрлі түрде келесідей төлдету кезеңдері қалыптасқан: қыстық, көктемдік және ерте көктемдік. Қыстық төлдетуге кеңірек жылы қой қоралары, жақсы ұйымдастырылған суғару амалдары, сонымен бірге ірі және балауса малазығы қорының деңгейі жеткілікті болған жағдайда ұйымдастырылуы қажет. осыған қарамастан, қой шаруашылығында көбіне қыстық төлдету қолданылып, ерте көктемдік төлдету аз деңгейде жүреді [1,2].
Өндірістік технология талаптарына сай солтүстік және шығыс аймақтарындағы қой шаруашылығы ұжымдарында қой төлдету негізінен қыстық кезеңдеріне сай келеді. Қойларды қыста және ерте көктемде төлдету тиімді ұйымдастырылған экономикалық және зоотехникалық-биологиялық мал басын өсірудің прогрессивті әдісіне жатады. Төлдетудің бұл кезеңдерінде қойларда жоғары төлдегіштік байқалады. Жаппай дала- eric жүмыстары басталатын көктемгі кезеңге қарағанда, бүны жүргізу жүмыс күшімен қамтамасыз етуде қиындықтар туғызбайды. Қыста және ерте көктемде туылған төлдер жайылымға ерте ілігіп, жаздың ыстығына төзімді келеді. Сонымен қатар, бүл төлдету кезеңдерінің көктемгіден тағы бір артықшылығы, қыстық және ерте көктемдік қозылар 7-8 айлығында 38-45 кг тірілей салмаққа жетіп, және де 12 айлық жасына жеткенде етке өткізуге немесе өсіруге қалдыруға жарайды [2, 3].
Қарашай тұқымына жататын қозылардың тірілей салмақтары, таулы және биік таулы аймақтарда өсіргенде, төлдету мерзіміне және азықтандыру деңгейіне қарай ауытқып отыратындығын мәлімдейді. Қыстық және көктемдік қозылардың арасындағы айырмашылық туылған кезінде 11,6%, ал енесінен ажыратқанда - 3,2% қүрайды. Тәжірибедегі қыста туылған еркек қозылар бақылау тобындағы еркек қозылардан туылған кезінде 0,36 кг немесе 12,33%-ға, ал енесінен ажыратқанда 2,9 кг немесе 14,42%-ға асыңқы келеді. Бақылау тобындагы ұрғашы қозыларға қарағанда көп мөлшерде жем жеген тәжірибе тобындагы ұрғашы қозылар тиісінше 0,3 кг немесе 10,3% және 1,5 кг немесе 7,5% құрайды. Барлық өсіру кезеңінде тәжірибе тобындагы малдардың тәуліктік орташа өсімі еркек қозыларда - 18 г-ға, ұрғашы қозыларда - 8 г-ға жоғары болды [3,4].
Зерттеу әдістері
Зерттеудің тәжірибе бөлімі Түркістан облысының қаракөл қойын өсіруге мамандандырылған шаруашылығында өткізілді. Қаракөл қойының өсуіп - жетілуі 1-3 күндігінде, 4-4,5 айлығында және 1,5 жасында оның салмағы, дене өлшемдері - қиғаш ұзындығы, шоқтығының биіктігі, аяқтарының орамы, кеуде орамын өлшеу арқылы анықталды [4]. Алынған сандық мәліметтер Е.К. Меркурьева вариациялық статистика әдісімен [5] өңделді.
Зерттеу нәтижелері
Жайып семірту кезіндегі әртүрлі азықтандыру деңгейді қозылардың тірілей салмағына елеулі ықпалын тигізеді. Қыста төлдеген тәжірибе тобындағы еркек қозылар жайып семірту мезгілінің соңына қарай көктемде төлдеген қозылардан 10-15%-ға асыңқы келеді.
Туылғаннан бастап енесінен ажыратқанға дейінгі барлық өсіру кезеңіндегі тәуліктік орташа өсімді салыстыру барысы, көктемгілерден қыста туылған қозылар 14,5-22,1%-ға асыңқы келіп, ұрғашы қозыларға қарағанда еркек қозылардың басымдылығы біршама жоғары болатындығын (14,5-17,7%-ға қарағанда 16-21%) көрсетеді. Бақылау тобындағыларға қарағанда тәжірибе тобындағы қозылардың тәуліктік орташа өсімі 3,4-14,6%-ға жоғары болып, бүл басымдылық қыста туылғандарда көктемгілерге қарағанда едәуір жоғары болған. Көрсеткіштерді салыстыру барысы қыста туылған қозылар барлық жас шамасында жоғары тірілей салмаққа, сондай-ақ, тәуліктік орташа өсімге ие болып келетіндігін көрсетті.
Сонымен қатар, 4,5 айлық еркек қозылар барынша жоғары сойыс шығымына ие болып келгендігін (49,8-52,0%) айта кету керек. Сүйектен етін ажырату нәтижесінде қыста туылған қозылар құйрық майымен жұмсақ ет шығымы бойынша көктемде туылған жас төлдерден 1,3%-ға асыңқы болатындығы айқындалды.
Малдарды төлдету мерзімінің алынған ұрпақтардың өсуі мен даму ерекшеліктеріне тигізетін әсері туралы Созақ өңіріндегі қаракөл шаруашылықтарында жеткілікті дәрежеде зерттеулер жүргізілмеген. Сонымен қатар малдардың өсуі мен даму ерекшеліктері малдың нақты жағдайда өмір сүруіне бейімделуінің маңызды көрсеткіші екені белгілі.
Біз зерттеу жүмыстарымызда әртүрлі мерзімде төлдетілген саулықтардан алынған қозылардың тірілей салмағы көрсеткіштері бойынша олардың өсуі мен дамуының заңдылықтарының негізгі ерекшеліктерін анықтадық (1-Кесте).
1 Кесте Әртүрлі мерзімде туылған қозылардың тірілей салмағының өсу ерекшеліктері
Қозылардың жасы, күні |
Әртүрлі мерзімде туылған қозылардың тірілей салмағы, Х±шх |
|||
ерте көктемде |
Cv |
көктемде |
Cv |
|
2 |
3,8±0,04 |
U |
4,3±0,04 |
1,9 |
15 |
8,5±0,03 |
0,7 |
8,8±0,06 |
1,0 |
30 |
12,5±0,05 |
0,9 |
13,4±0,03 |
1,2 |
60 |
19,6±0,06 |
0,8 |
20,2±0,05 |
1,0 |
90 |
23,8±0,06 |
0,3 |
24,1±0,07 |
0,8 |
120 |
27,8±0,07 |
0,9 |
27,7±0,09 |
1,3 |
Ерте көктемде туылған қозылар тек қана сүт ему кезінде туылғаннан бастап өмірінің алғашқы 15-ші күніне дейін өз салмағына 4,64 кг, көктемде туылған қозылар тиісінше 4,50 кг қосып, 1,20 және 1,05 есе өсетінін байқадық. Бұл кезеңде зерттеудегі ерте көктемде туылған жас қозылардың орташа тәуліктік салмақ қосу көрсеткіші 309,3 г, көктемде туылғандардыкі - 300,0 г болды.
Қозылардың 15-тен 30 күндік жасына дейінгі аралықтағы қосқан салмағы ерте көктемде туылғандардыкі - 4,00 кг, көктемде туылғандардыкі - 4,60 кг болып, орташа салмақ қосу дәрежесі сәйкесінше 267,0 г - 306,6 г немесе алғашқы кезеңге қарағанда ерте көктемде туылған қозылардыкі 42,3 г кем болса, ал көктемде туылған қозылардыкі керісінще - 6,6 г артық болды. Бүл көрсеткіштерді біріншіден ерте көктемде төлдетілген саулықтардың қозылар-дың осы жасында сүттілігінің төмендеуінен және жайылым жағдайларына байланысты деп түсіндіруге болады.
Қозылардың 30-ші күнінен 60-ші күніне дейін саулықтардың сүттілігі төмендейді, бірақ бүл мерзімде ауа-райы жағдайы жақсарып, қозылы қойларды өрісте жаю уақыты үзарады, сол себепті осы көрсетілген мерзім ішінде ерте көктемде туылған қозылар 7,10 кг, көктемде туылған қозылар 6,80 кг салмақ қосып, орташа тәуліктік салмақ қосу деңгейі тиісінше 236,7-226,7 болды. Сонымен қатар, жалпы қозылардың туылғаннан бастап 2 айлық жасына дейінгі тірілей салмақтары сәйкесінше 5,07-4,69 есе өсті.
Тәжірибедегі қозылар 60-90 күндік жасында ауа-райы ысып, жайылым оты қурап, саулықтардың сүттілігі күрт төмендеуіне байланысты ерте көктемде туылған қозылар орташа 140,0 г, көктемде туылған қозылар - 130,0 г салмақ қосып, осы бір ай ішінде небәрі тиісінше 4,20-3,90 кг салмақ қосқанын көрсетті. Осындай жағдай қозылардың 90-120 күндік жасынде енесінен белу мерзімінде де сақталды. Қозылардың көрсетілген уақыттағы тәуліктік орташа салмақ қосуы кезегінше 133,3-120,0 г шамасында болды.
Қорытынды
Тәжірибеде жыл мезгіліндегі абиотикалық факторлардың қозылардың өсу- дамуына ықпалы зерттелді. Қойларды қыста және ерте көктемде төлдету мал өсірудің прогрессивті әдісіне жатады. Қозылар көктемнің тұрақсыз ауа райына, жаздың ыстық мезгілдеріне жеткілікті дәрежеде бейімделді. Ал күз айларына дейін қалыпты өсіп, қыс мерзіміне жоғары қоңдылықпен мықты күйінде, түсетіні анықталды. Қыста және ерте көктемде туылған төлдер жайылымға ерте ілігіп, жаздың ыстығына төзімді келеді. Қыстық және көктемдік қозылардың арасындағы айырмашылық туылған кезінде 11,6%, ал енесінен ажыратқанда - 3,2% құрайды.
Әдебиет:
- Свечин К.Б., Аршавский И.А., Квасницский А.В. Возрастная физиология животных. - M.: Колос, 1967. - 430 с.
- Мухамедгалиев Ф.М. Возрастные этапы развития скелета и костной ткани сельскохозяйственных животных. - Алматы. 1982. - С. 15-38.
- Елемесов К.Е. Селекция каракульских овец по длине волоса // Овцеводство. - M., 1983. - №9. - С. 39-40.
- Умурзаков Т.У. Изменчивость признаков и селекция каракульских овец. - Алматы: Гылым, 1992. - 230 с.
- Борисенко Е.Я. Разведение сельскохозяйственных животных. - M.: Сельхозгиз, 1952. - С. 486.
- Меркурьева Е.К. Биометрия в селекции и генетике сельскохозяйственных животных. - M.: Колос. 1970. - 423 с.