Балық лигулез ауруының алдын алу кypec шаралары

Ацдатпа

Балык лигулезі кең таралған гельминтоз, тұщы көлдерінде даму нәтижесінде плероцеркоидтарды жұқтырып мекендейді. Әсіресе балық шаруашылығында алдын алу шаралары өте маңызды. Келесі жылдары сауықтырылған тоғандарға майда, құртшабақтар жіберіледі. Биік өскен қияқөлең, қамыс т.б. шөптерді шауып тастап, жыл құстарына үя салдырмайды. ¥сақ өсімдіктер басып кеткен жерлерді әлсін - әлсін тазалап. жинайды. Ол үшін құс ұшып келетін уақытгарда оларды үркітетін әртүрлі қүралдарды пайдаланады. Көктемгі тасқын кезінде жайылымдық Жалпақсу көліне фитофилды балық түрлсрі еніп су өсімдіктеріне уылдырығын піашады, мысалға шортан, табан балық, орта, алабүға және басқалары. Ересек балықтар және жас балықтар су толтырылған көлде қыдырады да сосын Есіл суы тартылып судың деңгейі төмендей бастаған кезде өзен жағына жылжи бастайды.

Көлдер мен көлтабан жағасында лигулез аурумен ауыратын балықтарды жинап, жойып жібереді. Сондықтан алдын ала күрес шараларына көп көңіл бөлінеді.

Kipicпe

Балықтар - алғашқы су жануарлары, бүкіл тіршілігі суда өтеді. Судың физика- химиялық қасиеті балық өсіру шаруашылықтары жүмысының тиімділігі анықтайтын ортаның маңызды факторларының бірі болып табылады [1].

Балық лигулезі кең таралған гельминтоз. Оны DiphyIIobothriidae тұқымдасьша жататын Ligula inlenistinalis таспа құртының - плероцеркоид - балаңқұрты тудырады.

Бұл сыртқы бунақтары жоқ жалпақ белбеу тәрізді паразит. Ол екі аралық ие арқылы өсіп-көбейеді: біріншісі - диаптомустар және циклоптар; екіншісі - балықтар, әсіресе тұқы тұқымдастарына жататындар [2].

Қоздырушысы - Баулы құрт үлкен таспа құрттың личинкасы - Ligua intestinalis, түсі ақ не сарғыштау. Үзындығы 2 м, ені 0,5 - 1,7 см. Денесінің алдыңғы жағында жіңішке саңылау тәрізді ботрии бар, сол арқылы құрт иесінің ағзасына бекінеді. Қүрт денесі бунақтарға бөлінбеген, бірақ гермафродитті жыныс ағзалары бірінен соң бірі тіркесіп, құрт денесінің бойына орналасқан. Жатыры майысқан түтікше тәріздес. Жүмыртқалары сопақша, бір жағында қақпақшалары болады.

Құрттың инвазиялық плероцеркоидтарының ересек сатысынан айырмашылығы, оларда әлі жыныстық ағынның қалыптаспағандығында.

Зерттеу әдістері

Қазақстан Республикасында 48 262 кол бар болса, соның біреуі ауыл шаруашылығы өндірістік коперативі «Кеңес» ауылынан алыс емес, Есіл өзеніне жақындау Жалпақсу көлінде жаз айларында сүзгімен балық аулағанда, көлдің су жағасына қарай суы таяз жерлерде сүзгіге түскен балықтардың арасында құрсақтары торсиған балықтар белгілі болғаны байқалды. Сүзгіге түскен балықтардың арасында құрсақтары торсиған балықтар - лигулез ауруымен ауыратын балықтардың сыртқы ауру белгілері болып табылады [3].

Жалпақсу көлінің негізгі су көзі болып Eciл өзені болып саналады сондықтан болар, осында мекендейтін гидробионттар қауымдастығы бір біріне үқсас болып келеді.

Лигулалардың личинкалық дәуірі (плероцеркоид) балықтың құрсақ қуыстарында үш жылға дейін сақталуы мүмкін [4]. Личинканың ұзындығы 1 метрге дейін жетеді. Лигулезбен зақымданған балықтардың қарны кеуіп кетеді, қолмен басып қарағанда қатты екені, қанында гемаглобиннің 35 пайызға дейін азайғаны (норма бойынша 42 -56 пайыз), РОЭ - ның 5-12-те дейін жылдамдағаны (нормасы 2-3 пайыз) байқалады [5].

Ғылыми лшцалыктары: Есіл өзенінің бойында орналасқан Жалпақсу көлінде балықтың лигулез ауруының алдын алу күрес шаралары құрсақтары торсиып тұрады лигулезбен зақымданған балықтарды жою мақсатында көксерке жыртқыш балық есебінде, ол барлық ауру және әлсіз балықтарды құртып жібереді, немесе сазан белбеу тәрізді паразиттерге зақымданбастан аралық иелерді - диаптомустарды және циклоптарды жеп құртуы болып табылады.

Жалпақсу көлінде жергілікті балық ауға түскен ақ мөңке мөлшері 20 - дан 40 мм дейін, осы мезгілде алабұға түсіп қалған мөлшері 20 - дан 50 мм дейін, торта балық 20 - 40 мм дейін, оңғақ балық 50 - 60 мм дейін, осы мезгілде ауға түскен оңғақ балық пен табан балық мөлшері 30 мм дейін. 90 пайызынан астамы ауланған ау мөлшері 20 дан және 30 мм дейінгілер.46 пайызынан астамы аулаудың мөлшері 30 мм дейінгілер болса, ал сәйкес 30, 4 пайызы мөлшері 40 мм дейінгілдер және 13,5 пайызы - 20 мм дейінгілер болса, ал 9,9 пайызы - 50 мм дейінгілер болып есептеледі. Жалпақсу көлінде жыныстық - жас жағынан балықтар қүрамы жеткілікті қысқа болып табылады [6].

Біздің жүргізген зерттеу жұмысымыздың атқарған орны Кеңес ауылының маңында Есіл өзеніне қарай Жалпақ су көлінде өткізілді. Біздің жүргізілген ғылыми- зерттеу жүмыстарының мақсаты: Аурудың белгілеріне қарап, оны зерделей отыра, ақыр соңында ауруға жаз айларында сүзгімен балық аулағанда, көлдің су жағасына қарай суы таяз жерлерде жергілікті сүзгіге түскен балықтың лигулез ауруының алдын алу күрес шараларын анықтау болып табылады.

Осыған орай, Есіл өзеніне жақындау орналасқан Жалпақ су көлінде жаз айларында сүзгімен балық аулағанда, көлдің су жағасына қарай суы таяз жерлерде жергілікті сүзгіге түскен балықтың лигулез ауруының алдын алу күрес шараларында есепке ала отыра зерттеу міндеттеріне келесі мәселелер қойылды: лигулезбен ауыратын балықтардың сыртқы ауру белгілері, жергілікті ауға түскен балық мөлшерлері, тұщы су балықтары.

Зерттеу нәтижелері

Лигулезбен зақымданған балықтардың қарны кеуіп кетеді, қолмен басып қарағанда қатты екені, қанында гемаглобиннің 35 пайызға дейін азайғаны (норма бойынша 42 - 56 пайыз), РОЭ - ның 5 - 12 - ге дейін жылдамдағаны (нормасы 2-3 пайыз) байқалады. Шортанның қарны жүмсақ түтік сияқты, сырттай өңештен айырмашылығы жоқ, алабүғада - соқыр ішек сияқты, ал кейбір балықтарда V әрпі сияқты иілген. Басқын балықтардың (кефалдар) қарны кішкентай, бірақ екі бөлікті: алдыңғысы безді, артқысы етті, онда тамақ майдаланып араласады. Қарынның алдыңғы бөлігі кардиальді, артқысы - пилорикалық деп аталады.

Балықтар қанының ерекшелігі сонда, олардың лейкоцитарлы формуласы балықтың физиологиялық жағдайына қарай өте өзгергіш, сондықтан осы түрге тән ганулоциттер барлық уақытта түгел табыла бермейді.

Тромбоциттер, сүтқоректілерге қарағанда, әрі көп, әрі ядросы бар ірі. Бұлардың қанның ұюына үлкен маңызы бар, әрі оған шырыш та себеп болады. Сонымен балықтар қанына қарапайымдылық белгілер тән: эроциттер мен тромбоциттерде ядроның болуы, зат алмасудың ақырын жүруіне себепші эритроциттердің және ондағы гемоглобиннің аздау болуы.

Тұщы су балықтарының сутоғандарында ең көп әртүрлі олардың мекендейтін орны осы Жалпақсу көлі болып саналады.

Тұщы су балықтары. Бұлар өмірінің бәрін тұщы суда өткізеді, сонда үрық шашып өніп-өседі. Тұщы су балықтарына оңғақ, бақтақ, сүйрік, шортан, тұқы тұқымдастар, аққайран, қызылқанат, нәлім, өзен алабүғасы, табан, пілмай, алтын мөңке, боз мөңке, көкшұбар (ряпушка) т.б. жатады [7].

Жайылма алқапта жайылымдық жерлерде орналасқан Жалпақсу көлінің қоректенуі Есіл өзенінің көктемде арнасынан көтеріліп тасуынан және жер асты ыза суларынан. Көктемгі тасқын кезінде жайылымдық Жалпақсу көліне фитофилды балық түрлері еніп су өсімдіктеріне уылдырығын шашады, мысалға шортан, табан балық, орта, алабүға және басқалары. Ересек балықтар және жас балықтар су толтырылған көлде қыдырады да сосын Есіл суы тартылып судың деңгейі төмендей бастаған кезде өзен жағына жылжи бастайды. Судың деңгейі тез арада төмендегенде ересек балықтар саны және жас балықтар көлде қалады да қатты қысқы қатқақтар кезінде жойылып кетеді [8].

Балықтардың ауруларын білу, олармен күрес жүргізу шараларын практика жүзінде дүрыс қолдану мәселелері ихтиопатология саласында жұмыс істейтін ихтиологтар мен балық өсірушілердің білім деңгейіне байланысты. Балық ауруларының теориясы мен профилактикасы жағынан жақсы жетістіктерге қол жеткен. Инвазиялық ауруларға қарсы - фенотиазин, феносал, органикалық бояулар т.б. дәрі - дәрмектер жасап шығарылған. Қазір суды және балықтарды залалданудан сақтау үшін әр түрлі жаңа әдістер табылуда (оның бірі - ультракүлгін сәулемен заласыздандыру тәсіл) [9].

Бірінші жылғы тіршілігінде балықтарға судың ағыстылығы қажетсіз болғандықтан, үздіксіз өсіруде су тұыну біршама қысқарады. Ағыстылық болмағандықтан көлге түскен қорек пен тыңайтқыштар өнімділік процесінде зат айналымға алынады. Бұл көлдегі балық өнімділігін 2 есеге арттырады [10].

Қорытынды

Есіл өзеніне жақындау Жалпақсу көлінде жаз айларында сүзгімен балық аулағанда, көлдің су жағасына қарай суы таяз жерлерде құрсақтары торсиған балықтар ауға түсті.

Лигулезбен ауыратын балықтардың құрсақтары торсиып тұрады және плероцеркоид жиналған денесінің алды қатты болады, жергілікті ауға түскен тұщы су балық мөлшерлері.

Лигулезбен зақымданған балықтардың қарны кеуіп кетеді, қолмен басып қарағанда қатты екені, қанында гемаглобиннің 35 пайызға дейін азайғаны (норма бойынша 42 - 56 пайыз), РОЭ - ның 5 - 12 - ге дейін жылдамдағаны (нормасы 2-3 пайыз) байқалады.

Aypy балықтарды шоғырланған кезде жаппай ұстап алады. Суаттарға лигула ауруларына шалдықпайтын балықтарды жібереді. Мысалы, көксерке жыртқыш балық есебінде, ол барлық ауру және әлсіз балықтарды құртып жібереді, немесе сазан белбеу тәрізді паразиттерге зақымданбастан аралық иелерді - диаптомустарды және циклоптарды жеп құртады.

Ocin - өнуі. Құрттың ересек сатысы балықпен қоректенетін су қүстарының (шагала, балқан, бірқазан) ащы ішеғін мекендейді. Паразиттің аралық иесі ескек аяқты шаян тәрізділер, ал қосымша иесі балықтар. Cy құстары нәжісімен бірге суға түскен құрт жұмыртқасы, эмбриогенездік даму сатысынан өтіп, суда еркін жүзіп жүретін корацидий сатысына айналады. Олар ескек аяқты шаян денесіне еніп, процеркоидқа дамиды. Судағы балықтар шаяндарды паразиттерімен қоса жүтады. Балық денесінде процеркоид құрттың келесі үрпағы - плероцеркоидқа айналады. Балық денесінде плероцеркоидтар үш жылға дейін тірі сақталады. Балықпен қоректенетін құстар (ақтық иесі) паразитпен залалданған балықтарды жеп, құртты жүқтырады. Олардың ішегінде плероцеркоидтар 3-5 күннен кейін ересек құртка айналып, жүмыртқа боле бастайды.

Aypyra шалдыққыштығы. Лигулез көбінесе көл, су қоймаларда, сирегірек өзендерді және тоғандарды мекендейтін балықтарда кездеседі. Лигулезбен табан, мөңке, дөңмандай, ақ амур және т.б. көбінесе тұқы балықтар тұкымдасына жататын түрлері ауырады. Балықтар зоопланктоны көп су бойында, таяз суларда құртты жұқтырады. Инвазияның экстенсивтілігі 40 - 60 % дейін жетеді, ал интенсивтілігі 3-7 гельминт. Лигулез ауруы көбінесе көктем және жаз айларында шығады.

Аурудың белгілері. Aypy балық таяз суға, су жағасына, қорегі оңай табылатын орындарға жиі жиналады. Олар бүйірін немесе құрсағын жоғары ұстап жүзіп, тез ауланады және құстарға тез жем болады. Aypy балық арық келеді, құрсақтары торсиып тұрады және плероцеркоид жиналған денесінің алды қатгы болады. Кейде қүрсағы жарылып,құрттар сыртына шығады.

Ауруды анықтау. Aypy балыкты жарған кезде құрсақтан, баулы құрттар шығады.

Алдын алу шаралары. Емі жоқ. Аурумен күресу үшін, ауру балықтарды аулап жояды, балықпен қоректенетін құстарды үркітіп, олардың үяларын бүзады. Erep балық өсіретін тоған шаруашылықтарында аралық иелерін қүрту үшін қысқа қарай тоғанның суларын жібереді. Шүңқыр, қүлама, орды сөндірілмеген әкпен дезинвазия жасайды (25 ц/га). Тоғандардың түбін кептіріп, жыртады. Тек содан кейін ғана суға балықтар жібереді.

Тоғандарда балықпен қоректенетін құстарға үя салдырмайды. Ол үшін құс ұшып келетін уақыттарда оларды үркітетін әртүрлі қүралдарды пайдаланады. Aypy балықтарды шоғырланған кезде жаппай ұстап алады. Суатгарға лигула ауруларына шалдықпайтын балықтарды жібереді. Мысалы, көксерке жыртқыш балық есебінде, ол барлық ауру және әлсіз балықтарды құртып жібереді, немесе сазан белбеу тәрізді паразиттерге зақымданбастан аралық иелерді - диаптомустарды және циклоптарды жеп құртады.

Балық лигулезі кең таралған гельминтоз, тұщы көлдерінде даму нәтижесінде плероцеркоидтарды жұқтырып мекендейді.Әсіресе балық шаруашылығында алдын алу шаралары өте маңызды. Келесі жылдары сауықтырылған тоғандарға майда, құртшабақтар жіберіледі. Биік өскен қияқөлең, қамыс т.б. шөптерді шауып тастап, жыл құстарына үя салдырмайды.Үсақ өсімдіктер басып кеткен жерлерді әлсін-әлсін тазалап, жинайды. Ол үшін құс ұшып келетін уақыттарда оларды үркітетін әртүрлі құралдарды пайдаланады.Көлдер мен көлтабан жағасында лигулез аурумен ауыратын балықтарды жинап, жойып жібереді. Сондықтан алдын ала күрес шараларына көп көңіл бөлінеді.

Балықтардың паразитарлық ауруларын және олардың қоздырғыштарынының биологиясын үйрену олармен лигулез ауруының алдын-алу шаралары нәтижелі басты күрес жолдары болып есептелінеді.

Бұл дегеніміз - балық өнімділігін көтеруге еліміздің балық шаруашылығының алдында тұрған кешенді міндетті ойдағыдай орындауға өзінің септігін тигізеді [11].

 

Әдебпет:

  1. Б.М. Махатов, К.Б. Исбсков. М.К. Байбатшанов. Н.А. Мелдебекова, Р. Қадыкен. Балық шаруашылығы I - ТОМ. - Алматы. 2013.
  2. Б.М. Махатов, К.Б. Исбсков. М.К. Байбатшанов. Н.А. Мелдебекова, Р. Қадыкен. Балық шаруашылығы II - ТОМ. - Алматы. 2013.
  3. В.И. Козлов, А.В. Козлов. Учебник по товарному рыбоводству.
  4. Экономические решения. M.: Росинформагротех, 2017.
  5. Куржыкбаев Ж. Рыбоводство - Астана, КазАУ, 2003.
  6. М.С. Сабаншиев. Паразитология және жануарлардың инвазиялық ауру лары.
  7. Мастер - план развития товарного рыбоводства в Республике Казахстан в 2011-2025 гг. Астана, 2011.
  8. Рыбоводный технологический норматив по выращиванию белого амура в озеро-товарных хозяйствах по основным технологическим этапам. Алматы. 2013.
  9. Рыбоводный технологический норматив по выращиванию толстолобика в озерно-товарных хозяйствах по основным технологическим этапам. Алматы. 2013.
  10. Тшеугалиев Т.М. Балық өсіру. Алматы. «Қайнар», 1990.
  11. 11. Федоров Е.В., Убаськин А.В. Опыт рентабельного выращивания товарной продукции карпа и белого толстолобика в садках//Известия HAH PK. Серая биологическая и медицинская. № 2. 2014.
  12. 12. Ю. А. Привезенцев. В.А. Власов. Рыбоводство М. Издательство «Мир», 2007.
Жыл: 2019
Категория: Биология