Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Әртүрлі генотипті симменталь тайыншаларының мінез – құлқы реакциялары

Аңдатпа

Ауыл шаруашылығы өндірістік кооператив! «Кеңес» ауылының сиыр малдарына генетикалық қабілеті мен азықтандыру жағдайынан басқа мінсз - құлқы реакциясы эсер етеді. Мақсатын зерделеуде өсімтал тайынпіа - қашарларды күтіп - бағуда үш топ іріктелініп (эрқайсысы 12 бастан) симменталь бойьшша эртүрлі түқымның қандастары іріктслініп алынды. Тэжірибе уақыгында азық қорытылуы бойынша жануарлардың мінез - қүлықтарына хронометражды бақылау жүргізілді. Жануарлардың мінез - қүлықтарын азықтарды қорытуы бойынша тэжірибе уақытында өткізілген хронометражды зерттеу нэтижелері. Өсімтал тайыншаларды байлаусыз смін - еркін бос ұсталды. Тэжрибедегі тайыншалардың суаруы мен азықтандыру режимдері бірдсй болды. Біз дем алатын уакыты мен жануарлардың бір тэуліктің ішінде белсенді тіршілік уақытын тірксдік. Өткізілген хронометражды зерттеудің нэтижесінде тайыншалардың эртүрлі генотипті эртүрлі мінсз - құлқы реакциялары анықталды.Жануарлардың кейбір мінез қүлық элементтері тек қана өзара байланысты емес, сонымен бірге функционалдық белсенділігі алмасу процессінде эрі сол сияқты жануарлардың өсуі мен даму қарқыны да байланысты болатыны анықталды.

Kipicne

Ауыл шаруашылығы өндірістік кооператив! «Кеңес» Шал ақын ауданының 7 ауылы кіреді. Олар: Городецкий, Николаевка, Приишимский, Бірлік, Кенес, Жаңа -жол, Жаңа - талап ауылдарының тұрғындарының жеке меншік мал өнімдерін 2-3 жеке меншіктік арнайы даярланған шағын көлікпен сүт жинайды. Тұрғындармен есеп айырсуы 15 тәулік аралығында. Сүт литрі 80 теңгеден жинап әкелінген сүтті тоңазытқышы бар 2 тонналық танкирге құйылып уақытша сақталып, содан кейін келісім бойынша Петропавл қаласының сүт зауыттарынан арнайы сүт таситын машина келіп, жиналған сүтті қабылдап алып литріне 95 теңгеден келісім бойынша ақша қалдырып кетеді. Мінекей осылай ауыл тұрғындары өздерінің жеке меншік дербес мал қораларында сиыр өсіріп, оның сүтінен пайда табам деген шаруа иелерінің сауған сүт өнімі олардың көзінше ақшаға айналуда. Олардың сүт бизнесіне деген қызығушылығы оянып, енді сиыр мал санын көбейтуге атсалысуда.

Мысалға солардың бірі Кеңес ауылының іскер жігіттерінің бірі болып есептелетін Байдалин Орал деген азамат 100 басқа жуық қазақтың ақ бас малы мен қырдың қызыл сиыр тұқым тайынша - қашарларын әкелді [ 1 ]. Ол етті тұқым малы ертең бүзаулағанан кейін бүзау енесінің бауырында 6 - 8 ай болады. Қырдың қызыл тайынша - қашарларын бүзаулағаннан кейін, тек саууға деп арнап ұстап отыр. Ертең көктемде бүзаулағаннан кейін сауылған сүтін «Кеңес» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативіне литрі 80 - теңгеден, күнделікті сауған сүт мөлшерін «Кеңес» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативіне тапсырып, қолма - қол берілетін мол ақшаға кенелуі болып табылады.

Ауыл шаруашылығы өндірістік кооператив! «Кеңес» ауыл тұрғындарының қораларында бағып отырған сиырларының негізі жергілікті қырдың қызыл сиырлары.

Аудан әкімшілігінің қолдауымен мал асылдандыру мақсатында асыл тұқымды 14 бас бұқа берілген. Асыл тұқымды бүқаларды азықтандыру алдында дәнді жарып, ұнтақтап, мыжып берсе қорытылуы жақсарады. Оның үстіне, бірнеше жем түрін араластыру арқылы, бірінің - бірі аминқышқылдық, минералдық, витаминдік қүрамын байытуының арқасында, жем қосындысының құнарлығын арттыруға болады. Бұл, әсіресе, тұқымдық бүқаны азықтандыруда қолданылатын ұтымды әдіс. Етті бағыттағы тұқым бүзауларын енесінің бауырында, жеммен қосымша азықтандыра отырып өсірген дүрыс. Ipi қара мал етінің өніміне және етгік қасиетіне, оның жасының әсері өте мол [2].

Кеңес ауылының өзінде 4 бүқа. Малдың көп өнім беруі, оның генотипіне байланысты. Генотип деп организмнің басты даму бағытын анықтайтын бүкіл тұқым қуалау информациясын түсіну керек. Түрлер, тұқымдар, аталық із қасиеттерінің және жануарлар белгілерінің тұрақтылығы осыған байланысты. Жануарлар онтогенезі процесінде оның генотип ашылып, фенотип қалыптасады.

Жануарлардың сыртқы ерекшеліктері мен өнімділік қасиеттерінің бүкіл жиынтығын фенотип деп, ал тұқым қуалайтын факторларының кешенін, ата-енелерінің жыныс клеткалары арқылы берілген генетикалық информацияның бүкіл күрделі құрылымын генотип деп атайды.

Генотип бүкіл даму процесін реттеп отыратын біртұтас жүйе.

В. Иогансен бойынша, генотип дегеніміз берілген организмнің онтогенезі барысында сыртқы орта факторларына қайтаратын жауап беру барысында сыртқы орта факторларына қайтаратын жауап беру нормасын білдіреді. Ол жануардың алуан түрлі ерекшеліктерін дамытып қана қоймай, сондай - ақ оларды белгілі дәрежеде үрпақта сақтауды қамтамасыз етеді. Генотип организмнің сыртқы жағдайларға жауап нормасын анықтайды. Жағдайлар өзгерсе - жауап беру нормасы да өзгереді.

Мүйізді ірі қара малды сүт өндіру бағытында өсіргенде, сүттілік өнімділігін алдын ала болжап, бағалай білу қажет.

Сиыр сүттілігі бірқатар жағдайларға байланысты өзгереді.Малдың басқа да өнімділігі секілді, шаруашылықтағы сиыр сүттілігі мен майлылығы ең алдымен оның шыққан тегіне, яғни тұқымына, қанының тазалығы мен асылдығына байланысты тек тұқымында жоғары өнімділік қасиеттері бар мал сол өнімділікті көрсете алады. Әрине, ол асыл тұқымдық қасиеттерді жетілдіріп, мал басынан мол өнім алу үшін, малды жастайынан бағып - күтіп, құнарлы азықтандыру қажет. Жылдық сүттің орташа майлығын анықтау эр айда сауылған сүтті (мысалы, 400 кг) сол айда анықталған сүттің майлығына (4 % - ке) көбейтіп, майлылығы бір пайыздық сүтке айналдырады [3].

Мал өнімділігінің тұқымдық қасиеттерімен берілетін ішкі генотиптік потенциалы (мүмкіндігі) жан - жақты дамып, көрінуі үшін жеке бас даму барысында, яғни онтогенезде, сол қасиеттер дамуына себеп болатын сыртқы ортаның фенотиптік жағдайларының ең бастысына - дүрыс азықтандыру, содан кейін күтіп - баптау жағдайлары жатады. Ауыл жағдайында жеке меншік дербес мал қораларында сиыр өсіріп, оның сүтінен пайда табам деген шаруа иелері бұл мәлімметтер мен белгілерді жете меңгеріп, өз ісінде орынды қолдана білуге тиіс.

Мал өнімділігі, оның ішінде сүттілігі, ең алдымен оны дүрыс және құнарлы азықтандыруға байланысты. Өйткені, мал өнімділігінің тұқымдық ішкі мүмкіндігінің жетіліп, іске асуына сыртқы ортаның, ең бастысы қоректену факторларының оңтайлы жағдайы туғызылуы қажет.

Генетикада қолданылатын зерттеу тәсілдері. Будандастыру гибридологиялық талдау тәсілін айқын белгілерімен ажыратылатын малдарды будандастыру үшін қолданылады, содан кейін ұрпақтардың қайсысы бірінші, қайсысы соңғысы екенін айқындайды [4].

Зерттеу әдістері

Кеңес ауылында Базарбеков Жоламан деген елдің іскер жігіті бүрынғы Кеңес Одағы кезіндегі босап қалған мал ғимаратын қазіргі заманға сай күрделі жөндеуден өткізіп, ірі қараға арналған қора - жайға қойылатын санитарлық - гигиеналық талаптарға сай даяр ауыл маңында орналасқан босап қалған мал қорасын іске қосылды. Мал қорасына жүргізілген күрделі жөндеуге жүмыссыз отырған ел жігіттерінен бір бригада ұйымдастырып, солардың арқасында істері алға басты деп айтуға болады. Ол бригада осы күнге дейін мал қорасы маңында жүмыс атқаруда. Осы тірліктің барлығы Қазақстан Республикасының түңғыш президент! Нұрсүлтан Әбішұлы Назарбаевтың ауылдық жерлерде жұмыспен қамту мәселерін шешу мақсатында «Еңбекпен қамту - 2020» бағдарламасын жүзеге асыру. Бағдарламада ауыл тұрғындарының жеке меншік ісін ұйымдастыруға бюджеттен қаражат белу қарастырылған. Елбасы атап өткендей, шағын бизнес ұрпақтан - ұрпаққа берілетін жанұялық дәстүр болуы тиіс. Ел жігіті Базарбаев Жоламан даяр ірі қара мал фермасына әкелген 100 басқа таман асыл тұқымды симментал етті - сүтті тұқым тайынша - қашарлары өздерінің бүқаларымен бірге. Симменталь тұқымы етті - сүтті тұқымға жатады [5].

Ауыл шаруашылығы өндірістік кооператив! «Кеңес» шаруашылығының мал қораларында ғылыми - өндірістік тәжірибе жүмыстары жүргізілді.

Жануарлардың жүйке қызметінің типі, темперамент!мінез - құлықтары, реакциялары да өзгерген. Олардың мінез - құлығын зерттеу оны басқара білуге, азықтандыру және тынықтыру уақытын реттеуге мүмкіндік береді, мүның өнеркәсіптік кешендерде малды топтап бағуға қалыптастыру үшін маңызы бар.

Ғылыми жацалыгы: Ауыл шаруашылығы өндірістік кооператив! «Кеңес» ауылында әр түрлі генатипті симменталь тұқым тайынша - қашарларының мінез - құлығын зерделеуде оларды азықтандырғаннан кейін жеген азығының қорытылу уақытын реттеуге мүмкіндік беруін анықтауда, онда жануарлардың кейбір мінез - құлық элементтері тек қана бір - бірімен байланыстылығы емес, сонымен бірге зат алмасу процесіне функциональды белсенділігі мен жануарлардың өсіп - даму қарқындылығына байланысты болатыны анықталды.

Симментал етті - сүтті тұқым тайынша - қашарлары мінез - құлығының ерекшеліктері және жануарлардың жаңа орында басқа режимге байламай күтіп - бағуына, тынығу орнын иеленуіне сипатына, т.с.с. жақсы бейімделеді. Симменталь ірі қарасы асыл тұқымды мал шаруашылықтарының табындарын толықтыруда ерекше рөль атқарды, асылдандыру үшін қолданылады, себебі, бүл тұқым етті және сүтті, ал тірілей салмағы көп болады. Симментал ірі қара малы жақсы бордақыланады, еті дәмді [6].

Жануарлардың жүйке қызметінің типі, темперамент!мінез-қүлықтары, реакциялары да өзгерген. Симменталь тұқым тайынша-қашарларының мінез-қүлығын зерттеу оны азықтандырғаннан кейін жеген азығының қорытылу уақытын реттеуге мүмкіндік беруін анықтау.

Ауыл жағдайында жеке меншік дербес мал қораларында сиыр өсіріп, оның сүтінен пайда табам деген шаруа иелері бүл мәлімметтер мен белгілерді жете меңгеріп, өз ісінде орынды қолдана білуге тиіс.

Жыл сайын әрбір 100 сиырдан алынған төлдің саны табын ұлғаюының қарапайым да негізгі көрсеткіші болып табылады. Малды тікелей генатипі бойынша бағалау арқылы сүрыптау қажеттігін туғызады [7].

Жануарлардың мінез - құлығы туралы ғылым этология деп аталады.

Соңғы жылдары мінез - құлық генетикасы саласында жүргізілген жүмыстардың мал шаруашылығы үшін зор теориялық және тәжірибелік маңызы бар. Мәселен, Б.И. Моховтың зерттеулері арқылы күшті, жуас қозғалмалы (тез) жүйке қызметі типіне жататын бестужев тұқымдарының сиырларында зат алмасу едуір қарқынды, сүт өнімділігі жоғары және азықтың өтелуі жақсы болатыны анықталған. Табиғи және қолдан сүрыптау барысында жануарлардың мінез - құлығы реакцияларының қалыптасуын кезінде Ч. Дарвин де зерттеген болатын. Жануарлардың мінез - құлығы туралы ғылымның дамуына И.П. Павлов зор үлес қосты. Ол шартты рефлекстердің (инстинктердің) ролін эксперимент жолымен анықтады. Осынау маңызды проблеманы зерттеуде B А.Н. Северцовтың жұмыстары өте маңызды орын алды. Ол эволюция процесінде жануарлар сыртқы ортаның тез өзгеретін жағдайларына аса бейімделгіштік көрсетеді деген қорытындыға келді. Оның пікірінше, алдымен жануарлардың мінез - құлығынында бейімдеушілік өзгерістер туады да, одан соң бүкіл организмде анатомиялық - физиологиялық өзгерістер болады. А.Н. Северцов «Эволюция және психика» деген жүмысында жоғары сатыдағы жануарлар үшін мінез - құлықтың шешуші маңызы бар екенін атап көрсетеді. Ол тұқым қуалаушылық қабілетке сай дамиды да, табында, қолға үйрету, мақсатты жаттықтыру барысында нығая түседі. Шартсыз рефлекстер негізінде қысқа мерзім ішінде көптеген жануарларда бірқатар дүрыс реакциялар қалыптастыруға болатыны анықталған. А.П. Храмов зерттеулерінің нәтижесінде қара ала малдың табынына этологиялық құрылым тән екені анықталған, оған сәйкес жануарлардың күзетшілік және зерттеушілік мінез -құлығы бойынша ажыратылатын үш тобын (бастаушылар, көсемдер және табын) бөліп көрсетуге болады. Табын құрылымына байланысты мінез - құлық ерекшедіктері жануарлардың өнімділік және көбею қасиеттеріне эсер етеді, бастаушылар тобындағы сиырлардың сүт өнімділігі табындағы жануарлардың сүт өнімділігіне қарағанда қашан да томен болады, ал бастаушылар мен көсемдер тобындағы сиырлардың көбею көрсеткіштері (өніп - осу қасиеттері) қашан да жақсы болады.

Біздің еліміздің ғалымдары жануарлардың жүйке қызметінің типтері мен олардың мінез - қүлық реакцияларының шаруашылыққа аса пайдалы белгілері арасында (сүт өнімділігінің деңгейі, сүттің құрамы, организмнің иммунобиологиялық реакциясы, сүт шығу жылдамдығы, бүқалары ұрықтарының сапасы, стреске төзімділігі жэне т.с.с.) байланыс бар екенін анықтады. Симменталь тұқымы сиырларының организмінде зат алмасудың барынша карқынды өтетінін, қан сарысуындағы белоктардың көп болатынын О.Б. Семенко мен И.М. Панасюктің зерттеулері көрсетті.

Жүйке қызметінің эр түрлі типіне жататын сиырлардың сүттілігі де түрліше болады. Аз қозғалғыш типке жататын сиырлардан сүт көп, ал элсіз типке жататын сиырлардан - аз сауылған. Сүттің құрамы да, сауын кезеңі қисық сызығының сипаты да өзгеше болған. Әлсіз типке жататын сиырлардың сауын кезеңінің қисық сызықтары тез төмендейді. Сиырлардың жүйке қызметінің типтерін қимыл - қоректік шартты рефлекстер эдістемесі бойынша, қан сарысуындағы белоктың мөлшері бойынша жэне электрофарез эдісі (белоктық фракция) бойынша рефрактометрлік жолмен анықтайды.

Ауыл шаруашылығы өндірістік кооператив! «Кеңес» ауылының сиыр малдарына генетикалық қабілеті мен азықтандыру жағдайынан басқа мінез-құлқы реакциясы эсер етеді. Өсімтал тайынша - қашарларды мақсатқа сай бағыттап зерделеуде күтіп - бағуда эртүрлі асыл тұқымды симменталь асыл тұқымды ірі қара малы бойынша эрқайсысы 12 бастан тұратын үш топ іріктелініп алынды. Тэжірибе уақытында азық қорытылуы бойынша жануарлардың мінез - құлықтарын хронометражды зерттеу жүргізілді.

Өсімтал тайыншаларды байлаусыз емін-еркін бос үсталды. Тэжрибедегі тайыншалардың суаруы мен азықтандыру режимдері бірдей болды. Біз дем алатын уақыты мен жануарлардың бір тэуліктің ішінде белсенді тіршілік уақытын тіркедік. Өткізілген хронометражды зерттеудің нэтижесінде тайыншалардың эртүрлі генотипті эртүрлі мінез - құлқы реакциялары анықталды. Жануарлардың мінез - құлықтарын азықтарды қорытуы бойынша тэжірибе уақытында өткізілген хронометражды зерттеу нэтижелері төменденгі келесі Кесте 1 - де келтірілген.

Кесте 1 Әртүрлі асыл тұқымды симменталь асыл тұқымды ірі қара малы бойынша
өсімтал тайынша - қашарларының мінез - құлықтарын хронометражды бақылау

Көрсеткіш

Жануарла

эдың, эртүрлі тұқымның қандастары

I топ 50 %

2 топ 75 %

3 топ 62,5 %

Түрегеп тұрғанда, мин

427,8±43,2

448,2±54,6

456,4±38,2

Жатқанда, мин

826,4±36,4

795,6±42,4

814,5±28,6

Жүргенде, мин

185,8±0,4

196,2±0,6

169,1±0,4

Шөп жегенде, мин

268,4±26,8

274,3±29,7

286,4±24,5

Құрама жем жегенде, мин

18,2±0,4

18,2±0,5

18,5±0,6

Этологиялық бақылау көрсеткендей, сол неболмаса тіршілік әрекеті жиі мінез - құлығы мақсатына сай тікелей бағыттайды. Мысалға, тайынша - қашардың үнемі тынығатын жайлы орны болуға тиіс. Күшті, жуас қозғалмалы (тез) жүйке қызметі типіне жататын асыл тұқымды сиырларында зат алмасу едуір қарқынды, сүт өнімділігі жоғары және азықтың өтелуі жақсы болатыны анықталған.

Тайынша - қашарлардың өсіп дамуымен кейбір мінез - қүлық элементтері байланысты болады. Мысалға азықты қабылдау ұзақтығы тәуліктік орташа өсуімен және тірілей салмағы мен тығыз байланысты. Қорыта келе, жануарлардың кейбір мінез құлық элементтері тек қана өзара байланысты емес, сонымен бірге функционалдық белсенділігі алмасу процессінде әрі сол сияқты жануарлардың өсуі мен даму қарқыны да байланысты болатыны анықталды.

Зерттеу нәтижелері

Малдың тұқымдық қасиеті деп оның өнімі өзінен артық болмаса кем емес, сапалы ұрпақ беру қабілетін айтады. Малдың бүл қабілеті, сайып келгенде, оның генатипіне, яғни тұқым қуалаушылық - нәсілдік қасиетіне байланысты.

Әсіресе малды байламай бағу үшін күшті, денсаулықтарына нұқсан келтірмей, өнімділігін кемітпей және азықты жақсы пайдалануын қамтамасыз ететін жүйке қызметі орнықты симментал етті - сүтті тұқым тайынша - қашарлары алынған.

Жануарлардың мінез - құлығының ерекшеліктері және олардың әр түрлі стресс жағдайларға төзімділігі сұрыптаудың айтарлықтай маңызды технологиялық белгілері болып табылады.

Осы заманғы мал қоралары өндірістің өнеркәсіптік сипатының талаптарына сай болуы және жануарлардың қалыпты тіршілік әрекетін қамтамасыз етуі тиіс

Мал шаруашылығы. Мемлекеттік көмек көрсету бағдарламалары. Ipi қара мал. Субсидияға бағыттау: Асыл тұқымды төлдерді арзандату; Етті - сүтті асыл тұқымды малдарға субсидия [8].

Қорытынды

Жануарлардың жүйке қызметінің типі, темперамент!мінез - құлықтары, реакциялары да өзгерген. Құнажынның өсіп - дамудағы кейбір элементтердің байланыстығы да, даму да байқалады. Мысалға азықты қабылдау ұзақтығы тірілей салмағы мен орташа тәуліктік салмағының өсуімен тығыз байланысты, сол сияқты алынған мәліметтерді қорытындылайтын болсақ, онда жануарлардың мінез - құлық кейбір элементтері тек қана бір - бірімен байланыстылығы емес, сонымен бірге зат алмасу процесіне функциональды белсенділігі мен жануарлардың өсіп-даму қарқындылығына эсер етуі.

Симментал етті - сүтті тұқым тайынша - қашарлары мінез - құлығының ерекшеліктері және жануарлардың жаңа орында басқа режимге азықтандыру және байламай күтіп - бағуына, тынығу орнын иеленуіне сипатына, т.с.с. жақсы бейімделеді. Жануарлардың мінез - құлығы, олардың стресс жағдайларына жауап қайтаруды жүйке қызметінің типіне байланысты болғандықтан, олар тұқым қуалай беріледі.

 

Әдебиет:

  1. Аманжолов К.Ж., Бексеитов Т.К., Сағынбаев А.Қ., Карибаева Д.К.. Бисембаев А.Т.. Жантлеуов Д.А., Косаев Т.К., Буралхиев Б.А., Ахметова Г.М., Спатай Н.Н.. Бейсенов А. Қазақстан аймақтарындағы жергілікті жақсартылған сиырларды арнайы етті тұқым бұкаларымен будандастыру нәтижесінде алынған бүқашықтардың ет өнімділігі// Жаршы. 2017.-№1-2. - Б. 84 - 90.
  2. Бексеитов Т.К., Криворучко Д.А. Неміс симментальдің ет өнімділігі//ПМУ Хабаршысы 2016. № 2. - С. 76 - 82.
  3. Боев М.М.. Стрекозов Н.И. Селекционно - генетические аспекты повышения жирности молока крупного рогатого скота //Вестник Российской сельскохозяйственной науки, 2009. № 2. С. 86 - 89.
  4. Бурунбетова Қ.Қ. Генетика негіздері: Оқулық. - Алматы: ЖШС «Дәуір», 2013.
  5. М. Арчибальд, Дж. Шуберт, Молочное и мясное скотоводство M.: 2004. - № 6. - С. 8 - 9.
  6. Нургазы К.Ш., Досымбеков T.Нургазы Б.О. Клинические показатели телок мясных пород и их помесей в условиях южного прибалхашаья // Многопрофильный научный журнал Костанай, 2011. № 1.
  7. Нургазы К.Ш., Кайруллаев К.К., Кулманова Г.А., Нургазы Б.О., Турганбаева Ф.А. Количественный и качественный состав стада крупного рогатого скота разных генотипов в условиях Южного Прибалхашья // Известия Национальной Академии наук Республики Казахстан, 2016.-№ 3. - С. 15-18
  8. Ipi кара мал // Шагын бизнеске арналган 100 жоба. - Алматы. Қазақпарат, 2014. - Б.250-251

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.