Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Салықтық жаңашылдықтар: 2018

Андатпа

Нақты мақалада Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексінің (Салық кодсксінің) жаңашылдықтары карастырылган.

Салық салу жүйесіне енгізілген өзгерулерге көңіл бөлінген. Занды жаңартудағы негізгі мақсат - еліміздегі орта және шағын бизнесті дамыту. Ел экономикасы дамуының бірден - бір көзі - кәсіпкерлік саласына ерекше көңіл бөлу. Сондықтан басымдылық осы мәселеге беріліп. кәсіпкерлік тақырыбында көптеген зерттеулер жүргізілді. Мамандардың ойынша. бүл кодекс адал ниетті салық төлеушілердің құқығын қоғауды көздейді. Оның үстінс. жаңа заң көп салалы экономика мен әкімшілік қызметтерді жеңілдетуге. халыкты ерікті түрде салық төлеуге ынталандырмақ.

Салык заңнамасы - салық салу және жинауға қатысты қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілердің жиынтық атауы. Салық заңнамасы нақты салық түрлерін төлеу, есептеу. бақылау тәртібін. занды жәнс жеке тұлғалардың салық төлеу міндетін және салық заңнамасын бүзғаны үшін жауапкершілік шараларын бслгілейді.

Қазакстан Республикасының салық заңнамасы Салық және бюджетке төленетін баса да міндетті төлемдер туралы кодекстен және осы саланың жекелеген мәселелерін реттейтін нормативтік қүқықтық актілерден түрады.

Kipicne

Қоғам талабының өзгеруіне байланысты осы жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде «Салық және бюджетке төленетін баса да міндетті төлемдер туралы» жаңа кодекс қолданысқа енгізілгені барлығымызға мәлім. Кодекс, ең бірінші кезекте, ұсақ және орта бизнесті дамытуға бағытталған. Атап айтқанда, кодекс жылдар бойы қалыптасып қалған идеологияны өзгертуді талап етеді. Оның негізгі бағыты - адал ниетті салық төлеушілердің мүдделерін қорғау, сонымен қатар экономиканың әртүрлі секторларын ынталандыру. Ендігі кезекте тұлғалар өз ниетімен, өз бастамашылығымен өздігінен салық төлеуді көздейді. Қазақстан Республикасының Үлттық экономика министрі Тимур Сулейменовтың атап кеткеніндей, кодекс ұсақ және орта бизнесті одан әрі дамытуға бағытталған, салық салудың жаңаша балама режимін ұсынады.

Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы кодекс (салық кодексі) салық салудың негізін құрайтын қағидаларды белгілейді, салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу, өзгерту, олардың күшін жою, есептеу мен төлеу тәртібі жөніндегі билік қатынастарын, сондай-ақ салықтық міндеттемені орындауға байланысты қатынастарды реттейді.

Бұл нормативтік құқықтық акт салық заңнамасын жетілдіріп, тиімсіз салықтық жеңілдіктерді жоюды қарастырады. Жоғарыда атап өткендей, заңды жаңартудағы негізгі мақсат - еліміздегі орта және шағын бизнесті дамыту. Ел экономикасы дамуының бірден-бір көзі - кәсіпкерлік саласына ерекше көңіл белу. Сондықтан басымдылық осы мәселеге беріліп, кәсіпкерлік тақырыбында көптеген зерттеулер жүргізілді. Мамандардың ойынша, бүл кодекс адал ниетті салық төлеушілердің құқығын қоғауды көздейді. Оның үстіне, жаңа заң көп салалы экономика мен әкімшілік қызметтерді жеңілдетуге, халықты ерікті түрде салық төлеуге ынталандырмақ.

Сонымен қатар басқа да мақсаттарды көздейді, яғни салық режимін оңтайландыру, салық саясатын жаңа экономикалық жағдайға келтіру, бизнесті көлеңкеден шығару, шикізат секторындағы аталған базаны кеңейту және жетілдіру және т.б.

Салықтық тексеру түрлері кешенді, тақырыптық, қарама - қарсы және хронометражды нысан болып өзгертілді. Салықтық тексеру түрлері Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік кодексіне сәйкестендіріліп, таңдамалы салықтық тексеру және жоспардан тыс салықтық тексеру деп айқындалды.

Салықтық тексерулердің әділдігін қамтамасыз ету мақсатымен, Салық кодексіне жаңа баптар (155 және 156 баптар) енгізіліп, салық төлеуші (салық агенті) мен мемлекеттік кіріс органдарының лауазымды тұлғасының құқықтары мен міндеттерін бекітілген.

Жаңа салық кодексінің шеңберінде салықтық тексерулерді төмендетуге бағытталған іс - шаралар қарастырылған. Оларды жеке атап көрсететін болсақ, жоспардан тыс салықтық тексерулер жүргізудің негіздерінің саны 32 - ден 12 - ге, яғни 62 % - ға қысқартылды.

Бизнес-қауымдастықтың ұсынысы бойынша, жаңа салық кодексінде төмендегі ережелер бекітілді:

  1. Тақырыптық салықтық тексерулер мен хронометраждық байқауды, сонымен қатар қарама - қарсы тексерулерді тағайындау заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілермен бекітіледі.
  2. Жеке кәсіпкердің қызметін тоқтату немесе заңды тұлғалар таратылған кезде аудиторлық ұйымдардың салықтар бойынша аудитті жүзеге асыру шарттары оңтайландырылды.
  3. Жеке практикамен айналысатын жеке тұлғалардың әрекеті (адвокаттар, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, кәсіби медиаторлар) салықтық тексерулер жүргізілмей - ақ, камералық бақылау негізінде тоқтатылады.

Нақты жаңашылдықтар салықтық тексерулердің санын азайту және салықтық тексерулерге байланысты туындайтын салық дауларын төмендетуге бағытталған игі шара.

Енді 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап белгіленген жеңілдіктерге тоқтала кететін болсақ, міндетті зейнетақы жарналары түріндегі салықтық шегерім, зейнетақы төлемдері және жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша салықтық шегерім, стандартты салықтық шегерімдер, сыйақылар бойынша салықтық шегерімдер, медицинаға арналған салықтық шегерімдер.

Арнаулы салық режимдері қосымша тағы бір түрімен толықтырылды: ол, шағын субъектілері үшін тіркелген шегерім пайдаланатын арнаулы салық режимі (690 баптар). Бұл режимді жүмыскерлердің орташа тізімдік саны 50 адамнан аспайтын және салықтық кезеңдегі кірісі ең төменгі жалақының 12260 еселенген мөлшерінен аспайтын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қолданып, жеке немесе корпоративтік табыс салықтары салынатын кірісті айқындаған кезде шегерімге жатқызылатын шығыстар сомасына Салық кодексімен көзделген түзетулерді есепке ала отырып айқындалған кіріс сомасынан 30 пайызға тең белгіленген шегерім сомасын қосуға құқылы және де, шегерімге жатқызылған шығыстардың жалпы сомасы көзделген түзетулерді есепке ала отырып жиынтық жылдық табыстан 70 пайызынан аспауы тиіс.

Сонымен қатар, оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимдерін қолдану шарты да өзгерді, яғни, дара кәсіпкер мен заңды тұлғаға бөлінбей, жалпы талап қойылды: қызметкерлердің орташа саны 30 адамнан және кірісі ең төменгі жалақының 2 044 еселенген мөлшерінен аспауы керек (683 бап).

2018 жылдан бастап, қолма - қол шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру бойынша қызметтерді жүзеге асыруға лицензиясы және оған уәкілетті ұйымның айырбас пункті (айырбас пункттері) көрсетілген қосымшасы (қосымшалары) бар, екінші деңгейлі банк болып табылмайтын заңды тұлға тіркелген салық төлеушісі болып табылады (543 бап), одан басқа, жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушіні тіркеу есебіне қойылуға тиіс (88 бап).

2018 жылдан бастап, салық төлеушілердің қызметін мәжбүрлі тәртіппен тоқтату ерекшеліктері көзделген жаңа бап қарастырылды (93 бап).

Бұл ретте, салық есептілігін табыс етпеген, экспорттық-импорттық операцияларды жасамаған, ҚҚС төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмаған, салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұрмаған, меншік құқығында көрсетілетін салықтар салынатын объектілері жоқ (жеке тұлғаларға мүлік, көлік құралдары салықтары, жер салығы, бірыңғай жер салығы салынатын объектілерді қоспағанда/ әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі жоқ, салықтық берешегі 6 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын және т.б. шарттарға сәйкес келетін салық төлеушілер мәжбүрлі тәртіппен қызметін тоқтатуға жатады. Яғни, салық органы 1 наурыздан кешікпей, бастапқы тізбесін қалыптастырып, 1 сәуірден кешіктірмей - интернет ресурсқа орналастырады, 1 мамырдан кешіктірмей - банктерге, уәкілетті органдарға сүраныстар жолдайды, 1 маусымына дейін - кредиторлардың өтініштерін қабылдайды, 1 шілдесінен кешіктірмей - түпкілікті тізбесін қалыптастырып, 1 қыркүйектен кешіктірмей - талап қою арыздарды сотқа жолдайды.

2018 жылдан бастап, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның мәліметтері негізінде қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақының есепке жазылған сомасы туралы хабарламаның жаңа түрі енгізілді (114 бап). Бұл ретте, мұндай хабарлама тиісті мәліметтер алынған күннен бастап он жүмыс күнінен кешіктірілмей салық төлеушіге жіберіледі.

2018 жылдан бастап, ойын бизнесі саласында, алкоголь өнімін сақтау және көтерме, бөлшек саудада өткізу қызметімен (алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда) айналысатын салық төлеушілер жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақыны (бүрынғы - жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым) өзінің тұрған жері бойынша ағымдағы жылғы 25 наурыздан, 25 маусымнан, 25 қыркүйектен және 25 желтоқсаннан кешіктірмей тең үлеспен жыл сайын төлейді (558 бап). Бұрын - жыл сайын ағымдағы жылғы 20 шілдеге дейін төленетін (ойын бизнесі бойынша - 20 қаңтарға дейін).

Сонымен қатар, лицензия алу кезінде төлемақы төлеу жөніндегі міндеттеме лицензия алған жылдан кейінгі күнтізбелік жылдан бастап туындайды (бүрын тиісті құжаттарды лицензиарға бергенге дейін бюджетке төленетін еді).

Сонымен қатар ипотека алғандарға салықтық шегерім жасалады және электрондық сауда талаптарын орындағандарға салық азайтылады.

Елімізде электронды сауда - саттық енді ғана дамып келе жатыр. Ғаламтор арқылы тауар сатып алушылардың қатары күннен күнге көбею үстінде. Азаматтардың сүраныстарын жүзеге асырып отырған үсынушыларға біршама жеңілдіктер қарастырылған. Атап айтқанда, заңды тұлғалар - корпоративтік табыс салығынан, ал жеке кәсіпкерлер жеке табыс салығын төлеуден босатылады. Бірақ заң кез келген кәсіпкерді салықтан босата алмайды. Салықтық жеңілдік белгілі бір таланты орындағандарға ғана қолданылады. Яғни, тауарды өткізу жөніндегі мәмілелер электрондық нысанда рәсімделуі тиіс; тауар үшін ақы төлеу қолма-қол емес, төлем түрінде жүргізіледі. Тауады сатып алушыға жеткізетін қызметі болуы керек. Мысалы, арнайы қызметкерлері болса немесе жүктерді тасымалдайтын курьерлік, пошталық қызметті жүзеге асыратын тұлғалармен шарт жасасуы қажет. Уақытылы салық органына тіркеліп, тіркеу номерін алады. Содан кейін салық төлеуші ретінде қызметінің басталғандығы немесе тоқтатылғандығы жайлы хабардар етуі тиіс.

Электрондық сауда кезінде тауарды жөнелтуді, тасымалдауды, жеткізу мерзімін салық органы бекітеді. Осы талаптар сақталғанда ғана салық төлемі 100 % төмендетіледі. Демек, қызметін ғаламтор арқылы жүргізетін кәсіпкерлер салық түрлерін төлеуден толығымен босатылады. Сонымен қатар, жылдық жиынтық кірістің кемінде 90 % электрондық саудадан түсуі керектігіне мән берген жөн. Осы шарт орындалмаған жағдайда салық төлеушінің жоғарыда көрсетілген жеңілдіктерді қолдануға құқығы болмайды.

Пәтерді жалға беретіндер патент ашса, 1 % мөлшерінде ғана салық төлейді. Үйін жалға беріп отырған тұлғаның тіркелмеуіне де болады. Ондай кезде жеке табысының 10 % төлейді. Салық кодексіне сәйкес, пәтерін жалға беруші жеке кәсіпкер ретінде тіркелуіне де болады. Пәтерін жалға беруші патент ашатын болса, 1 % мөлшерінде ғана салық төлейді. Өткен жылы 2 % болатын. Ал оңтайландырылған декларация бойынша 3 % мөлшерінде салық салынады.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген қаулыны орындаудың ескіру мерзімінің өтуіне байланысты орындалуы мүмкін емес, салық салу, сондай - ақ Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасы саласындағы қүқық бүзушылықтар үшін әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы бойынша айыппұл сомасы салық органының шешімі негізінде осындай шешім шығарылған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей салық төлеушінің (салық агентінің) жеке шотынан салық органының есептен шығаруына жатады (99 бап).

Бақылау - касса машиналарын қолдану тәртібі бойынша келесідей өзгерістер орын алды:

2018 жылдан бастап, барлық салық төлеушілер моделі мемлекеттік тізілімге енгізілген деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын міндетті түрде қолдануға тиісті болады (167 бап). Бұл талап тек жеке тұлғалар, адвокаттар мен медиаторлар, қоғамдық көлікте тасымалдаумен айналысатын, Қазақстан Республикасы Үлттық Банкінің және қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерде орналасқан, екінші деігейдегі банктердің ақшалай есеп айырысуларына қолданылмайды.

Министр мемлекеттік кіріс органдары мен салық төлеуші арасындағы өзара іс - әрекеттердің айқын ережелерін бекіту мақсатында заңдылық қағидасы, тиімділік қағидасы және тәуекелге бағдарланған әкімшіліктендіру қағидасы сияқты салықтық әкімшіліктендірудің қағидаларының енгізілгендігін баяндады.

«Әлемнің көптеген елдерінде салық төлеушілерді топтарға белу жасырын, «жабық» ақпарат болып табылатынын атап өткен жөн. Біз болсақ, «ашық критерийлерді» қарастыратын құрамдастырылған үлгіні енгізуді ұсынамыз, ол салық төлеушілерге тәуекелдің томен дәрежесі «жасыл аймаққа» ену үшін бағдар және «қызыл аймаққа» түсуден ескерту болмақ», - деп атап өтті Бақыт Султанов.

Мемлекеттің қаржылық қажеттіліктерін мемлекет пен салық төлеушілердің экономикалық мүдделерініңтеңгерімін сақтау негізінде қамтамасыз ету мақсатында жаңа салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді белгілеу және қолданыстағыларының күшін жою, мөлшерлемелерді, салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді, салықтар мен бюджетке төленетін төлемдер бойынша салықтық базаны өзгерту жөніндегі шаралардың жиынтығы салық саясаты болып табылады.

Салық саясаты жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіпке сәйкес салықтық жеңілдіктерді қолданудың тиімділігін талдауды жүзеге асырады.

Қорытынды

Сонымен, жаңа Салық кодексіндегі жаңашылдықтарды қорытындылайтын болсақ, Қазақстан Республикасында тұрып жатқан барлық адамдар мен азаматтарға қатысы бар бір бөлім - ол жалпы декларациялау, яғни бұл бөлімнің қызметкерлерге, бизнесмендерге және басшыларға қандай қатысы болса, Қазақстан Республикасының кез келген азаматы үшін де сондай қатыстылыққа ие. Қазақстан Республикаксының жаңа Салық Кодексінде жеке тұлғалардың кірістерін жалпы декларациялауға жеке бөлім арналған. 2020 жылдан бастап, Қазақстан Республикасының кәмелетке толған барлық азаматтары, оралмандар, тұру рұқсаты барлар және резидент еместердің кейбіреулері жылына бір рет өзінің мүліктері мен кірістері туралы декларация тапсырулары тиіс. Декларацияда барлық мүліктерімізді және кірістерімізді көрсетуге тиіспіз. Мысалы, ақша, жылжымайтын мүлік, автокөліктер, несиелік қарыз сомалары және бізге қарыз сомалар.

Жалпы декларациялауға көшудегі негізгі мақсат - сыбайлас жемқорлық көріністері және көлеңкелі экономикамен күресу үшін жеке тұлғалардың мүліктері мен кірістеріне бақылау жасау. Жалпы декларациялау көптеген елдерде қолданылады, мысалы, Германия, АҚШ, Үлыбритания, Швейцария және т.б.

Салықтық заңнамадағы өзгерістерге осылайша сипаттама жасауға болады. Осы құқықтық актіні қабылдау салдарынан әрекет етуші қызметтегі көптеген аспектілері қайта қарастыру қажеттілігін туындататыны сөзсіз.

 

Әдебиет:

  1. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсан.
  2. https: //«www.zakon.kz» Какие изменение произошли в налоговом законодательстве в 2018 году.
  3. https: //«www.ktk.kz» Новые налоги и новые пособия: что изменилось в законах Казахстана.
  4. https: //«www.uchet.kz» Важные изменения с 2018 года.
  5. https: //«rn.kapital.kz» Новый Налоговый кодекс: на что обратить внимание.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.