Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан музейлерінің коллекциялық қорын қалыптастырудың теориялык мәселелері

Аңдатпа

Ғылыми мақала Қазақстан жерінде қүрылған алғашқы музсйлердің коллекциялық қорының қалыптасуына арналған. XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басында қүрылған Орынбор. Жетісу, Семей музейлерінің қор жабдықтау. есепке алу, ғылыми-зерттеу. музей заттарын сақтау барысындағы жүмыстарының негізгі бағыттары ғылыми түрғыда пайымдалып, коллекциялық қорларының қалыптасу барысы мәселенің ашылуына арқау болды. Аталмыш музейлер жұмысының оцтайлы жолға қойылуында белгілі ғалымдар мен қызыгушылардың сңбектері назардан тыс қалған жоқ. Мақаланың жазылу барысында мүрағаттық деректер мен мәселе төңірегінде жарық көрген еңбектер ғылыми айналымға қосылды.

Мақалада музей қорларын қалыптастыруда экспедициялық-жинақтау жүмыстарының, жеке коллекциялық қорлардың маңыздылығы айтылады. Сонымен қатар. мүрағаттық деректерді тиімді пайдалана отырып, Қазақстан жерінде құрылған алғашқы музсйлердің коллекциялық қорының қалыптасуының ғылыми негізделуіне ықпал еткен факторлар да автор назарынан тыс қалмаған.

Kipicne

Қашаннан кез - келген қазақтың шаңырағынан ата - бабасынан естелік ретінде сақтап, ұрпақтан - ұрпаққа ардақтап, мұра етіп қалдырып келе жатқан сан - алуан бұйымдарды кездестіруге болады. Олардың арасында тарихта белгілі тұлғалардың жеке заттары, халқымыздың жаугершілік замандарда қолданған қару - жарақтары, қолөнер туындылары, әшекейлік бүйымдар бар. Сондықтан, қазақ ертеден өз ұясының ең қастерлі бұрышын қазіргі тілмен айтқанда шағын музей ретінде пайдаланды десек қателеспейміз. Ата - бабадан қалған мұраға деген осындай құрметпен қарап, қастерлеу нәтижесінде көптеген тарихи құнды бұйымдар қазіргі заманда тәуелсіз республикамыздың алтын қорын, мәдени қазынасын құрып, ұлттық мақтанышымыз болып отыр. Бұл жерде айта кететін бәр жәйт, «музей» терминін біз шартты түрде қолданып отырмыз, себебі бүгінгі музейлердің прототиптері Қазақстан жерінде белгілі бір себептер мен қажеттіліктерге және саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени өзгерістерге байланысты пайда болды.

Әлемдік өркениеттік деңгейден алып қарасақ сонау ежелгі заманда Вавилон, Египет, Греция, Рим мемлекеттерінде өнер туындыларына жататын материалдық мәдениет құндылықтары храмдар мен сарайларда сақталса, қайта өрлеу дәуірінде кунсткамералар немесе сирек кездесетін дүниелер кабиеті музейлердің алғашқы үлгілері болды [1]. Іргелес жатқан Ресейде музейлердің қалыптасу барысы кунсткамералар негізінде жүзеге асса, уақыт өте олардың құрылымы өзгеріп әлеуметтене бастады. Қазақ жерінде музейлердің қалыптасу үрдісін жоғарыда көрсетілген заңдылықтар негізінде топшалау қиын, дегенмен, музей қажеттігіне деген қоғамдық сүраныстың өсуі, оны жүзеге асыруды қамтамасыз ететін ғылыми-мәдени ортаның қалыптасуы, аталмыш мәселенің лайықты шешімінің табылуына эсер етті.

Тарих беттерін парақтап қарайтын болсақ, Қазақстанда музейлердің пайда болуы мен қалыптасуын сонау XIX ғасырға алып барады. Бұл кезеңде патша үкіметінің бүғауында болған қазақтың кең байтақ жерін бір жағынан отарлаушылар сүліктей сорып жатса, екінші жағынан сол отарлаушы елдің алдыңғы қатарлы, озық ойлы өкілдері бірі жер аударылып, енді біреулері үкіметтің тапсырысымен осы өлкені зерттеу мақсатында ағылып келіп жатты. Жергілікті халық өкілдерінің арасынан шыққан көзі ашық, көкірегі ояу азаматтар да аз болған жоқ. Түнек басқан қараңғы елге сэл де болса жарық шуағын төгетін мэдени ошақтардың ашылуы солардың арқасы болар. XIX ғасырда Қазақстан территориясындағы бірқатар өзгерістер желісі музейлердің де пайда болуына септігін тигізді. Алдымен қазан революциясына дейін өлкеде қанша музей қалыптасып, толыққанды қызмет атқарды?

Бұл сүраққа жауап беру үшін музейлер жайында жарық көрген ғылыми басылымдардың тапшылығын ескере отырып, мұрағат қорларында сақталған деректік құжаттарды негізге алдық. Деректерді көктей шала қарайтын болсақ Қазақстан жерінде алғашқы музейлер Орынборда (1831), Семейде (1883), Жетісуда (1897) ашылған екен [2]. Кейінгі кезде музей саласында қызмет атқарып жүрген бірқатар мамандар Орал музейінің қалыптасуын 1859 жылмен байланыстырып жүр [3].

Мұрағат құжаттары музейдің ресми түрде ашылуын 1920 жылмен байланыстырады. Оған дейінгі уақытта аталмыш музей мектеп деңгейінде ұйымдастырылып, үкімет тарапынан еш қолдау таппаған. Дегенмен, жоғарыда көрсетілген музейлердің пайда болуы өлкенің мәдени дамуын ілгерілетіп, халықтың біліми - ағартушылық деңгейін арттыруға септігін тигізгені анық.

Ендігі жерде қазақ жерінде алғаш құрылған музейлердің коллекциялық қорынының құрылу барысына тоқталайық. Мәселеге теориялық тұрғыдан келетін болсақ, музейлік коллекция дегеніміз - негізгі қордағы біртұтас ғылыми қызығушылық тудыратын музейлік заттар жиынтығы. Коллекцияға заттар бір немесе бірнеше белгілері (шығу тегі, мазмүны, түр-түсі т.б.) арқылы топтастырылады [4].

Музей жұмысының негізгі бағыты оның қорлары, дәлірек айтқанда қорда жинақталған музейлік заттар арқылы жүзеге асырылады. Музейлік зат дегеніміз - музей қорындағы, белгілі бір тарихи кезеңге тиісті, шынайы өмірден алынған, ұзақ мерзім сақталатын, оның міндеттерін жүзеге асыруда қолданылатын музейлік құны бар зат. Музей қоры - дегеніміз музей жинағы құрамындағы ғылыми - қосалқы материалдар және музейлік мәні бар заттардың ұйымдасқан жиынтығы. Музейтану ғылымында музей қоры негізгі, гылыми - көмекші қорлардан тұрса, музейге қажет емес немесе қайталанып келген заттардан айырбас қоры құралады. Ал, жаратылыстану музейлерінде аталған қор жиынтығымен қоса шикізат қоры болады. Музей қорларындағы заттар, музей саласына қарай топтастырылып, бүкіл музей жүмысында пайдаланылады. Музей қорларының жабдықталуы а) экспедициялыц-жинацтау; ә) жеке адамдар коллекциялары; б) мекемелерден, гылыми орталыцтардан, басқа музейлерден келіп түскен заттар арцылы толыгып отырады. Оның ішінде музей қорларының үнемі толығып отыруына тиімдісі экспедициялық-жинақтау арқылы жабдықтау.

Музейлердің экспедициялық - жинақтау жұмысының жоспары бірнеше жылға жасалып, ол музейдің экспозициялық, ғылыми - зерттеу және қорларды есепке алу жүмысымен етене байланысты болды. Жинақтау жүмысының талаптарына: а) материалдыц гылыми сүрыпталуы (заттыц атауы, шыккан жері, пайдаланылуы, жасаушысы, өмір сүрген ортасы, іиыққан жылы т.б.) жатады; э) заттың цүндылыгын анықтау мақсатынОа негүрлым мол аппарат жинастыру (суретке түсіру, әңгімелесу); б)жинацталган заттарды гылыми зерттеу арқылы грқайсысын тіркеу кітабына еңгізу; в) заттыц гылыми төлцүжатын жасау [5]. Музейдің толыққанды қызмет істеуі жоғарыда айтылған талаптардың орындалуымен байланысты болды. Кеңес үкіметі орнағанға дейін Қазақстан музейлері Ресей музейлерінің тәжірибесі дәстүрінде жинақтаушылық бағытта, заттарды сақтау қоймасы ретінде өмір сүрді.

XIX ғасырда қалыптасқан қиын жағдайға қарамастан Орынбор, Жетісу және Семей музейлерін қалыптастыру және дамыту бағытындағы оңтайлы істер атқарылып жатты. Осы кезеңде қалыптасқан түрлі ғылыми қоғамдық ұйымдар жекелеген адамдар игі жақсы істі бастап жалғастыруда өздерінің күш-жігерлерін аяған жоқ. Мысалы, осы тұрғыда мына бір дәйекті мәліметті келтіре кетейік: “1830 жылы қарашанын 12 жүлдызында Орынбор генерал-губернаторы граф П.П. Сухтелен жергілікті халықтан және қоныстанган баска үлт өкілдерінен өлкенің табигатын, тарихы мен этнографиясын бейнелейтін жгдігерлерді губерния орталыгында үйымдастырылгалы отырган музей үшін табыстауга шацырады. Бүл үсыныс қала түргындары мен жергілікті халық өкілдерінің цолдауына ие болып, нәтижесінде ашылгалы отырган музей үшін түрлі жгдігерлер жинала бастады. Арасында ескі қару жарак, үй түрмысы және этнографиячыц бүйымдар, кітаптар мен портреттер болды. Осы жинастырылган жгдігерлер негізінде 1831 жылы Неплюев әскери училищесі жанынан Орынбор губернияпъщ музейі ашылды ” [6].

Генерал - губернатор үндеуінің орындалу барысы арнайы шақырылған қонақтардың үлесінде болды. Шақырылған қонақтардың негізгі дені жоғарғы лауызымды өкілдер болғандықтан, олардың ішінде қалмақ князі Г. Түменов пен Ішкі Бөкей Ордасының ханы Жәңгір де бар еді. Қонақтарға хатпен бірге «музей коллекциясын құрайтын заттардың тізімі» жіберілген болатын. Алғашқыда музейде жаратылыс тарихы мен өнер және өнеркәсіпке арналған екі бөлім ашу жоспарланды. Жаратылыс тарихы бөлімі зоологиялъщ, ботаникалыц, минералогиялыц, ал өнер және өнеркәсіп бөлімдері түрлі халъщтар киімі, эшекейлер, қару жарақ, үй жиһаздары, цурал-жабдъщтар бөлімшелерінен құрылатын болды. Жоғарыда көрсетілген бөлімдерден басқа музейге ақша, кітап, сурет бір сөзбен айтқанда «қызығушылық тудыратын» заттарды жинақтау көзделді. Мұрағат қорында сақталған деректерден музейдің ашылуына бірден - бір себеп болған бай өлкенің тым аз зерттелуі болып табылған.

Музей жұмысының жандануына үлес қосқан белгілі ғалымдардың еңбектері күні бүгінге дейін құндылығын жойған жоқ. Мысалы, географтар Г.С. Карелин мен П.Г. Зотовтың музейге сыйға берген коллекцияларын айта кетуге болады. П.Г. Зотовтың коллекциясы Орынбор өлкесінің бай табиғатын бейнелейтін 541 минерал нұсқасынан тұрды. Профессор В. Турчанинов музейге 700 өсімдіктен құралған сібір гербариін сыйласа, профессор И. Бессер қүрғақ өсімдіктің 350 түрін сыйға тартты. Ал, Бөкей Ордасының ханы Жәңгірден қазақ әйелдері мен қыздарының қысқы және жазғы киімдері музей қорына түсті. Түсіп жатқан заттардың көпшілігі музейді ашу барысында талаптарға сай келмеді. Себебі көптеген материалдар өлкеден тыс жерлерден түскен еді. Сондықтан музей мәні мен мазмүны жағынан кунскамера күйінде қала берді. Біздің ойымызша алғашқы кезеңде музейдің арнайы тұжырымдамасы (концепциясы) да болмаған сияқты. Дегенмен, 1831 жылдың 1 сәуірінде музеум өзінің алғашқы көрермендерін қабылдады. Музейдің ашылуының сипатталуы, экспозициясының құрылымы жайында мәліметтер кездеспейді. Алғашқыда музейдің бар жабдығы екі соре, төрт үстел, алты орындық екенін ескерсек құрылған экспозицияны көз алдымызға елестету қиын емес. 1831 жылдың 25 қаңтарында губернатор Сухтелен ұлты поляк, философия магистрі Фома Занды музейдің меңгерушісі етіп етіп тағайындайды. Музей жүмысын жүйеге келтіру мақсатында Ф.Зан үлкен еңбек сіңірді. Музей қорына сыйға тарту және сатып алу негізінде үздіксіз түсіп жатқан заттардың саны 1832 жылдың аяғында 3566 жетті. Оның ішінде: геологиядан - 9726, ботаникадан - 1572, зоологиядан - 443, нумизматикадан - 646, археологидан - 30 жәдігер болды [7].

Орынбор өлкесіндегі ғылыми және мәдени ошақтардың біріне айналып келе жатқан музей жүмысының өркендеуіне Ресейдегі XIX ғасырдың 60 жылдары басталған реформалар, 1881 жылы Орынбор генерал-губернаторлығының қысқаруы, 1905-1907 жылдар аралығындағы бірінші орыс революциясы, Ресей империясының қатысуымен 1914 жылы басталған бірінші дүниежүзілік соғыс және олардың салдары едәуір кедергі келтіре отырып, көптеген жәдігерлердің бүлінуіне, ал жекелегендерінің талан - таражға түсіп мәңігілікке жоқ болуына әкеліп соқты. Осы және басқа да себептерге орай Орынбор музейі өз жұмысын бірнеше рет тоқтатып отыруға мәжбүр болды.

Семейде 1878 жылы облыстық статистикалық комитеттің құрылуы, Орыс географиялық қоғамы бөлімшесінің ашылуы қаланы Қазақстанның шығысындағы ғылым мен мәдениет орталығына айналдырды. Белгілі зерттеуші ғалым Е.П. Михаэлис басшылық еткен комитет мүшелері өлкеде географиялық, этнографиялық және экономикалық зерттеу жұмыстарын жүргізе отырып, ашылғалы отырған музейге көптеген мағлұматтар мен жәдігерлер жинастырды. 1883 жылдың 11 қыркүйегінде жинастырылыған жәдігерлер мен кітаптар негізінде Семей қаласында алғашқа музей мен кітапхана ашылды. Музей қажеттілігіне қалалық басқарма 1884-1885 жылдары 200 сом, 1887-1889 жылдары 100 сом қаражат бөлгенімен кейіннен қаржыландыру мәселесі қиындай берді. 1893 жылы 21 шілде күні музей жергілікті ағарту мекемесі қарамағына берілді. Семей статистикалық комитеті 1896 жылдан бастап музейге жылына 200 сом, қалалық басқарма 1897 жылдан бастап жылына 400 сом ақша бөлуге шешім қабылдады [8]. Сол кезеңде музей және кітапхана жүмысының жандануына саяси жер аударылған А. Леонтьев, А.А. Блок, Н.Я. Коншиннің еңдегі зор болды. Олар музей қорларының коллекциялармен жабдықталып, олардың ғылыми сүыпталуына етене араласты [9].

Түрлі бағыттағы кітаптардың жинақталуы музейдің кітапхана қорын үлғайтып, келуші оқырмандар санын арттырды. Қазақ халқының ұлы кемеңгер ақыны және ойшылы Абай Құнанбайұлы өзінің досы Е.П. Михаэлиспен Семей кітапханасында танысқан еді. Бұл кітапхана Абайдың әлемге аттары әйгілі классик жазушылар мен ақындардың еңбектерімен танысатын орынына айналды. 1886 жылы 4 мамыр күні Е. Михаэлистің ұсынуымен Абай Құнанбайұлы Семей статистикалық комитетіне мүше болып қабылданды. Сонымен қатар, Абай және оның әкесі Қүнанбай Семей музейіне ұлттық үлгіде жасалынған әйелдердің түрлі әшекейлерін, киім-кешек пен алаша- кілемдерді сыйға тартты [10].

Семей музейінің қалыптасуында оның алғашқы ашылған күнінен 1897 жылға дейін меңгерушісі болып келген М.И. Суворцев едәуір еңбек сіңірді. Ол музей қорын сол өңірдегі археологиялық, этнографиялық және табиғатты бейнелейтін жәдігерлермен толықтыруға күш сала отырып, оларды дұрыс, жүйелі түрде орналастыра білді.

Семей жерінде өлкетану жүмысы мен музей ұйымдастыруда ағайынды Белослюдовтардың қосқан үлесі ерекше. Осы өңірде бірнеше жылдар бойына түрлі зерттеу жүмыстарын жүргізген ағайынды Белослюдовтар өз үйлерінен геология, минералогия, палентология, антропология, археология жэне коне бүйымдар бөлімдеріне тұратын мүаражй ашты. Мұражайда тек археологиядан ғана 600 астам жэдігерлер, нумизматикадан жалпы саны бір мыңнан асатын алтын, күміс жэне мыс тиындар, қағаз ақшалар болд.ы Өздерінің жеке музейін ұйымдастырудағы жинаған тэжірибелерін ағайынды Белосюдовтар Семей қалалық мұражайын құрушыларға үйретіп, бүл істің қыр-сырымен барынша бөлісті. 1911 жылы олар өз жэдігерлері жинағынан қала мұражайына 500 аса қымбат бағалы бұйымдарды сыйға тартты [11]. Жан-жақтан түсіп жатқан заттардың негізінде музейдің коллекциялық қоры құрылып, этнология, археология, зоология, палеонтология, may ісі сияқты жекелеген бөлімдердің ашылуына негіз болды. Осы кезеңде музей қорында 2296 заттар жэне 800-ге жуық түрлі атаулы кітаптар тіркелді.

Музейді ұйымдастыруда жэне оның жэдігерлерімен жабдықталуына Верный статистикалық комитетінің 1896-1907 жылдар аралығында басшысы болған белгілі ғалым Н.Н. Пантусов (1849-1909) көп еңбек сіңірді. Жаңа ашылып отырған музейдің алдына қойып отырған мақсаттары жайында оны ұйымдастырушылардың бірі демалыстағы генерал - лейтенант Г.И. Иванов Н. Пугасовқа: «Музей бізОіц өлкеміздіц табиги жэне тарихи байлықтарын, ауыл гиаруагиылыгы мен өнеркәсібін корсетуге қызмет етуі керек» - деп жазған еді [12]. Музейді физика-жаграфиялъщ, археологиялык, этнографиялың жэне ауылшаруышылық бөлімдері құрады. Музей қоры көбіне жеке адамдардың сыйлықтары негізінде толықтырылып отырды. Осы жайында музей меңгерушісі В.Е. Недзведский Санкт Петербургке былай деп хабарлайды: «Өкінішке орай муражай қорын толыртыру мақсатыноа жәдігерлер сатып алуга қазынаОан еш қар.лсы бөлінбей отыр. Жәдігерлер көбіне жекелеген адамдардыц сыйлъщтары негізінде жиналуда» [13].

Сонымен қатар, музей қоры қалада өткізілетін түрлі көрмелер арқылы да толықты. Атап айтсақ, 1902 жылы Верный қаласында болған бірінші ауылшаруашылық көрмесінен музей көптеген жәдігерлерді сыйға алды. Жинаақталып жатқан жәдігерлердің арасында жарамсыздары және зақымдалғандары да болды. Осыған орай, музей қызметкерлері тиісті мамандардың жетіспеушілігінен жәдігерлерді өңдеу жүмыстарына жергілікті ұста шеберлерді пайдаланып отырды. Мысалы, статистикалық комитет хатшысы өзінің Жетісу генерал-губернатоорына жазған хатында: «Серікбай зсщымдалган ац мен қүс түлыптарын қалпыпа келтіруге және оларды өзі жасауга әбден үйреніп алды. Ол өз ісініц маманына айналды» - деп баяндаған [14].

1905 жылы мұражай орналасып келген ескі әрі тар ғимараттан қаланың Талғар көшесінде орналсақна 6 бөлмелі үйге көшірілді. Ал 1913 жылы мұражай үшін қаланың Қапал көшесінде орналасқан Щербакова детей азаматшаның үйі сатылып алындым [15].

Байқап отырғанымыздай музейлердің ұйымдастырылуы алдымен сол өлкені бейнелейтін жәдігерлерді жинастырудан басталғанымен, қорға келіп түсіп жатқан материалдар әртүрлі болды. Дегенмен, музейлердің коллекциялар қорын толықтыру тек сыйға тартудан жүмыстың өнбейтінін түсінген статистикалық комитет мүшелері және музей қызметкерлері заттарды жинастырудың жаңа жолдарын іздестіре бастады. Ең алдымен қаржы мәселесінің шешілуі, оның негізінде ғылыми экспедициялар жасақтау және түрлі көрмелерге қатысу нәтижесінде қорын толықтыруға тырысты. Мұндай әдіс қор жабдықтаудың тағы бір тиімді бағыты болды. Мысалы, Жетісу музейі 1902 жылдың күзінде Верный (қазіргі Алматы қаласы) өтілген алғашқы ауылшаруашылық, өнеркәсіп көрмесіне қатысып, одан түскен заттар музейде өзінің лайықты орнын алды. Осы кезеңде комитет музейге тек 200 рубль бөліп отырса да, бүл ақшаға комитет мүшелері ғылыми экспедициялар жасақтап, оның екеуі 1903 жылы ботаникалық мақсатта Ақай өзенінің оң сағасы Тасты-Бұлақтың жоғарғы ағысында, ал Санкт- Петербор Ботаника бау-бақшасының бас ботанигі В.И. Липский бастаған топ Іле өзені бойында іздестіру жүмыстарын жүргізді. Нәтижесінде өте қүнды этимологиялық коллекциялар жинақталып, музей қорына өткізілді [16].

Музейге келіп түсіп жатқан жәдігерлер негізінде музейлердің коллекциялъщ қоры цүрылды. Қазан төңкерісіне дейінгі музейлердің алдында өлкенің тарихы мен табиғатын бейнелейтін заттарды жинақтау міндеттері түрғандықтан негізінен археологиялық, этнографиялыц, нумизматикалыц, зоологиялъщ, ботаникалъщ, палеоіітологиялық коллекциялар жипагы қалыптасты. Мысалы, Орынбор музейі (қазіргі ҚР Орталық Мемлекеттік музейі - А. Ибраева) табиғи бөлімнің құнды заттармен жабдықталуына белгілі профессорлар Э. Эверсман, Н.А. Зарудный, Боръщов, Карелин, Каржинскийдіц коллекцияларъг мен гылыми ецбектері негіз болса, ал Семей музейінде музейдің негізін салушылар Абай Қүнанбаііүлыныц, оның досы Е.П. Михаэлистіц, Ш. Уәлиханұлыныц жеке коллекциялары мен кітаптары сақталған. Сонымен қатар, музейлерде сатып алу, сыйға тарту негізінде қүрылған кітапханалар болды. Өкінішке орай, музей қоры үшін жинақталған Э. Эверсман коллекцияларының бір бөлігі бүгінгі таңда Қазан және Мәскеу университеттерінің музейлерінде, бір бөлігі Ресей Ғылым Академиясының Зоология музейінде, ал аса қүндылары Берлин музейінде сақталған. Н.А. Зарудныйдың құнды орнитологиялық коллекциясы Ресей Ғылым Академиясының Зоология музейінде лайықты орнын алған [17]. Мүның өзі кешегі әумесер орталық озбырлығының айғағы болар. Музей заттарының жүйесіз жинақталуы салдарынан тек өлкені бейнелейтін ғана емес, “кунскамералык” және әртүрлі құнды заттар коллекциялар қорына келіп түсіп жатты. Уақыт өте өлкенің табиғатын, тарихын, рухани және материалдық мәдениетін, жануарлар мен өсімдіктер әлемін бейнелейтін түрлі заттардың келіп түсуі біртіндеп жабдықталудың әдіс--тэсілін қалыптастырды. XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап музейлер қорларының жабдықталуы жоспарлы негізде ұйымдастырыла бастайды. Музейлер қорларының үнемі толығып отыруы музей заттарын гылыми сипаттау және жүйелеу әдісініц пайда болуы мен тиімді қолданылуына алып келді. Ендігі жерде музейлер ретсіз жинақтау емес, керісінше материалдың біркелкілігіне, шыққан ортасы мен түр-сипатына қарай сұрыптап, арнайы зерттеуден өткізетін болды.

Музей қорына түскен заттар жан-жақты зерттеліп, сұрыптаудан өткізілгеннен кейін, экспозицияда өзінің лайықты орнын алып отырды. Дұрыс жолға қойылған музей жүмысының нәтижесінде экспозиция цүру қагиоаларыныц күрделі өзгерістерге үшырауына да әкелген еді. Өйткені бұрынғы шырмалған қиын экспозициның орнын ғылыми жүйеленген, тұрақты эспозиция баса бастады. Кейінірек, жүйелендіру реті жағрафиялық (аймақтық) немесе топографиялық негізде толықтырылды. Музей жәдігерлерінің жағрафиялық жағынан сипатталуы ғылым үшін өте маңызды болды. Себебі, өлкені геологиялық, палеонтологиялық, зоологиялық жағынан зерттеп, көрсету мүмкіндігі ашылған еді. Неғұрлым музей заттары көбейген сайын олардың құндылығы артып, кейбіреулері тіпті бүлініске ұшырап, қолданыстан шыға бастады. Сондықтан музей қызметкерлері музей заттарын сақтауды үйымдастырудың әдістерін жетілдіруді қолға алған еді. XIX ғасырдың екінші жартысында Ресей музейлерінің тәжірибесін игерген Қазақстан музейлері заттарды өңдеу технологиясын жетілдіріп, олардың 40-50 жылға дейін сақталуын қамтамасыз етті. Осы тұрғыда Орынбор музейінің қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан В.И. Даль Ресей Ғылым академиясының корреспондент мүшесі болып тағайындалса, жалпы өлкеде мәдени өмірдің жандануына үлес қосқан С.Қ. Бабажанов Орыс Географиялық қоғамының күміс медальмен марапатталған [18].

Қорытынды

Қазақстан жерінде қалыптасқан алгаищы музейлер қорыиың қүрылымы негізінен әлеуметтік және жаратылыстану тарихын бейнелейтін заттардан тұрды. Табиғи бөлім зоологиялық (аңдар, жануарлар әлемінің көрінісі), ботаникалық (өсімдіктер әлемінің көрінісі), геологиялық (өлкенің өлі табиғаты көрінісі) бөлімшелерден құрастырылды. Тарихи-жаратылыстану бөлімі негізінен археологиялық, этнографиялық, нумизматикалық заттардан құрылды. Музей жұмысының ғылыми тұрғыда жүйеленуі және сыныпталуы жинақталған коллекциялармен жұмыс істеудің теориялық және әдістемелік негізін қалыптастырды. Әлеуметтік институт ретінде музейлердің қоғамда алатын орны мен рөлінің артуы салалық музейлердің қалыптасуына, музейлердің қоғамдық институт ретінде дамуына арқау болды.

 

Әдебиет:

  1. СотниковаС.И. Музеология. -M.: ДРОФА, 2004. -C-11.
  2. Вестник Центрального музея Казахстана. - Алма-Ата, 1930. - № 1. - С.-5.
  3. Ілиясова Р. Отандық музейлік педагогиканы құрудың мәселелері мен болашағы // Қазақстан музейлері, 2002. 1(1). - 32-33 б.
  4. Музейные термины. Терминологические проблемы музееведения. Сборник научных трудов. - M.: Полиграфия, 1986. - С.-66.
  5. Музееведение. Музеи исторического профиля. - M.: Издательство «Наука», 1988. - С.-197.
  6. Жиреншин А.М. Из истории Центрального музея Казахстана //Вестник АН КазССР. - Алма- Ата, 1947. - № 4. - С.35-36.
  7. Мухамбетова А. Центральный историко-краеведческий музей Казахстана // Советский музей. - Москва, 1940. - № 4. - С.35.
  8. Модестов Н. Магистр философии Фома Карлович Зан в Оренбурге Tp. Орен. учен. арх. компе. - Оренбург, 1917. -Вып. 35. - С. -20-21.
  9. Адрианов А.А. Краткий исторический очерк Семипалатинского музея. // Труды Семипалатинского музея. - Семипалатинск, 1929. - С. 3-4.
  10. Касымбаев Ж. История города Семипалатинска (1718-1917 гг.). -Алматы: Өлке. 1998. - C- 167.
  11. П.Ауезова Л.М. Проблемы истории Казахстана в творчестве М.О. Ауезова. - Алматы: Өнер, 1997. - С.-227.
  12. Абай оқулары баяндамаларының тезистері. - Семей, 1990. - 45 б.
  13. Семпалатинску 250 лет. - Алма-Ата, 1968. - С.-145.
  14. Урашев С.А. Из истории создания Семиреченского областного музея. Вопросы социально- экономической истории дореволюционного Казахстана. - Алма-Ата, 1978. - С. 80.
  15. ҚРОМА. 81 қор, 1 тізбе, 1021 іс, 123 п.
  16. ҚРОМА. 828 қор. 1 тізбе. 6 іс, 14 п.
  17. Отчет по Семиреченскому статистическому комитету за 1905 год. Верный, 1906. - С.-27-28.
  18. Воронцовский П.А. Краеведение и Центральный музей KCCP. // Советская Киргизия. - № 2-3 - С. 66-67.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.