Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Баян батыр туралы жазба деректер

Аңдатпа

Бүкіл өмірін қазақ жұртының тәуелсіздігі жолындағы күреске арнаған 18 ғасырдың ержүрек бабаларымыздың бірі-батыр Баян Қасаболатұлы. Батырлығымен, тапқырлығымен Абылай ханның ерекше құрметіне бөленген. Қазақ-жоңғар шайқастарына қатысқан. Баян батыр туралы арнайы жоспарлап, накты зерттеп, тексергенмен автор жоспары Абылай султан, хан тақырыбына қүрылған. Бірак. 18-ғасырдағы қазақ хандығының тарихы болғандықтан, кеңінен қарауға тура келетіні түсінікті. Сондықтан, негізгі тақырыптан ауытқып, мұрағаттағы тарихи деректерге сүйенген автор батыр Баян жоңғар шапқыншылығына қарсы күрссксн қазак батырларының ішіндегі шоктығы биік батырлардың бірі екендігін корсете отырып, Абылай заманының жазба қүжаттарында деректермен қатар қазақтың атақты қайраткерлері туралы басқа да көптеген мағлүмат кездесетінін айтады. Нақты құжаттармен көрсетіп, бүл қүжаттардың ақиқаттығына күмән келтіруге болмайтындығын ескертеді. Өйткені, автор бүлар біреулердің еріккеннен айта салған, немесе екінші, үшінші біреу арқылы жеткен хабар емес, осы құжаттар қағазға түспестен бүрын тексерілген, тергеліп анықталған Баян батыр ерліктің, отаншылдықтың үлгіс деген тұжырымға келеді.

Kipicne

Омбы облыстық мемлекеттік мүрағатының 1-қорынын Абылай заманында (18- ғасырдың екінші жартысы) Орта жүз уақ тайпасының көсемі Баян батырдың есімі аталған туралы мұрағаттан екі құжат кездесті.

Бұл арада мен мынаны айтуға тиіспіз. Біріншіден, бұл құжаттардың ақиқаттығына күмән келтіруге болмайды. Өйткені, бүлар біреулердің еріккеннен айта салған, немесе екінші, үшінші біреу арқылы жеткен хабар емес, осы құжаттар қағазға түспестен бүрын тексерілген,тергеліп , анықталған деректер. Мысалы, төмендегі бірінші құжат кеңсе қызметкерінің анықтап сұрауынан туған, ал, екінші құжат тергеушінің алған жауабында келтірілген мағлүмат.

Мен Баян батыр туралы арнайы жоспарлап, нақты зерттеп, тексерген емеспін. Менің жоспарым Абылай султан, хан тақырыбына құрылған. Бірақ, 18-ғасырдағы қазақ хандығының тарихы болғандықтан, кеңінен қарауға тура келгені түсінікті. Сондықтан, негізгі тақырыптан ауытқып, көлденең кездесіп қалған деректі одан әрі тереңдете қарауға уақыт та, басқа мүмкіндіктер де жетпейді. Ал, Абылай заманының жазба құжаттарында, басқа деректермен қатар қазақтың атақты қайраткерлері туралы басқа да көптеген мағлұмат кездесуі мүмкін. Маған кездескендері «Қазақтың ханы - Абылай» (Алматы, «Ел-шежіре», 2011 жыл, 1-том, 638 бет; 2-том 639 бет) деген кітаптарымның есім көрсеткішінде тіркелген. Кітапта мұрағат қорының көрсеткіштері анық жазылған. Қайта барып тексергісі келетіндер болса, оңай тауып алады.

Әсіресе, 1-қор, 1-тізбе, 184-істі тағы да қарап, Баян батыр немесе оның туыстары мен қарулас серіктері туралы дерек табуға болады. Бұл іс және оған көршілес істер 1771 жылғы «Құба қалмақ» көшіне байланысты орыстың шегара әкімшілігі жүргізген тергеу құжаттарын қамтиды. Мен одан Абылай ханға қатыстыларын ғана теріп алдым. Тергеушілер қалмақтардың басшысы кім болғанын, олардың қазақтардың қолына, нақты қай руда, қай ауылда, қай ел ағасында болтаны туралы тәтпіштеп сұраған. Кейін, сол тергеудің нәтижесі бойынша Абылай ханға хат жазып, тұтқын қалмақтар мен түрікмендерді, башқүрттарды (тіпті аты - жөндерін атап) Ресейге қайтарып беру туралы талап қойған. Түрікмендер деп отырғаным, Еділ қалмақтары сол жолда кездескен орыстарды, түрікмендер мен башқұрттарды, қарақалпақтар мен татарларды өздерімен бірге ала кеткен де жол бойы құл ретінде сатпақ болған [2-285,286,289]. Мысалы, Абылайға жазған бір хатында қалмақ басшысы Убашы «...бізді қазақ жері арқылы аман өткізіп жіберсең, қалмақтың 100 жақсы қызын беремін» десе, екінші хатта, «бір мың құл беремін» деп сендіреді.

Баян батыр туралы алғашқы қүжат 1758 жылы Төлеңгіт хандығының Тау-телек болысын шауып кеткен Қошқарбай батырдың «мәселесіне» байланысты Ресей шегара бастықтарының Абылайға жазған хаттарының бірінде кездесті. Мұнда негізінен найман болысы туралы айтылғандықтан, аты аталған Баянды найман болар деп те күдіктенгем. (Найманда да төртуыл Баян есімді азамат болғаны құжаттардан кездесті. -З.Т.) Бірақ мұнда Сәттібай деген Сибан - керей азаматы аталған соң, бұл нағыз уақ Баян батыр екеніне көзім жетті. Нақты құжатгар мынадай.

Зерттеу нәтижелері

1760 жылғы тамыз айы. Құлсары батырға полковник Лестоктың хатынан «...Қайыпназар мен оның серіктері арқылы жіберген хатыңызды алып, Сіздің өзіңіздің және бүкіл еліңіздің сау-сәлемет жүріп жатқанына шын жүректен бек қуандым. Ресей жағы да тыныш, айта қалғандай бөтен жаңалығымыз жоқ, Жолбарыс сұлтан өзі көріп кеткен, жағдайды толық айтып жеткізген болар деген сенімдемін.

Қошқарбай батыр шауып, айдап әкеткен аңшы татарларды қайтармақ ниетіңізді естіп, Ресей алдындағы сенімді бодандық борышыңызды адал атқаратыныңызға, құрметті Абылай сүлтан, аса көп ризалық білдіреміз және бұл қызметіңіз біздің патшамыз тарапынан ескерусіз қалмайтынын, лайықты сый-сияпатқа бөленетіңізді хабарлаймын.

Қадірмен досымыз, Абылай сұлтан. Сіз тілмәш Гордеев арқылы айтып, сол тұтқын татарлар анығында Ресей азаматтары болған-болмағанын білгіңіз келеді екен. Олардың мәнісін түсіндіріп, биылғы 1759 жылы сол кездегі бригадир фон Фрауендорф сізге бірнеше марте хат жазған еді ғой. Сәуірдің 1-де, тамыздың 8-де, тіпті биылғы мамырда тұтқындардың атын атап, түсін түстеп тізім жіберген болатын.

Қошқарбай батыр және басқа да қазақтарыңыз әкеткен тұтқындар туралы биылғы 29 қаңтарда және 9 маусымда, құрметті Абылай сұлтан, өз атыңызға тағы да хат жазып, сүрап едік қой. Бұл аңшы татарлар нағыз Ресей азаматтары, Кузнец аймағы Путяты болысына қарайды. Ал, басқа қос азаматтығы барлар (двоеданцы) да Бараба татарлары емес, өте ертеден, кемі бір жүз жылдан бері Ресейге қарайтындар, дәлірек айтқанда 1625 жылдары бағынған. Міне, содан бері 135 жыл өтті, олар Кузнец әкімшілігіне аң терісінен салық төлеп келеді. Және де ол халық ешқашан жоңғар ханына бағынышты болып көрген емес. Енді ғана Сіздің қазақтарға тұтқын болып отыр..

Жоғарыда айтылғандардың мәнісі -1758 жылы олардың елін қазақтар шауып, 35 еркегі мен 3 әйелді өлтіріп, 89 еркек пен 137 әйелді тұтқындаған, 319 жылқысын айдап әкеткен. Қолды болған мал-мүліктің құны 1990 сом 75 тиынға бағаланған. Бүлардың арасынан торт татар әйелін босатқан, олар біздің жаққа келді. Айтуынша, Сәттібай деген ел ағасына қарайтын найман болысында тұрыпты. Ондағы иелері Айтуған, Баян, Байғұтты деген қазақтар болса керек.

«... Адамдарымызды осы аталған елдерден және басқа да ауылдардан іздеп тауып, босатсаңыздар екен. Ерлер мен әйелдерін түгелдей, айдап әкеткен қара малдары мен жылқыларын да қайтаруыңызды сұраймын.

Өз тарапымнан сізге, аса қадірлі Абылай сұлтан, шілденің 9-жұлдызында жолдаған хатымда хабарлағанымдай, Сіздің қазақтардың тұтқынынан біздің бекіністерге қашып келген қалмақтарды (аттары аталған, орысша бұзып жазылғандықтан қиын оқылады: Аманаки, Челини, Батуни болуы керек. - З.Т.) Қошқарбай батырдың үш атын сіз жіберген Қайыпназар бастаған адамдарыңызға табыстап, жетектетіп жібердік. Ал, қазақтар жағынан қашқан басқа үш қалмақ әйелін адамдарыңыз өздері тауып әкетіпті.

Сіздің елшіңіз Қайыпназар бізден керей болысының екі әйелін, Байсары деген қазақтың 8 жылқысын, тағы да қалмақтар мен қазақтардың балаларын тауып беруді талап етті, бірақ мұндай жандар әзірше біздің жақтан анықталған жоқ.

Табыла қалса, сөз жоқ, қайтарамыз...

Генерал фон Веймарн.

Омбы облыстық мемлекеттік мұрағаты. 1-қор, 1-тізбе, 83-іс, 34-40-пар. «Қазақтың ханы-Абылай», 2-том, 120-121- беттерде.

  1. 1773 жылғы 26 ақпан. Баян батырдың қайтыс болғаны туралы

Қазақ тұтқынынан қашып шыққан қалмақ әйелі Жарга Бардазамаева тілмәш сержант Иван Шарин арқылы жауап алғанда мыналарды айтқан:

Менің атым Жарга Бардазамаева, 40 жастамын, бүрын Еділ бойында, Енатьев бекінісіне қарсы мекенде, Дотбир Дундуков княздің қарауындағы елде түрғанмын. Жайлауда 15 жасар қызым ауырып, оны емдету үшін Обашы ханның еліне баруға мәжбүр болдым. Ол ел шығысқа, бүрынғы жоңғар жеріне жаппай ауып бара жатыр екен. Мен солармен бірге кеттім. Балқаш (Балхасы) көлінің жағасына келгенде атымыз өлді, 30 шақты адам жаяу қалдық.

Бізді қазақтар үстап алды да, ауыл-ауылға таратып бөліп жіберді. Мен Абылай сүлтанға қарайтын Уақ болысының ел ағасы Баян батырдың иелігінде болдым. Баян батыр қайтыс болардың алдында мені өзінің інісі Хабин Тулту Булуковқа (Бөлек?) берді. Осы уақытқа дейін сонда болдым.

Ол елде жағдайым қиын болды. Басқа қалмақтар сияқты мен де бұрын Ресейдің қоластында болғандығымнан қашып шықтым. Түн ішінде бір түйені ұстап алып қаштым. Приозерный станицасына бір шақырым қалғанда түйені далаға тастап, өзім Баян аулаға жаяу келдім...(Омбы облыстық мемлекеттік мұрағаты 1-қор, 1-тізбе, 184— іс, 216-пар).

  1. 1773 жылғы 26 ақпан. «Қазақ тұтқынынан қашқан Еділ қалмағы Даразы Шарытовтың айтқандарынан.

1771 жылы мамыр айында ...Балқаш көліне жеткенімізде, атымыздың аяғы сынып, қазақтардың қолына түстік. Мені керей болысының қазағы Сегізбай алып кетті.

...Қазақтардан естігенім: Абылай сұлтанға қытайдың ханы елші жіберіп, қолындағы қалмақтарды босатып, қытай жағына беруді сұрапты. Оған Абылай сұлтан: «Менің қолымда біраз Еділ қалмақтары бар екені рас. Олардың көбі кәрі, ауру, бала- шаға, әл-қуатсыз адамдар. Басқаларын қазақтар бөліп-бөліп алып кеткен. Және де бүрынғы кезде қалмақтар қазақтарға көп жаулық көрсетіп, қазақтарды қырған, талап- тонаған. Сондықтан, қазақтар бұл қалмақтарды оңайлықпен бермейді», деп жауап беріпті...

Омбы облыстық мемлекеттік мүрағаты 1-қор, 1-тізбе, 184-іс, 235-пар. Қазақтың ханы-Абылай», 2-том, 283- бет.

  1. 1773 жылғы 26 қаңтар. Қазақ тұтқынынан қашқан Еділ қалмағы Дерегардың айтқандарынан.

...Балқаш көліне жеткенімізде атымыздың аяғы сынып, қазақтардың қолына түстік. Мені сибан керей болысының қазағы Қожаназар Сәттібай иеленді. Жағдайым жаман болды. Қожаназардың әйелі мені күйеуінен қызғанып, ұрып-соқты, қорлық көрсетті. Содан соң еріксіз қашып шығып, орыс бекінісіне келдім. Мен де бұрын Ресейдің азаматы болғанмын...

Омбы облыстық мемлекеттік мүрағаты 1-қор, 1-тізбе, 184 -іс, 235-пар. Қазақтың ханы-Абылай», 2-том, 281- бет.

Осы «Шаңды жорық» оқиғасына қызыққан жас Шоқан ел аузынан мына бір әңгімені де жазып алған екен, қазақшалап берген мен.З.Т.

«Бұл соғыста [Абылай хан әскері] саннан (түмен-он мың. З.Т.) аса болса керек. Хан [Абылай] жинаған әскерді күткізіп, үнсіз тұрып қалады, сөйтсе Баян батыр келсін деп тосқан екен. Батырлар жағы «қашан, қашан» десіп, дуылдасып, дегбірсіздене береді. Бір кезде 540 жауынгерімен [Баян батыр] келеді де, хан алдында қасқайып, «Дат, хан нем, бүйрығыңды айт, мен дайын», дейді. Сонда ғана хан үн шығарып: «Міне, Баян батырдан осыны күтіп едім», дейді.

Дәл осы уақытта, бір тәулік жерде, жорықтың алдын бастап, 500 сарбазымен соғысып бара жатқан қанжығалы Жанатай батыр мерт болған екен. Ол былай болыпты: Жанатайдың інісі Үйсінбай жер шолып жүріп, қалмақтардың үш түйесін алдына салып, айдап келсе, Арқандар деген тағы бір інісі одан сауға сүрайды. Сонда, ағасы түрып: «Қалмақтың түйесі көп, қол-аяғың бүтін, дені-қарың сау, өзің бар да ал!» - дейді.

Меселі қайтып қалған Арқандар батыр намыстанып, өзінің де қара жаяу емес екенін дәлелдемек болады да, жанына атақты Қонай батыр бастаған жеті жігіт алып, өзінің Қоянкөз деген ұлы бар, қалмақтың көшін шауып, 9 түйесін алады. Олжаны жеті жігіттің алдына салып, айдатып жіберіп, өзі қуғыншы жауға жол тастау үшін артта қалып қояды.

Серіктері әуелде Арқандардың жауға із тастап, теріс бастап бара жатқанын көреді, бір уақытта батырды қалмақтар қоршап алады. Тауға шықса, қалың қалмақ пен жалғыз өзі ұрыс салып жүрген Арқандардың аттан құлағаны да мәлім болып қалады.

Мұны көрген Жанатай батыр, жан дегенде жақсы көретін інісінің қазасына қатты күйзеліп, өзіне-өзі ант беріп атқа қонады. «Не өзім өлейін, не қаныңа тойып, қарық болайын, қу қалмақ!», деп 500 сарбазды қасына алып, түмен (10 мың) қалмақтың тобын қақ жарып кіреді. Қырғын сотые болады, қазақ батырларында аянатын жан қалған жоқ. Арсы-гүрсі атыс-шабыс, шыңылдап шағылған қылыш, сартта-сүрт айқасқан найза...

Үйсінбайдың ішіне найза тиіп, құлап түседі де, бір қолымен жер тіреп, ыңырына көтеріліп, ақтарылған ішек-қарынын жинап қайта салып, құшақтап теңселіп тұрған күйі: «Жанатай батыр, жарық қарынмен жан сақтауға бола ма?!», деген екен. Көп жігіт шейіт болады, Жанатай батыр сегіз серігімен, арасында Тоқыш деген ұлы бар, әзірге аман қалғандары осылар ғана екен. Қатты жарақаттанған Жанатай батыр, аттан түсіп, шылбырын ұлына ұстатып: «Жау шебін жарып шыға алсаң, қаш, сен аман бол, сен болмасаң - менің кегімді кім алар», деп барып, құлаған көрінеді.

Жанатай батырдың қазасы туралы хабар жеткенде, Абылай хан: «Қайраусыз жетілуші едің, қара болат семсерім-ай!», деп көзінен жас ыршып кетіпті деседі.

Қазақ әскері оза шабуылдап, қалмақтардың алдын орап, Іленің барлық өткелдерін басады.

Қалмақтар тосылып қалады...

Қорытынды

Баян батыр Қасаболатұлы (шамамен 1712-1772), Орта жүз, уақ тайпасынан. Сүңғыла ақыл иесі, алғыр да тапқыр, батырлығымен Абылай ханның ерекше қүрметіне бөленген. Қазақ-жоңғар шайқастарына қатысып, «Батыр Баян» атанған. Сақталған жазба деректерде, өңінің ақшыл-сарылығына қарай, кейде Сары Баян деп те жазылған. Әлбетте, бүған қарап, уақ Сары батыр деген тұлғаның да өмірде болғанын жоққа шығаруға болмайды.

Мына қүжатта анықталғанындай, 1771 жылы жазда Еділ бойынан Қытайға қарай ауған қүба қалмақтармен Балқаш көлінің солтүстік-батысында болған үрыстарда, ас-судан уланып, жазылмас дерт жабысып, қайтыс болған. Шоқан Уәлихановтың ел аузынан жазып алған әңгімесі (Валиханов Ч.Ч. Собр. соч. в пяти томах. 1-том, Алма-Ата, 1981. С.308,309) біз 10 жыл бүрын тапқан жоғарыдағы қүжатпен бекітілді. Соған қарамастан, 2013 жылы шыққан «Абылай хан» тұлғалық энциклопедиясының 143-бетінде Баян батырдың қайтыс болған жылы «1757» деп қате жазылып кеткені өкінішті. Дерек 1773 жылдың басында хатқа түскен және Баян батыр ауыр науқастан бірден қаза болмағаны көрініп түр. Демек, 1772 жыл деп болжауға негіз бар сияқты. Мұрағат зерттеу барысында осындай түжырымға келдік.

Бүған қоса Баян батырдың ел билеген көсем екендігі жөнінде Қытай деректеріне негізделген мағлүмат та менің кітаптарымда кездеседі. Автор ретінде атап көрсететінім бүл деректерді мен бұдан бүрын мерзімді баспасөзге жариялап, қалың оқырманға таныстырған болатынмын. Енді сол деректерді ғылыми жинаққа енгізуге тура келіп отыр.

 

Әдебиет:

  1. «Қазақтың ханы-Абылай», 2-том, 120-121-беттерде.
  2. Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Ата мура. 2006.
  3. Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. - Алматы. 2009.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.